Көркем шығарма


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I. Көркем шығарманың тақырыбы және идеясы.

1. 1. Көркем шығарманың тақырыбы

1. 2. Көркем шығарманың идеясы.

II. Көркем шығарманың сюжеті және композициясы .

2. 1. Көркем шығарманың сюжеті

2. 2. Көркем шығарманың композициясы

III. Көркем шығармадағы көркем бейне

IV. Өлең

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Көркем шығарманың тақырыбы және идеясы.

1. 1 Көркем шығарманың тақырыбы

Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, жазушы-ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын ұсынады.

Шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы саналады.

М. О. Әуезовтің атақты «Абай» романы - төрт томдық, көлемді еңбек. Әйтсе де сол романның негізгі тақырыбы не деген сұраққа: «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл-феодалдық таптың өкілдері мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы демократтық топтардың күресі» дер едік.

Әрине, әңгіме негізгі тақырып туралы, мұндай желісі ұзаққа тартылған үлкен шығармаларда қосымша тақырыптар да аз болмайды. Сүйіспеншілік, феодалдардың өзара тартысы, барымта-сырымта тәрізді тұрмыс-салт мәселесі т. б. бар.

Шығарманың тақырыбын оның идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шығарманы не туралы жазуын тақырыбы десек, шығармадағы суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарасы, қалай бағалаушылығы шығарманың идеясы болмақ.

Тақырыпты жазушылар қалай болса, солай ала салмайды. Шығармаға тақырып боларлық өмір құбылысы, әр алуан өмір мәселелері көп. Солардың ішінен әр жазушы өзінің өмірге көзқарасы, дүниетанушылығы, өз табының тілек-мүддесіне керекті деген тақырыпты таңдайды. Кейде екі таптың ақын-жазушылары бір тақырып туралы жазуы да мүмкін. Бірақ ол тақырыптың негізінде суреттелінетін өмір құбылысын оқушыларына жеткізу, суреттеу әдістері, оқушыларының ой-сезіміне әсер етуі әр басқа.

Бұрын да және осы кезде де өз Отанына деген махаббат, сүйіспеншілігін көрсететін ақындардың өлеңдері аз емес. Олардың тақырыбы да, идеясы да бір. Бірақ сол махаббат, сүйіспеншілікті оқушыларға жеткізу, олардың ой-сезіміне әсер етудің әдістері әртүрлі. Бір ақын не жазушы өз отанының елдігін, ерлігін мадақтап, соған өзі терең сүйінумен қатар, басқаларды да сүйіндіреді. Екіншісі, сол отанның символы ретінде табиғаттың бір көрінісін, не адамды, не туған жерін сүйсіне жырлау арқылы да отанына деген махаббатын сездіреді. Оқушыларына сол суреттеп отырған нәрсесі арқылы әсер етеді.

Бұл айтқандарымыз бір бағыт, бір идеялық көзқарастағы ақындар туралы. Ал әр басқа идеялық бағыт, әр басқа көзқарастағы ақын-жазушыларды алсақ, олар бір тақырып туралы жазса да, әрқайсысы өзінің дүниетанушылық көзқарасы тұрғысынан жырлайтындығын көреміз. Мысалы, ХІХ ғасырдың бірінші жарымында өмір сүрген феодалдық әдеби бағыттағы ақындар Байтоқ, Жанұзақ пен демократтық әдебиет өкілдері Махамбет, Шернияздарды алсақ, өз кезіндегі әлеуметтік мәні бар мәселелерді шығармаларына тақырып етіп алса да, оны суреттеулерінің тек әдісі ғана емес, оқушыларына сілтейтін бағыты да, олардың ой-сезіміне әсер ететін әсерлері де әр басқа болды. Алдыңғылары хандықты жақтап, оны халықтың қамқоры деп білсе, соңғылар хандықты өлтіре сынады. Хандық - шаруаларды қанаудың күшті құралының бірі деп білді. Байтоқтар хандықтың берік болуын тілесе, Махамбеттер оның жойылуын арман етті. Бұл - тақырыпты қалай көрсетудің тек әдістік өзгешелігі емес, идеялық көзқарастардың басқалығы еді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Әбубәкір мен Алтынсаринды алсақ, бірі ескішілдік, бірі жаңашылдық көзқарасты қолдаушы ақындар екенін көреміз. Олардың тақырып таңдаулары да, сол тақырыптың негізінде суреттелген өмір құбылыстарын оқушыларына жеткізу әдістері де өздерінің өміртану көзқарастарымен нық байланысты.

Әбубәкірді не сол сықылды ақындарды қызықтырған - ескі өмір. Сондықтан олардың шығармаларының негізгі тақырыбы ескі феодалдық, хандық құрылыс, ол құрылыстың іргесі босап, әлсіреуімен байланысты әр алуан мәселелер болды. Олар, өз түсініктерінше, әлеумет үшін ең керекті мәселелер ескі заманның салт-санасын бұзбай, өз қалпында сақтау деп ұқты да, соған сәйкес тақырыптар таңдады. Өткен күндерді сұғына жырлап, оқушыларының ой-сезіміне өз әсерлерін тигізу, көркем сөздерінің күші арқылы көпшілікті өз көзқарастарының дұрыстығына сендіру, иландыруды мақсат етті. Жаңалықтың қай түрін болса да, сықақ етіп суреттеді, жұртшылықты олардан бездіруге тырысты.

Әбубәкір ақынның замандасы Ы. Алтынсаринды алсақ, ол өз кезіндегі өмір құбылысын Әбубәкірден басқаша таныды. Басқаша суреттеді. Өйткені Алтынсарин сол дәуірдегі прогрестік идеяны қолдаушылардың бірі болды. Ол шығармаларының тақырыбы етіп оқу, өнер, әр алуан жаңалық, қысқасы, халық ағарту мәселелерін алды. Қайткенде халықты оқу-өнерге қызықтыруға болады деген мәселені негізгі нысана етіп қойды да, өмір құбылысын шебер суреттеу арқылы оқушыларының ой-сезіміне әсер етуге, өзінің ағартушылық идеясын таратуға күш салды. Өз халқының алға басуы, оның өнерлі елдердің қатарына қосылуы тек оқу, өнердің күшімен ғана мүмкін екендігіне көзі айқын жеткен Алтынсарин өзінің бар өмірін, бойындағы творчестволық қабілетін сол жолға жұмсады.

Әбубәкірге керісінше, Алтынсарин жаңалықты өз шығармаларының тақырыбы етіп қана қойған жоқ, надандық, мәдениетсіздік, діншілдік, кертартпалық тағы басқа ескілік көлеңкелерінің ағартушылық ісіне бөгет екендігін, халықтың ілгерілеуіне зиян келтіріп, кежегені кейін тартқызарлық, кер қырсық деп білді. Сондықтан оларды өзінің өлең, әңгімелерінде шенеп, сықақ етті.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай ескішілдікті сынап, жаңалықты қолдауда Алтынсариннан да гөрі тереңірек барып, батылырақ қимылдады. Оның өлең, қара сөздерінің тақырыбы да, идеялық мазмұны да жаңалыққа үндеу, сол жаңалықтарды іске асыруға кесел келтіріп отырған ескішілдікке қарсы күрес ашу болды.

Тақырып таңдау не жаңа тақырыптардың пайда болуы кездейсоқ нәрсе емес. Қоғам өмірінің дамуымен нық байланысты. Әлеумет өміріндегі өзгерістер, тап тартысы не олардың кезеңдері өз тілектеріне сай жаңа идеяны керек етеді. Ол жаңа идея жаңаша тақырыптар таңдауды талап етеді.

Жазушының дүниетанушылығын аңғартумен қатар, шығарманың идеялық бағытын белгілеумен қатар, тақырыптың және бір маңызды жағы - суреттелетін өмір құбылысын, сол үшін алынған оқиғаның нысанасын белгілеу. Шығармада нені көрсетпек, ол үшін не керек, тек соларды ғана алып, басқа жаққа бұрылмай, оқиғаны да, онымен байланысты айтылмақ ой-пікірді де белгілі бір жүйеде баяндау үшін тақырып Темірқазық жұлдызындай алда тұрады да, жазушының маңдайын аудырмауға көмектеседі.

Тақырыбы өзіне әбден айқындалған болса, жазушы бірді айтып, екіншіге кетпейді. Қандай ұзақ, қандай көлемді шығарма болса да, негізгі тақырыптың идеясы қамшының өзегіндей шығарманың ұзын бойына тартылып жатады да, қосымша тақырыптар сол негізгі ойды толықтыру үшін ғана қолданылады.

Егер шығарманың негізгі нысанасы балалық шақты суреттеу екен, ендеше оған көлденең оқиғалар енгізілмей, сол балалық шақ суреттелінуі керек. Балаларға тән мінез, наным, сенім, психология тағы басқалар ғана әңгіме болуы керек.

Негізгі тақырыпты нысанаға берік ұстау - шығарма құрылысының жарқыншақсыз, сындарлы шығуына да көмектеспек.

Сөйтіп, тақырыптың көркем шығарманың идеясын айқындауда болсын, жазушының дүниетанушылығын белгілеуде болсын, шығарма құрылысын шыңдап жетілдіруде болсын үлкен мәні бар.

1. 2. Көркем шығарманың идеясы.

Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы сол тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде - жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы.

Ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді. Шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды бораз арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезіміне әсер ете отырып, жазушы оларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді.

Бірақ көркем шығарманың идеясын айқындау тек оның мазмұнын ғана айту емес, сол идеяны образ арқылы (адам образы) оқушыларының ой-сезіміне қалай жететіндігін ашу.

Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау шегі, шешуі, қысқа айтқанда, құрылысы, адам образы, олардың жасалу жолдары - бәрі шығармадағы негізгі идеяны оқушыларға жеткізу үшін керек екендігі сөзсіз. Әйтсе де шығарманың идеясын ашу үшін осылардың ішінде шешуші орын алатыны - адам образы. Олардың өзара күрес-тартысын, іс-әрекетін наным-сенімін, мінез-құлқын суреттей келе, жазушы оқушыларының ой-сезіміне әсер етеді және өзінің ойын ең алдымен сол образдар арқылы жеткізеді.

Мысалы, Отан қорғау тақырыбына жазылған романдардың негізгі идеясы - патриотизм, өз елі, өз жеріне шын берілген ерліктерді көрсету, соны басқаларға үлгі ету. Бірақ осыны біз жазушыны қаламынан шыққан көркем шығармаларда тек ақылымызбен болжап, біліп қана қоймаймыз, сезінеміз. Совет адамдарының Отанына шын берілген ерлік істері бізді сүйіндіреді; ойымызға мақтаныш, көңілімізге қуаныш, жүрегімізге жылылық пайда болады. Көркем шығармадағы әлдеқандай жасырын күш сезіммен бірге ойыңды да билеп әкетеді. Бұлардың бәрі сол образдың, көркемдіктің күшімен байланысты.

Шығармаларды талдауда бұл жайларға біз айрықша көңіл бөлуіміз қажет.

Есте болатын бір нәрсе, шығарманың негізгі, жетекші идеясымен қатар, сол негізгі идеяны толықтыра түсетін қосымша идеялар да болады.

Мысалы, Фадеевтің «Жас гвардиясындағы» негізгі идея - Коммунистік партия мен Совет үкіметінің тәрбиесінде өскен комсомол жастардың патриоттығы. Сонымен қатар ерлік, төзімділік, тапқыштық, көнбістік тағы басқалар. Осылар тәрізді қосымша идеялар да кездеседі. Осылардың әрқайсысы - жеке шығармаға тақырып, негізгі идея боларлық мәселелер. Бірақ бұл романда солардың бәрі негізгі идеяға, совет жастарының Ұлы Отанын тереңнен сүйген патриоттықтарын көрсетуге бағыныңқы.

II. Көркем шығарманың сюжеті және композициясы .

2. 1. Көркем шығарманың сюжеті

Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретіндеаңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы. Алайда Сюжеттің аякталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі үластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын сөза бермей, кайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше окиғаны суреттеу арқылы кейіпкерлердің характерін, мінез-бітімін айкын айтып корсетуі ықгимал. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлкы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі корінсе, солғүрлым шығарманың Сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі. Романдарда оқиға бір-біріне ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аякталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер, оқиғаның жеке түйіндері толық анықталмай қала береді. Осындай ерекшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалык туындыларды "ашық роман" деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды "тұйық роман" деп ажыратып, бөлек қарастырылады. [1] [2]

2. 2. Көркем шығарманың композициясы

Композиция (латын сөзі - kompositio - құрастыру, тәртіпке келтіру) - көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та, әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз - шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары - шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді; белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себебі болса, екіншісі - оның нәтижесі. Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі мезгілдерде болғандығы көрсетіледі.

Әңгіме адамдар туралы болғандықтан, олардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, өмірдегі адам қандай болса, көркем шығармада да біз тап сондай адамдарды кездестіреміз. Сөйтіп, шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне, осыны шығарманың композициясы - құрылысы деп атайды.

Сонымен қатар композиция, сюжет деген терминдердің мағыналарын аша түсетін бірнеше жайттарға тоқтала кетуге тура келеді.

Композиция (құрылыс) - көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады.

Біз жоғарыда эпикалық шығармадағы оқиғалардың белгілі бір тәртіппен дамуы, кейіпкерлердің сол оқиғаны дамыту жолында алатын орны, атқаратын істері біртұтас болып шығуы композицияға жатады десек, лирикалық шығармаларда оқиға жоқ. Сондықтан олар сюжетсіз шығармалардың тобына жатады. Бірақ лирикалық өлеңдердің де өзінше композициясы болады.

Лирикалық жанрға жататын өлеңдердің өзі сан алуан болса, олардың формалары да сондай болуы мүмкін. Демек, бұл лирикалық өлеңдердің композициялық ерекшеліктері саналады.

Әрине, көркем шығармалардың құрылысы тек түрге ғана байланысты мәселе емес, мазмұн, идеяға байланысты мәселе. Шығармаларда суреттелетін оқиғалар, олардың бөлшектерін, адамдардың іс-амалдарын жігін таптырмастай шебер қиюластыру жазушының дарындылығымен байланысты болса, қандай сюжет алу және оқиғаға қатысушылардың қайсысын қалай көрсету жазушының өмірге көзқарасы, шығарманың идеясымен байланысты. Бұл - тек сюжетті шығармаларға ғана емес, сюжетсіз лирикалық өлеңдерге де тән қасиет. Лирикалық өлеңдердің әр алуан түрлері мазмұнның керек етуінен туады.

Образдардың жасалу жолдары

ІІІ тарауда образ - тип дегеніміз не, олардың тәрбиелік мәні қандай, тағы басқа бірнеше мәселелердің бетін ашуға тырыстық; енді сол образ - тип қандай жол, қандай әдістермен жасалады деген сұраққа жауап беруге біз міндеттіміз. Бұл - бір. Екінші, шығармалардағы кейіпкерлер композиция, сюжет мәселелерімен байланысты бұл тарауда көп сөз болады. Сондықтан адам образдарын жасауда ақын-жазушылар қандай әдіс, қандай шеберліктер қолданады, осы мәселенің сырын ашуымыз керек. Сонда біз жоғарғы екі тараудың тілегінен туатын сұрақтарға да жауап береміз.

Жазушы - адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп беру үшін теңеу, эпитет, метафора тағы басқа бейнелеу құралдарын қолданады. Живописьтің портрет жасаудағы қолданатын құралы басқаша.

Сөйтіп, картинадағы портретті біз көзімізбен көрсек, әдеби шығармаларды оқығанда қиял жүгіртіп ойлау керек болады. Портрет жасау үшін жай ғана алына салған жеке белгілер біздің қиялымызды жүгіртіп ойлауға әдебиеттегідей жәрдем бере алмайды. Сондықтан әдеби шығармаларда жазушы сол образға тән, оның кейпін ашық, айқын көрсететін нәрселерге көп тоқталады. Сөйтіп, портрет дегеніміз - шығармаға қатысушылардың (нәрселердің де) сыртқы тұрпатын, түрін, түсін, жүріс-тұрысын суреттеу.

Мінездеу. Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін - мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.

Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады. Өйткені әдеби образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар шығармада әдеби мінез жеке адамға тән сипат етіліп суреттелсе де, ол - сандаған мінездердің жиынтығы және кейіпкердің өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, әбден екшеленіп алынған мінездердің сіріндісі.

Портрет сықылды, мінездеулер ылғи бір жерде емес, оқиғаның дамуы, қаһармандардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты шығарманың әр жерінде берілуі мүмкін.

М. О. Әуезовтің «Аба» романының бір жерінде Абай Байдалыға келіп, Байдалының Қаршығалы, Қопа деген қоныстарына «Сүгір мен Сүйіндік ауылдары қоса қонсын, бірге жайласын!» деген Құнанбай бұйрығын айтады. Әр іске шапшаң, батыл айтып, батыл кірісетін Байдалының өзіне тән мінезін жазушы сөз арасында ғана көрсетіп өтеді.

«Байдалы кірпік қақпай, шұғыл ойланып, үнсіз отырып, ақырында:

- Құп болсын! Қонсын Сүгір мен Сүйіндік, не деуші едім! - деді. Қайратты, шапшаң, ер адамның байлауы сияқты. Езбеді. Жақтырмаса да, күйіп отырса да, амалсыз байлауын бір-ақ кесіп, бір-ақ түйді».

Осы тәрізді суреттеулер бірнеше жерлерде кездеседі. Бір жерде емес, әр жерде қысқа суреттелсе де, Байдалының өзіне тән ерекшеліктерді тап басып, дәл айтқандықтан, солардың жиынтығында келіп, оқушылардың естерінде берік сақталарлық толық мінездеу жасалынған.

Ақын, жазушылар - өмір шындығының жыршысы, «адам жанының инженері» болғандықтан, ол жайларды көрсетуге міндетті. Оқушылар шығармадағы қаһармандардың ерлігін көріп риза болады, жеңісін, қуанышын көріп шаттанады, ауыр халін көріп қайғырады. Оқушы жұртшылықтың сезімдеріне ең үлкен әсер ететін нәрсе - адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу. Оның әр алуан жолдары, әдістері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте шығарманы қабылдау деңгейлерін анықтау
Көркем шығарма – ақиқат өмір көрінісі
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
СЫНЫПТАРДА МАЗМҰНДАМА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Көркемшығарма-нағыз суреткерлік әрекеттің нәтижесі
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz