Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметі



Жоспар

I Кіріспе:

а) Алаштың Әлиханы.

II Негізгі бөлім

а) Ә. Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметі.

б) Ә. Бөкейханов революция кезіндегі қосқан үлесі.

в) Ә. Бөкейхановтың коммиссарлық қызметі.

. III Қорытынды

а) Алашорда және Қоқан автономиясы.

б) Қайраткер зерттеулері.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры ХIХ ғасырдың 90-шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Міне осындай айтарлықтай ұзақ және құнарлы творчестволық өмір жолының болуына қарамастан белгілі қайраткердің еңбектері жеке кітап түрінде (бұл арада 20-шы жылдары түрлі тақырыптпрға арналған кітапшаларың есепке алмағанда) жарық қөрген жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі Россия империясы көлемінде қалыптасқан саяси жағдайда қазақ ұлт-азаттық қозғалысы көсемінің еңбектерін бөлек жинақ етіп бастыру, әрине, қисынсыз нәрсе еді. Оңдай мүмкіндік міне енді ғана туып отыр.
Ә. Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған «Қазақтың» негізін қалап, бағыт- бағдарын анықтаушылардың бірі болып қана қойған жок, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең белсенді және өңдірімді авторларының қатарында болды. Ал, «Қазақ» болса 1913-1918 жылдар арлығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейха,нов және М. Дулатовтардың табаң ет, маңдай тер еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді. Тура осы мезгілде ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгігі қарсы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті.
Міне сондықтан да қадірменді оқырма жинақтағы Ә. Бөкейхановтың еңбектері арқылы ғасыр басындағы қазақ қоғамдық ойының даму мен бағыттарынан хабардар болумен бірге, сол ойдың дамуына Бөкейхановтың қосқан үлесін де байқап, бағалай алады деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ә.Бөкейханов./ Тарихи тұлғалар шығармалары/ Алматы 1994
2. Аманжолов Керейхан Рахымжанұлы./Қазақстан тарихының дәрістер курсы/ Алматы 2004
3. Ә.Бөкейханов./ Таңдамалы қазақ энциклопедиясы/Алматы
4. Ә.Бөкейханов./ Таңдамалы шығармалар жинағы/Алматы 1992
5. Аманжолов Керейхан Рахымжанұлы./Түркі халықтарының тарихы/Алматы 1994
6. Қазақстан тарихы очерктер./ Алматы 1994
7. Маданов Хамит./Ұлы дала тарихы./Алматы 1994
8. Көкебаева Гүлжауһар Кәкенқызы./Қазіргі заман тарихы/Алматы 1994
9. Асфендияров Санжар./Қазақстан тарихының очерктері.
10. Әбдәкімұлы Әбдіжаппар./Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін)

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:

Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен саяси
қызметі.

Жоспар

I Кіріспе:

а) Алаштың Әлиханы.

II Негізгі бөлім

а) Ә. Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметі.

б) Ә. Бөкейханов революция кезіндегі қосқан үлесі.

в) Ә. Бөкейхановтың коммиссарлық қызметі.

. III Қорытынды

а) Алашорда және Қоқан автономиясы.

б) Қайраткер зерттеулері.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры ХIХ ғасырдың
90-шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған
1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа
творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту
қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті
ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Міне осындай
айтарлықтай ұзақ және құнарлы творчестволық өмір жолының болуына
қарамастан белгілі қайраткердің еңбектері жеке кітап түрінде (бұл
арада 20-шы жылдары түрлі тақырыптпрға арналған кітапшаларың есепке
алмағанда) жарық қөрген жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі
Россия империясы көлемінде қалыптасқан саяси жағдайда қазақ ұлт-
азаттық қозғалысы көсемінің еңбектерін бөлек жинақ етіп бастыру,
әрине, қисынсыз нәрсе еді. Оңдай мүмкіндік міне енді ғана туып отыр.

Ә. Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған
Қазақтың негізін қалап, бағыт- бағдарын анықтаушылардың бірі болып
қана қойған жок, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең
белсенді және өңдірімді авторларының қатарында болды. Ал, Қазақ болса
1913-1918 жылдар арлығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А.
Байтұрсынов, Ә. Бөкейха,нов және М. Дулатовтардың табаң ет, маңдай тер
еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-
азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді. Тура осы мезгілде
ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгігі қарсы күрес
идеологиясының қалыптасуына қызмет етті.
Міне сондықтан да қадірменді оқырма жинақтағы Ә. Бөкейхановтың
еңбектері арқылы ғасыр басындағы қазақ қоғамдық ойының даму мен
бағыттарынан хабардар болумен бірге, сол ойдың дамуына Бөкейхановтың
қосқан үлесін де байқап, бағалай алады деп ойлаймыз.
Жинаққа Ә. Бөкейхановтың Қазақ газетінде жарық көрген
еңбектерімен бірге, оның Кеңес билігі тұсыында түрлі басылымдарда
Ақ жол т.б. жарық көрген мақалалары, аудармалалары енді. Әрине,
Ә.Бөкейханов сияқты ірі қайраткерлердің көпқырлы шығармашылық мұрасы
жинақтағы материалдармен шектелмейтіндігі түсінікті. Оларды жинап,
заман талабына сай бастырып шығару маман ғалымдардың абыройлы
міндеті деп білеміз.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен
екінші жалпы қазақ сьезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық
мемлект құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің
алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор
болмағанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы
ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХVIII ғасырдан бергі
өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізген
азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих саласында Алашорда –Халық Кеңесі үкіметін алып келген
жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың
ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік
жағдайындааяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа
өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол –ұлттық
мемлекттік құрылымының болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп
бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлект құру
жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық
теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен
мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал,
осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық
–мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи
нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай
болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине, Алашорданың өмірге келуі
тарихи қажеттіліктен туған болатын. Бірақ қазақ ұлт –азаттық
қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын
көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да, жаңа тотлитарлық
жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймады. Егер алғашқылары
Алаш қайраткерлеріне Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын
бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей
қарап, аяқтарынан шалса, соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан
ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушыларын
буржуазиялық ұлтшылдар, ұлтшыл -уклонистер деп жариялап, алдымен
халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып –атып, рухани
азапқа салып, жойып тынды.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық
мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік
идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға
қозғау салушылардың есімін атауға да тыйым салынды. Міне осыған
байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт –азаттық қозғалысы
қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған
творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз
еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған
сондай қайраткерлердің бірі -Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы
Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында
өмірге келген. Қазіргі әкімшілік – аймақтық бөліні бойынша бұл
елді мекен Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы Қаратал совхозына
қарайды. Әлиханның әкесі – Нұрмұхамед, анасы –Бегімханым оқу –білімге
жақын, парасатты адамдар болған. Әлиханның үлкен атасы –Бөкей, ол
атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. 1816 жылы бес мейрам –
арғын Уәли билігін мойындамай , Орта жүзде екінші хандық
құрады. Хан етіп сексеннен асқан қарт Бөкейді сайлайды Бөкейдің
тоғыз ұлының бірі -Батыр сұлтан. Батырдың ұлдары Мырзатай мен
Рүстем. Мырзатайдан Нұрмұхамед туады. Бөкейден соң Қарқаралы дуанының
билігі немересі Жамантайға ауысқан. Жамантай мен Рүстем,
Мырзатайлардың арасында әскер және ел билеу ісіне байланысты
басарсыздық болып, соның нәтижесінде Рүстем мен Мырзатай Қаратау
жаққа ығысқан. Бірақ олар көп ұзамай қайта оралып, Кенесары
қозғалысына ат салысады.
Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани
негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен
теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының
қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа
ақын –жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы
сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың
творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909
жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық
болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы –Көрпеш –Баян
сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп
және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын.
ХIХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс
қалған түпкірді табу қиын болар еді. Ә. Бөкейханов сол өткен
ғасырдың 80 –ші жылдары империяның шығыстағы ірі саяси
орталықтарының бірі Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды.
Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген
кезі, әрине, С. –Петербургте орман –техникалық институтында оқып
жүрген жылдарына тұс келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға
қатысып, ХХ ғ. босағасынан аттағалы тұрған Ресйдің қандай жолмен
дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына
куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Ә. Бөкейханов институтты бітірген бетте ішкі Ресейден қоныс
аударушылар жағдайын зерттеу үшін ұйымдастырылған Половцев
экспедициясына қатынасу үшін 1895 жылдың жазында Омбыға келіп,
экспедия жұмысына рұқсат берілмеген соң сонда қалып қояды.
1896 жылы үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және
Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс
шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз
жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция
ұйымдастырылды. Ә. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысуға мүдделілік
танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша бұл жұмыс сол тарихи
кезеңде қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған – жер
қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге
жағдай жасауга тиіс еді.
Экспедиция алдына мынадай міндеттер қойылды. 1.
Көшпелі шаруашылықтың жерпайдалану әдіс –тәсілдерінің заңдылықтарына
көз жеткізу ; 2. Қазақтарды ауылдық қауымға бөліп, оларды
шаруашылық жүйе бойынша жіктеу; 3. Сол жеке шаруашылыққа қажет төрт
түлік малдың көлемін есептеп шығару ; 4. Әр түлктің керекті
жайылым мөлшерін жер нормасын анықтау; 5.Этикалық жағынан ,
жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеу.
Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина
экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облыстарда
он екі уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған
ғылыми зерттеу еңбегін бастырып шығарды. Экспедиция жұмысына
қатынасу барысында Ә.Бөкейханов қазақ даласына байланысты Ресей
империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа
қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шаралардфы іске
асыруға даярлық жасап жатқанын байқады.
ХХ ғасырдың басы, анығырақ айтқанда 1905-1910 жылдары Ресейдің
переселен саясатында, сол арқылы Оралдың шығыс бөлігін отарлау
саясатында жаңа кезең болды. Оған мынадай фактілер арқылы көз жеткізу
қиын емес. Егер 1864-1885 жылдар Оралдың шығыс жақ бетіне қоныс
аударушылардың саны 300000 адам болса, бұл сан 1885-1910 жылдары -2,5млн-
ға өсті.
ХХ алғашқы он жылдығының орта тұсында империя көлемінде
қоныстандыру ісі белгілі бір жүйеге түсті. 1904 жылы Петербургте
Қоныс аудару және Жерге орналастыру бас басқармасы құрылды. Ал келесе
бір-екі жылдың ішінде бұл басқарманың мекемелері губерния, облыс және
уез деңгейінде барлық қазақ жерлерінде құрылды. Мемлекет тарапынан
үлкен және нақты қолдау алған бұл мекемелердің құқықтық статусы
да жоғары болды және олардың негізгі міндеті артық жерлерді
анықтап, ол жерлерге ішкі Ресейден орыс шаруаларының көшіп келіп
орналасуына жағдай жасау еді.
Белгілі бір жүйеге түскен, ұлыдержавалық отарлау саясатының
басында патшаның өзі, Мемлекеттік Дума және басқа өкімет орындары
тұрды, сондай –ақ бұл іс жақсы қаржыландырды.
Қалай болғанда да, Ә. Бөкейхановтың көзқарасының Щербина
экспедициясына қатысқанын кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге
ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ оқығандарының
саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс
революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау аппараты өзіне
қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ
зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа
саналық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды.
Осы бағытта газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату,
көкейкесті қоғамдық-саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты
бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. Сан
жағынан аз, әлеуметтік-саяси күресте жинаған тәжірибесі мардымсыз ұлттық
интеллегенция үшін бұл жеңіл-желпі емес істерді көтеріп алып кету оңайға
түспегендігі анық. Осы тарихи кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан
мыналарды бөліп айтуға болар еді. Олар: белгілі Қарқаралы петициясын
ұйымдастыру және өлкеде Россиялық конституциялық демократиялық партияның
жергілікті филиялын құру жолында жасалған әрекет.
1905 жылы маусым айында Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы
петициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есбінде мынадай
талаптар қойылды: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін
ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою;
ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер
ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құрал-цензурасыз газет
шығаруға және баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынының
күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар
орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік
аппаратта, сот орындарында іс-қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың
жұмысында қос тілділікті жолға қою.
Патша әкімшілігі алдында петиция түрінде қойылған бұл талаптар қазақ
қоғамының сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси деңгейінен туындаған жалпы
демократиялық сипаттағы талаптар болатын. Егерде оларды тарихи тұрғыдан
қарар болсақ, басқа дәрежеден көрінуі тіпті де мүмкін емес еді. Басқаша
айтқанда, бұл тарихи кезеңдегі қазақ қоғамындағы азаттық қозғалысы
Шығыстағы революциялық өрлеуге байланысты В.И.Ленин атап көрсеткендей,
адамның ең қарапайым праволары жолындағы, демократия жолындағы күрес еді.
Қарқаралы петициясының тарихи сапалары жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ
азаттық қозғалысының ең негізгі талап-тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап,
қалыпқа салып, патшалық биліктің алдына қойып, сол арқылы қазақ елінің өз
еркіндігі үшін табиғи күрес жолына түскендігін ашық-анық білдіруінде еді.
Бүкіл елдік наразылықтың қазақ қоғамына бұдан бұрын тән емес петиция
түрінде көрінуіне түтркі болған тұңғыш Россиялық революция да, ал оны
жазған азттық қозғалыстың басына келген жаңа әлеуметтік күш – ұлттық
интелегенция өкілдері еді. Деректік материялдардағы көрсетулерге қарағанда
петиция авторларының қатарында Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов және басқа сол
кезеңдегі белсенді интеллегенттрі болған. Ол турасында М.Дулатов кейінірек
1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бақалардың дүбіріне елеңдеп,
олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық
жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа
көсемдікпен жол жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып,
қалғандары сенімсіз болып қалды - деп жазды.
Ә. Бөкейханов қазақ жұртын батыстың озық мәдениетінен үйренуге шақыруын
бұдан кейінгі жылдарда қоған емес. 1933 жылы марксизм институтының қазақ
филалында өткен дискуссияда сөйлеген сөзінде С.Асфендияров бұл мәселеге
қатысты мынадай естелік айтқан болатын. Алашорда лидерлерінің
батысшылдығы, түрікшілдігі жөнінде де басын ашатын нәрсе баршылық.
Менің есімде, 1912 жылы күзінде Петербургтағы қазақ, татар, өзбек
студенттері арасында Балқан соғысына байланысты Туркияны қолдаған үлкен
қозғалыс болды. Болгар студенттері бізбен жұдырықтасудың сәл алдында тұрды.
Сол кездері болып тұрған бас қосулардың бірінде Бөкейхановқа біз Туркияға
барамыз, нағыз ұлтжадылықтың белгісі осы болмақ сияқты ойларымызды
айттық. Ол Туркия құлағалы тұр, оған ешқашандай да үміт артудың артудың
қажеті жоқ дегенді айтып, бізді батысқа бағыттады.
Әрине, бұл арада ешқандай талдаусыз жалпы батыстағы меңзеумен шектелсек
ағаттық болар еді. Егер Бөкейхановтың қазақ газетінде жарияланған
публицистикалық мақаларына зер салсақ, оның батыстың, Ресейдің,
демократиялық дәстүріне жақын болғандығын ажырату қиынға соқпады.
Ә. Бөкейханов 1917 жылғы революциялық өзгерістерге дейін де қазақ
шаруасының әлеуметтік жағдайымен жақсы таныс болатын. Баймын, мықтымын деп
атқа мінген жақсылар пішен шабатын жерге ,егін жайға, жаз қонысқа, қыс
тебінге зорлық қылады. Кемшілікте жүрген бейшара сорлы жұрт жақсылардың
тепкісінде қор болғанша, орыс беретін 15 десятина болса да ие болалық деп
мұжық боламын деп сұрап отыр, деп жазған ол, үкіметке төлеген алымға
байланысты алымды момын кедейге аударып бай болатын мырзалар көзі соқыр
емес, көңілі соқырына салып жүр ғой . жұрттың момынын тонап алып болған
байлықты қанша береке бар екен , - деп түйеді.
Кез-келген ұлттық-демократиялық интеллегенция үшін өзекті мәселелердің
бірі - өз елінің қоғамдық тарихи даму жолына қатынасы, соған баға беру
болып табылады. XX ғасырдың бас кезінде ұлттық интеллегенцияның алғашқы
буыны тарихын өзара талқыға салды. Бұл талдау ұлттық көлемдегі тұңғыш
саналы, мақсатты талдау болатын және ол жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық
сананың тұтастыққа ұмтылушылығының көрінісі есебінде жүрді.
Халықтың жүріп өткен жолын, жиған тәжірибесін сарапқа салу олар үшін
қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарына көз жеткізуге керек еді. Бұл ретте
олар өткен тарихты қызықтаудан, оны әлсіреуден алыс, керісінше оған шындық
тұрғыдан дәл баға беруге тырысты. Қазақ тарихын терең білген, оған
байланысты өз пікірі, бағасы болған Бөкейханов ұлттық мешеуліктің түп
тамырын халықты билеушілердің надандығы мен ел бірлігінің жоқтығынан көрді.
Қазақстан Ресей құрамына енгеннен кейінгі кезеңде патшалық аппарат
саналы түрде қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси топтар тарпынан ұлт
көлемінде мемлекеттік тұтастыққа ұмтылушылық тенденцияларына қарсы бөлшекте
де билей бер саясатын жүргізіп, саяси бірлік идеясын жөргегінде тұншықтырып
отырғандығы мәлім.

Ұлттық мемлекет құру Ә. Бөкейханов және басқа буржуазиялық
–демократялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Олар
1905-1907 жылдарғы орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикалдық
бағытта көрінген буржуазиялық конситуциялық –демократиялық партияның
құрамына еніп, конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия
алудан үміттенді. Бірақ олардың бұл үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай
уақыттың өзі де көрсетіп берді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз, Алаш ұранды жұрт, жиылып,
ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз,орыс, Һәм өзге жұрттың тарихынан
көрінеді, молла һүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді.Өз кезегінде
Бөкейханов үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру
мемлекттік суверенитетке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді. Егер
1905-1907 жылдары, одан кейінгі кезеңде де мұндай мақсаттың іске асыруға
қажет шарттар түзілмеген болса, Ақпан төңкерісінен кейін елдегі қалыптасқан
жағдай оған мүмкіндік туғызды.
Ә. Бөкейхановтың саяси өмірбаянында 1916 жылдың дүрбелеңі және
майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі
ерекше орын алады.
1916 жыл оқиғасына байланысты ғылыми әдебиетте болашақ Алаш партиясының
негізін қалаған қазақ интеллигенттерінің сатқындықролі туралы пікір
қалыптасқан.
Бұл тілектерді Мемлекеттік Дума мен соғыс Министріне жеткізу үшін
арнайы өкілдік даярланды. Ол тура газет 1916 жылғы 9 санында
жарияланғанГ.Дума һәм солдаттық мәселесі атты мақаласында тағдырға
тапсырылып жай жатқан түрі бар.
Аталған үш адамнан тұратын бұл өкілеттіктің Думаның мұсылман
функциясында және Соғыс минстрі қабылдауында болғанымен, барған негізгі
жұмысы нәтижесіз аяқталғаны мәлім. Соған қарамастан бұл тарихи факті қазақ
қоғамының Мемлекеттік Дума мен мемлекттік басқару болды.

Ә.Бөкейханов комиссарлық қызметі арнайы әңгме етуге лайық тақырып. Егер
оған қысқа баға берумен шектелсек, онда мынаны айтуға болады. уақытша
өкімет ең негізгі мәселелерді шешуден қашып, оларды Бүкілроссиялық
Құрылтай құратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Абайтанудың негізін қалаушы
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Пәндер