Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

КІРІСПЕ2

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ4

1. 1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ7

1. 2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ12

2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ . . . 14

2. 1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУ. 17

2. 2. КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ СОТТАЛҒАНДЫҒЫН ЖОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ19

ҚОРЫТЫНДЫ21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ22

КІРІСПЕ

Қазіргі кең көлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тез жүріп жатқан қоғамымызда әлі дүниетанымдары толығымен бекімеген жастарға қиын тиюде.

Кәмелетке толмағандардың мораль мен құқық туралы пайымдаулары олардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы күйге толық ауыса қоймағандықтан олардың іс-қимылдарында толқушылықтар әрдайым орын алады. Жас жеткіншектерге, жастарға қазіргі кезде көңіл бөлуді күшейте түсу керек, өйткені бұл олардың құқықбұзушылығының алдын алуға ықпал етеді.

Мысалы, көршілес жатқан Ресейде скинхедтер, шовинистік топта құрылған жастар бірлестіктері қаулап өсуде. Бұл олардың өмірге деген өз көзқарастарын көрсетудің бірден-бір құралдары болуда. Сондықтан біздің тәуелсіз Қазақстанда да мұндай басбұзарларға жол бермеуге тиіспіз. Қандай да болмасын жастардың кішігірім одақтарын, топтарын (фанаттар, тинейджерлер және т. б. ) қоғамымыздың заңдарынан тыс әрекеттерге жібермеуіміз қажет.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тарауларының бірінде орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес 1990 жылғы 15 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясының келісімімен мақұлданған және күшіне енген "Балалардың құқықтары" туралы Конвенциясымен сәйкестендірілген. Заң шығарушы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы олардың психологиялық өсуі ерекшеліктерінен, қоршаған ортаның қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауының салдарынан және тағы басқа факторлардың әсерінен пайда болады деген тұжырымнан шығады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда мемлекет, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мәселелері өзіне тән тарихи даму сатыларының ерекшеліктеріне ие, мысалы, қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша 15 жаста жауаптылыққа тартылмаған.

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ

Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.

Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.

Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылыққа, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған 16 жасқа толған адам тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға қауіптіліктің деңгейіне қарай, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін кәмелетке толмағандар 14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл қылмыстарға: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулық қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері, адам ұрлау, ұрлық жасау, кісі тонау, ұрып-соғу, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену, ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу, террорлық акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлау, қару жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық, тағылық, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету қылмыстары жатады.

Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық кодексінде - 13, Нидерландыда, Португалияда - 12, Жаңа Зеландияда - 10, Ирландия құқығында - 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.

1991-1995 жылдардағы республика көлеміндегі статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуін былайша көрсетті: 1991 ж. - 7, 5%, 1992 ж. - 14, 1%, 1993 ж-11, 5%, 1994ж. -9, 6%, 1995 ж. - 5, 4%, 1996 ж. -7, 0%.

Көріп отырғанымыздай кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық деңгейінің сот-құқықтық реформа бойынша бірқатар латенттілігі бар екенін түсінеміз және оның едәуір төмендегенін байқаймыз. Тәжірибе көрсеткендей кәмелетке толмағандар арасында Республикамызда қылмыстың басым көпшілігі мүліктік қылмыстармен, зорлаумен байланысты, аса қатыгездікпен жасалған; спирттік ішімдіктерге, есірткі заттарға әуес болуымен байланысты қылмыс түрлері де көп кездеседі. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар көбінесе топтасқан түрде, ал олардың 20%-ы ересек адамдармен бірге жасалады.

Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі) .

Егер кәмелетке толмаған адамның (14, 16 жас) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1, 2-бөліктері) .

Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларга кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық жете дамымауынан болуы қажет.

Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданады. Тәжірибе кәмелетке толмағандарға бірінші рет қылмыс жасағандығы үшін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың тиімді емес екендігін дәлелдеп көрсетті.

Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды. Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:

а) айыппұл;

б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) қамау;

е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамнын жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.

3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.

5. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

6. Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.

7. Кәмелетке толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін - он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:

а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;

б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.

9. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.

10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін".

Мұндай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі, белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79-бабында жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін екіншісімен ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы толмағандарға мұндай ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық кодекстің 40, 42, 43-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мең тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.

Көріп отырғанымыздай, ересек адамдарға қарағанда (ҚК-тің 40-бабының екінші бөлігі), кәмелетке толмағандарға айыппұлдың төмендетілген мөлшері белгіленген, сонда да мұнымен қатар ҚК-тің 40-бабының екінші бөліктің шарттары сақталады, айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Кәмелетке толмағанның мүлкі оның өзіне тән болуы керек.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның жаңа түрі болып табылады және де кырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және де кәмелетке толмаған ол жұмыстарды оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың жазаның бұл түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек. Егер бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарса, онда жазаның бұл түрі ҚК-тің 45 және 46-баптарына сәйкес, қамаумен ауыстырылады.

Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді ересек адамдардан бөлек колонияларда өтейді. Колония екі топқа бөлінеді: бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандардың - жалпы режимдегі тәрбиелеу колониялары; бұрын бас бостандығын айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - жазасын күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және баска да мән-жайларға қарай сот қабылдаған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі. Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза әділ болуы керек. Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.

1. 2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

ҚК-тің 81 -бабы ізгілік және әділеттілік қағидаттарын негізге ала отырып бірінші peт кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса жазадан босатуы мүмкін екендігін белгілейді.

Мына көрсетілгендер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары болып табылады:

а) ескерту;

б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Қарастырып отырған баптағы тікелей көрсетіліп белгіленген шарттарды қолдану тек соттың құзыретінде. Жазадан босату белгілі бір шарттардың болуын талап етеді, олар мынадай шарттар:

1) қылмысты бірінші рет жасау;

2) кішігірім немесе орташа ауырлықта қылмыс жасау;

3) кәмелетке толмаған адамның түзелуіне тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп соттың қорытындыға келуі: қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, жасы толмағанның жеке басы (оның қылмыс жасағанға дейінгі жүріс-тұрысы), отбасындағы қарым-қатынасы, оқу орындарында немесе өндірістік мекемеде; келтірілген зиянды қалпына келтіруі; тергеуге қылмысты ашуға көмек көрсетуі және т. б.

Осы аталған шарттар болғанда ғана қылмыстық іс тоқтатылады және сот тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Бұл шарттардың мазмұны ҚК-тің 83-бабында көрсетілген.

Кәмелетке толмаған адамға ескерту жасау, оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.

Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың, орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, онын ішінде механикалық көлік құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралуы, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмыска орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Бұл тізбе әлі толық болып табылмайды.

Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзеуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Жаңа қылмыстың алдын-алу немесе оны болдырмау үшін сот, кәмелетке толмағанның жеке басын, қылмыстың cипаты мен қауіптілік дәрежесін, мінез-құлқын анықтай отырып оның түзелуі үшін белгіленген қандай да болмасын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының бірін қолдана алады.

Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған болса, арнайы заңдарға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысымен арнаулы құжаттар қылмыстық жауаптылыққа тартуға жібертіледі. Қарастырылып отырған шаралар мемлекеттік күштеу шаралары бола отырып, тәрбиелік сипатты қамтиды, бірақ соттылықты көздемейді.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуды аталмыш баптың бесінші бөлігінде көзделген мерзім біткеннен кейін ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейінгіден аспауы керек.

Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленеді.

2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ

2. 1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУ

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату жалпы және арнаулы қылмыстық құқылық нормалар арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтың жалпы нормасы бойынша кәмелетке толмағандар шын өкінуіне байланысты (65-бап) ; қажетті қорғану шегінен асқан кезде (66-бап), жәбірленушімен татуласуына байланысты (67-бап), жағдайдың өзгеруіне байланысты (68-бап), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (69-бап) қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық кодекстің 89-бабына сәйкес Қылмыстық кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуден босату кезінде тең жартысына қысқартылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың құқықтары
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz