Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І . тарау. Солтүстік Американың физикалық . географиялық
елдеріне жалпы шолу.
1.1 Солтүстік Американың географиялық орны ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жер бедері және пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Климаты және ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ . тарау. Солтүстік Американың территориясының
физикалық . географиялық аудандастырылуы.
2. 1 Гренландия және Канадалық Арктика архипелагы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2. 2 Орталық және Ұлы жазықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2. 3 Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2. 4 Кордильер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
а) Алякадағы Кордильер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
б) Канададағы Кордильер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
в) Америка Құрама Штатындағы Кордильер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
г) Оңтүстіктегі Кордильер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Солтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі — Бутия түбегінің Мёрчисон мүйісі (солтүстік ендіктің 71о 50'). Солтүстік Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12/-на дейін (Марьято мүйісі) созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген және бөлшектенген бөлігі Орталық Америка деген атпен мәлім болып отыр.
Солтүстік Американың ең кең жері қоңыржай ендіктер тұсында. Оның батыстағы ең шеткі нүктесі Аляскадағы Принц Уэльский мүйісі (батыс бойлықтың 168°-ы), шығыстағы ең шеткі нүктесі Лабрадор түбегіндегі Сент-Чарльз мүйісі (батыс бойлықтың 55°40'-ы). Солтүстік Америка жағалауларында ірі аралдар мен архипелагтар бар. Солтүстікте бұлар — Гренландия аралы мен көптеген ірілі-ұсақты аралдардан тұратын Канадалық Арктика архипелагы. Солтүстік Американың шығысында Ньюфаундленд аралы, оңтүстік-шығысында — Үлкен және Кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Солтүстік Америкаға оның солтүстік-батысы мен батысында да көптеген аралдар таяу жатыр, олар: Алеут, Королева Шарлотта, Ванкувер аралдары, Александр архипелага, Солтүстік Американың ең солтүстік аралдық шеткі нүктесі — Гренландиядағы Моррис-Джесеп мүйісі (солтүстік ендіктің 83о 39'-ы). Бұл — солтүстік жарты шардың полюске ең таяу жатқан құрлық бөлігі.
Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24 250 мың км2, аралдардың көлемі — 3890 мың км2. Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік ендіктің 70° және 30° аралығында, неғұрлым енді және көлемді болады. Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстігі су бассейндерімен көп бөлшектенген.
Жұмыстың мақсаты – Солтүстік Америкаға жалпы сипаттама бере отырып, оның зерттелу тарихына, рельеф және физикалық – географиялық аудандарының физикалық – географиялық ерекшеліктеріне талдау жасау.
1. Власова Т.В. Физическая география частей света. 1,2 том. М. 1986.
2. Леонтьев О.К. Физическая география океанов. М. 1982.
3. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. 1,2 том Алматы 1984.
4. Дүйсенбаев СМ., Қожабекова 3, Этельбаева X. «Материктер
мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсы бойынша
географиялық обьектердің номенклатурасы. Шымкент 2003. 316.
5. Виноградов З.К. Практикум по физической географии частей скота. М.
197 С.
6. Конюхо А.И. Геология океана: загадки, гипотезы, открытия. М.1989
7. Шеппард Ч. Жизнь кораллового острова. М. 1987
8. Физическая география материков и океанов. Под редакцей А.М.Рябьянова
1988.568 с.
9. Атлантический океан. М. Мысль. 1977.
10. Богданов Д.В. География Мировогр океана. М. Наука. 1978.
11. Биология океана. Под редакцией М.Е. Виноградова. М. 1977.
12. Дрейк Ч., Имбри Дж. Океан сам по себе и для нас. М. 1982.
13. Индийский океан. Под редакцией К.К. Маркова. Л. 1982.
14. Львович М.И. Вода и жизнь. М. 1986.
15. Дуванин А.Н. Мировой океан в современной жизни. М 1974

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І - тарау. Солтүстік Американың физикалық – географиялық
елдеріне жалпы шолу.
1.1 Солтүстік Американың географиялық орны ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жер бедері және пайдалы
қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Климаты және ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..12
ІІ – тарау. Солтүстік Американың территориясының
физикалық – географиялық аудандастырылуы.
2. 1 Гренландия және Канадалық Арктика
архипелагы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..17
2. 2 Орталық және Ұлы
жазықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20
2. 3 Аппалач тауы және Ньюфаундленд
аралы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..23
2. 4
Кордильер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
а) Алякадағы Кордильер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 25
б) Канададағы
Кордильер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 26
в) Америка Құрама Штатындағы
Кордильер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .27
г) Оңтүстіктегі
Кордильер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...28
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Солтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі
аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі —
Бутия түбегінің Мёрчисон мүйісі (солтүстік ендіктің 71о 50'). Солтүстік
Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12-на дейін (Марьято мүйісі)
созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады.
Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген және бөлшектенген бөлігі Орталық
Америка деген атпен мәлім болып отыр.
Солтүстік Американың ең кең жері қоңыржай ендіктер тұсында. Оның
батыстағы ең шеткі нүктесі Аляскадағы Принц Уэльский мүйісі (батыс
бойлықтың 168°-ы), шығыстағы ең шеткі нүктесі Лабрадор түбегіндегі Сент-
Чарльз мүйісі (батыс бойлықтың 55°40'-ы). Солтүстік Америка жағалауларында
ірі аралдар мен архипелагтар бар. Солтүстікте бұлар — Гренландия аралы мен
көптеген ірілі-ұсақты аралдардан тұратын Канадалық Арктика архипелагы.
Солтүстік Американың шығысында Ньюфаундленд аралы, оңтүстік-шығысында —
Үлкен және Кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Солтүстік Америкаға
оның солтүстік-батысы мен батысында да көптеген аралдар таяу жатыр, олар:
Алеут, Королева Шарлотта, Ванкувер аралдары, Александр архипелага,
Солтүстік Американың ең солтүстік аралдық шеткі нүктесі — Гренландиядағы
Моррис-Джесеп мүйісі (солтүстік ендіктің 83о 39'-ы). Бұл — солтүстік жарты
шардың полюске ең таяу жатқан құрлық бөлігі.
Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24 250 мың км2,
аралдардың көлемі — 3890 мың км2. Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік
ендіктің 70° және 30° аралығында, неғұрлым енді және көлемді болады.
Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстігі су бассейндерімен көп бөлшектенген.

Жұмыстың мақсаты – Солтүстік Америкаға жалпы сипаттама бере
отырып, оның зерттелу тарихына, рельеф және физикалық – географиялық
аудандарының физикалық – географиялық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Жұмыстың міндеті – Солтүстік Американың физикалық –
географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми
ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі – Солтүстік Американың физикалық –
географиялық аудандарының маңызын осы аудандарды тіиімді пайдалану
мүмкіншілктері мен жолдары қарастыру.
Жұмысты орындау барысында Солтүстік Американың физикалық –
географиялық аудандарын сипаттауда Т.В.Власованың Материктердің физикалық
географиясы кітабы негізгі әдебиет көзі болып табылды.

І – тарау. Солтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне
жалпы шолу
1.1 Солтүстік Американың географиялық орны
Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық
белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік
Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай
және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде
сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл
екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін
құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға
дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың
басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы
Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама
каналы салынған.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы
екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын
Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз
басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы
орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық көпір
арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы
жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны
белгілі. Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында
күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз
басу кезеңінде күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде
солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз
құрсап жатыр.
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға
ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі
айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен
сипатталады.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб
бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын
ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия
жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында
бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс
жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік
шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын
қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен
Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес
бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі
Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон,
Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген
жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған
жер – су атаулары баршылық.
Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес
орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс
саяхатшылары зор
үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі
желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын
зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс
жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп
Нортон шығанағын зерттеді.
ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен
алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік
магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк
табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен
техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында
орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер
қатысу арқылы жүргізіледі.

1.2 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым. Таулар
материктің үштен бір бөлігін алып жатыр. Материктің жазық
жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан.
Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде
майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде
бұл бөлікте Канаданың арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен
бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы
қатты майысқан,
мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды
жыныстар Гренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне
шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп
аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән.
Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен
жабылған орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика−
шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс
бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді бітріндеп
биіетейтін, кең алқапты Ұлы жазық жатыр. Ұлы жазық таудан
басталатын өзен аңғарлары мен күшті тілімденген. Материктің 40°
с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше ретт жаппай мұз
басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған
үлкен жартастар, қой маңдай тастар, мұзжықтар қазған
қазаншұңқырлар көптеп кездеседі.
Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық − тектоникалық көддер
жүйесі бір − бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр.
Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп тасымалдаған жыныстар −
мореналармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген
жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік
шөгінділеден түзілген.
Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа
және орташа биіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың арктикалық
архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және
Аппалач таулары жатады.
Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті
тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғары ұзына бойы
да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты,
биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері
көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.
Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы ұзын тау
жүйелері болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр.
Кордильера испан тілінен аударғанда тау жотасы, тау тізбегі
деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір − бірімен жалғасқан
тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір
шыңдар тізбегенен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады.
Сьерралар испан тілінен аударғанда ара деген мағынаны
білдіреді. Шындығында да Сьерра − Невада, Сьерра − Мадре жоталарындағы
қатар тізіле орнласқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау
тізбектерінің барлығын өте көлемді, кең алапты қамтитын көтеріңкі
жазықтар мен үстірттер алып жатыр. Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз
− шексіз алаптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен
таңғалдырады. Өте терең тау аралық ойыстар мен каньондар асқар
шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі
бөліктерінде жанартаулар атқылауынан Йеллоустоун үстірті
орналасқан. Мұнда 3000 − нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар
бар.
Кордильераның биік бөлігі оның солтүстігінде орналасқан, мұнда
тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау
етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауына тіреледі. Кордильера
екі литосфералық тақтаның түйіскен жеріне түзілген тау жүйесі
болғандықтан жер қвртысында көптеген жарықтар пайда болған. Олардың
бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер
байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп
көп қайғы − қасірет әкелед. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында
болған жер сілкінудің нәтижесінде төрт мың адам қаза тауып он үш
мыңнан астам адам баспанасыз қалды.
Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай.
Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың кен орындары кең
таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және
Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен
оның тау бөктерінде темір мен таскөмірдің бай кен орындары бар.
Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай,
газ, таскөмңрмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті метелдарға,
алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера
қойнауынын өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды
шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды
ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы
алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге
шыдамай қаза болған. Кейіннен Өлім аңғары деген атаққа ие
болды. Тарихта бұл кезең алтын безгек деп аталды.

1.3 Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары.
Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар
орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк
солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық
белдеулерді кесіп өтеді.
Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік
полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы
биік таулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың
болмауы − міне осының бәрі климаттың өзіндік ерекшеліетерін
қалыптастырады.
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы
қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді.
Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық
ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін
өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар
жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін
жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа
массаларының
әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның
биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа
тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика
шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке
қарай емін − еркін өте алады.
Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен
айырмашылықтары материктің орталық бөлігіндегі жазықтарда өте
құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын
тәрізді қозғалатын дауылдар − торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы
сағатына 800 км − ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп
апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырына қопарып,
үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта
аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін
шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы
тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан
соғатын өте күшті, апатты дауылдар − долы ( ураган ) жиі болып
тұрады. Ураган майя тілінде дауыл құдайы деген мағынаны
білдіреді.
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы
терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан
кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен
материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және
жер асты суларының мол қоры бар.
Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты
біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен
Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және
еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені − Миссисипи материктегі ең
суы мол өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласына қоса
есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде
үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде су атасы
дегенді білдіреді. Миссисипи жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар
арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе
көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны
жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда
өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді
мекендер мен егістік жерлерді су алып кетеді. Миссури атауы
үндіс тілінде тұнбалы өзен дегенді білдіреді, шындығында да ол
көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Жазықтарда ағысы
баяулаған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды.
Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м − ге шығанаққа
қарай кеңейіп отырады.
Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және
мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден
құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші
су электро стансаларында энергия алу үшін пайдаланылады. Мысалы,
Тенесси өзені бойында 20 − дан астам су электро стансалары
салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары
кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі −
Маккензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер
Үлкен өзен деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен
қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен
түбінее дейін қатады. Маккензи жоғары ағысында көктемнің аяғында
мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі
ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады.
Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген
өзендері жаз кезінде мол сулы болады.
Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен
басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері −
Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жаталарынан басталып, биік
таулы үстірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жоталарын
кесіп өтіп, терең шатқалдар жасайтын бұл өзендерде судың құлау
күшінің мол қоры бар. Әсіресе Колорадо өзені бойындағы жиегі тік,
терең шатқалды орасан зор Үлкен Каньон дүние жүзіне әйгілі.
Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ
беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие
болады.
Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ
болатын Үлкен алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі
өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде Жер
шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен
Тұзды
көл орналасқан. Әсіресе құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын
жауып жатқан тұз қабыршақтары қалыңдайды.
Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүстігінде
шоғырланған. Мұндағы көл қазаншұңқырларының барлығы дерлік жердің
ірі жарықтарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншұңқырлары мұздықтардың
қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан
бұл көлдерді қалыптасу жолдарына қарай мұздық − тектоникалық
көлдер деп атайды, олардың суы терең, тұщы болып келеді. Көлднр бір
− бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.
Материктің солтүстік шығысындағы Әулие Лаврентий өзені
арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі
деп аталады. Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері
біртіндеп төмендейді.
Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма
салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемерден құлап
ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды.

ІІ -тарау. Солтүстік Американың территориясын физикалық – географиялық
аудандастырылуы
2. 1 Гренландия және Канадалық арктика архипелагы
Гренландия — Жер шарындағы мейлінше үлкен арал, 2 миллион шаршы
километрден астам жерді алып жатқан орасан зор физикалық-географиялық
аймақ.
Гренландия европалықтардың батыс жарты шардағы ең алғаш рет ашқан
құрлығы болатын. IX ғасырдың аяқ кезінде Исландиядан жүзіп келген нормандар
оған тұңғыш рет аяқ басты. Гренландияны зерттеу ісін даниялық отаршылдар
ХVІII ғасырда қолға алған болатын. Ал, XIX ғасырдың бас кезінде бұл жұмысты
ағылшындар жүргізді, одан кейін негізінен Скандинавия елдерінің ғалымдары
жалғастырды.
Гренландияның оңтүстік бөлігін 1888 жылы бірінші рет Нансен кесіп
өтті, одан кейін XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Гренландияны
түрлі елдердің ғалымдары бірлесіп ұйымдастырған экспедиция кесіп өтті. XX
ғасырдың 30-жылдарында неміс ғалымы А.Вегенер Гренландияның ішкі бөлігінде
(Айсмитте станциясы) қыстап қалды, сөйтіп Гренландияның метеорологиясы мен
гляциологиясы жөнінде бағалы деректер жинады.
Гренландияны зерттеу жөніндегі көлемді жұмыстар қазір де жүргізілуде.
Оны негізінен американдықтар қолға алған. Бірақ бұл зерттеу жұмыстары
ашықтан-ашық стратегиялық сипат алуда және соғыс базаларын салумен, әскери
жаттығулар өткізумен ұштастырылуда. Гренландия солтүстіктен оңтүстікке
қарай 24° дерлік созылып жатыр. Оның оңтүстіктегі ең шеткі нүктесі —
Фарвель мүйісі—солтүстік ендіктің 59° 46'-ында, немесе Оңтүстік Скандинавия
ендігінде жатыр, ал қиыр солтүстіктегі нүктесі (Моррис-Джесеп мүйісі 83°
39' с. е.) солтүстік полюске таяу жерде. Бір жағынан, полюске жақын жатуы,
екінші жағынан, суық ағыстың әсері Гренландияның табиғи жағдайын өте қатал
ете түседі.
Гренландия жерінің төрттен үш бөлігінен астамын материктік қалың мұз
қабаты басып жатыр. Мұздықтар аралдың орталық бөлігін біржола басып қалған,
ол кей жерлерде жағалаудың өзіне дейін созылады. Мұздықтардың үстіңгі
бетінің жартысына жуығы 2000 м-ден астам биіктікте жатыр. Мәңгі мұз
басқынының орташа қалыңдығы 1600 м (кейбір деректер бойынша—2300 м) деп
есептеледі. Ал, оның ең жоғары қалыңдығы 3400 м-ге жетеді.
Материктік мұздық шет жағы биіктігі 100 метрге дейін жететін жар-құз
жасап, күрт үзіледі немесе жағалауға дейін бірте-бірте жайпақтана төмен
түседі де алқапта жатқан алып мұздарға ұласады. Гренландиядағы ед үлкен
мұздық—Петерман мұздығы —қиыр солтүстікте жатыр. Гренландиядағы мұндай
мәңгі мұздардан оңтүстікке қарай жүзетін мұз таулары (айсбергтер) пайда
болады (Атлант мұхитында мұз таулары солтүстік ендіктің 40о –ына дейін
кездеседі. Жалпы құрылымы жағынан алғанда Гренландияның басым көпшілігі
платформа болып табылады. Гренландияның мұз құрсауынан бос жатқан
учаскелеріндегі өсімдіктердің басым түрі – тундралық өсімдіктер. Солтүстік
бөліктерде ол өсімдіктердің түр – түрі тіпті аз. Онда қына мен мүктің алуан
түрі кездеседі. Ол жақта биіктігі 2-3 метр болатын қайың, қандыағаш, арша,
қара жидек өседі. Көк жасыл шалғындарды жиі кездестіруге болады.
Архипелагтың құрамына кіретін өте ірі аралдар – Баффин жері (512 мың
км2), Элсмир аралы (200,5 мың км2) және Виктория аралы (212 мың км2). Бутия
мен мелвилл түбектерін қоса есептегенде бұл аймақтың территориясы 1500 мың
км2 жетеді. Баффин жерінің оңтүстік және Шығыс бөлігі, Девон аралының
шығысы және Элсмир аралының оңтүстік – шығысы ертедегі кристалл тау жотасы
) Канада қалқанының жалғасы) болып табылады. Оның биік жерлері 1500-2000 м-
ге дейін жетеді.
Элсмир аралының солтүстігі мен Аксель – Хейберг аралы да түгелдей
таулы келеді. Бірақ ол таулар төменгі палеозой дәуіріндегі қатпарлы тау
құрылымына жатады және Шығыс Гренландия тауларының (Иннуит жүйесі) жалғасы
болып табылады. Баффин Жері мен Девон аралынан бастап архипелагтың бүкіл
батыс бөлігі Солтүстік Америка үстіртіне жатады және оның жер бедері жазық
келеді, салыстырмалы түрде алғанда шағын – шағын биіктіктер де кездеседі.
Жаздыгүні орташа температура + 10о С – ден аспайды, бірақ күндізгі
температура + 21о С, + 24о С – ге дейін жетеді. Ең суық деген айдың орташа
температурасы - 35о С, ал төменгі температурсы - 50оС – ден төмен болады.
Жауын – шашын мөлшері 200-250 мм –ден аспайды.

2. 2 Орталық және Ұлы жазықтар
Лаврентий қыратының оңтүстігіне қарай және Аппалач тауларының батысына
қарай Миссисипи өзенінің орта ағысының екі жағын; ал жоғарғы ағысының батыс
жағын алып жатқан алқап — Америка Құрама Штаттарының Орталық жазық деп
аталатын аймағы. Бұл аймақтың оңтүстіктегі шекарасын солтүстік ендіктің
32—33°-ы бойымен жүргізуге болады.
Бөлшек-бөлшек болып жатқан адырлы жер бедері бар, қоңыржай белдеудің
оңтүстік бөлігі мен субтропикалық белдеудің солтүстік белігіндегі ішкі
континенттік жағдайы қолайлы, топырағы құнарлы, пайдалы қазба байлығының
қоры мол бұл аймақ халықтың жиі қоныстануына және шаруашылықты күшті
дамытуға өте-мөте ыңғайлы болды. Сондықтан да ол Құрама Штаттардың халық
мейлінше жиі қоныстанған және толық игерілген бөлігі болып табылады. Елдің
егін шаруашылығымен айналысатын негізгі аудандары осы өңірде шоғырланған.
Онда орманды далалар мен жалпақ жапырақты ормандардың табиғи есімдіктер
дүниесі 80—90 процент мөлшерінде мәдени өсімдіктермен ауыстырылған. Сондай-
ақ адамның табиғатқа тигізетін әсері пайдалы өзгерістермен қатар жиі,
мейлінше зиянды өзгерістерге душар ететіндігін осы еңір мысалынан көруге
болады.
Биіктігі 200—500 метр келетін Орталық жазық төменгі және жоғарғы
палеозой дәуірінде солтүстікте көлбеу, ал оңтүстікте горизонтальды жататын
шөгінді жыныстардан тұрады. Оның солтүстік-шығыс бөлігі үшін куэсталық даму
тән. Қөлдердің аралығындағы жердің және олардың оңтүстігіндегі жазықтардың
жоғарғы қабаттары жүйелі түрде ауысып отыратын силур, девон және пермь-
карбонды тұнбалардан құралады, ал олар сәл еңістеу жатады әрі құрамы мен
беріктігі жағынан әр түрлі қабаттардан тұрады. Құрылымының осындай болуы
жазықтың тік жағы солтүстік-шығысқа қарап тұратын, ал оңтүстікке қарай
бірте-бірте еңістей түсетін бірнеше жарлардың пайда болуына ықпал етті.
Тығыз силур әк қабаттарынан құралған куэсталар айқын байқалады. Осындай
куэсталардың Ниагара өзенімен түйісетін жердегі жар қабағында Ниагара
сарқырамасы пайда болған. Ниагараның құлап ағатын жеріндегі биік те тік жар
өзенді бойлап, бірте-бірте жоғары қарай шегініп барады, сөйтіп терең
Ниагара жырасын жасай түсуде. Сарқырама өзі пайда болғалы осылай 11 км
жерге шегініп кеткен. Жер бедерінің куэсталық сипаты осы аймақтың
оңтүстігі мен батысына қарай едәуір өзгереді. Өйткені бұл жақтарда өзен
арналары тілімденіп жататын аласа үстірт адырлар көп, олардың
морфологиялық бедері онша айқын сезіле бермейді.
Орталық жазықтың бүкіл территориясына, әсіресе оңтүстіктегі
бөліктеріне Миссисипи бассейніндегі өзендер мен жыралар тілімдеп тастаған
күшті эрозиялық құбылыс тән.
Ұлы көлдердің январь айындағы изотермасы солтүстік аймағында – 16о С,
оңтүстік аймағында -4о С болады.
Оңтүстік Канада мен Америка Құрама Штаттарының шектесер жеріндегі
жартасты таулардың етегінен бастап меридиан бағытымен оңтүстікке қарай
созылып, деңгейі биік жазық алқап жатыр. Оның климаты континентті келеді.
Бұл Ұлы жазық солтүстіктен оңтүстікке қарай 3500 км –ден астам
қашықтыққа, шамамен солтүстік ендіктің 62о-ынан 29о-дейін созылады. Бірақ
оның Маккензи бассейніндегі климаты қатал, меңіреу тайга ормандары басып
жатқан ең қиыр солтүстік бөлігі басқа аймаққа жатады.
Біз сөз етіп отырған физикалық-географиялық аймақтың солтүстіктегі
шекарасы тайга ормандарының орман аралас далалармен шектесетін жерлері
арқылы, шамамен алғанда Норт-Саскачеван өзенінің аңғары бойымен өтеді; ал
оңтүстіктегі шекарасы Америка үстірті мен Мексика тау жотасының екі
арасындағы шекараға сәйкес келеді. Оңтүстік-шығыста жер бедерінде айқын
аңғарылып тұрған кертік кемер Ұлы жазықты жағалау ойпатынан, Мексика
шығанағынан және Орталық жазықтан оқшаулап тұрады.
Геологиялық жағынан алып қарағанда Ұлы жазық Америка дөңесінің
(перикратондық ойысудың) шеткі бөлігі болып табылады және оған кембрийге
дейінгі дәуірде суға терең батып кеткен құрлық негіз болған. Ол негіздің
үстіңгі жағында мезозой және кайнозой дәуіріндегі жыныстардың горизонтальды
түрде қалыптасқан қалың қабаттары жатыр. Бұл қабаттарды аллювиальдық,
эолдық, ал солтүстік бөлігін мұз көшкіні кезінде Жартасты таулардан
ысырылып келген материалдар жауып жатыр. Геоморфологиялық жағынан алғанда
Ұлы жазық Кордильер тауының етегінде жатқан үстірт болып табылады. Оның
биіктігі 500 м-ден 1700 м-ге дейін жетеді. Жазықтың басым көпшілік бөлігі
тақтайдай теп-тегіс алқап болып келеді.
Ең биік нүкте Блэк-Хилс тауында ол 2000 м-ден асады. Жартасты
таулардан басталатын өзендер үстіртке жете бере кең де терең аңғарлар
желісін құрайды, олардың беткейлерін көптеген жыралар тілімдеп жатады.

2. 3 Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы
Ньюфаундленд аралы өзінің көлемі (111 мың км2 шамасында). Ол
материктен солтүстікте жіңішке Белл-Айл бұғазы арқылы, ал оңтүстік-батыста
бұдан едәуір енді болатын Кабота бұғазы арқылы бөлініп жатыр.
Ньюфаундленд—материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі
материктік тайыз жағалауда жатыр. Осы тайыз жерлердін бедерінен өзен
аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан біршама уақыт бұрын
мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаундлендтің төңірегінде теңіз түбінің
едәуір жоғары көтерілген учаскелері — банкалары бар. Олардың ішіндегі
неғұрлым белгілісі — аралдың оңтүстік-шығысына таман жатқан Үлкен
Ньюфаундленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен
Ньюфаундлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады.
Арал түгелдей дерлік биіктігі 400—600 м келетін дөңес үстірт болып
табылады. Ол Аппалач тау жүйесінің бір белігі ретінде байырғы кристалл тау
жыныстарынан тұрады. Аралдың ең биік бөлігі — Лонг-Рейндж тауы, оның
биіктігі 800 метрге жетеді.
Жaзы қысқа, салқын әрі жаңбырлы келеді. Июль айының орташа
температурасы солтүстіктегі +10° С-ден оңтүстіктегі +17°С-ге дейін ауытқып
отырады. Қысы аязды болады. Январь айының I орташа температурасы
солтүстіктегі —12°С-ден оңтүстіктегі —3°С-ге дейінгі мөлшерде болады. Қыс
айларында қар мол түседі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750 миллиметрден
1300 мм-ге дейін жетеді.
Эпиплатформалы Аппалач тау жүйесі Канада мен Америка Құрама Штаттары
жерінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2000 километрге созылады.
Ол өзінің негізгі бөлігі арқылы қоңыржай белдеудің оңтүстік жартысын кесіп
өтіп, оңтүстікке жете бере субтропик аймағына енеді. Солтүстік Аппалач тау
жүйесі Әулие Лаврентий шығанағына барып тіреледі де тау жоталары Гаспе және
Жаңа Шотландия түбектеріне барып енеді.
Солтүстік Аппалач пен Адирондак таулары кристалл және метаморфий тау
жыныстарынан тұрады. Оңтүстік Аппалачта тау түзілу процесі төменгі
палеозойда ғана емес, сонымен қатар жоғарғы палеозойда да жүрді.
Батыста Аппалач таулары биіктігі едәуір (1000 м және одан да биік)
Аппалач үстіртімен шектеледі.

2 . 4 Кордильер
Солтүстік Американың Алякадан Мексикаға дейінгі батыс жақ шет аймағын
орасан зор Кордильер тау жүйесі алып жатыр. Кордильер тауы құрылымы мен
орфографиясының жалпы ерекшеліктерін өзінің бүкіл өн бойында сақтап қалған.
Кордильер тауын бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлуге болады. Ол
аймақтардың шекаралары климаттық белдеулердің шекараларымен белгіленеді.
Арктикалық және субартикалық Кордильердің ең қиыр солтүстіктегі
аймағына Аляска және Канаданың солтүстік-батыс бөлігі жатады. Ал келесі
аймағына Кордильер тауының Канаданың оңтүстік-батысы мен Америка Құрама
Штаттарының солтүстік-батысындағы қоңыржай климатты еңдікті алып жатқан
территориясындағы бөлігі енеді. Бұдан гөрі оңтүстікке жақынырақ аймағы
Америка Құрама Штаттарының шеңберіндегі субтропик ендіктерде жатыр. Қиыр
оңтүстіктегі тропик ендікте Солтүстік Мексика Кордильері бар.

а) Аляскадағы Кордильер
Бұл аймақ Солтүстік Американың арктикалық және субарктикалық
белдеулерде жатқан солтүстік-батысындағы бүкіл таулы өңірін, яғни Алеут
аралдарын, тұтас Алясканы түгелдей дерлік қамтиды. Бірақ Алясканың қоңыржай
белдеуде жатқан қиыр оңтүстіктегі жағалау учаскелері мен аралдары, сондай-
ақ Канаданың батыста Әулие Илья тауының оңтүстік етегінен бастап шығыста
Маккензи және Жартасты таулардың екі аралығындағы шекараға дейінгі
солтүстік-батыс бөлігі бұл аймаққа енбейді. Аймақтың батыс пен солтүстік-
батыстағы кең шалағай шекарасы Чукот және Бериинг теңіздеріне, сондай-ақ
Тынық мұхитқа, ал солтүстіктегі шекарасы Бофорт теңізіне барып тіреледі.
Ал, су бассейндерінің ықпалы негізінен алғанда батыс бөлігінде ғана
байқалады. Теңіз жағалауынан қашықтаған сайын климаттың континенттігі
неғұрлым тез күшейе береді.
Жер бедерінен бүкіл Кордильер тау жүйесіне тән белгілер айқын
байқалады: ішкі үстірттер мен жайпақ тау қыраттарының кең алқабын екі
жақтан неғұрлым биік тау жоталары жиектеп отырады. Ал, ең биік тау жоталары
Тынық мұхит жағалауында.

б) Канададағы Кордильер
Бұл аймақ Кордильердің Әулие Илья мен Маккензи тауларынан (солтүстік
ендіктің 59—60°-сы) оңтүстікке қарайғы бөлігін қамтиды. Батысында ол Тынық
мұхит жағалауын бойлай отырып, солтүстік ендіктің 40°-ына дейін дерлік
созылады, ал шығысында оның оңтүстік шекарасы Үлкен Бассейннің солтүстік
шет аймағы бойынша өтеді. Кордильердің бұл бөлігіндегі ландшафтық
ерекшеліктері аймақтың қоңыржай белдеуде жатқанына, Тынық мұхит тау
жоталарының күшті тілімденіп кеткеніне және бұған дейін сөз болған аймақпен
салыстырғанда таудың едәуір аласа екендігіне байланысты болады.
Әулие Илья тауынан басталып, Канада мен Америка Құрама Штаттарының
шекарасына дейін оңтүстікке қарай созылып жатқан тау жоталарының жүйесі
кезінде қатты қирап, өзгеріске ұшыраған болатын. Сондықтан оның қазіргі жер
бедері материктің жиегіне жақын жатқан аралдар тізбегі (Александр
архипелагы, Королева Шарлотта аралдары, Ванкувер аралы және басқалары)
түрінде көрінеді. Бұл аралдардың аласа таулары Аралдағы тау тізбегі деген
жалпы атауға ие болған. Бұл тізбектің ең биік жері — Ванкувер аралындағы
Виктория шыңы (2200 м). Кордильердің бұл бөлігіндегі жағалау жотасы Невадия
аймағына жатады және ол тұтастай дерлік гранит тастардан тұрады. Оның
жекелеген шыңдары 3000 м-ден асады, ал Уоддингтон шыңының биіктігі 4042 м-
ге жетеді.

в) Америка Құрама Штатындағы Кордильер
Бұл аймақ Кордильер тауының Үлкен Бассейннің солтүстік шетінен
басталып, Калифорния шығанағы мен Мексика таулы жазығына дейін созылып
жаткан үлкен бөлігін камтиды. Ол түгелден дерлік Америка Құрама
Штаттарының шеңберінде, солтүстік ендіктің 45 және 35°-сы аралығында
жатыр.
Кордильердің бұл бөлігінін табиғи жағдайлары оның субтропиктік
ендіктерде жатуына, құрылымы мен орографиялық ерекшеліктеріне және Тынық
мұхит антициклонының шеті тигізетін әсеріне байланысты қалыптасады. Тұтас
алғанда аймақтың климаты құрғақ келеді, ксеротермиялык ландшафтар басым
болады. Кордильердің басқа да бөліктеріндегі сияқты мұндағы жоталар да,
оларды бөліп жататын үстірттер мен ойпаңдар да Тынық мұхит жағалауына
параллель бағытта созыла түседі. Батысында биіктігі орташа Жағалау
жотасының алқабы бой көтереді де, Тынық мұхитка жете бере-ақ шамалы
тілімденген, ұзыннан-ұзақ созылған тектоникалық жағалаулар жасап аяқталады.
Тек кей жерлерде жағалауды бойлай өтетін ені шағын ойпаң алқаптар
ұшырасады. Тіп-тік әрі кемелердің тоқтауына қолайсыз жағалау бір жерге
келгенде күрт үзіледі де, құрлықтың ішкі қойнауына терең еніп жатқан,
Солтүстік Америкадағы өте-мөте қолайлы табиғат болып келеді.

г) Солтүстік Мексика
Бұл аймақ Калифорния түбегін, Солтүстік-Батыс Мексика үстіртін және
Мексика тау жүйесін қамтиды. Мексика тау жүйесінің оңтүстік шет аймағы
бойында биік жанар таулар тізбегі созылып жатыр. Солтүстік Мексика
оңтүстікте Бальсас өзенінің тектоникалық аңғарымен шектеледі, бұл өзен
сонымен бірге Солтүстік Америка мен Орталық Американың географиялық
шекарасы болып табылады. Бұл аймақтың бүкіл территориясына таулы және
аридті ландшафтар жер бедерінің жанар тау құбылыстарынан пайда болған
түрлерінің кең таралуы тән болады.
Калифорния түбегі таулы келеді, олар Америка Құрама Штаттарындағы
Жағалау жоталарының жалғасы болып табылады. Бұл таулар 1000—3000 м-ге дейін
биіктеп, Калифорния шығанағы мен Тынық мұхитқа жете бере күрт үзіледі.
Жағалау бойындағы кейбір жерлерде ғана дөңес жазықтар қездеседі. Ұзын да
жіңішке Калифорния шығанағы ойысқан алқаптың жалғасы болып табылады, бұл
алқап Жағалау жоталарын шығыс жағынан шектеп тұрады. Ал Калифорния
шығанағының шығыс жағалауының бойы жазық алап, ол бірте-бірте
қатпарлы шегінді заттардан, сондай-ақ жанар тау құбылыстары әсерінен пайда
болған жыныстардан тұратын Сонора төбелі үстіртіне айналады. Шығыста
солтүстік Мексиканың негізгі бөлігін алып жатқан Мексика таулы қыраты бой
көтереді, оны шығысында, батысында, оңтүстігінде биік жоталар коршап
тұрады.

Қорытынды
Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24 250 мың км2,
аралдардың көлемі — 3890 мың км2. Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік
ендіктің 70° және 30° аралығында, неғұрлым енді және көлемді болады.
Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстігі су бассейндерімен көп бөлшектенген.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі
материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен
жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде
Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық
арқылы жалғасып жатқан. Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен
өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғары
ұзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер
бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте
ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып
келеді. Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы
сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен
Еуразиядан кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы
мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз
жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар. Кордильер тауын
бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлінеді.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 3
І – Тарау Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық тарихы
1.1 Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 5
ІІ – Тарау Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу
2.1 Дүниежүзілік мұхиттың
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2.2 Мұхит суларының
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
2.2. Мұхит
ағыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
ІІІ – Тарау Мұхиттың адам өміріндегі маңызы. Оны экологиялық қорғау
жолдары
3.1 Мұхитты экологиялық қорғау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 37
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 38

Кіріспе
Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол
дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер
бетінің 34 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек –
бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір – біріне
жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит -
жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан
қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу
саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға
ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған “Тынық мұхит” деген ат берді.
Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан
шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік
Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және
Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық
мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың
шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін
барады.
Атлант мұхиты арқылы Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан елдері
бір – бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн
бойы кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір
бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл - ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының
таза, көгілдірлігімен де ерекше көзге түседі. Өйткені оның оңтүстік
бөлігіне құятын өзен аз. Солтүстік Мұзды мұхит - мұхиттардың ішіндегі ең
шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен
шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды
мұхиттың тағы бір ерекшелігі - ол басқа мұхиттарға қарағанда тайыз болып
келеді. Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м-ден
аспайды. Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі
аралдар көп.
Жұмыстың мақсаты дүниежүзілік мұхиттың ашылмаған сырларын болашақта ашу
мақсатында жүргізіліп, курстық жұмыс ретінде жазылып тарихы терең, қазынасы
мол мұхиттардың адам өміріндегі алатын маңызды орны мен мәнін ашу болып
табылады.
Жұмыстың өзектілігі жұмыс негізінен арнап ізденістер мен
еңбектерді талап ететіні сөзсіз. Тақырып өзегі болып табылатын дүниежүзілік
мұхиттың қазіргі экологиялық мәселелері туралы қарастырылған. Дүниежүзілік
мұхиттың онда өмір сүретін организмдердің тіршілігі, өмір сүру ортасы
туралы басты назар аударылған. Бұл жұмыс нақты және айқын жазылған.
Жұмыстың зерттеу дәрежесі: Тақырып екі тараудан тұрады: Кіріспе негізгі
бөлім - 5 пункттен және қорытынды, суреттер мен пайдаланылған әдебиеттер
мен бөлімдерден тұрады.
Жұмыстың міндеті – мұхитты зерттеу және оны қорғау – адам баласының
маңызды міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедияциялық кемелердің маңызы зор.
Қазіргі таңдағы арнаулы аппараттар, батискафтар мұхит зерттеушілеріне
қарамағындағы мұхитты анықтауға мүмкіндік береді.
І – Тарау. Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық тарихы
1.1. Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы
Мұхит – Жер шарындағы ең көп таралған зат, осынау өзгеше минерал –
судың басты сақтаушысы. Біздің планетада су қалайша пайда болған ? Бұл
мәселені ғылым түпкілікті шешкен жоқ . Жер пайда болған кезде су материктік
жер қырты-сы секілді, жоғарғы мантиядан бөлініп шыққан немесе біртіндеп
жиналған деп жорамалдайды. Вулкандар атқылаған кезде, литосфера
плиталарының созылу зоналарында мұхиттық жер қыртысы пайда болған сәтте
Жер бетіне төгіле отырып, су қазіргі уақытта да магмадан бөлініп шығады.
Әлі де миллиондаған жылдар бойы осылай бола бермек. Жер шарына судың бір
бөлігі космостан келеді. Мұхит суының басты қасиеттері – оның тұздылығы мен
температурасы .
Үнді мұхитының физикалық – географиалық орны. Бұл мұхит планетада
ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан . Мұхит
солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы
жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады.
Атлант мұхиты-мен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық
мұхитпен шекарасы-Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді . Мұхиттың
жағасы аз тілімденген . Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығынақтары ,
Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз . Мұхиттың
шекарасында ғана ірі арал-дар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары
бар.
Үнді мұхитының жағасы – ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі.
Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл
бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын
тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі
мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала
бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл
мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген .
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды.
Челлен-джер кемесімен шыққан аылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер
жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті
зерттелмеді . Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған
экспедициалар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде-Михаил Ломоносов,
Океан және басқа ғылыми кемелер бар.
Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері –Ява
шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа
мұхиттардағы сияқты , мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып
жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр ,
ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады.
Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары
жотаның орталығына қарай шоғырланған. Жер қыртысының жарықтары Қызыл
теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді . Қазіргі кезде олардың
құрлысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне
түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан
заттардың жоғары көтеріліп , Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын,
сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзелгенін көрсетеді. Тынық мұхит – оны
Ұлы мұхит деп те атайды- планета бетінің 1\3 –ін және Дүниежүзілік мұхит
көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұхит сопақша пішінді экватор тұсында
ерекше енді , сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит. Мұхиттың
шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен
шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген
теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген
ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын қайраңды теңіздер
де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары(Жапон, Охот және басқа ) өзара
әсер еттін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен
бөлінген .
Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Солтүстік Американың географиялық орны
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Солтүстік Америка
Амазонка өзенін танып білу
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Материктердің физикалық географиясы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Пәндер