Ғұн және Усун мемлекеттері



Ғұндар. Б. з. б. I мың жылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі мен этникалық кұрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталык Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағынан адғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды.
Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі қытайлық трапскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежірссі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқыда «ғұн» тайпаларынын аксүйектеріне арналып айтылса, сюнну (хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй баскарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбур етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайьш «сыйлық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰН ЖӘНЕ УСУН МЕМЛЕКЕТТЕРІ

ЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ТАРИХЫ

Ғұндар. Б. з. б. I мың жылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі
Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі
мен этникалық кұрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық
жақындық, саяси тәртіп факторы Орталык Азияда ертедегі таптық ірі
бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағынан адғашқылары
сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде
пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және
Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал
кейіннен одан әрі батысқа да ара-тұра таралып отырған саяси құрылымға
қатысты болды.
Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі қытайлық
трапскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген
түріне тіреліп жатыр. Орыс шежірссі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға
сабақтастығын сақтап қалған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай келіп, оларды
трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, трун деген сөз
бастапқыда ғұн тайпаларынын аксүйектеріне арналып айтылса, сюнну (хунну),
яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері
бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з.
б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй баскарды. Мөде билік еткен алғашқы
жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап оған
күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси қуаты басым Хань
әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас
тартуға мәжбур етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен
тыныштық және туыстық туралы шартқа қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт
бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайьш
сыйлық ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі
төлеп тұрды.
Шығыста Мөде шығыс ху тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына,
шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сяньби және
ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы
жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан
Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғун шаньюйлерінің қол
астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар
Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік
бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қоластына қаратқан жоқ.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-ғұндардың Тынық мухиттан Каспий теңізінің
жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен
бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстан
юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және
Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл
этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес.
Ғұндар бірлестігіне шықкан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық-
саяси кұрылымдар кірген. Конфдерацияның қоғамдық өміріне бір орталыққа
бағынғысы келмейтін қуатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары
арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал
жасады.
Б. з. б. І ғасырдың орташенінде-ақ сюнну қоғамі өзінің вассалдық
иеліктерінен айрылумен бірге байырғы құрамында екі топқа – Хуханьешаньюй
бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді.
Оңтүстік сюннулер Ордоу аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулер
өзтайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығысты, яғни солтүстік
пен батысқа қоныс аударды.
Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен
Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы
конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші
жетпейтін еді. Ол усун гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірақ соңғысы оның
елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді.
Чжичжидің атты әскері усундердің отряд талқандады, бірақ одақтассыз қалан
Чжичжи оңтүстік ғундардың жерінен кетуге мәжбүр болды.
Цзянькунда (Минуса ойпаты) Чжичжи өз ордасын құрып, сол жерден батысқа
беттеген қозғалысын жалғастырмақшы болды. Чжичжидің армиясы ол кезге қарай
қарақшы күшке айналып, оның қиратқыш күші бағындырылған князьдіктерге де,
қатардағы қауым мушелері сюннулерге де бірдей жайсыз тиді. Оңтүстік
сюниулер саны Чжичжиден бөлініп шықкан көшпелілер және бағынған
князьдіктер тарапынан көрінеу қарсылық жасауы есебінен өсті.
Енді құдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан қорыққан Чжичжи
батысқа қашып құтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол Усундер жерінен
өтетін еді. Ол соларға қарсы күресу үшін күш жинап, одан соң Канцзюй
(Кангюй) жерін жаулап алмақшы болды. Кангюйлер князінің кангюйлермен араз
усуңдерге қарсы күресу үшін кенеттен Чжичжимен бірігуді ұсынуы оның ниетін
өзгертті.
Усундер. Усундер – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық
бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты Усун
князінің шекарасы деп атайтынын ескерсек, усундердің шығыс шегі бір
кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Усундер
иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен.
Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Усундер
иеліктерінің орталығы – Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы – Қызыл Аңғар
қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
Усун терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың
иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның казіргі айтылуы қазақ
этнонимдерінін бірі – Ұлы жүз қазақтарының басты этникадық компоненті болып
табылатын тайпаның өзін атайтынындай үйсін сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар
зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі
деп білуге бейім.
Усун терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар.
Қазіргі у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде а-сман,
яғни асман, аспан делініп айтылған деп жорамалданады.
Усундер туралы алғашқы хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда
болады. Қытай императорының сарайындағылар сюннуларға қарсы күресте одақтас
іздеп, елшлік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұнар тұтқынға алып, олардың
елінде оншақты жылдай болады.
Қазіргі деректер бойынша, усудер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ
аумақты алып жатқан.
Сірә, усундердер үштік жүие болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш
бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөліген (олардың
әқайсысында он мыңнан жауынгер болған).
Усундер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғүңдарға саяси жағынан тәуелді
болған. Кейінгі уақыттағы усундер тарихы сақтармен жәпе юечжилермен
байланысты. Грек-рим авторлары енді ғун-усуңдер жайында айтады.
Ғұндар атауының усундергеде таралғанына қарамастан, олардың этникалық
туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ, дегенмен мұны толық бекерге
шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі
уақытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын алтай тобының
тіліне жатқызуға бейім.

ЕЖЕЛГІ УСУНДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ

Мал шаруашылығы. Усундер шаруашылығының даму ерекшелгі не көбіне-көп
Жетісудың географиялық жағдайы себеп болды. Мұдағы ерекшелік сол,
классикалық егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше
мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізіледі, ал көшпелі
тұрмыс салты жартылай отырықшылық пен ұштасты.
Усундердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-
создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді.
Ежелгі заман авторларының усундердің шаруашылығы мен тұрмысына берген
сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді
деп барынша қысқа қайырылады. Бұл – көшпелі және мал шаруашылығымен
айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда
ол усундер жөнінде онша дәл емес.
Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті.
Оның алғашкы кезеңі б. з. б. II мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап қола
дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б.
з. б. IX-VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл
кезеңде жайылымдар мен су көздерін маусымдық пайдалану қалыптасты, табында
алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой
мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды.
Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі
бір жерлерді орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі
ескерткіштердең тұратын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар
осылайша пайда болды. Атап айтқанда, усундер заманынан бастау алған осындай
зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі.
Ежегі усундердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің
қалдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен
малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз
кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының
формасы туралы және тайпалардың тұрмыс салты туралы қорытынды шығаруға
болады.
Бүкіл Жетісу усундерінің мал құрамында үй малдарының барлық түрлері:
қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп
отыр.
Хань әулеттік хроникаларында усундерде жылқы шаруашылығының дамығаны
атап өтілген. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы усундер шаруашылығының
негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін
сақтап қалды шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі
жетілдіріліп отырылды.
Егіншілік және отырықшылық. Ақтас қыстау-қонысын қазып ашқанда
усундерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер
өндеу құралы – тас кетпендер және егін жинау құралы – қола орақ (сынығы).
Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамының тұрақты тамақ құрамына
кіргенін айқын көрсетті.
Өңделген алаптар су өздігінен ағып баратын жерлерде орналасқан;
арықтардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген.
Усундерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас
кетпендер бақша дақылдарын күтуге жұмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды
оруға пайдаланады
Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік
те дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама көп болуы,
топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында төлімі егіншіліктің өнімі
түсімді болған.
Меншік қатынастары. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, көшпелі мал
шаруашьшығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан қадам
болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдық тайпалық және
рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлықпен иемденіп алу
процссі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді.
Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалық ақсүйектердің
қоғамның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материалдардың көретіп
отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу
рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарының табылуы
кездейсоқ емес.
Қандай формада болса да – рулық па, қауымдық па, немесе жеке меншіктің
болғанынын бір белгісі оның ерекше бір белгісі оның таңбалануы. Ерекше
белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
себептерге байланысты болды, мұның өзі таңбалардың пайда болған кезінен
бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығармайды.
Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге
болатыны мәлім, олардың біріншісінде – мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын
үйлер, екіншісіне жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек жеке меншік
өнімдеріне айналды, өйткені оны айырбасқа беруге болатын еді.
Шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болған көшпелі тайпалар көшіп жүретін
тұрмыс салтының нәтижесінде басқа халықтармен үнемі араласып жүрді. Мұның
өзі отырықшы халықтарға қарағанда айырбастың біршама ертерек шығуына, сол
арқылы байлықтың жинақталып, мүліктік теңсіздігінің дамуына себепші болды.
Жетісудың ертедегі усундерінде нақ осындай үрдіс дамыды.
Тегі б. з. б. I ғасырда-ақ ежелгі усун қоғамында шұрайлы жайылымдарды
басып алу үрдісі басталған болуы керек. Көшпелі қоғамдардың бәрінде де орын
тепкен жазылмаған заң – кімнің малы болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол
болуы – усундердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелейді.
Бертін келе, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында усун жоғарғы
топтарының қолдарында қозғалмалы мүліктер қорлана берді де мүліктік
теңсіздік езушілердің үстемдігі мен езілгендердің тәуелділігін күшейте
түсті.
Құлдық және әлуметтік қатынастар. Ежелгі усун қоғамында кұлдық бола
тұрсада, құл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Сол кездегі дүние жүзінің
көптеген халықтарындағыдай, усундерде де құлдықтың негізгі көздерінін бірі
соғыс тұтқындары болды.
Халықтың едәуір бөлігінде қару болмауы ерекше назар аударарлық.
Тегінде, қаруланған халықтың орнына ұлы және кіші гуньмолардың жасақтары
пайда болды. Бұл жасақтар олардың билігіне сыртқы соғыстар кезінде ғана
емес, халық толқулары кезінде де тірек болып отырды. Ал мұның өзі енді
мемлекеттік өкімет элементтерінің айқын дәлелі болатын.
Көрші халықтармсн қарым-қатынастары. Усундер ерте замандағы Орталық
Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Усун
мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағына
және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған.
Ертедегі усундер мәдениеті бұрынғы мекендеген жерлерінде, олар түрік
қағанаттарының бақылауында болғанымен, одан әрі дами берген. Тіпті біздің
заманымыздағы X ғасыдың өзінде деректемелер беттерінде усун атауы қайтадан
пайда болады. Сонымен, ежелгі усундердің қазақ және қырғыз халықтарының
құрамына кірген үйсіндермен жәпе үйшүндермен генетикалық жағынан
сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.

ҒҰНДАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Ғундардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Ғұндардың
өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл атқарды. Ал қойдың етін, терісін, жүнін
пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасады, жүннен киіз
басылды.
Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда
куаңшылық немесе қыста көктайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып
отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.
Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Тары дәндері, шойын
турендер, темір орақ, тас дәнүккішгер және астық сақтайтын ұралар шықты.
Адам жерленген ағаш қималар да ғундарда отырықшылық болғанын дәлелдейді.
Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл атқарды. Ғұндардың қабірлерін
қазған кезде киіктің, қабанның, құланнын, бұғының, таутекенің, еліктің,
қоян мен түлкінің сүйектері табылды.
Қабірлерде керамика – құмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар
қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалған, мұның өзі қыш-
құмырашылықтың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, жібек
маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.
Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған.
Салт атты жауынгердің қару-жарағы – садақ пен жебелер.
Деректемелерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды рубасылары
(ақсақалдар) басқарған. Рулық құрылыстың аксақалдар кеңесі және халық
жиналысы сияқты инстнтуттары сақталды.
Қабірлерден шыққан материалдар ғұн қоғамындағы мүліктік теңсіздік жайын
айқын сипаттайды.
Ғұндарда соғыс тұтқындарынан және бағынышты өңірлердің халқынан тұратын
құлдар болған. Олар үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер
жыртушылар ретінде пайдаланылды.
Елді шаньгой басқарды оның қолында шексіз дерлік билік болды. Одан
кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары,
інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және
олардың әрқайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз
иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді.
Сонымен усун және ғұн қоғамдарындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар
шамамен алғанда бірдей даму деңгейінде болды. Усундер, ғұндар қоғамдарының
үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптық бірлестіктердің басқа бір
сипатты белгісі өзінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар
мемлекеттіліктін қалыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық құрылыс
органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардың бейнесін алып,
оларды жаңа жағдайларға бейімдеді.

УСУНДЕР МЕН ҒҰНДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Ежелгі усундердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық
зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен
қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар усундердің тұрғын
жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың
эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, усун тайпаларының еңбек
құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды.

Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы
Ертедегі усундердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы
қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және
жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетте, құрылыстарді
екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым
құрайды, бірақ мұндай реттер біршама аз.
Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар усундердің жерлеу құры-
лыстарын сипаттайтын есі ерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады.
Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар
жазықдалаларда – топырақтан, өзен анғарларында – сары топырақтан немесе
өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан,
қиыршақ тастан, тастардан тұрғызылған.
Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар
үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда – дөңгелек, кейде төрт
бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді.
Усун ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық
үш кезеңін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына
қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және
кұрал-саймандардың, қару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік
түрлері мен үлгілері тән.
Усун мәдениеті әр түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын
сақтап отырған, бұл – 600-700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.

ТҰРҒЫН ҮЙ, ТҰРМЫС ЖӘНЕ ҮЙДЕГІ ӨНДІРІС

Ежелгі усундердің материалдық мәдениеті әжептәуір Жетісудағы, негізінен
алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар мен қорымдарды қазу
айқын да әсерлі материалдар берді, олар усундердің тұрғын жайларының
сипатын, олардың ішкі көріністерін елестетуге, еңбек құралдары мен қару-
жарағын білуге, кераминань оның негізгі үлгілеріп зерттеуге мүмкіндік
туғызды.
Усундердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген өзендерінің
аңғарларында зерттелді. Шу аңғарларындағы қоныстарда тұрғын үйлердің пішімі
тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшықтан соғылған таға тәрізді
ошақтармен жылытылған.
Суық түскенде усун отбасылары екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және
тас үйлерде тұрған. Қыскы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай
кұйылып қаланған.Әрбір тұрғын үйде үлкен бөлме, ұсақ қосалқы жайлар және
мал қамайтын қашалар болды. Үй-жайлардың бәрі біріне-бірі жапсарластыра
салынған. Олардың едендері балшықпен сыланған жер еден болды. Тұрғын
бөлмелердің едендерінде айнала тас қаланған ашық шаршы жерошақтар болды.
Жерошақтар үйді жылытты, жарық берді және оларда тамақ пісірілді. Кыс
кезінде үй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында өткен, оның маңынан ас
құйылған қыш ыдыстар, ұн тартатын тас қол диірмендер табылды.
Бала-шағалы төрт-бес үй бір ауыл болды. Қонысқа жақын жерде ру және
әулет зираттары орналастырылды. Зираттардың үстіне топырақ және тас обалар
үйілді, тас қалама немесе қоршау жасалды.
Жаз кезінде, көшіп жүргенде, ежелгі авторлардың жазуына Караганда, усун
отбасылары киізбен жабылған дөнгелек жайда - киіз үйде тұрған. Усун
отбасының тамағы ет, сүт және түрлі өсімдіктер болған. Ерлер, әйелдер және
балалар жүннен, теріден және жібектен тігілген киім киген. Жібек және басқа
бөтен ел бұйымдары не сауда арқылы әкелінген, не усун шонжарлары соғыс
шапқыншылықтары кезінде қолға түсірген.
Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар усундерде үй кәсібі, колөнер
дамыған.
Усундерде кұмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы
ұршықшасында жасалды. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да
алуан түрлі болды.
Ас пісіретін керамикадан табылғаны – жентектелген балшықтан қаралай
күйдіріліп, алуан түрлі көлденең және тік құлақ шығарылған, калың, жайпақ
қазандар.
Ежелгі усундердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып
алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек
құралдары, тұрмыс және табыну заттары – балталар мен шоттар, орақтар мен
пышақтар, біз бен шеге, қазандар мен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене
мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердің ұштары және
сәндік заттар – білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтыннан ерлер
мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен
бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды.
Жұқа жапырақша алтынан сақиналар мен қаптырмалар жасалды. Соңғы усун
дәуірі кезінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу таралды.
Полихромдық өнердің мұндай ескерткіштерінің тамаша үлгілері қызыл тастан
түйірлеп көз салған, бедерленген алтын салпыншақтар
Усун қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым
жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық киіз басу, үйде жүннен киім
тоқып тігуді қамтамасыз ететіндей едәуір ауқымда болған. Мата тоқу үшін
қарапайым тоқыма станогы (қазақтардың өрмегі сияқты) қолданылған. Былғары
ісі – жануарлардың терісін өндеу және аяқ киім ішік, тері шалбар мен
бешпент тігу үшін тері илеу, теріден ыдыстар мен ат әбзелдерін дайындау
кеңінеп дамыды.
Тастан енбек құралдары – кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен
сәндік заттар – ұршықбас, мұсат, қайрақ тас, түрлі-түсті асыл тастан
моншақтар жасалды. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары істелді,
сүйек түймелер мен басқа да ұсақ заттар шаруашылық пен тұрмыста
пайдаланылды.
Жазбаша және археологиялық деректемелер бойынша усундердің тілі мен
жазуы жөнінде жөнді ешнәрсе жоқ. Біз руналық үлгідегі белгілер тырнап
салынған призмалық үш қырлы тас және төрт белгісі мен сөз бөлгіші бар,
соңғы усун және соңғы сақ заманына (тиісінше б. з. б. IV-III ғғ. және б, з,
III-V ғғ.) жататын кішкене тас ыдыс табылғанын бұдан бұрын айтқанбыз.
Алайда олардың жазба ескерткіштеріне жататындығы болжам ғана және оны
филологтар қуаттаған жоқ.
Оның есесіне усундердің этникалық-мәдени бабалары – соңғы сақтарда
беймәлім әліпбилік жазба ескерткіштің табылғаны бұлтартпайтын факт. Бұл
жазуды сол тайпалар шығарып, пайдаланған деп жорамалдауға толық негіз бар.
Усундерге көршілес мемлекеттер мен тайпалардағы лингвистикалық жағдай
усун қоғамында да әліпбилік жазудың болуына қолайлы еді. Сірә, VІ- VІІ
ғасырларда Кучада түрік жазуы қолданылған болуы ықтимал, өйткені оның
тұрғындары көлденең жолдармен жазған.
Усундердің тілі мен жазуына ғылыми әдебиетте орын алып жүрген көзқарас
негізделу дәрежесі бойынша әр түрлі, бірақ жалпы алғанда жұмыс болжамы
денгейінде қала береді.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Абель Ремюза да 1809 жылы Ертістегі үңгірден
және Зыряновск руднигінің маңынан Г.Спасский тапқан руналық тоғыз жазбаны
зерттей келіп, жазылуы жағынан олардың солтүстік руналарға ұқсастығы бар
және бұл жазуды қытайларға У-сунь деген атпен белгілі және Христос туғанға
дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағында жатқан
жерлерді мекендеген тайпалардың қолданғаны күмәнсіз деп жазған еді.
А. Ремюзадан кейін ежелгі түркі жазуымен айналысқан шығыстанушылар мен
филологтардың көпшілігі оның көзқарасын қолдап, ертедегі усундердің түркі
тілдес болуы мүмкін екеніне қосылды.

КАНГЮЙЛЕР
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы Халықтардың ұлы қоныс
аударуы деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда
жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй
мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.
Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария,
Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарық және Жетісудың оңтүстік-
батыс белігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты.
Орналасу мәселелері. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу
мәселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін
Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. ІПицзи
тексіне Давань туралы хикаяда берген түсініктемесінде ол Кангюй иелігі
қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүсіік
жагындағы далаларды алып жатыр деп атап өткен. 272
Алайда кангюйлердің байырғы жерлері, атап айтқанда, Сырдарияның орта
ағысы бойындағы жерлер болған. Ол кангюйлер заманындағы Сырдария алқабының
негізгі үш мәдениетін сипаттап, оларды кезеңдерге бөлуді ұсынды. Жан-жақты
талдау негізінде автор өзі қарастырған жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы
мәдениеті кангюй мемлекеті тұрғындары мәдениетінің нұсқалары болып табылады
деген қорытындыға келді.
Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын
мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйытқысы болған тайпалар одағы деп
әзірше мейлінше айқын айтуға болады.

САЯСИ ТАРИХЫ
Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Кангха елінін аты б. з. б.
XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың
аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары кангюлерге тоқталмайды.
Сырдария бойындағы аймақта Кан үйі б. з. б. III, дұрысында, II ғасырда
көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер
үстемдігінің күшеюінен болған еді.
Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі
бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық
орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндер тайпасы
Ғұн мемлекетінің саяси тарихы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы жөнінде
Ғұн мемлекетінің этникалық және саясты
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ғұндар, сақтар, қаңлылар, үйсіндер тарихы
Батыс Ғұн Империясы
Ежелгі ғұндар
Пәндер