Кәсіпорын қаржысы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Кәсіпорын қаржысы және оның түсінігі
1.1 Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 ІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның баланстық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12 2.2 Кәсіпорын қаржылық қызметін коэффициенттер арқылы талдау ... .17
ІІІ. Кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын қарастыру
3.1 Кәсіпорынның жоспарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.2 Кәсіпорынның қаржылық страрегиясын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасынын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
"Қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып, компанияның қаржылық жағдайын талдау" атты курстық жұмыстың мазмұны – коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамаларды біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын –белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрықтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пйдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресусртары жағдайын көрсетеді.

1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы; Алматы 2005.
2. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г.. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау; Алматы экономика 2001.
3. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2003 ж.
4. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқу құралы. Астана: Фолиант, 2005 ж.
5. Финансово-кредитный энциклопедический словарь / Колл. авторов; Под общ. Ред. А.Г. Грязновой: - М.: Финансы и статистика, 2002.
6. Ю. Брикхэн. Дж. Хьюстон. Финансовый менеджмент. учебник 2007 год
7. Ковалев В.В Курс финансового менеджмента. Москва. 2008 год
8. Леонтев, Богарев. Финансовый менеджмент. Учебник Москва. 2005 год
9. ҚазЭУ хабаршысы, 2006ж. №1
10. Аль Пари, 2006ж.

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Кәсіпорын қаржысы және оның түсінігі
1.1 Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржы
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның баланстық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12 2.2
Кәсіпорын қаржылық қызметін коэффициенттер арқылы талдау ... .17
ІІІ. Кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын қарастыру
1. Кәсіпорынның жоспарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .21
2. Кәсіпорынның қаржылық страрегиясын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге
асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін
түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең
ұғынудың, Қазақстан экономикасынын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен
амалдарын көре білудің маңызы зор.
"Қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып, компанияның қаржылық
жағдайын талдау" атты курстық жұмыстың мазмұны – коэффициенттер
салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамаларды
біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде
көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының
арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның
қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады
және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды
ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық
қатынастарды көрсетеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік
капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы
ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын
–белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып,
пайдаланылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде
кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және
әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылды.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік
капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты
болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік
есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай
күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрықтылығы болып табылады.
Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді
пйдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудің үздіксіз процесін
қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресусртары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы түрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық
шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау керек. Тек
терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті
бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсару
және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару
шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: үш бөлімнен, бірнеше сұрақтардан
тұрады.
Бірінші бөлімде, кәсіпорынның қаржысының түсінігі, негізгі принциптері
және қаржы ресурстарына түсініктеме беріледі.
Екінші бөлімі - баланс құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау және баланстың құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасына талдау жүргізіледі, сондай-ақ, қаржылық жағдайды
коэффициенттер арқылы талдау.
Ал, үшінші бөлімінде, кәсіпорынның даму перспективасын қарастыра
отырып, оң нәтижеге жету және кәсіпорынның мақсатының жүзеге асыруын
талқыладым. Яғни, стратегиялық бағыты мен оған жету үшін кәсіпорынның
тактикасын және бизнес жоспар құру жолдарын талдаймын.
I-Бөлім. Кәсіпорынның қаржысы және оның түсінігі.
1. Кәсіпорын қаржылырын ұйымдастырудың негізгі принциптері
Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды
пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
• Мемлекеттік қаржылыр деңгейінде елдің бірыңғай қаржылық саясатын
жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің
тиімділігіне байланысты.
• Жергілікті қаржылар жергілікті бюджетке түсетін қаржылар.
• Кәсіпорын қаржылары еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі
орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын
деңгейінде қалыптасады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
• бөліп – тарату;
• бақылау.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
• қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
• өзін - өзі қаржыландыру және басқару;
• жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
• қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
• қаржы резервтерін жасау;
• қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөлу ұстау;
• мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы
міндеттерді бірінші кезекте орындау;
• кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына
топтарымен тығыз байланысты:
• контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық
белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану жөнінде;
• кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы
ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады;
• өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында
кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды,
міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін
анықтайды, өзінің өнідері мен қызметтеріне қарай бағаны
қалыптастырады және жеткәзушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
• сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері
бойынша;
• банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге
бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық
қызметтер көрсету;
• мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және
пайдалану;
• бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларды қаржы ресурстарын
бөлуде тікелей және көлденең өзара байланыста болуы.
Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын
құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының
қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау,
ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік
қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру
қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және
тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес
элементтердің жиынтығы:
• қаржы әдістері;
• қаржы тетіктері;
• құқықтық қамтамаыз ету;
• нормативті қамтамасыз ету;
• ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері – бұл қаржы қатынастарының шаруашылыұқ процестеріне ықпалы
яғни тигізетін әсері Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып
отырады:
1. қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі;
2. нарықтық қатынастар бойынша.
Сонымен қатар, қаржы әдістеріне мыналар жатады:
• шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып
саралау;
• материалдық ынталандыру;
• ақша қаражаттарын тиімді пайдалану.
Нарықтық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс
арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл қаржы-
шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай
нысанда бағалау дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, өндіріске коммерциялық
есепті енгізудегі ең басты мақсат – шығынды аз жұмсап, жақсы нәтижеге жету,
яғни жоғары деңгейде пайда табу.
Қаржы тетігі - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана
білу.
Құқықтық қамтамасыз етуге:
• заң актілерінің;
• қаулылардың;
• жарлықтардың;
• басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінді:
• инструкция;
• нормативтер;
• нормалар;
• тарифтік ставкалар;
• әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер және т.б.
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
• экономикалық;
• коммерциялық;
• қаржылай;
• басқа да ақпараттар беру кіреді.
Қаржылық ақпараттарда:
• қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
• әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы,
курсы,дивидендтері;
• тауарлр мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;
• биржалық және биржадан тыс нарықағы істері жөнінде;
• шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері
жөнінде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден бір пайдалы
септігін тигізеді.
Әртүрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар
интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық
капиталында белгілі бір үлеске ие.
2. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
Қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары,
олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу,
қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан
ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Шаруашылық қаржы қызметі
процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белілі бір мақсаттарға
арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Қорлардағы ақша
қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе
бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне
қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына
немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса,
кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы
кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық
көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік
қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс
қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді.
1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі
қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен
ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға
қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін
орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай
қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар
мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы ресурстарын кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық
көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген
(жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің
қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның
тұтыну қорын жұмсау ауқымы, кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл
мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру
деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары
мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры,
тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.
Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа
да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру
қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген
кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және
алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік
капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың
көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады:
негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс
есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық
құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы
нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын
есептеу, зияндарды шығару, тауар - материалдық игіліктердің бағасын түсіру
есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар
кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу
шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және
натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін
сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің несиелері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржыландыруға;
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік
қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына
көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар
көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті
дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде
қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы
зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы
резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы
ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде),
мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет
(әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты
- шаруашылық – қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша
шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз
ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын
оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін
олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына
көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және
шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы
валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық
түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен
ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағала
қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б.
нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз
қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан
алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі.
Кәсіпорындарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта
қаржысын кәсіпорындар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта
заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады.
Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени
дамуына жұмсалады;
Валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел
тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға
жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек
көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар валюта қоры қаражаттарының бір
бөлігін қосалқы жеткізушілерге- кәсіпорындарға бере алады; бұл түсімдердің
көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі
ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық
түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар
өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен
қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай
жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар
өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-
күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын
шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы
мүмкін.
II. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
2.1 Кәсіпорынның баланстық жағдайы
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен
айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық
қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары,
ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу
мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда
аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық
субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің
капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа
да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп
отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған,
қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Субъекті мүлкінің құрамы
Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтері болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы
активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (ацналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімдік) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің
материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда
табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік
қаржылық салымдар, тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және
басқадай активтер жатады.
Субъектінің мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының
құнынан құралады. Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарында пайдаланылады.
Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар
және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Жарғылық қор меншік иесі субьектінің кәсіпорынның жарғысында
қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған
қаржыларының соммасы болып табылады.
Меншікті ұйымдық- құқығының нысанына және меншік иесінің тиісті
құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынандай түрлерде
болуы мүмкін;
Шаруашылық серіктестіктердің толық серіктестік, сенім
серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауап
кершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам
жарғылық капиталы.
Өндірістік коператив мүшелерінің мүлкі жарналары. Жарғылық қор
мөлшері субькетінің жарғысында жіне басқада құрылтайшылық заттарға
тиісті өзгерістер белгіленген, өкіметтің атқарушы оргондарында
тіркелуі тиіс. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті
өзгерістер ғана болуы мүмкін.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акйиаларын олардың
аталуы номиналдық құрлымынан артық құнымен сатқаннан пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестициялардан
қайта бағалағанда олардың құнының өскен соасына және тағы да
басқалардан туындайды.
Резервтік капитал – келешекте алдағы уақыттарда болуы мүмкін
зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі
өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан
Республикасының заңдарымен шаруашылық субъектісінің жоғарысында
қаралады.
Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектісінің жалпы табысының
барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан
және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Корпорация мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ең маңызды қорлар
болып мыналар саналады:
• жарғылық капитал;
• қорлану капиталы;
• тұтыну қорлары;
• еңбекақы төлеу қорлары;
• валюта қорлары;
• жөндеу қорлары және т.б.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу
көздеріе талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып
алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған
капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек.
Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы
қатынас оның қржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы
көбіне өзін - өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен
жүзеге асырылады. Тек капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік
аса маңызды орын алады. Бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да
қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу
керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің
кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша
қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және
коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және
қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардың өзгерту себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл
кезде өз меншігінде капиталға басты назар аударылады, себебі өз
қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қана қоймай, сонымен
бірге капиталдың жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz