Алтын орда ұлыстардың құрылуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Алтын орда Ұлыстардың құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Шағатай ұлысы
1.2 Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында

2. Саяси және мемлекеттік құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

3. Ұлыстардың мемлекеттік.әлеуметтік құрылысы ... ... ... ... ... ... ... .12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс княздықтары талқандалды. Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ /половецтер/ даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа моңғол мемлекетін құрды. Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалар болды. Алтын Ордаға Жошы ұлысының жері – Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелдіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. XIV ғасырда Алтын Орда дәуірінде түркі тілінде Хұсрау және Шырын шығармасы белгілі болды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары – хандарының атымен /Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б./ аталды. Астанасы Сарай-Бату / Астрахань маңында/, кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда қыпшақ тілі негізгі тілге айналған көп ұлтты мемлекет. Көп ұлттылық діннің де көп түрін, бағытын бір аймаққа топтастырды. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы «татарлар» деп аталды. Алтын Орда мемлекеті Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы – құрылтай шақырылды. Әскерді және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган – диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетті атқаратын даруг басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер түмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары сайланды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Алтын орда Ұлыстардың
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Шағатай ұлысы
1.2 Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында

2. Саяси және мемлекеттік
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

3. Ұлыстардың мемлекеттік-әлеуметтік
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...16

Кіріспе

Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты.
1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше
тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі
батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс княздықтары
талқандалды. Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға
ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың қол астына
Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ
половецтер даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында
Алтын Орда атты жаңа моңғол мемлекетін құрды. Алтын Орда халқының басым
көпшілігі түркі тілдес тайпалар болды. Алтын Ордаға Жошы ұлысының жері –
Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы
жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс
князьдары Алтын Ордаға тәуелдіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь
атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. XIV ғасырда Алтын Орда дәуірінде түркі
тілінде Хұсрау және Шырын шығармасы белгілі болды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ
Жошы ұрпақтары – хандарының атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б. аталды.
Астанасы Сарай-Бату Астрахань маңында, кейіннен Сарай-Берке қаласында
болды. Алтын Орда қыпшақ тілі негізгі тілге айналған көп ұлтты мемлекет.
Көп ұлттылық діннің де көп түрін, бағытын бір аймаққа топтастырды. XIII
ғасырдың аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда
халқы татарлар деп аталды. Алтын Орда мемлекеті Жошы хан әулетінің
меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы
әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы – құрылтай шақырылды. Әскерді
және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды.
Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық
атқарушы орган – диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты
ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетті атқаратын даруг басқақтар
тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі
нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер түмендерді, мыңдық, жүздіктерді
басқаратын әскербасылары сайланды.

1. Алтын орда Ұлыстардың құрылуы.

Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-
хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей
Шыңғыс-ханның негізгі жұртын-Монғолияның өзін, сондай-ақ
монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101мыңын алды. Монғолиядан
батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ үлкен ұлдарына бөлінді, бұл
орайда олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді.
Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия мен ұлысының
орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды.
Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (122829-1241) Үгедей Орхонда,
Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік
Алтайдан Әмударияға дейінгі, "ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен
Бұхараға дейінгі жерлерді", яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен
Мауереннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай
иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты
қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің алқабындағы Құяш
деген жер болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері бойынша,
түрікше Ұлығ-Иф деген атпен, яғни "Үлкен үй", ал нумизматика деректері
бойынша Орду әл-Азам деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның
мирасқорлары иеліктерінің құрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен Батысқа қарай және
"Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы
тиген жерлерге дейінгі" ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың
солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс
Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы
Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда,
"қыпшақтар елінде" жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің маңында,
Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XIII ғасырдың орта шенінде Жошының
баласы Орда Ежен тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының
саяси өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты.
Сонымен Қазақстан аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына:
үлкен(далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс
бөлігі –Үгедей ұлысына кірді.
Шыңғыс-ханның тірі кезінде ұлдарына бөліп берген жерлер олар үшін
тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала
берді. Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Монғол державасының ұлан-ғайыр
кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя
орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі билік қана шын
мәнінде билік болып қалды. Үлестік жүйенің әулеттік бастамасы, ұлыстардағы
іс-жүзіндегі биліктің Шыңғыс-ханның ұлдары ұрпақтарына ауысуы ұлыс
қарауында елеулі әскери күші бар Шыңғыс-хан ұрпақтарын өз әулеттерін
толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға
итермеледі. Ұлыс билеушілерінің қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен
көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі
себептері халық бұқарасының монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер
мен халықтарды қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесінің
берік еместігі, қырық құрау болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар,
экономикалық байланыстардың, мәдени-тарихи дәстүрлердің болмауы еді.

1.1 Шағатай ұлысы.

Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені
ретінде зор беделге ие болды. 1228-1229 жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп
жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. "Ясаны, биліктер
мен қағидаларды, патшылықты сақтаудың амалдарын " жетік білген Шағатайдың
билігі зор болғаны соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының
мақұлдауынсыз қандай болса да маңызды шешімдер қабылдамайтын болған.
Ұлы ханның келісімі бойынша Шағатай тұңғыш баласы Мүтіген
балаларының үлкені Қара-Хулагуды өзінің мирасқоры етіп тағайындады. 1241
жылы Үгедей, одан кейін көп кешікпей Шағатай да өлді. Монғол империясында
патшалар арасындағы бес жылға созылған дүрбелең кезең басталды. 1246 жылы
ғана құрылтайда Үгедейдің үлкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланды.
Күйіктің бұйрығы бойынша Шағатай ұлысына Қара-Хулагудың орнына жаңа ханның
жақын досы Шағатайдың баласы Есу-Мөңке қойылды. Бірақ көп кешікпей
Күйік өлгеннен кейін (1248ж.) Үгедей мен Төлей ұрпақтарының арасында
билік үшін күрес басталды. Батыйдың қолдауымен 1251 жылы Төлейдің үлкен ұлы
Мөңке империяның басшысы болып жарияланды.
Жаңа ұлы ханның билік басына келуі жазалаудан басталды; Шағатай
мен Үгедей тұқымынан шыққан ханзадалар Мөңкеге қарсы қастандық жасады деп
айыпталып өлтірілді немесе жер аударылды, сөйтіп Шағатай тұқымының мәні
біраз уақытқа дейін жоққа сайылды. Бірақ ұлыстар формальды түрде өмір сүре
берді: Күйіктің жесірі оның Емелдегі ордасында қалды, ал осының алдында
қайтыс болған Қара-Хулагудың жесірі Орқына ұлы ханның келісімімен Шағатай
ұлысының билеушісі болды. 1254 жылы ол Шағатай ұлысының әміршісі ретінде
ұлы хан Мөңкенің інісі Хулагудың Иранға бара жатқан әскерін Алмалықта қарсы
алды.
Іс жүзінде XIII ғасырдың ортасында империя Төлей мен Жошы
ұрпақтарының арасында бөлісілген болатын. Ұлы хан Мөңке мен Жошы ұлысының
басшысы Батыйдың ықпалы жүретін шекаралар, Рубруктың дәлелдеуі бойынша,
Талас пен Шу өзендерінің арасындағы жазықта өткен. Сөйтіп Жетісу, XIII
ғасырдың 50-жылдарында ұлы ханға бағынған, ал Жошының үлесіне жатпайтын
Мауреннахр уақытша Жошы тұқымының ықпалына кірді.
XIII ғасырдың 60-жылдарында Монғолия империясының бірлігіне ақырғы
соққы берілді. 1259 жылы Мөңке өлгеннен кейін оның екі інісі Арығ-Бұға мен
Құбылай арасында таққа отыру жолындағы күрестен туған өзара қырқысқан соғыс
басталды. 1260 жылы олардың екеуі де бір мезгілде ұлы хан деп жарияланды.
Екі хан да Шығыс Түркістанды, Жетісуды және Орта Азияны өздеріне
бағындырып алуға ниеттенді. Құбылай Жетісуға өзінің қойған адамы Шағатай
ұрпағы Әбішкені (Мүтігеннің немересі) Шағатай ұлысында билікті алу үшін
жіберді, алайда жол бойында Әбішкені Арығ-Бұғаның жауынгерлері қолға
түсіріп, өлтірді. Арығ-Бұға өз кезегінде Шағатайдың немересі Алғұйды
"Шағатай ұлысының патшасы боласың және сол маңдарды Құбылай ханның
әскерлерінен және [Шағатай] үйінің әскерлерінен қорғайсың деген жарлық"
беріп батысқа жіберді.
Алғұй қысқа мерзім ішінде атасының иелігінде болған жерлердің
бәрін өз билігіне бағындырды. Жошы ұрпағы Берке ханнан Отырарды жеңіп алып,
ол бұрын Алтын Ордаға кірген Хорезм мен Ауғанстанның солтүстік бөлігін де
басып алады. Бастапқыда ол Арығ-Бұғаның атынан қимылдап, кейіннен одан
бөлініп кетті. 1264 жылы Арығ-Бұғаны Құбылай талқандап, империя ханы болып
жарияланды. Батыстағы ұлыстар оған бағынбады: Ирандағы Хулагу, Жошы
иеліктеріндегі Берке, Алғұй және содан кейін Шағатай ұлысындағы Хайду іс
жүзінде тәуелсіз әміршілер болды.
Алғұй өлгеннен кейін Шағатай ұлысындағы саяси жағдай тағы да
шиеленісті. Талас-тартыстар салдарынан билік Шағатай ұрпағынан Үгедей
ұрпағына, оның Берке хан қолдаған немересі Хайдудың қолына көшеді.

Шағатай мемлекеті.

Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола
қалыптасты. 1269 жылдың көкмемінде Талас жағасында құрылтай болып, онда ұлы
ханның иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет жарияланды.
Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге
байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік
Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойындағы
жерлері мен Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай ұрпақтарына
қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және
оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде - өзінің ата-
бабасының иеленген жерлерінде хан болып жариялануына қарағанда, Үгедей мен
Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген.
XIV ғасырдың басында Шағатай әулетінің Орта Азиядағы және
Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307
жылдар шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың
шөбересі Туваға ауысты. В.В. Бартольдтің бағалауы бойынша ол "Шағатай
даержавасының негізін салушы " болған.
Шыңғыс-ханның тұсында-ақ моңғол феодалдарының арасында қарама-
қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі
тұрмыс пен қырдағы патриархаииық дәстүрлерді сақтауын, бағындырылған
елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және
жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші
бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа, жаулап алынған отырықшы-
егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйене отырып, хан билігі күшті
мемлекет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен
жүргізушілер Шыңғыс-хан, ал оның ұрпақтарынан – Шағатай мен Күйік
(1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-хатун,
Барақ хан және басқалары қолдады.
Үгедей (12281229-1241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы
Жошы орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды
біраз ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің
арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аумақтардағы халықты қанау
әдістері туралы мәселеге, сондай-ақ "бағындырылған елдердің феодалдық үстем
тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын
және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге " келіп тірелді.
Экономикалық күйзеліс, Монғол империясының, оның ішінде Шағатай
ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды
өктем талап етті. XIV ғ. Шағатай ұлысы хандарының іс-әрекетінде
орталықтану және Мауреннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс
айқындала түсті. Бұл тұрғыда Туваның баласы Кебек хан (1318-1326) неғұрлым
елеулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан
Мауреннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті.
Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен
әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылды.
Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334)
орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауреннахрда
тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы
мемлекетінің ресми дініне айналдырды. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды
жақтаушылардың арасындағы күрес жалғаса берді. Исламды қабылдауға және
көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери-көшпелі шонжарлар наразы болып, бұл
наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырын өлтірілді. Он жылдан астам
уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қайта жалғасты.
1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын
жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-жылдарының аяғында
Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери-көшпелі
шонжарлары мен жергілікті феодалдырының өкілдері басқарған оннан астам
иелікке ыдырап кетті. Қашқария алқабында - барластар, Ходжент
аймағында-жалайырлар, Солтүстік Ауғаныстанда – арлаттар,
Әмударияның жоғарғы сағасында-қаушындар күшейді; бұл рулардың әрқайсысының
басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың өзінде
Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ
бөлініп шықты.

1.2 Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында.

Шыңғыс-ханның үлкен ұлы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды;
1227 жылғы қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі
болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Руське
және Еділден батысқа қарайғы басқа жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы
ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы Төменгі
Еділде орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл
мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алтын Орданың астанасы Сарай-
Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек Астана Сарай-Беркеге Еділ
бойымен (Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
"Алтын Орда" ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп
Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни төменгі
Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы
айтылады.
Батый (1227-1255) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны
өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый
да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті
басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге-оның көптеген ұлдарының
ұлыстарына ыдырады. Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыс жүйесі қалыптасты.
Әбілғазыда (XVIIғ.) деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый
"солтүстік елдеріне"-Шығыс Европаға (1236-1242) – жасаған жетіжылдық
жорықтан оралғаннан кейін өзінің інісі Орда-Еженге былай деген: "Бұл
жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан он мың
отбасынан тұратын халық саған беріледі"; енді бір аудармада "сол сенің әкең
тұрған жерде", яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Әдет-
ғұрыпқа бағып, Батый өзінің басқа бауырларына да үлес берген.
Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс-жүзінде тәуелсіз болды және өздерін
Алтын Орда хандарына бағынышты деп мойындаса да, олардың құрылтай
жиналыстарына бармады. "Әуел бастан-ақ,- деп жазады Рашид ад-Дин,-оның
орнындағы Орда тұқымының қайсы біреуінің Батый тұқымынан тараған хандарға
барған кезі болған емес, өйткені олар бір-бірінен шалғай орналасқан,
сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ оларда
Батыйдың орынбасары кім болса соны өзінің патшасы әрі әміршісі санау әдеті
болған және олардың есімдерін бұлар өз жарлықтарының жоғарғы жағына жазып
отырады". Орда Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік шығыс бөлігіндегі жерлер,
Ертіс бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға
дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. XIIIғасырдың
екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме
бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында
болған; ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.
Іс жүзінде XIII ғ. ортасынан бастап Орда-Ежен ұлысы дербес
мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Оған билік
жүргізгендер хан атағын алып, олармен Батый хан және оның мирасқорлары ғана
емес, сондай-ақ бүкіл империяның жоғарғы хандары да
санасып отырған. Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Ордада таққа
отырғандарға ел билеуге жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып,
мемлекет істеріне араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран
әміршілерімен үнемі дұшпандық қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XIII-
XIV ғ. шебінде Хулагу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып, елшілер
алмасып отырды.
Орда-Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты.
Шайбани ұлысының бөлінуі туралы: "...Шыңғыс-ханның ұлы Жошы ханның баласы
Шайбани хан жетіжылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар
елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батый ханнан сыйлық
ретінде төрт омақ алды". "Зубдат әл-асарда" осы "омақтардың" аттары
келтірілген, олар: қосшы, найман, бұйрақ және қарлұқ тайпалары. Шайбани
үлесінің аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: "Шайбани жазда
Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-
байтақ жерлерде, ал қыста – Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін
бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп жүрген".
XIII ғ. Екінші жартысындағы-XIV ғ. Басында Алтын Орданың тарихы
орыс князьдықтарымен (XIII ғ. Соңғы ширегінде ғана монғолдар орыс жерлерін
қанға бояп, Руське 15 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Монғол испериясының құрылуы
Қазақстан моңғолдардың билігінде
ҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. АЛТЫН ОРДА
Ұлыстардың құрылуы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында
Шыңғыс ханның мирасқорлары
Моңғол жорықтары
Жошы ұлысы
Ұлыстардың құрылуы. Жошы ұлысы
Моңғол шапқыншылығы дәуірінде Қазақстанда мемлекет пен құқық
Пәндер