Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтының іс қағаздарына, күнделікті қызметіне мемлекеттік тілді енгізу мен дамытудың өзекті мәселелері


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтының

іс қағаздарына, күнделікті қызметіне мемлекеттік тілді

енгізу мен дамытудың өзекті мәселелері

Егеменді ел болып, көк туымыз көгімізде желбірегелі аз уақыт өткен жоқ. Алайда бұл мерзім кеңес дәуірінде ұлттық болмысынан, тілінен, діні мен ділінен айрыла жаздап «тілі күрмелген» қазақ халқының қазақы қалпына қайта оралуы үшін көп уақыт емес сияқты. Соңғы он бес жылдың бедерінде Елбасының көреген саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына апаратын соны соқпаққа түсіп, жарқын болашаққа қарқынмен қарыштап қадам басты. Ел экономикасы екпін алып, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты артты. Етек-жеңімізді жиып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, ұлықтауға көштік. Әдебиет, мәдениет салаларында қыруар шаралар тындырылып жатыр. Кеңес заманында қолданылу аясы тарылып, «от басы ошақ қасында» қолданылатын тілге айнала жаздап, қаншама уақыт қағажу көрген қасиетті қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп, оның қолданылу аясының кеңеюіне, мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тіліне айналуына мемлекет тарапынан жағдай жасала бастады.

Қоғамның барлық салаларына мемлекеттік тілді енгізу мен дамыту шаралары жүргізілуде. Осындай салалардың бірі - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне, оның ішінде ҰҚК Әскери институтына мемлекеттік тілді енгізу іс-шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институты ұшы-қиыры жоқ ұлы далаға иелік еткен іргелі еліміздің іргесін қорғайтын шекарашы-офицерлер дайындайтын 75 жылдық тағылымды тарихы бар даңқты әскери жоғарғы оқу орны.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы №64/ҚБП бұйрығымен бекітілген Ереже талаптарын орындау мақсатында ҰҚК Әскери институтында қомақты іс-шаралар атқарылды.

Жоғарыда аталған құжаттарды, мемлекеттік тілді енгізу туралы басқа да нормативтік құқықтық актілерді және Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институты басшылығының нұсқауларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тіл бөлімінің алға қойған негізгі мақсаттары:

  1. Мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарды қызметке тарту;
  2. Мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізуді жеделдету;
  3. Мемлекеттік тілді оқыту;
  4. Тәрбиелік, мәдени-көпшілік іс-шараларды, саптық дайындықты мемлекеттік тілде жүргізу;
  5. Мемлекеттік тілді институттың оқу үдерісіне, ғылыми-әдістемелік жұмыстарына енгізу;
  6. Институттың қабырғалық және көрнекі ақпараттарын «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкес ресімдеу;
  7. Мемлекеттік тілді жетік білетін курсанттарды қоғамдық және ғылыми жұмыстарға тарту, біліктілігін арттыру, жан-жақты көмек беру.

Институттың жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік тіл бөлімі мен институттағы қазақ тілінде құжат дайындап жүрген қызметкерлердің арасында тығыз іскерлік байланыс орнатылған. Қызметкерлердің қазақ тілінде құжат дайындау сауаттылығы әртүрлі болғандықтан, құжат жобаларын өңдеу-сараптау жұмыстарымен қатар әр қызметкерге әдістемелік көмек көрсетіліп отырады.

2005 жылы мемлекеттік тілде іс жүргізу - институттың құрылымдық бөлімшелерінде іс қағаздарын жүргізетін лауазым орындарының функционалдық міндеттерінің бірі ретінде енгізіліп, институт бастығымен бекітілді.

Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі мен мемлекеттік тіл бөлімі бірлесе отырып, институт басқармалары мен бөлімдерінің іс қағаздарына жауапты қызметкерлеріне журналдарды, істерді, мемлекеттік тілде толтыру ережелерін үйрету сабақтарын өткізіп отырады.

Жыл қорытындысы бойынша іс қағаздарына мемлекеттік тілді енгізуге ерекше үлес қосып жүрген институт қызметкерлерін ынталандыру шараларын жасау дәстүрге айнала бастады. Институт бастығының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №20 бұйрығымен 2005 жылы мемлекеттік тілде дайындалған құжаттардың саны мен сапасы бойынша алғашқы орын иеленген 4 әскери қызметшінің әрқайсысы 15 000 теңге көлемінде ақшалай марапатталды.

Сонымен қатар, институт бастығының 2006 жылғы 6 сәуірдегі №74/ҚБП бұйрығымен институттағы міндетті түрде мемлекеттік тілде дайындалуы тиіс құжаттар тізбесі бекітілді.

Маусым айында 2006 жылдың І жартысында тіркелген мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының жағдайын анықтау мақсатында институттың құрылымдық бөлімшелерінде кезекті тексеру жүргізілді. 2006 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында институт бойынша дайындалған құжаттардың мемлекеттік тілде дайындалғаны 41 пайызын құрады.

Ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді насихаттау, жеке құрамның отансүйгіштік сезімін арттыру, сонымен қатар, бүгінгі курсант - ертеңгі офицерге осы бағыттағы жұмыстарды қалай ұйымдастырып, қалай өткізу қажет екенін көрсету, әдістемелік бағыт-бағдар беру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, бөлім офицерлері мен кәсіби тіл кафедрасының оқытушылары ай сайын курсанттар мен сарбаздар бөлімшелерінде «Тіл тағдыры ел тағдыры», «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты», «Қазақ тілі - қарым-қатынас тілі», «Қазақ тілінде сөйлеу мәнері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарында ашық сабақтар, саяси-тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырады. Сондай-ақ, дивизиондардағы редакция алқасының, жастар бастамасы орталығының мүшелеріне мемлекеттік тілді әскери бөлімшелерде қолданудың, қабырғалық материалдарды мемлекеттік тілде дайындаудың әдістемесі түсіндіріледі.

Жыл сайын институттың курсанттық бөлімшелері арасында «Жігіттің сұлтаны», «Айтыс», «Күзгі балл», «Тілдер фестивалі» сияқты мемлекеттік тілді насихаттау іс-шаралары тәрбиелік жұмыстармен ұштастыра отырып жүргізіледі.

Жоғарыда аталған іс-шараларға белсене қатысқан және жүлделі орындарға ие болған қызметкерлер, курсанттар мен сарбаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталып, оларды қысқа мерзімге кезектен тыс сейілге шығару сияқты ынталандыру шаралары жасалады.

Дивизион курсанттарын, рота сарбаздарын театрға, ұлттық мұражайлар мен көрмелерге алып бару да назардан тыс қалмайды.

Қазақ тілінің қанат жаюына көрнекі ақпарат құралдарының көмегі көп. Кафедралар мен оқу сыныптарындағы көрнекі ақпарат құралдары мен қабырғалық материалдар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес екі тілде дайындалған. Кейінгі уақытта Әскери институт ғимараттарының қабырғаларындағы көрнекі үгіт материалдары тек мемлекеттік тілде жазылып, жаңаланды. Бұрындары алдымен орыс тілінде дайындалып, қазақшаға аударылған мағынасы солғын сөздердің орнына елдікке, ерлікке, өрлікке шақыратын мәйекті мақалдар, қанатты сөздер жазылды. Мысалы:

«Іргесі берік елді

Жау ала алмас.

Ауызы бір елді

Дау ала алмас».

Осынау атадан қалған асыл сөз саналы ғұмырын ұлан байтақ Отанымыздың шекарасында қызмет етуге, ел тыныштығын күзетуге арнайтын болашақ офицерлерді ерлікке, қырағылыққа үндейді. Бір кездері «ұлттар достығының зертханасына» айналған, бүгінгі көпұлтты Қазақстан халқын береке-бірлікке, татулыққа шақырады. Осындай өн бойынан қазақы иіс аңқып тұрған, рух беретін астары асқақ сөздерді көрнекі үгіт жұмыстарында кәдеге жаратудың пайдасы орасан зор. Сондай-ақ, «Қазақстан шекарасы - ата-бабамыздан қалған асыл мұра», «Тәуелсіздіктің басты тірегі - ұлттық қауіпсіздік», «Ұлттық қауіпсіздік - мемлекеттік шекараның беріктігіне байланысты», «Кез келген мемлекеттің бастау алар нүктесі - мемлекеттік шекара» деген сөздер тек мемлекеттік тілде жазылған.

Қоғамдық ақпарат құралдарымен байланыс орнату нәтижесінде Әскери институтындағы мемлекеттік тілді енгізу жұмыстарымен, курсанттардың тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында іс-шаралар өткізіліп отырады.

Институт офицерлері мен курсанттарының «Хабар» телеарнасының «Тіл» бағдарламасында жыл сайын қатысып, әр түрлі әскери терминдерді талқылауға, Қазақстан Ұлттық телеарнасының «Қатардағы жауынгер» бағдарламасына қатысуы қалыптасқан дәстүрге айналып келеді.

Үстіміздегі жылдың ІІ жартысына «Егемен қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Жас алаш», «Парасат», «Ақиқат», «Әдебиет айдыны», «Саясат», «Үкімет», «Парламент жаршысы», «Қазақстан жоғары мектебі» сияқты қазақ басылымдарына жазылу жүргізілді. Кітапханалар қоры 6 томдық «Қазақ» энциклопедиясымен, қазақ тіліндегі көркем шығармалармен, оқулықтармен және әр салаға қатысты сөздіктермен толықтырылды.

Институт курсанттарынан саптық дайындық бойынша сынақты қазақ тілінде қабылдау да тәжірибеге енгізілді. Күн тәртібіне сәйкес саптық дайындықтарда курсанттар әскери әмірлерді қазақ тілінде беру және орындау бойынша жаттығулар жасайды.

Осы тәріздес жетістіктер жеткілікті, бірақ кемшіліктерден де кенде емеспіз. Өйткені атқарылған игі шаралармен қатар, шешімін күтіп тұрған бірқатар өзекті мәселелер де бар. Соның ішіндегі ең бастысы - кадр мәселесі. Қазақ тілді кадрлар өте аз. Әскери институт тұрақты құрамының 18 пайызын ғана құрайды. Сондықтан, мемлекеттік тіл бөлімі институт басшылығымен бірлесе отырып, кемшіліктерді жоюдың жолдарын жан-жақты қарастыруда. Атап айтқанда:

1) ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке үміткерді іздестіру, іріктеу және тағлымдамадан өткізу барысында, оның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі ескеріле бермейді, соның салдарынан құжаттармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің көпшілігі қазақ тілінде құжат дайындай алмайды немесе өте сауатсыз дайындайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы №64/ҚБП бұйрығымен бекітілген Ереженің 20-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке үміткерді іздестіру, іріктеу және тағылымдамадан өткізу барысында оның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін ескеру үшін барлық үміткерлерді міндетті түрде мемлекеттік тіл бөлімінің арнайы анықтамасы арқылы қабылдау тәжірибеге енгізілді. Ал тікелей іс қағаздарымен жұмыс жүргізетін лауазым орындарына құжаттары зерделеніп жатқан үміткерлерді тәжірибе жинақтау мақсатында 1 айлық сынақ мерзімі ретінде мемлекеттік тіл бөлімінде жұмыс істеуге жіберу де күн тәртібіне қойылды. Тәжірибе көрсеткендей, осы уақыт ішінде үміткер құжаттарды қазақ тілінде дайындау тәртібі мен ерекшеліктерінен хабардар болып шығады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Заң шығарушы органдар
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын Президентті сайлау тәртібі мен оны тіркеу
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz