Облыстық «Ақтөбе» газеті


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Патшалық биліктің саясатын халыққа жақындата түсу мақсатында дүниеге келген «Түркістан уәлаяты» мен «Дала уәлаятынан» кейінгі жиырманшы ғасырдың басында жарық көрген қазақ газет-журналдарының баспасөз тарихында алар орны ерекше. Дәл осынау ұлттың ояну сәтінде «Ақтөбе» газеті де жарыққа шығып, қазақ БАҚ-ы тарихында өзіндік орын иеленді.

Бұл газеттің алғашқы саны 1924-жылы 7-маусымында жарыққа шықты. 80 жылдан астам тарихы бар аға газеттің бүгінгі таңдағы облыстық және респуликалық баспасөздің арасында өзіндік бет-бейнесі сақталған. «Облыстық қоғамдық-саяси газет»-деген ұранмен шығатын газеттің бүгінгі таралымы - 18859. Газетке 2005-жылдан бері қарай Бауыржан Өтеулиев редакторлық етеді. Басылымның меншікті иесі- «Шамшырақ -Ақтөбе » Ж. Ш. С. Директоры - Мейірхан Ақдәулетұлы.

Басылым өзіндік ұстанған бағыты, көтерер идеясы, форматы, дизаины жағынан басқа газеттерден өзгеше. Газет бүгінгі күн талабына сай қоғамның түрлі саласындағы мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, өзіндік ұстаным ұстануда. Бұл басылымның тағы бір ерекшелігі қазіргі талғамы биік оқырман назарына арнап демалыс беттері мен көңіл көтеру тақырыптарын сәтті жүргізуінде. Уақыт ағымына сай газет бетіне оқырман назарын қанағаттандырарлық қызықты материалдар жиі ұшырасады.

Тарихы тереңдегі байырғы газеттің өткен белестердегі өміріне сәл көз жүгіртейік. Қазіргі «Ақтөбе » газеті кеңестік дәуірде «Коммунизм жолы » деген атпен жарық көріп келген. Социялистік жүйе кезінде газет, журналдар жалпы БАҚ үгітші, насихатшы ретінде пайдаланылып келгені белгілі. «Коммунизм жолы да» бұл үрдістен айналып өте алмады. Газеттің әрбір санында мемлекеттік деңгейдегі ірілі - ұсақты жиындардан баяндамалар жарияланып тұрды. Пленум, партия сьездеріндегі қоғам қайраткерлері мен ел көсемдерінің сөйлеген сөздері толығымен басылады.

Газет сол қоғам үніне сәйкес «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңіздер» деген жалпыға таныс ұранмен шығып тұрды. «Коммунизм жолы» жексенбі мен дүйсенбіден басқа аптаның 5 күнінде қатарынан жарық көріп тұрды. Осыған қарап «Коммунизм жолының » жағдай бүгінгі облыстық газеттерді қойып кейбір республикалық газеттерден де тәуір болғанын аңғарамыз.

«Коммунизм жолының» 1980-жылғы редакторы Н. Төлеуов болған. Басылымның негізгі ақпарат көзі- ТАСС. Газеттің әрбір санының бірінші бетінде бас мақала авторсыз, редакцияның көзқарасы ретінде беріледі. Бас мақалада партия мен үкіметтің жүргізіп отырған саясатын халыққа түсіндіру мақсатында насихаттық бағыт ерекше орын алады. Газет дизаины ретсіз, материалдар қалай болса солай орналастырылған. Әр саланың түрлі деңгейдегі тақырыптары бір бетке ретсіз топтастырылады.

Газеттің дизаины, форматы қаншалықты ретсіз болса, ішкі дүниелері де құнсыз, сылдыр құрғақ сөзге құрылған материалдармен толтырылды. Партия мен Үкіметтің идеясын, ұстанған саясатын бір бағытта насихаттаудан әріге бармады. Бұл кезде газет бетінде ақпарат еркіндігі, идея, ой жаңашылығы деген атымен болмады. Басылым тақырыптары бірыңғай жұтаң, қасаң, жауыр болған ұран тіркестерден тұрады. Мәселен, «Партия ісіне адалдық», «Сайлауға жақсы әзірлік жасалсын», «Табысты баянды етейік», «Жоғары өрлеу үстінде», «Мызғымас бірлік» деген сияқты жалған материалдармен толтырылған. Аптасына бес күн қатарынан шығатын аталмыш газеттің бетінде ұлтқа қатысты бір ауыз сөз жоқ. Мемлекет Үкімет саясатына қарсы жарты ауыз сөз бұл кездегі баспасөз бетінде жарық көру сірәде мүмкін емес еді. Мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлерінің сонымен қатар облыс деңгейіндегі шенеуніктердің жиындарда сөйлеген сөзін «Коммунизм жолы» бетіне толығымен жариялап отырды. Облыс деңгейіндегі тағайындауларды ірісінен ең кішісіне дейін түгелімен газет бетінде жариялап тұрды. Бұл кездері «Коммунизм жолы» реңсіз болды. Басылым бетінде бірлі жарым очерк, корреспонденция болғаны болмаса, әдеби жанрдағы көркем туындылар тым сирек кездеседі. Газетте арнайы маманданған кәсіби журналистерде сирек болған. Себебі теориялық талапқа жауап беретін нағыз журналистік, кәсіби туындылар жоқ.

Қазіргі «Ақтөбе» газетінің 1995-жылғы редакторы Қуаныш Тектіғұл. Біраз жарым мерекелік саны болмаса газет реңсіз болды. Аптасына екі рет сейсенбі, бейсенбі күндері жарық көріп тұрды. Таралымы - 14804. Көлемі - төрт бет. Негізгі ақпарат көздері - КазТАГ пен РАТА-ТАСС. Бұл кезде газетте тұрақты беттері мен айдарлар болған жоқ. Газет тым кішкентай қаріппен басылды. Қазіргі газеттермен салыстырғанда дизаины әлдеқайда төмен жұтаң болатұғын. Тұрақты тілшілері - Ертай Ашықбаев, Идош Асқаров, Нұрмұхамбет Дияров қатарлы журналистер болды.

Бұл жылдары газет бетінде егеменді еліміздің ертеңі жөнінде елеулі материалдар жарық көріп тұрды. Әсіресе, сол кездері жаңа қабылданған ата заңымыз жөнінде журналистер мен оқырмандардың, қоғам қайраткерлері мен зейнеткерлердің ашық ой-алмасуы, жеке пікірлері жиі басылып тұрды. Дәл осы жылдар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу мерекесі қатар келгендіктен қазақтың бас ақыны жөнінде «Ақтөбе» газеті бетінде де материалдар тым көп болды. Ұлы ақынның арнаулы тойында ел президентінің сөйлеген сөзінен тартып, мектеп оқушысының арнау өлеңіне дейін газет бетінде орын берілген.

«Ақтөбе» газеті 2005 жылдан бері қарай дизаины, форматы, ұстанған бағыты жағынан көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Бірінші бетке газеттегі маңызды материалдардың тақырыбы коллажбен беріледі. Бірінші беттің бір жартысына көбінде жарнама беріліп келеді. Газет аптасына екі күн шығады. Бейсенбі күнгі санының сыртқы және ішкі бір жарым беті реңді болып 26-27 бетпен шықса, сейсенбі күнгі саны төрт бетпен реңсіз болып шығады. Аптасына осыншама көлемді бетпен шығуы газеттің басқалардан өзгешелігінің және артықшылығының белгісі. Тұрақты айдарлары: хабар-ошар, мәселе, денсаулық ғылым, шартарап, ел, мұнай, табиғат, әлем, дін, әдебиет т. б. Демалыс бетінде әр түрлі сұрақ-жауаптар, психологиялық тестілер, телебағдарлама беріледі. Хабар-ошар айдарында Ақтөбе облысындағы ішкі жаңалықтарды және де мемлекеттік маңызы бар ірі хабарларды топтастырып береді.

Газеттің басқа облыстық әрі республикалық басылымдардан артықшылығы - оқушыларға арналған «Балдырған» бетінің болуы. «Балдырғанда» балаларға арналған танымдық-шағын материалдар мұғалімдер мен оқушылардың тәрбиелік маңызды дүниелері әрі «Оқушы өлеңі» деген айдарымен жырға әуес балалардың тырнақ алды өлең шумақтары басылады. Казіргі біздің БАҚ балалар тәрбиесімен шығармашлығына нақтап көңіл бөле алмай отырғаны да белгілі. Осы жөнінен алып қарағанда облыстық газеттің атқарып отырған ісі құптарлық мәселе.

Газеттің басқа басылымдардан тағы бір өзгешелігі - «Дастархан» бетінің болуы. «Дастарханда» заман талабына сай ас-мәзірін қалай дайындау керектігі жөнінде арнайы мамандар кеңесі беріледі. Сонымен қатар салаттар мен бүгінгі күн дастарханынан табылатын жаңа тағамдар құрамын түсіндіріп жазған танымдық материалдар кездеседі. «Шартарап» айдарымен әлемде болып жатқан қызықты оқиғаларды топтастырып береді.

«Ақтөбенің» қосымша беті бар. Ол кейде «Жастар», кейде «Қала» деген атпен шығады. «Қалада» Ақтөбенің бүгінгі тыныс-тіршілігі, жаңа құрлыстар, жол жөндеу т. б. тақырыптар төңірегінде мәселе көтеріледі. «Жастар» қосымшасында бүгінгі күнде жастарға қатысты тақырыптың бәрі қамтылады. Жастарға арналған бет әрбір газетте болғанмен «Ақтөбенің» жастарға арналған қосымшасында қызғылықты әрі оқуға лайық танымдық материалдар жиі ұшрасады. «Ақтөбе» газетінің тұрақты тілшілері Аманқос Орынғалиұлы, Ертай Ашықбаев, Әлімбай Ізбай, Ақбаян Сұлтанмұратова, Айдос Шөкіш т. б.

Дәл бүгінгі күнгі «Ақтөбе » газетнің өзіндік ұстанған бағыты, көтерер идеясы жағынан біршама тұрақтанған. Басылым ұлтқа, мемлекетке қатысты ірі мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіріп, үнемі ой бөлісіп қоғамдық ойға қозғаушы болып келеді. Облыстық деңгейдегі қазақ тіліндегі баслымдарды былай қойғанда қазіргі кейбір республикалық баслымдардың өзінде жинақылық, реттілік әрі күн талабына сай танымдық қызықты материалдар жетіспейді. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда облыстық «Ақтөбе» газетінің атқарып отырған ісі көңілге жылу ұялатады. Газеттің форматы, дизайны ішкі идеясы уақыт талабына сай деуге әбден болады. Бұл басылым облыстық газеттердің ішіндегі алдыңғы шебіндегі газет.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

Мерзімді баспасөз кафедрасы

Тақырыбы: Облыстық «Ақтөбе»

газеті

Тексерген: Н. Шыңғысова

Орындаған: Б. Тоқтарбай

Алматы 2007

Ұшқын

Қиял қудым сан ғасыр құштым да арман,

Жеткізбейді баянсыз міскін жалған.

Сары алтынның тоты жоқ сынығы біз,

Жасындардан тек қана ұшқын қалған.

Арманы айдай пәлсафа қиялы құз,

Жалын жігіт жарқ етер биязы қыз.

Салтанатты сахара серілері,

Тұғыр емес тұлпардың тұяғымыз.

Сағынғаным дала сыры, дала таңы,

Мұз балаққа паң мінез жарасады.

Мәңгі армандап отырар биіктерді,

Шыңда туған қыранның балапаны.

Жарқ етемін жалыным жанымда әлі,

Құландаймын жараған қағындағы.

Сұрайтыным бар менің тәңіріден,

Алғаным жоқ, несібе бағымды әлі.

Алтындардан кешегі асылдардан,

Тұнып жеткен бұл күнге ғасырлардан.

Тірлік майдан сұрапыл арпалыста,

Ұшқындаймын үзілген жасындардан.

Көктем

Сағындырып тұрғанда көктем келіп,

Селт етпесе сезімің неткен берік.

Қыз көктемнің шәлісі майда ілеппен,

Оралады мойныңа еппен келіп.

Майда қоңыр мамырда нұр тамады,

Бусанып тұр адырлар қырқалары.

Көктем қыздың көрінеу көрімдігі,

Әтір исі аңқиды қыр самалы.

Бойын жазып тал, қайың желпінеді,

Дүр сілкінді Алатау кең сілемі.

Сағынысқан көктемін қабыл алды,

Егеменді өлкенің еркін елі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы
Алғашқы қазақ заңгері
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
Ақпан Әйітбекұлы
Ойыл уәлаяты
Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары
«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақстан Прокуратурасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz