БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық Қатынастар факультеті

Әлемдік экономика және аймақтану кафедрасы

Диплом(Бітіру) жұмысы

БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы

Орындаған 4 курс студенті Садық Айгерім

Ғылыми жетекші Бюжеева Б. З.

Норма бақылаушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді Черных И. А.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …… . . . . . . . ……. 3

1. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының мәні мен тарихы.

1. 2 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (1948ж. ) маңызы

1. 3БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерінің саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қабылдаған құжаттары

ІІ ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ БҰҰ-ның ҚЫЗМЕТІ

2. 1 Адам құқықтарының сақталуы мен жүзеге асырылуын қадағалайтын бақылаушы органдар

2. 2 БҰҰ-ның адам құқықтарының бұзылуына қатысты атқарып жатқан іс-шаралары

ІІІ ТАРАУ. Қазақстан мен БҰҰ-ның адам құқы саласындағы ынтымақтастығы

3. 1. Қазақстан Республикасының адам құқы жөніндегі халықаралық-құқықтық негізге қосылуы

3. 2 Қазақстан Республикасында адам құқының сақталуы және жүзеге асырылуы

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Соңғы кезде адам құқығы мәселесі әлем мемлекеттерінің демократизациялануына орай қоғамдық санда нық орнады. Адам құқығы барлық жерде талқыланып, жазылып жатыр, барылқ деңгейде - Президенттен қатардағы азаматқа дейін айтылып жатыр. Адам құқығы мәселесі қазіргі кездегі ең қызықты әрі “сәнді” мәселе ретінде газет-журнал беттерінде, телевизор экрандарында, мемлекете қайраткерлері, саяси көшбасшылар, парламентарийлер, ғылыми конференция қатысушыларының сөйлеген сөздерінде өте жиі кездесетін болды. Адам құқығы мәселесі тек құқықтық емес, сонымен қатар саяси, этикалық сипат ала отырып, қазіргі кездегі халықаралық сахнадағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мыңжылдықтар бойы ойшылдар - Платон мен Аристотельден Марксқа дейін- тарихтың ішкі логикасын түсініп, оның негізінде адамзатты қиындықтардан арылту, өздерінің мүлтіксіз қоғамдық тәртіп жобалрымен адамдарға көмек көрсетуге талпынды. Алайда бұл модельдердің барлығы тек сөз жүзінде қалып, әлеуметтік теңсіздік, соғыс, зорлық-зомбылық әрекеттер, күштеу сияқты әлем ақиқаттылығына әсерін тигізе алмады. Осының бәрі өзгеріске ұшырату мүмкін емес объективті ақиқат болып қалды. Тіпті осы ғасырдың басына дейін адам құқықтарын қорғау мемлекеттің ішкі істеріне жататын мәселе деп қарастырылды. Көптеген мемлекеттерде адам құқығы түсінігі мүлдем болған да емес. Адамдардың ар-намысы тапталып, “әділдік” сөзінің жат болуы кең өріс алған кезеңде адам құқығы мәселесінің көтерілуі қажет болды.

ХХ ғасыр адамзат өміріне көптеген жаңалықтар енгізді. Ол тек ғылыми-техникалық прогресс саласындағы жетістіктер емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресске байланысты адамзатың әлеуметтік, саяси, рухани дамуындағы, мемлекетаралық қатынастар сипатындағы өзгерістер.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей қорғалуы мен қамтамасыз етілуі - әлемдік қауымдастық тарапынан шешілуі тиіс ең маңызды мәселе болып қалыптасты. БҰҰ Жарғысы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілер мен аталған саладағы басқа да құжаттар қабылдануы бұған дейін қалыптасқан ауыр жағдайды біршама өзгертті. Аталған құжаттар мүше - мемлекеттерге адам құқығын қорғау саласында тек заңды міндеттер беріп қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттердің аталған міндеттерді орындауын қадағалайтын халықаралық механизмдер жүйесін құруды көздеді. Бұл жүйе қазіргі кезде екі деңгейде дамуда: әмбебап және аймақтық. Өзінің әмбебаптылығына орай адам құқығы мәселесі бүкіл әлем тарапынан танылуда.

Халықаралық органдардың көпжылдық тәжірибесі көрсеткендей, олар адам құқығын қорғаудың қосымша кепілдемесі мен қажетті элементі болып табылады. БҰҰ Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт пен оған қосымша екі Факультативті хаттама ұзақ жылдарға созылған талқылаулар нәтижесінде қабылданған болатын. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының өзі әр сөзіне дейін қайта қарастырылып, қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қанағаттандырды. Сондықтан әлемнің 200-ден аса мемлекеттері мүшелік ететін ең үлкен ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде адам құқығы мәселесінің қорғалуын зерттеу осы күнгі көптеген тараптардың қызығушылығын тудыратын өте өзекті мәселе деп ойлаймын.

Зерттеу пәні. Адам құқығы мәселесінің БҰҰ шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттардың қабылдануы мен олардың негізгі негізінде әлем мемлекеттері тарапынан жүзеге асырылуы мен

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - БҰҰ қызметі шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттарға негізделе отырып, адам құқығы мәселесінің қорғалуын жан-жақты сараптау, Қазақстан Республикасындағы осы негізде атқаралып жатқан жұмыстарды қарастыру. Осы мақсатқа жету жолынжа келесідей міндеттер айқындалды:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығын қорғау саласында қабылдаған халықаралық құжаттарының маңыздылығын қарастыру;
  2. Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының аталған саладағы қызметіне шолу жасау
  3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі халықаралық құжаттарға қосылуы

Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланылған деректерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топ - заңды күшке ие құжаттар . Оған БҰҰ-ның Жарғысын жатқызуға болады. Халықаралық қатынастардың басты қағидаларын айқындаған және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізіне алынған бұл құжат бітіру жұмысында кеңінен пайдаланылды /1/. 1966 жылы қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт - осы екі құжат мүше-мемлекеттерге ең алғаш адам құқығы саласындағы міндеткерліктер жүктеген құжаттар ретінде маңызды роль атқарды /2, 3/. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қабылдаған басты құжат - бұл біздің Ата заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995ж. ) /4/. Конституцияның 1/3 бөлігі адам құқықтары мәселесіне арналғанын атап кеткен жөн. Деректердің екінші тобына мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін халықаралық қатынастырдың толлықанды мүшесі ретінде халықаралық ұйымдарға мүшелік етіп, халықаралық құжаттарға қосылуды баян ететін Президентіміздің еңбектері де пайдаланылды/ /. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық сахнаға шығып, әлемге танылуына, басқа елдермен ынтымақтастығын нығайтуға, елдің демократияға өту жолындағы атқарылып жатқан қыруар жұмысқа үлесін қосқан атақты саясаткер және дипломат Қасымжомарт Тоқаевтың еңбектері, қазіргі Сыртқы Істер министрі Марат Тажинның сұхбаттары қолданылды / /.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі.

І-ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының мәні мен тарихы.

Бүгінгі күні адам құқықтарын жан-жақты тұжырымын жасауда, оны халықаралық қоғамдастықтың қолдауы мен қабылдауындағы тығыз қажеттілік күттірмейтін мәселе екені аян. Өйткені, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, әркімнің ар-намысы мен адамгершілігі қай жерде болмасын қорғалу мен арта түсуге жататын жалпы адамзаттық ұлы қазына. Онсыз тұрақты да әділ, адамгершілікті дүние болады деуге сену қиын. Қазіргі өркениетті дәуірде адам құқықтары мен бостандықтарының жан-жақты болмайынша, әрі қарай нық басып даму күмәнданушылық туғызады.

Адам құқықтары мен бостандықтарының жан-жақты болу қағидалары, сонау 1789 жылғы Декларацияда да орын алады. Кейбір пікірлер бойынша, бұл қағидалардың түпкі тамырын бірыңғай түсіну мүмкін емес деген тұжырым жасап, басты кедергі ретінде әр түрлі идеологиялық тұрғыдан ойлау қабілетін келтіреді. Яғни бұл пікір ақиқат болған жағдайда, жан-жақты адам құқықтары туралы тұжырымдар ең соңында әдемі сөз жиынтықтары болып, ресми құжаттардың түп нұсқаларында қала береді. Соның салдарынан әр елде, әлемнің әр аймағында нақтылы тең күшке ие бола алмайды. Оның тәжірибе жүзінде пайдаланылуы да біргелкі болуы мумкін емес. Сол себепті, нақтылы өмірде оның жан-жақтылық қасиеті де жоғалады.

Бұл Декларацияның алғы сөзіне көз жіберсек, онда адам құқықтарын “табиғи, ажырамас және қасиетті” деп бағалаған /19/.

“Табиғи” - деп айтудың себебі, өйткені ешкімнің көмегінсіз, бұл дүниеге келер сәттен адамның табиғаттан алған үлесі.

“Ажырамас” - дегеніміз, адамның түпкі қасиеттеріне жататын құқықтары, егер адамды бұл құқықтарынан ажырататын болса, онда “қоғамдық одақ мүшесі” ретіндегі адам қасиетінің мәні де жоғалады.

“Қасиетті” адам құқықтары деп, бұл жерде өте маңызды, өте қадірлі және берік деген мағынаның синонимін беруде.

Ал егер, адам құқықтарының мәніне әрі қарай ой жүгіртетін болсақ, “Адамдар мен азаматтардың декларациясына” тағы бір шолу жасап өткен дұрыс қой деп ойлаймын. Өйткені, Декларацияда алғашқы бабынан бастап-ақ, әр адамның бұл һәм дүниеге еркін де тең дәрежеде келетіндігін айта келіп, “әрбір мемлекеттік одақтың мақсаты адамдарды табиғи және ажырамас құқықтарымен қамтамасыз ету”-деп 2-ші бабында мәлімдейді /20/. Яғни мемлекеттік жүйе әрбір адамға қызмет жасауына бағытталуға тиіс. Тек бұл қағида көпшілік үшін арман ғана. Алайда осы мақсатқа теңелуге ұмтылудың өзі, мемлекеттің адам құқықтарын қорғау саласында бір қадам болса да алға жылжығанын көрсетеді. Декларация бұдан екі жүз жылдан астам бұрын жарияланғанымен, одан алатын түйін өте мол: Барлық адамдар тумысынан еркін және тең; барлығы өзінің күші мен қабілетін дамытуға бірдей құқылы; әркімге заң алдында әділ қорғауға кепілдік беру; барлық адам ар-ұждан және діни-сенім бостандығына құқылы /21/. Бұл Декларация өз заманының даму деңгейіне, қоғамдық жүйесіне байланысты дүниеге келген туынды болсада, адам құқықтары мен бостандықтары мәселесінің мәні мен маңызын түсінуде бүгінгі таңға дейін маңызы мен қасиетін жоймаған құжат екені айқын.

Адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен маңызы және құрылымы тек екінші дүние жүзілік соғыстан кейін ғана баршаға танылды. Бұл орайда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы барлық халықаралық қоғамдастықтарға азаматтық, саяси және әлеуметтік құқықтардың үлгісін көрсете білді. Жалпыға бірдей Декларациясы қабылданғаннан кейін адам құқықтарының дамуы адамға тән құқықтарды жинастырып, бұл құқықтарды шын мәнінде іс жүзінде жұмыс істету тәсілдерін өңдеу шаралары жүргізіледі. Кіріспесінде айтылғандай, Декларация - “әрбір азамат және әрбір қоғамдық ұжым ұмтылатындай…” жетістіктің жалпы үлгісі болып көрінгісі келді. Кейіннен нақтылы құқықтарды қорғауға бағытталған бірнеше халықаралық және аймақтық құжаттар қабылданады. Кейбір құжаттарда жарияланған құқықтар дәлелденіп берілді. Олардың іске асу амал-тәсілі қосымша құжаттармен толықтырылды. Аймақтық келісімдерге немесе қосымша құжаттарға өзінің ішкі заңында және конституциялық құрылымында адам құқықтарын пайдаланған елдер тарапынан қол қойылды.

Адам құқықтары мәселесі алғашқы кезде демократиялы емес үкіметтердің зорлық-зомбылығын қорғау құралы ретінде пайда болса да, сондай-ақ демократиялық жағдайда да және жеке адамның билеушілік жағдайында да өте қажет екені айқын. Егер демократия әлеуметтік жағынан маңызды шешімдерді қабылдау тәсілін айқындаса, адам құқы кез келген үкімет жағынан, тіпті демократиялық үкімет жағынан қабылдануы мүмкін шешімдердің мазмұнына шектеулік келтіреді. Тәжірибеде айқындалғандай, кейбір жағдайда көпшілік үкіметі жеке адамдарға және әртүрлі аз ұлтты халыққа байланысты өте қатал болуы мүмкін.

Ал енді адамдардың материалды құқықтарына тоқталатын болсақ, бұл әр адамға ауадай қажет құқықтар. Олар азаматтық қоғам құрылғанда жойылмайды және қоғам да, үкіметте оларды тартып алып, не олардан халықты шеттете алмайды. Ауадай қажет құқықтар деп біз сөз, баспасөз, пікір айту бостандығын, дінге сену және ұждан бостандығын, жиналу бостандығын, еркін жүріп-тұру бостандығын, білім алу және тағы басқа құқықтарын айтатын болсақ, енді осы құқықтарды жүзеге асыратын- іс-қимылдар құқықтары - бұл адамның негізгі құқықтарын үкімет жағынан іске асуы мен сақталуын қадағалау үшін қажетті мекемелер мен іс-қимылдардың тәртіп-тәсілі. Демократиялық елде құқықтар көлемі жоғарыда айтылғандармен шектелмейді. Демократиялық қоғамның әділетті сот ісі тағы басқа құқықтарды да қамтамасыз етеді, бірақ әрбір демократиялық үкімет негізгі адам құқықтары мен бостандықтарын қастерлеп, сақтауға тиісті. Бұл құқықтар үкіметтен тәуелсіз өмір сүретін болғандықтан, оларды заң күшімен жоққа шығаруға немесе оларды сайланған көпшіліктің жеміне айналдыруға болмайды. Мысалы, АҚШ конституциясына енгізілген бірінші түзету халыққа дінге сену бостандығын немесе баспасөз бостандығын қамтымайды. Ол Конгреске сөз, дін, бейбіт жиналысқа қатысу бостандығына араласуға тыйым салады. Тарихшы Леопард Левидің сөзіне құлақ түрейік: “Үкімет тәуелді болса ғана жеке адамдар бостандықтың қызығын көреді” /22/. Жеке адамның негізгі құқықтарына байланысты заңдар мен оларды іске асыру тәртібі, әлбетте, әр қоғамда әртүрлі болады, бірақ әрбір демократия бұл құқықтарды қамтамасыз ететін конституциялық, заңды және әлеуметтік құрылымдар құруға міндетті.

Адам құқықтары бұл адамгершілік құқықтарының түріне де жатады. Адамгершілік құқы жеке тұлғаға оның жетістіктері арқылы немесе әлеуметтік жағдайына қарай тән болуы мүмкін. Ал табиғи адам құқықтары, керісінше, жан-жақтылы; яғни олардың әлеуметтік жағдайына қарамастан баршаға, барлық жағдайда тән қасиет. Егер кейбір адамгершілік құқықтар адамға жүре келе берілсе, ал адам құқықтары әр жеке тұлға дүниеге шыр етіп түскеннен оған тән қасиет. Табиғи адам құқықтары ешқашанда ажыратылмайды. Бұл деген сөз, адамды мұндай құқықтарынан айыруға болмайды. Адам кейбір адамгершілік құқықтардан уақытша немесе біржолата ерікті түрде айырылуына болатын болса да, адам табиғи құқықтарынан ол ешқашанда ерікті түрде айырылуы мүмкін емес.

Адам құқықтарының тұжырымы мынандай жағдайларға сүйенеді: яғни әр үкімет шектелген; әр адам өзінің жеке дүниесіне ие, оған ешқандай да үкімет араласуға тиісті емес; әр адам өзінің құқын қорғау барысында мемлекетке талабын мәлімдеуі мүмкін. Құқықсыз адам өмірі кімнің қолына байланысты болса, соған жалбарынуына мәжбүр болады. Жағдайдың теңсіздігі адамды құлдыққа немесе малайлыққа айналдырады. Егер жеке тұлға еркін болса, онда ол талап қоюға құқылы.

Жеке тұлғаның құқықтары әр кезеңде шығуына байланысты әртүрлі, сол себепті адам құқықтарының шығу кезеңіне байланысты “адам құқықтарығының буыны” деген түсінік пайда болды.

Адам құқықтарының бірінші буыны - бұл ойлау еркіндігі, ар-ұждан мен діни құқылығы, заң алдында тең болу құқысы, өмір сүру құқысы, жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен еріктілігі, заңсыз тұтқындалудан, қудаланудан еріктілігі, тәуелсіз және алалықсыз сотта ісін әділ қарауға және жариялылыққа құқылығы. Бұл құқықтар адам құқы үшін болған ұзақ тартыс нәтижесінде қалыптасып, демократиялық мемлекеттердің заңдарында нақтыланған.

Бұлардың ішіндегі ең бастысы - саяси құқықтар деп есептелінеді, өйткені адам азаматтық алмай, беделді тұлға болмай, басқа құқықтардың іске асуына жете алмайды. Саяси құқықтарға жататындар: сайлау құқы, референдум құқы, халық атынан арнаулы өтініш жазу құқы, сөз және баспасөз бостандығы, жиналыс ашу бостандығы.

Азаматтық құқықтар - азаматтық қоғамның мүшесі ретінде адамға тән, ажырамас құқы. Азаматтық құқықтар берілмейді, қайта мемлекет жағынан қорғалады және іске асуына мемлекет жағынан кепілдік беріледі. Азаматтық құқықтарға жататындар: өмір сүру құқы, адамның беделін сыйлау құқы, еркіндік және теңдік құқы, намысы мен абыройын қорғау құқы, тұратын жерін таңдауына және еркін ауыстыру құқы, тұрғын мекеніне ешкімнің қол сұқпауына құқылығы, ар-ұждан, діни-сенім бостандығы.

Адам құқықтарының екінші буыны - бұл еңбек ету және жұмыс таңдау еріктілігі жөніндегі құқықтар, әлеуметтік қамтамасыз етілу, демалуға және бос уақытқа, балалар мен аналарды қорғауға, білім алуға, қоғамның мәдени өміріне қатысуына құқылы. Бұл құқықтар адамдардың экономикалық жағдайларын жақсарту үшін болған күрес барысында қалыптасты. Бұл құқықтардың іске асуы мемлекеттің араласуын қажет етеді, яғни жарияланған әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтардың іске асуына мемлекет жағынан кепілдік берілуі қажет.

Адам құқықтарының екінші буыны бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қалыптаса бастады. Оларға жататын экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға тоқтала кететін болсақ, экономикалық адам құқықтары: еңбек ету құқы, жеке меншік құқы, кәсіпшілдік құқы, ереуілге шығу құқы.

Ал әлеуметтік құқықтарға жататындар: тең еңбек үшін тең түрде ақы төлеу, дем алуға және бос уақытқа құқылығы, бала мен ана құқықтары, жұмыссыз жағдайда мемлекет жағынан қамтамасыз етілу құқықтары, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда мемлекет жағынан қамтамасыз етілу құқы. Бұл құқықтар адамның лайықты өмір сүруге және мемлекет жағынан әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Мәдени құқықтар деп: білім алу құқықтарын, мәдени байлықтарға қол жеткізу құқықтары, шығармашылық құқықтары және тағы басқалар жатады. Осы құқықтардың барлығы адамның рухани дамуына кепілдік береді, оның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуда өркениетті өмір сүруіне көмектеседі.

Адам құқықтарының үшінші буыны - бұл жеке адам және халықтар құқықтары: бейбіт өмір сүру құқықтары, таза қоршаған ортаға құқылығы, өзін-өзі билеу құқы, қарусыздану құқықтары, адамзаттың жалпы мұрасын иелену құқықтары, сапалы өнім құқы, азшылық көлемдегі ұлттар құқықтары. Адам құқықтарының үшінші буыны екінші дүние жүзілік соғыстан кейін ғана қалыптасты.

Құқықтардың үшінші буыны бойынша ғалымдардың пікірлері қарама-қайшылыққа толы. Адам құқықтарының үшінші буыны негізінен өзіне ұжымдық құқықтарды жатқыза келіп, оның іске асулары да жеке адаммен емес, ұжыммен, қоғаммен, бірлестікпен жасалынады. Осыған қарамастан айта кететін жәйт, ұжымдық құқықтар жеке адамның құқықтарына залалын тигізетін болса, онда ұжымдық құқықтардың көздеген мақсаты адамгершілікке қарсы және қарама-қайшылыққа толы. Бұл жерде жеке тұлға құқықтары мен ұжымдық құқықтар өзара өте тығыз байланыста. Ұжымдық құқықтар ешқашанда жеке адамның құқықтарын кемсітуге тиіс емес. Сонымен, өзін-өзі билеу құқықтары - халықтың және ұлттың ажырамас құқықтары, тек бұл сол аймақта өмір сүретін жеке адамның құқықтарына қайшы келіп, оған кеселін тигізбеуге тиіс.

Әр түрлі тарихи дәуірде адам құқықтары мен бостандықтарының көлемі мен мазмұны, түсінігі бірыңғай болмады. Тіпті алысқа бармай-ақ, осы ғасырдың басына дейін адам құқықтарын реттеу таза мемлекеттің ішкі құқы болды. Халықаралық қатынастағы мүше - мемлекеттер бұл мәселе толығымен олардың ішкі заңдылықтарына жатады деп есептеді. Көпшілік мақұлдаған жоба бойынша мемлекет пен оның азаматтары арасындағы өзара қатынас мемлекеттің ішкі ісі деп қаралды. Ескі халықаралық құқық бұл процеске көңіл аудармады.

Ерте кездің өзінде-ақ халықаралық қатынас маман-ғалымдары табиғи адам құқықтары ұғымын кең көлемде қабылдады. Петербург университетінің атақты профессорының айтуынша, “барлық зерделі мемлекеттерде адам құқықтарын ешқандай кіртіксіз, сол қалпында, яғни азаматтығына немесе ұлтына қарамай, жеке тұлғаның ажырамастай болған белгілі етене құқықтарымен қоса қабылдайды /23/. Бұл құқықтар көлемінде өмір сүру құқы, ар-ұждан және діни сенім бостандықтарын айтып отырғандығын түсінуге болады. Швейцария ғалымы И. Блюнчлидің тұжырымдауынша, табиғи адам құқықтары "бейбіт өмірде де, соғыс жағдайында да құрметтелуге тиіс”/24/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
БҰҰ қызметіндегі адам құқығы мәселесінің қорғалуы
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz