Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат



Кіріспе
1. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі профессор Б.Кенжебаев еңбегі.
2. Сақ дәуіріндегі қаһармандық дастандар.
2.1. "Шу" дастаны.
2.2."Алып Ер Тоңға" дастаны.
3.Ғұндардың батырлық жырлары.
3.1."Оғыз қаған" дастаны.
3.2."Аттила" дастаны.
3.3. "Авеста" . қасиетті жазбалар жинағы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады.
Жалпы қазақ әдебиетінің тарихын жетік білу үшін екі нәрсеге көңіл аударған абзал. Біріншіден, адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, әсіресе қазақ халқының қалыптасып, дамуына ықпал ететін қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлу, екіншіден, көркем әдебиеттің кемелдену сатыларын, әдеби жанрлар мен әдеби тілдердің даму кезеңдерін, әдеби ағымдардың пайда болу себептерін танып- білу керек.
Осыған орай, түрколог-ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырады. Бұл кезеңдерді белгілі ғалым Н.Келімбетов былайша жіктейді: «Бірінші кезең – тәңірлік дәуір әдебиеті, ал екінші ислам дәуірі әдебиеті болып табылады. Тәңірлік дәуір әдебиетінің өзін үш дәуірге бөліп қарастырған: «Біріншісі – ежелгі түркілердің ата-тегі саналатын сақтардың (б.з.б.І ғ. – ІІІ ғғ.) қаһармандық дастандары, олар – «Алып Ер Тоңға» дастаны, «Шу» дастаны. Екіншісі – бізге ғұндар дәуірінен (б.з.б. ІІ ғ. – б.з.V ғ. аралығы) жеткен батырлық жырлары. Ғұндардың батырлық жырларына «Оғыз қаған», «Аттила», «Көк бөрі» және «Ергенекон» дастандары жатады.
Енді осы сақ - ғұн дәуіріндегі қаһармандық дастандарға тоқталсақ.
1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Алматы: Алатау, 2005
3. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
4. Затов Қ. Зороастризм және мәдениеттер сұхбаты. Кан.дисс. А., 1998. –150 б.
5. Еңсегенұлы Т. Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары. А., 2001. -290 б.
6. Көктәнді Х. Аспан мен Даланың төрт ұмтылған тарихы. – М., 2001. -464 б.
7. Авеста. Избранные гимны. Перевод с авестинской И.Стеблин-Каменского. –М.: Дружба
народов, 1992. -207 с.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі профессор Б.Кенжебаев еңбегі.
2. Сақ дәуіріндегі қаһармандық дастандар.
2.1. "Шу" дастаны.
2.2."Алып Ер Тоңға" дастаны.
3.Ғұндардың батырлық жырлары.
3.1."Оғыз қаған" дастаны.
3.2."Аттила" дастаны.
3.3. "Авеста" - қасиетті жазбалар жинағы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады.
Жалпы қазақ әдебиетінің тарихын жетік білу үшін екі нәрсеге көңіл аударған абзал. Біріншіден, адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, әсіресе қазақ халқының қалыптасып, дамуына ықпал ететін қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлу, екіншіден, көркем әдебиеттің кемелдену сатыларын, әдеби жанрлар мен әдеби тілдердің даму кезеңдерін, әдеби ағымдардың пайда болу себептерін танып- білу керек.
Осыған орай, түрколог-ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырады. Бұл кезеңдерді белгілі ғалым Н.Келімбетов былайша жіктейді: Бірінші кезең - тәңірлік дәуір әдебиеті, ал екінші ислам дәуірі әдебиеті болып табылады. Тәңірлік дәуір әдебиетінің өзін үш дәуірге бөліп қарастырған: Біріншісі - ежелгі түркілердің ата-тегі саналатын сақтардың (б.з.б.І ғ. - ІІІ ғғ.) қаһармандық дастандары, олар - Алып Ер Тоңға дастаны, Шу дастаны. Екіншісі - бізге ғұндар дәуірінен (б.з.б. ІІ ғ. - б.з.V ғ. аралығы) жеткен батырлық жырлары. Ғұндардың батырлық жырларына Оғыз қаған, Аттила, Көк бөрі және Ергенекон дастандары жатады.
Енді осы сақ - ғұн дәуіріндегі қаһармандық дастандарға тоқталсақ.

1.Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі профессор Б.Кенжебаев еңбегі.

Б.Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының бастау көзі ретінде VI-IХ ғасырдан жеткен түркілік ортақ дәуірдегі жазба ескерткіштерді меже етіп алса, Немат Келімбетов аталған ғылыми мектеп бағытын одан әрі дамыта жалғастыра отырып, Сақтардың қаһармандық дастандары, Алып Ер Тоңға дастаны, Шудастаны, Ғұндардың батырлық жырлары, Оғыз-қаған дастаны, Аттилладастаны, Көк бөрі дастаны, Ергенекон дастаны, Көк түріктердің ерлігі туралы Күлтегін және Тоныкөк жырлары, Қорқыт ата кітабы, Авеста-қасиетті жазбалар жинағы туралы тарихи-дерекнамалық, мәтіндік талдаулар барысында бұл жәдігерлердің түркі халықтарына ортақ мұра екенін, сондықтан қазақ әдебиеті тарихының да бастауы болатынын ғылыми саралап берді. Қазақ тарихының бастау көзі сақ, үйсін, ғұн, түркі болып жалғасатын болса, онда сол дәуірлерден жеткен әдеби жәдігерлер де олардың бүгінгі ұрпақтары болып есептелетін халықтардың қай-қайсысының да өз мұрасы ретінде иеленуге қақысы бар деп ойлаймыз. Сондықтан, Немат Келімбетовтің Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Көк бөрі, Ергенекон, Күлтегін, Тоныкөк сияқты сақтардың, ғұндардың, түркілердің қаһармандық дастандарын қазақтың да көнеден жеткен рухани мұрасы ретінде бағалауы, қазақ әдебиеті тарихының да бастау көзі деп қарауы заңды тұжырым. Н.Келімбетовтің зерттеушілік талантын көрсететін, ғылымға қосқан ерекше үлесі, әкелген тың жаңалығы оның диссертация жазу барысында бұрын аттары ғана белгілі болып келген, ал негізгі мәтіні жоғалған сақтар мен ғұндар дәуірінің Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Ергенекон сияқты төрт дастанын сақталып қалған үзінді-жұрнақтары бойынша қайта құрастырып, ғылыми айналымға енгізуі еді. Құрастырып қана қоймай сақтармен ғұндардың осықаһармандық дастандарымен қазақтыңбатырлықжырлары арасындағы ұқсастықты, сабақтастықты әдеби, тарихи, тілдік, модельдік,стильдік тұрғыдан дәлелдеп шығуы қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа өрістерге бастаған жаңалық деп бағалауымыз керек. Осылайша ғалым көп уақытқа дейін мамандар арасында дау туғызып, талай пікір-таластың тақырыбы болған, ХХ ғасырдың 70-жылдарына шейін оң шешімін таппай келген, тек Қазақ мемлекеттік университетіндегі Б.Кежебаев бастаған Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин тәрізді қазақ әдебиеті кафедрасының ғалымдары құрастырып шығарған Ежелгі әдебиет нұсқаларыатты хрестоматиядан кейін орныға бастаған қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесі бойынша тиянақты жүргізген зерттеулері барысында Б.Кенжебаев идеясын дамыта түсті. Сөйтіп, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, А.Қыраубаеваның еңбектері арқылы дәлелденген қазақ әдебиетінің VІ ғасырдан басталатын тарихы Н.Келімбетов зерттеулерінің нәтижесінде б.з.д. әдеби жәдігерлерге табан тірей бастады. Бұл құбылыс, әсіресе, Сақтардың қаһармандық дастандары деген тақырып аясында Томирис, Шырақ, Алып Ер Тоңға, Шу атты дастандарға талдау жасағанда айқын байқалады. Бұл қазақ әдебиеттануы ғылымындағы көрнекті жаңалық екені даусыз. Ғалымның іргелі зерттеулерінде талданатын шығармаларға арқау болатын тарихи дәуір көрінісі бүгінгі географиялық кеңістікпен сабақтастырыла өзіндік ғылыми тұжырымдармен жаңаша байыпталады. Мысалға төмендегі үзіндіні оқып көрейік: Біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар деген атымен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл,қоңыр, магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға, т.б.), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың Алтын обасынан (Шымкент облысы) шыққан әшекей - сәндік бұйымдар таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер - сақтардың көркемдік талғамы бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі едәуір жоғары болғанын аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар [1, 23 б.].
Ғалымның зерттеу еңбектерінде тың тұжырымдар тарихи кезеңдерге байланыстырыла беріліп отырады. Соған мысал ретінде төмендегі үзіндідегі ғылыми байламға назар аударайық: Ұлы Түрік қағанаты - өзінің ішкі қайшылықтары мен сыртқы қысымның салдарынан екіге бөлініп кеткені (Батыс және Шығыс түрік қағанаттары) тарихтан жақсы мәлім. Ұланғайыр өлкені иеленіп, әлемді аузына қаратып тұрған ұлы Түрік қағанатының өзінен кейінгі ұрпағына қалдырған мұрасын тым аз деп те, қыруар көп деп те бағалауға болар еді. Тым аз дейтін себебіміз - Түрік қағанаты тұсында салынған ғажайып кент-қалалар, зәулім сарайлар, құнды дүние-жиһаздар жау қолынан қирап, көл-көсір қазына- байлығы қадым замандарда-ақ талан-таражға түсіп кетті. Ал, қыруар көп дейтін себебіміз - данышпан бабаларымыздың ұшқыр ақыл-парасатынан туған ең асыл мұралар - көне түркі әріптері, яғни руналық жазбалар мен Күлтегін, Тоныкөк сияқты батырлық жырлары біздің заманымызға сол күйінде жетті [2, 144 б.], - деген жолдардан тарихи сабақтастық сипатын байқау қиын емес.
Қорыта келгенде, Н.Келімбетов зерттеулері қазақ әдебиеттану ғылымының кешеуілдеп қолға алынған саласындағы олқылықтарды толықтырған, сұңғыла ғалым, ұлы ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтің ғылыми идеясын жалғастыра отырып дамытқан, жаңа биікке көтерген тұлға ретінде ұрпақтан ұрпаққа ұласып, білім нәрімен сусындата беретіні кәміл.

2. Сақ дәуіріндегі қаһармандық дастандар.
Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды скифтер немесе азиялық скифтер деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде сақ, сақа, саға деген. Осыған орай, сақтар елін Сахстан деп те жазатын болған.
Адамзат тарихында алғаш жазылған қадым заман кітаптарының бірі Авестада сақтар мен олардың мекенін Түр деп атаған. Фирдоусидің әлемге әйгілі эпопеясы Шахнамада сақтар елін Туран деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын Тукиу дейтін болған.
Көшпелі сақтар Евксин (Қаратеңіз) мен Азов теңізі аралығында жатқан ұлан-ғайыр өлкені де бұдан үш мың жылдай бұрын мекен еткен екен. Бұл туралы көне грек тарихшысы Геродот жазып қалдырған мол деректер бар.
Біздің заманымыздан бұрынғы IX -- III ғасырлар аралығында сақтардың этникалық құрамын қалыптастырған көптеген тайпалар болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Олар: кемерлер, массагеттер, асылар, дахтар, т. б, тайпалар.
Сақтардың Еуропаға қоныс аударған алғашқы легін тарихта кемерлер немесе кемерліктер деп атап кеткен. Өйткені олар біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда-ақ Қара теңіз жағалауын, яғни теңіз кемерін өздеріне мекен еткен. Еуропаға алғаш көшіп барған сақтардың осы тобы Қара теңіз бен Азов теңізі аралығында көшіп-қонып жүріп, мал бағумен айналысқан көшпенділер болған.
Геродоттың жазуы бойынша, Арал теңізі мен Каспий теңізі жағалауын мекендеген сақ тайпаларын массагеттер деп атаған. Массагеттер соғыс өнерін жетік меңгерген ежелгі тайпалардың бірі саналады. Олардың жеткілікті дәрежеде атты және жаяу әскері болған. Массагеттер қару-жарақтары мен әшекей бұйымдарын мыс пен алтыннан жасайтын болған.
Қазіргі Қазақстан жерін сол көне дәуірлерде мекен еткен сақтар тайпасын асылар деп атайды. Асылар негізінен Асы өзенінің аңғарынан бастап, Талас, Шу, Іле өзендері аңғарларында мал бағып, егін еккен. Бұл тайпаның негізгі мекені Жетісу өлкесі болған. Асылардың өзіндік жоғары мәдениеті болғанын археологиялық қазба кезінде табылған түрлі бұйымдар дәлелдеп отыр. Олар кезінде металл өндеуді жақсы меңгерген. Қоладан, күмістен, алтыннан қару-жарақ, зергерлік бұйымдарын, түрлі еңбек құралдарын жасаған. Металдан түрлі тұрмыстық және әшекей бұйымдар жасау өнері бойынша массагеттер сол ежелгі дәуірдің өзінде-ақ мәшһүр болған.
Байырғы әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі жағынан қазақ қауымына ең жақын тұрған сақ тайпаларының бірі - дахтар. Олар басқа тайпалар ішінде өздерінің жауынгерлік дәстүрімен, соғыс өнерін жетік білетіндігімен ерекшеленген. Дахтар бейбіт өмірде жылқы, түйе, қой бағып, егін салған, диханшылықтың түрлі салаларымен айналысқан. Басқа да сақ тайпалары сияқты дахтар да Күнге, Айға, Отқа тағзым еткен. Ата-баба рухына, яғни аруаққа сыйынған.
Дахтар Арал теңізі мен Сырдария жағалауларында, Каспий теңізі мен Әмудария аралығындағы ұлан-байтақ өлкеде көшіп-қонып жүрген көшпенділер еді.
Бір қызығы - Қара теңіз жағалауында, яғни теңіз кемерінде тұрған сақтарды кезінде кемерліктер (орысша Киммерийцы) дейтінін біз жоғарыда айттық. Ежелгі Эллада елінің ұлы ақыны Гомер өзінің Одиссея деп аталатын эпопеясында осы кемерліктер, яғни теңіз жағалауында тұратын сақтар туралы зор шабытпен жырлайды:
Біз ақыры терең мұхитқа жеттік, Қалың тұмандар арасынан өттік. Жағалауда кемерліктер тұрады екен, Күн шұғылалы Гелиосқа қарай кеттік. (Гомер. Одиссея. Пжыр, 14-19)
Гомер өзінің Илиада атты кітабында да (XII жыр, 1-7) кемерліктер туралы едәуір мәлімет береді. Кемерліктердің бекіністері, өткелдері, көшіп-қонып жүрген жайлаулары туралы Геродот та жазғаны мәлім (115, 190-191).
Қадым заман ғұламалары, саяхатшылары, ақындары сақтар туралы өте қызықты деректер жазып қалдырған. Мәселен, ежелгі грек саяхатшысы Страбон өзінің Еуропа мен Азияда көргендерін География деп аталатын он жеті томдық кітабында хикая етеді. Сол еңбектің жетінші кітабында сақтар туралы айта келіп, Олар мал шаруашылығымен айналысады, жейтін тағамдары: ет, сүт, ірімшік, көбінесе ірімшік жеп, қымыз ішеді. Сақтар қор (запас) жасауды білмейді, сауда-саттықты да білмейді. Тек тауарды тауарға айырбастап қана тіршілік етеді. Бұлар нағыз ержүрек, батыр әрі мейлінше әділжандар. Киіз-палаткаларда тұрады. Шөбі шүйгін жайлауларды алма-кезек ауыстырып, қыста таулы жерлерде, жазда жазықтағы жайлауларда көшіп-қонып жүреді, - деп жазды (129, 44-47).
Ежелгі дәуірде өмір сүрген атақты грек ақыны Эсхил өз поэмаларының бірінде ірімшік жеп, қымыз ішетін, әділдікте алдына жан салмайтын ержүрек кемерліктерді көкке көтере мадақтайды (129, 45).
Тағы бір көне заман ғұламасы Эфор өзінің Тарих деп аталатын көп томдық еңбегінде сақтар туралы айта келіп, олардың өте-мөте жаны таза, адал, ешкімге қиянаты жоқ, өздерінің байырғы әдет-ғұрпын қатал ұстап, ұдайы көшіп-қонып жүретін жауынгер халық екенін ескертеді. Сондай-ақ сақтардың байлыққа, дүние-мүлікке онша қызықпайтынын, қарапайым өмір сүретінін айтады. Ашкөз, сараң, дүние-мүлікке ешқашан көзі тоймайтындар сол қарапайым сақтардан үлгі-өнеге алуы керек деген тұжырым жасайды (129, 45-46).
Сақтардың ерлік тарихын, салт-санасын, дүниетанымын, т. б. өмір көріністерін бейнелейтін дастандардың көп болғаны ежелгі ғұламалардың жазбаларынан жақсы мәлім. Алайда олардың көбі сақталмаған. Ал кейбір дастандардың қысқаша мазмұны ғана жеткен. Мұндай дастандар көбінесе дерлік елді сыртқы жаулардан, басқыншылардан қорғау идеясына құрылатын болған.

2.1. "Шу" дастаны.

Шу дастаны - қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрік атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, Шу дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы Түрік әдебиетінің тарихы атты зерттеуінде Шу дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен.
Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде Тьяй-парадарая (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған.
Шу батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев Іле өзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті).
Шу батыр - еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. Ескендірдің әскері Ходжанд өзенінен өтті деген хабар келгенде ғана Шу батыр оған қарсы өзінің қырық нөкерін жұмсайды.
Талай қанды шайқастарды басынан өткізіп, күллі әлемді жаулап алған Ескендір жау жағынан майданға тек қырық жігіт шығарғанын көріп, мұнда бір сыр бар екенін аңғарады. Сонда жиһангер птшаның ақылгөй қарты: Шу батыр халықты көп қырғысы келмей тұр. Мықты болсаң осы қырық батырмен шайқасып көр! Егер сен жеңсең, біз онда соғыспай ақ бас иеміз деген ойды меңзеп айтып тұр дейді. Намысы қозған Ескендір патша да Шу батырдың қырық батырына қарсы өзінің ең таңдаулы деген қырық нөкерін шығарады.
Шу дастанында тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қым қиғаш қанды майдан, шайқас басталып кетеді. Шайқас алдында жекпе жекке шыққан Ескендірдің бір сарбазын Шу батырдың бір нөкері қас қағымда қақ белінен қылышпен шауып тастайды. Сонда әлгі өлген батырдың кесіліп кеткен былғары белбеуінен бір уыс алтын жерге төгіліп қалады да, оған әлгі нөкердің қаны шашырап кетеді. Сонда Шудың нөкерлері: Алтыны қан болды! деп қайта қайта айғай салады. Содан сол соғыс болған жер Алтынқан деп аталып кетіпті. Ал Ескендір патша өзінің ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап, Шу батырмен бейбіт келісім жасасыпты. Тіпті екеуі достасып, Шу батыр өз елін, халқын қырғын соңыстан аман алып қалыпты. (Banarli N.C. Resimili Turk Edebiyati Tarihi CI. Istambul, 1987).
Дастанда Шу батырдың алуан түсті жібек әшекей әлемшікке малынып, төбесі көкке тілдесіп тұрған көгілдір шатыры бейнеленген. Бұл көк орданың айналысындғы саф алтынмен апталған биік діңгектер ұшына іліп қойылған әшекейлі құмыралар ішіндегі хош иісті май қараңғы түсісімен лаулап жанып, айналаны жап жарық етіп тұр. Алайда бізге көк сарай туралы ұзақ жырдың қысқа қысқа үзік жолдары ғана келіп жеткен. Соның өзінен ақ түріктердің арғы ата бабасы саналатын сақтар мен ғұндардың Көк Тәңірісіне табынып, көк бөріні тотем деп ұққаны, көк түсті киелі санағаны, көк түсті байрақтарын желбіреткені тарихтан жақсы мәлім.
Жалпы түткі тектес көшпелі тайпалар ежелгі дәуірлерден бері көшіп қонуға ыңғайлы, қолайлы қыста адам тоңбайтын, жазда ысып кетпейтін, дауылға құламайтын, қар жаңбыр өтпейтін киіз үйде тұрып келген. Тарихта Көк түріктер деп аталып кеткен осы халықтың тайпалық дәуірдегі ата бабалары да өздерінің киіз үйін көк түске бояп немесе үйдің сыртын көгілдір жібекпен орап қотятын болған.
Ежелгі түрік дәуірінде өмір сүрген Қытайдың ұлы шайыры түрік елінде болып қайтқан соң көшпелілердің киіз үйі туралы өлең шығарған екен. Ақын ханның да емес, бекзаттың да емес, қатардағы орта шарауны киіз үйін жыр еткен. Көк орда деп аталатын бұл жыр бізге сол табғаш жазбалары арқылы жеткен.
Міне, сол кездегі қарапайым шарауаның киіз үйі ақын жырлағандай болса, онда Сақ мемлекетінің тұтас бір аймағына билік жүргізген Шу батырдың ордасы қандай болғанын көз алдымызға елестету онша қиын болмаса керек. Көк орданы жырлаған ақын өмір шындығынан алыстап кетпегені анық. Мұны дәлелдейтін жазба деректер бар. Мәселен, Түрік қағанатына елші болып келген Византия императорының бекзаты Менандр Протектор өзінің көптеген қалаларда болып, талай талай сәулетті сарайларды көргенін айта келіп, талай талай сәулетті сарайларды көргенін айта келіп, сақ жеріндегі әсем, тіпті есіктеріне дейін алтынмен апталған, түрлі түрлі жібекпен көмкерілген ғажайып көк шатырларды ешқашаннан көрмегенін тамсана отырып жазған.
Бұл дастанда тағы да назар аударарлықтай көрініс бар. Шу батырырдың көк шатырын үстіне мұздай қару жарақ асынған, арғымақ атқа мінген 12 нөкер күндіз түні қоршап тұрады. Шу дастаны бізге толық күйінде жетпесе де шағын үзінділері бойынша ақ мұның өзі көлемді, оқиғасы тартымды, желісі ширақ, көлемдік дәрежесі жоғары, сол дәуірдің тарихынан мол мәлімет беретін шежіре дастан болғанын аңғару қиын емес. Сақтар дәуір ауыз әдебиетінің ғажайып үлгісі болып табылатын Шу батыр жайындағы дастан өзінен кейінгі түркі жазба әдебиетінің қалыптасуына зор ықпал етті. Мәселен, Шу батыр үлкен бір іске кірісер алдында елдің батырларын, ұлықтарын, бектерін шақырып алып, оларға қарата үндеу сөз айтады. Шу батырдың халқына қарата айтқан мұндай үндеу сөздері бізге сол күйінде, яғни поэзия түрінде жетпеген. Шу батырдың сақтарға қарата айтқан монологы бізге зерттеуші ғалымдардың прозалық баяндаулары ұран сөзі Күлтегін жырында да кездеседі.

2.2."Алып Ер Тоңға" дастаны.

Ер тоңға - түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға Ер тоңға жырының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де, сол үзінділерінің өзінен-ақ бұл жырдың мазмұнын, негізгі идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес.Жырдың басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға.Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Мухаммед Хайдар Дулати, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин, т.б. аса құнды пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де жырдың басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе Тұран мен Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды әскери қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап көрсетіп отырады. Бір қызығы -- парсы елінің ұлы шайыры Фирдоуси (940-1030) осы Ер тоңға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Геродот
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қытайдың қыздарына құмар
Жылқы туралы шығармаларды зерттеу
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
Пәндер