Web-қосымшаларын құру технологиялары


№ 7 тақырып.

Web-қосымшаларын құру технологиялары

HTML (HyperText Markup Language) тілі - бұл гипермәтінді белгілеу тілі. Бұл тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының айырмашылықтарын ойламайтындай құжат құруға болатындай жасалынған. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (тэги - tage) орналасқан құрылымнан тұрады. Тэгтер мәтінінің өлшемін, сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені, жасанды қозғалысты, дыбыс, видео енгізу мүмкіндігін береді, сонымен қатар, осындай Web-беттермен мағыналы байланыс орнатады. Web-бет браузерде HTML тэгі арқылы берілген түрде қарастырылады. Мұндай Web-бетті HTML-файл деп атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі . htm немесе . html.

HTML-файлдарының жетістігі:

  • Аз ақпараттық көлем;
  • Кез келген дербес компьютерден көру мүмкіндігі;
  • Интерактивтілігі.

HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML (Dynamic HTML), XML, VRML және т. б. тілдер пайда болды.

Белгілеуі кеңейтілген XML (Extensible Markup Language) тілі HTML гипермәтін белгілеуінің кеңейтілуі болып табылады, сондай-ақ кеңейтілген басқарушы символдарды енгізу мүмкіндігі және де құжаттың дұрыстығын тексеру мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling Language) HTML гипермәтін тілінің белгілеуімен құрылған, ол көлемі 3D-графикті пайдалану мүмкіндігін береді.

Құрылымдық тэгтер

HTML тілінің командасы - тэг деп аталады. Тэг - ол браузерге тэг ішінде орналасқан мәтіндегі бейнелеуді көрсететін басқарушы символ. Тэг «кіші» (<) белгісінен басталады және «үлкен (>) белгісімен аяқталады (<tage>) . Тэг жазылуында бас және кіші әріптердің айырмашылықтары болмайды. Тэгтер жұп және жұп емес болады. Жұп тэг тек ашылатын <tage> және слэш </tage> символымен жабылатын тэгтерді қамтиды. Жұп емес тэг тек ашылатын тэгті қамтиды. Жұп тэг ашылатын тэгтің басынан жабылатын тэгтің арасындағы мәтінге әсер етеді.

Тэгтер: құрылымдық, абзацты форматтау, символдар, гипермәтінді анықтау, графиканы қою, тізім құру және сол сияқтылар болады.

HTML-файлының құрылымын сипаттау үшін құрылымдық тэгтер қоданылады:

  • <HTML> </HTML> - беттің басы мен соңы;
  • <HEAD></HEAD> - бетті сипаттау;
  • <TITLE></TITLE> - бет аты;
  • <BODY></BODY> - бет мазмұны.

Онда беттің құрылымдық HTML-коды келесі:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE></TITLE>

</HEAD>

<BODY>

</BODY>

</HTML>

Web-бетте мәтінді безендіру

HTML-файлының негізгі элементі болып абзац табылады. Браузерде мәтін жазу барысында оны жолдарға бөлу мәтіннің сыртқы түріне әсер етпейді. Мәтінді «тарауларға» және тақырыптарға шартпен бөлуге болады. Мәтін тарауы - бұл беттегі кәдімгі мәтін. Ал, тақырып беттегі мәтін бөліктерін атау үшін қолданылады. HTML тақырыптың алты түрін бере алады.

Кестелер

Кестелерді әртүрлі тэгтер қалыптастырады. Кесте өзінің ішкі құрылымы мен мазмұнын сипаттайтын <TABLE></TABLE> тэгтерімен беріледі.

Кез келген кесте оның ұяшықтарын сипаттайтын<TR></TR> (Table Row) тэгімен берілетін жолдардан тұрады.

Ұяшықтар пішімі мен мазмұны <TD></TD> (Table Data) тэгінде, ал ұяшық тақырыпшалары <TH></TH> (Table Header) тэгінде орналасады.

Кестелердің жалпы түрі төмендегідей:

<TABLE>

<TH>ұяшық тақырыпшасы</TH>

<TR>

<TD> ұяшық мазмұны</TD>

<TD> ұяшық мазмұны </TD>

</TR>

<TR>

<TD> ұяшық мазмұны </TD>

<TD> ұяшық мазмұны </TD>

</TR>

</TABLE>

Кескін мен гиперcілтеме

Графикалық ақпарат HTML-файлдың өзінде орналаспайды. Кескіндер бөлек файлдарда сақталады да, ал браузерге файлды ашу кезінде жүктеледі. Графикалық файлдар көлемі жағынан өте үлкен болып келгендіктен желі бойынша берілуі ұзақ болады. Сондықтан компьютер желілеріндегі жіберулер үшін тек үш графикалық формат - GIF, JPG, PNG-тер ғана алынады.

GIF - Graphics Interchange Format - Графикалық өзара алмасу форматы. Ол графикалық файлдарды желі арқылы жіберуге арнайы жасалынған. Мұндай форматтағы файлдар . gif кеңейтілуімен беріледі. Мұндай форматтағы файлдар сығу кезінде сапасын төмендетеді.

JPEG - Joint Photographic Experts Group - Фотография бойынша эксперттердің біріктірілген тобының форматы. Фото суреттерді бейнелеу, сақтау үшін жасалынған. Бұл форматтағы файлдар . jpg кеңейтілуімен беріледі. Бұл форматтағы файлдар, сапасын жоғалтпайтын, 256-түске сәйкес келетін, ұсақ бөлшектерді қамтымайтын суреттер бола алады.

PNG - Portable Network Graphics - Көтерімді желілік графика. Алдыңғы екі форматтағы файлдарды ауыстыру үшін жасалынған. Мұндай түрдегі графикалық файлдар . png кеңейтілуімен беріледі. Сығу кезінде GIF-форматты файлдарға қарағанда 10-30%-ға кескін сапасын жақсы сақтайды. GIF форматты файлдар тәрізді сапасын жоғалтпастан 256-түсті қамти алады.

Егер сурет басқа форматта сақталған болса, онда оны алдын ала жоғарыда көрсетілген форматтардың біріне түрлендіру керек. Бұл форматтарға түрлендіру үшін Photo Editor немесе Adobe PhotoShop редакторларын пайдаланыңыз. Суреттерді кез-келген графикалық редакторда өзіміз салуымызға немесе сканердің көмегімен электрондық түрге түрлендіріп алуға болады. Тіпті болмаса, CD-ROM-ға немесе Internet-ке көшіріліп қойылған суреттер жинақтарын пайдалануға болады.

Программалар терезелернің суреті

Кескіндерді қоюға <IMG> тэгі пайдаланылады. Суреттерді қоюға <IMG> тэгінің төмендегідей атрибуттары пайдаланылады:

  • SRC - кескінді қою;
  • ALT - кескіннің орнына мәтін шығару;
  • ALIGN - кескіннің мәтіндік көркемделуін туралау.

Атрибуттар және оларға берілетін мәндер ашылған тэгтердің ішінде жазылады. Бір тэгте өзара бос орынмен ажыратылған бірнеше атрибуттарды пайдалануға, ал бірдей атрибуттарды әртүрлі тэгтерде пайдалануға болады. (мысалы, ALIGN атрибуты <P> тэгінде пайдаланылады) .

Кескінді қою үшін, браузерге графикалық файлдың орнын және атын хабарлайтын SRC атрибутымен IMG тэгі пайдаланылады.

<IMG SRC="файлдың аты">

Мысалы: <IMG SRC="Flag. gif">

1 ескерту : Егер графикалық файл басқа бумада орналасқан болса, онда абсолютті немесе салыстырмалы түрдегі файлдың орнын анықтайтын жол толық көрсетілуі қажет. Дегенмен де салыстырмалы жолды пайдаланған тиімді.

Мысалы: <IMG SRC="c:\project\image\Flag. gif"> абсолютті жол

<IMG SRC=". . /. . /image/Flag. gif"> салыстырмалы жол

2 ескерту : Егер графикалық файл Internet серверінде орналасқан болса, онда ол файлдың URL-адресі көрсетілуі қажет. Кескіннің өлшемін (пиксельде) WIDTH және HEIGHT атрибуттарының көмегімен беруге болады.

Мысалы: <IMG SRC=". . /image/Flag. gif" WIDTH=256 HEIGHT=151 >

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет қосымшаларын құру технологиялары
Зерттеу пәні - Android жүйесінде бастауыш мектеп балаларына арналған дамытушы ойындар технологиясын оқыту
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Әзірлеу құралын таңдау
Intranet –қосымшалары
Дизайн кезеңдері
JSP динамикалық Web бет технологиясы
Ақпаратты VPN технологиясы арқылы қорғау
Деректер қорын логикалық модельдеу
Объектіге бағытталған Java бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz