Рабыта жайлы жалпы түсініктер


Кіріспе
Әлемнің барлығына бір белгі, пайғамбарлармен уәлилерді тануға бір аят, тура жолға (хидаят) түсу үшін Құран Кәрімді ең сенімді бір дәлел және жүректерімізді Құран нұрымен нұрландырған Аллаһ тағалаға сансыз шүкірлер болсын.
Ғаламшардың жаратылуына себеп болған, тіпті Адам (ғ. с. ) кешіріміне себеп болған, ахыретте бүкіл адам баласының махшардан құтылуын Аллаһтан сұраған Мұхаммед (с. ғ. у. ) пайғамбарымызға шексізсіз салауаттар болсын.
Бәрімізге мәлім болған бұл рабыта тақырыбы тасаууыф ілімінің ең маңызды тақырыптарының бірі болып табылады. Бұл тақырып жайлы ислам әлемінде көптеген тартыстар шыққан.
Бұл қолыңыздағы бітіру жұмысы 3 бөлімнен құралады. Олар: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімінде рабытаның сөздік және терминдік мағыналары, ал негізгі бөлімде рабытаның ерекшелігі, анықтамасы, жасалу жолдары, рабытаның дәлелдері қамтылған. Қорытынды бөлімінде осы қолыңыздағы бітіру жұмысында жазылған тақырып туралы қорыта кеткен.
Әр істе бір өлшем және ниет маңызды. Шариғат өлшеміне қарағанда Аллаһ тағала үшін оқылмаған намаз иесін: “Нендей өкініш сондай намаз оқығандарға” сөзіне итермелейді. Аллаһ тағала жолында сүйілмеген және құлдық сипатынан айырылып пұтқа айналдырылған уәлилер және осындай тірліктер жасаған яғни уәлилерді пұтқа айналдырғандар Аллаһтың досы емес. Себебі олар “лә иләһә иллалла” тәухидіндегі сырды табу әрі таптыру үшін әр нәрсені беріп Аллаһтан тек осыны тілейді.
Міне қолыңыздағы бұл жұмыс ғалымдарды, уәлилерді сүюдің және олардан пайдаланудың өлшемін және жақсылығын ортаға шығаруда. Ал рабытаның шариғат шеңберінің ішінде жасалуын әрі діни қағидалар ішінде орындалуын талап етеді.
Бұл ұсынылып отырған қолыңыздағы бітіру жұмысымда рабыта жайында сіздерге, біздерге жетерліктей мағлұматтар беріп отырмын. Бұл жұмыста рабытаға құран аяттарынан және пайғамбарымыздың хадитерінен дәлелдер келтірдім. Бұл жұмыстың бәріміз үшін пайдалы екеніне сенімдімін.
Осы жұмысымды жазуға жол көрсеткен Х. Атан және Х. Ибрахим ұстаздарыма алғысымды білдіргім келеді.
Рабыта жайлы жалпы түсінік
Тасаууыфтың негізіне әрі мақсатына қарайтын болсақ оның сейрусулукте негізі махаббат екені мақсатының да әдепке байланысты екенін көре аламыз. Бұлардан махаббат себеп, әдеп болса нәтижесі екенін көреміз. Мысалы, мүршидті қатты сүйген бір мүрид оған байланысты барлық нәрселерді (кемшілігі болса да) оған ұқсас мінезді біреуді көрсе де оның қылықтары оған мүршидін еске түсіргені үшін оны махаббат пен қарсы алады. Мүршиді мен оның туысқандарының бірі кездессе оның қуанышында шек болмайды. Мүршиді пайдаланған бір нәрсе оның қолына теберік ретінде түсетін болса оның жаны қуанғаны байқалады. Бұл жағдай Уәйіс әл-Қараниға әз. пайғамбарымыздың жіберген бешпетін көргендегі қуанышына ұқсайды. Рабытаның сөздік мағынасы байланыс, қарым-қатынас болғандықтан дүниеде рабытасыз ешқандайда тірі жан жоқ. Әр нәрсе өзара қарым-қатынаста, байланыста болады. Рабыта үш түрлі олар:
- Табиғи рабыта: Бұл кісінің жақындарына болған махаббаты.
- Суфли рабыта: Тиым салынған нәрселерге, шайтани әрекеттерге байлану.
- Илви рабыта: Қасиетті орындарға адамдарды Аллаһқа жеткізетін бір себепші рабыта.
Мен бұл бітіруші жұмысымда жоғарыда атап өткен рабыталардан соңғы түрі жайлы сөз қозғамақпын. Бұл мүридтің мүршидінен лайықты әсер алуы пайдалану үшін оған деген махаббатты әрдайым жүрегінде сақтауы.
Адамның әрнәрсеге әсерленетіні бізге айдан анық, белгілі нәрсе. Рухтар арасындағы мағнауи байланыс өмірдің өзгермейтін бір заңдылығы. Мысалға, өте жомарт кісілердің ішінде болған адамға әсері мол. Олда сол кісілер сияқты жомарттана бастайды. Махаббаттың ортаға шығыуына себепші болған рабыта осындай адамның әдетін, мінезін, рухтар арасындағы байланысты нығайтуға әсері мол екенін ескерткім келіп отыр. Осының себебінен ақылы бүтін болған әр мүмин, тақуа болған салих кісілерге махаббаты артуы керек. Ол кісілерді сыйлап, құрметтеуге, үлгі алуға, оларға жәрдемші болуына ықпалын тигізуі керек.
Таза әрі әдемі бір киімге балшық шашыраса одан бизар болған ақыл уахи нұрымен нұрланбаса күнәләрімен қарайған жүректегі тітіркеншікті мінез көпшілігі аз болсада әсерлене алмайтыны қандай хикмет. Өйткені нәпси және шайтани тәлкектерге түскен мағнауи наркоз болған бұл рухи қысымдарды сезбейді. Осының себебінен көңіл көзін ашу, әдепке шақыру қажет болады. Аллаһ тағала Құранда: «Асиларды тастап, иман еткен турашылдардың жанында болыңдар, оларға жабысыңдар, сендер өздеріңді туралайсыңдар »1
« Әй мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар (бәлекеттен сақтаныңдар) иманда және сөзінде бірге болғандармен бірге болыңдар »2
« Садықтармен (шыншылдармен) араласыңдар, олармен бірге болыңдар, олармен қоян қолтық аралысыңдар, олар сияқты болыңдар себебі әркім қасында жүрген кісіге ұқсайды »3
Бұл аятарда Аллаһ тағала шыншыл болу үшін ең бірінші орындайтын іс шыншылдармен бірге жүріп, бірге болу. Егер шыншылдармен бірге жүретін болса ол ақырын өзі де соларға бейімделе бастайды. Жүзім жүзімге қарап піседі дейді. Сол сияқты шыншылдармен бірге болсаң шыншыл боласың. Бірге болыңдар деген бұйрық әрқашан бір жақты болу керектігін айтқан. Бірге болу іс-әрекеті және ішкі сезімімен де бірге болу болып табылады. Іс-әрекетпен бірге болуға шыншылдардың мәжілісіне жүрегімен іс-әрекеті арқылы жүзеге асатын болса, ішкі сезімімен бірге болуға шыншылдар жоқ болған кезде олардың істеген істерін еске алумен бірге болу болып саналады4. Бұл аятта шыншылдармен бірге болу шарт болатын болса олардың жоқ кезінде де жүрегінің түбінде шыншылдардың жанында жүргенін сезінуі. Себебі шыншылдармен барлық уақыт бірге болу мүмкін емес. Бұл жағдайда рабытаға мұхтаж. Хадисте:
« Кісі сүйгендерімен бірге »5 бұл жағдайда Құран-Кәрімдегі асхабы-кеһф қыссасы өте маңызды. Асхабы-кеһфтің иті Қытмыр шыншылдармен бірге күзетші болғаны үшін жаннатқа кіреді. Қытмыр шын көңілмен шыншылдарға күзетшілік еткені үшін бұл дәрежеге жеткен. Мүминдер Аллаһ достарына шыншылдарға сүйіспеншілікпен байланса онда оларда биік шыңдарға жетері айдан анық.
Рабытаның сөздік мағынасы
Рабыта сөзі бау, қарым-қатынас, байланыс, сүйіспеншілік, байланысты одан әрі өрбіре түсу яғни күшейту6, көңіл бір нәрсе істегенде не орындағанда шынайы көңілмен берілу, әмірге мойын ұсыну, бір намаздан кейін екінші бір наамазды күту7, бір нәрсеге байлану 8, махаббат, сүйіктісін қиялдау, оның сұлулығын, іс-қимылдарын ойлап, жүрекке сүйіспеншілігін орнықтыру9, екі кісіні бір-біріне байлап, қарым-қатынасын нығайта түсу10 деген мағыналарды қамтиды. Құран -Кәрімде рибат және мурабата11 сабырлы жауға шыдамды, шегарада қорғанысқа дайын болу, бұйрықтарды мүлтіксіз орындау деген мағынада.
Дене мен нәпсінің байланысы «халық әлемі», «әмір әлемінің» негізінде жүрекке де рибат делінеді. Құран- Кәрімде «рабиту» сияты және бұйрық ретінде «рибат» және «мурабата» тек қана материалдық және сыртқы дұшпанға қарсы емес, бізді жаманшылыққа шақырған шайтан және нәпсіге қарсы бұлардың қулықтарына қарсы жүректі тәрбиелеу осылар жайлы осы екі аятта айтылған.
Бізге осы күнге дейін мәлім болған жеке адамдардың әрі топ болып соғысқандардың өмірінде ыстық соғыстар өтуші, керісінше суық соғыста жалғасышы әрі мәңгілік. Ыстық соғыстарда сыртқы, ал суық соғыстарда болатын болса ішкі дұшпандардың бақылауда болулары ашық бір жәйт.
Заманауи мұқтаждарға қарағанда бұл соғыстардың кез келген уақытта бола қалуы ықтимал. Осының салдарынан Құран-Кәрімде ислам дұшпандарына қарсы дайын болуы, төрт құбыласына көзінің ашық болуы бізді Аллаһтың дінінен ұзақтастыру мақсатында қулық ұйымдастырған шайтан мен нәпсіге қарсы әрдайым дайырн болуы керектігі айтылады. Кейбір тәпсіршілердің тұжырымдауынша соның ішінде Рағип әл-Исфаһани (ө. 502/1109) рибат және мурабатаның бір (уақыт) нәрсемен екінші бір нәрсенің арасын айтады. Оған мына хадисті дәлел етіп алады:
« Бір намаздан екінші бір намазға дейінгі уақытты күту және жүректі мешітке байлау »12 хадисіне көп көңіл бөлген.
Рабыта сөзінің сөздік мағынасы керек болса Ислам ғалымдарының жоғарыда айтылған пікірлері рибат, мурабатаның тек қана сопылардың емес басқада ғұламалардың тасаууыфтада қамтылғанын білдіреді13.
Рабытаның терминдік мағынасы
Рибат және мурабата екеуі бір түбірден шыққан. Тасаууыфи бір термин ретінде пайдаланылып жүрген рабыта; шуһуд және иян дәрежесіне жеткен кәміл бір шейхқа жүрегін бұру не болмаса байлау. Себебі кәміл шейхқа бой ұсынушының жүрегіне жақсылық толады14. Рабыта Нахшибендидің көзқарасы бойынша махаббат яғни мүридтің мүршитке деген махаббаты. Бұл рабытаны мүрид әрі қарай жалғай алса өзі де әсте-әсте мүршид сияқты кәміл бола бастайды. Рабытаны тағыда былай деседе болады:
« Рабыта махаббат, құрметпен жүрекке байлау немесе нұсқау, сондай-ақ іс-әрекет, қимылда тепе-теңдік пайда болсын»15
Пенденің жеке өзі муқарабун дәрежесіне жетуі мүмкін емес. Осыған орай мушахадә дәрежесіне жеткен, затына адамгершілігі сай, кәміл мүршид керек. Осындай мүршитке рабыта жасаған мүриттің мүршиді жоқ жерлерде де оның кейібін көп қиялына болжауы ләзім.
Рабытаның негізі: мүршидті қиялдау, тек қана соның жеке өзін ойлап, одан бір нәрселер сұраныс ету емес. Негізінде әр нәрсені жаратқан Аллаһ тағала екеніне сенім білдіріп, Аллаһ тағаланың мүршидке жақсылық етуін және өзіне де ол мүршидтің жақсылық істеуіне әмір етуін қиялдау16 бұл мына төмендегі жағдайға ұқсас:
Бір кедей кісі өзінің мұхтаждығын жою мақсатында бір әлауқатты кісіге барып, сұраныс жасайды. Бірақ ол пақыр кісі негізінде жақсылық жасайтын, беретін Аллаһ тағала екенін біледі. Жердің әрі көктің қазыналары Аллаһтың қолында Аллаһтан басқа хақ ешкім жоқ. Ол пақыр кісі бай кісіге барғанда Аллаһтың нығмет есіктерінен бір есік ашылатынын, өзіне сол жерден бір нығмет беру мүмкіндігі бар екенін білгеннен кейін барады. Бұл адамзаттың сенбеуі мүмкін болған бір ақиқат17.
Бұл рабытада негізінен бас қатыратын жәйт мынау:
Аллаһтан басқа бір жаратылысты ойлауға бола ма? Неге Аллаһты ойламай басқа бір адамды ойлаймыз? Аллаһқа деген сүйіспеншілігі бұзылған болып, есептелмей ме? Бұл ширкке алып бармай ма?
Алдымен біз мынаны ескере кетсек: заты, сипаты, ешқандай ұқсасы, жұбы, ортағы болмаған Аллаһты елестету, адам баласы көз алдына Аллаһты елестетіп, ойлауы мүмкін болмаған нәрсе. Сондықтан да Аллаһ тағала зат және дене жағынан біздің ойлау қабілетіміздің сыртында болып табылады. Біз қанша қаласақта оны бейнелей алмаймыз. Адам баласының бір нәрсені ойлауы, бейнелеуі, қиялдауы үшін оны көруі керек. Дүниеде бар болған нәрселерді қандай екенін біле аламыз. Сондай-ақ бұл нәрселерді көз алдымызға бейнелей аламыз18
Елестету мүмкіндігі болмаған соң Аллаһ тағаланы ойлауға тиым салынған. Бұл жайында әз. Пайғамбарымыз :
« Аллаһ тағаланың өзін ойламаңдар, оның нығмет және жаратқандарын ойлаңдар. Өйткені сіздер оның өзін ойлауға күштеріңіз жетпейді »19.
Демек пенде жаратушыны елестете алмайды екен бұндай жағдайда оның қандай ұлық болғанын түсіну үшін жаратылысқа қарап, ғибрат алуынан басқа еш шарасы жоқ. Әли- Ғимран сүресіндегі:
« Бұл шынында ақыл иелері құлдар түрегеліп, отырып, жастанып әр түрлі жағдайда Аллаһты зікір етеді. Көк пен жердің жаратылысын ойлайды »20
Аллаһ тағала өзін зікір етуге бұйырған бірақ өзі жайлы ой жүгіртуге, бейнелеуге бұйырмады. Керісінше көк пен жерді ойлауға шақырды. Әз. Пайғамбарымыз:
«Жаратылғандарды ойлаңдар, ал жаратушыны ойламаңдар »21 хадисіде сол мағынаға келеді. Біз жаратылғандарға ой жүгірту арқылы оның жаратушы екені жөнінде мағлұматтар жинаймыз. Жаратылғандарды ойлап олардан иләһи шеберлік табуымыз мүмкін .
Аллаһ тағаланы ойлаудың орнына оның жаратқандарын ойлау бізге ол жаратушының қандай құдіретке ие екенін көрсетеді22.
Негізінде Аллаһ тағаланы ойлап, қиялдау сезімдері адамдар табиғатқа негіздеген. Бұны ғашықтар ғана біле алады23.
Ғашықтар өлең шумақтарымен сүйіктісін әрдайым ойлап жүреді. Жолда үйінде қай жерде болса да сүйіктісімен бірге болуын қалап жүреді және әрқашан сүйіктісі жүрегінде орын алады. Абдуллаһ бин Омар пайғамбарымыздан:
Пайғамбарымыз бір пайғамбарды түсіндіріп жатқанындағы жағдайы көз алдына келеді де тұрады . Пайғамбарымыз:
« Қауымы оны ұрып соғып қанға бояды. Олда қанын сүртіп Аллаһқа былай деп дұға етті: «Аллаһым! Қауымымды кеш, өйткені олар білмейді »»24
Осындай жағдайға душар болғандықтан Аллаһ тағала:
« Мен оларды сүйемін олар да мені сүйеді » деген ылтипатына ие болған.
Бұның иман теслимиетіне және әдебіне риаиет шарт. Болмаса біздің көзіміз алдында мыңдаған аяттар тұрады. Бірақ ешқайсысын ойламастан ешқайсысындағы иләһи ілімді, құдіретті, сәлемімен сүйіспеншілігін түсінбестен өліп кетеміз. Ең үлкен аят әрі нұр көзі болған әз. Пайғамбарымызды көріп иман етпегендер күннен тарының түйіріндейде жылу ала алмай дүниеден қоштасты. Ешқандайда шүбәсіз пайдалану мақсатында Аллаһ досына қараса одан пайдаланады. Өйткені ол Аллаһты еске түсіреді. Оны ойлағандағы жағдайы да осы. Көргендеде қиялдағанда да ешбір айырмашылық жоқ.
Ганзели Махмуд бір күні Әбу Хасан әл-Харканидің қасына келіп біраз уақыт отырған соң Әбу Язид әл Бистами жайлы не ойлап отырғаны жайлы сұрайды. Сонда Херкани: “Ол кісіні көрген кезде адамдар хидаятке (жақсылық жол) жетеді” деп жауап берген. Ганзали Махмуд : “Бұл қалай сонда? Әбу Жәһілдің өзі пайғамбарымызды көргенде далалеттен (жаман жол) құтылмаған ” дегенде Херкани: “Ол Әбу Талибтің жетімі Мұхаммед бин Абдуллаһты көрді . Егерде ол пайғамбарды көргенде ол бір бақытқа жетер еді. Яғни пайғамбарымызды пайғамбар ретінде көргенде, бір жетім ретінде емес, Аллаһтың досы ретінде көргенде ол биік шыңдарға, бақытқа жетер еді”. Аллаһ тағала : “ Ал және тура жолға шақырсаңдар естімейді, оларды саған қарағанын көресің, бірақ олар сені көрмейді ”25.
Міне адам мүршидті өзіне лайық бір мәртебеге жеткенін, кәміл әдепке ие болғанын көрмейді. Егер мүршидте бір кемшілік болатын болса онда ол кісіден пайдаланылмайды. Бүткіл өмірі бойынша оның қасында жүрседе одан пайдалана алмайды.
Мүршидті сүю, Аллаһ оны сүюге бұйырғаны үшін сүйеді. Хамд Языр “Біреуді Аллаһ сүйеді деп сүюмен, Аллаһ тағала үшін сүю арасында үлкен айырмашылық бар. Аллаһтың сүйгендігі үшін сүю, оның разылығы үшін сүю, Аллаһ тағала сүйіңдер дегені үшін сүю керек. Өйткені бұл менің сүйгеннім дегені үшін сүюіміз керек”26.
Тағыда бір тәпсіршінің бақара сүресінің 165 аятын тәпсірлегенде Аллаһтың сүйген құлдарын сүю, оларға бағыну ширк немесе күнә емес. Иләһи әмір болғаны үшін, бұл болса Аллаһты сүю деген сөз. Бірақта бұл сүйіспеншілік ешқашан Аллаһқа деген сүйіспеншілік сияқты болмауы қажет. Христиандардың әз. Иса(ғ. с. ) жайлы ойлағандары сияқты болмауы тиіс. Ол бізді құдайға жеткізетін құлшылық көзі деп таниды. Бұл сияқты болмауы тиіс. Бұған біз кәлимаи-шәһәдттен жауап таба аламыз. Бір мұсылман Аллаһ тағаладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с. ғ. у. ) оның елшісі әрі құлы екендігіне куәлік етсе, ол жүрегін тазалап, Мұхаммед (с. ғ. у. ) Аллаһтың құлшылығына қажет екенін және оның Аллаһ тағала тарапынан жіберілген бір пайғамбар екеніне сенім білдіргені болып табылады. Оны да Аллаһ тағала үшін сүйеді, иман осы сүйіспеншілікпен бітеді. Уәлилерді сүю де осы сүйіспеншілік ішіне кіреді. Дәл осындай әдепті, сенімді қажетсінеді27.
Негізгі бөлім
- Рабытаның ерекшелігі:
Рабытаны былайша алып қарасақ жоғарыда айтылғандай рабыта иртибат яғни қарым-қатынас мағынасына келеді. Бұл байланыс немесе қарым-қатынасты былайша түсіндірсекте болады:
Радио желісінен каналды іздеу үшін радио құлақтарын бұрайды. Радио желісін ұстағанда жаңалық, хабар, ән-күй сияқты нәрселерден құлағдар бола алатыны сияқты ізденіс түрінен бір нәтиже шығара аламыз. Міне осы ізденітің өзі рабыталық ізденіске ұқсас десекте болады.
Рабытаның бір ерекшелігі мүриттің мүршидке байланыс құруы. Рабыта жасалған кезде мүрид шейхының құзырында болған болып есептеледі. Сол шейхымен зікір етіп отырмын деп саналады. Мүрид күннің кез-келген уақытында мүршид пен бірге болуы мүмкін емес. Ол дем алуы керек, ішіп жеуі қажет, барлық уақыт қызмет етуі мүмкін мүмкін болмағандықтан рабыта жасауы қажет болады. Рабытаның тағы бір ерекшелігі көзін жұмуы яғни көзін жұмып мүршидін есіне алуы. Бұл көзін жұмуы буддизімнің иогаларынан алынған . Көзін жұмудан мақсат шейхын есіне алып соның салдарынан зейінін ашу болып саналады. Рабытаның тағы бір ерекшелігі ешкім көрмейтін жерлерде есігін кілттеп алып рабыта жасауы. Бұны былай түсіндіруге болады, рабыта жасағанда егер бөгде біреу кедергі болатын болса ойыңның басқа жаққа ауысып кетуіне септігін тигізеді. Құлшылығыңның бұзылуына себеп болады. Осындай жағдайлармен ерекшеленіп тұрады.
а) Рабытаның анықтамасы:
Рабыта бір сүйііпеншілік бауы, құрмет бауы болып саналады. Осының нәтижесінде бір адам ұстазымен бірге, шейхымен бірге болса неткен керемет. Бір жерде, мешітте болып сұхбаттасса, сөзін тыңдаса, бірге тасбих тартса, зікір жасаса жақсы болады. Егер бұлай бола алмаған жағдайда көзін жұмып, мүршидімен рабыта жасайды, мүршидін көз алдында суреттейді. Осылайша көңіл әлемімен байланыс жасайды. Бұндай байланысқа рабыта делінеді28. Тағы басқаша айтатын болсақ рабыта кәміл мүршидке Хақ тағала жолындағы қарым-қатынасы болып саналады29.
Аллаһ тағала: “Кімде-кім менің уәли құлдарыма қастандық етсе, әлбетте мен оларға қарсы соғыс жәрия етемін. Бір құлым өзіне парыз еткендерден басқа маған жақындаспады. Құлым маған нәпіл ғибадаттармен жақындасады, оны сүйемін. Құлымды сүйсем оның көретін көзі, еститін құлағы, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Менен бір нәрсе сұраса оған оны беремін, жалбарынса оны қорғап, өз қарамағыма аламын”30 деп кәміл мүршид жайлы оның Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігін және Аллаһ тағаланың оған сүйіспеншілігін көрсеткен.
Мүридті шартты рефлекспен шейхына байлау және оны шейхының бұйрықтарын орындауда автоматты түрге келтіру үшін белгілі бір шарттардың қайталануындағы бір тариқаттың жүзеге асуы және жүзеге асу пішініне рабыта дейді31.
Рабыта идеялистерден идея алу және сол идеялистермен бірігуінің жолы32.
Кәміл адам жетістіру мақсатында мүридтердің көңіліне кәміл бір модель қойып мүридтің сонымен бірге болады. Жүзім жүзімге қарап піседі деген мақал жүректің байланысы жайлы айтылып тұр. Яғни мүршидке байлануы кәміл бір мүршидке рабыта жасалған кезде бір мәжілісте бірге зікір етсе қандай жақсы болатын болса рабыта жасалғанда да бірге зікір еткен болып саналады. Мұндай жағдайда мүршидтегі рухани береке мүридке өткен болады. Осындай байланыс рабыта нәтижесінде жасаған құлшылықтарының дәмін татады, пайдасын көреді33.
ә) Рабытаның түрлері:
Рабыта бір бау, байланыс құру деген. Рабыта махаббатқа да жатады. Сүйіктісін, оның сұлулығын, іс-әрекеттерін жүрекке жақсы жағымен байлау. Рабыта табиғи әрі адам жаратылысында бар болған сезім болғандықтан рабытасыз болмайды. Бұл рабытаның үш түрі бар:
- Табиғи рабыта:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz