Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: СОҢҒЫ “МӘДЕНИ МҰРА”



Басталған нәрсенің аяқталаты¬нын да ескерсек, кеше елордамыз-дағы Бейбітшілік және келісім сарайында үш жылға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағ¬дар¬ламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысына Елбасы Н.Назарбаев қатысып, баяндама жасады. Оты¬рыс басталмай тұрып, Елбасы бас-таған бір топ зиялылар, мем¬лекет¬тік деңгейдегі түрлі шенеу¬ніктер “Мәдени мұра” мемлекеттік бағ¬дарламасының қорытындысына орай арнайы ұйымдастырылған көрмені аралады. Көрменің “Қа-зақстанның археологиялық мұра¬сы” атты бөлімінде палеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі, ал “Сақ қорғанының қазынасы” атты бөлімінде сақ кезеңінің тарихы мен мәдениетіне арналған ескерткіштер қойылыпты. Одан басқа “Тарих және мәдениет ес-керткіштерін жаң¬ғырту”, “Қазақ¬станның жәді¬герлері: кітаптар мен мұрағат құжаттары”, “Ұлттық және әлемдік ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының серияла¬рын әзірлеу” деген бөлімдерде қайта жаңғыртылған ескерткіш¬тердің макеттері, әртүрлі құжаттар, кітап¬тар орын алған.
Отырыста Президент Н.Назар¬баев “Мәдени мұра” бағдарла¬масы-ның халқымыз үшін қан¬шалықты маңызды болғанын өз баяндама-сын¬да әр қырынан ашып, “Мәдени мұра” ресми түрде аяқталғанымен, бағдарлама жұ¬мысы жалғаса бе¬ретінін, ол үшін тиісті министр¬ліктерге тапсырма беретінін айтты.
Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашы¬лып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр, деп бастады сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қол жеткен табыста¬рымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен олар¬ды тағы да қайталап жатудан аулақ¬пын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамытуда сүбелі үлес бо¬лып табылатын, ұлттық мәні зор “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Біз ғана емес, ЮНЕСКО тарапынан да бұл – дүниеде сирек кездесетін жоба, басқа елдерге де өнеге болатын құжат деп белгіленді.
Естеріңізде шығар, біз біраздан бері әр жылға ат беріп, айдар тағуды дәстүрге айналдырдық. Сондай жылдардың бірі – “Ұлттық тарих жылы” болды. Жадымыз¬ды жаңғыртуға арналған сол атаулы жылы қазақтың тарихы мен тағдырына қатысты қаншама “ақтаңдақтар” ашылып, мұрағат түпкірінде шаң басқан жәдігер¬леріміз жарыққа шықты.
Кеңес өкіметі кезінде бізге шығарт¬қызбай, көрсеткізбей келген тарихымызды тәуелсіздігіміз кезінде елімізге паш етіп, өзіміздің жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеу деген ой болатын.
Ендігі бір жылды “Мәдениетті қолдау жылы” деп, құлдырап бара жатқан мәде¬ниетімізді сақтап қалуға жұмыс істедік. Жабылып қалған, шашылып қалған кітап¬ханалардың жер-жерде қайта жан¬дануына, шағылып қалған клубтар мен мәдениет ошақтарының қайыра бой көте-руіне мұрындық болдық. Біраз қалаларда қазақ театрларының ашылуына негіз жасадық.
Сайып келгенде, осы жылдар біз бүгін сөз еткелі отырған “Мәдени мұра” бағ¬дар¬ламасына дайындық, үлкен істің кіріспесі болатын. Экономиканың өсіп, жағдайымыздың жақсаруына байланысты бұл үлкен жұмысқа да кірісуге мүмкіндік туды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
соңғы “Мәдени мұра”

Басталған нәрсенің аяқталатынын да ескерсек, кеше елордамыздағы
Бейбітшілік және келісім сарайында үш жылға арналған “Мәдени мұра”
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытынды
отырысына Елбасы Н.Назарбаев қатысып, баяндама жасады. Отырыс басталмай
тұрып, Елбасы бастаған бір топ зиялылар, мемлекеттік деңгейдегі түрлі
шенеуніктер “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының қорытындысына орай
арнайы ұйымдастырылған көрмені аралады. Көрменің “Қазақстанның
археологиялық мұрасы” атты бөлімінде палеолит дәуірінен орта ғасырларға
дейінгі, ал “Сақ қорғанының қазынасы” атты бөлімінде сақ кезеңінің тарихы
мен мәдениетіне арналған ескерткіштер қойылыпты. Одан басқа “Тарих және
мәдениет ескерткіштерін жаңғырту”, “Қазақстанның жәдігерлері: кітаптар мен
мұрағат құжаттары”, “Ұлттық және әлемдік ой-сана, мәдениет және әдебиет
басылымдарының серияларын әзірлеу” деген бөлімдерде қайта жаңғыртылған
ескерткіштердің макеттері, әртүрлі құжаттар, кітаптар орын алған.
Отырыста Президент Н.Назарбаев “Мәдени мұра” бағдарламасының халқымыз
үшін қаншалықты маңызды болғанын өз баяндамасында әр қырынан ашып, “Мәдени
мұра” ресми түрде аяқталғанымен, бағдарлама жұмысы жалғаса беретінін, ол
үшін тиісті министрліктерге тапсырма беретінін айтты.
Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай
ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр, деп бастады
сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қол жеткен табыстарымыз бен
жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да
қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін
дамытуда сүбелі үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор “Мәдени мұра”
мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Біз ғана емес, ЮНЕСКО тарапынан да
бұл – дүниеде сирек кездесетін жоба, басқа елдерге де өнеге болатын құжат
деп белгіленді.
Естеріңізде шығар, біз біраздан бері әр жылға ат беріп, айдар тағуды
дәстүрге айналдырдық. Сондай жылдардың бірі – “Ұлттық тарих жылы” болды. 
Жадымызды жаңғыртуға арналған сол атаулы жылы қазақтың тарихы мен
тағдырына  қатысты қаншама “ақтаңдақтар” ашылып, мұрағат түпкірінде шаң
басқан жәдігерлеріміз жарыққа шықты.
Кеңес өкіметі кезінде бізге шығартқызбай, көрсеткізбей келген
тарихымызды тәуелсіздігіміз кезінде елімізге паш етіп, өзіміздің
жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеу деген ой болатын.
Ендігі бір жылды “Мәдениетті қолдау жылы” деп, құлдырап бара жатқан
мәдениетімізді сақтап қалуға жұмыс істедік. Жабылып қалған, шашылып қалған 
кітапханалардың жер-жерде қайта жандануына, шағылып қалған клубтар мен
мәдениет ошақтарының қайыра бой көтеруіне мұрындық болдық. Біраз қалаларда
қазақ театрларының ашылуына негіз жасадық.
Сайып келгенде, осы жылдар біз бүгін сөз еткелі  отырған “Мәдени мұра”
бағдарламасына дайындық, үлкен істің кіріспесі болатын. Экономиканың өсіп,
жағдайымыздың жақсаруына байланысты бұл үлкен жұмысқа да кірісуге мүмкіндік
туды.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін
даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі –  мәдениеті. Мәдениет – 
ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті
ұлт, ең алдымен, тарихымен,  мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі
үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана
басқаға  танылады.
Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы – мәдениетке деген мемлекеттік
көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол
жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен
гуманистік бағыт-бағдарын  танытты, деді Президент.
Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз 
– халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.
Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер
қойылды.
Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты
мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы
жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі
міндеттелді.
Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең
сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-
қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға
алынбаған еді.
Оның өзіндік себептері де бар болатын.
Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай, жасқаншақтап,
коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.
Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында еліміздің аса
маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер
жүргізіп, оларды ғылыми негізде  қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы
тапсырма берілді.
Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол – 
фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ
халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша
заман! Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі
бар, батырлар жыры бар, айтысы мен дастаны бар оннан астам кітапты анау бір
жылдары шығарғанымыз есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті.
Осыған байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата
шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін
жасау  міндеттелді. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін
қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді.
Төртіншіден, кеңес дәуірінде баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар
аударылған сияқты көрінетін және әлемдік классиканы түгел аударып
тастағандай сезінуші едік.
Сөйтсек, бұл шаруада да тындырғанымыз шамалы болып шықты.
Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-
жұлып қана аударылған. Әйтеуір, орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама
қамтылыпты. Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің
туындылары.
Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі
түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-
сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім
берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып
келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып
топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық
жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани
кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді, деп
атап өтті Елбасы.
Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы,
Ресейдің Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың
ескерткішін Мәскеудің дәл ортасына орнатқыздық. Бұл да үлкен жетістік болып
табылады.
Ал рухани-мәдени  таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім,
отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық
рухта тәрбиелеу  – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.
Әлемдік ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз
мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізгі мақсат етіп қойдық.
Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын
осы “Мәдени мұра” кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де
ойластырылуы қажет.
Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік,
деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Рухы биік халықтың іргесі де берік,
әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін.
Мінеки, бұдан төрт жыл бұрын менің халыққа Жолдауымда айтылған, содан
кейін қабылданған және бүгін мәресіне жетіп отырған “Мәдени мұра”
мемлекеттік бағдарламасының алдына осындай мақсаттар мен міндеттер қойылған
болатын.
Менің Жарлығыммен құрылған Қоғамдық кеңес, оған төрағалық еткен
Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мәдениет және ақпарат, Білім
және ғылым министрліктері өткен үш жылда орасан зор қызмет атқарды, дей
келіп Мемлекет басшысы осы шараға қатысқан баршаға зор рахмет айтты.
Өткен үш жылда елдің мәдени мұрасын зерттеудің тұтас жүйесін жасау,
елеулі тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жөнінде зор
жұмыс жүргізілді. Бүгінде мемлекеттік мұражайларда екі миллионнан астам
мәдени құндылықтар сақталуда.
Ұлттық мәдениет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін қорыту, әлемдік
ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде
гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру
жөніндегі жұмыс басталды.
Бағдарламаны іске асыру барысында тарих пен мәдениеттің 35
ескерткішінде қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Қазақстан аумағындағы 30
қалашықта, қоныста, тұрақта, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық
зерттеулер жүргізілді.
Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке,
Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-іздестіру
экспедициялары ұйымдастырылып, Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері
жөнінде еліміздің ғылыми топтарында бұрын белгісіз болып келген бес мыңға
жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылып, сатып алынды. Тек Қытайға
жасалған экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан
Қазіргі заманғы қазақтың ұлттық мәдениетінің даму бағыттары және болашағы
Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар
Қазақстан мен Ресей
Елбасы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке баулудағы рөлі мен маңызы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Мемлекет алдындағы моральдық міндеттемелері
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы
Пәндер