Әлкей Марғұлан
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.тарау Ғалымның өмірбаянына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. «Қазақ археологиясының атасы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ. тарау Ғылыми зерттеулері мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қазақстан тарихы ғылымына сіңірген еңбегі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Кіріспе
Әлкей Марғұлан. Бұл есімді атаған кезде қазақ қауымының , оның тарихының бір белесі көз алдыңа келеді. Ол – қаһарлы да шерлі, айбынды да мұңды, ерлікпен қасіретке толы ХХ ғасыр. Ол – сол ғасырды дүбірлеткен, гүмбірлеткен, көсемсөз бен қаһарлы іспен бірге қайғы-қасіретке батқан ерлердің заманы. Ол заман – Алаш азаматының заманы, елім деп еңіреген, халқым деп қайысқан қаһармандар заманы .
Жұмыстың мақсаты:
Тарихи тұлға Әлкей Марғұланның тарихта алар орнын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Ә. Марғұланның өмірбаянына тоқталу.
- Ә. Марғұлан зерттеген хундар аңыз ертегілеріне ашып көрсету.
- Ә. Марғұлан Шоқан мұрасын жинаушы ғалым екеніне сипаттама беру.
- Ғалымдардың Ә. Марғұлан туралы еңбектеріне тоқталу.
Жұмыстың тарихнамасы.
Чулууны Далай, Моңғол ғалымы, (Улан-батор) - Қазақ халқының үлкен ғалым академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан ақсақалдың 80 жастық дүбірлі тойы өтіп жатқан осы бір шақта қолыма қалам алып ілтипат білдіруді жөн көрдім.
Әлкей Марғұланның шыққан биігі Ұлы Совет халқының ұрамында тең праволықпен еңбек етіп, мол табысқа жеткен Советтік Қазақстан ғалымдарының көл-көсер табыстарының бірден-бір айғағы. Сондықтан да, біз Қазақ ғалымының бүгінгі табысына қызыға қараймыз.
Ә. Марғұлан қазақ халқының тарихы мен археологиясын, этнографиясы мен ауыз әдебиетін арнай зерттеп, ондаған құнды еңбектер жазғанын Моңғолия ғалымдары жақсы біледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан ұлттық энциклопедия 6-том. А., 2004 ж.
2. Оңтүстік Қазақстан №59. 2004 ж.
3. Ә. Х. Марғұлан және оның мұрасы.
4. Отан тарихы 1/ 2004 ж.
5. Ұлт тағылымы №3. 1999 ж.
6. Парасат журналы №12. 2004 ж.
7. Ғұлама. Тұлға, тағдыр, тағылым. Павлодар 2004 ж.
8. Білім және еңбек. 1985 ж. №11.
9. Еңбекпен өткен өмірім. Ә. Марғұлан. Жұлдыз, 1989 ж. №1.
10. Шоқан туралы естеліктер. Ә. Марғұлан. Қазақ әдебиеті, 1982 ж.
11. Хабаршы. А., №2. 2004 ж.
12. Ә. Х. Марғұлан. Ежелгі жыр аңыздар. А., 1985 ж.
13. А. Веселовский . Сказания о красавице в тереме...
14. Ә.Х. Марғұлан. Шоқан және «Манас» А., 1971 ж.
15. В. Киселев. Древняя история Южной Сибирии. М., 1951 ж.
16. Өтенияз С. К. Аттила А., 2000 ж.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.тарау Ғалымның өмірбаянына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Қазақ археологиясының
атасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ. тарау Ғылыми зерттеулері мен
шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қазақстан тарихы ғылымына сіңірген еңбегі ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе
Әлкей Марғұлан. Бұл есімді атаған кезде қазақ қауымының , оның
тарихының бір белесі көз алдыңа келеді. Ол – қаһарлы да
шерлі, айбынды да мұңды, ерлікпен қасіретке толы ХХ ғасыр.
Ол – сол ғасырды дүбірлеткен, гүмбірлеткен, көсемсөз бен қаһарлы
іспен бірге қайғы-қасіретке батқан ерлердің заманы. Ол
заман – Алаш азаматының заманы, елім деп еңіреген, халқым деп
қайысқан қаһармандар заманы .
Жұмыстың мақсаты:
Тарихи тұлға Әлкей Марғұланның тарихта алар орнын ашып
көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Ә. Марғұланның өмірбаянына тоқталу.
- Ә. Марғұлан зерттеген хундар аңыз ертегілеріне ашып
көрсету.
- Ә. Марғұлан Шоқан мұрасын жинаушы ғалым екеніне сипаттама
беру.
- Ғалымдардың Ә. Марғұлан туралы еңбектеріне тоқталу.
Жұмыстың тарихнамасы.
Чулууны Далай, Моңғол ғалымы, (Улан-батор) - Қазақ халқының
үлкен ғалым академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан ақсақалдың 80
жастық дүбірлі тойы өтіп жатқан осы бір шақта қолыма
қалам алып ілтипат білдіруді жөн көрдім.
Әлкей Марғұланның шыққан биігі Ұлы Совет халқының
ұрамында тең праволықпен еңбек етіп, мол табысқа жеткен
Советтік Қазақстан ғалымдарының көл-көсер табыстарының
бірден-бір айғағы. Сондықтан да, біз Қазақ ғалымының бүгінгі
табысына қызыға қараймыз.
Ә. Марғұлан қазақ халқының тарихы мен археологиясын,
этнографиясы мен ауыз әдебиетін арнай зерттеп, ондаған құнды
еңбектер жазғанын Моңғолия ғалымдары жақсы біледі.
Қазақстандағы Андрон мәдениетінің қалың қыртысы Ә. Марғұлан
ақсақал өз шәкірттерімен қоян-қолтық жұмыс жасай отырып, байтақ
әлем назарына жайып салды. Онымен қатар Қола дәуірінің
Дандыбай- Беғазы мұрасын сол замандағы тайпалар мәдениетін
және сол кезеңдерінің дамуымен дәуірлері қақында соны да
салмақты пікірлер ұсынды,- деп өз ойын білдірген.
Тарих ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Мемлекетттік сыйлығының
лауреаты Кемал Ақышев Әлкей Марғұланды археологияның атасы
деп атаған. Ол өз сөзінде - әлекең халық үшін, ғылым үшін
археология саласында ғаламат еңбекқорлықпен, ғибрат боларлық
талғампаздықпен жасаған еңбекті қысқаша шолып өткеннің өзінде,
сексенге келіп өнеге таратып отырған парасатты ғалым, үлкен
адамның бейнесін қапысыз танимыз.
Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп,
том-том бағалы кітаптар жариялап, көпшілік санасының өсуіне,
білім қорының молаюына ықпал жасап келгендердің ең
көрнектілерінің бірі - Марғұлан деп жазған, профессор Мырзатай
Жолдасбеков.
Жұмыстың өзектілігі.
Марғұлан қазақтың біртуары. Бұл сөздің аясында оның
бүгіндері аталып өтіп жатқан жүз жылдық мерейлі ғұмыры
шеңерінде көп сөздер айтуға болар еді. ол иен далада палатка
тігіп, қолына лупасы мен қаламын қоса ұстап, топырақтан сыр
тартқан төзім иесі. Ол кезінде аты шулы Орталық
Қазақстан, Сарайшық, Талас, Шу экспедицияларын басқарып, Батыс
пен Шығыс , Оңтүстік өңіріндегі түркі жұртына тиесілі
тылсым сырларды ашты. Аша алмай көкірек тұңғиығында
кеткендері қаншама. Қазақ жеріндегі ұлыстарды , соның ішінде
Орталық Қазақстанда, атақты Сарарқаны жарты ғасырға жуық
зерттеп, қайран қалдырар жаңалықтар ашқан ғалым өзінің
шәкірттерімен бірге Орталық Қазақстан халықтарының мұнан төрт
мың жыл бұрынғы тарихынан бастап, біздің заманымызға дейінгі
мәдениетін жан-жақты көрсететін тарихи-
археологиялық ескерткіштерді тапты. Мұсылман дініне дейінгі
Қазақстандағы архитектура, Беғазы-Дандыбай мәдениеті атты
іргелі еңбектер соның нәтижесі.
Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уалиханов атындағы
сыйлығының лауреаты араб, парсы, түркі тілдерін жетік
білетін, ағылшын, француз, немісше де танып қажетінше тереңдей
алатын, әр құбылысты егжей-тегжейлі талдап, талассыз ой
айтатын телегей теңіз білім иесін даналықтың сыр сандығы
ретінде қабылдауымыз әбден орынды.
1. Әлкей Марғұланның өмірбаянына шолу
Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдың 11 мамырында Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Болашақ
ғұлама ғалымның әкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей
ұрпағы. Олжабай батыр Абылай хан басшылығмен бірге Бөгенбай
атыр, Наурызбай атыр және қабанбай батырлармен бірге қазақ
жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғап, көзге түсті. (1)
Әлкейдің әкесі Хақан мен шешесі Нүрилә көптеген
халық ертегілері мен аңыздарын білген. Үйінде халық әндері,
өлеңдері және Абай әуендері жиі шырқалған. Әлкей бес
жасында оқып жаза білуге үйренген. Бала кезінде Қобыланды,
Алпамыс, Кероглы, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу дастан жырларын
жатқа айта білген. Хақан үйінде белгілі ақын, ғалым Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы, Жаяу Мұса, Имантай Сәтбаев сынды қазақтың
ақын, сауыққойлары бас қосып тұрған. Әлкейдің өнер сауыққа
ұғымтал болып өсуіне олардың ықпалы көп болды. (2)
Ғалым - ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы,
шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы. Бүкілодақтық география
қоғамының толық мүшесі (1933 ж), филология ғылымының докторы
(1945 ж), Қазақстан ҒА академигі (1958 ж), ҚазКСР-інің еңбек
сіңірген ғылым қайраткері (1961 ж). Бастапқы біліміді ауыл
мектебінен алды. Повлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіріп,
туған ауылында мұғалым болып істеді. 1921 – 25 жылдары Семей
пед. Техникумының студенті бола жүріп, Таң журналы мен
Қазақ тілі газетінің редакцияларында қызмет атқарды . Осы
жылдары ол М. Әуезовпен, М. Жұмабаевпен танысты. 1925 – 29
жылдары Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану
институтының түріктану және тарих-филология факультеттерінде қатар
оқыды. 1926 – 27 жылдары М. КСРО ҒА-ның акад. А. Е. Ферсман мен
профессор С. И.
Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай
археология және этнография экспедицияларының жұмысына
қатынасты. Экспедиция кезінде Ә. Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас
орнатып, бірлесіп қызмет жасады. М. 1928 жылдан қазақ халқына
қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды.
1929 жыл Абай шығарм. туралы дипломдық жұмыс қорғап, орыс
геогр. қоғамы архивіндегі Абай қолжазбалары туралы нақты
тарихи деректер негізінде ғылыми дәйекті тұжірімдар жасады.
1930-31 жылдары Терминол. комиссиясының ғалым хатшысы, 1931-34
жылдары Ленинградтағы Мемл. Материалдық мәдениет тарихы
академиясының асперанты, 1931 – 35 жылдары Шығыстану
институтының оқытушысы, 1936 – 38 жылдары Мәскеудегі материалдық
мәдениет тарихы институтының ізденушісі және ғылыми
қызметкері болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркістан археологиясы
мен өнері бойынша маманданып, бірнеше археолог.
экспертизаларға қатысты. 1939 – 41 жылдары КСРО ҒА Қазақ
бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болды.
1940 – 41 жылдары оның Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі
эпосы , Декабристер және Қазақстан, Әлішер Науаи және
қазақ мәдениеті, Мұхаммед Хайдар - тарихшы , Шоқан Уалиханов
және Орта Азия тарихы , Суворов, Жамбыл Жабаев, т.б.
еңбектері жарық көрді.
1941 жылы КСРО ҒА қазақ бөлімшесінің тарих бөлімін
басқарды. Осы қызметте жүріп Хандар жарлығының тарихи
маңызы деген тақырыпқа қорғаған канд. Диссертациясында көне
қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. 1945
жылы Қазақ халқының эпикалық жыр-дастандары тақырыбында
қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиеті мен тарихы
саласындағы іргелі зерттеулердің нәтижесі саналды. (3)
Ә. Марғұлан ойшыл әрі ғалым педогог ретінде өз бетін
танытқан жұмыстарының бастамасы бұл қазақ халқының рухани
мұраларын жинақау арқылы алтын қорын байытуы. Сонымен қатар
оған жан-жақты талдау жасауы. Осы іс-әрекет барысында ғұлама
ғалым осы рухани мұралардағы тәлім-тәрбиелік идеяларға назар
аудару құптарлық жағдай. Ол қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба
мұраларын зерттеуде көптеген тың материалдарды өңдеп
жарыққа шығарды. Қазақтың небір мақал-мәтел эпостық жырларын
алғашқылардың бірі болып өз халқына қайта таныстырды.
Ғұламаның Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кешені деген
кітапшасының бірінші бетінде Естияр балалар үшін деп
тайға таңба басқандай анық етіп оқшаулап ойған. Кітаптың
мазмұнында бұл эпос бозбалалар мен бойжеткендердің
адамгершілік сезімін оятып оларды сертіне берік болуға,
туған жерді аялап оны жан тәнімен сүюге тәрбиелейді, -деп атап
көрсетеді.
Тәлімгер ғалымның бастауыш және жоғарғы класс оқушыларына
арнап сонау аумалы-төкпелі кеңес заманында шығарған
кітапшаларына қарап таң қалуға болады. Бұл оның
педогогика тұрғысынан терең ойлайтын жастарға үлкен
тағылымдық тәрбие беретін әйгілі тұлға екенін байқатады. Осы
жылдары , ғұлама ғалым өзінің бар білімін, өнерін, қажыр-
қайратын қазақ елінің көрнекті тұлғаларын зерттеуге бағыштағаны
байқалады. Ол әрқашан талапты адам әрқашан биікке шығады
деп жиі айтатынын оның шәкірттері еске алуда. (4)
1930 жылы қазақ жастарын оқытуға арналған оқу пәндерінің
жалпы бағдарламасы 12 бөлімнен тұрады:
1. Қазақстан Оқу комисариатының қаулысы;
2. Қара шаруа жастар мектебі;
3. қара шаруа жастар мектебінің кешенді жүйесімен жасалатын
програма;
4. Қара шаруа жастар мектебінде ауыл шарауашылық
кәперетибке тарту, коллективтендіру мәселелерін зерттеу;
5. Қара шаруа жастар мектебі үшін қоғам тану сабағының
программасы;
6. Жағрафия программасы;
7. Суретті әдебиет туралы;
8. Физика сабағынң программасы;
9. Химия программасы;
10. Қара шаруа жастар мектебінде математика сабағы;
11. Қазақ мектептері үшін орыс тілінен программалар;
12. Программаларға методикалық хаттар (орыс тілі бойынша).
Әрбір жеке оқу пәндерінің бағдарламаларын жазғандар мен
жасаушылардың нақты аты -жөндері көрсетілмегендіктен
авторлық ұжымның мамандықтарына қарап, Әлкей Марғұлан Суретті
әдебиет оқу пәнінің бағдарламасын жасаушылардың бірі деп
толық айтуға болады.
Олай деуімізге себеп, Марғұлан 1930-1931 жылдары Қазақ
ССР Оқу ағарту Комисариатының жанындағы терминологиялық
комиссияның ғылыми хатшысы қызметін атқарған және мамандығы
филолог.
Бағдарлама жинағындағы Суретті әдебиет бөлімі қазақ
әдебиеті бойынша шаруа жастар мектебінің оқу бағдарламасы. Ол
Жалпы сөз деген кіріспеден, Оқуға жаттығу , сөйлеуге
жаттығу, Жазу тіліне жаттығу, Әдебиет жөніндегі істердің
қоғамға пайдалы іспен байланысуы, әдебиет шығармаларын түр
жағынан зерттеу деген бөлімдерден және үш жылға арналған
білім қорыту , байқау бағдарламасынан тұрады.
Кіріспеде әдебиеттанушылар мен мұғалімдер алдына
қойылатын талаптар туралы, қоғам дамуындағы әдебиеттің рөлі мен
міндеттері туралы, жазушылардың аттары мен олардың шығармалары,
ұсынылған әдебиеттер тізімі берілген. Мысалы, мұғалімдерге
қойылатын негізгі талаптар: әдебиет шығармаларын зерттеуде
қолданылатын әдіс, ғылыми-социологиялық әдіс болуы керек; бұл
әдістің шарты әрбір әдебиет шығармалары мен соның
шығарушыларын өз заманының көрінісі есебінде тексеруде;
қоғамтану сабағында алынған білімге сүйене отырып, тексеретін
жазушыларымыздың мұң-тілегін, арман мақсатын, нені жырлайтынын
айқындап алуымыз керек. Бұл жайларды ашу әрбір жазушының
шығармалары социалдық жағдайдың қорытындысы екенін білдіреді,
- делінген .
Бағдарлама кіріспесінде, сондай-ақ, үш жылдық оқу
мерзімінде оқытылатын мына төмендегідей тақырыптар бөлініп
көрсетілген:
Бірінші жыл.
1. Тақырып – бүгінгі ауыл, төңкерістің жемісін көріп
отырған ауыл кедейінің әдебиеттегі суреттері.
2. Бұрынғы рушылдық жігіндегі ауыл, хан, би, батырлар
заманы, соның ілгері-кейінді жоқшылары.
Екінші жыл.
1. Азамат соғысының уақытындағы ауыл тұрмысы. Төңкеріске
қатысқан қазақ жалшылары, төңкерісшілері.
2. 16- шы жыл мен ескірек кездегі ұлт бостандығы
жолындағы әдебиет сол кездегі ауыл күйі.
Үшінші жыл.
1. Октябрь төңкерісінен соңғы жылдар. Сонымен қатар
жүрген кеңес құрылысы. Жұмысшы табының соңына ерген ауыл
еңбекшілері жалпы батырақтары, алғаш соның бағытына талпынған
бет.
2. 1905 жыл мен 1916 жыл арасындағы ауыл күйі. Ел
арасындағы азғындаған мінездер, теңсіздіктер.
Сол кездегі оқығандар қозғалысы. Алғашқы ұлтшыл, халықшыл
оқығандар. Отаршылыққа қарсы ағым.
Бағдарлама мен түсініктеме хатта, бірінші жылда тіл
тануда көп уақыт бөлу керектігін ескерте отырып, бұл
тұстағы істелер жұмыстар мен ұстанар талаптарға тоқталып
өтіледі. Бағдарламада көрсетілген тақырыптар негізінде тоқырап
қалмау, оларды сол күйінде ұғынбау, жалпы осы
программаны негізге ала отырып, оның ауқымын кеңейту керектігі
айтылады. Ол үшін оқытушылардың өздері сол кезде шығып
тұратын журналдарды кеңінен оқып, бүгінгі ауыл, бүгінгі
құрылыс деген жайлардан жазылатын әңгімелерден хабардар
болып, ол әңгімелерден балалардың жасына қолайлы келетіндерін
таңдап ала білулері керек. Осындай түсініктерден кейін
автор, бірінші жылдың алғашқы жарты жыл ішіндегі мынадай
зор міндеттерді анықтап береді: Балаларды суретті
әдебиетке қызықтыру. Соны оқытуға ентелету, онан соң дұрыс
оқуға үйрету. (5)
Бағдарламадағы Оқуға жаттығу бөлімінде Оқи білу
жалғыз тіл ғылымы мен әдебиеті үшін ғана емес, ғылымның қай
саласына барып, қай кітабын ұстасаң да соған мұқтажсың
дейді. Осы бөлімде мұғалімдердің әлі методика
мәселелерін жетік меңгере алмағандығын айта келіп, оларға
бірқатар кеңестер берілген.
Бағдарламаның Сөйлеуге жаттығу бөлімінде автор балаларды
...анық, ұғымды, тиімді сөйлеуге баулу екенін көрсетіп,
сөйлеуге жаттығудың әр жылдарда негізгі жолдарын көрсете отырып,
үшінші сөйлеудің аса қажет екендігіне тоқталады.
Бағдарламаның Әдебиет жөніндегі істердің қоғамға пайдалы
іспен байланысы атты бөлімінде жазылған түсініктері негізінен
ағартушылық бағыттты ұстанғанымен, әдебиет пен өмір бірлігінің
қажеттігін, әдебиетті оқытуда өмір мен тығыз байланыстыру
принциптерін ұсынады.
Әдебиет шығармаларын түр жағынан зерттеу атты бағдарлама
бөлімінде автор әдебиет туындысын жалғыз мазмұны жағынан
зерттеп қоймай, әдебиет түрін де ғылыми-социологиялық әдіспен
зерттеп, ұғынуды ұсынған. Әдебиетті түр жағынан салыстыра зерттеу
жаңа ғылым екенін ескертіп, қолдана білмесе, алдын ала көп
ойланбаса, көпшілік тайғақ жолға түсіп кетуі мүмкін. ...Ақынның,
не жазушының өмірбаянына қарай салып, шыққан ортасын ғана
біле салып, барлық шығармаларында да ол не байдың , не
қара шаруаның, не жұмысшының ақыны деп келетін қорытындылар
болуы мүмкін дейді.
Сонымен қазақ әдебиетінің бұл бағдарламасы сол кездегі
өмір қажеттігінен туған, бағдарламадағы тақырыптар көлемі мен
мазмұны жағынан кең және терең. Сондай-ақ, қазақ
мұғалімдері әдебиетті оқыту әдістемесін игеру қажеттігі
туралы автордың пікірлері оның еңбек жолын мектепте
мұғалімдіктен бастап, Санкт-Петербургтың оқу орындарында студент
болып, тәлім-тәрбие алған әдебиетші, педагог болғаны көрініп
тұр.
Көп жылғы ізденісінің негізінде Ежелгі Қазақстан қалалары
мен құрылыс өнерінің тарихы деген үлкен монографиялық
еңбегінде ертедегі бабаларымыздың жастарды қолөнерге, кітап
көшіруге, сурет салуға тәрбиелеуге байланысты арнайы
шеберханалармен ұғындырды (ерте замандарда мектепті солай атаған
– Т. Ә) орындарының ерекшелігін дәріптеп жазды. Қазақ халқының
жастарды сәби кезінен еңбекке баулып ерекше деп қойғанын
әр кездерде әр қырынан мақтана жазғанын байқаймыз.
Күрделі ғылыми еңбектер мен қатар мектеп оқушыларына арнап
олардың
таным деңгейіне байланысты сонау 1939 жылы Еңбексіздің ісі
, Уезірдің шешуі атты ертегілерді еріней жинап, жарыққа
шығарды.
1946 – 53 жылдары археология , палеолит бөлімінің
меңгерушісі, аға ғыл. қызметкері. 1953-55 жылдары Қазақстан
ҒА – ның Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары
институтының аға ғыл. қызметкері болды. 1958 – 76 жылдары
этнография бөлімін басқарды. Осы жылдар Марғұлан Сырдария, Шу,
Талас өзендері бойында және Отырар, Сауран , Сығанақ
қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде
Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің
тарихы аталатын монографиясын жариялады. К.Акышев, М. Қадырбаев,
М. Оразбаевтармен бірге Орталық Қазақстанда жүргізген
археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын
Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті атты ғыл. зерт. Еңбегін
жазып, кітаптың редакциясын басқарды. Марғұлан - қорқыттанушы.
Ол оғыз қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй
атасы, қазақ бақсыларының жебеушісі, батагөй –сәуегөйі
Қорқыт мұрасын зерттеді. Оның жазуынша , қазақ музыкасы мен
философиясында Қорқыт күйі , Қорқыт сарыны , Қорқыт толғауы,
Тәңір биі дейтін рухани ізгі дәстүрлер мақамдар қалыптасып
дамыған. Демек, Қорқыт - керемет иесі, ұлыстың ұлы
кеңесшісі, тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау. Марғұлан Қорқыт
мұрасын, дәстүрін ұстанған халық мәдениетінің көрнекті
өкілдерін былайша топтастырады: 1) бақсы - жыраулар (Қойлыбай,
Қарамырза, Нысан абыз, т.б.); 2) қобызбен күй орындаушылар (Әл-
Фараби, Кет бұға); 3) Сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау,
Асан қайғы, Шалгез, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау,
Тәтіқара, Майлықожа , т.б.) 4) орқыт дәстүрін жалғастырған,
қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар , Ерімбет жырау,
Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Абыл,
Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.). Марғұланның Қазақ халқының
көне замандағы ақындық өнерінің шеберлері атты еңбегінде
қазақ халқының эпикалық жыр-дәстүрін дамытқан ақындарға, шебер
орындаушыларға, сал- серілерге тоқталып, олардың сөз
өнеріндегі орнын айқындады. Еңбектегі ғыл. тұжырымдар танымдық
тереңдігі мен ерекшеленеді, онда көне ойшылдардан бастап
Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Барабай, Сүйінбай, Жамбыл,
Нүрпейіс, Иса секілді ақындар шығармасы талданады.
Марғұланның Тамғалы тас жазуы атты зерттеуінде әдеби-
тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседі. Ол сонымен
қатар қырғыз халқының Манас эпосы туралы ғылыми
зерттеу ісінің дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние
жүзіне алғаш таныстырған Шоқан Уалиханов, Кеңес заманында
бастапқы зерттеулерді жүргізген Әуезов болса, кейіннен осы
дәстүр Марғұланның Шоқан мен Манас атты монографиясында
жалғасты. Ол эпостағы өмір шындығы, жырдың шығу тегі,
дәуірі, кейіпкерлері мен көркемдік кестесі және манасшылардың
жырды жетілдірудегі қызметі, т.б. жөнінде ғылыми маңызы
жоғары пікірлер айтты. 1957-67 жылдары Уалихановтың ғылыми
мұраларын жинайтын топқа басшылық етіп, оның таңдамалы және
бес томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды. 1976-84
жылдары Қазақстан ҒА этнография бөлімінің аға ғылыми
қызметкері болды. Оның ынта-жігері мен ұсыныс бойынша қазақ
даласының ең шалғай аудандарына бірнеше археологиялық және
этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзіне
дейінгі Қазақстанды зерттеуші оры ғалымдарының қзақ даласы
тек көшпелілер мекені болды деген тұжырымдарының шындыққа
сай келмейтіндігін дәлелдеді. Ғалым 40 жылдардың аяғында
бірнеше рет саяси қудалауға ұшырады, кейін де ұдайы саяси
бақылауда
болды. ғылыми ортаның кейбір қисынсыз сындарына ұшырады.
Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер және
металлургия саласына қатысты 300 – ден астам ғылыми зерттеу
жұмыстар, 100-ден астам энциклопедиялық мақалалар жазды,
сонымен қатар Қазақстандық этнографтардың, архелогтардың,
тарихшылардың бірнеше буынын даярлады. Оның ғылыми
еңбектерінің бірқатары шетел тілдеріне аударылды. 1991
жылы Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография
институтындағы археологиялық ортаның негізінде Марғұлан атындағы
Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз,
Жезқазған қалалары мен Оңтүстік қазақстан облысында, Баянауыл,
Екібастұз аудандарында бірнеше көшелер, мектептер Марғұлан
есімімен аталады. Павлодар қаласында мүсіні орнатылған, сондай
ақ С. Торайғыров атындағы Павлодар педоггогикалық
университетінде Марғұлан атында стипендия тағайындалып, музей
ашылған. Жүз жылдық мерей тойы ЮНЕСКО –ның шешімімен
дүние жүзілік деңгейде аталып өтті. 1962 жылы Қазақстан ҒА
–ның Ш. Уалиханов атындағы сыйлық , 1982 жылы Қазақстан
мемлекетттік сыйлығын алды. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы,
Ленин ордендері мен және медальдармен марапатталған.
Шығ: Из истории городов и строительного искусства древнего
Казахстана, А. - А., 1950; Открытие новых памятников культуры
эпохи бронзы Центрального Казахстана А. –А., 1966; До исламская
архитектура Казахстана, М, 1968; Бегазы-Дандыбаевская культура
Центрального Казахстана; А.-А. , 1979 ; Ежелгі жыр аңыздар, А.,
1985; Казахское народное прикладное искусство, 1-3 т., 1986-90;
Собрание соч., 1-4 т; А., 1998-2003.
Ал, 1990 жылы Қ. Сәтбаевқа арнап Зерек баладан – заңғар
ғалым мақалалары жас еңбекке тәрбиелеу мәселесіне зер сала
кіріскенін көреміз. Жастардың ақыл ойын дамытуға қатысты
небір жаңылтпаш, есеп , ойынның маңызы зор екенін білім және
еңбек , Мәдениет және тұрмыс журналдарында жиі жарық көрген
мақалаларынан аңғаруға болады.
Тарих, археология және этнография институтының этнография
бөлімінің меңгерушісі болып жүрген кездерінде Шоқан
Уалихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп
шығаруға басшылқ етті. Бұл кітаптардың студент жастарымыздың
ғылыми еңбекте ынталануына көмегі зор – деп жазды білгір ғалым.
Міне ғұлама - ғалымның тәрбиенің әр түріне байланысты
небір құнды ой пікірлер айтқанын байқаймыз. Сонымен қатар
Петербордағы Шығыстану институтында мұғалім болып жүргенде
шығарған арнайы курс бағдарламалары мен лекциялар жинағын
келешекте тауып оны көпшілікпен ғылыми қауымға таныстыру
абзал істердің бірі дер едік. (6)
Ә. Марғұланның этнопсихология, ұлттық мінез туралы айтқан
небір сындарл түйін тұжырымдары да ерекшелігімен көзге
түседі. Ғұлама әр халықтың өзіне тән мінез құлқы,
темпераменті, талғам түсінігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, жол-
жоралғысы болатындығын ерекше алға тартады. Сондай ақ ол
барша тәрбиенің басты мақсаты өз елін сүйетін, ұлттық
санасы оянған, бойында игі қасиеттері мол қазіргі қоғамның
белсенді мүшелерін тәрбиелеу деп атап айтуы оның тәлім-
тәрбиеге мән берген тәлімгер ғалым екенін аңғартады.
Сөз соңында айтарымыз ұлы ғалымның мол мұрасын
зерделеп, келешекте ол жайлы тың еңбектер жазылатынына сөз
жоқ.
Оның педогогика мен психологияға қатысты арнайы еңбектері
болмаса да, оны қазақтан шыққан жаңа типтегі педогогтардың
бірегейі деп айтуға әбден болады.
Әлкей Марғұланның зерттеулері.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан тек ғалым ғана емес, ол өз
алдына дербес ғылыми мекеме деп М. Әуезов айтқандай, Әлкей
Хақанұлы өмірі мен ғылыми еңбектері жаңалық ашу мен сәтті
табыстардың үлкен біртұтас дәуірі деуге болады (7). Әр
ғалымның өмірдегі басты нәрсесі - зерттелмегенді танып
білуге, жаңалықтар ашуға ұмтылуы, өткенге сын көзбен
қарауы. Ә. Марғұланның ден қойып, көңіл аударған ғылым
салалары археология, өнертану, тарих, этнография мен шектеліп
қана қоймайды. Сонымен бірге, ғалымның айрықша көңіл
бөліп, ұзақ жылдар шұғылданғаны - қазықтың ұлы демократ
ғалымы, ағартушы, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың өмірі
мен еңбегі.
Шоқанның ғылыми мұрасы мен қоғамдық қызметін көптеген
ғалымдар зерттеді. Шоқантанушы ғалымдардың ішінде Әлкей
Марғұланның орны ерекше. Ғалым Шоқан мұрасын зерттеуде үлкен
білгірлік пен белсенділік танытты. Бұл туралы кезінде
академик Салық Зиманов Его труды имеют двоякие значение
научное и источниковетческие деген болатын (8). Академик С.
Зиманов Шоқанның өзінің және ұшқан ұясының толық
өмірбаянын жазуда Әлкейдің үлесінде екенін бағалады. Ол
Шоқанның Париж, Санкт-Петербург, Омбы, Семей тағы басқа
қалалардағы кітапханалар мен қолжазба қорларында, архивтерде
шаң басып, ешкімнің назарына ілінбей жатқан ірі-ірі
еңбектерін тырнақтап жинап, сарыла зерттеп, ғылыми
библиографиялық жүйемен басын қосып, бес томдық шығармалар
жинағын бастырып шығарды. Егер Әлкей Марғұлан сияқты
ұлы зерттеуші болмаса, ұлы ғалым Шоқанды біз дәл бүгінгідей
дәрежеде танып біле алмас едік. Бұл пікірімізді ғалымның:
Мен өмірімнің ең жеміс бретін шағын, қайрат-қуат мол
жылдарын Шоқанды әлемге танытуға арнадым. Мүмікн сол
себептен кезектегі өзімнің еншімнен қағыс қалған шығармын,
көкректе сайраған талай ойлар бар еді. бірақ өкінбеймін.
Шоқан көп адамдар ғұмырын арнауға тұратын жан. Ол
халқымыздың ең жақсы қасиеттерін бойына жыйып туа салған
данышпан деген сөздерді толық растайды. (9).
Аты аңызға айналған этнограф, тарихшы, шығыстанушы,
географ, суретші, әдебиетші, фольклоршы Шоқан сынды ғалым
өзінің бар жоғы жиырма тоғыз жылдық қысқа ғұмырында ұшан
теңіз көп ғылыми мұра қалдырған. Ғылым әлемінде құйрықты
жұлдыздай жарқырап көрінген Шоқанның мұраларын жинап, жариялау
ісіне көптеген ғалымдр қатысып, лайықты бағаларын берді.
Тарихшы С. Келдекбайұлы Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде
Шоқан мұрасын игерушілерді үш топқа бөліп қарайды,
бірінші топ - Шоқаннның көзі тірісінде ақ оның еңбектерін
бастырып, жариялаумен айналысқандар. Олар: К. К. Гутковскй, П. П.
Семенов-Тянь-Шанский, А. Н. Бекетов, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П.
Ковалевский, неміс ғалымдары А: Эрман, А. Петерман, ағылшын
ғалымдары ағайынды Митчельдер және тағы басқалар. Ғалымның
Қашғария туралы зерттеуін 1861 жылы профессор А. Н. Бекетов
Петербургте басып шығарса, көп ұзамай неміс ғалымдары
Эрман мен Петерман Германияда басып шығарады. Оның үлкен
кітабын ағайынды Митчельдер 1865 жылы Лондонда ағылшын
тілінде шығарады. Әрине, мұның бәрі ұлы қазқ ғалымының
ғылыми мұрасының бір пұшпағы ғана еді.
Екінші топ - қазақ ғалымы қайтыс болғаннан кейін оның
мұрасын игерушілер. Олар: генерал К. К. Гутковский, А. К.
Гейнс, Н. М. Ядринцев, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Ф. Р. Остен-Сакен
тағы басқалар. Шоқан қайтыс болғаннан кейін, оның ғылыми
мұрасын игеріп, жарыққа шығарудың жаңа кезеңі басталды.
Ең басты мәселе, ғалымның еңбегін жоғалып кетпей тұрғанда
сақтап қалу
керек болды. Осы игілікті іске оның достары, яғни,
алдыңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz