Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы шеберлерi


Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы шеберлерi. РЕФЕРАТ
Жоспар:
- Кiрiспе
- Негiзгi бөлiм:Қайта өрлеу дәуiрiнiң аса көрнектi қайраткерлерi.
- Леонардо да Винчи
- Микеланджело
- Рафаэль
- Қорытынды
- Қолданған әдебиеттер
- Кiрiспе
Қайта өрлеу дәуiрiнде Италия мәдениетi өте жоғары нәтижеге қол жеткiздi. Сол дәуiрде дүниеге келген тендесi жоқ мәдениет туындылары адамзат баласын әлi күнге дейiн таң қалдырып, тамсантып келедi. Италияда мәдениеттiң барлық түрi бұл дәуiрде өте күрт дамыды. Италияның түрлi аудандарында жергiлiктi көркемсурет мектептерi ашылып, қайта өрлеу дәуiрiнiң өн бойына кейiнгiлерге үлгi болған ұлы суретшiлер дүниеге келдi.
Мәдениеттiң қоғамдық өмiрдегi рөлi артып, адамдардың күнделiктi рухани қажетiне айнала бастады. Зәулiм үйлер мен салтанатты сарайлар қолға алынды, iрi монумент - ескерткiштер орнату бүкiл халықтық қуанышты iске айналды. Италиядағы басты мәдениет орталығының бiрi - Флоренция қаласы Римнен Альпiге баратын сауда жолының үстiне орналасты. Қалада қолөнер кәсiбi мен сауда өте жақсы дамыды. Көпестер мен банкирлердiң кеңселерi, iрi шеберхана үйлерi көптеп салынды. Әсiресе банкирлер байыды, олардан папалар мен корольдiң өздерi ақша қарыз алып тұрды. Қала байлары мен iрi өндiрiс иелерi, папалар мен корольдер сән-салтанатты, әшекейленген әдемi үйлерде тұрды. Олар ата-бабаларының және өздерiнiң суреттерiн салдырып, оны «мәңгiлiкке» қалдырғысы келдi. Қала билеушiлерi суретшiлердi, ақындарды қолдап, оларға тапсырыстар бердi.
Флоренция бүкiл Италияның мәдени орталығына айналды. Осы Флоренцияда орта ғасырдың және сонымен бiрге жаңа заманның тұңғыш ақыны А. Данте өзiнiң «Тәңiрдiң тәлкегi» комедиясын жазды. Бұл қалада көптеген мүсiншiлер өздерiнiң шынайы туындыларын дүниеге келтiрдi. Бұл қала қайта өрлеу дәуiрiнiң шынайы мәдениетiнiң негiзiн қалаушы, сәулетшi, мүсiншi, ақын, әсiресе көркем сурет саласында үлкен iз қалдырған Джотто ди Бондоненi (1266 немесе 1267-1337) дүниеге келтiрдi.
Джоттоның дiни сюжеттегi еңбектерi өмiрлiк мазмұңға толы. Өз туындыларында пейзаж бен интерьердiң үш кеңiстiк өлшемiн сақтай отырып, ол тұлғалар мен заттардың көлемдiк жағынан да мәнiне ерекше көңiл бөлдi.
- Қайта өрлеу дәуiрiнiң аса көрнектi қайраткерлерi.
Леонардо да Винчи
Леонардо да Винчи /1452-1519/ Италияның қайта өрлеу дәуiрiнiң /итальянша - Ринашименто, французша - Ренессанс, қазақша - қайта өрлеу/ аса iрi қайраткерi және оның негiзiн қалаушы. Оның жан-жақты, ғылыми және көркем шығармашылық қызметiнiң маңызы кейiн оның қолжазбаларын жинақтап, үңiле зерттегенде одан әрi ашыла түстi. Ф. Энгельстiң атап көрсеткенiндей «Леонардо да Винчи тек ұлы суретшi ғана емес, ұлы математик және инженер» болған. Леонардо да Винчи ғалым әрi ой өрiсi жан-жақты дамыған, сан қырлы талант иесi.
Леонардо да Винчи Анкиано елдi мекенiнде дүниеге келген. Әкесi нотариус /құжаттарды куәландырушы/, қала тұрғыны, ал шешесi қарапайым шаруа әйел. Леонардо сурет пен мүсiн өнерiне машықтану үшiн Флоренцияда оқыды. Ол жас кезiнен өзiн еңбекке тәрбиеледi. Қиыншылыққа төзiмдi болды. Кейiн өз шәкiрттерiне де осы қасиетiн беруге тырысты. Шәкiрттерiн «Кiм көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады» деп үйреттi.
Леонардо да Винчи сурет өнерiн - өнердiң басты түрi деп есептедi. «Адам суретiнiң көмегiмен дүниенi таниды, - дедi ол. - Тәжирiбе дүниетанудың бiрден-бiр қайнар көзi», - деген тұжырым жасады.
Бiрде әкесi өзiнiң бiр танысы берiп жiберген дөңгелек қалқанды үйiне әкелiп, ұлына оны өз талғамы бойынша сол танысын сүйсiндiрерлiктей бейнелермен әшекейлеп берудi өтiнедi . . . Ол өзiнiң оңаша бөлмесiне толып жатқан шегiрткелер мен кесiрткелердiң алуан түрiн, жыландарды, көбелектердi, iрi теңiз шаядарын, жарқанаттар мен басқа жәндiктердi әкелiп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып, шабыттанған ол әрқайсысының бейнесiн ең бiр фантастикалық үйлесiмде пайдалана отырып, . . . құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебiр құбыжықтардың бейнесiн жасайды . . .
Қалқанды әшекейлеудiң Леонардоны баурап алғаны соншалық, «өнерге деген ұлы сүйiспеншiлiгi» оған сол аралықта шетiнен қырылып қалған әлгi құрт-құмырсқа, бақа-шаяндардың сұмдық сасық иiсiн байқатпаған.
Ал құрметтi нотариус осы қалқанды көрген кезде, ол өзiнiң көз алдында тұрған - шебер суретшiнiң туындысы екендiгiне сенбей, қорыққанына шегiншектей берген.
Леонардо әкесiнiң көңiлiн орнықтырып: «Бұл туынды қалқанның мiндет-мақсатына жауап берiп тұр», - деп түсiндiрген. Кейiн бұл қалқанға миландық бiр герцог көп ақша төлеген.
Л. Любимов. Батыс Еуропа өнерi, 1982, 130-бет.
Ұлы суретшi инквизиция қаѕарынан тайсалмай, өлген адамның дене құрылысын зерттеумен айналысып, олардың денесiн жасырын ашты. Көшелер мен аландарды аралап, адамның бет әлпетiне зейiн қоя қарады, ерекше бет құрылыстарын қағазға түсiрдi. Әсiресе адамдардың көңiл-күйiн жақсы көрсететiн ренiш, қуаныш, қайғы сәттерi оны өте қызықтырды. Леонардо да Винчи жарық пен көлеңке арасындағы байқала бермейтiн сәттердi бейнелеуде, адам сезiмiн көрсетуде тамаша шеберлiкке қол жеткiздi. Ол былай деп жазған: «Егер сезiмдерге күмән келтiретiн болсақ, онда «құдай бар, ол жанынды алады» деген сияқты көңiлге қонымсыз ұғымдар одан да күмәндi болуға тиiс», «жарыққа қарап, оның нұрына зер сал, сөйтiп тұрып көзiңдi қас қағым сәтке жұмып, аш, сонда саған жаңа ғана өзiн көрген жарық ендi басқаша болып байқалады».
Леонардоның «Мона Лиза» /немесе «Джоконда»/ деген картинасы жас әйелдiң портретi бүкiл дүние жүзiне мәлiм. Қозғалыссыз жүзiнде әрен ғана бiлiнетiн, бiрақ соншалықты өктем күлкi ойнаған бұл әйел беймәлiм сыр сақтаған, әлдебiр құпия жайдың боларын алдын ала сезiп отырғандай болып көрiнедi.
Леонардо да Винчи өзiнiң болжамдарымен өз заманынан бiрнеше ғасыр озық кеттi. Милан герцогына былай деп жазды: «Мен ешбiр дыбыс шығармастан, тар және ирелең жер асты жолдарын салу әдiстерiн бiлемiн. . алуан түрлi зеңбiректер жасай аламын. Соғыс теңiзде болса . . . Ең сұрапыл атыстарға шыдайтын кемелердi де, жарылғыш заттарды да, түтiн шығаратын құралдарды да бiлемiн, ал бейбiтшiлiк уақыттарда басқа кiммен салыстырғанда да қоғамдық және жеке меншiк үйлердi салуда, пайдалы болармын деп сенемiн».
Оның жобасы бойынша Миланды ауыз сумен қамтамасыз ететiн канал қазылды. Леонардоның айналысқан iздену саласы сан қырлы. Сәулет өнерi, әскери, анатомия, жарық пен көлеңке, құстардың ұшуы, көз, сурет өнерi, судың ағысы мен өлшемi сияқты мәселелердi зерттедi. Қазiр Леонардоның қол танбасы түскен 7 мың парақ шамасында қолжазбасы бар, олар Лондон, Париж, Милан, Турин кiтапханаларында сақтаулы.
Ажалының қай уақытта келетiнiң бiлмегенiмен, өлетiнiне көзi жеткен ол өзiн жерлеудi қалай ұйымдастырудың егжей-тегжейлi өсиетiн жазып қалдырды. 1519 жылы мамырдың 2-сiнде 67 жасында бөтен елде - Францияда дүние салды.
Микеланджело
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы қайраткерi, тiптi Леонардо мен Рафаэльмен салыстырғанда да өзiнiң жаң-жақтылығымен таң қалдырып, көлемi мен қуаты жағынан теңдесi жоқ туындылар берген адам Микеланджело Буонарроти 1475-1564 жылдар арасында өмiр сүрдi. Микеланджело данышпан мүсiншi, суретшi, сәулетшi, кескiндемешi, әскери инженер, ақын, жоғары адамгершiлiк үшiн күресушi, қолына қару алып Отанын қорғауға өз үлесiн қосқан адам болған. Микеланджело өзiнiң бар өмiрiн адамның бостандыққа деген хұқын нығайту үшiн күреске арнады.
Шығармашылық өмiрiнде барлық назарын адамды iсiнде белсендi, ерлiкке дайын, ұмтылыс үстiнде көруге аударды. Әсiресе, оны Италияның басына түсiп отырған 16 ғасырдың бас кезiндегi ауыр жағдайлар мазалап, Флоренцияның азаттығы жолындағы күреске өзi де қатысып, соғыс бекiнiстерiн салуға басшылық жасады. Өзiнiң жасаған мүсiндерi мен салған суреттерiнде күрескер, отанын сүйгiш, жанын құрбан ететiн батыр бейнесiн беруге ұмтылды. Ол адамды қуатты денелi, батыл, қайтпас қажырлы етiп бейнеледi.
Микеланджелоның анасы тек қалаушының әйелi ғана едi. Соны есiне алып былай деген: «Менiң өмiрiмдегi барлық жақсылық өзiмiздiң туған Ареццоның жұмсақ табиғатынан алынған, мен өзiмнiң асыраушымның сүтiнен өзiм мүсiн жасап жүрген кескiш пен балғаны алдым».
Терең сенiм мен ерлiкке ұмтылған адамның толқуы бейнеленген биiктiгi 5, 5 метр «Давид» мүсiнiн 1501-1504 жылдар аралығында қашады. Замандастары «Алып» деп атаған бұл мүсiн Флоренцияның орталық алаңына қала қамқоршысының белгiсi ретiнде орнатылды. Бұл мүсiнде сәулетшi қаѕарлы алыппен жекпе-жекке шығып, жауын жеңiп шыққан жас жiгiттiң бейнесiн аңыздағыдай жеңiстен кейiн емес, жауына қарсы ұрысқа шығар алдындағы сәтiн көрсеттi. Жiгiт сырттай қарағанда жайбарақат сияқты болып көрiнгенмен құдiреттi бұлшық еттерi, жiгерлi бет жүзi, дене және рухани күштердiң жинақтығын бейнелейдi. Бұлшық еттердiң бәрi қимылдап тұрғандай әсер бередi.
Микеланджело Римде әулие Петр соборын салуға қатысты. Папа оған Рим папаларының Ватикандағы шiркеуi - Сикс капелласының шаңырағын әшекелеудi тапсырды. Бұған дейiн ешбiр итальян суретшiсi бұндай үлкен көлемдегi әшекейлеумен айналыспаған. Әшекейлеуге тиiс төбенiң көлемi алты жүз шаршы метрдей болатын аса жауапты жұмыс едi. Бұнда төрт жылдан астам уақыт еңбектендi.
Бұл жұмыстың өте ауыр болғанын Микеланджелоның өзi жазған мына мысқыл өлеңнен көремiз:
Жерге дұрыс тимейтiндей табаным,
Төмен қарай салбырайды қабағым.
Майысып бел, қалған денем қалқайып,
Еске салар Сирияның садағын.
Рафаэль
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz