Сақ боламын десең сақтан


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Сақ боламын десең сақтан

Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көптеген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі - сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.

Сонымен сақтандыру дегеніміз не?

Қарапайым тілмен айтқанда ол - халықтың жеке және шаруашылық өміріндегі мүліктік мүдделерін табиғи апаттар немесе басқа да белгісіз төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындардан арнайы мақсатты қорлар құру арқылы қорғау. Сақтандыру қорларын құрудың негізгі қайнар көзі - сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген ақылары болып табылады.

Мемлекеттің сақтандыру саласында жүргізген күрделі реформалары нәтижесінде қазіргі кездегі еліміздің сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеу мен бақылау жүйесі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдермен салыстырғанда әлдеқайда дамыған. Сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және сақтанушылардың мүдделерін қорғау мақсатында көптеген заңдармен басқа да нормативтік- құқықтық актілер қабылданған. Заң жүзінде қойылған талаптардың толықтай сақталуын мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жане қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі қамтамасыз етеді. Сақтанушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аталмыш агенттіктің құрамында арнайы басқарма қызмет істейді. Егер сақтанушылардың заңды құқықтарын сақтандыру компаниялары бұзатын болса, жоғарыда аталған басқармаға шағымдануға болады.

Қазіргі кезде еліміздегі сақтандыру міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Міндетті сақтандыру заңмен бекітіледі және оның талабын орындауға барлық адамдар міндетті. Мысалы, барша жұртқа белгілі көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, жолаушы тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, жұмыс берушілердің жұмысшылардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және т. с. с. Яғни міндетті сақтандыру - адамдардың белгілі бір-іс әрекетпен айналысуына қойылатын заң жүзіндегі міндетті талаптардың бірі болып табылады.

Сақтандырудың екінші нысаны ерікті сақтандыру адамдардың жеке өмірі және шаруашылық жағдайындағы мүліктік мүдделерін әр түрлі төтенше жағдайлардан (сақтандыру оқиғаларынан) қорғауға деген қажеттіліктен туындап, олардың тілек-ниеттерінің негізінде жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтандырудың нысандарына қарай жеке және мүліктік сақтандыру болып екі топқа бөлінеді.

Жеке сақтандыруға азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру жатады. Оның мынадай негізгі түрлері бар:

* жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

* аурудан сақтандыру (медициналық сақтандыру) .

* аннуитеттік сақтандыру;

* өмірде белгілі бір оқиғаның басталуына байланысты сақтандыру;

* өмірді сақтандыру.

Айта кетер бір жай, көп мемлекеттерде ерікті жеке сақтандыудың сыйақысы сақтандыру компанияларындағы жалпы сыйақының 50% - 80%-ын құрайды. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш қазіргі кезде бар-жоғы - 2%. Сондай-ақ, Қазақстандағы жеке сақтандырудың сыйақысы жан басына шаққанда бар-жоғы 4 АҚШ доллары болады. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Мысалы: АҚШ-та - 1 661$, Жапонияда - 2 928$, Ұлыбританияда - 2 725$, Швецарияда - 3 291$.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер батыста сақтандыру мәдениетінің өте жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Олар үшін сақтандыру әр түрлі қатерлерден сақ болуды қамтамасыз ететін құрал, күнделікті қажеттілік.

Қазіргі кезде жеке сақтандырудың бір бөлігі - өмірді сақтандыру Қазақстандағы сақтандыру саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Республикамызда өмірді сақтандыру саласында қызмет көрсететін төрт сақтандыру компаниясы бар. Олардың біреуі мемлекеттік -“Мемлекеттік аннуитеттік компания” АҚ, үшеуі жеке меншік - “БТА Өмірді сақтандыру” АҚ, “Валют-транзит Lіfe” АҚ және “Халык-Lіfe” АҚ.

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1377 қаулысымен жарғылық капиталында мемлекет 100 пайыз қатысқан «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік аннуитеттік компания) құрылды.

Мемлекеттік аннуитеттік компания акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігіне берілді.

Мемлекеттік аннуитеттік компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 01 шілдедегі № 729 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды әріқарай тереңдету бағдарламасын iске асыру мақсатында құрылды.

Мемлекеттік аннуитеттік компанияны құрудың негізгі мақсаттары:

  • еліміздің сақтандыру нарығында әр түрлі аннуитеттік өнімдердің пайда болуы;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес азаматтардың сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақымен қамтамасыз ету құқығын аннуитет шарттарының негізінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңың жүзеге асыруға жәрдемдесу.

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияға сәйкес Мемлекеттік аннуитеттік компания бірқатар сақтандыру өнімдерін әзірледі, соның ішінде жеке заң актілерін жүзеге асыруға бағытталған сақтандыру өнімдері де бар.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңына (бұдан әрі -Міндетті сақтандыру туралы заң) сәйкес жұмыс берушілер қызметкердің өлімі немесе еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік аннуитеттік компаниямен немесе «өмірді сақтандыру» саласында әрекет ететін басқа да сақтандыру компаниясымен аннуитет шартын жасасуға міндетті.

Осы Міндетті сақтандыру туралы Заңын жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік аннуитеттік компания «Асыраушы» аннуитетін әзірледі және бұған қоса жұмыс берушілердің талабы бойынша өз қызметкерлері балаларының өмірін сақтандыруға қосымша қорғау ретінде «Бүлдіршін» аннуитетін әзірледі. Аталған аннуитет шарттарының талаптарына сәйкес өндірісте қаза тапқан қызметкердің балалары, ата - аналары және басқа да асырауында болған жандар немесе оның өзі (еңбекке қаблеттілігін жоғалтқан жағдайда) сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемдерін жоғалтқан табыс көлемінде заңнама талаптарына сәйкес алып тұрады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы Қазақстан Республикасы азаматтарына өздерінің зейнетақы жинақтарын «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру ұйымдарынан зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы алуға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салушыларына Мемлекеттік аннуитеттік компания «Қасиетті қарттық» аннуитетін сатып алуды ұсынады. Осы шарт азаматтардың лайықты көлемде өмір бойлық зейнетақы алуына мүмкіндік береді. «Қасиетті қарттық» зейнетақы аннуитетінің негізгі талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасымен анықталады.

Аннуитеттік сақтандырудан басқа Мемлекеттік аннуитеттік компания жинақтаушы және мерзімді өмірді сақтандырудың әртүрлі бағдарламаларын ұсынады, сонымен қатар ипотекалық және басқа да несие алушылардың өмірін сақтандыру және жазатайым оқиғалар мен науқастан сақтандыру бағдарламаларын ұсынады.

Ал енді мүліктік сақтандыруға келетін болсақ оның төмендегідей негізгі түрлері бар:

* мүлікті сақтандыру;

* жауапкершілікті сақтандыру.

Мүлікті сақтандыру - бұл заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін, көліктерін, малын, үй мүліктерін, ауыл шаруашылық өнімдерін, тасымалданатын жүктерін, қондырғыларын, шикізаттарын және де басқа мүліктерін сақтандырудан туындайтын қатынас.

Жауапкершілікті сақтандыру - бұл көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру, жұмыс берушілердің жұмысшылардың алдындағы жауапкершіліктерін сақтандыру, кәсіпорындардың үшінші бір тұлғаларға тигізетін залалдарын сақтандыру (экологиялық сақтандыру), жүк тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру және басқа да заңды және жеке тұлғалардың заң жүзінде туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыруға байланысты қатынас.

Қазіргі кезде республикамызда ерікті мүліктік сақтандыру жеке сақтандыруға қарағанда жақсырақ дамыған. 2005 жылдың қорытындысы бойынша жиналған жалпы сақтандыру сыйақысының 69%-ы мүлікті сақтандыру үлесіне тиеді. Айта кету керек, оның басым бөлігі ірі заңды тұлғалардан жиналған қаржылар. Яғни, жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлер өз мүліктерін сақтандыруды әлі де болса дұрыс қолға алмауда. Яғни, халықтың мүліктік мүдделері әртүрлі төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауіптерден тиісті дәрежеде қорғалмаған. Өзінің мүлкін сақтандырмаған адам жоғарыда айтылған қауіпті жағдайлар бола қалған жағдайда орны толмас шығынға ұшырары сөзсіз. Сол себепті де, нарық заманында сақтандыру халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі болып табылады.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ҚОЛДАУ

Азаматтардың еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылу немесе асыраушысынан айырылуына әкеліп соқтыратын жағдайлар туындағанда, оларды әлеуметтік қорғау мақсатында құрылған, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.

2007 жылғы 10 қаңтарда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев жаңа Үкіметке әлеуметтік саясаттың барлық бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды нақтылап тапсырды. “Әлеуметтік салада біз көп істер атқардық және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді одан әрі жетілдіреміз”, деді. Әлеуметтік саясат бұл әр түрлі топтағы халықтың материалдық және өмір сүру жағдайына мемлекеттің мақсатты түрде ықпал етуі, сонымен қатар, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады.

Үкімет басшысы К. Мәсімовтің, Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен 2007 жылдың 22 қаңтарында өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ағымдағы жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметімен халықты қамтамасыз етуді ұлғайтудың негізгі міндеттері сараланды.

“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жылдары болып заңмен қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу нысанынан 2005 жылға - 1, 5 %, 2006 жылға - 2 %, 2007 жылға - 3 % мөлшерінде белгіленген.

Осылайша, қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу әлеуметтік аударымдардың белгіленген ставкасы бойынша жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарынан төленеді. Өздеріне табыс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, алатын табыстарынан әлеуметтік аударымдар төлейді.

2006 жыл бойы алушылар саны ай сайын орта есеппен 17 % өсіп отырды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру - әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Еңбек процесіне тартылмаған әр түрлі әлеуметтік топтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге жасалатын жағдайлардың бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хадистер туралы
Спандияр Көбеевтің шығармалары
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
Ақпарат жинау және жазу шеберлігі пәнінен лекциялар
Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу
Тiлдi жаман сөздерден сақтау
Қазақ халқының дәстүрлері, адамгершілік әрбиесі
Журналистика әлемі – алып мұхит
Маманның сөз сөйлеу ерекшеліктері. Маманның сөз сөйлеу мәдениеті. Белгілі кәсіби топтағы адамның дресс-коды
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz