Ақшаның экономика саласындағы алатын орны


Жоспар
Кіріспе
1. Ақша тауар өндірісінің категориясы:пайда болуы және мәні.
2. Ақшаның қоғамдағы ролі мен қызметтері.
3. Ақша айналысының жүйесі: мазмұны мен белгіленуі. Ақша айналысы мен ақшаның эволюиясы.
Қорытынды
Ақшаның экономика саласындағы алатын орны
Кіріспе
Тарих құрылуының ұзақ мезімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шат, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкідері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтады.
Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстларды қызықтырған. Ағылшын У. Гладсонның айтуы бойынша адамзатты «қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты азғырған жоқ.
Әр түрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, маталар, әр түрлі терілер, жүндер, пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т. б. болды. Бұндай әр түрліпікірлер көптеген экономистердің «ақша- бұл тауар мен қызмет көрсетуге айырбастайтынның бәрі-деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл ғылыми анықтама болып табылмайды.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңгелер жасалды: алтын теңге, күміс теңге құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
1. А қша тауар өндірісінің категориясы:пайда болуы және мәні.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша-бұл жалпы эквивалиент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауады айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеге тауардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшанық тауар жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша-бұл жалпы эквивалиент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролі мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалиент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:
1. Сапалық біртектілік;
2. Сандық (еркін) бөлінуі;
3. Қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыскүшікетеді) ;
4. Сақталуы.
Алтын-еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретіндегі алтын тұтыны құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т. б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалиент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталуы формасы ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары XVІІ-XVІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қарай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өнімдері меркаптелистер, яғни У. Стаффорд, Т. Мом, Д. Норк, және т. б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсалюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт (Шотландия) дамытты. “Металлистерге” сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін-айналыс құралы мен төлем құралын абсалюттеді. “Номиналистер” ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
2. Ақшаның қоғамдағы ролі мен қызметтері.
Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану (жинау) құралы (қазына), әлемдік ақша.
Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа бөледі: құн өлшемі мен айырбас құралы.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабілетінен тұрады.
Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді.
Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Тауардың құны неғұрлым көп болса, солғұрлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі. Яғни, тауардың бағасы тауардың құнына тура тәуелді болады. Тауардың бағасына тауардың құны ғана емес, алтынның құны да әсер етеді: егер ол көтерілсе, тауардың бағасы түсуі керек және керісінше. Еңбек құн теориясының бастапқы жағдайлары осындай шиеленіскен көптеген факторлардың көрсетілген категорияларымен тікелей байланыста қарастырылады.
Ақша-айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың оны сатып, ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни, бұл қызметтің орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальді мүмкіндігі туындайды.
Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында болады.
Монета-бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі. Монета деген сөздің пайда болуы б. э. д. ІV ғасырдағы Ежелгі Римнің ақша белгілері басылып шығарылған Юнона-Монета деген храмның атымен байланысты.
Алтын- жұмсақ металл және айналыстағы алтын монеталар салмағын жоғалтады. 2600 ж. ішіндегі алтын монетаның айналыстағы жалпы жойылу шамасы 20 мың т. алтын болды. Тозып қалатын монеталар сапасы және өлшемі кеми бастайды, ал ақша айналыс құрал қызметін үздіксіз атқаратындықтан, алтын ақшаларды арзан металл, қағаз ақшаларға ауыстыру қажеттігі туады.
Қағаз ақшаның өзінің құны болмайды, сондықтан құн өлшемі қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.
Қағаз ақша ең бірінші XІІ ғасырда-ақ Қытайда, Ресейде Екатерина ІІ-ң 1769 жылы пайда болды. Қалыпты тауар айналысын қамтамасыз ету үшін айналыстағы қағаз ақшаның саны айналысқа қажетті алтын ақшаның санына сәйкес келуі керек. Егер айналыстағы қағаз ақшаның саны алтыннан көп болса, онда ол құнсызданады, оның сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауарларға баға көтеріледі.
Тауарларға бағаның көтерілуіне себепкер ақшаның құнсыздануы инфляция деп аталады.
Жалпы түрде айналысқа қажетті ақшаның саны тауарлардың бағаларының қосындысын біртекті ақша бірлігінің айналысының санына бөлу арқылы анықталады. қалыпты жағдайларда, ақша байлықтың абсалютті көрінісі ьолып табылады және үлкен өтімділікке ие, яғни тез өтелу қабілетіне ие.
Егер бір тауарды сатқаннан кейін уақытша айналыс тоқтаса, алтын-ақша айналыс сферасын біртіндеп тастап шығады және қазынаның құрылуы артады. Алтын жеке қолдарға жинақталды. Алтын қазына қызметін алтын кесек, монеталар, алтын немесе күмістен жасалған әшекей-бұйымдар формасында атқарады.
Қазынаның жаппай артуы тауарлы-ақша айналысының бұзылуы кезінде және қоғамдық толқулар кезеңінде көрінеді. Керісінше, тауарлы-ақша қатынастарының жандануы кезеңінде қазына айналыс құралына қайта айналады-осылай қозғалыстар арқылы тауарлы-ақшалы қатынастар стихиялы реттелді.
Қазіргі кезде алтын айналыстағы ақша массасын стихиялы реттеуші ролін атқаруын қоя бастады. Себебі, ақша белгілерін алтынға еркін айырбастау жоқ.
Бүгінгі күні алтын қазыналық қызметін атқаруды шектелген масштабта мемлекет пен жеке тұлғалардың сақтандыру қоры ретінде басқа да қымбат бағалы игіліктермен қатар жалғастыруда.
Мемлекеттік және жеке адамдардың алтын қорлары жалпы байлықты құрайды. қағаз ақшалар қазына бола алмайды. себебі, өзінің құны жоқ, бірақ қорлану құралы қызметінде көрінеді.
3. Ақша айналысының жүйесі: мазмұны мен белгіленуі. Ақша айналысы мен ақшаның эволюиясы.
Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украйн, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беложевск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қазан айында шығара бастады.
Бірінші кеңес рублі 1919 жылы шығарылды. 1922-24 жылдары 7, 742 г. алтынмен қамтамасыз етілген қағаз черновеці шығарыла бастады, ал революцияға дейінгі алтын монета 10 рубльге тең болды.
1937 ж. рубльді АҚШ долларының негізінде есептей бастады, АҚШ долларының алтын құрамы 0, 889 г. Болды. 1950 ж. рубльдің алтын құрамын 0, 222 г. алтынмен анықтады. 1961 ж. КСРО-да баға масштабының 10 есеге өсуіне байланысты рубльдің алтын құрамы 0, 987 г. алтынмен анықталды, 1 доллар 90 тиынға теңелді.
Сонымен, рубль ақша жүйесінің жалғыз элементі бола отырып, оның дамуымен қатар өзгерді.
Тауар айналысын қамтамасыз ететін шаруашылық тұлғалары мен банктер арасындағы ақша айналысы жүйесі.
Ақша жүйесі-бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Ақша айналысы -бұл төлем құралы мен айналыс құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша жүйесінің элементтері болып мыналар табылады:
- ақша бірлігі, яғни бірлік ретінде елде қабылданған ақша өлшемі (рубль, доллар және т. б. ) ;
- баға масштабы, яғни ақша бірлігі және оның құрама бөлшегі ретінде елде қабылданған ақша металының сандық, салмақтық мөлшері (мысалы, теңге 100 тиыннан тұрады және 60-80 ж. ол 0, 987672 г. алтынға теңелді) .
- эмиссиондық жүйе, яғни ақша және бағалы қағаздарды шығаратын мекеме (мысалы, орталық банк және т. б. ) ;
- ақша белгілерінің түрлдері, яғни айналыста заңды төлем құралы болып табылатын несиелі қағаз ақша және ұсақ монеталар жүйесі;
- ақша жүйесінің институттары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Тарихи металл ақшаның айналыс жүйесі биметаллизм мен монометаллизм арқылы өтті.
Биметаллизм ақша ретінде екі металдың-алтын мен күмістің қолдануына негізделді (XVІ-XІX ғғ. ) .
Монометаллизм ақша ретінде тек алтынды пайдаланды, ал қағаз және несие ақшалар оған еркін айырбасталды.
1929-33 жж. дағдарыстан кейін банкноттардың алтынға еркін айырбасы тоқтатылды, яғни монометаллизм дәуірі аяқталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz