Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары, мәселелері, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары



ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ҚАЗАҚСТАН XXI ғ. ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Қазақстандағы экономика, әлеуметтік, саясат және интеграция ... ...5

1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, ҰСЫНЫСТАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.1 Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің реттеушілік ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2.2 Қазақстанның аймақтарын дамыту және мемлекеттік реттеу ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытыңдылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасыңда алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздік және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың бір-тұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президеиті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстаңдағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктерге жол берілді.
Әлеуметтік экономикалық міндеттерді жыртықты жaмay әдісімен шешуден бас тартатын мезгіл жетті, тактикалық міндеттерді әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру стратегиясына сәйкестендіре шыңдап қолға алу мақсатымен жүйелі жұмыс бастайтын уақыт келді. Қазақстан Республикасын өз ерекшеліктеріне, ұлттың менталитетіне сай, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып әлеуметтік-экономикалық дамыту моделін жасайтын және іске асыратын мезгіл жетті.
Ел экономикасы XXI ғасыр шебінде түр. Мәселе XXI ғасырдың табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты. Соның негізінде автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсаты болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) концепциялық негізін әзірледі. Эканомикалық реформаның түрлі салалары, жолдары осы ЖЭС концепциясымен негізделуге, онымен байланыстырылуға тиіс. Дипломның бүкіл мазмұнына осы идея өзек болған. Нарықтық экономиканы басқаруды реформалау жөніңдегі жаңа тәсілдер, Қазақстан Республикасының экономикасын дағдарыстан шығарудың әдістері мен жолдары ұсынылған.
Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты автор шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын, кәсіпкерлікті дамытудың отандық және шетелдік озық тәжірибесін ұсынған. Дипломда шағын және орта бизнес саласыңда сондай тауар өндірушілер тобын қалыптастыру міндеті қойылған, ал олар дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің жартысынан астамын өндіретіні тілге тиек етілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) елбасы былай дейді: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол небәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.
20. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
21. Ливщиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.
22. Лю Гогуанъ. Регулирование китайской экономики и судьба реформы // Вопросы экономики. 1989. № 10.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ҚАЗАҚСТАН XXI ғ. ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН
БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТҰТҚАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5

1.1 Қазақстандағы экономика, әлеуметтік, саясат және интеграция ... ...5

1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік
тәжірбиесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ,
ҰСЫНЫСТАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...15

2.1 Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің реттеушілік
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.2 Қазақстанның аймақтарын дамыту және мемлекеттік реттеу ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде
түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және
дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет
ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде
негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз
әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын
дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытыңдылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз
бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы
жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып
отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-
экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз
кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша
параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің
арасыңда алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң
жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздік және
халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету
принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың бір-тұтас жүйесін қажет
ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президеиті жүргізіп жатқан экономикалық
реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстаңдағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау
және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып
отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен
кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында
елеулі қателіктерге жол берілді.
Әлеуметтік экономикалық міндеттерді жыртықты жaмay әдісімен шешуден
бас тартатын мезгіл жетті, тактикалық міндеттерді әлеуметтік-экономикалық
реформаларды жүзеге асыру стратегиясына сәйкестендіре шыңдап қолға алу
мақсатымен жүйелі жұмыс бастайтын уақыт келді. Қазақстан Республикасын өз
ерекшеліктеріне, ұлттың менталитетіне сай, дүниежүзілік тәжірибені ескере
отырып әлеуметтік-экономикалық дамыту моделін жасайтын және іске асыратын
мезгіл жетті.
Ел экономикасы XXI ғасыр шебінде түр. Мәселе XXI ғасырдың
табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы
отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның
жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты. Соның негізінде
автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсаты
болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) концепциялық негізін
әзірледі. Эканомикалық реформаның түрлі салалары, жолдары осы ЖЭС
концепциясымен негізделуге, онымен байланыстырылуға тиіс. Дипломның бүкіл
мазмұнына осы идея өзек болған. Нарықтық экономиканы басқаруды реформалау
жөніңдегі жаңа тәсілдер, Қазақстан Республикасының экономикасын дағдарыстан
шығарудың әдістері мен жолдары ұсынылған.
Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы
болып табылады. Осыған байланысты автор шағын және орта бизнеске
мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын, кәсіпкерлікті дамытудың отандық
және шетелдік озық тәжірибесін ұсынған. Дипломда шағын және орта бизнес
саласыңда сондай тауар өндірушілер тобын қалыптастыру міндеті қойылған, ал
олар дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің жартысынан астамын өндіретіні
тілге тиек етілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) елбасы былай дейді:
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз
жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан
орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық
экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған
нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз
жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз
долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі
өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ
долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты
елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне
жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы
жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы
екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ
жететінімізге сеніміміз мол.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен
салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол
небәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.
І ҚАЗАҚСТАН XXI ҒАСЫР ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ШАҒЫН
БИЗНЕС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰТҚАСЫ

1.1 Қазақстандағы экономикасы, әлеуметтік,
саясат және интеграция

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) – былай дейді: Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі
өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге
жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған
нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз
жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз
долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі
өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ
долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты
елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне
жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы
жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы
екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ
жететінімізге сеніміміз мол.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен
салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол
небәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.
Экономикаға 30 миллиард АҚІІІ долларындай тікелей шетел инвестициясы
тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді
әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян, ақиқат.
Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылды, ал мұны
жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тқрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді
болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық
қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда,
14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында
армандаудың өзі қиын еді.
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004
жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы 7 миллиард доллардан
асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен
астам өсті деген сөз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да
біршама тарамдала түсті.
Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа
мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып,
жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік.
3. Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс.
Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана
істей аламыз.
3.1 Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық-
инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың
бағдарламасы.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы
қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-
газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық
қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда
кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын.
Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын,
міне, солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізген
экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі — Ұлттық инновациялық
жүйе жасауды қолға алдық. Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы
қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру
жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1
млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму
институттарының қолдауымен жүзеге асты.
Біздің стратегиялық міндетіміз — бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан
лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім
мен тиімділікке негізделген әріптестік қатнастарын жолға қоюы керек.
Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын
дамыту мен 2005-2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту
бағдарламалары қабылданды. Енді тек жұмыс істеу керек.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен,
мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы
бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар
уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай
түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды
топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын
мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау
агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта
бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды,
көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын
береді.
Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен
жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын
іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық
экономикадағы өз орнын табуға тиіс.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды,
кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!
Мен өңірлерді экономикада өршіл болуға шақырамын.
Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан
жақсарту міндет.
Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен
мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен
монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске
беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың
тыныс ашамыз.
Бұл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар
акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг
компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөзбұйдаға
салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап
кірісетін кезі келді.
Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық
кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан "Шағын кәсіпкерлікті дамыту
қоры" өзіндік бір "үлкен қаржылық маркетке" айналуға тиіс. Біз қорға биылғы
жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын
бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі.
Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге
асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.
Экономиканың барлық субъектілерінің түгелдей дерлік тұрақсыз болып,
беріктігі қалыптаспаған жағдайда біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуын белгілі бір дәрежеде анықтап, болжам жасау өте күрделі іс. Тіпті
негізделіп жасалған болжамның өзін күтпеген жағдайда жоққа шығаратын
факторлардың көптігі соншалық, келешекті анық елестетуге мүмкіндік
бермейді.
Дегенмен ХХІ-ғасырдың қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың
негізгі бағыт-бағдарлары бой көрсете бастады.
Мысалы: Қазақстанның жақын жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық
дамуының болжамы.
Саяси жағдай. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін
сындарлы түрде жаңа ахуал қалыптасты. Жаңа мемлекет өзінің ішкі және сыртқы
даму жолын анықтауды, байыппен парасаттауды қажетсінеді. Салыстырмалы
түсініктегі саяси тұрақтылық, саяси рәміздерді, оның ішінде ең маңызды
саяси партиялар жүйесін өркенниетті саяси жүйеге (тұрақты) көшіруді талап
етеді.
Бұл ретте әр түрлі әлеуметтік және кәсіпқой топ өнімдері өздерінің
мүдделерін тек бүгінгі күнмен өлшемей, тереңірек ойлап, болашаққа сәйкес
шешудің маңызы зор екенін ұққаны дұрыс Республикамыздың келешекте дамуы
қазіргі жағдайда қандай саяси әрекеттердің, заңдар мен шешімдерді қажет
етеді. Қазақстанда жаңадан саяси жүйелердің жаңа негізі пайда болуда.
Экономикамызда нарықтың қатынастың негізі қалануда. Мұндай жағдайда саяси
партиялардың тез арада пісіп жетілмеуі де сөз жоқ табиғи нәрсе.
Республикада саяси процестердің дамуы өкімет пен халық мүддесін қорғайтын
қатаң ынталылық принципіне негізделген. Саяси өркенниетті өмірдің пайда
болып, оның әрі өркендеп дамуын талап етеді.
Мұндай процестердің негізі көпшілік әлеуметтік тұрғындар тобының
мүддесін толық қорғайтын шынайы, парламенттік партиялардың қалыптасуы,
дамуы болуы мүмкін.
Біздегідей ауқымды, кең, терең өзгерістерді жүзеге асыру әрине маман
басшыларсыз мүмкін емес. Негізінде демократия дегеніміз: әлсіз әсері жоқ, я
өкіметсіз өмір емес. Түпкілікті өзгерістерді тек тегеурінді атқарушы өкімет
қана жүзеге асыра алады. Әсте жоғарыдан төмен қарай жалғасқан демократиялық
байланыстың қатаң заң бақылауында болуының маңызы зор. Экономикалық жаңғыру
болашақта кәсіпкерлер тобы орта тап құруы мүмкін.
Айта кету керек, экономикасы дамыған қай елді алсақ та тұрғындардың
басым көпшілігі, тек кәсіпкерлер қатарынан тұрмайды. Олар үшін ірі
парламенттік партиялар да ашылмайды. Ал біздің жағдайда, меншіктің барлығы
дерлік мемлекеттің қарамағында, тұрғындардың басым көпшілігі жалданбалы
еңбекпен шұғылданады. Саяси жағдайдың бір ерекше көрінісі осы басым
көпшіліктің саяси партиялар жүйесінде өте аз орын алатындығында. Сол
себепті белсенділігі күтпеген, арнайы ұйымдастырылмаған жерде пайда болып,
партиялар, бірлестіктер ықпалынан тыс қалып отыр.
Міне осындай ахуалдың болуы және оның кей кездерде экономикалық қайта
құру салдарынан туындап отырған әлеуметтік толғаныстардың кернеуінен өрлеуі
саяси тұрақсыздықтың қауіпті ошақтарының бірі болып табылады.
Реформаларды жүргізу бағытын ұстана отырып, жоғарыдағы қайшылықтар
мәмлеге, келісімге келу арқылы бей-берекеттік сипатта шешілмей, көпшілік
еңбекшіл тұрғындардың, әр текті әлеуметтік топтардың әсіресе жалдамалы
жұртшылықтың мүддесін көздейтін беделді саяси партиялар мен ағымдардың
араласуы, ықпалы арқылы шешілуі тиіс.
Экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибесі көрсеткендей, тек осы
бағытпен яғни еңбек пен капиталдың шиеленіскен одақтастық позицияларында
тұрған, кәсіподақтармен байланыстағы партияның белгілі бір әлеуметтік
буындардың мүддесін қорғауы саяси тұрақтылықты сақтай отыра, жеңіске жетеді
29.
Республикамыздағы қоғамдың саяси ахуалдың әзірше (относительно)
тұрақтануы тоқмейілдікке жол бермеуі керек. Жағдайды кешенді түрде талдау,
саралау қажет. Қоғамдағы келеңсіз ахуалды туындататын ахуалдарды болжап,
алдын ала сақтандыру, залалсыздандыру керек. Осының бәрімен шұғылданатын
тұрақты мониторингке ие ірі орталықтың болғаны жөн.
Интеграциялық процестер. 1993 жылдың ортасында Н. Ә. Назарбаев Еуразия
одағын (ЕАО) құру туралы ұсыныс жасағанды. Бұл ұсыныстың мәні ТМД
мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік экономикалық ерекшеліктерін ескере
отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыруға болады.
ЕАО қалыптасуының басты принщштерінің бірі — оған болашақ мүше
елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі
кеңестік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған
ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда
ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарым-қатынасын ориата алады.
Қазақстан Республикасының президентінің идеясы мақсат-мүдделік
принципінің негізіне құрылған еді. Бұрынғы біртұтас кешенді шаруашылық
қатынастарын қажетінше сақтай отырып және нарықтық қатынасты ескерген жаңа
бастамамен даму қажеттілігінен туған.
Сонымен қатар осы идея әлемдік тәжірибеден алынды. Мысалы өркенниетті
елдерде экономикалық гүлдену меп демократия мақсатында өркендеген елдер бір-
бірімен қарым-қатынастарын күшейтіп, соның арқасында әлемдік бірлестік
қоғамының тең құқықты және беделді мүшесі болып отыр. Әсіресе Германия,
Люксембург (елдерінің қатысуымен) Белгия, Франция, Голландия, Люксембург
елдерінің қатысуымен Көмір мен болат бірлестігін құрудан басталған
Еуропалық ұйымның тәжірибесінің маңызы зор.
Интеграциялық процестердің даму нәтижесі Еуропалық бірлестікті дүниеге
келтірді. Ал қазіргі кезде ол Еуропалық одаққа айналды. Еуропалық одақтың
әрекеті құқықтық принципке негізделген.
Ереже мен әрекеттер одақты тұғызатын шарт-келісім және оларды
толықтыратын акт негізінде жасалған. Оның заңдары мен бағдарламалары әр
алуан сипатта, әр деңгейде жүргізілген кеңесулердің нақты нәтижесі.

2.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті
дамытудың шетелдік тәжірбиесі

Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құрудың жолы — негізінен
мемлекеттік емес меншік нысандарын пайдаланатын шағын және орташа
кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру. Бұл жағдайда ондай кәсіпорындар саны
тек қазіргі кездегі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру есебінен емес,
ал жаңа кәсіпкерлік құрылымдар есебінен көбейтілуге тиіс. Сондай
кәсіпорындар құру және олардың қуатын арттыру аймақтың саясаттың маңызды
құрамдас бөлігіне айналуы керек.
Аймақтың деңгейде шағын кәсіпкерлік жөніндегі саясат аймақтың
әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру кезеңдерінің
жалпы жүйесімен ұштасуға тиіс. Бұл жерде:
— аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының концепциясы мен
бағдарламасын әзірлеу (оларда шағын кәсіпкерліктің орны мен рөлі
белгіленеді және шағын кәсіпкерлікке өзіндік аймақтық тапсырыс
қалыптастырылады);
— шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу;
— аймақта шағын кәсіпкерлікті басқару мен реттеудің ұйымдық
құрылымының жүйесін жасау;
— шағын кәсіпкерліктің өзін-өзі ұйымдастыру жүйесін жасау;
— жергілікті әкімшіліктің шағын кәсіпкерлікке басқарушы ықпалының
нысандары мен әдістерінің жүйесін қолдану;
— шағын кәсіпорындарды дамытудың бизнес-жоспарлары мен бағдарламаларын
қалыптастыру көзделген.
Аймақта кәсіпкерлікті басқарудың негізгі принциптері мыналарды
көздейді:
— кәсіпкерліктің түрлеріне қарамастан оны дамыту үшін қажетті
жағдайлар жасау;
— шаруашылық жүргізуші субъектілердің ауқаттылығын қамтамасыз ету;
— олардың қызметін ең алдымен экономикалық және қаржы стимулдарын
пайдалана үйлестіру;
— жергілікті органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілермен
өзара тиімді шартты және экономикалық қатынастарын орнату;
— қала тіршілігінің ерекше маңызды міндеттерінің шешілуін қамтамасыз
ету үшін шектеулі мөлшерде әкімшілік шараларын қолдану;
— Қалаға қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындардың негізгі
функциялық мақсатын белгілеу;
— кәсіпкерлік саласында азаматтар құқықтарының бұзылуына, табиғи
ресурстардың жыртқыштықпен пайдаланылуына жол бермеу;
— кәсіпкерлік қызмет түрлерінің дамуын құрылымдық реттеу;
— аумақтық ресурстардың және ең алдымен жер ресурстарының
пайдаланылуын реттеу;
— шағын бизнес кәсіпорындарын тіркеу тәртібін оңайлату.
Ірі аймақтағы шағын кәсіпкерлік жөнінде аумақтық саясатты нақтылай
жүзеге асыру үшін арнаулы ұйымдық құрылым жасау қажет. Мұның өзі жаңа
бюрократтық аппарат құрылуын білдірмейді, ең алдымен қала басқармасында бар
құрылымдардың функцияларын және шағын кәсіпорындармен қарым-қатынастарын
ретке келтіруді көздейді. Кейбір жағдайларда шағын кәсіпкерлікке неғұрлым
пәрменді ықпал жасау үшін жұмыс істеп тұрған органдар негізінде жаңа
арнайы органдар құрылуы мүмкін 26.
Бұл құрылымда бірнеше лауазым деңгейін бөліп көрсетуте болады.
Бірінші деңгей — өкілді билік органдары, бұл деңгейде шағын
кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бюджеттен бөлінетін қаражат белгіленеді.
Екінші деңгей — үкімет пен облыстық, қалалық және федералдық
бағыныстағы салалық комитеттер, сондай-ақ аудандық әкімшіліктер түріндегі
басқару органдары. Олар тікелей басқаруды, аумақтағы кәсіпкерлермен
байланысты жүзеге асырады. Мұнда түрлі мәселелер — кәсіпорындар тобына
жеңілдіктер беруден, жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудан, жарғылық
құжаттарды тіркеуден, үй-жайларды жалдаудан бастап, құрылысқа жер
учаскелерін беруге дейінгі мәселелер шешіледі.
Үшінші деңгей — әкімшілікке кірмеген құрылымдар, олар инфрақұрылымдық
қызмет көрсету (технологиялық орталықтар, қаржы, сақтандыру, лизинг
құрылымдары, көрмелер мен жәрмеңкелер, ақпараттық-мәдени орталықтар, бизнес
инкубаторлар), консультациялық бағдарламалар әзірлеу мен жүзеге асыру,
кадрлар оқыту, бағдарламалар мен жобаларды мәліметтермен қамтамасыз ету
ісінде шағын кәсіпкерлікке белгілі бір жәрдем көрсетеді. Жобаларды
қаржыландыру, кепілдеме операцияларын ресімдеу жөнінде қызмет көрсететін
несие-қаржы саласының кәсіпорындары да осы деңгейде. Тәжірибенің көрсетіп
отырғанындай, кәсіпкерлік қызметті үйлестіру мен оған жәрдем көрсету
жөніндегі жалпы қалалық кеңестің (орталықтың) бұл құрылымдар арасында
ерекше маңызы бар. Оның міндеттері — қала шаруашылығының артықшылықтарын,
экономикалық қуыстарды (капитал жұмсау салаларын) негізге ала отырып,
ұсыныстар әзірлеу, кәсіпорындар ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру,
әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешуді қолға алатын кәсіпорындарға
жеңілдіктер белгілеу. Бұл орган шағын кәсіпорындарға арналған рынокты
қорғау, бірлескен кәсіпорындар ұйымдастыру, батыстағы әріптестерге
кепілдіктер беру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдай алады.
Төртінші деңгейді тікелей шағын бизнес саласының кәсіпорындары
құрайды.
Бағдарламалы-мақсатты әдістерді пайдалану кезінде уақытша құрылымдар
қолданылып жүрген басқару жүйесіне кірістірілгендей болады, мұның өзі осы
жүйенің ұшқырлығын арттырады және ресурстармен кең көлемді іс-қимылдар
жасау үшін мүмкіндіктер ашады. Қазіргі басқару құрылымдарында бөлімшелер
жалпы мақсатты емес, ал өзінің нақты функциясын бағдар ете дамуға бейім,
оның өзі олардың жалпы жүйе мүдделерін елеместен өзін-өзі қорғауға деген
ұмтылысын туғызады және өзгерістерге қарсылық көрсетілуіне, жанжалдарға
және стратегиялық міндеттер рөлінің кемуіне әкеліп соғады.
Осы позициялар тұрғысынан шағын және орташа бизнеске қолдау көрсетудің
аймақтың бағдарламасын әзірлеу керек.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің кешенді бағдарламасын әзірлеу
негізіне:
1. бағдарламаны әзірлеу мен жүзеге асырудың арнаулы механизмін жасауды
қажет ететін ғылыми негіздеме;
2. бағдарламаиы басқаруды барынша мүмкін ету, оның икемділігін және
басшылық стратегиясы мен тактикасының өзгеруіне шұғыл көңіл бөлінуін
қамтамасыз ету;
3. бағдарламаны басқарудың ұйымдық құрылымының жасалуы мен жұмыс
істеуі процесіне мақсатты сипат беру;
4. бағдарламалы-мақсатты басқару органдарының өкілеттіктерін
экономикалық және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету принциптерін алуға
болады.
Бағдарлама әзірлеудің бастапқы негізі — оның мақсаттарын негіздеу мен
таңдау. Кең мағынада алғанда мақсат дегеніміз — жүйенің күтілетін жағдайы
немесе оны жүзеге асыру барысында алынуға тиісті нәтиже. Басты мақсат —
елдегі шағын кәсіпкерлік жүйесін дамыған еуропалық елдер деңгейіне жеткізу.
Бағдарламалы-мақсатты басқару методологиясына сәйкес келесі кезең кең
ауқымды мақсатты қосымша мақсаттар, функциялар, міндеттер және нақты
жұмыстар мен шаралар етіп бөлшектеу болып табылады.
Әлеуметтік сала:
— жеке тұрғын үйлер салу, тұрғын үйлер мен үй-жайларды жөндеу
жолымен тұрғын үй проблемасын шешуге қатысу;
— құрылыс материалдарын, конструкциялар және бұйымдар өндіру және
сырттан әкелу;
— Жер учаскелерін коттедждік құрылыс үшін әзірлеу мен қалпына келтіру;
— азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен сауданы, соның ішінде баспа-
бас негізде және импорт бойынша дамыту;
— төмен бағамен тамақтануды қамтамасыз ететін кәсіпорыпдарға басым
қолдау көрсете отырып, қоғамдық тамақтандыруды жаңа объектілер жасау
жолымен дамыту;
— тікелей тұтынушыларға қызмет көрсете отырып халыққа тұрмыстың қызмет
көрсетілуін жетілдіру, қызмет көрсету жүйесін ұлғайту, тапсырыстар қабылдау
мен орындаудың жаңа түрлерін енгізу;
— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, оны халықтың
коммуналдық төлемдерін күрт көбейтпестен залалды шаруашылықтар қатарынан
шығару;
— өнеркәсіп және құрылыс қоқысының жиналуын және кешенді өңделуін
қамтамасыз ету, қала үйінділерін жою;
— халыққа көлікпен қызмет көрсетудің жаңа түрлері;
— дене мәдениетінің, әсіресе қалалық ықшам аудандар деңгейінде,
қалыптасуы;
— әлеуметтік қамсыздандыру мүмкіндіктерін, соның ішінде мемлекеттік
құралдар мен қайырымдылықтың қатысуымен, ұлғайту;
— халыққа білім берудің жаңа түрлерін, тәуелсіз жоғары оқу орындарын,
мектептерді, университеттерді дамыту;
— мәдени-ағарту мекемелерін коммерциялау деңгейін төмендету, мәдени
бағдарламаларға демеушілік жасау.
Күрделі құрылыс:
— құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасап
шығару;
— түрлі объектілерді қайта жаңарту мен жаңғырту;
— жобалау-конструкторлық, консультациялық қызметтер көрсету, түрлі
объектілер салудың мүмкіндігі мен қажеттілігіне тәуелсіз сараптама жасау;
— қаланың ескі бөлігін күрделі жөндеу жөніндегі жобалау жұмыстарын
жүргізу және осы жұмыстар бойынша бағдарламаға қатысу;
— котедждер құрылысының жобаларын әзірлеу мен енгізу.
Халықты жұмыспен қамту:
— ірі кәсіпорындар жұмысшыларының санын қысқарту үшін жаңа жұмыс
орындарын ашу;
— жұмыссыздық, жұмыспен қамту проблемаларын, нақты аумақтардың
әлеуметтік проблемаларын психологиялық және социологиялық әдістермен
зерттеу, зерттеулер мен ұсыныстар;
— кадрларды, әсересе жұмыстан шығын қалған жастарды оқыту, даярлау
және олардың біліктілігін арттыру.
Табиғатты ұтымды пайдалану және табиғат қорғау:
— экологиялық бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу,
тәуелсіз экологиялық сараптама жасау;
— экологиялық таза өндірістік-технологиялық жабдық, суды тазарту, сүзу
және қайталап пайдалану құралдарын әзірлеу мен өндіру;
— аумақтық экологиялық кәсіпорындар мен экологиялық таза аймақтар
жасау;
— табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, табиғат қорғау аймақтарында
жерді қалпына келтіру.
Сыртқы экономикалық қызмет:
— сыртқы экономикалық қызметке, әсіресе аймақ пен қала проблемаларын
шешуге мүмкіндік беретін бағыттарда, қатысу;
— қала проблемаларын өзара тиімді негізде шешу үшін шетелдік
кәсіпкерлерді, қорларды, қоғамдың ұйымдарды тарту;
— бөлінген валютаны қала қажетіне пайдалану;
— жобаларға алдын-ала сараптама жасау және жаңа өндірістік қуаттар
жасау үшін шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде келісімдер жасасу, бұл
жағдайда кәсіпкерлік жобаларға сараптама жасау функциясын осы салада
тіркелген, қаланы басқару органдары сенетін консалтинг фирмаларына жүктеген
жөн.
Халықтың тауарлар мен қызмет жөніндегі қажеттерін қанағаттандыру:
— түпкі тауарлар өндіру, жұмыс істеу, қызмет көрсету;
— тұтыну тауарлары мен қызмет рыногын ұлғайту, қала тұрғындарының
дәстүрлерін, талғам-талаптарын ескере жоғары сапалы тауарлар өндіру;
— қызмет көрсетудің және халықтың әлеуметтік қажеттерін
қанағаттандырудың жаңа түрлерін енгізу.
Кәсіпкерлерді шикізатпен және тауармен қамтамасыз ету:
— аумақаралық сауда мен аумақ ішіндегі сауданы және биржалар арқылы
шикізат пен тауар алмасылуын қамтамасыз ету;
— қала тапсырыстары бойынша жұмыс істейтін шағын және орташа бизнес
кәсіпорындарын материалмен және техникамен, соның ішінде коммерциялық
негізде, кепілді түрде қамтамасыз ету;
— тауармен және шикізатпен қамтамасыз ету, ресурспен жабдықтау,
шикізатты кешенді, соның ішінде қайталап пайдалану мәселелері бойынша
кәсіпкерлік құрылымдарды үйлестіру.
Инновациялық және ақпараттың қызмет:
— ақпараттық, коммерциялық, технологиялық және салааралық
байланыстарды, соның ішінде аймақтан тыс жерлерде, әзірлеу мен жүзеге
асыру;
— жоғары технологиялы өнімдер, ноу-хау, патенттер саласындағы деректер
мен ақпаратты дамыту;
— инновациялық қамсыздандыру — несиелер, субсидиялар, бағдарламалар,
үйлестіруші, консультациялық көмек;
— ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттық-коммерциялық орталықтар
ұйымдастыру;
— өндірісті мамандандырудың, шоғырландырудың және коперациялаудың
прогресті түрлерін дамыту;
— жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдарына инновацияларды
жоспарлау және оларды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде
ұсыныстар жасау.
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ,
ҰСЫНЫСТАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің
реттеушілік ролі

Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне —
қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар
жататын болса, екіншісіне — оның материалдық емес (информация, әр түрлі
қызметтер т.б.) сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады. Дегенмен,
бұл сфералардың дұрыс дамуы үшін белгілі бір сыртқы жағдайлар (материалдық
өнімнің айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өңдеу
және жеткізу т.б.) қажет. Кәсіпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын
қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде "инфрақұрылым" аталатын,
экономиканың өзінше бөлек сферасы айналысады.
Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық
өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы
жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп
шықты.
Біз бұл тақырыпта өндірістік инфрақұрылымның негізгі саласының бірі —
көлік кешенінің дамуын мемлекеттік реттеу мәселелеріне тоқталып өтеміз.
Себебі, біріншіден, көлемі шағын жұмыста барлық инфрақұрылым салаларының
дамуын мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін, әдістерін, қағидалары мен
механизмдерін оқушыға түсінікті болатындай етіп қысқаша жазу мүмкін емес;
екіншіден, көлік кешенінің халық шаруашылығындағы рөлі өте жоғары. Ол
экономикалық, әлеуметтік, қорғаныс, саяси және мәдени маңызды міңдеттерді
атқарады.

Республика көлік кешенін мемлекеттік реттеу жүк тасымалдау шығынының
аз болуын, тасымал жылдамдығының неғұрлым жоғары болуын, тасымалдаудың
үздіксіз болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының көлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
«ҚР – да кәсіпкерлікті дамыту мәселелері»
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Пәндер