Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп (2000 сөз)



Мектептегі тәжірибелік кезеңде өзім бірінші кезеңнен оқып, үйреніп келген жаңа Бағдарлама идеясын бойымнан өткізген болсам, енді тәжірибе жүзінде балалармен сабақ үрдісінде жұмыс жасай отырып, нәтижесі қандай болатындығын зерделедім.
«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бағдарламада қарастырылған жеті модуль мазмұнын өз тәжірибеме енгізе жұмыс жасауды жоспарлап алдым. Әр сабағымда осы модульдер ықпалдастығының болуына баса назар аудардым.
Соның ішінде, тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін қалай қолданғаныма тоқталғым келеді. Бұл модуль қазіргі заманғы оқу үрдісінің барысына сай келеді деп ойлаймын. Оқушылар ойын толық, ашық жеткізуге, пікір таласуға, диалогқа түсуге өте тиімді модуль.
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
• Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
• Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
• Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;
• Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бағдарламасы – жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуының басталу алғышарты деген пікір бар. Тар мағынада сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлау" деп сипатталады. Психолог Дайана Халперн сыни тұрғыдан ойлауды күтілетін түпкі нәтижеге қолжеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырады. Оның мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Ал «оқуды» үйретудің қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. (Флейвелл 1976.)
1. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей,
2. www.cpm.kz (Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп (2000 сөз)

Мектептегі тәжірибелік кезеңде өзім бірінші кезеңнен оқып, үйреніп келген жаңа Бағдарлама идеясын бойымнан өткізген болсам, енді тәжірибе жүзінде балалармен сабақ үрдісінде жұмыс жасай отырып, нәтижесі қандай болатындығын зерделедім.
Мұғалімге арналған нұсқаулықта негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бағдарламада қарастырылған жеті модуль мазмұнын өз тәжірибеме енгізе жұмыс жасауды жоспарлап алдым. Әр сабағымда осы модульдер ықпалдастығының болуына баса назар аудардым.
Соның ішінде, тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қалай қолданғаныма тоқталғым келеді. Бұл модуль қазіргі заманғы оқу үрдісінің барысына сай келеді деп ойлаймын. Оқушылар ойын толық, ашық жеткізуге, пікір таласуға, диалогқа түсуге өте тиімді модуль.
Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
* Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
* Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
* Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;
* Идеяларды сынау және шындықты іздеу.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бағдарламасы - жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту - осы қоғамның өркениетті дамуының басталу алғышарты деген пікір бар. Тар мағынада сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлау" деп сипатталады. Психолог Дайана Халперн сыни тұрғыдан ойлауды күтілетін түпкі нәтижеге қолжеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырады. Оның мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Ал оқуды үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. (Флейвелл 1976.)
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады. Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін оқушыларға қолайлы орта жасау керек:
+ Біріншіден, оқыту климаты үшін мұғалім мен оқушы бірге жауапты болады.
+ Екіншіден, мұғалім оқушылар үшін оларды қолдай отырып, олар өзінің ойшыл стратегияларымен бөліскенде ойларын модельдейді. Мұғалімдер өз білімін емес, басқаларды мұқият тыңдай отырып, бір пікірге сыйластықпен қарап, адамдардың сыни тұрғыдан ойлауын қалай жүзеге асатынын модельдейді.
+ Үшіншіден сыныпта ізденіс және ашық атмосфера жасалған.
+ Төртіншіден жұмыс істеуге жасалған қолайлы жағдайы бар ортаны қалыптастырудың үлкен мәні бар.
Сыныпта оқушылар кез келген уақытта жауаптар іздестіруде немесе ұжымдық зерттеулерде қажетті кітапты немесе сөздікті ала алатындай, өздерін еркін сезінулері керек.
Сыни тұрғыдан ойлау тек оқушыларға ғана бағытталған емес, ең алдымен мұғалімнің өз іс-тәжірибесін сыни тұрғысынан бағалау деп ойлаймын.
Осы модульдің аясында сабақтардың әрқайсысына қолайлы әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, арнайы тапсырмалар даярлап отырдым. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы, топпен талқылауы, шешім қабылдауы сияқты іс-әрекеттерін басты назарда ұстадым. Сабағымды әуелі ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Оқушылар арасындағы тұлғааралық қатынасты орнатып алдым.
Сабағымның көп бөлігі компьютермен жұмыс болғандықтан, жалықтырмау үшін компьютермен орындайтын жұмыстарды түрлендіруге тырыстым. Әр күн сайын ойлануға тапсырмалар бердім. Оқулықпен мүлдем жұмыс жасамадық деуге болады. Сабақтарымда өзім құрған мақсатқа жету үшін бағдарламадан курс кезінде алған білімімді іс-тәжірибемен ұштастыра отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Олар: Кубизм стратегиясы, Миға шабуыл, Конверттегі тапсырма, Информатикалық диктант, Сұрақтары бар қорап, Өрмекшінің торы, Алтын балыққа арналған аквариум, Мозаикалық Джиксо, Компьютермен жұмыс, Сабақ не туралы болды, Сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары, Еркін талқылау, 9 Ромб, Ойлан-Жұптас-Бөліс, Ыстық орындық, Жадыны дамытуға арналғантренинг, Де Бононың 6 қалпағы т.б. Бұл әдістерді қолдана отырып, оқытудағы мақсатым оқушылар нақты жауапты оқулықтан іздемей, өз араларынды пікір алмасу арқылы шешімге өздігімен келу. Мұғалім ештеңе дайын бермейтінін түсінді. Сұрақтар туындаса мұғалім жауабын беруге міндетті емес екеніне түсінуге жетеледім.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Ыстық орындық, Алтын балыққа арналған аквариум, Сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары, Сұрақтары бар қорап т.б стратегияларды мектептегі тәжірибелік кезеңде қолдандым.
Оқу үрдісінде сұрақтар түрленіп отырады. Оқушылардың жауабы қате болса, қателігін бетіне баспай, қате сұрақтың жауабын өзіне таптыруға немесе көршісінен, тобынан көмек сұрауға шақырамын. Оқушылар мұғалімге және өзінің сыныптасына сұрақ қояды. Сабаққа дайындалғанда оқушыларға қойылатын сұрақтарды әбден ойластырамын. Ол сол сұрақтарға жауап тауып, таңдап, өзіндік пікірлерін айта білді. Оқулықтағы дайын сұрақтарды күрделену дәрежесіне қарай жіктеуден бастадым. Оқулықтағы мәтінді оқып, топпен сұрақтар құрастырдық.
Оқушылар ойлану арқылы өз ойын еркін жеткізе алады. Ал егер біз өзіміздің айтқанымызды ғана орындатсақ, онда бұрынғы дәстүрлі оқыту үрдісінен шыға алмай қалғандығымыз болар еді.
Сабақ тақырыбын ашуда және мақсат қоюда оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлануына жұптық әңгіменің маңыздылығы ерекше болып табылады. Осы сын тұрғысынан ойлау арқылы ойды қозғату, ояту, миға шабуыл, әсер ету жүзеге асырылды. Осыған дейін өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінен Кубизм, миға шабуыл, әңгімелеу әдісінің диалогтік қатынас түрін қолданатынмын. Алайда осы курста сыни ойлау тұрғысының ДЖИГСО, мозайка, ABC стратегиясы, Рольдік ойын сияқты әдістерін бірінші рет естідім. Аталған әдістердің ішінде мозайка әдісін қолдануда оқушылардың қызығушылығы артқанын байқадым, әрі сыни тұрғыда ойлана алатындығына көз жетті. Ал ДЖИГСО әдісін ауқымды тақырып өткен кезде қолданған дұрыс екендігін байқадым. Себебі мұнда әр топ мүшесі басқа топтың ішіне кірігіп, сол топтың ақпаратын тобына әкеледі. Осы кезде оқушыларда даму, ұйымшылдық қалыптасатындығы байқадым.
Әрине, бірінші кездері оқушылар ойланбай, тез жауап бере салуға ұмтылды, бірақ өте келе сұраққа жауап берер алдында сын тұрғысынан ойланып, содан кейін ғана жауап беру қабілетіне жетті. Бұл бір жағынан оқушылардың реттелгенін көрсетті.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің стратегиялары оқушылардың оқу әлеуеттерінің артып, метатанымның қалыптасуына жасалған алғашқы қадам болды.
Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде шамам келгенше қолданып келдім. Соларға тоқталып өтейін.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әр сабағымда әр түрлі формада орын алды деп айта аламын. Жаңа тақырыпты ашу сәтінде, топқа бөлгенде, бағалау кезеңдерінде орын алды.
Кез-келген сабақта оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушының арасында диалогтік қарым-қатынас орын алады. Диалог арқылы балалар әңгімелесу, сұрау, сауал қою арқылы ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтеріледі. Сабақ барысында әрқашанда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында диалогтық әдісті үнемі назарда ұстадым. Кубизм, Өрмекшінің торы, Сұрақтары бар қорап, Сабақ не туралы болды, Де Бононың 6 қалпағы, Сынақтан өткізу, қайта бағыттау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша рефлексивтік есеп
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлаудың мүмкіндіктері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Физика пәнінен Кембридж бағдарламасы ұсынған ІІІ деңгейлі курс бойынша орта мерзімді жоспардың аналитикалық есебі
Математиканы оқыту әдістері
Пәндер