Қозғалмалы ойындар


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қозғалмалы ойындар

Жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесінде қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын, ұлттық салт-дәстүрін, жағрапиялық, климаттық және демографиялық ерекшеліктерін толықтыра отырып, дене шынықтыру бағдарламасын нәтижелі пайдалану Қазақстан Республикасында "Президенттік сынама" деңгейін орындауға нәтижелі ықпал етеді.

Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын кеңінен қолдану негізінде "Президенттік сынама" деңгейін мектепт оқушыларының орындауы біздің қолға алып отырған, тәжірибелік ғылыми зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі деп есептейміз.

Қазіргі педагогика ғылымында дене тәрбиесі және спорт мәселелерімен біршама ғалымдар айналасуда. Солардың ішінде оқушылардың дене шынықтыруға дайындығын бақылаудың педагогикалық негіздерін М. Б. Сапарбаев (1993), Г. Д. Иванов (1991 және т. б. ), Қ. И. Адамбеков (1995 және т. б. ), Т. Ә. Ботагариев (2001 және т. б), А. С. Жуманова (1997), О. Н. Руссо (1998), А. Ж. Тастанов (2003), Ж. М. Есіркепов (2008) ; оқудан тыс мезгілдерде оқушыларға дене тәрбиесін беруді жоспарлау мен ұйымдастыруын А. К. Атаев (1997), Б. Ж. Биданов (1992), Т. Ш. Қуанышев (1997) ; спорттың кейбір түрлерімен мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тәрбиелеу мәселелерін Б. Қ. Қаражанов (1985 және т. б. ) ; жасөспірімдерге дене тәрбиесін берудегі ұлттық спорт ойындарының тәрбиелік мәні, ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін Х. Ф. Анарқұлов (2005 және т. б. ), М. Т. Тәнекеев (1985 және т. б. ), Е. С. Сағындықов (1991), Б. Төтенаев (1985 және т. б. ), Т. Бекбатшаев (1982), Ж. М. Төлегенов (1982), Б. А. Тойлыбаев (1995), Т. Ш. Қуанышев (1993), С. І. Қасымбекова (2000 және т. б. ) т. б. қарастырған.

Бірақ жоғарыда аты аталған зерттеуші-ғалымдар дене тәрбиесі және спорт мәселелерін жалпы зерттегенмен, жалпы орта білім беретін мектептердің дене-тәрбиесі жүйесінде «Президенттік сынаманы» орындауда қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын пайдалану жұмыстарымен арнайы шұғылданбаған. Оған себеп, сол тұста олардың зерттеу жұмыстарының алдында, осындай мақсат, міндеттер қажеттiлiгi тумады.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі зерттеу проблемасының жаңа қоғамдағы қажеттігімен, бұл проблеманың қазіргі жағдайдағы мектеп тәжірибесінде шешімін табу арасында қарама-қайшылықтар бар екенін анық байқатады.

Біздің зерттеу жұмысымызға біршама ұқсастығы бар, бұл зерттеу еңбектерінде қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын «Президенттік сынаманы» орындауда, пайдалану мәселесі негізгі нысанға алынбаған. Оқушылардың дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы зор болғанымен, «Президенттік сынаманы» орындауда оны қолданудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы зерттеу еңбегіміздің көкейкестілігін айқындайды.

Сонымен оқушыларға дене тәрбиесін беруде ұлттық педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негізін, оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруда, оның ішінде оқушыларға дене тәрбиесін берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауда, қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын «Президенттік сынаманы» орындауда қолданудың біртұтас ғылыми негізін жасау қажеттілігі ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын "мектеп оқушыларын «Президенттік сынаманы» орындауда қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы дайындау" -деп таңдауымызға себеп болды.

Қозғалмалы ұлттық ойындар арқылы мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайту мәселелері

Қазақстан Республикасы өскелең ұрпақтың дене тәрбиесiн үнемi жетiлдiруде, азаматтардың жан-жақты дамуына және дене шынықтырумен, спортпен айналысуына мүмкiндiктер жасауда.

Балалардың дене тәрбиесiндегi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен белгiленедi (1996), Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында (1998 және т. б. ), Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспiрiмдердiң дене шынықтыру бағдарламасында, және бiлiм жүйесi мен дене шынықтыруды дамыту Концепциясында (1992), I - XI сыныпқа арналған жалпы бiлiм беретiн мектептердiң дене шынықтыру типтiк бағдарламасында (1993), Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылардың дене тәрбиесi жөнiндегi ережесiнде (1993), өскелең ұрпақты жан-жақты, дамыған демократиялық қоғам мүшесi ретiнде тәрбиелеуде дене тәрбиесiнiң алар орны маңызды, өйткенi ол жастарды еңбекке, қоғамдық өмiрге және Отан қорғауға тәрбиелейтiндiгiн атап өтедi.

Оқушылардың дене тәрбиесiнiң өркендеп дамуына "Президенттiк сынаманың" қосар рөлi зор (Горанько М. И. және басқалар, 1997) . Ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, дене тәрбиесiнiң нормативтiк және бағдарламалық негiзi болумен қатар, оқушылардың iшкi жан дүниесiнiң рухани жағынан жан-жақты дамуына, еңбектенуге, өнеркәсiпке дайындауда, Отанды қорғауға қалыптастырады.

“Президенттiк сынама” мен мектептегi дене тәрбиесiнiң, сонымен бiрге сыныптан тыс спорттық және дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының мақсаттары бiр, және бiр-бiрiмен байланысты.

Бұл бiздiң зерттеуiмiздiң объектiсi болып отырған V-VII сынып оқушыларына да қатысты.

“Президенттiк сынама” негiзiнде талапқа сай өзгертiлген 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Бiлiм Министрлiгi бекiткен дене шынықтыру бағдарламасы (1993), V-VII сыныптарда келесi мақсаттарды шешедi:

1. Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылардың, соның iшiнде V- VII сыныптың, теориялық iлiмi, жеңiл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты және т. б. “Президенттiк сынаманың” талаптарын орындауға дайындайды.

2. Негiзгi қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту және оларды күрделi жағдайда орындалуды, осыған керектi қозғалыс сапасын дамытуды үйрету.

3. Оқушылардың өз бетiмен дене жаттығуларымен айналысуын қалыптастыру және әдетке айналдыру. Дене шынықтыруға деген қызығушылыққа тәрбиелеу, оны оқушылардың күн тәртiбiне енгiзуге ықпал ету.

4. Оқушылар тұлғасының дұрыс қалыптасуына, дене мәдениетiнiң дамуына ықпал ету.

“Президенттiк сынама” мен дене шынықтыру бағдарламасы көмегiмен мектепте сауықтыру, спорттық, тәрбиелiк және бiлiмдiк мақсаттар шешiледi, оқушылар дене шынықтыру сабағымен және бұқаралық спортпен айналысуға талпыныс жасайды. Осының негiзiнде көптеген спорт жұлдыздары өмiрге келдi, атап айтсақ: Д. Тұрлыханов., Т. Досмұхамбетов., Ж. Үшкемпiров., ағайынды Байшолақовтар және басқалар. Бұған "Президенттiк сынама" талаптарын орындаумен қатар балалар да, өздерiнiң меншiктi мақсаттарын қалыптастыруға ықпал етедi. Олардың дене шынықтыру сабағына деген көзқарастарын, дене қасиеттерiнiң негiзiн және өмiрде қажеттi iскерлiк пен дағдыны дамытып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырады.

Қазақстан Республикасында V-VII сыныпта оқитын оқушылардың жан-жақты дене дайындығының негiзгi нормаларында “Президенттiк сынама” дене тәрбиесi бағдарламасының негiзiн құрайды.

Нақ осы жастағы балалардың қозғалыс мүмкiндiктерi мен мiнез-құлықтарының дамуы нәтижесiнде бiлiктi тәрбиелеудi, өмiрге қажеттi дене дамуын қамтамасыз ету қажет.

Бiздiң 2001-2004 жылдар аралығында өткiзген зерттеу жұмыстарымыз жаңа бағдарламаға өзгерiс енгiзген, ұлттық қозғалмалы ойындарды әр бөлiмдерде бiздiң әдiстемемен және бағытпен сабақ өткiзген тәжiрибелiк сыныптың нәтижесi келiсiлiп, оқушылардың “Президенттiк сынама” деңгейінің дайындығына ұсынылды.

Көптеген мамандар мен ғалымдар өз еңбектерiн “Президенттiк сынаманың” өмiрге енгiзiлуiмен байланыстырып, соны iлiмдiк, ұйымдастыру және әдiстемелiк сұрақтарын шешуге ғылыми негізде жұмыс атқаруда.

“Президенттiк сынаманы” тәжiрибеге енгiзуде және iлiммен негiздеуде өз еңбектерiмен қомақты үлес қосқан зерттеушiлер бар: М. И. Горанько, А. Қ. Құлназаров, Е. Б. Қанағатов(1997) Г. Д. Иванов, А. К. Кульназаров (1999), К. Х. Закирьянов (1999) . Бұл авторлар “Президенттiк сынаманың” бүкiл халықтық маңызды шара екенiн, сонымен қоса болашақ ұрпақты тәрбиелеудегi жан-жақты негiз екенiн атап көрсеттi.

“Президенттiк сынама” негiзiнде оқушылардың қозғалыс қызметi көлемiнiң тиiмдiлiгiн зерттеуге өз еңбектерiн Г. Д. Иванов, А. К. Кульназаров (1999), және т. б. арнаған. Бұлардың тәжiрибелерiнде көрсеткендей “Президенттiк сынама” деңгейiн орындауға көптеген оқушыларға жетiсiне 3-4 сабақтан екi жыл көлемiнде өткiзу керек делiнген. Сонымен қатар, “Президенттiк сынаманың” енгiзiлуiне байланысты дене шынықтыру бағдарламасында, жылдамдықты және күш жылдамдығы сапасын, сонымен қоса спорттық әдiс негiзiн дамыту уақытын көбейту керек деп есептейдi. Өз еңбегiн қорытындылай келе автор қала мен ауылдың жалпы бiлiм беретiн мектептерi оқушылардың “Президенттiк сынаманы” тапсыруға байланысты, ұйымдастыру мен дайындық әдiстерiнің талаптарын кең көлемде ғылыми зерттеу жүйесiн жоспарлауды, жетiлдiру керектiгiне аса көңiл бөлген.

Президенттiк сынаманың әр жастағы топтарына және осы көрсетiлген сынаманың әр кезеңдегi аспектiсiне өзiнiң тәжiрибелiк жұмысын Т. А. Ботагариев (2001және т. б. ) арнады.

Қостанай облысындағы мектептерiнің жағдайында “Президенттiк сынама” талаптарына сай, мектеп оқушыларының дайындық деңгейiн, дене тәрбиесi үрдiсiн жақсарту, алда тұрған көптеген шешiмiн таппай жатқан iстердiң бiрi болып қала бермек.

С. И. Хаустов., М. Е. Кусмиденов (1998) “Президенттiк сынама” тапсыруға дайындалу үшiн дене шынықтыру сабағында жаттығу деңгейiн көбейту керек деп есептейдi. Жұмыста бағдарламалық материалдарды тиiмдi пайдалана отырып, атқарған жөн. Гимнастика және жеңiл атлетика бағдарламасын өткенде сапа деңгейi жоғары болу үшiн айналым әдiсiн кеңiнен пайдаланған тиiмдi деп атап көрсеткн.

Бұндай жағдайда қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын кеңiнен пайдаланғанда оқушылар бағдарлама талаптарын табысты меңгерiп қана қоймай, сонымен қоса «Президенттік сынама» деңгейiн орындауда да, жалпы жұмыс iстеу қабiлетiн арттырып, денсаулығын нығайтуға қол жеткiзедi.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының типтiк бағдарламасының талабына сай, Қостанай облысының жалпы білім беретін ауылдық мектептерiнде дене шынықтыру сабақтарын өткiзуге керектi құрал-жабдықтардың жеткiлiксiз болуына байланысты ұлттық қозғалмалы ойындарды мейлiнше кеңiнен қолданып, дене тәрбиесi жүйесiнде «Президенттік сынаманың» талаптарын тиімді орындау жүзеге асырылып отыр.

Ұлттық қозғалмалы ойындарды «президенттік сынаманы» орындауда қолдану

Тәжiрибелiк топтың сынып сағаттарының нәтижесінде мынадай түрлер бойынша "Президенттік сынама" тапсыруға дайындық қамтамасыз етілді: таңертеңгілік гимнастикалық жаттығулар түрлерінен, 30 және 60 м жүгіру, ұзындыққа және биiктiкке секіру, теннис добын лақтыру, тартысу және арқанға өрмелеу, уақыт өлшемісіз кросс жүгіру (шаңғымен жүгірудің орнына), уақыт өлшемісіз жүзу.

Сынама деңгейін тапсыру бойынша, дайындық жұмыстары сынып сабағында және қосымша ісшараларында жүргізілді.

Қостанай облысының жалпы білім беретін ауыл мектептерінде, көп жағдайларда спорт ойындарынан (баскетбол және волейбол) жарыстарға қатысумен және туристік жорықтарға шығумен шектеліп отырды. 12-13 жастағы оқушылар үшінші түрге тосқауыл жолағын таңдап алды.

Туристік жорық әр сыныпта екі рет өткізілді. Жүзуді жетілдіру мектептен тыс жазғы сауықтыру демалыс лагерлері мен іс-шараларында өткізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қозғалмалы ойындар. Оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
КҮНДІЗГІ ОҚУ БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАШЫҚТАН ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы
Командалар капитанын таңдау
Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар
Дене шынықтыруда қимыл қозғалысқа арналған жаттығулар түрлерін ұйымдастыру
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Халық ойындар теориясы мен проблемасының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі
Дене тәрбиесі сабақтарындағы қозғалыс ойындары
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz