Ғұн мемлекеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Ғұн мемлекеті. Курсовая

Жоспар:

Кіріспе

1 . Ғұн империясының пайда болуы

2. Ғұн мемлекетінің саяси-құқықтық жүйесі

3. Ғұн мемлекетінің әлеуметтік құрылысы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Қазақ халқының қалып тасу және даму тарихи өте ұзақ және мыңжылдықтарға созылған ұзақ процесс болып табылады. Көне сақ тайпаларынан бастап қазақ хандығы қалыптасқанға дейін қазақ мемлекеттілігі қалыптасу дәрежесінде болды.

Осы ұзақ процесс кезінде қазіргі Қазақатанның және оның шектерінен тыс жерлерді жайлап жатқан көп мемлекеттік құрылымдардар болды, олар өз кезінде дамудың этолоны бола отырып, өздерінен кейінгі басқа құрылыммен тарихи заңдылыққа сәйкес ауысып отырды.

Тарихта өзінің күш-қуатына қарамай атын жойған тайпалар да болған. Оларлың бірі - ғұндар болып табылады.

Ғұн империясы өз кезіндегі ең мықты империя болды. Және оның территориясы орасан үлкен жерлерді басып жатты.

Курстық жұмыста ғұн мемлекетінің қалыптасуы, оңың әлеуметтік құрылымы және саяси құқықтық жүйесі туралы сөз болады.

1 . Ғұн империясының пайда болуы

Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі - ғұндардың мемлекеті. Бұл көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.

Б. з. д. I мыңжылдықта қазіргі Моңголияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі орталық Азия кеңістігінде әртүрлі тайпалар қоныстанған. Ғұндар да осы аймақты мекендеген тайпалар болатын. Ғұндарды Қытай деректерінде хуннулар немесе сюннулар деп атайды. Ғұндардың жоғарғы билеушісін Қытай деректерінде шаньюй деп атайды. Б. з. д. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды деген мәлімет бар. Мөде әскери қуатгылығымен Хань әулетінің жорықтарына шек қойды. Хань әулетінің императоры Гаоцзу б. з. д. 188 жылы соғыста жеңіліп, Мөдеге тәуелділікке түсті, үнемі салық төлеп түрған кездері болды. Мөде тұсында ғұн мемлекетінің жері ұлғайып, империялық дәрежеге жетті. Ғұндар шығыстағы дунхуларды, батысында орналасқан юечжиларды, оңтүстігіңдегі байян, лауфань тайпаларын бағындырды. Шаньюй тағы тек әулетте ру өкіліне мұрагерлікке берілді. Ғұн тайпалары казіргі Оңтүстік Манъчжурия, Оңтүстік Монголия жерінде көшпелі тайпалар ретінде қалыптасты. Көшпелі ғұндар отырықшы қытайларға күйрете шабуыл жасап тұрды. Садақпен, найзамен қаруланған, атты әскерлі ғұндар жаяу кытайларды беттетпеді, Ғұндар кытайлармен мәдени, бейбіт қарым-катынаста да болды. Көне қытай тарихшылары Сыма Цянь (б. э. д. 135-67 ж. ж. ) ғұндардың сулы және шалғынды жерді іздеп малмен бір қоныстан екінші қонысқа көшіп отыратынын, тұрақты мекенді білмейтінін, шығатын есігі шығысқа қараған киіз үйлерде тұратынын, етпен тамақтанып, қымыз ішіп, киімді әртүрлі жүн маталардан жасайтын, кім күшті, батыл, даулы мәселелерді шешуге қабілетті болса, соларды басшы қоятынына назар аударады. Мұрагерлік дегенді білмейтінін, жүзден мыңға дейінгі жұрты қауым құратынын, басшыларьшан бастап соңғы бағынышты адамына дейін әркім өз малын өзі бағатынын, біреу-біреуге қызмет жасамайтынын, әйелдің пікірін тындайтынын, соғыстарға ерекше көңіл бөлетінін жазады. Бұл деректен ғұндардың әлі де таптық қоғамды білмейтін әскери демократия сатысында өмір сүргенін байқауға болады. 1

Б. э. д. III ғасырдың басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын "шанъю" деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын "тәңірқұты” деп атаған. Тауманнан соң ғұндардың тәңірқұты болған оның ұлы Мөде мемлекетті мейлінше күшейтті. Ол көрші тайпаларды дунқуларды, үйсіндерді, лауфань және байян тайпаларын бағындырып, Қытайға ауыз салды. Хань династинсы билеп тұрған қытай әскері б. э. д. 200 жылы ғұндардан ойсырай жеңілді. Өзі соғыс бастаған Қытай императоры Мөде бастаған ғұндардан бейбіт келісім сұрап, Қытай императорының қызын қалыңдыққа беріп, алым төлеп тұруға міндеттенеді. Мөденің мұрагері тәңірқұты Лаошанның кезінде ғұндар ширек ғасыр бойы юэчжилермен соғысып, оларды Орта Азияға шегіндірді. Ғұндарды кейінгі тәңірқұтылары да Қытайтан бағалы сыйлықтар, алым алып, ханшаларын қалындыққа алып отырды. 2

Б. э. д. 59 жылы ғұндар дағдарыска ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қол астына кіруге мәжбүр болды. Солтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, онан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар осы өңірде аландармен, қаңлылармен және үйсіндермсн араласты.

Б. э. IV ғасырында ғұндар Батыс Европаға басып кірді. Ғұн жауынгерлері Константинопольды қоршады, Закавказье мен Месопотамияға жетті. Батыс Рим империясының құлауына да ғұндар ерекше үлес қосты. Ғұндардың дәуірлеуі император Аттиланның (Еділдің) атымен байланысты. Византия ғұндарға алым төлеп тұрды. V ғасырдың ортасында ғұндар империясы тарады.

Ғұндар Амур өзенінен Орталық Европаға дейін созылып жатқан далада алғашқы Евразиялық көшпелі империя құрды. Осы ұлы даланы жарты мың жылдан астам билеп-төстеп тұрды. Ғұндардан қорғануа мәжбүр болған қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын соғып, өздерің сақтап қалды. Ғұндардың жорықтары "халықтардың ұлы қоныс аударуына" себеп болды.

Осыншама үлкен аумақты алып жатқан ғұн империясында дамыған мемлекеттік құрылыстың болғаны белгілі. Әрине ғұн мемлекетінің көп жақтары бізге белгісіз.

Әулетті "леонти" (люандирлер) тайпасынан шыққан шань-юй аспаннан келген адам болып есептелді. Мемлекет басында шексіз билікке ие болған шаньюй тұрды. Оның беделінің сон-шалықты жоғары болғандығының дәлелі - оны "Аспан мен Жерден жаратылған, Күн мен Ай қойған, ғұндардың ұлы шаньюйі" деп дәріптеді. Мемлекеттік билікте шаньюй: а) мемлекет жерінің толық билеушісі әрі қорғаушысы; ә) соғыс жариялаушы, бітім жасаушы, әскери қолбасшы; б) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатындағы жағдайды бақылаушы, жоғары соттың қызметін, тіпті, өмір мен өлім де шаньюй қолында болды деген деректер бар, Оған түменбасы атанған княьздар бағынды.

Түмендер шаньюйдің ең жақын туыстарынан тағайындалды. Ғұндардың әскери құрылымыңда оңдық жүйе сакталып, мыңбасылар мен жүзбасылар сайланды. Әрбір ғұн әскер болып есептелді. Әскери міндеттен бас тартқаңдар өлім жазасына кесілді. Ер азамагғар бала күнінен өле-өлгенге дейін белгілі бір әскери бөлімге тіркелді. Әскердің негізгі бөлігін атты әскер құрады. Атты әскерді құраудың да өзіндік себептері болды.

Біріншіден - ғұндарда жылқы жеткілікті еді, екіншіден - атты әскер тез орын ауыстыруға ыңғайлы тұрды. Бұл, әсіресе, жорықтарда тиімді болатын. Салт атты жауынгерлер негізінен садақ және жебелермен қаруланды. Ғұн мемлекетінде Мөдемен қатар Атилланың да (Еділ батыр) аты мәлім. Атилланың қолбастауымен ғұндар жойқын жорықтар жасап, көп мемлекеттерді тізе бүктірді. Өркениетті мәдениеті қалыптасқан Еуропа елдерін талқаңдады. Оның ішінде Атилланың жорықтары қуатты Рим империясының құлауына себепкер болды. Ғұндардың жорықтары лек-легімен құлдардың санын көбейтті. Ғұндар да өзге мемлекеттердегі тәсілмен құлдарды тұрмыс-тіршілікке, үй маңындағы шаруашылыққа пайдаланды.

Б. з. б. 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстігіндегі ғұндар Қытай Хань империясына бағынды. Ал, Чжи-чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Олар моңғолияның солтүстігіне орналасып, астанасын Қырғыз Нұр қаласы етіп белгіледі. Қаңлылар билеушісі ғұндармен арақатынасты күшейту мақсатында өз қызын Чжи-чжиге күйеуге береді. Сөйтіп, ғұндар үйсіндерге шабуылда қаңлылармен одақтасты, бірақ үйсіндерді жеңу мүмкін болмады. Бұл жағдай екі жақтың одағын бұзды. Біртіндеп солтүстік ғұн мемлекеті де Хань империясының қолына түсті. Чжи-чжи өзінің сыбайластарымен ұсталып өлтірілді. 3

Ғұндардың қоныс аударуының күшеюі б. з. 93-і жылы. Олар Сыр бойын жағалай Қазақстанға, одан Дунайды бойлап Еуропаға шықты. Б. з. IV ғасырда Дунай жағалауы арқылы өтіп, Венгрияға барып қоныс тепті.

Юебань мемлекетінің құрылуы б. з. 93 жылы солтүстік ғұндардың талқандалуымен байланысты. Ғұндардың бір тобы хуянь руынан шыққан сенгирлердің бастауымен Шығыс Қазақстанға келіп орнықты.

126 жылы сенгарлер өздерінің саяси орталығын Ертістің жағасына орналастырды. Ғұндардың қытай тайпаларымен жойқын соғысы оларды Қазақстанның батыс аймақтарына дейін апарды. Шығыс және Батыс Қазақстанда ертеден келе жатқан тайпалармен араласқан ғұндар өздерінің Юебань мемлекетін құрды. Бұл мемлекетті билеушілер "сенгир" деген атақпен белгілі болды. Юебань мемлекетіне 490 жылы теле тайпасын бастаған Афучжилоның жорығы үлкен қауіп-қатер төңдірді. 490 жылы Юебаньды құлатып, телелер екі бөліктен тұратын Гаогюй мемлекетін құрды, бірақ бұл жаңа мемлекет өзінің саяси құрылымының әлсіздігінен ұзақ уақыт тұра алған жоқ.

2. Ғұн мемлекетінің саяси-құқықтық жүйесі

Ғұндардың императорын тәңірқұты, кытайша шанью деп атады. Императорлар тек ең атақты басшылық етуші төрт тайпаның бірі - Люанди тайпасынан сайланатын. Осы аристократтық болып есептелетін төрт тайпа тек бір-бірінен қыз алысып, кыз берісетін. Мемлекеттік билікте де осы тайпалардың өкілдері отырды.

Ғұн патшасы тәңірқұтыны "аспан ұлы', "Аспан мен Жерден жаратылған", "Күн мен Ай" таққа әкелген ұлы тәңірқұты деп атайтын. Тәңіркұты таңертең Күнге табынса, кешке Айға бас иетін. Тәңірқұтының мықты орталықтанған мемлекеттік аппараты, толып жатқан көмекшілері мен уәзірлері, әскербасылары болды. Тәнірқұтының билігі шексіз болтан. Ол әрбір қоғам мүшесін өлім жазасына кесіп жібере алатын.

Ғұндардың басқару жүйесін сатылы басқару деп атайды. Саяси құрылымы - шаньюй, князь, ұлы қолбасшы, басқарушыдан құрылды. Ғұңдар 24 тайпадан тұрды. Оны ру ақсүйектері, оң және сол болып екіге бөліне басқарды. 24 тайпаны ру басылар басқарды. Олардың әрқайсысының 2 мындай әскері болды. Ішкі, Сыртқы жағдайды, "бірқалыпты ұстау үшін" ұлыста әкімшілік әрі әскери қызмет орын алды. Халық жиналысының мәні зор болды. Жылына үш рет өткізілетін халық жиналысында мемлекеттік маңызды мәселелер қарастырылды. Оған халық санағы, мал басы санына бақылау жүргізу т. б. сияқты мәселелер жатты.

Деректемелерде "ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды, олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, "сюй" деп аталатын көк рухына құрбан шалынды . . . сол жиналыстарда рубасылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтайды" деген жерлері бар. Ғұн мемлекетінде салық жүйесі орын алды. Көршілес қытайлықтардан салықты жыл сайын жібек, мақта, күріш, шарап т. б. заттар түрінде жинап алып отырды. Ал, халықтан алынатын салықты тірі малдай және терілей жинады. Салықты өтей алмағандардың әйелін, балаларын тартып алды. 4

Ғұн қоғамы әскериленген қоғам болды. Әрбір қоғам мүшесі кез келген уақытта, садағын асынып, атына мініп елін қорғауға немесе жорыққа шығуға дайын тұратын. Ғұнның әрбір ер азаматы бала кезінен өлгенше әскери міндетті болып, белгілі бір әскери бөлімде есепте тұрды. Әскерден қашу өлім жазасымен жазаланатын.

Ғұндардың орасан мол әскері болды. Өздері жаулап алған жерлердің бәрінде 24 тайпадан тұратын ғұндар артышылықпен пайдаланды. Бұл таза ғұндар әскердің негізін құрды. Осы 24 ғұн тайпасының әрқайсында ең кемі 10 мың адамнан тұратын әскері болды. 10 мың әскердің басшысын түменбасы деп атады. Түменбасыларды тәңірқұтының өзі жақын ағайындарынан тағайындады. Тәірқұтының жанында сол қол және оң қолын басқарып отыратын лауазым иелері - көмекшілері болды. Сол қол және оң қол иелері елдің Батыс және Шығыс бөліктерін биледі. Сондай-ақ олар әскердің сол қанаты мен оң қанатын басқарды. Сол қол және оң қол иелері тәңірқұтының ұлдары нсмесе жақын туыстары ішінен тағайындалатын.

Түменбасылар, сондай-ақ белгілі бір үлкен территориялардың әкімшілік басшысы да болып есептелді. Оған сол территорияның халқы түгелдей бағынды. Түменбасылар өз кезегінде өзне бағынышты әскер ішінен мыңбасы, жүзбасы, онбасы сияқты әскербасыларын тағайындады және оларға басқаруға белгілі бір территория мен халықты берді.

Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық биліктің жымдасқан үлгісі болды. Тәңірқұтының деспотиялық билігіне негізделген мемлекеттік аппарат тоқтаусыз жұмыс істеді. Оның үстіне ғұндардың империясы аса бай мемлекет болды. Ғалымдардың есептеуі бойынша гүлденген дәуірде әр адамға 19 бас мал, күйзеліске ұшыраған кезде 5-9 бас малдан келген. Оның үстіне ғұндарға жаулап алған елдерден алым-салық псн сыйлықтар үзіліссіз ағылып келіп жатты.

Ғұндардың құқықтық жүйесі туралы деректер тым мардымсыз. Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған, Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әменгерлік жүйе омір сүрген. Күйеуі өлген жесір сол әулеттің біріне тұрмысқа шыққан. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін. Ұрының отбасы (әсіресе мал ұрлағаны үшін) құлдыққа салынатын.

Бұдан ғұндарда әдет-ғұрып құқығының қолданылғанын байқауға болады. Ғұн мемлекетінде әдет-ғүрыптар негізінде құқық та орын тапты. Олар, әсіресе, соғыс жағдайына көбірек мән берді. Мысалы, "Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады; шайқаста жаудың басын шапқан немесе оны тұтқынға түсірген адамға бір кеспек шарап сыйланады, олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар (соның) құлдары мен күндері етіледі; " . . . ұрыс алаңында каза тапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады" деген мәліметтер бар.

Соғысқұмар, жауынгер, варварлық шапқыншылықтар мен көзге түскен ғұндар қазіргі қазақ даласында сонау II-V ғасырлар аралығында солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылармен көршілес жатқан түркітілдес, монголоит тайпалары еді. Бұлар түрік қағандық-тарының қалыптасып, біртіндеп күшеюі нәтижесінде құлады.

3. Ғұн мемлекетінің әлеуметтік құрылысы

Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері жақсы дамыды, рулық құрылыс ішіңдегі жаңа қатынас мал мен жерге меншік қалыптасты. Ғұндарда жылқы малы көп болды. Малды қысы-жазы тебіндетіп бақты. Сондай-ак, өзен жағалауында тұрған ғұндар егіншілікті де кәсіп етті. Отырықшы тіршілікке бейімделгеңдерінің баспанасы ошақпен жылытылған жертөле, ал көшпенділер киіз үйлерде тұрды.

Әлеуметтік теңсіздіктің тереңдей түсуін археологиялық қазбалар дәлелдеді. Құнды металдардан жасалған зергерлік бұйымдар, әшекейленген көн белдіктер, бағалы аң терілерінен тігілген киімдер, қару-жарақ өзінен-өзі тектілікті, байлықты айқыңдай түседі.

Ғұндарда малға әулеттілік және жеке меншік қалыпғасты. Сыма Цянь жазбаларында ғұн князьдарының хань елшісі Су-уға екі рет жылқы үйірі мен кой отарын тарту еткенін және сыйлық ретінде басқа да мал бергені туралы айтылады. 5

Ғұн мемлекетінде олардың артықшылығын дәріптейтін, қоғам мүшелерін дниежүзінде үстемдік орнатуға тәрбиелейтін ерекше тәлім-тәрбие жұмысы тұрақты жүріп отырған. Бұл орайда ғұндардың Тәңірге табынған діни сенімі де үлкен рол ойнаған. Осының арқасында ғұндар тарихта алғашқылардың бірі болып әлемдік дәрежедегі империя құрып, бірнеше ғасырлар бойы Евразия даласын емін-еркін билеп төстеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар өмірі мен тарихы
Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы
Ғұн Мемлекетіндегі әскери өнердің дамуы
Ғұн көсемі - Атилла
Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Ғұндар Саяси тарихы
Ежелгі түркілердің дипломатиясы
Ғұн державасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz