Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
МазмұныМазмұны2
Кіріспе3
1. Моноқалаларды дамытудың әлемдік және Қазақстандық тәжірибесі6
1. 1 Моноқала туралы түсінік6
1. 2 Қазақстанда моноқалалардың қалыптасу жағдайы9
2. Қазақстандағы моноқалалардың қазіргі кездегі даму жағдайы мен проблемалары16
2. 1 Өнеркәсіптік қалалар19
2. 2 Ресурстық қалалар24
2. 3 Көліктік маңызы бар қалалар26
2. 4 Моноқалалардың проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе. 27
3. Қазақстандағы моноқалалардың даму болашағы29
3. 1 Өңірлерді дамыту бағдарламасындағы қаланың маңызы29
3. 2 Индустриялық иновациялық даму бағдарламалары32
3. 3 Моноқалаларды дамытуда жеткен жетістіктер45
3. 4 Моноқалаларды дамыту жөніндегі ұсыныстар48
Қорытынды52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі56
Қосымшалар59
Кіріспе
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.
Ғалымдар мен мамандардың көпшілігі жиі қайталанып жатқан экономикалық дағдарыстар себептерін экономиканы басқару модельдерінен іздейді. Осыған орай, анағұрлым қолайлы басқару құралдарын анықтау мақсатында экономикалық модельдердің батыстық, исламдық және басқа да түрлерін зерттейді.
Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын көруге болады. Олардың біріншісі - басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі - өндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл үлгілер бір экономикалық жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы басқарудың өзара толықтырушы құралдары болып табылады. Кезінде олардың арасындағы байланыстар өндірістің капиталистік және социалистік тәсілдері дамуының идеологиялық себептері бойынша ажырап қалған болатын. Басқарудың ұштасқан екі үлгісінің арасындағы ажырап қалған байланысты қалпына келтіру арқылы әлем елдерінің көпшілігінде қолайлы экономикалық басқарудың сапалы жаңа технологиясы құрылуы мүмкін.
Қазіргі кезде бірқатар аймақтардың экономикалық баяу дамуы еңбекпен қамтудың қамтамасыз етілмеуіне алып келді. Халықтың кірісінің деңгейі әлі төмен. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» нақтылап былай дәлелдеген: «Өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпорындарды жұмыспен жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды». Қазақстан экономикасының кеңістіктік дамуы көбінен сараланумен сипатталатыны белгілі. Бұл табиғи-шикізаттық, өндірістік, кадрлық әлеуеттердің үлкен айырмашылығына ғана емес, сонымен бірге аймақтардың қалыптасқан қызмет бағытының деңгейіне, олардың нарықтық қатынастарға бейімделу деңгейіне, ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік шарттарына да байланысты. Сондықтан, республиканың әрбір шағын қаласының мәселелерінің сөзсіз өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар алғы шарттармен де сипатталады. Қазақстанның шағын қалаларының экономикалық дамуының негізгі мәселелері: өнеркәсіптік бір саласы басым болатын қала мекендерінің болуы, білікті кадрлар мен инвестицияларды қатыстыруда тиімді болмайтын бәсекелес позициялар, өнеркәсптік кәсіпорындарының көпшілігінің технологиялық қалыс қалуы, жастардың неғұрлым ірі қалаларға қоныс аударуы болып табылады. Қазіргі индустриалды - инновациялық жаңғырту жағдайда өзекті мәселенің біреуі шағын қалаларды жандандырудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу болып тұр. Сол себепті моноқалалардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, нақты қаланың даму стратегиясын әзірлеу, шағын және орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингісін жүргізу, әлеуетті анықтау өзекті болып тұр. Бұл жағдай моноқалалардың дамуында тағы бір қырын көрсетті - ол әлеуметтік тұрақты дамуын сақтау. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету моноқалалардың әлеуметтік қауымын құрайтын тұрғындардың барлық топтарын әлеуметтік қолдау жүргізбей мүмкін болмайды. Ең алдымен, табысының деңгейі төмен болатын, тұтыну әлеуеті төмен болатын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі төмен болатын азаматтар ерекше қолдау көрсетуді қажет етеді. Осындай саясатты іске асыру үшін зерттеушілер нақты ұсыныстар береді. Жағдайы төмен отбасыларын әлеуметтік қолдаудың көрсетілуін қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшерін анықтаған кезде, ең алдымен, табыс пен еңбекақы төлеу саласында, әлеуметтік норматив ретінде тамақтану үлесі жалпы құнның 45%-нан артпайтын, тұтыну кәрзеңкесінің неғұрлым прогрессивті құрылымымен күнкөріс минимумын пайдалану қажет. Моноқалалардың дамуына және оның халқының әлеуметтік деңгейін көтеру жолында азық-түлік көмек, медициналық көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй көмегі, білім алу және кәсіби даярлыққа ықпал жасауды жатқызуға болады.
Тақырыптың өзекті мәселенің біреуі - моноқалаларда еңбек қатынастарын реттеу болып табылады. Республикада қалалық келісімге қол қою тәжірибесінің болмауы қала аймағында ұжымдық - шарттық реттеуге жататын еңбек қатынастарының параметр тізімдерін есепке алып келісім жасаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін дайындау қажеттілігі бар екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған өзінің кезекті Жолдауында үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді және моноқалаларды дамыту бағдарламасын дайындауды тапсырды. Осы жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми Қазына» бағдарламасында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік экономикалық даму мәселелерін зерттеу.
Алға қойылған міндеттер:
- Моноқалалар туралы жазылған әдебиеттермен танысу
- Диссертациялық жұмыстар мен әлемге әйгілі тәжірибелермен танысу
- Аталған моноқалаларды картаға түсіру
- Басты жолдарды (теміржол, тас жолдарды) картадан көрсету
- Моноқалалардың шаруашылықтағы маңызын картаға түсіру
- Кестеге халық санын, өнімін және ресурстарын толтыру
1. Моноқалаларды дамытудың әлемдік және Қазақстандық тәжірибесі 1. 1 Моноқала туралы түсінікЖұмыстың жаңалығы: Қазақстанда бүгінгі таңда моноқалалардың дамуы мен гүлденуіне, экономикасының жоғары көтерілуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жоспар құрылып көптеген миллион қаржы бөлініп жатыр. Қазіргі кезде моноқалалардың дамуы бірінші жолға қойылып отыр, зерттеу жұмыстары әлі де болса толығымен бітпеген. Сондықтан бұл жұмыста жүргізілетін зерттеу жұмысы өте маңызды.
Моноқала - бұл бір немесе бірнеше қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.
Моноқалаларды дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу барысында монобейінді елді мекендердің проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе ескерілді.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі және әртүрлі кезеңдердегі кейбір моноқалалардың проблемалары мен жағдайлары көбінесе қазіргі кездегі Қазақстанның моноқалаларындағы жағдаймен ұқсас.
Қалалардың монобейінділігі Қазақстан экономикасының бірегей сипаты емес. Бір салалық мамандандырылған қалалар әлемнің басқа елдерінде де кең таралған.
Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешудің түрлі жолдарын таңдады. Біздегі жағдайға ең жақыны Германия, Австралия, Жапония және АҚШ сияқты елдердің моноқалаларының проблемалары.
Мысалы, Германияда Рур алабының көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялау үшін «көмір пфенингі» салығын енгізді.
Әлемдік моноқалаларды дамыту практикасында Теннант-Крик қаласы (Австралия) тәжірибесінің орны ерекше. Қала шахталарындағы көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды, бұл жұмыс орындарын ғана емес, кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді.
Жапонияда моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қала құраушы кәсіпорын бірлесе жүзеге асырып отырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды (электроника және ақпараттық жүйелер, өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру, технопарк құру) .
Моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, ұсақ өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен мүдделестік жоғары болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.
Қайта даярлау қурстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қала құраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.
Сонымен қатар, моноқалалардың проблемаларын шешу жолдарының бірі - қалалар экономикасын ұзақ мерзімдік әртараптандыруға бағытталған балама өндірістерді орналастыру бойынша «зәкірлік» деп аталатын жобалар болып табылады.
Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру) ;
қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.
Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста.
Қазақстандағы моноқалалар
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта қала мәртебесі бар 86 елді мекеннің 27-сі моноқала болып саналады. (Қосымша №1 Қазақстанның ірі қалалары. )
Қазақстандағы моноқалалардың тізбесін негізінен халық саны 100 мыңнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.
Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:
Өндіру өнеркәсіптері басым дамыған - 21 қала:
көмір өндіру - Абай, Сораң, Шахтинск, Екібастұз;
мұнай және газ өндіру - Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
металлкенінөндіру Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау,
Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
шикізат ресурстарының өзге түрлерін өндіру - Жаңатас, Қаратау, Жітіқара;
Өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:
химия өнеркәсібі - Серебрянск;
машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндірісі - Степногорск;
металлургия өнеркәсібі - Ақсу, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау;
Ғылыми-өнеркәсіптік орталық - Курчатов қаласы.
Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:
қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) - Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;
қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) - Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Сораң, Степногорск;
қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) - Кентау, Серебрянск, Текелі.
1. 2 Қазақстанда моноқалалардың қалыптасу жағдайыМоноқалаларды дамыту - тек өңірлердегі әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешілуіне ғана емес, ең бастысы, өндірістік күштерді орналастыру мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Моноқалаларды дамыту арқылы тұрақты дамудың үш негізгі мақсатына қол жеткізуге болады: экономиканың тиімділігі, әлеуметтік тепе-теңдік және қоршаған ортаның тұрақтылығы. Себебі Қазақстандағы өндірістік күштер мен еңбек күшінің оннан бірі осы қалаларда орналасқан.
Қазақстанда жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған зоналардың болмауы (заманауи қалалық инфрақұрылымдардың шоғырлануы, ақпарат каналдары, елді мекендердегі экологиялық қолайлы өмір т. б. ) болашақ ресурстардың, яғни біліктілігі жоғары, мобильді жұмыс күшінің, инновациялық технологиялардың, ақпарат көздерінің шоғырлануына кедергі келтіруде.
Осыған байланысты 2012 жылдың 25 мамырында Үкіметте «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Аталған бағдарлама бойынша, моноқала дегеніміз - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.
Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру) ;
қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.
Бағдарламаның бір артықшылығы - жүзеге асуы тиіс мерзім аралығында дамытылуы тиіс қалалар санының оңтайлы мөлшері таңдалып алынған. Себебі мұндай қысқа уақыт аралығында республикадағы барлық 87 қаланың дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес болар еді. Моноқалаларды дамыту аймақтардың өзіндік ұйымдастырылуына, ресурстарын тиімді іске асыруына, экономикалық өсу зоналарының қалыптасуына, ұзақ мерзімді дамуда барлық инфрақұрылымдардың жақсаруына жағдай жасайды.
Қазақстандағы өндірістік күштерді шоғырландырудағы ең басты мәселе - елдің аймақтары түрлі деңгейде дамыған, экономикалық, әлеуметтік даму деңгейлеріндені алшақтық күн санап өсуде. Кеңестік дәуірдегі және өтпелі кезеңдегі Қазақстанның аймақтық саясатында теңестіруші қағида басым болды. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық дамуды ынталандыру арқылы аймақтарды теңестіру нәтиже бермейді. Мемлекет емес, бизнес бәсекелік қабілеті бар аймақтарды таңдайды. Өз таңдауында ол масштаб әсеріне (агломерациялар), алшақ емес экономикалық қашықтық (тиімді орналасу), даму кедергілерін азайтатын жақсы институттар, жоғары дамыған адам капиталына сүйенеді. Сондықтан, Моноқалаларды дамыту бағдарламасының басты мақсаты - аймақтардағы экономикалық тіршілікті белсендіру, яғни тек ірі өндіруші ғана емес, өңдеуші шағын және орта бизнестің де аймақтарға баруына жағдай жасау болуы тиіс.
Қазақстанда түрлі бағдарламалар жасауда әлі де ескі жүйенің қалдықтары кездесіп отыратынын мойындауымыз керек. Себебі, еліміздегі шағын қалаларды дамыту әлі де ескі өндіріс түрлерін дамытуға негізделген. Мұны жоғарыда аталған бағдарламадан да көруге болады. Мысалы, бағдарламада өңдеуші сала бойынша 27 моноқаланың тек алтауы дамытылады, олар: химия өнеркәсібі бойынша - Серебрянск, металлургия бойынша - Ақсу, Жезқазған, Сәтпаев, Теміртау, машина жасау бойынша - Степногорск. Және бір моноқала - Курчатов ғылыми-эксперименталдық орталық ретінде танылған. Ал бағдарламаға енген басқа 21 моноқаланың барлығы да өндіруші өнеркәсіп орындары жұмыс істейтін қалалар болып табылады.
Атақты американдық әлеуметтанушы Э. Тоффлер өзінің «Үшінші толқын» еңбегінде «Ақпарат пен білім басты стратегиялық ресурстарға айналуда. Бұл, ең біріншіден, өндірістік күштерді аумақтық орналастырудағы күрделі өзгерістерге алып келеді. Егер индустриалдыққа дейінгі дәуірде қалалар сауда жолдарының түйісу нүктелерінде пайда болса, индустриалдық дәуірде - шикізат пен энергия көздері маңында, ал постиндустриалдық дәуірде - ғылыми орталықтар мен ірі зерттеушілік орталықтарының маңында орналасады» деген болатын. Бұған бір дәлел - АҚШ-тағы Кремний алқабы.
Сондықтан, ел аймақтарындағы күрделенген әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешімін табу үшін тек ескі өндіріс түрлерін дамытуға басымдық беру аз, аймақтық қалаларда, әсіресе, шағын қалаларда шын мәнінде инновациялық болып табылатын өнім түрлерін шығаруды және осы талапқа сай адам капиталын аймақтарда қалыптастыруды қазірден қолға алу қажет.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасында бұл мәселе аз қозғалған. Бұл қалалардағы өндіріс орындарында жұмыс істейтін мамандарды даярлаудағы басымдық облыс орталықтарындағы жоғарғы оқу орындарына берілген. Ал моноқалаларда жаңа оқу орнын ашу тек Текелі қаласында (Ағахан университеті) шетелдік демеушілердің көмегімен жүзеге асатын сыңайлы және қай салада маманданатыны әлі белгісіз.
Қазақстандағы моноқалалардың негізгі қордаланған мәселелерін мынадай үш топқа біріктіруге болады:
1. Экономикалық мәселелер:
Негізгі қала құраушы кәсіпорындардың жұмысының тоқтауы немесе оған қауіп төнуі (өндіруші кәсіпорындардың кен орындарының тозуы, бәсекеге қабілетсіз өнім) ;
қала экономикасының төмен деңгейде әртараптануы;
қала тұрғындарының қала құраушы кәсіпорындардан жоғары деңгейдегі тәуелділігі;
қала бюджетінің қала құраушы негізгі кәсіпорыннан түсетін салықтардан тәуелді болуы.
2. Әлеуметтік мәселелер:
жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жоғары болуы;
көптеген моноқалалардағы халықтың табыс деңгейінің төмен болуы;
халық санының азаюы;
әлеуметтік тұрақсыздықтардың өсуі.
3. Өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдар мәселесі:
инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың тозуы;
моноқалалардың аумағындағы экологиялық мәселелердің ушығуы.
Бір айта кетерлігі, моноқалалардың көпшілігінде жылу және су жүйелері, электр, байланыс желілерінің тозығы жеткен.
Бұл мәселелердің барлығы әр аймақтағы моноқалаларды өз ерекшеліктері бойынша дамыту арқылы шешілуі тиіс. Көріп отырғанымыздай, моноқалалардан халықтың ірі қалаларға қарай көшуі тұрақты жұмыс орнының жоқтығынан, осыған байланысты әлеуметтік жағдайдың өршуінен болып отыр. Тіпті, тұрақты жұмыс жасап тұрған кәсіпорындары бар қалалардың өзінде де халықтың басқа жаққа қоныс аудару тенденциясы байқалады. Бұл, өз кезегінде, осы қалалардағы экологиялық жағдайдың төмендігі мен жұмыс орындарының тозығы жетіп, бүгінгі күн талаптарына сай келмеуімен, сондай-ақ, шет аймақтардағы жалақының төмендігі мен уақытында төленбеуі мәселелерімен түсіндіріледі. Моноқалалардың жағдайын жақсарту үшін тек сол қаланың өзі емес, сонымен қатар, моноқалалар үшін негізгі мәдени және әлеуметтік орталық болып табылатын облыс орталықтары мен негізгі азық-түлік пен жұмыс күшінің көзі болып табылатын елді-мекендерді де дамыту қажет. Әсіресе, соңғыларының даму болашағы ешқандай бағдарламамен толыққанды қарастырылмауда. Моноқалалардың маңындағы елді-мекендер де осы қалалармен бірге дамудың кешенді бағдарламасына қосылса, еліміздің кеңістіктік дамуындағы, өндірістік күштерді тиімді шоғырландырудағы көптеген түйіткілді мәселелер өз шешімін табар еді.
Моноқала проблемасы - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігінің шоғырландырылуы, ол өзіндік ерекше Қарағанды облысында және облыс орталығының маңында орналасқан көптеген серіктес-қалаларда кездеседі.
Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты - экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау) мен шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Осы үшін, «якорлық» деп аталатын жоба жүзеге асырылмақшы. Осындай «якорлық» жобалар тек қана қайта құралған кәсіпорындар ғана емес, қалпына келтірілген кәсіпорындар да болуы мүмкін. Бұл үшін инвестор табуылу керек. Бұл сұрақты жергілікті органдар облыстық және республикалық органдармен бірлесе шешіп жатыр.
Жобаларды іске асыру қалай жүріп жатыр, қандай өзекті мәселе бар анықтап, министрліктер мен ведомстволарға ұсыныстар әзірлейміз. Осының барлығы Елбасының тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет тарапынан ынталандыру жолымен тұрғындарының тегіс іскерлік белсенділігі арттырылып, жаппай бизнесмен жасалатын, оған құлқы жоқтарға мемлекет есебінен даму орталықтарына көшуге мүмкіндік берілетін, миллиардтар салынып, көшелері, бүкіл бейне-көркі абаттандырылатын, сөйтіп, бір кәсіпорынға күні қараған қазіргі құқы тірлігінен құтылатын қалалардың тізімі мынадай: Ақмола облысында - Степногор, Ақтөбе облысында - Хромтау, Алматы облысында - Текелі, Атырау облысында - Құлсары, Батыс Қазақстанда - Ақсай, Жамбыл облысында - Қаратау мен Жаңатас, Қарағанды облысында - Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Сарань, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск және Абай, Қостанай облысында - Арқалық, Жітіқара, Лисаковск және Рудный, Маңғыстау облысында - Жаңаөзен, Павлодар облысында - Ақсу мен Екібастұз, Шығыс Қазақстан облысында - Зыряновск, Курчатов, Риддер және Серебрянск, ал Оңтүстік Қазақстан облысында - Кентау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz