Халық денсаулығының негізі


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Халық денсаулығының негізі

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.

Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрi - ДДҰ) дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.

Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.

Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.

Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген.

Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.

Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесiнiң қазiргi жай-күйiн талдау

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi - тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.

Денсаулық сақтау жүйесi

Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi. Сонымен бiрге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулi өзгерiстерге бағытталмады, өзiнің қисынды ақырына жеткiзiлген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлi өзгерте алмады.

Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігiн қалпына келтiрудi, Фармация комитетiн, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп пен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдар қызметiне бөле отырып, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құруды атап өту керек.

Қазiргi кезде республикалық денсаулық сақтау жүйесi, барлық ведомстволарды қоса алғанда, 886 ауруханалық және 3463 амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдар жүйесiнен тұрады.

Қалыптасқан жағдайда медициналық қызметкерлердiң беделiн көтеру, ұйымдарды қажеттi медициналық жабдықтармен жарақтандыру, алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң жаңа технологияларын енгiзу, дәрiмен тегiн және жеңiлдiктi қамтамасыз ету жүйесiн амбулаториялық деңгейде жетiлдіру, жан басына шаққандағы қаржыландыруды нақты толықтыру жолымен БМСК-iге деген қатынасты өзгеру қажет.

Қазiргі уақытқа дейiн тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде стационарлық көмекке арналған шығыстардың көлемi жергiлiктi деңгейде БМСК-ға арналған шығыстардан үш есе асып түседi, ал медициналық көмек көрсету жүйесiнiң өзi басым түрде стационарлық емдеуге бағдарланған. 2000 жылдан бастап ауруханаға негiзсiз жатқызу, онда болу мерзiмдерiнiң асып кетуi салдарынан төсек-орындар санының өсе түскенi байқалады. Азаматтардың ауруханаға жатуға ұмтылуының басты себептерiнiң бiрi - амбулаториялық деңгейде дәрiмен қамтамасыз етудiң болмауы және бастапқы буында көрсетiлетiн қызметтер сапасының нашарлығы. Стационарлық көмек (республикалық ұйымдарды қоспағанда) стандартталмаған, оның сапасын бағалау жүйесi жетiлмеген.

Стационарлық көмектiң сапасын жақсарту үшiн дәрiгерлiк және орта персоналдың бiлiктiлiгiн арттыруды, ауруханалық ұйымдардың материалдық-техникалық қайта жабдықталуын, стационар деңгейiнде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн нақтылауды және диагностика мен емдеудiң дәлелдеу медицинасының принциптерiне негiзделген хаттамаларын енгiзу жолымен медициналық қызмет көрсетулердi стандарттауды қамтитын шаралар кешенiн қабылдау қажет. Шалғайдағы және қатынау қиын елдi-мекендердегi тұрғындарға бiлiктi және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудiң сапасын арттыру үшiн санитарлық авиацияны, оңтайлы және телемедицинаны дамыту керек.

Медициналық көмектi басқарудың маңызды құралы республикада 1996 жылдан бастап қалыптасқан оның сапасын бағалау жүйесi болып табылады. Мiндеттi медициналық сақтандыруды енгiзу кезiнде медициналық көмектiң сапасын бағалау құралдары, айыппұл салу жүйесi әзiрленген, медициналық көмектi бағалаудың әр түрлi өлшемдерi белгiленген болатын. Кейiннен, объективтi себептер бойынша айыппұл салу жүйесi, медициналық көмектiң көлемiн бақылау көрсетiлген медициналық көмектiң медициналық стандарттарға сәйкестiгiн анықтау, медициналық қызметтердiң саласын бағалауды жүргiзу, пациенттердiң пiкiрлерiн зерделеу сияқты өлшемдер бойынша медициналық қызметтердi талдау және сапасын бағалаумен ауыстырылды.

Медициналық қызметтердiң сапасын басқару жүйесiндегi қол жеткiзiлген нәтижелерге сапасын бағалау институтын және кепiлдiк берiлген тегiн медициналық көмектi, сапа сараптамасын бағдарламалық сүйемелдеу элементтерiн, халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, сапаны бағалау өлшемдерiн әзiрлеу үшiн әдiснамалық негiздер дайындауды енгiзудi жатқызуға болады.

Қазiр медициналық қызмет көрсетулердің сапасын басқару жүйесiнде бiрқатар проблемалар бар. әкiмшілiк жазалау шаралары, әдетте, қызметкерлер мен басшыларды кәсiби қызметін жақсартуға ынталандырмайды, анықталған ақауларды жою жөнiндегi ұсыныс ұсыным сипатында ғана болады және көбiне орындалмайды, медициналық көмектiң сапасын ішкі және сыртқы бақылауда байланыс жоқ. Бұдан басқа, ведомстволық медициналық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алуға арналған шарттары жоқ ұйымдар алып тасталған.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал халықтың денсаулық жағдайына, бiрiншi кезекте, өндiрiстiк және тұрмыстық факторларды қоса алғанда, қоршаған ортаның қолайсыздығына байланысты жұқпалы, кәсiби және соматикалық аурулардың деңгейiне айтарлықтай әсер етедi.

Соңғы жылдары әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың жақсаруы және жүргiзiлген алдын алу, санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы iс-шаралардың нәтижесiнде республикада жұқпалы аурулардың, бiрiншi кезекте, iшек және басқа аса қауiптi аурулардың, сондай-ақ арнайы алдын алу құралдарымен басқарылатын қауiпті аурулардың азайғаны байқалады. Айталық, соңғы бес жыл iшiнде вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулар тобындағы мынадай аурулар: қызылша - 58, 2 есе, сiреспе - 5, 0 есе, көкжөтел - 4, 7 есе, дифтерия - 3, 6 есе азайды. Елдiң полиомиелиттен бос аумақ болып табылатынын ДДҰ мойындап отыр. Ішек жұқпалы аурулар тобында мынадай аурулар: iш сүзегi - 3, 5 есе, бактериялы дизентерия - 3, 1 есе, сальмонеллез 1, 7 - есе, iшектiң өткiр жұқпалы аурулары мен "А" вирусты гепатит - 1, 6 есе азайды. Өткір iшек жұқпалы аурулары бiрлi-екілi жағдайға дейiн азайды. Аса қауiптi жекелеген жұқпалы аурулар iлуде бiр тiркеледi. Бұл халықтың жұқпалы аурулармен ауруының алдын алу және оны төмендету жөнiндегi неғұрлым тиiмдi iс-шаралардың бiрi - жоспарлы иммундеудiң нормативтiк және қаржылық базаларын қалпына келтiру нәтижесiнде мүмкiн болды.

Қызметтің құрамында республикаға шет елдерден аса қауiптi жұқпалы аурулардың әкелiнуiнiң алдын алу жөнiндегi бөлiмшелер жүйесi ұйымдастырылды және нығайтылды. Соңғы жылдар iшiнде негізгi көлiктiк магистральдерде, мемлекеттiк шекарадан өткiзу орындарында санитарлық-карантиндiк пункттер құрылуда.

Ауруханаішiлік жұқпалы арулардың алдын алу және оларды азайту мақсатында емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметiне халықаралық тәжiрибе - едәуiр қаржы ресурстарын үнемдеуге мүмкiндiк беретiн "жұқпалы ауруларды бақылау" жүйесi кезең-кезеңiмен енгізілуде.

Қазiргi кезде дәрiлiк заттар айналымы саласында 7, 5 мыңнан астам фармацевтикалық объектiлер жұмыс iстейдi; олардың iшiнде 370-i ғана (5%-тен аз) мемлекеттiк меншiк нысанындағы объектілер болып табылады.

Соңғы 5 жыл iшiнде жекешелендiруден өзге басқа да маңызды қайта құрулар жүзеге асырылды. Фармацевтикалық сала нарықтық экономика шарттарына толық бейiмделдi. Фармацевтикалық саланы дамытудың бағыттарын көрсететiн Қазақстан Республикасының Дәрілік саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Дәрiлiк заттар айналымы саласын реттейтiн негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлендi. Фармацевтикалық саланы тiкелей мемлекеттiк реттеу қайта қалпына келтiрiлдi. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сапасын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет ретке келтiрiлдi. Отандық фармацевтикалық өнiмдер өндiрiсiнiң номенклатурасы мен көлемiнiң жыл сайынғы өсiмi қамтамасыз етiлдi. Сонымен қатар, фармацевтикалық секторды реформалаудың белгiлi бiр терiс салдары да болды, ең алдымен дәрiлiк заттардың халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн жетiмдiлiгi төмендедi.

Сонымен бiрге қазiргi кезге дейiн фармакоэкономикалық зерттеулердi жүргiзу тетiктерi әзiрленбеген, дәрiлiк заттардың жанама тиiмдiлiктерiн, пайдаланылуын, бағасын және жетiмдiлiгiн бақылау мониторингi тиiстi деңгейде жүргiзiлмей келедi. Сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасы дәрiлiк заттардың сапасын бақылауды ұйымдастырудың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келмейдi, иммунобиологиялық зерттеулердi жүргiзу үшiн зертханалар жоқ. Жалған дәрiлiк заттар жасау, фармаколаңкестiк, дәрiлiк заттар мен биологиялық белсендi қоспаларды агрессиялық жарнамалау проблемасы өсе түсуде. Фармацевтикалық рыноктың өзгешелiгi халықтың дәрiлiк заттарды қолдануға қатысты хабардарлығының, рецептуралық босатуды мемлекеттiк бақылаудың тиiмдi шараларының жеткiлiксiз болуын туғызып, жағдай асқынып отыр. Тұтас алғанда, республиканың фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiбiнде халықаралық өндiру стандарттарына сәйкес келетiн субъектілер жоқ.

Қазақстан кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың кеңестiк жүйесiн мұра етiп алды және соңғы жылдар iшiнде бұл салада түбегейлi өзгерiстер болған жоқ.

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2015 жылға дейiнгi тұжырымдамасында жоғары кәсiби бiлiмi бар мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға принциптiк көзқарастарды өзгерту көзделген.

Медициналық бiлiм беру саласында мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде 2003 жылдан бастап дәйектi бiлiм беру деңгейлерiнiң арасындағы сабақтастықты көздейтiн медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң жаңа Мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттары енгiзiлген. Қазiргi кезде медициналық, фармацевтикалық білiм беру мен ғылым жүйесiнде біліктi ғылыми-педагогикалық әлеует қалыптасқан, денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзiмдi стратегиялық қажеттілiктерiн қанағаттандыруға халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған кәсiби білім беру мен медицина ғылымының тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру жөнiндегi шаралар қабылдануда.

Сонымен бiрге, республикада медициналық кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың сапасы және ғылыми зерттеулердiң жеткiлiксiз деңгейi проблемасы бар. Медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесiнде қабылдау, даярлау және сапасын бақылау шарттарын регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуi мұның себептерiнiң бiрi болып табылады, оларды әзiрлеу кезiнде медицинаның өзгешелiктерi ескерiлмеген және соның нәтижесiнде болашақ дәрiгерлердi даярлауда ортақ қағидаттар жүйесi қолданылады.

Медициналық кадрларды даярлау және ғылыми зерттеулер деңгейi сапасына iс жүзiне жаңартылмайтын медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының әлсiз материалдық-техникалық базасы да әсерiн тигiзiп отыр, мұның өзi бұл саланы халықаралық рынокта бәсекеге қабiлетсiз етуде.

Медициналық ЖОО мен ғылыми ұйымдардың жеткілікті дәрежеде жарақтанған оқу және клиникалық базалары жоқ, ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажет болатын қазiргi заманғы жабдықтарға ие болмай отыр. Медициналық ЖОО-нда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттердi оқытуға көзделген қаржыландырудың жетiмсiздiгi мұның себептерiнiң бiрi болып табылады, мұның өзi қазiргi заманғы технологияларын толық дәрежеде пайдалануға, қажетті жабдық пен көрнекi құралдарды сатып алуға мүмкiндiк бермейдi. Медициналық білім беру ұйымдарының басшылары қаржылық қаражаттың жетiспеу проблемасын көбiне білім деңгейi төмен студенттердi оқытудың шарттық нысанымен қабылдау есебiнен шешуге мәжбҮр. Мемлекеттік білім гранты бойынша медициналық жоғары оқу орындарына түсу кезiндегi орташа балл орта есеппен 80 болып отырғанда оқытудың ақылы нысанымен түсу үшiн 40 балл жеткілiкті болып отыр.

Ақылы оқыту негiзiнде студенттердi қабылдаудың жыл сайын өсiп отыруы алаңдаушылық туғызады. Егер 1999 жылы ол 1059 адам болса (мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау - 1245), 2001 жылы шарт негiзiнде 2 есе дерлік көп қабылданды (грант - 1345, шарт - 2190) . Мұның бәрi оқу бiтiрушілердi даярлаудың деңгейiне ықпал етедi және көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына әсерiн тигiзедi.

Әсiресе шалғай және ауылдық өңiрлердегi БМСК объектілерiн біліктi кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы сақталып отыр. Көп жағдайда мұның өзi қазiргi кездегі медициналық қызметкерлер тапшылығының - медициналық білім беру ұйымдарын бiтiрушi мамандар есебiнен толықтырылмауымен байланысты. Медициналық ЖОО 1999 жылдан бастап, мемлекеттік гранттар мен кредит бойынша сайынғы бiтiрушілердің саны орташа 2000 адамнан болып отырғанына қарамастан, кадрларға деген мұқтаждық сақталып отыр.

Кадрларды бекiту тетiктерiнің болмауы (материалдық ынталандырулар, қажетті әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар, жеңiлдiктер бeру) медициналық ЖОО бiтiрушілердiң орташа 50%-ке жуығының ғана бөлiнген орындарға баруына әкеп соқтырады.

Ауылдағы денсаулық сақтауды дамыту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дені саудың - жаны сау туралы
Халықтың денсаулығының негізі
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Телеарнадағы денсаулық бағдарламалары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикенің ролі
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz