Балалық шақ



Балалық шақ – бұл адам өміріндегі кезең (туылғанынан 11-12 жасқа дейін. Осы кезеңде бала өзінің индивидуалды дамуындағы жолдан өтеді, яғни ол әлсіз адамнан табиғат пен қоғамға бейімделген тұлғаға айналады.
Алғашқы онжылдықта баланың психикасы өзінің дамуында «аралықтан» өтеді және осымен келесі жас кезеңі салыстырылмайды. Бұл қозғалыс жастың онтогенетикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі – балалық шақ даму идентификациясына табиғи алғышарттармен бағдарланған. Алайда өзіндік даму осы қозғалысты анықтайды деп ойламау керек. Табиғи алғышарттар әлеуметтік шарттармен қосылып қана әр баланы балалық шақта бір жастық кезеңнен екіншісіне өткізеді.
Жастық шақ кезеңінде баланың ағзасы қарқынды дамиды: боймен қоса жүйке жүйесі мен ми жетіледі, бұл психикалық дамуды анықтайды. Осы жастық кезеңде психикалық функция, қарым-қатынас, ерік пен сезімдер жағынан бала дамиды. Ол өзінің ерекше екенін түсіне бастайды және өмірдегі жауапкершілік сәттерінде өзін тұлға ретінде көрсетеді.
Бала заттық, ойын және оқу іс-әрекетінде бірнеше жетістіктерге жеткен соң, идеалды және реалды үлгілерді идентификация әдісін өзіне және басқаларға рефлексияны меңгеріп, жауапкершілік позициясын қабылдауды үйреніп, ол өмірлік құбылыстарға да рефлексия жасай алады. Әрине, үлкендер ынтымақтастығын бірыңғай қажет етеді, бірақ ол өз бетінше табиғат тереңдігі мен адам қатынастарын меңгеруде сәтті тырысады.
Балалық шақта балаға махаббат пен өзін жанұяда қорғауда деп сезіну орынды. Бала үшін жанұя – нәзік, эмоционалды әсерлердің қайнар көзі. Сол себепті футуролы-мамандар жанұя институты жайлы не түсіндіргісі келсе де, жанұя бал кезде ондағы балалық жылдар киелі және көркем. Ретроспетивада отбасы ошағын иемденген, жақындарының махабатын өмірде сезінген әр адам осы бақытты шақты алғыспен еске түсіреді.
Лев Николаевич Толстой өзінің балалық шағы жайлы не деп жазғанын еске түсірейік:
«Бақытты, бақытты, қайта оралмас балалық шақ! Сол кездерді қалай сүймейсін, еске түсірмейсін? Ол жайлы есте қалғандар сергітеді, жанымды нәрландырады және мен үшін ләззаттың көзі болып табылады...

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
II бөлім
Балалық шақ

Балалық шақ – бұл адам өміріндегі кезең (туылғанынан 11-12 жасқа
дейін. Осы кезеңде бала өзінің индивидуалды дамуындағы жолдан өтеді, яғни
ол әлсіз адамнан табиғат пен қоғамға бейімделген тұлғаға айналады.
Алғашқы онжылдықта баланың психикасы өзінің дамуында аралықтан
өтеді және осымен келесі жас кезеңі салыстырылмайды. Бұл қозғалыс жастың
онтогенетикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі – балалық шақ даму
идентификациясына табиғи алғышарттармен бағдарланған. Алайда өзіндік даму
осы қозғалысты анықтайды деп ойламау керек. Табиғи алғышарттар әлеуметтік
шарттармен қосылып қана әр баланы балалық шақта бір жастық кезеңнен
екіншісіне өткізеді.
Жастық шақ кезеңінде баланың ағзасы қарқынды дамиды: боймен қоса
жүйке жүйесі мен ми жетіледі, бұл психикалық дамуды анықтайды. Осы жастық
кезеңде психикалық функция, қарым-қатынас, ерік пен сезімдер жағынан бала
дамиды. Ол өзінің ерекше екенін түсіне бастайды және өмірдегі жауапкершілік
сәттерінде өзін тұлға ретінде көрсетеді.
Бала заттық, ойын және оқу іс-әрекетінде бірнеше жетістіктерге
жеткен соң, идеалды және реалды үлгілерді идентификация әдісін өзіне және
басқаларға рефлексияны меңгеріп, жауапкершілік позициясын қабылдауды
үйреніп, ол өмірлік құбылыстарға да рефлексия жасай алады. Әрине, үлкендер
ынтымақтастығын бірыңғай қажет етеді, бірақ ол өз бетінше табиғат тереңдігі
мен адам қатынастарын меңгеруде сәтті тырысады.
Балалық шақта балаға махаббат пен өзін жанұяда қорғауда деп сезіну
орынды. Бала үшін жанұя – нәзік, эмоционалды әсерлердің қайнар көзі. Сол
себепті футуролы-мамандар жанұя институты жайлы не түсіндіргісі келсе де,
жанұя бал кезде ондағы балалық жылдар киелі және көркем. Ретроспетивада
отбасы ошағын иемденген, жақындарының махабатын өмірде сезінген әр адам осы
бақытты шақты алғыспен еске түсіреді.
Лев Николаевич Толстой өзінің балалық шағы жайлы не деп жазғанын еске
түсірейік:
Бақытты, бақытты, қайта оралмас балалық шақ! Сол кездерді қалай
сүймейсін, еске түсірмейсін? Ол жайлы есте қалғандар сергітеді, жанымды
нәрландырады және мен үшін ләззаттың көзі болып табылады...
Балалық шақта махаббат пен сенім күшін қажет еткен кездер , қамсыздық
қайта оралар ма екен? Нәзік қуаныш пен махаббаты шексіз қажет ету -
өмірдегі жалғыз итеруші күш балған кезден басқа күштірек уақыт бар ма?
Осы балалық шақта балалар арасында терең айырмашылықтар орнайды,
осыдан олардың индивидуалды мінездемелері қалыптасады.
Психикалық дамудың жастық кезеңдері биологиялық дамумен сәйкес
келмейді. Жастық кезеңдену тарихи себептерге ие. Адамның дәстүрлі
қалыптасқан жастық деңгейлерден шыға, әр қоғам балалық шақ шектерін
анықтайды.
Қоғам мен жанұяның ерекше көңілі мен баланың даму кезеңімен бірге,
қоғам балалық шаққа ерекше талаптар қояды. Қоғамдық институттар жастық
деңгейге байланысты адамның қажеттіліктеріне бағытталса да, балалық шақ
өркениетті елдерде қоғамның назарын денсаулық сақтау, физикалық, ақылдық
және рухани дамуды қорғауға талап ететін кезең болып саналады, сонымен
қатар балаға әлеуметтік қорғауды талап етеді. Бұл мемлекет пен қоғамдықтың
жауапкершілік позициясы мәдени гуманистикалық күтулермен ғана байланысты
емес, сонымен қатар балалық шақтағы сенсетивті кезеңдегі ұрпақтарды
алмастыру қажеттілігімен байланысты. Осыдан аналық пен балалық шақты қорғау
мәселесі туды, мектепке дейінгі балаларды мемлекеттік бау-бақша мен жеке
меншік ұйымдар және бастапқы оқу шарттарын қамтамасыз ету.
Шындығында әр баланың индивидуалды өмірінде ерекше әлеуметтік жағдай
туады: кейбіреулері үшін ол шынайы махаббатпен қоршап, рухани және ақыл
қабілеттіліктерін дамытады; ал кейбіреулері үшін ол өмір сүрудің бөтен
шарттары мен содан түсетін қайғылы нәтижелер болып табылады. Алайда бала
дамуының индивидуалды шарттарықалай да қалыптасса да, балалық шақтың барлық
негізгі кезеңдері даму тенденцияларына жақындайтын жолмен өтеді. Жан қалпы,
ақыл мәдениеті және адамның арғы тағдырын анықтайтын жас кезеңдерін
қарастырамыз.

IV тарау. Сәбилік кезең

Адам негізінде үш ипостаси бойынша қарастырылады: 1) биосистема
ретінде; 2) әлеуметтік мән ретінде; 3) тұлға ретінде.
Нормалды шарттарда жаңа адамның өмірге келуі – ананың тууға деген
психологиялық дайындығының нәтижесі болып табылады. Жаңадан дүниеге келген
сәби алғашында жәрдемсіз, әлсіз болады. Өмірге жаңадан сәби өмір сүру
шарттарына бейімделуі тиіс, яғни ана жатырындағы өмірден ерекшеленетін
өмірге бейімделуі тиіс. Сәбидің өмірі оның ағзасының орта өзгергіштіктеріне
бейімделу мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Көптеген сәби ағзаларына туу
процесінің өзі – қиын физикалық сынақ. Туылып, күйзелістен қалпына келіп,
бала берілген шарттарда өмір сүріп және туылған потенциалмен сәйкес келеді.
Сәбилік – бұл кезең, қозғалыссыз өмір салтынан бала қозғалыстары тез
дамиды және қозғалмалы көңілді нәрестеге айналады. Бала үлкендермен көру
байланысын тез орнатады, қолын көріп ашады, затты ұстап үйренеді, кейін
онымен манипуляциялауды үйренеді. Ол қоршаған ортаны жақын кеңістікте
қарастырады, зерттейді; затты қолына ұстап көреді, оны аузына салады, яғни
осындай сәбилік әдіс арқылы затпен танысады; дыбыстарды тыңдап, оның көзін
іздейді; қолына түскен барлық заттармен манипуляциялайды. Ол анасымен және
басқа жақын туыстарымен эмоционалды қатынасқа түседі. Ол таныс емес адамды
коргенде мазасызданып, қорқады. Ассоциалды жәндікпен сәби тез арада
қоршаған адамдарға жымиюмен, жылаумен, қуанышпен, қорқынышпен – адамдық
әдістермен жауап береді. Ол бөлек, жиі қайталанатын жағдайларды ажырата
бастайды, соған сәйкес өзін ұстай бастайды, заттар мен маңызды адамдардың
аттарын ажырата бастайды.
Сәбилік – бұл кезең, бала физикалық, психикалық және әлеуметтік
жағынан тез дамиды, аз уақыт ішінде туа біткен аз реакциялары бар
нәрестеден активті сәбиге айналатын жолдан өтеді, яғни көре алады, тыңдай
алады, қимылдайды, әрекет жасайды, кейбір қабылданатын мәселелерді шешеді,
көмек сұрайды, назар аудара алады, жақындарына қуанады.

§ 1. Жаңадан туу: туа біткен ерекшеліктер мен даму
тенденциялары

Адам баласы өте әлсіз болып туылады. Ұзақ уақыт бойы сәби қозғалмай
жатады, үздіксіз ұйықтайды, ал қысқа уақыт аралықтарында аяқ-қолдарын нашар
қозғалтады.
Адам баласы көптеген жануарлар балаларына қарағанда туылғанында әлсіз
болады. Бұл кездейсоқ емес: әр жануарға қажетті басты әрекеттері мен мінез-
құлық реакциялары олардың миында жазылып, ағза жетілгеннен кейін бірден
байқалады (қоршаған шарттар әсерінен өзгереді). Сәби миында дайын әрекеттер
жазуларының саны шектеулі. Бала миының үлкен бөлігі бос және сол жазуларды
игеруге арналған, соны бала үлкендерден үйренеді. Адамдық әрекеттерді бала
өмірінде игереді.
Шартсыз рефлекстер және оның бала дамуындағы маңызы. Туу процесі бала
аңзасы үшін үлкен күйзеліс. Біршама тұрақты ортадағы өсіп-өнушілік,
тіршілігін ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге
толы ауаны мүлдем жаңа ортаға, жағдайларға, яғни бұрынғы дәрменсіз тіріжан
дәрежесінен ақыл-есті адам болып өсетін дүниеге келеді.
Жаңа шарттарда бала өмірін туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді.
Ол жүйке жүйесінің сыртқы шарттарға ағзаны бейімдеуге арналған дайындықпен
дүниеге келеді. Осылай, туылған сәттен бастап ағзаның негізгі жүйелерінің
жұмысын қамтамасыз ететін рефлекстер қосылады (тыныс алу, қан айналым).
Алғашқы күндері келесіні байқауға болады. Терінің қатты тітіркенуі
(мысалы, укол) қорғаныс қозғалыстарын туғызады, қандай да бір заттың
жылтырауы – көздің ашып-жұмуына алып келеді және т.б. Осы реакциялар –
қорғаныш рефлекстері.
Жаңа туған нәрестеде қорғаныш реакциясынан басқа, тітіркенетін жанасу
реакциясына байланысты болады. Олар бағдарлау рефлексі. Нәтижесінде дүниеге
келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын бұрып
алатындығы бақылау арқылы анықталды. Сонымен қатар жаңа туған балаларға
алғашқы күннен бастап ақырын жылжитын жарық көзін қадағалау тән. Сонымен
қатар бағдарлы-тамақтану рефлексі байқалады. Ерін бұрыштары мен бетке тию –
қарны аш балада ізденіс реакциясын туғызады: ол басын тітіркендіргіш жаққа
қарай бұрады, аузын ашады.
Осы айтылғандардан басқа балада тағы бірнеше туа біткен реакциялар
бар: сору рефлексі – бала аузына салған затты барден сора бастайды; жарласу
рефлексі – алақан белдеуіне тиіп кету жарласу реакциясын туғызады; еңбектеу
рефлексі – табанына жанасу және рефлекстер.
Міне осылай, бала дүниеге келгенне кейін алғашқы күндері байқалатын
шартсыз рефлекстермен қаруланған. Кейбір рефлекторлық реакциялар бала
дүниеге келуге дейін болатынын соңғы жылдары ғалымдар анықтады. Мысалы,
ұрықта он сегіз аптадан кейін сору рефлексі қалыптасады.
Көптеген туа біткен реакциялар балаға өмір сүру үшін қажетті. Олар
балаға жаңа өмір сүру шарттарына бейімделу үшін көмектеседі. Осы
рефлекстердің арқасында балада тыныс алу мен тамақтанудың жаңа этаптары
мүмкін болады. Егер дүниеге келуге дейін ұрық анасының арқасында дамыса,
дүниеге келгеннен кейін бала ағзасы бүйректі тыныс алу мен оральды
тамақтануға өтеді ( ауыз және асқазан-ішектік тракт). Осы бейімделу
рефлекторлы жүреді. Бүйректер ауаға толғаннан кейін бүкіл бұлшықет жүйесі
ритмикалық тыныс алу қозғалыстарына қосылады. Тыныс алу жеңіл және ерікті
жүзеге асады. Тамақтану сору рефлексі арқылы жүзеге асады. Сору рефлексіне
кірген туа біткен әрекеттер алғашында бір-бірімен келіспейді: бала сору
кезінде тұншығады, қақалады және тез шаршайды. Оның бар активтілігі тою
үшін соруға арналған. Терморегуляция автоматизмінің рефлекторлы бағдарлануы
өте маңызды: бала ағзасы температура өзгергіштігіне жақсы бейімделе
бастайды.
Дүниеге келу – баланың органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған мінез-құлықтың туа біткен формаларын таза күйінде бақылауға
болатын адам өміріндегі жалғыз кезең. Бұл адамның қажеттіліктері дегенмен
психикалық дамудың негізі бола алады – олар баланың өмір сүруін ғана
қамтамасыз етеді.
Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың адамдық формаларының
пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Оның хайуанаттар төлінен рөлінің
өзгешелігі осында. Ал хайуанаттар төліндегі шартсыз рефлекстердің күрделі
жиынтығы: қорғаныш, аулау, аналық, қауіпті өмір сүруіне қажетті пайда
болатын реакциялар қалыптасуы малдың не аңның өсіп шығуына мүмкіндік
береді.
Зерттеулер көрсеткендей баланың туа біткен сыртқы тітіркендіргіштерге
арналған көптеген реакциялар бар, олардың негізінде еш нәрсе дамымайды. Бұл
– атавистік рефлекстер, балаға жануар ата-тегінен қалған мұра. Оларға
жарласу рефлексі мен еңбектеу рефлексі жатады. Осы рефлекстерге байланысты
қозғалыстар уақыт өте келе өшеді. Жарласу рефлексі негізінде алақан
рефлексіне жауап ретінде қол жұдырыққа жиылады. Баланың психикалық дамуына
және қоршаған ортамен әрекеттесу мүмкіндіктерінің дамуына қажетті
қозғалыстары жарласу рефлексінің негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен
туатын ұстау негізінде қалыптасады. Ұстау қалыптаса бастаудан бұрын жарласу
рефлексі өшеді. Еңбектеу рефлексі кезіндегі табанға тіреу жасау
кеңістіктегі өз бетінше қозғалуының дамуының негізі емес, Зерттеулер
көрсеткендей еңбектеу аяқтарды итеруден емес, қол қозғалыстарынан
басталады: бала назарын алған затқа ұмтылады, қолдарымен алдыға қарай
жылжуға талпынады.
Ұстау мен еңбектеу сәбилік кезеңде емес, кейінірек қалыптаса бастайды
– бала мен үлкеннің әрекеттесуінде, яғни үлкен осы қимылдарды шақырады және
жаттықтырады.
Міне осылай, бала хайуанаттар төліне қарағанда мінез-құлықтың туа
біткен формаларымен аз қаруланған.
Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызы.
Жаңа туған нәресте көптеген хайуанаттар төліне қарағанда әлсіз болып
туылады. Алайда туа біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің
жоқтығы баланың әлсіздігі емес, керісінше күштілігі болып табылады.
Нәрестенің негізгі ерекшелігі – жаңа тәжірибелерді игеру адамдарға
тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндіктерінің шексіздігі. Егер
органикалық қажеттіліктер керек мөлшерде қанағаттандырылмаса, олар
өздерінің жетекші мағынасын жоғалтады және дұрыс режим мен тәрбиелеу
шарттарында жаңа қажеттіліктер қалыптасады ( әсер алу, қимылдау,
үлкендермен қарым-қатынас қажеттілігі). Соның негізінде психиканың дамуы
жүзеге асырылады.
Әсер алу қажеттілігі бағдар рефлексімен байланысты және баланың сезім
мүшелерінің әсер алу дайындығына тәуелді дамиды. Сәбидің көру мен есту
апараты бірінші күннен бастап жұмыс істесе де, олар әлі де жетілмеген. Көру
реакцияларын жақында тұрған жарық қана шақырады, есту реакцияларын дыбыстар
шақырады. Өмір сүруінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез
жетіледі. Бала қозғалып жатқан заттарды көздерімен қадағалайды, кейін
қозғалыссыз заттардан көзін алмайды. Ол жай дыбыстарға, соның ішінде
үлкеннің даусына елеңдейді. Көру және есту тітіркендіргіштеріне қысқа
мерзімді қол, аяқ және бас қозғалыстарының импульсивті тежелуі жауап
ретінде жүреді; жылаудың тоқталуы есту мен көрудің шоғырлануын білдіреді.
0.1.3. Ира З. эмоционалды жағымсыз қозу күйінде болды, бірақ көздің
ойыншыққа шоғырлануы оның бірнеше уақытқа созылған ( 1 мин 44 сек) Ираның
бір жақтан екінші жаққа ақырын ауысуын қадағалауда тежелуіне алып келеді.
0.1.24. К.Васяның жылауын шарик көрсетумен тоқтату көзделді. Вася
шарикті 1 мин 15 сек қадағалады, бірақ айғайды тоқтатпады. Оған волчокты
көрсеткенде, ол айғайлап жылауын қойды. 6 мин 35 сек ішінде аңду реакциясы
кезінде айғай орын алған жоқ.
Нәрестенің негізгі ерекшеліктері – ол көру мен естудің дамуы дене
қозғалыстарының дамуына қарағанда тез жүреді. Бұл ерекшелік жануар
баласынан айыратын негізгі ерекшелік болып табылады.
Көру мен есту апараттар жұмысының дамуы сәбидің жүйке жүйесінің,
бірінші кезекте миының пісіп-жетілуіне негізделген. Сәби миының салмағы
үлкен адам миының ¼ бөлігіндей болады. Бала миындағы жүйке жасушаларының
саны үлкендердікімен бірдей болғанымен, сәбиде ол жасушалар жеткіліксіз
дамыған. Алғашқы күндерден-ақ сәби миының салмағы арта бастайды, жүйке
талшықтары өседі және мнелинді қабықшамен қапталады. Сыртқы әсерлерді
алумен байланысты учаскілер тез қалыптасады.
Сәбилік кезекңдегі мидың нормальды жетілуінің қажетті шарты – сезім
мүшелерінің (анализаторларының) жаттығуы, сыртқы әлемнен әр түрлі сигналдар
көмегімен алынатын импульстарының миға келіп түсуі. Егер беле сенсорлы
изоляция (қажетті мөлшердегі сыртқы әсерлердің жоқтығы) шартына түссе, оның
дамуы бірден ақырындайды. Керісінше, бала өзіне керекті әсерлерді алса,
бағдар рефлекстері тез дамиды. Баланың жүйке жүйесі мен сезім мүшелеренің
нормальды дамуына қажетті көру және есту әсерлерінің көзі мен
ұйымдастырушысы – ересек адам.
Эмоционалды сфераның дамуы. Жандану комплексі. Жаңадан дүниеге келген
сәби өз өмірін айқайдан бастайды, алғашқы күндері ол рефлекторлық мінезге
ие. Алғашқы айқай – бала даусының спазмы. Спазм алғашқы тынысалу
рефлекстерімен бірге жүреді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, тұңғыш айқай –
бұл алғашқы жағымсыз эмоциялардың көріністері, спазмалар жағымсыз сезімін
тудырады. Осы жағдайда шынымен бұлшықеттік реакция мен эмоционалды
қатынасты ажырату мүмкін емес, себебі жаңа туған сәбиде ешқандай өмірлік
тәжірибе жоқ. Алайда бала алғашқы күндері тамақ, ұйқы және жылу
қажеттіліктеріне байланысты туындаған жағымсыз жағдайларға айғаймен жауап
береді деп тұжырымжауға болады.Жылау әр түрлі қайғының орынды білінуі болып
табылады, ол физикалық ауырсыну немесе (әрине, кейінірек байқалатын) жан
қайғысы болуы мүмкін.
Жымию айқайдан кейін байқалады және жағымды эмоцияларды білдіреді.
Алғашқы жымиюды бірінші айдың соңы мен екінші айдың басы аралығында
байқауға болады. Осы жымию затұа көздің шоғырлануынан немесе үлкеннің
балаға арналған еркелету сөдердері мен жымиюына жауап ретінде болуы мүмкін.
Яғни осыдан жағымды эмоциялардың пайда болуына органикалық қажеттіліктердің
қанағаттануы жеткіліксіз деген нәтижеге келеміз. Ол тек жағымсыз
эмоцияларды болдырмай, сонымен қатар баланың қуанышты сәттерді өткізуіне
шарттар туғызады. Бірақ осы бастан кешірулер Үлкенмен байланысты әсерлер
алумен шақырылады.
0.2.4. Ира емуден кейін, басқа балаларда да бақыланғандай,
эмоционалды-жағымды реакциялар байқалмады. Үлкен бетіне көру-есту
шоғырлануында және оның дауыс дыбыстарын тыңдауда жалпы қозғалыстардың
тежелуі жүрді, 10 сек кейін 35 сек созылған айқын жымиюмен алмастырылды
(М.Ю.Кистяковская бақылауларынан).
Уақыт өте келе балада үлкенге бағытталаған эмоционалды қозғалыс
реакциясы пайда болады, ол – жандану комплексі деп аталады. Жандану
комплексінің негізі мынада – сәби алдында тұрған адам бетіне көздерін
шоғырлайды, оған жымияды, қол-аяқтарын қимылдатады, жай дыбыстарды
шығарады. Үлкен адаммен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінің пайда болуы –
сәбидің алғашқы әлеуметтік қажеттілігі болып табылады. Жандану комплексінің
пайда болуы жаңадан дүниеге келу мен сәбилік кезең аралығындағы шекара
болып табылады.

§ 2. Сәбилік кезең

Үлкенмен қарым-қатынастың бала дамуындағы рөлі. Сәбидің өмірі
толығымен үлкенге тәуелді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Үлкен әр түрлі әсерлердің өсімді қажеттілігін де
қанағаттандырады: баланы қолына алғанда, ол көңілденеді. Үлкеннің көмегімен
сәби кеңістікте қозғалып, көп нәрсені танып-біледі, қолымен ұстап көреді.
Негізгі есту мен көру әсерлері үлкеннен шығады.
Жандану комплексінің өзінде сәбидің үлкенге деген эмоционалды
қатынасы байқалады және ол осы қарым-қатынастан ләззат алады. Мұндай
қатынас сәбилік кезең бойында өседі. Үлкенмен эмоционалды қарым-қатынас
баланың жақсы көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Төрт-бес айында сәби
үлкендерден таңдау жасай бастайды. Нәресте өз адамдарын бөтендерден ажырата
бастайды, яғни күнде көріп жүрген туысқанына ол мәз болады, ал танымайтын
адамдар сәбиде қорқыныш , үрей туғызуы мүмкін.
Бала дамуына үлкен жағымды мәнге ие эмоционалды қарым-қатынасқа деген
қажеттілік, алйда жағымсыз көріністерге де алып келеді. Егер үлкен адам
баламен үнемі болуға тырысса, онда сәби одан көңіл бөлуді талап етеді, егер
оны бір минутқа да жалғыз қалдырса, ол ойыншықтарға қызықпай, жылайды.
Тәрбиелеудің дұрыс әдістерінде сәбиліктің басына сай жанама заттарға,
ойыншықтарға байланысты қарым-қатынас үлкен мен беленың біріккен іс-
әрекетіне орын береді. Үлкен баланы заттық әлемге енгізеді, оның көңілін
заттарға аударады, олармен жасауға мүмкін әрекеттер әдістерін көрсетеді,
балаға жанама түрде әрекет етуге жиі көмектеседі, оның әрекеттерін
бағдарлайды.
Сәби мен үлкеннің біріккен іс-әрекетінде үлкен сәбидің әрекетін
бағдарлайды, сонымен бірге сәбидің өзі үлкеннің көмегіне жүгінеді.
0.8.0. Жаклин мамасының материалды бүрменің ақырын желпуін бақылап
жатыр. Бұл көрініс біткенде, Жаклин әрекетті қайталауын мәжбүрлеу үшін
мамасының қолын бүрмеге қойып, итермелейді.
0.10.0. Жаклин әкесінің қолын өзі қимылдауға мәжбүрлей алмайтын
қуыршаққа қояды. Өзіне қажетті нәрсені әкесіне істету үшін оның сұқ
саусағын басады. (Ж.Пиаже бақылауларынан).
Сәби мен үлкеннің біріккен іс-әрекетінде сәбилік кезеңде дамитын
үлкеннің әрекеттеріне еліктеу қабілеттіліктері өте маңызды. Жеті-тоғыз
айларында сәби үлкеннің қимылдарын бақылап, сөздерін мұқият тыңдайды.
Үлкеннің басқаруымен бала меңгеретін әрекеттер психикалық дамудың
негізін салады.
Сәби өте ерте үлкенмен қарым-қатынас жағдайына кіреді. Қарым-
қатынаста әрқашан бір адамның басқа адамға бағытталуы көрінеді,
коммуникация мүшелерінің өзара әрекеттесуі жүреді. Зерттеулер көрсеткендей
сәбидің алғашқы апталарында қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу
қажеттілігі болмайды. Кейінірек ол екі шарттың әсерінен пайда болады.
Бірінші шарт – қоршаған адамдардың қамқорлығы мен қарауына сәбидің
объективті қажеттілігі. Тек жақын үлкендер көмегінің арқасында өз бетінше
органикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайтын кезіндегі кезеңде тірі
қала алады. Баланың үлкенге бұндай қызығушылығы қарым-қатынасқа қажеттілік
емес.
Екінші шарт – сәбиге бағытталған үлкен адамның мінез-құлқы. Үлкен
адам баланың алғашқы күндерінен бастап онымен қарым-қатынасқа кіре
алатындай сөйлеседі.
Алғашында баланы қарым-қатынасқа анасы тартады, уақыт өте келе басқа
адамдармен де қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі туындайды. Сәбилік кезеңдегі
қарым-қатынастың басты құралы – экспрессивті әрекеттер (күлімсіреу,
вокализация, активті қозғалыс реакциялары).
Үлкен адам баланың органикалық қажеттіліктерін қанағаттандырып,
заттармен әрекеттесуді үйретіп қана қоймай, баланың іс-әрекетін бағалайды:
күлкісімен қолдайды, қабағын түйеді, саусағымен ескертеді. Осының арқасында
бала жағымды әдеттерге және өзін-өзі дұрыс ұстауға үйренеді.
Сөйлеуді меңгерудің қалыптасуының алғышарттары. Қарым-қатынас
қажеттілігі – адамдық сөйлеу дыбыстарына еліктеу пайда болуының негізін
қалады. Бала өзінен үлкендер сөйлегенде ерте бастан-ақ бірден тынышталып,
көңіл қоя тыңдайды. Нәресте дүниеге келгеннен кейін үш ай өткен соң, көңіл-
күйі жақсы болса гуілдеген дыбыс шығара бастайды. Дыбыс шығара отырып
нәресте оларға тыңдалады. Ол өзіне-өзі еліктейтін кездер де болады:
алғашында кездейсоқ шығарып қойған дыбысын ұзақ уақыт бойы жаңғыртады.
Бала былдыры көмегімен өзінің қарым-қатынасқа дайын екенін көрсетеді.
Осы дыбыстарды шығару балаларға ұнайды. Бала былдырының арқасында тыныс
алу, ерін, тіл қимылдары жетіледі. Мұндай дайындықпен бала арықарай кез-
келген тіл дыбыстарын меңгере алады.
Егер баланың алғашқы айларында үлкендер өзінің балаға деген
эмоционалды қатынасын жеткізу үшін сөйлеуді қолданса, сәбилік кезеңнің
ортасына таман сөйлеуді түсінуді дамуының арнайы шарттарын құруға тырысады.
Сөйлеуді түсінуді үйрету процесі келесідей жүреді. Үлкен баладан сұрайды:
Анау-мынау қайда?. Сұрақ сәбиде үлкеннің мінез-құлығына деген бағдарлы
реакцияны шақырады. Әдетте аталған затты бірден көрсетеді. Көптеген
қайталаулар нәтижесінде үлкен сілтеген зат пен атау арасында байланыс
орнайды. Осы байланыстың қалыптасуы зат әдетте тұратын орны мен сұрақ
интонациясының жалпы реакцияларынан басталады. Сәбилік кезеңде балаға
арналған сұрақ интонациясы сөйлеуді түсінуді анықтайды.
0.5.9., 0.5.15. Кирюша мен Андрюша Келші маған деген сөздерге дұрыс
жауап қайтарады. Бірден қолдарын созады. Бір сәбиге әдейі ызалы дауыспен:
Келші маған - деді. Бала аузын қисайтып, жылауға дайын тұрды. Бірден
интонацияны өзгертті. Жарқын айтылған Келші маған сөздері әдеттегі
реакцияны шақырды: сәби күлімсіреп, қолдарын созады.
Бала дүниеге келгеннен бір жыл өткен соң заттың атауы мен заттың
өзінің арасында байланыс пайда болады. Бұл байланыс сол затты іздеу мен
табудан көрінеді.
Бірінші жылдың аяғында бала төрттен он-он бес сөзге дейін айта алады.
Сәбилік кезеңнің аяғына таман сөйлеуді үйрену балада активті мінезге
ие болады, үлкен адаммен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін кеңейтудегі
маңызды құрылдың бірі болады.
Сәби жүзі. Сәби бет әлпетінің құрылымы жастық спецификаға ие: бас
сүйектің ми бөлігі бет бөлігінен басым. Сәбиде көлемі бойынша бет бөлімі
бас үстіртінің 18 бөлімін құрайды, бастың өзі - дене ұзындығының ¼
бөлімін құрайды ( үлкен адамда бас дене ұзындығының 18 бөлігін алады).
Сәбилік кезеңде бала бетінің қимылдары ақырындап өзгереді. Жаңадан
туылған кезінде сәбидің беті өзіне тән экранды көрсетеді; сол экранда оның
ағзасының реакциялары бейнеленеді. Алғашқы үш айда жағымсыздық мимикасы
басым болады, ал үшінші айда жымию байқалады. Уақыт өте келе мимика болады
және оның элементтері бекітіледі. Сәбиде бет экспрессиясы өзіне тән орнайды
– мимика мықты, бірақ түрлерімен шектеулі болады. Бала дамуына байланысты
оның беті әр бейнелі және анық бола бастайды.
Сәбидің беті үлкен адамның әрекеттерін бақылағанда ерекше болады,
оған қараған адамға тесіліп қарайды және аяқ астынан дана, терең бойлау
сәбидің рухани мүмкіндіктерін жетлдіріп, әсерін туғызады. Дәл осы сәтте бұл
әсерді сәбилік жымию өзгертіп жібереді.
Сәби беті баланың этологиялық сигналистикасының тартымды күшіне ие
бола тұра ондағы рухани өсудің колласалды мүмкіндіктерін байқайды.
Қозғалыстар мен әрекеттердің дамуы. Сәби алғашқы жылында үлкен
жетістіктерге жетеді, яғни кеңістіктегі қозғалыстарды меңгеріп, заттармен
жай әрекеттерді үйренеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, төрт
аяқтап жүруді және бірнеше қадам жасауды үйренеді; заттарға қарай ұмтылады,
оларды ұстап көріп, ұстап тұру , сонымен қатар онымен манипуляциялайды:
лақтырады, төсекке ұрады және т.б. Осы барлық қозғалыстар мен әрекеттер
адамға тән мінез-құлық формаларына ие болуға жеткізетін баспалдақтар болып
табылады. Сәбиде прогрессивті қозғалыстармен қатар тұйықталған қозғалыстар
да болады. Олар дамуға алып келмейді және сол дамуды тежейді. Оларға
жататындар: саусақтарды сору, бетке жақындатған қолды зерттеу, қолды
сипаттау және т.б. Прогрессивті және тұйықталған қозғалыстар арасындағы
айырмашылық – біріншісі жаңа әсерлер алуды қамтамасыз етеді, заттармен және
олардың қасиеттерімен таныстырады, ал екіншісі баланы сыртқы әлемнен
оқшаулайды. Осылай саусақтарды сору қалған реакциялардың толық және ұзақ
тежелуін шақырады. Бала қозғалыссыз болады, еш нәрсеге қарамай, еш нәрсеге
тыңдалмайды. Оның көңілін сорудан аудару өте қиын.
Қозғалыстар мен әрекеттердің прогрессивті түрлері оның мінез-құлқын
ұйымдастыратын үлкендер жағынан үнемі көңіл бөлуден олар жақсы қалыптасады
және психикалық дамуына маңызы зор. Сонымен қатар баланың жеткен даму
деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Әсіресе кеңістіктегі активті
қозғалыстарды меңгеру, заттарды ұстап көріп, олармен манипуляциялау өте
маңызды.
Еңбектеу – баланың алғашқы өз бетімен орын ауыстыруы. Бақылаулар
көрсеткендей, көп балаларда еңбектеу бірінші жартыжылдықтың аяғы мен екінші
жартыжылдықтың асында пайда болады, яғни ойыншыққа жеткісі келгенде
қалыптасады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалық шақ психологиялық зерттеу пәні ретінде
Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы жайында
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Ортағасырлық Еуропадағы балалық шақ
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Сағи дауысы
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Пәндер