Экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламалары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламалары

"Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызындағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарын (бірінші кезең) атқарушы билiк мүддесiн көздейтiн облыс әкiмi, қызметшiлердiң мүддесiн көздейтiн кәсiподақтардың облыстық кеңесi және кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлердiң мүддесiн көздейтiн "Ақтөбе облысының кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлер одағы" қоғамдық бiрлестiгi бұдан әрi Тараптар деп аталатын және мына принциптерді:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық еңбекті ұйымдастыру конвенциясын бұлжытпай сақтауды;

- мемлекеттің, жұмыс берушiлер мен қызметшiлердiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн, олардың мүдделерi үшiн өзара сыйластық және ең жоғары мүмкiн ымыраға жетудi;

- мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамыту стратегиясын iске асыруға және оны тұрғылықты жерлерде iс жүзiнде жүзеге асыруға жәрдем беруге тең құқықтық түрде қатынасуды;

- әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын ұжымдық келісім-шартты реттеуі арқылы;

- еңбек құқықтарын және қызметшiлер мен жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк-экономикалық мүдделерiн қорғауды, келiсiмдер мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету iсiнде сындарлы өзара iс - қимыл жасауды басшылыққа ала отырып облыстық деңгейде әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің жалпы принциптерін және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша біріге қызмет әрекетін белгілейтін 2007 - 2009 жылдарға арналған осы Келiсiмдi жасады.

Экономикалық бағдарлама

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, валдық ішкі өнімнің тұрақты түрде өсуіне қол жеткізу мақсатында Тараптар өздеріне:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызындағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Қазақстан халқына Жолдауындағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасындағы анықталған міндеттерді жүзеге асыру.

2. Бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, өндірісті ұлғайтуға, жұмысшыларға әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл - аухатын көтеруге бағыттайтын экономиканың нақты секторындағы қызметтер саласында тұрақты өсiмге және серпiн беруге септесетiн экономикалық саясатты жүргiзу.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған баға коридорында инфляцияларды тежеу жөнiндегi кешендi шаралар жүргiзудi қамтамасыз ету;

4. Облысқа шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту жөнiндегi жұмысты жалғастыру.

5. Шағын және орта бизнестi одан әрi дамытуды жүзеге асыру, сонымен бiрге сыйақы төлеу мөлшерiнiң құптарлық бағасы бойынша бюджеттiк несие қорларына тең түрде қол жеткiзуге көмектесу.

6. "2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын" жүзеге асыру бойынша шараларды жүргізу.

7. Төмендегі Бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу:

- Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

- Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

- 2005-2010 жылдардағы денсаулық сақтауды дамыту мен жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын;

- Ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

- 2006-2010 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту Концепциясын іске асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын;

- Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 2005-2007 жылдарға арналған жеделдетілген шаралар бағдарламасын;

- Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бойынша 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын;
- Ақтөбе облысындағы халықты жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын;

- Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын.

8. Бюджетті-салықтық саясат саласында Тараптардың міндеттері бюджеттік жүйенің тиімділігін қалыптастыру, оның бағытын экономикалық өсу мен әлеуметтік теңсіздікке аудару, нақты анықталған басымдық аясында бюджеттік қаржыны тиімді жұмсау, бюджеттік қарым-қатынасты жетілдіру қажеттілігінен туындайды.

9. Қазақстанның ұлттық мүдделерді өсімділігінің және экономиканың осал секторларын мүмкін болатын қолайсыз жағдайлардан қажетті қорғау деңгейін қамтамасыз ету есебімен Әлемдік сауда ұйымына енуге біріге жұмыс жасауды жүргізу.

10. Тарифті саясат саласында Тараптардың міндеттері қызмет көрсетушілер мен тұтынушылардың арасындағы мүдделердің баланстарын сақтау қажеттілігінен туындайды. Осы тармақты жүзеге асыру кезінде Тараптар келісімдік принципін басшылыққа алады. Табиғи монополиялардың қызметіне тарифтердің көтерілуі Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың шағын орта жоспарында көрсетілген параметрлер аясында жүзеге асырылады.

11. Экономика салаларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасау жөнінде міндеттемелерді қабылдайды.

Осыдан-ақ БЭК-ті құру экономикасы бір-бірімен тығыз байланысқан Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь мемлекеттері үшін саяси және экономикалық жағынан да тиімді болатынын аңғаруға болады. Тек бұл тұста кеңістікке мүше әр мемлекеттің экономикалық мүдделерінің теңгермелі түрде екенін ескергені жөн. Кеңістікке қатысты Украинаның ұстанымы өзгерген жағдайда да БЭК құру жұмысы тоқтап қалмайды. Ал, Ресей бұл бастаманың әу бастан-ақ жақтаушысы. Ендеше, БЭК-тің болашағы бұлыңғырлау деген болжамның өзі күмәнді. БЭК-ті құру идеясы толық жүзеге асатын болса, бұл ең алдымен оған мүше мемлекеттердің аймақтағы экономикалық қуатының артуына және олардың әлемдік экономикамен ықпалдаса дамуына ықпал етпек.

Бұл тұрғыда Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің жетекшісі Дмитрий Медведев: «Біртұтас экономикалық кеңістік құру - ЕуроОдақ елдерімен арадағы қатынасты дамытуға қарсы қойылмауы керек, керісінше, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісім - Еуроодақпен арадағы диалогта біздің ұстанымымыздың күшейгендігін көрсетуі тиіс», - деген пікір айтады.

Ресей, Қазақстан және Беларусь үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін Біртұтас экономикалық кеңістік ауқымындағы 29 құжатқа қол қоймақ. Бұдан басқа, 2006 жылдың 1 наурызына дейін осы құрамдағы елдер Біртұтас экономикалық кеңістік ауқымында тағы да 15 құжатқа қол қоюы тиіс. Президент Путиннің айтуынша, осы елдер арасында бірыңғай кеден ережелерін құру үшін қажетті жағдайлар қалыптасқан. Бірлескен мәлімдемеде көрсетілгендей, «төрттік» ауқымында жұмыс істеуге тиісті құжаттар пысықталып, әзір болғаннан кейін оған Украина да қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, Ресей Президенті Путин, «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің әрқайсысы экономикалық ықпалдасу жоспарларын өздері айқындауы тиіс» деп отыр.

Алайда Бірыңғай экономикалық кеңістіктің болашағы туралы пікірлер бір арнаға тоғыспай отыр.

Қазанның 4-7 жұлдызында Алматыда өткен «Мұнай және газ» конференциясы барысында Ресей президентінің кеңесшісі Андрей Илларионов: «Біртұтас экономикалық кеңістікті төрт елдің бірден құруы күмәнді. Жалпы, интеграцияға даму жағдайы, шамамен жақын, яғни институционалдық құрылымдары бір қарқында дамып келе жатқан елдерді тартқан тиімдірек», - дегенді айтты. Илларионов, сондай-ақ, БЭК-ке шоғырлануды мақсат тұтқан елдер ішінен экономикалық реформалары жақсы дамыған елдер қатарында Қазақстан мен Ресейді атады.

«Біртұтас экономикалық кеңістік құрамына енуге үмітті Ресей мен Қазақстаннан өзге елдер дамудың басқа кезеңінде болғандықтан да, БЭК құру процесінде әр түрлі түйінді мәселелелер әлі де орын алып отыр, сондықтан, алдымен екі елдің интеграциясын сабақтаса жүргізіп, сосын барып бұл жұпқа реформалау мен дамудың осы деңгейіне жеткен басқа елдердің қосылғаны дұрыс. Бұдан қорқатындай ештеңе жоқ. Кезінде, Еуроодақ елдері де интеграцияның осы жолынан еуропалық өткен, естеріңізде болса шоғырлану үшін оларға 16 жылдай уақыт керек болды» - дейді Ресей президентінің кеңесшісі.

Иллариановтың пікірінше, «бәрін бірден интеграциялау дегенді ең тиімді, жылдам, жемісті жол деп санауға болмайды, мүмкін, басқа жолды таңдаған дұрыстау болар».

Десек те, дәл бүгін бір нәрсе айқын. ТМД мемлекеттерінің тамыры экономикалық салада бір-бірімен терең байланысып жатыр. Өткен аптада, яғни қазанның 7-ші жұлдызында Санкт-Петербугте Орталық Азия ынтымақтыстығы ұйымының саммиті болып өтті. Оған қатысқан мемлекет басшылары (ішінде Ресей де бар) Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымын ЕурАзЭҚ құрамына енгізу туралы шешім қабылдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Өңірдің дамуы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді
Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Экономикалық мемлекеттік реттеу, даму үрдістері
Қазақстан аймағының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Экономиканы реттеу құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz