Құран – ислам дінінің қасиетті кітабы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I бөлім: Құранның ислам дініндегі шығу тарихы ... ... ... 5
1.1 Құран құрылу жолының ерекшеліктері... 5
1.2 Ислам тарихы ... ... ... ... 8
II бөлім: Құранның өзіне ғана тән ерекшеліктері ... ... ... 20
2.1 Құранның оқылуы мен жатталуы ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... .. 25
Құран – күллі адамзаттың заттық және рухани қажеттілігіне сай кең ауқымға ие, қасиетті дара кітап.
Құран – адам баласының тән азығы мен жан азығы, бұл фәнилік ғұмыры мен ақыреттік өмірі, адамның жеке басы мен отбасы, экономика һәм басқару жүйесіне бірдей жеткілікті кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттер мен асулардан соның көмегімен өтіп, дертінің дауасын, рухының азығын Құраннан таба алады.
Құран – Хақ Тағаланың жеті қат әлем сарайына ардақтап жаратқан адамзаты үшін жіберген ақырғы кітабы.
Дүние жүзінің көптеген діндерінде діндарлардың қасиетті деп табынатын кітаптары болады. Үнділерді Ведасы, зороастрийліктердің Авестасы, иудейлердің Таураты (Көне Өсиеті), христиандардың Көне Өсиетпен қатар Жаңа Өсиет те кіретін Таураты осындай кітаптар. әдетте оларда Құдай туралы және құдайлар, олардың хабаршылары, елшілері, пайғамбарлары туралы аңыздар, о дүниедегі патшалық, періштелер мен шайтандар, жұмақ пен тозақ туралы әңгімелер, әлемді, жерді, адамды, жан – жануарды және өсімдіктерді қалай жаратқаны, әдет – ғұрыптар мен салт – жораларды кімнің белгілегені, діндарлардың іс - әрекетінің қандай болуы керектігі айтылған. Тіпті кейде оның қайсылары мақтауға, жерде және о дүниеде сый – сыйапат алуға лайық, ал қайсылары адамдардың және Көк Тәңірінің заңдарымен жазалануға, қуғындалуға тиіс екендігі белгіленіп қойылған.
Барлық діннің уағызшылары тек өз дінінің кітаптарын ғана дұрыс, қасиетті, құдыретті, құдайлық рухта деп есептейді. Ғылым бұл кітаптардың бәріне бірдей, объективті баға береді. Ғылым ең кең тараған діндердің бірі және біршама жас дін – исламның басты қасиетті кітабы – Құранға да осылай қарайды.
1. М. Тоқжігітов Құран туралы ақиқаттар А., “Қазақстан”1977
2. Б. Аханов Дін және еркін ойшылдық А., “Қазақ Университеті”1993
3. М. Исаұлы Құран кімнің сөзі? А., “Алтын қалам”2004
4. Ю. Крачковский Коран М., “ИКПА”1990
5. И. Климович Книга о Коране М., “Полит Издат.”1986
6. Д. Өмірзаққызы Адамзаттың асыл тәжі А., 2004
7. Х. Алтай Құран Кәрім қазақша және түсінігі Сауд – Арабия1991
8. О. Құдышев Иманның шарттары және Құранның сүрелері А., “Қазақстан”1991
9. Құран туралы кітап ауд. О. Оралбеков А., “Қазақстан”1990
10. С. Васильев История религии Востока М., “Университет Книжный Дом” 2004

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Философия және психология факультеті
Философия тарихы және мәдениет теориясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Құран – ислам дінінің қасиетті кітабы

Орындаған: Р 11 тобының студенті
Қалиева А.А..

Жетекші: Темірбеков О.Ж.

Қарағанды 2005 жыл

Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- - 3

I бөлім: Құранның ислам дініндегі шығу тарихы----------- 5
1.1 Құран құрылу жолының ерекшеліктері------------------- 5
1.2 Ислам тарихы----------------------------- ---------------------- 8

II бөлім: Құранның өзіне ғана тән ерекшеліктері------------ 20
2.1 Құранның оқылуы мен жатталуы--------------------------- 20

Қорытынды-------------------------- -------------------------------- 23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------ 25

КІРІСПЕ

Құран – күллі адамзаттың заттық және рухани қажеттілігіне сай кең
ауқымға ие, қасиетті дара кітап.
Құран – адам баласының тән азығы мен жан азығы, бұл фәнилік ғұмыры
мен ақыреттік өмірі, адамның жеке басы мен отбасы, экономика һәм
басқару жүйесіне бірдей жеткілікті кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі
бөгеттер мен асулардан соның көмегімен өтіп, дертінің дауасын, рухының
азығын Құраннан таба алады.
Құран – Хақ Тағаланың жеті қат әлем сарайына ардақтап жаратқан
адамзаты үшін жіберген ақырғы кітабы.
Дүние жүзінің көптеген діндерінде діндарлардың қасиетті деп табынатын
кітаптары болады. Үнділерді Ведасы, зороастрийліктердің Авестасы,
иудейлердің Таураты (Көне Өсиеті), христиандардың Көне Өсиетпен қатар
Жаңа Өсиет те кіретін Таураты осындай кітаптар. әдетте оларда Құдай
туралы және құдайлар, олардың хабаршылары, елшілері, пайғамбарлары
туралы аңыздар, о дүниедегі патшалық, періштелер мен шайтандар, жұмақ
пен тозақ туралы әңгімелер, әлемді, жерді, адамды, жан – жануарды және
өсімдіктерді қалай жаратқаны, әдет – ғұрыптар мен салт – жораларды
кімнің белгілегені, діндарлардың іс - әрекетінің қандай болуы керектігі
айтылған. Тіпті кейде оның қайсылары мақтауға, жерде және о дүниеде сый
– сыйапат алуға лайық, ал қайсылары адамдардың және Көк Тәңірінің
заңдарымен жазалануға, қуғындалуға тиіс екендігі белгіленіп қойылған.
Барлық діннің уағызшылары тек өз дінінің кітаптарын ғана дұрыс,
қасиетті, құдыретті, құдайлық рухта деп есептейді. Ғылым бұл
кітаптардың бәріне бірдей, объективті баға береді. Ғылым ең кең тараған
діндердің бірі және біршама жас дін – исламның басты қасиетті кітабы –
Құранға да осылай қарайды.

1 бөлім: Құранның ислам дініндегі шығу тарихы

1.1 Құран құрылу жолының ерекшеліктері

Ең кең тараған діндердің бірі және біршама жас дін ислам. Исламның
басты қасиетті кітабы – Құран болып табылады.
Құран (арабша “аль - Құръан”) – бұл әдетте 500-ден астам беттен тұратын
араб тіліндегі текст кіретін қомақты том. Оның шығыс және батыс
тілдеріндегі аудармасының көлемі де дәл осындай. Онда әр түрлі
көлемдегі, әр бірі сүре деп аталатын 114 тарау не бөлім бар. Сүре
арабша түзілу немесе қатар дегенді білдіреді, мысалы, ғимаратты
тұрғызғандағы өрілген тастардың қатары сияқты. Құранда сүре сондай ақ
кітаптың бір бөлігі немесе жеке өсиет дегенді де білдіреді (9:65; 182;
24:1). “Сүре” сөзі осы мағынасымен кейбір шығыс тілдеріне еніп,
олардағы Құран аудармасында сақталып отырған.
Құранның сүрелері әр түрлі көлемде болып келеді: ең ұзақ екінші
сүреде 216 аят, ең қысқалары 103 – ші, 108 – ші және 110 – шы сүрелерде
3 аяттан ғана бар. Сүрелердің көлемі, аз ғана ауытқуларды есептегенде,
кітап соңына қарай азая береді. Бірінші “аль - фатиха” – “(кітапты)
ашатын” сүре барлығы жеті аяттан ғана тұрады.
Исламның дін ілімі бойынша Құран – біреу жаратпаған Құдай Тағала
Алланың сөзі сияқты мәңгілік өмір сүретін кітап. Ол Құдайдың “сөздері”
(2: 70; 9:6; 48:15). “Құран” атауы әдетте дауыстап оқу дегенді
білдіретін арабтың “қара, а” етістігінен шыққан, исламға сәйкес,
Құранның түп нұсқасы сухуфтың парақтарына араб тілінде жазылып, оның
орамалары жетінші көкте сақталады. Осыдан да оның атауларының бірі –
орамалар, кітап деп аталады. Құран - “кітаптардың анасы” – Умми аль –
китаб, Алла Тағаланың астында тұрады. Сондықтан да тек Алланың бір сөзі
ғана бұл көк кітабындағы сөздердің қажетті деп тапқаның “қаласа
өшіреді, қаласа басқасын қабылдайды” (К., 13:39)
Әрине, жақынырақ танысқан кезде онда айтылған ойлардың, уағыздардың,
праволық нормалардың және аңыздардың жинағы, әдеттегідей, тақырыптық
және хронологиялық жағынан бір жүйеге түсірілмегендей әсер ететін, оның
үстіне халықта осы кезге дейін мұндай көлемді қағазға түскен жазба діни
немесе зиялы қаумдастық шығырма болмаған. Халықта құран сияқты ірі
шығарманы жаау онайға түспеген сондықтан да Құранның өзінде мұндай
үлкен жазба ескерткіштің пайда болуының өзі көз көрмеген керемет
ретінде талай рет бағалануы кездейсоқ емес. Онда Алла атынан: (Сен
оларға) “егер адам, жын – бәрі жиналып, Құран сияқты бір кітап
шығарамыз десе, олар шығара алмас еді, тіпті бір – біріне көмектессе
де, олай жасай алмас еді”, - деп айт (К., 17:90) – деп жазылған. Бұдан
шығатын қорытынды бұл сөйлемді жазғандар үшін ертегілік құбыжық күштер
– жындар – адамдар сияқты нақты бар, оған, тіпті адамдар мен жындар бір
істі бірлесе атқаруы, бір – біріне көмектесуі мүмкін сияқты.
Эмоциялық – интуитивтік баста басым болған Құранның мифологиялық
көзқарасына сәйкес бейнеленетін бұл ой оны адамдарға көктен
жіберілгендегі туралы әңгімелерде де бар. Олар бойынша Құран адамдарға
Құдай “аяндары” ретінде белгілі болады. Алла өзінің соңғы елшісі әрі
пайғамбары Мұхамедке бұл “аяндарын” ол дүниенің күштері – Жәбрәйіл
есімді “қасиетті рух”, “сенімді рух” деп аталған періште арқылы жіберіп
отырды. Олардың пайғамбарға Құдайдың өзі жібергендегі жөніндегі
көптеген әңгімелер мен оған көз көрмеген керемет ретінде баға беру
кейінгі кездегі мұсылман аңыздарында (хадис, Сунна, хабар, ахбар) және
Құранның түсініктемелерінде, түсіндірмелерінде – Тәфсірде бар.
Тарихтың кейде адамдарға күтпеген сабақтар беріп жататыны белгілі.
Бұлардың қатарында осы кітап та құрастырыла басталғанына толық 14
ғасырдай өткен және қазіргі күндерде бірқатар елдерде тарихи және діни
ескерткіш ретінде ғана емес, сонымен бірге кең әлеуметтік мағынадағы
шығарма ретінде де маңызын сақтап отыр. Ислам мемлекеттік дін болып
табылатын елдерде Құран тұжырымдарынан көптеген праволық нормалар,
заңдар, шариғат шығады. Құранмен ант қабылдап, серт беріледі. Оны бұзу
- өте ауыр күнә, қылмыс деп есептеледі. Құранды және оның
түсіндірмелерін (тәфсірлерін) зерттеу Пакистан, Иран,Сауд – Арабстан
сияқты елдердің көптеген жоғарғы оқу орындарының негізгі пәндерінің
бірі болып табылады. “Үшінші жолды” іздеудегі қиыншылықтары өткенге
назар аударуға мүмкіндік беретін, одан тұйықтан шығудың көңілі қалаған
долын табуға үміттенген қазіргі шет мемлекеттеріндегі бұл кітапқа деген
қызығушылықты түсіндіруге болады.

1.2 Ислам тарихы.

Алла Тағала адамзатты тура жолға салып, өзіне құлшылық етулері
үшін жарлықтарын уахи арқылы адамдар арасындағы пайғамбарына түсірген.
Бұл оның махабатымен жаратқан адамзатының деген ерекше рақымдылығы.
Адам баласы өзінің шектеулі ақылы арқылы дүниедегі жақсы мен жаманды
ажырата алмайды. әсіресе, өз нәтижесіне табынғандар үшін жақсылық
атаулы жамандыққа айналмақ. Уахи келместен бұрынғы арабтың құндылықтары
– қызын тірідей жерге көму, әйел затын мүлік ету, жарлының қаның
сүліктей сору. Бұрыс та болса жақынына болысудың әділдік саналуы, шарап
ішу зина жасау, пұттарға табыну т.б. еді. Қазіргі заманда да батыс
мемлекеттерінде адамның рухына жат нәрселер олар үшін құндылық
саналады. Мұндай адам болмысының қайшы мінез құлықтар бейне бір
вирустар теледидар, интернет, радио т.б. арқылы жалпы әлемге тарады,
бұл, әсіресе, үш ғасырдан бері өзінің төл құжатын іздеп жүрген мұсылман
елдерінің ішкі ниетіне қатты әсер етуде. Ендеше, нәпсінің қалауымен
жүріп, бойындағы барлық құмарлық сезімдерді кез келген жолмен
қанағаттандыруды құндылық санаған әрбір қоғам ақыр соңында шынырауына
құламақ. Жалаң ақылды ған ұстанып, әлемге материалдық көзқараспен
қараған қоғамның барар межесі де қартүнек құрдым болмақ. өйткені, Ұлы
Жаратушы мен ақыретке сенімі болмаған ондай қоғамның күмбезі көркем
мінезділікпен қамтылуы екіталай. Әрі олар ғұмырға не үшін келіп, қайда
баратының, бойындағы сансыз қабілеттерін қалай, қандай нәрсеге
пайдаланатының шектеулі санасымен таба алмақ емес. Ондай сұрақтың
тылсым жауабын Жаратушы ғана білмек. Демек, жақсы мен жаманды айыру,
түпкі мқсатты айқындау “адами өлшеммен” емес, “илаһи өлшеммен” болмақ
дүр. Міне, Хақ Тағала жер бетіне өзінің ұлылығы мен құдыреттілігін паш
ететін өкіле етіп жаратқан ардақты адам баласын “илаһи өлшемді” уахи
арқылы білдірмек.
Уахи – Алла Тағаланың адамдарға жеткізетін хабары. Бірақ Жәбрәйіл
арқылы арнайы жіберілген пайғамбарына жетпек. Елшісі де келген хабарды
адамдарға жеткізбек. Бірақ ақыл уахидің ақиқаттығын білгенімен, оның
қандай нәрсе екенін біле алмайды. өмірде көптеген нәрселер бар, ақыл
оның қандай екенін біле алмаса да оның барлығын қабылдайды. Басқаны
былай қойғанда ақыл өзінің ақиқатын дәләлдегенмен көзбен көрсетіп,
қолмен ұстануға шарасыз. Рух та ақыл тәрәзді. Ақыл және қисын жолымен
адам рухтың барлығын біледі. Мұны Абай атамыз “Мені мен менікі” деп
екіге бөлген. Адам өзінің барлық мүшесін иеленіп “менікі” дейді. Сонда
адамның өзі қайда? Өзі – сол рухы. Сондай ақ айналамызда жалаң көзбен
көре алмайтын, қолға ұстай алмайтын көптеген құбылыстар бар. Бұлар
ғылыми жолдар арқылы қазір анықталған. Мысалы, әлемде тартылыс күші
бар. Магниттің де темірді тартатын күші бар. Бұлардың ақиқаттығын
атеистер де қабыл еткен мен сол тартылыс күшін ешкім көрсетіп бере
алмайды. Сондай ақ адамдар бір – бірімен алшақтан телефон, радио,
теледидар, интернет арқылы тілдеседі. Егер бұларды өткен ғасырдың
адамдары көргенде қабыл ете алмай, жоққа шығаруы мүмкін еді. Жан –
жануарлар әлемі, тіпті адамдар да телепатия арқылы бір – бірімен
байланыса алады. Ұзақтан бір – біріне сигнал жіберу арқылы да адамдар
хабарласып жатады. Түсінбеген жанға сол сигналдар мүлдем түсініксіз.
Дәл осылайша, Алла Тағаладан келген илаһи хабарды пайғамбарлар естіп,
уахиді еліне сөзбен жеткізуінде ешқандай таңқаларлық нәрсе жоқ.
Хазіреті Мұхаммед пайғамбарға (с. ғ. с.) келген періште Құранда
Жәбрәйіл, Рухул – Амин және Рухул – Худус деп атаған. Құранда: “Кім
Жәбрәйілге дұшпан болса, мынаны жақсы білсін: Ол Аллаһтың бұйрығымен
Құранды туралық жетекшісі және бұрынғы түскен кітаптарды растаушы Һәм
мұсылмандарға сүйіншілеуші етіп жүрегіне түсірді” (Бақара сүресі,
2:97).
Басқа бір аятта оны “Рухул – Амин” деп атаған: “Сөзсіз – бұл Құран
әлемдердің Раббысының түсіргені. Оны Рухул – Амин (сенімді рух) әкелде”
(Шұғара сүресі, 26:193). Осы аятта аты аталған “Рухул - Амин” –
Жәбрәйіл періште.
Хах Тағала оны рухтан жартқандықтан “Рух” деп атаған. Бірақ бұл
аяттағы оның “Амин” (сенімді) деген лауазымы – уахиға деген сенімділігі
үшін берілген.
Пайғамбарларға уахи әкелген перішенің басқа бір есімі “Рухул
-Худус”. Құранда: “Қасиетті рух құранды иман еткендерге һәм
мұсылмандарға туралық пен сүйінші болу үшін Раббыңның құзырынан
ақиқатпен түсірді”, - де. (Нақыл сүресі 16:102). Бұл аятта қасиетті Рух
ешқандай дақ жұқпаған пәк рух сенімге лайық кіршіксіз таза рух деген
мағынаға сияды. Алла Тағала кәпірлердің қазіреті пайғамбарға жапқан
жалаларын жоққа шығару үшін оны осылай атаған. Яғни, ей, Мұхаммед!
Құранның қасиетті кітаптылығы сол – оны саған кірден таза кіршіксіз
пәкуә “Рухул - Худус” Ұлы Раббыңның құзырына түсірген. әрі иненің
жасалуындай да жалғандықтан ада ақиқатпен түсірген.
Хазіреті Жәбрәйіл періштенің исламда Рухул – Лаһ, Хамиддуллаһ, Әр –
Рухул – Ағзам, Аль – Аклум - Әкрәм, Намус – Акбар т.б. есімдері де бар.

Құранның басқа аятында болса, хазіреті пайғамбарға елшілік еткен осы
періштенің мынадай ерекшілігі бар: “Ол (Құран) – сөзсіз қадірлі, қуатты
және “Арш” иесінің (Аллаһтың) құзырында беделді бір елшінің
(Жәбрәйілдің) әкелген сөзі”. (Текуир сүресі, 81:19). Міне, хазіреті
Мұхаммедке (с.ғ.с.) уахи осындай елден ерекше беделге ие періште арқылы
келген.
Қорытындыласақ, уахиді хазіреті пайғамбарға Алла Тағаладан жеткізген
періште елші болған. Ол періштенің аты Жәбрәйіл. Ол жаратылыстағы
сансыз періште арасындағы ең беделдісі Һәм сұлтаны. Ұлы Жаратушы
Құранда мадақтаған сенімді де берік періштесі.
Құран сөзінің түбірі мен мағынасы жайында ғалымдар арасында әр түрлі
көзқарастар бар. Олардың арасында Құран сөзінің “хамзалы” яки
“хамзасыз” сөзден шықты деген екі негізгі көзқарас бар. Алдымен
“хамзасыз” сөзден шыққан деген пікірді қарастырайық:
1. Әбул – Хасан Әл – Амғаридің көзқарасына қарай Құран сөзі бір нәрсені
бір нәрсаеге жақындату, жалғау мағынасындағы “қараны” етістігінен
шыққан. өйткені Құрандағы сүре мен аяттар бір – бірімен жалғасып
кеткен. Осыған қатысты оны Құран деп атаған. Қажылық пен ұмраны қосып,
жалғағандықтан оған қиран делінген. (Зәркәми, Бурһан, бірінші том, 277
бет).
2. Құран сөзі кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша “қарина” сөзінің көпше
түрі “қараин” сөзінен шыққан. “Қарина” – дәлел, айғақ, ұқсас байланыс
мағынасына сияды. Құран аяттары мазмұн, ырғақ ұқсас жағынан бір –
біріне ұқсап, бір – біріне дәлел болуда. Сондықтан да Құранға есім етіп
қойылған.
3. Құран сөзі – хамзасыз сөз. Ол ешқандай сөз түбірінен шықпаған. Құран –
хазіреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) түскен кітаптың өзіне тән есімі. Бұл
көзқараста болған ғалымның бірі атақты имам Мұхаммед ибн Идрис әш –
Шариғи. Ол Құран сөзі “қараә” (оқу) сөзінен шықпаған деген көзқарасты
ұстанды. Егер Құран есімі “қараә” оқу етістігінен шыққан болса, онда
әрбір оқыған нәрсені Құран деп атауымызға тура келмек деді. Алайда,
Құран сөзі – Тәурат, Інжіл секілді хазіреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) түскен
кітаптың өзіне тән дара есімі. Яғни, Алла Тағала хазіреті Мұсаға кітап
түсіргенде оны “Тәурат” деп атаған. Хазіреті Дәуіт пайғамбарға кітап
бергенде оның атын “Зәбур” деп атаған. Сондай ақ ақырғы кітапты
хазіреті Мухаммедке (с.ғ.с.) түсіргенде “Құран оқылған кезде оны тыңда”
деп аятта айтылғандай оны “Құран” деп атаған.
Келесі топ Құранның “хамзалы” екенін жақтайды. Бұл топ үшке
бөлінеді:
1. Құран сөзі “жинау” мағынасына келетін “қар” сөзінен шығып, “фу, лән”
формуласымен жасалған сипат (Зәркәши, Бурһан, 1 том, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні - араб мәдениетінің бастауы
Әлемдік діндер
Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Құқық және дін
Митру құдайы
Ислам дінінің пайда болу тарихы
Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы
Дін мен ғылымның байланысы
Ислам дәуірінің жаңа кезеңі
Христиан шіркеулерінің кұрылуы
Пәндер