Абай үшкілі



Ұлы бабамыз, данышпан Әбу Наср әл-Фараби һандаси (геометрия) ғылымын барлық ғылымның негізі деп санайды. Ол кісі осы салада зор мирас қалдырды. Арабша һандаса (геометрия – жер өлшеу) сөзі һандай – симметрия тәртібі деген түбірден шығады.
Симметрия деген сөздің арабша екінші түсінігі – қиас. Симметрия грекше өлшемдес, үндес мағынасында: сим – бірдей деген сөз, метр (метрия) өлшеу деген сөз. Сонда геометрия сөзіндегі гео – жер, метрия - өлшеу. Айналып келгенде заттардың, денелердің бетін, бейнесін, құрылысын, ауданын, көлемін, формасын өлшеу ғылымы болып шығады.
Әрбір заттың өзіндік өлшемдері бар. Соның ішінде алдымен ол өзінше зат болу үшін оның сыртында беті, былайша айтқанда, оны басқа заттан бөліп, қоршап тұратын қабы, қабығы болу керек. Сол сырт бетті өлшеу геометрия ғылымының негізгі әдісі болмақ. Заттың сыртқы бетін, соның ішінде жердің бетін өлшеу үшін оны үшкілдерге бөледі. Демек үшкіл өлшеу заттардың бет бейнесін өлшеудің әліппесі деуге болады. Сол әдісті қазіргі ғылымда триангуляция деп атайды. Оның мағынасы үшкілден өлшеу болып шығады.
Заттардың жазық бетін бөлшектеуде ең кішкене бөлшек үшкіл түрінде болады. Өйткені үш ноқат арқылы тек бір ғана жазық бет өткізуге болады. Сол себептен ерте заманда үшкіл деген сөз заттардың бөлінбейтін ең кішкене бөлшегі – атомы болып есептеледі. Мысалы, мынадай есеп бар. Бір бөлшек отқа екі бөлшек ауа (жел) қосса болады тең бір бөлшек суға. Мұны былай түсінеміз: айтылған заттар тектерінің геометриялық формалары түзу үшкілдерден құралады.
От – төрт үшкіл, жел – сегіз үшкіл, су – жиырма үшкіл болады: 4+8*2=20. көріп отырсыздар, осында үшкіл атом мағынасына, олардан молекулалар құралу заңы берілген.
Осы арада бір еске ала кететін нәрсе бар. Айтылған заң ертедегі ғылым тарихында Платон еңбегінде бар. Науаи от пен желді сиқырлап тастаған Кашмир тылсымының кілтін Ескендірге тауып берген Афлатон (Платон) еді деп жазған. Ойлап қараңыз. От пен жел болмаса қозғалыс жоқ, жауын-шашын да жоқ, су да жоқ қой!
Әл-Фарабиді екінші Аристотель немесе екінші Платон дейді. Тегінде екеуі де дұрыс, өйткені олар бірін бірі толықтырған ғалымдар. Платон болса ол Аристотельдің ұстазы. Сол себепті әл-Фарабиді екінші Платон деген де дұрыс. Араб елі солай атайды.
Платон болса ол Пифагордың ізін қуған адам. Олар геометрияны барлық ғылымның анасы деп білген. Әл-Фараби осы пікірдегі адам. Сол себепті ол геометрия ғылымын жоғары сатыға көтерді. Астрономия, алхимия, архитектура, музыка – бәрін әл-Фараби геометриялық әдіспен негіздеген. Оның бәрін бұл жерде талдау қиын. Бір ғана ұстайтынымыз әл-Фараби геометрия ілімінің алғашқы адымын үшкілден бастау керек дегенді дәлелдеп, соны дамытқан адам. Үшкіл жазық бет, екі өлшемді онан кейін сызық бір өлшемді, ноқатта өлшем жоқ, тек бірлік белгі.
1. Машанов А. Әл-Фараби және Абай – Алматы:Қазақстан, 1994. -192бет. Б.118-138

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Абай үшкілі
Ұлы бабамыз, данышпан Әбу Наср әл-Фараби һандаси (геометрия) ғылымын
барлық ғылымның негізі деп санайды. Ол кісі осы салада зор мирас қалдырды.
Арабша һандаса (геометрия – жер өлшеу) сөзі һандай – симметрия тәртібі
деген түбірден шығады.
Симметрия деген сөздің арабша екінші түсінігі – қиас. Симметрия
грекше өлшемдес, үндес мағынасында: сим – бірдей деген сөз, метр (метрия)
өлшеу деген сөз. Сонда геометрия сөзіндегі гео – жер, метрия - өлшеу.
Айналып келгенде заттардың, денелердің бетін, бейнесін, құрылысын, ауданын,
көлемін, формасын өлшеу ғылымы болып шығады.
Әрбір заттың өзіндік өлшемдері бар. Соның ішінде алдымен ол өзінше
зат болу үшін оның сыртында беті, былайша айтқанда, оны басқа заттан бөліп,
қоршап тұратын қабы, қабығы болу керек. Сол сырт бетті өлшеу геометрия
ғылымының негізгі әдісі болмақ. Заттың сыртқы бетін, соның ішінде жердің
бетін өлшеу үшін оны үшкілдерге бөледі. Демек үшкіл өлшеу заттардың бет
бейнесін өлшеудің әліппесі деуге болады. Сол әдісті қазіргі ғылымда
триангуляция деп атайды. Оның мағынасы үшкілден өлшеу болып шығады.
Заттардың жазық бетін бөлшектеуде ең кішкене бөлшек үшкіл түрінде
болады. Өйткені үш ноқат арқылы тек бір ғана жазық бет өткізуге болады. Сол
себептен ерте заманда үшкіл деген сөз заттардың бөлінбейтін ең кішкене
бөлшегі – атомы болып есептеледі. Мысалы, мынадай есеп бар. Бір бөлшек отқа
екі бөлшек ауа (жел) қосса болады тең бір бөлшек суға. Мұны былай
түсінеміз: айтылған заттар тектерінің геометриялық формалары түзу
үшкілдерден құралады.
От – төрт үшкіл, жел – сегіз үшкіл, су – жиырма үшкіл болады:
4+8*2=20. көріп отырсыздар, осында үшкіл атом мағынасына, олардан
молекулалар құралу заңы берілген.
Осы арада бір еске ала кететін нәрсе бар. Айтылған заң ертедегі
ғылым тарихында Платон еңбегінде бар. Науаи от пен желді сиқырлап тастаған
Кашмир тылсымының кілтін Ескендірге тауып берген Афлатон (Платон) еді деп
жазған. Ойлап қараңыз. От пен жел болмаса қозғалыс жоқ, жауын-шашын да жоқ,
су да жоқ қой!
Әл-Фарабиді екінші Аристотель немесе екінші Платон дейді. Тегінде
екеуі де дұрыс, өйткені олар бірін бірі толықтырған ғалымдар. Платон болса
ол Аристотельдің ұстазы. Сол себепті әл-Фарабиді екінші Платон деген де
дұрыс. Араб елі солай атайды.
Платон болса ол Пифагордың ізін қуған адам. Олар геометрияны барлық
ғылымның анасы деп білген. Әл-Фараби осы пікірдегі адам. Сол себепті ол
геометрия ғылымын жоғары сатыға көтерді. Астрономия, алхимия, архитектура,
музыка – бәрін әл-Фараби геометриялық әдіспен негіздеген. Оның бәрін бұл
жерде талдау қиын. Бір ғана ұстайтынымыз әл-Фараби геометрия ілімінің
алғашқы адымын үшкілден бастау керек дегенді дәлелдеп, соны дамытқан адам.
Үшкіл жазық бет, екі өлшемді онан кейін сызық бір өлшемді, ноқатта өлшем
жоқ, тек бірлік белгі.
Әл-Фарабиге дейінгі көп ғалымдар, соның ішінде геометрияның атасы
саналатын атақты грек ғалымы Евклид геометрия негізін керісінше ноқаттан
бастаған. Ал ол ноқаттың өзін түсіндіру қиынға түседі. Айталық ол жердегі
ноқат па? Көктегі ноқат па? Оларда өлшем жоқ. Оны қалай табуға болады?
деген сияқты. Шексіз, белгісіз, бұлдыр адамды шатастырады.
Үшкіл зерттеу деген мәселе менің ой-санама мықты орналасып, алған
басты түсінік болды. Оған себеп болған бірінші жағынан әл-Фараби ілімі
болса, екінші жағынан менің жер өлшеу; кен өлшеу, тас өлшеу мамандығым
болды. Осы әсер бойынша мен осыдан отыз жыл шамасы бұрын "Үшкіл шал" деген
шығарма да жазып жарияладым.
Онан бәрі қарайғы зерттеулердің үшкілдің табандық, жазықтық от
ошақтық мағынасы адам ой өрісінің барлық саласында кездесетініне көзім жете
бастады. Алдымен үштен бастау құран сүрелерінде, аяттарда бар. Екіншіден
пайғамбар хадистарында бар. Үшіншіден халқымыздың тілінде, түсінігінде бар:
үш арыс, үш жүз.
Солардың үстіне ертедегі ғылымның негізін салған Ыдырыс пайғамбардың
бір аты Мұсалас – үшкіл деген. Осымен байланысты Науаидің Ескендіріне тағы
да оралайық. Ескендірдің пір тұтқан данышпан ғалымдарының бірі Гермес, яғни
ол айтылған Ыдырыс пайғамбардың тағы бір аты бұл. Бұл арада мәселе тамаша
терең мағынаға бұрылады. Гермес жұлдыз аты, ол екінші аспан әулиесі, ол
арабша Ғұтарад, грекше Гермес, латынша Меркурий, Мысырша – Шумерше Тот,
қазақша Айқыз. Осылармен байланысты Ескендірге ақыл берген Аристотель ғана
емес, бәлки осы "Үшкіл шал" – Ыдырыс болар деген ой келеді. Абайдың көз
сүйегі дегені сол үшкіл шалдың ғажайып үшкілі болар? Өйткені Ыдырыс елінің
атымен байланысты: Мысыр үшкілі бар екенін білеміз. Тек бұл емес сол көз
сүйек Абайдың өз үшкілі болар деген ой келеді.
Абай үшкілі деп отырғанымыз үш саладан бас қосқан нәрсе: Қайрат,
Ақыл, Жүрек. Абай өзінің 17-қара сөзінде осы үшеуінің өнерін салыстыра
келіп, ғылымға билік айтқызады. Ғылым былай деп шешеді. Үшеуің де бірдей
керексіңдер. Біріңсіз бірің жеке тұра алмайсыздар. Үшеуің бас қосыңдар. Мен
сендердің айяңда боламын. Жүрекке басшылық беру керек. Мен сол жүректі
қолдаймын дегенге келеді.
Ескендір әрекетін алып қарағанда онда қайрат бар. Ол: "Талпын,
талаптанған ер". Оның қасында ақыл бар. Ол ғұлама ғалымдар. Оған жетпей
жатқаны жүрек сезімі, аяушылық, кішіпейілділік, өзінің ішкі дүниесіне ой
жіберу, қанағат ету, шүкірлік, сабырлық. Ескендірді ойға қалдырған, шынға
бетін бұрған Абайдың осы үшкілі деп білеміз. Ғылыми, ғалами шындық осында.
Осы айтылғандарды көрнекті түрде елестеу үшін 1-суретке мән берейік.

Суреттің сыртқы шеңбері 12 мүшел жыл реті. Оның ішіне сызылған шаршы
(3,6,9,12) Тұран қақпасы оның ішіне сызылған. Абай үшкілі (3,7,А). Оған
жапсарлас Мысыр үшкілі (7,10, А). Шеңбердің ортасында Темірқазық таңбасы
(Орхон таңба бойынша). Тұран шаршы ішінде тоғыз орынды тор шаңырақ торы.
Айтылған екі үшкілдің жасалу әдісі сурет астында көрсетілген. Абай
үшкілі даналық үшкіл. Оның екінші бетінде:
"Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос" –
деген.
Мысыр үшкілі (Ыдырыс үшкілі) қатар келетін үш санмен шектеледі:
3,4,5. осы үшеуінен тік бұрышты үшкіл шығады: 9+16=25. осы үшеуінен сәйкес
9 орынды, 16 орынды, 25 орынды ғажап шаршылар бар. 9 орынды ұя (тор)
айтылған сурет ортасында. Осы 9 орын қазақтың 41 құмалақ ашудағы орындарына
сәйкес келеді: Оның 12 мүшелге байланысы көрсетілген. Ол шаршылардың ғажап
аталудағы себебі айтылған ұяларға сәйкес сандарды орналастырғанда барлық
бағытында жинағы бірдей тұрақты сан шығу керек. Мысалы 9 ұяда. Қай бағытта
санасында үш санның жиыны 15 болады:

2+9+4=2+5+8=15.. т.б.
16 ұясының тұрақтысы болады 34; 25 ұянікі – 65. Үшеуін қосамыз:
15+34+65=114=19*6
Осы сан құранның сүре санына тең. Ол алты еселі 19. бұл он тоғыз
сан: "Бисми Аллаһ ал-рахман ал-рахим" сөйлеміндегі әріп санына тең. Ол
әріптердің АБЖД есебі бойынша сандық мәні 786. Осы сияқты өрнектерді көп
келтіруге болады. Бұлардың өзі табиғат дүниесінде көп кездесетін
кристалдық, симметриялық құрылыстық бейнелердің негізіне соғады. Мысал үшін
текшенің орталық бұрышын алайық. Табиғат құрылыс: бір ғажабы араның ұясы
болса, соның негізгі құрылыс бұрышы осыған келеді. Текше жердің, темірдің
бейнесі. Ол барып барлық кристалдық бейнелердің атасы болып табылады.
Бір тамашасы осы айтылған өрнектер, өлшемдер әл-Фараби мен Абайдың
музыкалық еңбектерінің арқауы болып табылады.
Абай елі біздің Қарқаралы адамдарымен, соның ішінде біздің аталарымызбен
ежелден араласқан, сүйек шатыс. Абайдың әкесі Құнанбай бір кезде сол
Қарқаралыға дуанбасы – аға сұлтан болды. Сол кезде ол үш жерге мешіт
салдырған: қарқаралыда, Семейде, Меккеде. Абай Қарқаралыда болған. Семейде
оқыған. Мұның бәрі дәлді тарихи шындық. Қазіргі кезде Құнанбай қажы
салдырған мешіттер қайтадан жөнделіп бітті. Енді бір ойлап қаралық. Ахат
маған хат жазған кезде бұл шындықты біз ауызға ала алмаған едік. Міне,
қазіргі шындыққа көшкен дәуірде біздің қолымыз осыған енді жетіп жатыр.
Осымен байланысты тағы бір шындық есте болсын. Құнанбай
мешіттерінің алғашқы имамдары Қазаннан оқып келген татарлар болған. Олар
медресе ашып, бала оқытқан. Абай сонан оқыған. Ал Қазан медресесі ол кезде
Ресей патшалығында бүкіл ислам еліндегі оқу орындарының ең алдыңғы
қатарынан орын алған. Оның себебі Шығыстану ғылымдарының туын жоғары
көтерген ірі ғалымдар он тоғызыншы ғасырдың орта кезінде көбінесе Петербург
пен Қазанда бас қосатын. Олар Петербург Ғылым Академиясының мүшелері (
академиктер, корреспондент-мүшелер) : Вельяминов-Зернов В.В. Барон
Тизенгаузен В.В., Радлов В.В. тағы басқалары.
Бұлар жалпы шығыстануда, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан
жерінде көптеген еңбек еткен, ғылыми мирас қалдырған. Мысалы Радловтың
ғылыми істерін қарайық. Ол бүкіл өмірін түркі нәсілді халықтар тілін
зерттеуге арнаған. Көп томды еңбек қалдырған адам. Оның еңбектері
тюркологтардың бас құралы болып саналады. Ол кісі өзінің осы еңбегін
жинауда яғни түркі тілдер мирасын жинауда, алдымен Алтайдан, Қазақстан
жерінен бастаған. Сонан кейін сол еңбектерін әрі қарай дамытуды, талдауды
Қазанда аяқтаған. Задлов В.В. есімі шет елдерге әйгілі. Оның көп томдық
еңбегі: “Опыт словаря тюркских наречий” Санкт-Петербургте 1893 жылы басылып
шықты.
Әл-Фараби мен ибн Синаның еңбектеріне сүйенген кейбір
ғалымдардың еңбектеріне Ш.Маржани талдау жүргізеді, оны тексереді,
толықтырады, түзетеді. Араб ғалымдарының астрономия, математика жөніндегі
еңбектерін салыстыра келіп Ш.Маржанидің: “Аһли ғылым Ай басында” деген
тамаша сөзі бар. Абайдың “Ғашарани уа мубашарани” деп келетін қағидасы
айтылған. Ол өнерді, музыканы жарататын адам болған. Ол өзі жасында гармон
тартады екен. Музыка жөнінде исламдағы үлгі Әл-Фараби деп жазуы ол осыдан
болса керек. Осы жөнінде ол кісі пайғамдардың өзі де музыка мен өлеңді
теріс көрмегенін дәлелдейтін мысалдар келтірді. Осы мағыналы тұжырым Абайда
бар.
Абай үшкілі адам мен табиғат арасының көпірі сынды бір тамаша үлгі.
Оны терең түсіну үшін суретін көңілге мықтап орналастыру қажет. Демек оған
қоятын орын керек. Абайдың мына сөзіне көз жіберелік: "Ғылымды, ақылды
сақтайтын мінез деген сауыты бар. Білім-ғылымды дәулет деп білсең, әрбір
естігенді, көргенді көңілің жақсы ұғып, оның өз суретімен ішке жайластырып
алады".
Абай сөзінің арғы жағында адамның адамдық табиғаты жатыр.
Сабырлы, ұстамды адал мінез ғылымның, ақылдың, адамдықтың, иманның
сауыты, рухани қазынаны сақтайтын орынды. Ондай орын болмаса айтылған
рухани дәулет пайдасыз желге ұшып, суға ағып немесе отқа өртеніп кетер еді.
Өзін өзі ұстай білу барлық жақсылықтың басы. Мына бір шумақ өлеңді
еске алайық:
"Толықсып төңкерілген жұрт бір сағым,
Шынға шыдап қоса алмас ынтымағын.
Күзетсең көптің аузын күн көрмейсің,
Өзіңді өзің түзет, кел шырағым".
Жас кезімізде үлкендерден естіген бір сөзді есіме алдым.
Тобықты елімен көршілес төлеңгіт руынан шыққан Меңайақ би қайтыс
болғанда Абай аза тұтып дұға оқиды. Артынан жиналған елге: "Меңайақ өзінің
атының басын өзі алып жүретін адам - еді" – дейді. Азалы елдің бір үлкен
адамы:
- Абай-ау "Ол не дегенің. Меңайақ өз атының ғана басы емес, рулы
елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай:
- Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келген бақ
көтеріп, таққа отыру бола береді, бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай
алмайды, абыройын ашатындар көп. Меңайақ сонан аулақ жан еді. Оның зор
адамдығының өзі сонда еді, - депті. Екіншіден бұл Абайдың : "Мықты болсаң
Ескендір нәпсәңді жең" – дегені де солмағыналас қой. Оларды ескерер болсақ
жоғарыда айтылған геометриялық бейнелердің сандық мәндерінде терең мағына
жатқанын түсінуге болады. Осымен байланысты, бір сөзді еске ала кетейік.
Құранда ғаламның алты күнде жаралғаны айтылады. Оның терең мағынасын ашу
қолдан келмесе де бірер қиас жасапақпыз.
Алты деген сөз арабша сат, оны керісінше оқысақ қазақша тас деген
сөз шығады. Қазақта мынадай мақал бар: баланың еңбегі тілі тас деген сөзге
келгенде қатады деген. Екінші жағынан қазақтың "Алты алашы" тағы бар. Мұның
өзі адамның санасы өзінің тастан ( жерден – топырақтан) жаралғанын білгенде
қатаяды деген мағынаға келеді. Жердің (тастың топырақтың) геометриялық
бейнесі текше дедік, яғни ол алты жақты (алты шаршы жақ). 1-суреттегі Тұран
шаршысы төрткүл сол алтаудың бірі деп білеміз. Аталар батасы осында, жұп
заңы осында, мүшел саны осында. темір саны, текше саны тағы осында. Хадид –
темір: 8+4+10+4=26.
Намаздағы бет бұратын кибла кағба тағы сол.
Кағба арабша текше (куб) деген сөз. Бес намаз – пешене бес бұрыш
бес, бұрыш – бес тек, бес көп жақ – бес саусақ...
Һижра сапары Расул Алланың ғажап үшкілінің бар жағы. Бұл арада еске
бір сала кететін нәрсе сол сапарда ол кісі (Абу Бакр екеуі) аспанның 12
мүшел жұлдызының ол – Саратан атты даңғылы басып өтеді. Ол Қоян 4-мүшел,
оның аспаны 1-аспан Ай, демек Қоян айдың жануары жұлдыз, Қоян Айдың үйі. Ай
Мұхаммед Расул Алланың аспаны. Осы арада сол даңғылды басып өтудің өзінде
тамаша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны
Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ақжан әл-Машанидің Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеу жұмыстары
Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Windows. Жалпы ұғымдар
Бағыттағыш электржетектері. Тағайындалуы мен түрлері
Әйел киімдерінің классификация
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
Тазымен із кесу, аң қағу
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Пәндер