Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Зерттеу нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2.1. Шиелі суармалы алқабының физикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1.1. Геологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1.2. Геоморфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1.3. Агроклиматтық жағдайының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1.4. Гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1.5. Топырақ.өсімдік жамылғысының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2.2. Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

3. Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)

3.1. Топырақ құрамындағы ауыр металдардың мөлшері ... ... ... ... 28
3.2. Күріш, бидай және жоңышқа құрамындағы ауыр металдардың мөлшері
Тұжырымдық қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
Казақстан Республикасында шөлдену мәселесі қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Шөлдену-куаңшылық зоналарының топырақтары мен өсімдік жамылғыларының аридизациясы мен биологиялық өнімділіктерінің азаюына алып келетін қайтарымсыз үрдіс ретінде жүретін табиғи құбылысқа жатады. Бұл үрдіс экстремалды жағдайларда биосфералық әлеуеттің толығымен бұзылып, зоналардың шөлге айналуына алып келеді [1]. Шөлдену үрдісі топырақ жабындығы мен өсімдік жамылғыларының деградацияга ұшырауынан, дефляция және су эрозияларының күшеюінен, қайталама сортаңданудың дамуынан, қабыршақты сор далалар алып жатқан аумақтардың көлемінің кеңеюінен және тағы басқа құбылыстардан байқалады.
Қазіргі кезде Республика аумағының 66%-ға жуығы шөлге айналған [2]. Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан, шөлді зоналардың көлемі бойынша алдыңғы қатарлы орындардың бірінде болып саналады (1089,4 мың шаршы метр). Шөлдену үрдісінің дамуы табиғи, сондай-ақ антропогендік факторлардың әсерімен де байланысты. Қолайсыз табиғи үрдістердің дамуы зоналардың зоналық және азоналық ерекшеліктеріне байланысты болады. Зоналық ерекшеліктерге, ең алдымен, ғаламдық климат жағдайларының өзгеруін, жалпы аридизацияның күшеюін, эолды үрдістердің жылдамдауын жатқызуға болады. Ал, антропогендік факторлар осындай зоналарға тән табиғи үрдістердің артуына ғана, сонымен бірге, белгілі бір зонаға тән емес жаңа ерекшеліктердің пайда болуына да ықпал етеді.
Экожүйелердің деградацияға ұшырауы (шөлге айналуы) Қазакстанның
барлық табиғи зоналарында кездеседі. Республиканың көптеген облыстарындағы қауіпті радиациялык жағдай шөлдену және экологиялык дағдарыс үрдісімен де тікелей байланысты екендігі белгілі. Шөлдену үрдісі көптеген материалдық шығындарға, Республика халқының әлеуметтік және санитарлык-гигиеналық жағдайының нашарлауына алып келеді. Бұл үрдістердің нәтижелерінен табиғи ахуалдың жалпы шығындары елдің жалпы ұлттык табысына да әсер етеді. Осылардың жиынтығы қазіргі кездегі Қазақстанның экологиялық ахуалын өте күрделендіріп жіберді және шөлдену үрдісінің тереңдеуі мен кеңею беталысын туындатуда. Республика территориясындағы экологиялық жағдайдың жылдам нашарлауы шөлдену үрдісін ландшафттық деңгейде зерттеп, реттеуді қажет етеді. Бұл ретте ландшафттардың антропогендік әсерлерден деградацияға ұшырауының компонентаралық және ландшафтаралық байланыстарын, үрдістерін, ландшафттардың қызмет етуін (функциясын), дамуын және басқа да ерекшеліктерін зерттеу туындайды[3].
Ұсынып отырған, осы жұмыста Қазақстандағы шөлдену үрдісі жайында қолда бар мәліметтер талданып, жан-жақты талқыланды. Осының нәтижесінде Республикадағы жазықтардың шөлдену деңгейі мен үрдістеріне қарай аудандарға бөліну кестесі ұсынылып, оларды аудандарға бөліп, шөлдену үрдісінің даму, орналасу және кеңею бағытын зерттеу үшін, сондай-ақ шөлдену бұларды болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізу үшін қажеттіліктерін көрсетуге тырыстық.
1. Розанов Б.Г., План действий по борьбе с опустыниванием в СССР.: (Оценка, мониторинг, предупреждение и борьба с ним)// Проблемы освоения пустынь. Ашхабад: Илым,1981. С. 23.
2. Курочкина Л.Я. Тенденции и следствия опустынивания в Центральной Азии. Международная конференция по проблемам борьбы с опустыниванием. Программа ООН по окружающей среде (ЮНЕП). Алматы, 15 июня 1995 года.
3. Фаизов К.Ш., Мамутов Ж.У. и др. География и экология почв Казахстана. Алматы, 2007.с.278.
4. Бельгибаев М.Е. Деградация почв и их последствия в аридной зоне Казахстана-Материалы международной конференции. Изд «Тетис», 1998.-с.180
5. Ковда В.А. Почвенный покров, его улучшение, использование и охрана. М., 1981, 182 с.
6. Сессия «Глобальное потепление климата»-штат Колорадо, США, 1991г.
7. Международная конференция по борьбе с опустыниванием, Туркия, Адана, 1996г.
8. «World Soil Pabicy», UNEP, Nailbory,1983.
9. «Программы по выполнению Всемирной почвенной политики (задачи и ожидаемые результаты)»-ж-л «Почвоведение», 1984, №1.
10. Антропогенное опустынивание почв Приаралья.-Алма-Ата: Наука, 1984.-224с.
11. Погребинский М.А. Грунтовые воды Кызылординского массива и их изменения в результате зарегулирования стока Сырдарьи – Тр. Ин-та почвоведения АН КазССР, 1969, т.17, с.32-37.
12. Боровский В.М.,Погребинский М.А. Древняя дельта Сыр-Дарьи и Северные Кызыл-кумы. Том I. Алма-Ата.1958.
13. Сваричевская З.А. Геоморфология Средней Азии и Казахстана. Л.1965.
14. Аэроклиматические ресурсы Кзылординской области Казахской ССР. Л.:
15. Рельеф Казахстана (пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1:1 500 000). Часть 2.АН КазССР. Институт Географии.Алма-Ата.1991.
16. Попов Ю.М., Некрасова Т.Ф., Стародубцев В.М. и др. Антропогенные изменения почв Приаралья и их эколого-хозяйственное значение. Алма-Ата, 1992. 59 с.
17. Диярова К.Ш. Развитие и размещение сельскохозяйственного производства в низовье Сырдарьи. //Сборник статей научно-практической конференции. Алма-Ата.: Наука. 1992. С.47-56
18. Стародубцев В.М. Формирование почвенного покрова в Приаралье. //Проблемы освоения пустынь. 1990. №5. С..49-54.
19. Фаизов К.Ш. Почвы пустынной зоны Казахстана. Алма-Ата.1983.
20. www.rambler.ru

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География факультеті

Физикалық география және геоэкология кафедрасы

Курстық жұмыс

Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы
топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі
ауданының мысалында)

Орындаушы
1-курс магистранты:
И.И. Әміреева

Ғылыми жетекшісі:
б.ғ.д., профессор
Ж.Ү. Мамытов

Норма бақылаушы: С.М.
Баяндинова
г.ғ.к.

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
г.ғ.к.
С.С. Түгелбаев

Алматы - 2009

Мазмұны

Беттері

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3

1. Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 5

2. Зерттеу нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1. Шиелі суармалы алқабының физикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..11
1.
Геологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.
Геоморфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .14
3. Агроклиматтық жағдайының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .18
4.
Гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
5. Топырақ-өсімдік жамылғысының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .22

2. Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 26

3. Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы
сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының
мысалында)

1. Топырақ құрамындағы ауыр металдардың мөлшері ... ... ... ... 28
2. Күріш, бидай және жоңышқа құрамындағы ауыр металдардың мөлшері
Тұжырымдық қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .53

КІРІСПЕ

Казақстан Республикасында шөлдену мәселесі қазіргі таңдағы ең өзекті
мәселелердің бірі. Шөлдену-куаңшылық зоналарының топырақтары мен өсімдік
жамылғыларының аридизациясы мен биологиялық өнімділіктерінің азаюына алып
келетін қайтарымсыз үрдіс ретінде жүретін табиғи құбылысқа жатады. Бұл
үрдіс экстремалды жағдайларда биосфералық әлеуеттің толығымен бұзылып,
зоналардың шөлге айналуына алып келеді [1]. Шөлдену үрдісі топырақ
жабындығы мен өсімдік жамылғыларының деградацияга ұшырауынан, дефляция және
су эрозияларының күшеюінен, қайталама сортаңданудың дамуынан, қабыршақты
сор далалар алып жатқан аумақтардың көлемінің кеңеюінен және тағы басқа
құбылыстардан байқалады.
Қазіргі кезде Республика аумағының 66%-ға жуығы шөлге айналған [2].
Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан, шөлді зоналардың көлемі
бойынша алдыңғы қатарлы орындардың бірінде болып саналады (1089,4 мың
шаршы метр). Шөлдену үрдісінің дамуы табиғи, сондай-ақ антропогендік
факторлардың әсерімен де байланысты. Қолайсыз табиғи үрдістердің дамуы
зоналардың зоналық және азоналық ерекшеліктеріне байланысты болады. Зоналық
ерекшеліктерге, ең алдымен, ғаламдық климат жағдайларының өзгеруін, жалпы
аридизацияның күшеюін, эолды үрдістердің жылдамдауын жатқызуға болады. Ал,
антропогендік факторлар осындай зоналарға тән табиғи үрдістердің артуына
ғана, сонымен бірге, белгілі бір зонаға тән емес жаңа ерекшеліктердің пайда
болуына да ықпал етеді.
Экожүйелердің деградацияға ұшырауы (шөлге айналуы) Қазакстанның
барлық табиғи зоналарында кездеседі. Республиканың көптеген
облыстарындағы қауіпті радиациялык жағдай шөлдену және экологиялык дағдарыс
үрдісімен де тікелей байланысты екендігі белгілі. Шөлдену үрдісі көптеген
материалдық шығындарға, Республика халқының әлеуметтік және санитарлык-
гигиеналық жағдайының нашарлауына алып келеді. Бұл үрдістердің
нәтижелерінен табиғи ахуалдың жалпы шығындары елдің жалпы
ұлттык табысына да әсер етеді. Осылардың жиынтығы қазіргі кездегі
Қазақстанның экологиялық ахуалын өте күрделендіріп жіберді және шөлдену
үрдісінің тереңдеуі мен кеңею беталысын туындатуда. Республика
территориясындағы экологиялық жағдайдың жылдам нашарлауы шөлдену үрдісін
ландшафттық деңгейде зерттеп, реттеуді қажет етеді. Бұл ретте
ландшафттардың антропогендік әсерлерден деградацияға ұшырауының
компонентаралық және ландшафтаралық байланыстарын, үрдістерін,
ландшафттардың қызмет етуін (функциясын), дамуын және басқа да
ерекшеліктерін зерттеу туындайды[3].
Ұсынып отырған, осы жұмыста Қазақстандағы шөлдену үрдісі жайында
қолда бар мәліметтер талданып, жан-жақты талқыланды. Осының нәтижесінде
Республикадағы жазықтардың шөлдену деңгейі мен үрдістеріне қарай аудандарға
бөліну кестесі ұсынылып, оларды аудандарға бөліп, шөлдену үрдісінің даму,
орналасу және кеңею бағытын зерттеу үшін, сондай-ақ шөлдену бұларды
болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізу үшін қажеттіліктерін көрсетуге
тырыстық. Бағалау жағын қарастырғанда, шөлдену, адамзаттың қолайсыз
әрекеттерінің салдарынан пайда болатын аридті, семиаридті және кұрғақ
субгумидті аудандардың жерлерін деградацияға ұшырауы екендігі анықталды.
Бұл тұжырымдама жер түсінігіне топырақтың, жергілікті судың, жер бедерінің,
өсімдіктердің қасиеттері мен ауыл шаруашылык дақылдардың егілуі кіреді.
Сонымен бірге Қазакстан Республикасындағы шөлдену үрдістерінің
геоакпараттық жүйесін құру ұсынылып, деректер қорын құруға мүмкіндіктер
берілді. Шөлдену үрдістерінің ГАЖ-сі аридтік геожүйелердің тұрақтылық
механизмдерін, олардың қызмет ету, даму үрдістерін зерттеу, бүл мәселе
бойынша ілімдерді талдап, шөлдену үрдістерінің әрі қарайғы өсу қарқынын
болжау үшін оның географиялық-математикалық моделін жасап, шөлдену
үрдісінің жағымсыз салдарын түрақтандыру немесе жою жөніндегі шешімдерді
қабылдауға арналған маңызды міндет болып табылады.
Сонымен, ұсынылып отырған бакалаврлық бітіру жұмысының мақсаты-
аридтену үрдісінің Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне
әсерін зерттеу
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешуге тура келді:
- зерттелетін нысандардың қазіргі кездегі аридтену жағдайлары мен
олардың зерттелу тарихына арналған ғылыми өдебиеттерге шолу жасау;
- зерттелетін нысандардың табиғаттық құрылымдарын сипаттау;
- топырақтардың аридтенулерінің және шөлденулерінің негізгі себептерін
анықтау;
- Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың деградациялану
нәтижелерін бағалаудағы шөлдену картасын құрастыру;
- осы аумақтағы аридтену мен шөлдену үрдістерін тежейтін негізгі
шараларды анықтау

1. Әдебиеттерге шолу

1. Қазақстанның топырақтарының аридтену жағдайлары

Қазақстандағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы табиғи және
антропогендік себептерге байланысты болады. Бірақ, қазіргі кезде топырақ
деградациясы өлеуметтік бақылаудан тыс қалып, адам іс-әрекеттерінің
әсерлерінен жойқын болып жатыр. Ландшафтың басқа да компоненттері сияқты,
топырақ деградациясы көптеген жағымсыз жағдай туғызады: оларды атап айтсақ,
биологиялық өнімділіктің төмендеуіне, өсімдіктер мен жануарлар генофонының
азаюына, биогеохимиялық циклдың бұзылуына, топырақтардың түзіліп, даму
бағытына, жер беті альбедосының көлемі және климаттың өзгерулеріне душар
етеді. Жоғарыда аталған үрдістер республака территориясының шөлденуіне әкеп
соқтырады да, облыс, аудан және бүтіндей елдің әлеуметтік-экономикалық және
демографиялық жағдайларына зор әсерін тигізеді[3,4].
Топырақ деградациясы физикалық, химиялық және биологиялық болып
бөлінеді.
Бұл үрдістің негізгі факторлары мен нәтижелерін бөліп көрсету
қажеттігі туындайды. Олар: 1) ауыл-шаруашылық, 2) өнеркәсіп, 3) энергетика,
4) урбандалу, 5) транспорт, 6) тұрмыстық қалдықтар, 7) туризм, демалыс,
балық аулау және аңшылық, 8) климат пен құрлықтың аридтенуі. [5]
Жыл өткен сайын біз табиғи топырақтардан алшақтап, техногенді
ластанған топырақтарды, яғни, технопедогенез нәтижесінде пайда болған
топырақтарды танып, оқып үйренуге көшіп жатырмыз. В.А. Ковданың пікірінше
“...осыдан 50-70 жыл бұрын болған табиғи топырақтар қазір мүлдем жоқ.
Топырақ өзгерісінің дәрежесі мен сипаты және олардың табиғи өнімділігі
жергілікті және жалпы сипатта ғана болып қалды”, ал американ ғалымы Дж.А.
Джоунс (1991 ж.) атап көрсеткеніндей (4-тің сілтемесі),"... топырақ
деградациясы адамзаттың жерді ысырапсыз пайдалануы мен ормандардың жоғары
қарқындылықпен жойылып бара жатуымен тығыз байланысты". Осыдан келіп,
топырақ деградациясы ауқымды және жаhандық құбылыстықмәселеге айналуда. Бұл
туралы түрлі елдерде өтіп жатқан халықаралық форумдар мен іс-шараларда
талқыланып жүр[6,7] . Тіптен, 1983 ж. “Бүкіләлемдік топырақ
саясаты” жарыққа шықты[8] .
Осындай халықаралық құжат және “Бүкіләлемдік топырақ саясатының
орындалуы туралы бағдарламалар” 1984ж. “Почвоведение” журналында жарық
көрді. Бұл бағдарламада топырақ қорларының жіктелуі, бағасы, болжамы,
тиімді пайдаланулары мен қорғау туралы мәселелері қарастырылған. [9]
Сонымен, басылымдарда жарық көрген мәліметтерден топырақ
деградациясын зерттеудің теориялық негізі әлі толық ашылмағанын байқауға
болады. Бұл бағыттағы ең басты мәселелердің бірі-топырақ деградациясының
болжамы мен зерттеудің жалпы әдістерін жасау болып табылады.
Ормандардың жойылуы, шөлдену мен топырақ деградациясының уақытша
және жалпылай сипаттамасын алу үшін Дж.А:Джоунз (1991 ж.) 4 ұсыныс жасайды:
1) карталар; 2) өзгерістердің фиксациясы; 3) олардың пайда болуының жеке
мысалдарын зерттеу; 4) мониторинг. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстардың 3-еуі
сапалы және сандық қатынаста В:В: Докучаев ат. Топырақтану Институты мен
Мәскеу университетінің (Солнцева, Герасимова, Рубилина, 1990)
топырақтанушылары жасап шықты. Олар, негізінен, Ресейдің Европа бөлігіндегі
гумидті зоналарының техногенді-қайта пайда болған топырақтарының жіктелу
негізін жасады.
Қазақстандағы топырақ деградациясының мәселелері – Ж.У. Аханов,
Э.А. Соколенко (1990), М.Е. Бельгибаев, В.Е. Минят,1995; М.Е. Бельгибаев,
Т.Д. Джалакузов,1996 және т.б. ғалымдардың жұмыстарында келтірілген.
Бұл жұмыстар, негізінен, екі бағытта жүргізілген: 1) топырақтарды
жел және су эрозиясынан қорғау; 2) татехникалық жұмыстары барысында
бұзылған жерлерді қалпына келтіру. Бірақ та,жоғарыда көрсетілген жағдайлар
топырақты эрозия мен дефляциядан қорғау жұмыстары мүлдем
жүргізілмейтіндігін көрсетеді. Бұл, ұзақ уақыттан бері топырақтану және
басқа да ғылыми бағыттағы ғылымның (экология, ботаника, ландшафтану,
геоморфология, ландшафт геохимиясы, агроэкология және т.б.) ғылыми-
техникалық және өндірістік мәселесі болып табылады[10].
Дефляцияның өсу және күшею тенденциясы оңтүстік бағытта, ал, эрозия
солтүстік аудандарда, таулы және тауалды аудандарында айқын байқалуда.
Бұл процестер антропогендік факторлардың әсерінен пайда болады.
Табиғи жағдайларда сортаң топырақтар көлемінің артуына климаттық фактор-
климат пен құрлықтың аридтенуінің күшеюі жағдай жасайды. Бұл процесс
орманды-дала зонасынан басталып, келесі зонашықтарда айтарлықтай аудан
көлемінде байқалады. Қазіргі кезде климаттың жаhандық жылынуының орташа
жылдық көрсеткіші +0.53(С-ды құрайды. Солтүстік Қазақстан
метеостанциясында, автордың келтірген мәліметтерінің қорытындысы бойынша,
соңғы 60-100 жылда орташа жылдық температура 1.8-2.0(С-қа дейін артқан
(Бельгибаев, 1997). Бұл жаhандық климаттың жылынуынан орташа есеппен 4
есеге дейін жоғары.
Климаттық жоғарыда көрсетілген параметрлерінің (температура,
келешектегі даму тенденциясын көрсетеді) салдары Қазақстанның табиғат
зоналарының біртіндеп солтүстік бағытқа жылжып бара жатқандығын көрсетеді.
Бұның, ең біріншіден, Солтүстік және Орталық Қазақстанға қатысы бар.
Дала зонасы орманды-дала зонасына, соңғысы Сібірдегі орманды зонаға қарай
ауысып барады. Климат пен құрлықтың аридтенуінің өсуі тұзды топырақтардың-
сор және сортаңдардың көлемінің артуына әкеп соқтырады. Бұған, Оңтүстік
Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға ауа арқылы баратын тұздар себеп болатын
көрінеді. Дәл осындай қорытындыға жақын арада Топырақтану және агрохимия
Институтының ғалымдары тоқталды.
Топырақ эволюциясы, олардың тұрақтылығы мен деградациясы бір-бірімен
байланысты категориялар және мәселелер екендігін атап өту керек[4].
Қорытындыға Қазақстан топырақтары деградациясының зерттеліп жүрген
мәселелердің негізгі топырақтарына тоқталайық:
1) техногенді-қайта пайда болған топырақтардың бағасы, классификациясы
және картографиясы;
2) антропогенді-қайта пайда болған топырақтардың ұлттық
классификациясының ФАО ЮНЕСКО (1988), американдық және Ресей (1966)
классификацияларымен байланысты.
3) Топырақ деградация индикаторларының білінуі;
4) Топырақ деградациясының болжамы;
5) Топырақ деградациясы мониторингінің топырақ жабындығының фондық
мониторингімен қатарласуы;
6) Топырақ деградациясының уақытша және кеңістік бойынша өзгеруі;
7) Топырақ деградациясы және азық-түлік мәселесі;
8) Топырақ деградациясы және олардың экологиялық салдары;
9) Антропогенді-қайта пайда болған топырақтарды қалпрына келтіру,
қорғау және өнімділігін арттырытын ішараларды ұйымдастыру.
Соңғы бөлікті міндетті түрде кең ауқымда жүргізу қажет. Бұл жерде, іс-
шараларды жүргізу республика көлемінде, сондай-ақ, топырақтық-климат
жағдайлары ұқсас өзге елдер, яғни дүниежүзілік көлемде қарастырылуы жайлы
сөз болып отыр. Мәселен, бұл мәселе 1994ж., Парижде БҰҰ-ның шөлденуге қарсы
концепциясында көрініс алды. Антропогендік-қайта пайда болған топырақтардың
өнімділігін қалпына келтіру жайлы материалдарды міндетті түрде қарастыру
қажет.

2. Қызылорда облысындағы топырақтардың аридтенуін зерттеу тарихы
Топырақ жабындығы құрылымының өзгеруін 1952 жылы ҚазКСР ҒА Топырақтану
Институты жасаған Қызылорда гидроузелінен басталып, әрі Жусалы станциясымен
жалғасып, солтүстік және солтүстік-шығысында өзен арасымен, ал батысында-
Жусан даласымен, оңтүстігінде Жаңадария жазығының солтүстігі арқылы өтетін
оңтүстік коллектормен байланысып жатыр. Ауданы 377,2 мың га.
Массивтегі топырақ түзілу процесі, ертеректе, Сырдария өзенінің күшті
су тасқындарына байланысты жүрген. Ал, 1960 жылдан бастап, өзен суын
реттеуге байланысты негізгі су балансының өтуі-суармалы суға байланысты
болады. Топырақтың аридтенуі келесі стратегиялар бойыша жүруде: кебу-
шөлдену-тақырлану, яғни, топырақ пен грунт суларынна тұздар жиналуда[10].
Аллювийлі-шалғынды тоғай топырақтары трансформацияның нәтижесіде
аллювийлі-шалғынды кепкен және кей жерлерде типтік және шалғынды-сортаң
топырақтарға айналуда. Бұрынғы аллювийлі-шалғынды топырақтар әлсіз-тұзды
және грунт суларының жақын орналасқан жерінде дамыған болатын, ал әлсіз
және күшті су кезеңдерінің кезектесіп келуі топырақ қабатында тұздың
жиналуына себеп болады.
Сырдария ағыны реттеуден кейін, мұнда стихиялық жарылымдардың болуы
тоқталды, ал олардың астыңғы бөлігіндегі топырақ кеуіп, ирригациялық
каналдарға айналды. Нәтижесінде кей жерлерде грунт сулары біршама
төмендеді, бірақ Шіркейлі-Маданият салаларының арна алды зонасында олар
жердің беткі қабатына жақындаған болатын. Мұнда топырақ сумен
шайылмайтындықтан, ондағы тұздың мөлшері барған сайын арта түсуде. Алқап
топырағының трансформацияға ұшырауының негізгі себебі-мелиорация жұмыстарын
жүргізбей, суруда. Мұның барлығы, ағынсыз грунт сулары жағдайында
топырақтың қайта тұздануына әкеп соғады.
Сонымен қатар, алқаптың кебу территориясында батпақты және шалғынды-
батпақты топырақ мөлшері арта түсуде.
Тақыр тәріздес топырақтар ауданының біршама азайғаны байқалады. Жусан
даласында тақыр тәріздес топырақтарды игеру нәтижесінде, олар біртідеп
батпақты жәе аллювийлі-тұзданға топырақтарға айналуда, бірақ басым түрде
сортаңға айналуда. Сортаңдардың пайда болуына Жусан даласының қолайсыз
гидрогеологиялық-мелиоративті жағдайлары себеп болды.
Өзен ағынын Шардара су қоймасы және Қызылорда бөгені арқылы реттеу-
Қызылорда алқабының гидрологиялық режиміне айтарлықтай өзгерістер әкелді.
1947-52 және 1960-63 жж. геологиялық карталарда біріктірілген, М.А.
Погребенскийдің (1969ж.) мәліметтері бойынша алқаптың шығыс және орталық
бөліктеріндегі грунт суларының деңгейі 0,5-0,9 м-ге дейін, ал батысында 1,1-
1,8 м-ге дейін төмендеп кеткен. Тұзды су көлемі азайып, сәйкесінше, тұзды
грунт суларының ауданы көбеюде, ал грунт суларының режимі гидрологиялықтан
ирригациялық типке ауысты.
Сәйкесінше, тұз жиналу жағдайы да өзгерді. Сырдария суындағы тұздардың
құрамы 50-жылдары, 0,6 г(л-ді құрады (ион ағыны жылына 12 мн.т шамасында).
Бір жылдың ішінде алқапқа 1,4 млн.т тұз жиналған.
Содан кейін болған топырақ жабындығының, мелиоративті және басқа да
табиғи жағдайлардың өзгеруіне ҚазКСР ҒА топырақтану, ботаника және зоология
институттарының мамандары сараптама жасады. Сараптама қорытындысы
көрсеткеніндей, Шардара суқоймасының іске қосылуы, Сырдария ағысының кемуі
Қызылорда облысының табиғи жағдайына үлкен өзгерістер әкелді.
Мұның барлығы төменгі салалардың климатының аридтенуіне, территорияның
құрғауына, көлдердің жоғалуына топырақтың шөлденуіне және оның
құнарлылығының кемуіне әкеп соқтырды. Өзен суының минералдық құрамының арту
процесі әлі де болса өз жалғасын табуда. Болжамдарға сәйкес (Стпанов,
Чембарисов, 1978 ж.) 2000 жылы Сырдария өзеніндегі тұз мөлшері 3,5 гл-ге
дейін өседі деп болжануда, ал ол су ағынының кемуіне қарамастан, топырақ
пен грунт суларына тұздың жинала беруіне ықпал жасайды. Мәселен, Қызылорда
алқабының сол жақ жағалауында жылыны еріген тұздардың тұздық балансының
сальдосы +2,01 млн.т-ны құрайды.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, грунт суларының баланстық қоры кему
үстінде. Олар суармалы судың инфильтрациясы арқылы қоректенеді. Қызылорда
алқабының сол жақ жағалауында соңғы 10 жыл көлемінде грунт сулары 1-1,5 м.
тереңдікке дейін төмендеп кетті.
Төменгі ағыста гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруіне
байланысты, топырақ жабындығының эволюциясы мен сапалық трансформациясы
жүрді.
Шөлдену үрдісі барысында, топырақ айтарлықтай гумустық қабатынан айрылады
және ол қайта қалпына келмейді. Шалғынды жердің топырағы үшін гумустан
айрылу 13-27, батпақты топырақ үшін 33-35 тга-ға сәйкес келеді. Аридтену
үрдісі кезінде азоттың қоры да азайып кетеді. Ал, фосфор айтарлықтай
төмендемейді. Жалпы айтқанда, Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы
мелиоративтік жағдай бұл жерде мелиоративті іс-шаралар жүргізуді талап
етеді.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, Арал теңізі деңгейінің төмендеп, түбінің
құрғау процесі қарқынды түрде жүруде. Мұнда топырақ жабындығының жаңа
құрылымдық ландшафтары тез қалыптасуда. Жағалаудың солтүстік-шығыс, яғни,
галофитті өсімдіктерге кедей, грунт сулары тұзданған бөлігін
ауылшаруашылығы үшін пайдалануға болмайды.
Гидрологиялық жағдайдың нашарлап, тоғай, көлдердің азаюы құстардың
көптеген түрінің санының өзгеруіне әкеп соқтыруда. ҚазКСР ҒА Зоология
Институтының мәліметтері бойынша, Сырдарияның төменгі ағысының авиафаунасы
40-жылдары 319 құс түрінен, оның ішінде 173-і-ұя салатын, 123-і-ұшып
келетін және 23-і-сирек ұшып келетін түрлерінен тұрған болатын. Олардың
ішіндегі басым түрлері: пеликандар, бакландар, аққулар және үйректер мен
қаздар, шағалалар болатын. Бұрын мекендеген колониялы құстар қазір мүлдем
жоқ.
Гидроморфты топырақтың өзгеру қарқындылығы аридті климат жағдайына
тікелей байланысты. Сырдарияның қазіргі атырауының гидроморфты топырақтары
жартылай автоморфты даму этапына көше отырып, өзіне тән, өнім беретін
қасиеттерінен айырылып жатыр[11].

1. Зерттеу нысандары мен әдістері

1. Сырдарияның төменгі ағысындағы алаптың физикалық-географиялық
сипаттамасы
1. Геологиясы
Солтүстік Қызылқұм территориясы жабық түрге жатады және жазық бетінде
палеозой жыныстарының болмауымен сипатталады. Палеозой жыныстары мезозой
және кайнозой құрылымдарының қалың жабынының астында жатыр. Мұнда төрттік
шөгінділер кең тараған[12].
Палеозой жыныстары 400-2400 м тереңдікте жатыр. Бұрғылау деректері бойынша
олар құмтас, қиыршық тас қабаттары бар әктастардан құралған, олардың өз
аралық қатынасы және қалыңдығы белгісіз.
Мезозой шөгінділерінен юра және бор шөгінділері кең таралған. Соңғылары
төменгі және жоғары бөлімдерге бөлінеді. Юра жыныстары аудан
территориясында шектеулі түрде дамыған. Олар палеозой шөгінділеріне сәйкес.
Көбінде әр түрлі фациядағы юра шөгінділері жеке кішкене ойыстарды құрайды.
Юра жыныстары палеозой фундаментінің ойыңқы жерінде, 2000-2400 метр
тереңдікте табылды. Мұнда құмтас және алевриттер кездеседі, олардың
қалыңдығы 20-70 метр.
Бор жүйесі. Бор шөгінділері ауданның батыс бөлігінде кең тараған.
Төменгі бөлім. Бұл кезеңнің шөгінділері бұрғылау нәтижесінде ашылды. Ол
ара ала құла алеврит және боксит линзалары қабатшалары бар карбонатсыз
аргилиттер түрінде көрсетілген. Шөгінділердің қалыңдығы 40-70 метр. Бор
жүйесінің шөгінділеріне қоңыр алеврит жатады. Оларды сипаттайтын негізгі
белгісі карбонаттылығы. Шөгінділердің қалыңдығы 40-60 метр. Мұнда
шөгінділердің көлденең қимасында әртүрлі түйірлі құмтастар мен қиыршық
тастар көп кездеседі.
Альпі шөгінділері Сырдария өзенінің сол жағында жүргізілген барлық терең
саңылауларында ашылған. Альпінің көптеген кесінділерінде екі литологиялық
бума төменгі-лагунді теңіз және жоғарғы-континентальды болып бөлінеді.
Төменгі бума ала құла - қызыл, сары және дақты алевриттер, саз және майда
және жұқа түйірлі құмтастар түрінде көрсетілген.
Жоғарғы бума ашық қызыл, қызғыш майда түйірлі құмдар, құмтастар және
олардың арасында кездесетін алевролиттер мен саздардар тұрады. Жоғарғы
континентальды қабаттың қалыңдығы 100-150 метр.
Жоғарғы бор шөгінділері төменгі борға қарағанда кең тараған. Олар жолақ
түрінде Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен, солтүстік батысқа
қарай созылып жатыр. Солтүстік-батыста олар жас шөгінділермен жасырынып
жатыр, ал Қаратау жотасынан оңтүстік-батысқа қарай палеоген және жас
шөгінділермен жабылған, бірақ олар Сырдария өзенінің оң жағасында, сонымен
қатар батысқа қарай Қызылқұмда көптеген бұрғылау қуыстарымен қиылысады.
Тек жеке бөліктерге ғана жоғарғы бор жыныстары жер бетінде жалаңаштанған.
Қуыстағы әр түрлі органикалық қалдықтар мен литологиялық әр түрлілік
оларды стратиграфиялық түрде ярустарға бөлуге мүмкіншілік береді. Ең
ежелгі, кең тараған және полеантологиялық түрде бор шөгінділерімен
сипатталған шөгінділерге сеномон шөгінділері жатады. Ол трансагрессивті
түрде әр түрлі палеозой және юра құрылымдарының пенепленді жерлерінде
жатыр. Бірақ олардың астында, пенепленнің тегіс емес жерлерінде немесе
ежелгі карсті шұңқырларда ала түсті олинит слюда құрамы кездеседі. Эолдық
үрдістер әсерінен пайда болған бұл саздардың ең үлкен қалыңдығы 15-20 метр.
Қарастырылып отырған ауданда сеномен шөгінділері қызыл түсті құмтастар
түрінде көрсетілген. Қалыңдығы 70-120 метр.
Қызылқұм территориясының көп бөлігінде сенол шөгінділері жас
шөгінділермен жабылған. Олар Қаратау тауында және Төртқұдық табиғи
межесінде ғана жалаңаштанған. Мұнда олар жоғарғы Тұранның қызыл түсті
қабатында шайылып жатыр. Қалыңдығы 90-130 метрге жететін бұл шөгінділер
кезектесіп келетін жасыл, сұр және құба-қызғыш түсті құмдардан, саз және
алевриттерден тұрады.
Палеоген жүйесі. Палеоцен. Палеоцен шөгінділері жер бетіне батыста және
Қаратау тауларында шығады. Қалған территорияларда олар тереңдігі 100
метрден 850 метрге жететін саңылаулармен ашылған. Тектоникалық көтеріңкі
бөліктерде бұл шөгінділер бор және палеозойдың әр түрлі қабатында жайылмалы
түрде жатыр. Палеоцен шөгінділерінің кесіндісі ала түсті гипс қабаттары
бар саздар, сұр түсті құмды әктастар және негізінде базальтты түйір тастары
бар доломиттер түрінде берілген.
Төменгі эоцен шөгінділері барлық жерде тараған. Олар палеоцен шөгінділері
жазық бетіне шығып қалатын аудандарда жалаңаштанады, ал иіліп тереңде
жатқан бөліктерде тереңдігі 820 метрге жететін саңылаулармен ашылған
шөгінділері екі қабатқа бөлінеді. Төменгісі жасыл-сұр құмтастардан және
майда қиыршық тастардан, ал жоғарғысы – сұр саздардан құралған. Қалыңдығы 9-
30 метр. Ауданның қалған территориясында бұл шөгінділер негізінен сұр және
қара сұр саздар түрінде берілген.
Төменгі бөліктерде олар құмды болып келеді, кей кезде құмтастар және
алеврит қабаттары және өте аз әксаз және гравелиттер де кездеседі.
Жоғарғы эоцен жасының шөгінділері өте кең тараған. Негізінен олар 2
метрден 740 метрге дейін жететін саңылаулармен ашылған, тек солтүстік-
шығыста ғана жер бетіне шығады. Балшықтың жоғарғы бетінде құм, құмтас,
алеврит, қабаттары кездеседі. Жоғарғы эоцен шөгінділерінің жалпы қалыңдығы
кең көлемде ауытқиды. Ауданның солтүстігінде олардың қалыңдығы 4-6 метр.
Арыс ойысының интинсивті түрде майысқан бөліктерінде олардың қалыңдығы 330
метрге дейін жетеді.
Олигоцен шөгінділері қарастырылып отырған территорияда аз тараған және
қалыңдығы да маңызды емес. Қызылқұм ауданында бұл шөгінділер теңіз және
континентті фациялар түрінде берілген. Олар қоңыр қызыл және қызғыш-сұр
саздардан, құмдардан және алевриттерден тұрады. Олардың қалыңдығы 10
метрден 40 метрге дейін ғана жетеді.
Неоген дәуірі басында тектоникалық процестің бірден жандануынан және
дәуірдің аяғына қарай күшеюімен ерекшеленеді. Бұл шөгінділердің
литологиялық құрамының және қалыңдығының өзгеруіне әкеліп соқты. Жазықтықта
олар негізінен көлдерде, өзен құйылымдарының кең бассейіндерде, уақытша
көлдер пайда болған жерлерде жинақталады.
Төменгі миоцен шөгінділері саз қабаты бар қызыл түсті карбонатты және сұр
түсті әр түрлі түйірлі құмдар мен құмтастар түрінде берілген. Орта миоцен
258-294 метрде ашылған. Олар көгілдір-сұр дақтары бар қызыл-қоңыр
карбонатты саздар түрінде берілген.
Төрттік жүйе. Оңтүстік Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігі күрделі тез
өзгеретін рельефімен сипатталады, сондықтан төрттік шөгінділер мұнда құрамы
және генезисі жағынан әр түрлі болып келеді. Қарастырылып отырған
территорияның барлық жерінде эолды құмдар тараған. Олар негізінен төрттік
дәуірдегі борға дейінгі әр түрлі жастағы құм жыныстарының нәтижесінде пайда
болған. Генетикалық жағынан әр түрлі болып келетін лёсс жыныстары,
аллювийлік және аллювийлік-деллювийлік жыныстар өте кең тараған. Жасы
жағынан олар төменгі төрттік, орта төрттік, жоғарғы төрттік және қазіргі
кездегі болып бөлінеді.
Төменгі төрттік шөгінділер. Солтүстік Қызылқұмның төменгі төрттік
алювий шөгінділері жас құрылымдардың астында таралған. Олар әр түрлі
түйірлі құмдардан, саз және құмдақтардан тұрады. Жалпы қалыңдығы 50-80
метр.
Арыс ойысының оңтүстік бөлігінде жұмыр тас пен қойтастар арасында
көлемі 20 см-ден аспайтын әктастар ұшырасады. Оларға интрузивті және
кремнийлі жыныстар кіріктіріледі. Конгломераттардың түсі сұр. Қалыңдығы 7-
30 метр, сары топырақтыкі 5-10 метр.
Орта төрттік жыныстар негізінен әр түрлі түйірлі құмдармен және
қалыңдығы 80-100 метрге жететін қиыршық-жұмыр тастармен саз және
құмдақтардан тұратын орта төрттік аллювий төменгі төрттік шөгінділерді
жабады және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалауында Қаратау жотасының
аңғарларының шығарылған аллювийлік және пролювийлік шөгінділерімен
қосылады.
Қазіргі кезгі шөгінділерге Сырдария өзенінің биік және аласа
жайылмаларын жатқызады. Аллювий жұмыр тас, құм, құмдақтардан, ал жоғары
жағында лёсс түріндегі саздардан түзілген. Олар ауданның оңтүстік бөлігінде
тараған, қалыңдығы 10-35 метр.
Аллювийлік-пролювийлік шөгінділер – түйірлі жұмыр тастар мен қиыршық
құмды жиынтықтар. Олардың қалыңдығы 7-10 метрге дейін жетеді және олар
уақытша су ағындарының қысқа аңғарларында тараған.
Ерте төрттік уақытының екінші жартысында басталған, пайда болуы және
жасы жағынан әр түрлі құмдардың жаңаруы қазіргі дәуірге дейін созылып отыр.
Қызылқұмдағы жел әрекетінен жалды төбелер, бархандар құрылған. Жалдардың
биіктігі кей жерлерде 20-25 метрге дейін жетеді. Қарастырылып отырған
территорияда көп көлемде хемогенді бөлшектенбеген жыныстар кғездеседі.
Сонымен, зерттеліп отырған солтүстік Қызылқұм территориясы геологиялық
қатынаста, толығымен бор және кайнозой шөгінділерімен жабылған аудан болып
есептеледі. Юра жыныстары жеке, кішігірім аумақтарда, бор және кайнозой
жыныстары барлық жерде тараған.

2. Геоморфологиясы
Сырдария ойысының аккумулятивті жазықтары солтүстік-батысқа қарай
созылған, абсолюттік биіктігі 332 метр болатын кең ойысты құрайды. Жазық
бетінің еңістенуі Арал теңізіне қарай бағытталады. Аккумулятивті
жазықтардың құрылымдық сипатының сыртқы көрінісі біркелкі болғанымен, бір-
бірінен биіктігі, генезисі және жасы бойынша ажыратылады. Олардың ішінен
көтерілген адырлы құмды Қызылқұм шөлі; Сырдария террасаларына сәйкес
аккумулятивті жазықтарына бөлінеді. Сырдария атырауында және Майлыбаш және
Қорқыт стансалары арасындағы антацедентті учаскелер шегінде аккумулятивтік
жазықтар құрылымдық жазықтардың шағын учаскелерімен кезектеседі. Ал,
ауданның оңтүстік-шығысында бор, палеоген және неоген-төрттік шөгінділерден
түзілген жеке қыраттар байқалады. Құрылымдық жазық учаскелері және тау
жұрнақтары (денудация және эрозия процестеріне ұшырамаған көне биік тау
қалдығы), Сырдария және шығыс Арал ойыстарының оң құрылымдарына , ал
аккумулятивті жазықтар ойпаттарға сәйкес келеді[13].
Сырдария аңғары. Сырдария Қазақстан Республикасы территориясына
Шардара суқоймасы оңтүстігінен кіреді және солтүстік, солтүстік-батыс
бағытта Арал теңізіне қарай 1000 шақырымнан артық созылады. Оның жолы
мезозой-кайнозой кезеңіндегі ұзақ төмендеуге ұшыраған Сырдария және Шығыс
Арал ойыстарының кең аккумулятивті жазықтары арқылы өтеді. Сырдарияның
қазіргі арнасы құрылымдық депрессиялармен ортақ бағытын сақтай отырып,
Сырдария синеклизасы осімен емес, оның солтүстік-шығыс бортымен, Қаратау
көтерілімін жанай өтеді. Өзеннің оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай
орын ауыстыруы төрттік кезеңде ойыстың оңтүстік-батыс бортының біртіндеп
көтерілуімен байланысты. Бұл орын ауыстыру оң жағасына қарағанда сол
жағасында енді болып келетін Сырдария террасасының орналасуынан айқын
көрінеді.
Өзен аңғары өз жолында оның морфологиялық кескініне әсерін тигізетін
ірі жеке құрылымдарды кесіп өтеді. Аңғардың енді бөліктері синклинальді
құрылымдарға, ал тар, жіңішке бөліктері антиклинальді жеке құрылымдарға
тән. Олардың кезектесіп келуі анық көрінетін құрылымдарға себепші болса,
жаңа және қазіргі тектоникалық қарқындылық жекелеген учаскелер
морфологиясының қарама-қарсылығын күшейтті.
Шардара суқоймасынан Арал теңізіне дейінгі Сырдария аңғары төмен және
әлсіз байқалатын жағалы, дөңес көлденең қималы және гидрологиялық тордың
көп өзгергендігіне куә болатын көп тармақты болып келеді. Аңғарды
геоморфологиялық белгілері бойынша 6 учаскеге бөлуге болады: 1)Шардара
суқоймасынан Байырқұм кентіне дейін; 2)Байырқұм кентінен Түркістан қаласына
дейін; 3)Түркістан қаласынан Жаңақорған кентіне дейін; 4)Жаңақорған
кентінен Жосалы станциясына дейін; 5)Жосалы станциясынан Қазалы қаласына
дейін; 6) Қазалы қаласынан Арал теңізіне құяр жеріне дейін.
Сырдария өзені жоғарыда аталған бірінші учаскесінде қазіргі уақытта
Чулин көтерілімін кесіп өтіп, өз арнасын тереңдету үстінде. Аңғар аталған
көтерілімді солтүстіктен шектеп, сосын шығысқа бұрылып кететін жарылым
бойымен өтеді. Арна барлық жерде биік (50-70м) оң беткейге сығылған. Аңғар
5-7 шақырымға дейін қысқарады, түбін жайылмалар алып жатыр, ал арна
айтарлықтай тура және биік, жарлы жағалары бар.
Байырқұм кентінен Түркістан қаласына дейінгі бөлігінде Сырдария Арыс
ойысының оңтүстік-батыс шетін және Жуғаш ойысының біршама терең бөлігін
кесіп өтеді. Бұл кесіндіде аңғар сипаты айтарлықтай өзгереді, ол енді бола
бастайды, Арыс өзені сағасында 150 шақырымға жетеді. Өзенге төмен жаға,
көптеген меандрлар, ескі арналар мен қайраңдар түзетін кең (250-400 м) және
терең (3,5-4 сирек 8 м) арна тән. Төменгі террасалар айқын көрінеді, ал
Арыс сағасынан төмен аз байқалады. Өзен суында аллювийдің тұрақты
жиналуынан, әсіресе арнамаңы алқабында аңғар түбі көлденең қимасының дөңес
болуына әкелді. Арна айналадағы жазықтықтарға қарағанда біршама
гипсометриялық биік жайғасқан. Өзеннің екі жағалауында да басым ірі құм
материалдарынан құрылған арнамаңы жалдар таралған.
Түркістан қаласынан солтүстікке қарай шамамен Жаңақорған курортына
дейін Сырдария аңғары 30-40 шақырымға дейін қысқарады. Арна Қаратау
жотасының пролювиалдық шлейфтерін басып, тау бөктеріне жақындай түседі.
Мұнда террасалар айқын көрінеді.
Жаңақорған кентінен Жосалы станциясына дейінгі бөлігінде Сырдария кеш
төрттік уақытта Сарысу, Шу өзендерімен бірге қалыптасқан кең аллювиалдық
атыраулық жазықтан ағып өтеді. Арна жеткілікті иреңі бар, көп меандрлы бола
түседі. Жағалаулық зона жыл сайын су астында қалады. Қайрақты және Шардара
суқоймаларын салғанға дейін территорияның ені 60 шақырымға дейінгі аумағы
субасуға ұшыраған. Өзен суының тасып, жайылу аумағында көлдері, қаңғыған
тармақтардың ескі арналары молынан ұшырасатын жайылма пайда болады.
Жосалы станциясынан төмен аңғар сипаты тағы да шұғыл өзгереді. Бұл
жерде өзен палеоген және бор жыныстарынан құрылған Төменгі Сырдария
күмбезін кесіп өтеді. Осының нәтижесінде Сырдария өз бағытын солтүстік
батыстан тура батысқа қарай өзгертеді. Оның аңғары жіңішке, арнасы
салыстырмалы тура және кей жерлері табалдырықты болып келеді. Аңғар ені 3
шақырымға дейін созылады, бірақ террасалары жоқ жерлерде олар айтарлықтай
төмен. Түпкі жаға мұнда биіктігі 15-20 м кемерді құрайды.
Қазалыдан батысқа қарай Сырдария аңғары қазіргі атырау аймағына өтеді.
Бұл жерде террасалар жоқ, өзен жағалаумен бірдей деңгейде ағады.
Палеогеннің түпкі жыныстары онша терең емес және көбіне жазық бетіне шығып
жатады. Аллювиалдық шөгінділер қабаты аз, тіпті көбіне байқалмайды да. Бұл
аталмыш ауданның жастығын білдіреді. Мұнда сәл ертерек көп тармақтар мен
батпақты ойпаңдар болған. Қазіргі уақытта Арал теңізінің деңгейінің
төмендеп кетуіне байланысты Сырдария атырауы құрғап қалған десе де болады,
көлдер мен тармақтардың көп бөлігі құрғап қалған.
Шардара суқоймасынан төмен өзен бойы аңғарында екі жайылмалық және екі
жайылма үсті террасалар байқалады. Олардың биіктігі Сырдария сағасына қарай
төмендейді. Дегенмен өзен оң құрылымды көтерілген жерлерді кесіп өткенде
терраса биіктігі жоғарылайды, ал кейде олардың біреуі екі-үш локальдық
террасаларға бөлінеді. Мысалы, Чулин көтерілімі аумағында аласа жайылма екі
ауданға бөлінеді. Және керісінше, аңғар ойыстарды кесіп өткенде терраса
кертпештері шұғыл төмендейді[14].
Екінші жайылма үсті террасасы әдебиеттерде Қызылқұм атауымен белгілі
және біршама көнерек болып табылады. Ол тек сол жағалау бойымен таралған.
Бұған Чулин көтерілімінің солтүстік батыс шетіндегі оң жағалаудағы
террасалардағы кішігірім эрозиондық тау жұрнақтары қатысты емес. Кейде оны
үшінші немесе төртінші террасаға жатқызады. Бірінші жағдайда жайылма үсті
террасалар қатарына биік жайылма кіріктірілсе, екіншіде олар локальды
террасаларға кіріктіріледі. Екінші жайылма үсті террасасының кертпеш
биіктігі біріншісінен 2 метрден артық аспайды. Түркістан ауданында
террасаның шеті Қызылқұм үстіртінен оны бөліп тұратын кертпеш ретінде
шартты жүргізілген және эолды құмдармен жабылған. Оларды бөліп тұратын
шекара басқа жерлерде құмды рельеф бейнесі мен өсімдік сипатының ауысуымен
белгіленеді.
Сырдарияның екінші террасасы Қазақстан территориясында ені 10-15
шақырым болатын Қарақтау көтерілімі тұсында байқалады.
Қазалы ауданында және батысқа қарай ол Қызылқұм үстіртінен Сырдарияның
қазіргі арнасына дейін созылып жатқан кең, жазықты түзе отырып, ондаған
және жүздеген шақырымға кеңейеді. Терраса арасында саз линзалары мен
қабатшалары бар құм қабатынан, құмтастардан, сирек плиоцен шөгінділерінде,
ал кейде палеоген жыныстарында жатқан гравелиттерден тұрады. Қабаттың
төменгі төрттік, орта төрттік жасы оның жоғарғы плиоценде жату және аталған
қабатқа жоғарғы төрттік шөгінділердің кірігуі негізі арқылы анықталады.
Бұлардан басқа соңғы шөгінділерде ежелгі төрттік-орта төрттік уақытта
кеңінен таралған Carbicula fluminalis mull шөгінділері табылған.
Сипатталып отырған учаскенің жоғарғы жағында терраса беті оңтүстік
шығыстан солтүстік батысқа қарай, ал төменгі ағысында шығыстан батысқа
қарай әлсіз еңістелген және жоғарғы төрттік кезеңнің тар, жіңішке және кең,
енді аңғарлармен (Жаңадария, Қуаңдария және т.б өзендер) тілімденген. Беткі
жинақталған шөгінділер эолдық процестермен толығымен қайта өңделген.
Террасаларда салыстырмалы биіктіктері 5-18 м болатын жалды-ұяшықты,
төбешікті-ұяшықты және жалды-төбешікті эолды рельеф қалыптасқан. Жалдар
ендік бағытта созылған. Олардың ұзындығы 1,5-2 шақырымнан аспайды, ал
биіктігі 6-15 метр, сирек 18 метрге жетеді. Жаларалық ойыстар диаметрі 50-
100 метрден 200-300 метрге дейін жететін дөңгелек ұяшықтарға аласа
мойнақтармен бөлінеді. Төбешіктер биіктігі 6-7 метр, жайпақ беткейлі.
Құмдар бекітілген. Жалдар мен төбешіктердің тек жоғарғы бөліктерінде
өсімдік жамылғысы жоқ. Төменгі-орта төрттік шөгінділерде дамыған эолдық
рельеф жасы жоғарғы төрттік-қазіргіге сәйкес келеді.
Бірінші жайылма үсті террасасы Чулин көтерілімінің солтүстік батыс
шетінен Дерментөбе қыстағына дейін сырдария арнасының екі жағасын ала
созылған кең аккумулятивті жазықтар құрайды. Терраса сол жағада одан әрі
батысқа қарай Майлыбаш станциясына дейін созылады. Одан төмен антецедентті
учаске шегінде жайылмаға биік кертпеш (3-5 м), судың жағамен қиылысатын
жерінде 4-5 м кертпеш түзе отырып, түпкі беткей бойымен жіңішке белдеу
түрінде (1-1,5 шақырым) созылған. Мұндай биіктіктегі кертпеш Байырқұм кенті
тұсында да байқалады. Мұнда терраса биік жайылмадан биіктігі 2-2,5 м
кертпешпен айқын бөлінген, ал оны арна шайып кететін жерлерде кертпеш
биіктігі 4,5-6 м болады.Бұл кесіндіде терраса кең (15-25 шақырым) және оның
беті арнаға қарай 3°бұрышпен әлсіз еңістелген. Арыс өзені сағасында бірінші
жайылма үсті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТИПТЕРІНДЕГІ МЫРЫШ ПЕН ҚОРҒАСЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ФРАКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Ауыр металдардың миграциясының өсімдіктердің өсу параметріне әсерін анықтау
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
ОҚО металлургиялық өндірісі аймағындағы өсімдіктердің құрамына ауыр металдардың әсері
Шымкент қаласының территориясында ауыр металдардың таралуы мен өсімдіктерде жиналу мөлшерін анықтау негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау
Ауыр металдардың экожүйелерге таралуы және оның дәрілік өсімдіктердің өсу параметріне әсері
Ауыр металдардың өсімдіктерде таралуы және олардың әсері
Топырақ микрофлорасына әр түрлі ластаушылардың әсері
«Қараарна мұнай кен орындарының топырағының ауыр металдармен ластануы»
Қызылорда облысының суармалы егістік жерлерінің орнықтылығы
Пәндер