Азаматтық қоғам дамуының алғышарттары



Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік дәрежеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды, капитализмнен кейінгі келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін болмай, тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін социалистік қоғам, одан соң кемелденген социолизм, одан әрі коммунизмге жетеміз деп Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа жүгірткені баршамызға белгілі.
XYII-XYIII ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетін құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ, капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың, құқықтық мемлекеттің арқасында, социалистік қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар.
Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлері өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.
Демократиялық бағыт ұстаған мемлекеттің қанат жайып өркендеуі, даму болашағы азаматтық қоғам орнатумен және өзінің құқықтық сипат алуымен тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз – мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол – қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет.
Азаматтық қоғам идеясы ежелгі дәуірде пайда болған. Аристотель азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы: кімде-кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің иесі болады деп жазады. Ал азаматтық қоғам термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам – общество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол XYII ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда жүзеге асты. Азаматтық қоғам мәселесіне Т.Гоббс, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн, т.б. ойшылдар елеулі үлес қосты. Азаматтық қоғам XVIII ғасырдан бастап кең ауқымда – қоғамдық, тар ұғымда – мүліктік қарым-қатынастарды білдіретін термин ретінде қолданылды. Ағылшын, француз философтары азаматтық қоғам адамның табиғи қасиеттері, саяси міндеттер, басқару және құқық формалары, т.б. арқылы қалыптасады деп білді. Азаматтық қоғам жалпы индивидтен тыс, олардың іс-әрекеті өріс табатын орта ретінде қарастырылды. Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, А., 1995.
2. Жамбылов Д., Саясаттану негіздері, А., 1998.
3. Сыдыков Ұ., Саясаттану, А., 1996.
4. Нысанбаев Ә., Адам және ашық қоғам, А., 1998.
5. Қазақстан - ұлттық энциклопедия, А., 1998.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік
дәрежеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды,
капитализмнен кейінгі келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін болмай,
тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін
социалистік қоғам, одан соң кемелденген социолизм, одан әрі (коммунизмге(
жетеміз деп Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған
идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа (жүгірткені( баршамызға белгілі.
XYII-XYIII ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетін
құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт
коммунизм құрамыз демей-ақ, капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре
отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың, құқықтық
мемлекеттің арқасында, (социалистік( қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп
отырған жайы бар.
Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлері өмірге келгені белгілі. Жалпы
мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының
құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі
азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.
Демократиялық бағыт ұстаған мемлекеттің қанат жайып өркендеуі, даму
болашағы азаматтық қоғам орнатумен және өзінің құқықтық сипат алуымен тығыз
байланысты.

Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам дегеніміз – мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың,
ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, діни
белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол – қоғам мүшелері
арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған
қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін
әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары
мемлекет.
Азаматтық қоғам идеясы ежелгі дәуірде пайда болған. Аристотель
азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы: кімде-кім меншікке ие болса, сол
ізгіліктің, адамгершіліктің иесі болады деп жазады. Ал азаматтық қоғам
термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның
civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам – общество деген
ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол XYII ғасырда Шотландияда және XIX
ғасырда Германияда жүзеге асты. Азаматтық қоғам мәселесіне Т.Гоббс,
Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн, т.б. ойшылдар елеулі үлес қосты.
Азаматтық қоғам XVIII ғасырдан бастап кең ауқымда – қоғамдық, тар ұғымда
– мүліктік қарым-қатынастарды білдіретін термин ретінде қолданылды.
Ағылшын, француз философтары азаматтық қоғам адамның табиғи қасиеттері,
саяси міндеттер, басқару және құқық формалары, т.б. арқылы қалыптасады деп
білді. Азаматтық қоғам жалпы индивидтен тыс, олардың іс-әрекеті өріс
табатын (орта( ретінде қарастырылды. Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам
бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың
өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі
делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық
өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының,
кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің
мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын
органдардың т.б. сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты
белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар
құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.
Марксшілдер азаматтық қоғам терминінің мәні (айқын емес( деп біліп,
ғылыми ұғымдар жүйесіндегі (қоғамның экономикалық құрылымы(, (экономикалық
базис(, (өндіріс тәсілі(, т.с.с. терминдермен ауыстырды.
Марксизм негізін салушылар коммунистік қоғамда (адамдардың жан-жақты
дамуының( нәтижесінде адамның адамға тәуелділігі жойылатындығына, әркімнің
кез келген саламен айналыса алатындығына, өз мамандығын еркін өзгерте
алатындығына кәміл сенді. Ақша қоғамдық еңбек өлшемі болудан қалады да, өз
мәнін жояды. Тауарлы өндіріс пен қайшылықты мүдделер жағдайында ғана мәнді
келісімшартты жүйе соның кебін киеді. Тауарлы өндіріс болмаған жерде
мүдделер қайшылығы да болмақ емес, сөз жоқ онда келісімшарттық принципке
деген сұраныс та болмайды. Маркс болашақ қоғамды үстемдіксіз ғана емес,
өкіметсіз деп елестетті. Өкімет жоқ жерде басқаруды да ешкім қажетсінбейді,
яғни, (халықты басқару( демократия ұғымдарының да мәні болмайды. В.И.Ленин
ескі мемлекеттік жүйені қирату қажеттігін айта отырып, азаматтық қоғам және
құқықтық мемлекет ұғымдарын ауызға алмады. Адамзатты азат ету ақыр соңында
таптық айырмашылықты жоюға, одан соң азамттық қоғам мен мемлекеттің
бөлінуін жоюға, сондай-ақ жеке адам мен ұжымдық өмір сүруді үйлестіруге
жеткізеді деп есептелді. Нәтижесінде, шынайы социализм жағдайында, жалпы
мүдделердің кепілі мен тілегін білдіреді деп есептелген мемлекет шын
мәнінде күллі қоғамды өзіне бағындырып, жұтып қойды. Сондықтан да
(кеңестік( қоғамтануда (азаматтық қоғам( түсінігі ауызға алынбады.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жеке меншік иелерінің
дербестігі мен меншік түрінің түрлі формасының әртүрлігі құрайды. Азаматтық
қоғам, мемлекет пен жеке тұлғалар арасында дәнекерші рөлін атқарады. Ол
жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды, адам құқығының сақталуын қамтамасыз
етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды. Сондай-ақ азаматтық қоғам
құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де бола алады.
Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам
белгілі бір уақыттан соң ғылыми-техникалық қоғамға ауысады.
Сөз жүзінде адамдардың еркіндігі мен құқын айғайлай жариялағанымен,
тоталитарлық қоғам өз табиғатында қоғамда шынайы демократия орнатуға
дәрменсіздігін танытты. Сондықтан да елдің қожасы деп жарияланған
еңбекшілер іс жүзінде партиялық-мемлекет машинаның елеусіз тегіршегіне
айналып, өнімді еңбекке деген ынта-ықыласы жойылды. Адам қоғамдағы
идеологиялық диктат пен өмір ағысын қатаң реттеу жағдайында өзіндік таңдау
құқығынан мүлде айрылды. Бұл жағдай, ең алдымен, тұлғаның демократиялық
құқығы мен еркіндігін жоққа шығарған тотолитарлық саяси режим басқаруының
салдарынан болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің (Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде(, - деп аталатын еңбегінде азаматтық
қоғамды былай деп сипаттап, анықтама береді: (Жаңғыру – дамыған азаматтық
қоғамның қалыптасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың ерікті түрдегі
бірлестіктерінің жиынтығын: отбасын, қоғамдық ұйымдарды, діни, мәдени,
шаруашылық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарын және тағы басқаларын өз
бойына жинақтайды. Олардың ортақ сипаттамасы – бұл шын мәніндегі ерікті,
мемлекеттік емес және саяси емес ұйымдар болып табылады. Бұл адамдардың
бүкіл жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағдылары мен құқықтары. Бұл
өмірдің сырт көздің араласуын қажет етпейтін саласы(.
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субъектісі өзіне тән
сұранымдары мен мүдделері бар адам болып табылады. Демек, адам мұнда шешуші
басты тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу
деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерийі) болып табылады. Адам арқылы
ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлде қайда бұрын
пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі
қарапайым бірлестіктері ретінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық
қоғам өз мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге
әкеледі, оған әл-қуат беріп қанағаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның
құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне
мүмкіндіктер туғызады. Алайда уақыт озған сайын мемлекет күшейе түседі,
оның ықпалы мен пәрмені артады, бірте-бірте азаматтық қоғамның аумағын
бүріп, тынысын тарылта түседі. Сөйтіп, өзі тудырған, өзі дүниеге әкелген
мемлекет енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. Әрине,
азаматтық қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық
қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы,
азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қайшылыққа толы
диалектикалық байланыспен сипатталады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін бірі
қуаттайды, бірін бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық
қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды, өмірдің барлық саласы қатаң
мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қалған. Мәселен,
Кеңес үкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе шеңберінде өмір
сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық қоғам деген ұғым
қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан себебі де сол. Шүкір,
қазір дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық қоғам
қалыптасып келеді. Оны орнықтыру – болашақ үлкен мақсатымыз. Бұл жөнінде
Конституциямызда да айқын көрсетілген.

Сонымен азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары қандай?
1) Оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз қалауынша
пайдалануы. Басқаша айтқанда, меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның
бостандығының түп негізі.
2) Қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сейкес сан түрлі
мүдделердің бой көрсетуі.
3) Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылығы. Мысалы,
біз кешегі бодандық дәуір діңкелетіп кеткен құлдық психологиясынан
арылмай толыққанды азаматтық қоғам құрамыз деуіміз бекершілік екенін
жақсы түсінуіміз қажет.

Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік.
1) Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық
бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар,
корпорациялар, ассоцияциялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық
шаруышылықтар, т.б.).
2) әлеуметтік салада отбасы, мешіт (шіркеу), қоғамдық ұйымдар,
қозғалыстар, қорлар, тәуелсіз басылымдар, өзін-өзі басқару органдары,
шығармашылық, кәсіптік, т.б. одақтар кіреді. Аталған құрылымдарға
ықпал жасау азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні
болып табылады.

Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:
1) Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз
ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып,
өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
2) Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті
қамқорлық жасау.
3) Түрлі партиялар мен қозғалыстар, ұйымдар арқылы мемлекет саясатына
араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекеттік басқару органдарына
сайлау.

Азаматтық қоғамның қалыптасу арналары:
1) саяси биліктің демократиялық механизмдерін қалыптастыру, мемлекеттік
құрылымдар мен одан тысқары қоғамдық-саяси ұйымдар арасында тепе-
теңдік пен үйлесімдік табу;
2) нарықтық қатынастардың орнығуына, меншіктің көптүрлілігінің
қалыптасуына, нарық механизмінің еркін қызмет атқаруына жағдай
туғызу;
3) мемлекеттік және шаруашылық органдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат
Қазақстанға Конституциялық реформалар неге қажет болды
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
1993 жылғы конституцияның қабылдану себептері туралы
Адам мен азамат құқығы
Назарбаевтың идеясы және Қазақстан халықтары
Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Адам - саясат субъектісі
Пәндер