Қазақ хандығы жайлы



1. Қазақ хандығының құрылуы
2. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы
3. Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
4. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы
5. Тәуке ханның жеті жарғысы
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
1.Қазақстан тарихы. Очерк. 149-174-бб.
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146-беттер.
5.Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.
6.Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақ хандығының құрылуы
2. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы
3. Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
4. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы
5. Тәуке ханның жеті жарғысы
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей
жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі
сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп
көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті
ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған
жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып
отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық
және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл
жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына
кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі
тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына
байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн
тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі
тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы
тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің
екінші толқыны б.з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде
Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға
қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен
байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан
келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері
түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді.
Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік
қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан
кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз
мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы),
Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді.
Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі
мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл
мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір
өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда
қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам
дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған
әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды
қоғамдық құбылыс.
XV ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудің Шу мен
Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге
қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі
болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның
жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде
жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды
Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед
Хайдар Дулати Тарихи-Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті
Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн
көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды.
Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен
Қозыбас аймақтарын берді.
Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан
кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей
Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы
күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді.
Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар
Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-
1511 жж.) тұсында да тоқтамады.

2. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы

16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз
тұсында жерді біріктіру процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында
қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік
құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра
қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас,
Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы,
Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс
болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу
мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
Қасым ханның қасқа жолы деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ
заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған
мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс,
таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы
одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша
елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери
қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ
хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен
айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі
Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар
тоқталған жоқ.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас
жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен
дипломатиялық байланыс орнатты.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – Қасқа жолды жарыққа шығарды. Бұл заң
қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.
Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам
дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы
заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: Қасым
ханның қасқа жолы деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи
Рашиди кітабінда: Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай
құдіретті ешкім болған емес дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен
феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз
болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты
әлсіретуге әкеп соқты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.

3. Есім ханның тұсында Қазақ хандығы

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583
жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды
алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына
қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза
болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598
жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып
алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп,
Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір
жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға
қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және
т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп
атады.
Есім хан қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім деген атпен әйгілі
болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға
жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай
ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан
ордасында тұрған.
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия
қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын
бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның ескі
жолы деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа
бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге
тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі,
Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай
тәуелсіз хан болуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жыраулар шығармашылығы
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы
«Қазақ» қайдан пайда болған?
Пәндер