Дүниежүзі халықтарының орналасу тығыздығы


ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ
Адамзат баласы өзінің тарихында жер шарының территориясына бірте-бірте қоныстанды. Дүниежүзінде халықтардың қоныстануы бірқалыпты емес. Кейбір аудандарда халық сирек орналасса, кей аудандарда халық тығыздығы 1 км 2 -ге 1000 адамнан келеді. Адамдар қоныстанбаған аймақтарға оңтүстіктің поляр белдеуіне жақын орналасқан, яғни күннің ыстықтығы 78°-қа жететін, солтүстікте күннің суықтыш 54°-қа жетегін аймақтар жатады. Теңізден 5000 м. биіктікте орналасқан Тибет және Перу таулы аудандарының кей жерлерінде де адам мүлдем тұрмайды. Сондай-ақ, Орталық және Оңтүстік Батыс Азия және Солтүстік Африканың шөлдерінде адам тұрмайды деуге болады.
Ал Еуропа, Австралия және Мұхит аралдары мемлекеттерінің 10/9 бөлігінде халық орналасқан. Африка мен Оңтүстік Американың хадықтарының көпшілігі теңізден 500-1500 м. биіктікте орналасқан өңірлерде тұрады. 500-1500 м. биікте Африканың 34, 6%, Оңтүстік Американың 27, 5% жері орналасқан. Халықтың 3/2 бөлігі теңізден 1000 метр биіктікте орналасқан жерге қоныстанған мемлекеттер бар. Олар Боливия (88%), Перу, Мексика, Ауғанстан, Эфиопия елдері. Нидерланды, Польша, франция, Жапония, АҚШ т. б. мемлекеттер тұрғындары теңізден 500 м. биіктікте тұрады. Тіпті Нидерландияның 5/2 бөлігі дамбалармен судан сақтану үшін қоршалған аймақта тұрады. Жер жүзінде құрғақ аймақтарға қарағаңда теңіз жағалауларына орналасқан қалаларда халық тығыздығы басым болады.
Дүниежүзі бойынша 1920 жылы 1 км 2 жерге халықтың аздығы орташа есеппен 13 адамды құраған. Ал 1950 жылы 1 км 2 жерге 18 адамнан, 1983 ж. 34 адамнан келген. Өнеркәсібі дамыған елдерде елді мекендерде халық сирек орналасады да қала халқы тығыздығы басым болады. Халық өте тығыз орналасқан Үндістан мен Бангладеш мемлекетінде де урбанизация өте төмен қарқынмен жүреді.
Халықтың тығыздау орналасқан мемлекеттер қатарына егіншілік дамыған Ніл өзені бойындағы Африка мемлекеті, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азия мемлекеттері жатады. Дүниежүзі бойынша халық ең тығыз қоныстанған жер Сижаггурда - 6742; ең сирек қоныстанған жер Батыс Сахарада - 0, 9, Моңғолияда - 1, 7 адамнан келеді.
Рссейде 1 км 2 -ге 8, 5 адамнан келсе, Орта Азия мемлекеттерінде қоныстану тығыздығы әркелкі. Өзбекстанда 1 км : -ге - 57, 1 адам. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2. 727 9 км 2 Қазақстанда халық тығыздығы 1 км 2 -ге 5 - 5. 5 адам болып саналады.
Еуропада халық тығыздығы санаулы ғана мемлекеттерден көрінеді. Нидерландияда 1 км 2 -ге - 352, Бельгияда - 336, 9 Ұлыбританияда - 244, 3 адамнан келеді- Жерортатеңізі жағалауы мемлекеттерінде де халық тығыз орналасқан. Халықтың сирек орналасуы Еуропаның таулы аудандарына және Финляндия, Исландия, Скандинавия т. б. елдерге тән.
Азия елдерінде халық тығыздығына келер болсақ Бангладеште 1 км 2 -ге 926, 8 адамнан, Жапонияда - 340, 9, Ливанда - 353, 8, Үндістанда - 318, 1. Керісінше Монғолияда 1 км 2 -ге 1, 7 адамнан, Сауд Аравиясында - 10, 5, Оманда-5 адамнан келеді. Халық тығыздығының әркелкілігі мемлекет ішінде де көрінеді. Мысалы, Индонезия мемлекетіндегі Явада Калимантан аймағына қарағанда 60 есе халық тығыздығы жоғары болса, Ириан-Джая аймағынан 250 есе жоғары. Үндістанда халықтың тең жартысы Ганга бойындағы қалаларда, Индостан түбегінің оңтүстігінде және арал жағалауындағы территорияларда тұрады. Яғни бұл жерлер мемлекет жерінің 5/1 бөлігін алып жатыр.
Азияның жеңіл өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы дамыған аймақтарында халық тығыздығы негізінен басым. Халық тығыздығы басым Азия орталықтарына Оңтүстік және Орталық Қытай, Жапонияның оңтүстік аймақтары, Ганга жағалауы, Брахмапутраның төменгі ағысы, Индостанның шығыс жағалауы, Меконга жағалауы және Үнді Қытайдағы Хонгха жағалауы, Ява аралдары жатады. Жекелеген аймақтарда 1 км 2 -ге 1500 - 2000 адамға жетсе, жалпы өңірлерде 300-800-ден төмен түспейді. Африкада салыстырмалы түрде сирек орналасқан. Жиі орналасқан аймақтар: Руандеде 1 км 2 -ге - 281, 3; Буриндида - 229, 2 адам.
Сирек орналасқан Батыс Сахара, Намибия, Боствана, Ливия, Мавританияда 1 км 2 - 0, 5-тен 2, 6 адамнан. Ал, Ніл өзені жағалауларында халық тығыздығы ерекша жоғары, 1 км 2 - 1300 адамнан. Сондай-ақ тығыз орналасқан аймақтарынан Магриб ауданы, Конго жағалаулары, Тропикалық Африканың жазығы, Оңтүстік Африқаның өндірістік қалаларын атауға болады.
Америкада халық тығыздығы Орталық Америка және Вест-Индияда басым. Мысалы, Сальвадорда 1 км 2 -ге 304, 6; Ямайкада- 243. 6; Канадада - 3. 2: АҚШ-та - 29. 5; Мексикада - 52, 8; Эквадорда - 47, 4; Бразилияда 20, 7; Перуде-21, 7 адамнан келеді. Ал Миссисипи жазығында 1 км 2 - 1 адамнан келеді.
Австралияда халық тығыздығы сирек, 1 км 2 -ге 2, 5 адамнан, ал ауылдық жерлерде 0, 3 адамнан келеді. Батыс және Оңтүстік Австралия, Квислендте халық өте сирек орналасқан. 1 км 2 -ге 1 адамнан жетпейді. Аралдарды алып қарастырар болсақ, Африкадағы Маврикий аралында, Кариб бассейніндегі Барбадоста, Пуэрто-Рикода, Мартянидида, Үнді теңізіндегі Мальдив аралында - 1 км : жерге 500-600 адамнан келеді. Аралдарда халықтың тығыз орналасуы демалыс орындары, жағажайлардың болуымен байланысты.
Портты қалаларда да халық тығыздығы басым. Мысалы, Мальтада 1 км 2 -ге - 1257, 9 адамнан. Сондай-ақ теңіз жағалауы елдерінде де халық тығыздығы басым болады. Мысалы, Шығыс Сомаода 1 км 2 -ге - 63, 8, Науруда - 587, 1, Тувалуда -428, 7 адамнан келеді.
Солтүстік Африка, Оңтүстік-батыс Азия және Орталық Азияның шөлді және жартылай шөлді жерлерінде күннің ыстық, құрғақ болуына байланысты халық сирек қоныстанған, бұл жерлерде көшпелі және жартылай көшпелілікті кәсіп ететін тайпалар өмір сүреді, олардың жалпы саны 60" млн-дай. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар Сауд Аравиясы, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Алжир, Ливия, Судан сияқты елдерде сақталған.
Сондай-ақ ауылдық жерге қарағанда қалалық жерлерде халық саны басым болып келеді. Қала халқының ең басым жерлері Сингапур, Монако (100%), Кувейт (98%), Бельгия (97%) елдері; АҚШ халқының 77%-ы, Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Керісінше, Руандада -6, Бутанда - 7, Бурундида - 9, Нелалда - 12 % халық қана қалада тұрады.
Материк бойынша айтар болсақ, Еуропада 1 км 2 жерге -65, 4; Азияда 1 км 2 жерге - 84, 7; Африкада 1 км 2 жерге - 27, 8; Солтүстік Америкада 1 км 2 жерге 20, 1; Оңтүстік Америкада 1 км 2 жерге - 19, 4; Австралия және Мұхит аралдарында 1 км 2 жерге 3, 7 адамнан келеді.
Халықтарының орналасу тығыздығы (2004 ж. )
11-кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz