Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты



МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе

Негiзгi бөлiм
1. Англияның Еуропадағы 1921.1929 жж. саясаты
1.1. Еуропадағы қауiпсiздiк мәселесiндегi ағылшын саясаты.
1.2. Ағылшын билеушi топтарының антисоветтiк саясаты.
1.3. Болдуин.Чемберлен үкiметi саясатының қорытындысы.

2. Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты.
2.1. Ағылшын империализмi және әлемдiк экономикалық дағдарыс
2.2. Еуропадағы Англия саясаты

3. Агрессорлар бейбiтшiлiгi кезiндегi ағылшын саясаты,, 1933.1937 жж.
3.1. Ағылшын “араласпау” саясаты
3.2. Англияның ағылшын.француз.совет келiссөздерiндегi екiлiк ойыны
3.3. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы ағылшын империализмi.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
КIРIСПЕ

Соғысаралық жылдары халықаралық саяясатта үш негiзгi бағыт болды: бiрiншi социалистiк елдiң капиталистiк елдермен бейбiт қатынаста болуды, халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi қолдау және агрессияныбасуға ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн құруды қамтамасыз етуге арналған Кеңестiк Одақтың бейбiтсүйгiш бағыты, өздерi үшiн тиiмсiз Версаль-Вашингтон бейбiт реттеуiн қайта қарастыру және әлемдiк үстемдiкке қол жеткiзу мақсатындағы халықаралфқ соғысты дайындау мен өрбiтуге арналған антикоминтерн лактiсiнiң державалары – Германия, Италия және Жапонияның өте агрессивтi бағыты және КСРО-ға әскери шабуыл ұйымдастыру мақсатымен Кеңестiк Одаққа қарсы агрессивтi бвғыттары үшiн агрессорлармен келiсуге арналған батыс державалары – Англия, Франция және АҚШ-ң мюнхен бағыты.
Англия және басқа державалар Кеңестiк Одақтың ұжымдық қауiпсiздiгiн құру талпынысын керi итерiп қана қоймай, агрессорлар – Германия, Италия және Жапония iстерiн кейде мақұлдап та отырды. Соғысаралық кезең Англия үшiн өте шиеленiстi және оқиғаға толы болды.
Жұмыс өзектілігі және маңыздылығы. Версаль-Вашингтон жүйесi құрылғаннан кейiнгi және Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанғанға дейiнгi кезең адамзат тарихында шын белең алған кезең. Бұл кезең фашистер мен ұлтшылдардың жауыз агрессорлық сипат көрсеткен, ұлы державалардың өз пайдасын көздеуде сатқындық көрсеткен уақыт. Әлемдiк тарихта соғысаралық кезеңнiң жеке бiр орны бар, түрлi оқиғаларға толы кезең. Осындай маңызды да қызықты кезеңде сол кездегi ұлы державалардың бiрi Ұлыбританияның сыртқы саясатын бiлу, негiзгi бағыттарын бiлу тақырыптың өзектiлiгiн және маңыздылығын ашады.
Мақсат және міндет.курстық жұмыс жазу барысында мен өз алдыма мынадай мiндеттiлiктер алдым:
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi:

1. Мочульский Н. Англия в 1929-1933 годах. М., 1955ж. – 46 бет.
2. Мочульский Н. Англия в 1934-1937 годах. М., 1957ж. – 104 бет.
3. Мочульский Н. Кризис лейбористкой партии в 1931 году.. М., 1956ж. – 235 бет.
4. Николаев Н. Внешняя политика правых лейбористов Англии (1935-1940гг.) М., 1953ж. – 253 бет.
5. Датт П. Кризис Британии и Британской империи М., 1959 ж. – 737 бет
6. Внешняя политика Великобритании в новое и новейшее время М., 1988 ж. – 163 бет
7. Трухановский В. Внешняя политика Англии на первом этапе общего кризиса капитализма (1918-1939 г.г.) М., 1962 ж. – 398 бет.
8. Международные отношения на Дальнем Востоке (1870-1945 г.г.) М., 1951 ж. – 438 бет.
9. Кучинский Ю. Очерки по истории мирового хозяйства ИЛ., 1954 ж. – 38 бет.
10. Никонов А. Происхождение второй мировой войны и европейский политический предвоенный кризис 1939 г. М., 1955 ж. – 211 бет.
11. Иванов А. Агрессоры и умиротворители Гитлер, Муссолини и Британская дипломатия М., 1993 ж. – 382 бет.
12. Трухановский В. Новейшая история Англии М., 1958 ж. – 590 бет.
13. История Дипломатии (том третий) М., 1945 ж. – 883 бет.
14. Европа в международных отношениях 1917-1939 г.г. М., 1982 ж. – 418 бет.
15. Европа ХХ века: проблема мира и безопасности М., 1978 ж. – 569 бет.
16. Жигалов Н. Прогрессивные силы Великобритании в борьбе за разоружение и мир., 1965 ж. – 286 бет.
17. Ротштейн Э. Внешняя политика Англии и ее критики 1830-1950 М., 1973 ж. – 148 бет.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе
Негiзгi бөлiм
1. Англияның Еуропадағы 1921-1929 жж. саясаты
1. Еуропадағы қауiпсiздiк мәселесiндегi ағылшын саясаты.
2. Ағылшын билеушi топтарының антисоветтiк саясаты.
3. Болдуин-Чемберлен үкiметi саясатының қорытындысы.

2. Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты.
2.1. Ағылшын империализмi және әлемдiк экономикалық дағдарыс
2.2. Еуропадағы Англия саясаты

3. Агрессорлар бейбiтшiлiгi кезiндегi ағылшын саясаты,, 1933-1937 жж.
3.1. Ағылшын “араласпау” саясаты
3.2. Англияның ағылшын-француз-совет келiссөздерiндегi екiлiк ойыны
3.3. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы ағылшын империализмi.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
КIРIСПЕ

Соғысаралық жылдары халықаралық саяясатта үш негiзгi бағыт болды:
бiрiншi социалистiк елдiң капиталистiк елдермен бейбiт қатынаста болуды,
халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi қолдау және агрессияныбасуға ұжымдық
қауiпсiздiк жүйесiн құруды қамтамасыз етуге арналған Кеңестiк Одақтың
бейбiтсүйгiш бағыты, өздерi үшiн тиiмсiз Версаль-Вашингтон бейбiт реттеуiн
қайта қарастыру және әлемдiк үстемдiкке қол жеткiзу мақсатындағы
халықаралфқ соғысты дайындау мен өрбiтуге арналған антикоминтерн лактiсiнiң
державалары – Германия, Италия және Жапонияның өте агрессивтi бағыты және
КСРО-ға әскери шабуыл ұйымдастыру мақсатымен Кеңестiк Одаққа қарсы
агрессивтi бвғыттары үшiн агрессорлармен келiсуге арналған батыс
державалары – Англия, Франция және АҚШ-ң мюнхен бағыты.
Англия және басқа державалар Кеңестiк Одақтың ұжымдық қауiпсiздiгiн
құру талпынысын керi итерiп қана қоймай, агрессорлар – Германия, Италия
және Жапония iстерiн кейде мақұлдап та отырды. Соғысаралық кезең Англия
үшiн өте шиеленiстi және оқиғаға толы болды.
Жұмыс өзектілігі және маңыздылығы. Версаль-Вашингтон жүйесi
құрылғаннан кейiнгi және Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанғанға дейiнгi
кезең адамзат тарихында шын белең алған кезең. Бұл кезең фашистер мен
ұлтшылдардың жауыз агрессорлық сипат көрсеткен, ұлы державалардың өз
пайдасын көздеуде сатқындық көрсеткен уақыт. Әлемдiк тарихта соғысаралық
кезеңнiң жеке бiр орны бар, түрлi оқиғаларға толы кезең. Осындай маңызды да
қызықты кезеңде сол кездегi ұлы державалардың бiрi Ұлыбританияның сыртқы
саясатын бiлу, негiзгi бағыттарын бiлу тақырыптың өзектiлiгiн және
маңыздылығын ашады.
Мақсат және міндет.курстық жұмыс жазу барысында мен өз алдыма мынадай
мiндеттiлiктер алдым:
• соғысаралық кезеңдегi халықаралық жағдайға тоқатылып, жан-жақты
зерттеу;
• Версаль-Вашингтон жүйесiнiң әлсiздiгiн және Екiншi дүниежүзiлiк
соғыстың шығу себептерiн зерттеу;
• соғысаралық кезеңдегi Ұлыбританияның сыртқы саясатына тоқталып, сол
кезеңдегi осы елдiң ойнаған р.өлiне көп көңiл бөлу.
Осы мiндеттiлiктердiң орындалуы үшiн мынадай мақсаттарды дұрыс деп
санадым:
• соғысаралық кезеңдегi әр. ұлы державалардың ахуалын зерттеу, олардың
ойнаған р.өлдерiн көрсету;
• не үшiн Версаль-вашингтон жүйесi өзiнiң әлсiздiгiн көрсеткенiн, оған
не түрткi болғанын, және солардың салдарын көрсету;
• әлемдiк экономикалық дағдарыстың шығу себептерiн, әр елге тигiзген
әсерiн т.б. туралы толық мағлұмат беру;
• Англияның соғысаралық кезеңде қандай бағытта болып, не көздегенiн,
кiмдi жақтап, кiмдi шеттеткендiгi туралы зерттеу;
• соғысаралық кезеңдегi Англияның сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын
ашып көрсету;
Деректік негіз.курстық жұмыс жазу барысында мен Трухановский В.Г.,
Мочульский Н.Ф., Никонов А.Д., Иванов А.Г. еңбектерiн пайдаландым. Соның
iшiнде В.Трухановскийдiң “Внешняя политика англии на первом этапе общего
кризиса капитализма (1918-1939)” атты кiтабын өте құнды кiтап деп таптым.
Бұл кiтапта Ұлыбританияның сыртқы саясаты сол кезеңдi тағы бiр бөлiктерге
бөлiнiп жазылды, кiтапта Англияның Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанға дейiнгi кезеңдегi тарих толық
зерттелiп жазылынды. Мочульскийдiң Англияның түрлi кезеңдерге арналып
шығарылған кiтаптары Англияның экономикалық, саяси, әлеуметтiк бағыттарын,
жағдайын жазып, түрлi кезеңдегi түрлi партиялардың билiк басына келiп, өз
саясатын жүргiзгендiгi туралы көп жазылған.
Сонымен қатар Чемберленнiң “Down the Years”, Г.Никольсонның “Как
делался мир в 1919 г.” деректерi курстық жұмыс тақырыбын баяндауда зор
үлесiн қосты.
Құрылымы:менiң жұмысым жоспардан, кiрiспеден, негiзгi бөлiмнен, үш
тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Негізгі бөлім

1. Англияның Еуропадағы 1921-1929 жж саясаты
1. Еуропадағы қауіпсіздік мәселесіндегі ағылшын саясаты

Версаль жүйесі қатысушыларына не мықты қауіпсіздік, не Еуропада ұзақ
бейбітшілік әкелмеді. Алайда соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ағылшын билік
басындағылары өз еліне ұзақ уақытқа берік қауіпсіздікті қамтамасыз еттік
деп ойлады.
1919 жылы Англияның әскери кабинеті әскери министрліктерге Британ
империясының он жыл ішінде ешқандай соғысқа қатыспайтындығы туралы
қамтамасыз етуін тапсырды. 1927 және 1928 жылдары Британ үкіметі империялық
қорғаныс комитеті он жыл ішінде ешқандай соғыс болмау жағдайын тағы да
он жылға ұзартты. Он жыл соғыссыз атты формуласы 1932 жылдың 23
наурызына дейін өз күшінде болды, себебі сол кезден бастап Макдональдтың
ұлттық үкіметі халықаралық жағдайды ескере отырып бұдан бас тартуды
ұйғарды.Сонымен қатар сол уақытқа қарай ағылшын билеуші топтары Версаль
бейбіт реттеуі Англияның қауіпсіздігін ұзаққа дейін қамтамасыз ете
алмайтындығын түсінген еді.
Жеңілген Германия франко-бельгиялықтардың Рурға басып кіру тәжірибесінен
кейін өзін қауіпсіз сезіне алмады. 20-жылдары Еурапаның ең мықты әскери
державасы болған Франция да өзін қауіпсіз сезіне алмады. Француз
мемлекеттік қызметкерлері соғыстағы Германияның жеңілісіне негізделген
Франция мықтылығының уақытша сипатқа ие екендігін керемет білді. Енді
француз билеушілері алдында болуы мүмкін герман агрессиясынан құтылу басты
орындардың бірі болды. Франция, - деп жазды Черчилль, - сәттің даусыз
жеңімпазы ретінде сезіне отырып болашаққа таңданыс және үреймен қарады. Ең
басты қажеттілік ол қауіпсіздік – қандай жолмен болмасын қауіпсіздік
болды... (1). Ағылшын билеушілері жиырма жылдай Францияның осы
қажеттілігін өз мүддесі үшін қолдануға бар күшін салды.
Франция тіпті Ұлттар Лигасына да толық сене алмады, оның қауіпсіздігін
сақтайтындығы туралы үлкен күмәнда болды, себебі соғыстан кейінгі кезеңде
ағылшын үкіметі осы әлсіз ұйым болашақта да бейбітшілікті сақтауда ешқандай
күшке ие болмауы үшін бар күшін салған еді. Гаторн-Харди сол кезде Англия
және оның доминиондары бұл ұйымның бейбітшілікті сақтау мәселесінде бар
болғаны кеңес беру және халықаралық көзқарасты қалыптастыру қызметі болуын
қалаған еді. Осы көзқарас Ұлттар

Трухановский В.Г. Внешняя политика Англии на первом этапе общего кризиса
капитализма (1918-1939 гг)- 138 бет
Лигасының алғашқы ассамблеяларында көрініс тапты. Ол Канада жағынан Лига
Жарғысын әлсіреткен шешімдер қабылданған ұсыныстар нәтижесінде жүзеге асты.

Англия жағынан ешқандай қолдауға қол жетпейтіндігін түсіне отырып,
Ұлттар Лигасының бейбітшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ете
алмайтындығын біле отырып Франция Шығыс Еуропа мемлекеттерімен әскери-саяси
ұйымдар құру арқылы өзінің позицияларын жақсартқысы келді. 1921 жылдың
ақпанында франко-поляк келісіміне, ал 1924 жылдың қаңтарында франко-
чехословак келісіміне қол қойылды.Франция 1921 жылы құрамына Чехословакия,
Румыния және Югославия кіретін Кіші Антантамен тығыз қатынастарды жақтады.
Осы мемлекеттермен одақтық қатынастар Франция үшін антисоветтік жоспарларды
жүзеге асыру үшін, Еуропадағы гегемонияға күрес үшін, сонымен қатар
шығыстан Германияға әсер ету құралы ретінде пайдалану көзі болып табылды.
Сол себептен Францияның қауіпсіздігіне кепілдік бере алатын шарттар
туралы келіссөздер 1921 жылы басталып 1922 жылдың ортасына дейін жалғасты.
Англияның позициясы Францияның осы келісімге мүдделі екендігін пайдалана
отырып қандай болмасын тиімді жақтарын өз пайдасына шешу болды. Осылайша
Ллойд Джорджтың осы мәселеге байланысты Брианға ұсынған 1922 жылдың 4
қаңтарындағы меморандумында ағылшын үкіметі Франция осындай келісімге қол
жеткісі келсе, Кеңестік Ресей қатысу керек Генуэз конференцияға мүше
болуын, әскери-теңіз бәсекелестігін қысқартуын, Таяу Шығыстағы француз және
ағылшын саясатын тәртіпке келтіруін талап етті. Ағылшын үкіметі Англия
Франция ұсынған әскери конвенция туралы жоспарына түпкілікті қарсы шықты.
Джордан “Франциямен әскери конвенция... ақыр соңында Англияның француз
территориясының қорғанысында тиімді араласуына қажетті жағдай болып
саналды” (1). Дәл осы талапты ағылшын жағы келісімге енгізгісі келмеді. Ол
сонымен қатар келісімнің Франция одақтастарына жайылуына үзілді-кесілді
қарсы болды. Англия Францияға герман агрессиясы болған жағдайда көмек
беруге кепілдік алғысы келмеді, себебі ол Францияның позицияларын
күшейтетін еді және Еуропадағы гегемонияға күресінде бірнеше жеңілдіктер
берер еді. “Француз саясатының негізгі мақсаты, - деп жазды Джордан, -
қалыптасқан еуропалық жағдайды тұрақтандыру” (2). 1945 жылы басылып шыққан
халықаралық қатынастар ағылшын институтының ағылшын-француз қатынастары
туралы мәлімдемесінің авторлары 1921-1922 жылдардағы кепілдік туралы
келісім ешқандай нәтижесіз аяқталғанын атап өтті, себебі Германияға қарсы
бағытталған және Франция басқаратын Еуропа идеясы ағылшын саясатына
толығымен сәйкес келмейді.

Джордан В.М. Великобритания, Франция и германская проблема в 1919-1939 гг.,
66, 249 беттер
Сонда, 67, 62 б.
Осындай позицияны Англия Бельгиямен қатынастарында ұстады. 1920 жылдың 7
қыркүйегінде Франция мен Бельгия арасында әскери одаққа қол қойылды. Герман
агрессиясынан алшақ болу үшін Бельгия осындай одақты Англиямен де жасағысы
келді, алайда “ағылшын үкіметі бельгиялық ұсынысты қабылдамай қойды”.
Германияны КСРО-мен араздату мақсатымен Англия бірнеше әрекеттерге
барды. Солардың бірі Германияның Ұлттар Лигасына мүше ету. Англия
Германияның Ұлттар Лигасына мүше ету туралы мәселесінде Франция жағынан
қолдау тапты. Германияның кепілдік пактіне қатысуының өзі Англия және
Франция ойлары бойынша Рапаллодан кейін пайда болған Германия және КСРО
арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық қатынастарын қысқарту керек. Осымен
қоймай олар Германияның КСРО-ға қарсы акцияларға қатысуын қалаған еді. Сол
кезде Ұлттар Лигасы КСРО-ға қарсы басты халықаралық орган болған себептен
Германияның бұл үйымға мүше етіп қабылдау өте маңызды болды.
Германия Локарно конференциясынан кейін алғашқы рет Франциямен тең
статусқа қол жетті. Локарн конференциялары герман империализмінің
позицияларын жақсартып алды, Версаль келісімінің талаптарын қайта қарауға
өз септігін тигізді. Германия Ұлттар Лигасына 1926 жылы кіргізіілді де, сол
кезден бастап Локарно конференциясы өз күшіне енді. Германия англия мен
Франциядан Лига Жарлығының 16 бабына сәйкес КСРО-ға қарсы әскери
қимылдарға қосылмауына рұқсат алды. Алайда ол егер қаласа осындай
қимылдарға баратынын жариялады. Американ профессоры Генри Бреттон
“Штреземанның дипломатиялық стратегиясы үш жағдайға негізделген: 1)
одақтастар арасындағы келіспеушіліктердің барлық мүмкіндігін пайдалану; 2)
Батыс пен Шығыс арасындағы барлық конфликттерді пайдалану; 3) Германияның
экономикалық потенциялын пйдалану” (1).
Ағылшын билеуші топтары Локарно конференциясының нәтижесін бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихта алғаш рет ірі сыртқысаяси жетістік
деп бағалады. Локарноның басты ұйымдастырушысы Остин Чемберлен ең мәртебелі
ағылшын орденімен марапатталды. Шын мәнінде Англия француз гегемониясының
Еуропаға таралмауына жол бермеді және Англияға капиталисттік Еуропада
басты орынды алуға мүмкіндік туғызды. Англияның билеуші топтарының КСРО-ға
қастығы локарннан кейінгі кезеңде біршама күшейіп, ағылшын сыртқы
саясатының реакцияшылдығы ұлғайды.

Внешняя политика Великобритании в новое и новейшее время, 89 б.

1.2 Ағылшын билеушi топтарының антисоветтiк саясаты

Ағылшын капитализмiнiң тұрақтылық кезеңiне түсуi ағылшын сыртқы
саясатының белгiлi өзгерiсiне, алып келдi. бұл саясат Болдуин-Чемберлен
консервативтiк үкiметi кезiнде бұрынғыға қарағанда реакциялы және
агрессивтi сипатқа ие болды. Франциямен европалық iстерде бас р.өлдi өз
пайдасына шешiп, Англия көңiлiн басқа сыртқы саяси проблемаларға назар
аудара алды.
1926 жылғы жалпыұлттық көтерiлiстi басу Англияда бiршама уақытқа
тұрақытылықты қамтамасыз еттi. Бұл жағдай ағылшын билеушi топтарының сыртқы
саяси проблемаларына көп көңiл бөлуге мүмкiндiк бердi.
Ағылшын үкiметiнiң 1924 жылдың қарашасында бiрiнiшi лейбористiк
үкiметпен қол қойылған КСРО-мен жалпы және сауда келiсiмдерiн жоққа
шығарғанымен, КСРО мен Англия арасындағы 1925-1926 жылдардағы қатынастар
бiршама жақсы болды. Ол бiрiншiден, Совет үкiметi Англиямен жақсы қатынаста
болуы үшiн қолынан келгеннiң барлығын жасағанымен, екiншiден, сол кезде
консерваторлардың Совет Одағымен қатынастарының негiзгi бағыттарын нақты
анықтамағанымен түсiндiрiледi. Дипломатиялық қатынастардың болуы екi ел
арасында сауда дамуына әкелдi. КСРо және Англия арасындағы тауар айналымы
1923-1924 жылдары 1417 млн. рубльге жеттi1.
Англия үшiн совет тапсырыстары аса маңызды болды, себебi, оның сыртқы
саудасы күйзелiсте болған едi.
“Орыстар өздерiнiң қаржы мiндеттiлiктерiн зор сақтықпен орындады”, –
деп көрсеттi “Файнаншэл Таймс”.
“Сауда саласында совет үкiметiнiң беделi айтарлықтай”, – деп жазды
“Манчестер Гардиан”2.
Ағылшын-совет қатынастарының әрi қарай қалпына келуiне барлық
мүмкiндiктер бар болатын. Ағылшын экономикасы КСРО-мен сауда қатынастарының
дамуына қажеттiлiк тудырып тұрған едi. Алайда ағылшын билеушi топтары
социалистiк бағыттағы КСРО-ға жауыздықпен қараған болатын. 1926 жылдың
аяғында көмiр өнеркәсiбiнде бүлiкшiлердiң жеңiлiсiмен көтерiлiс аяқталған
кезде, ағылшын үкiметi өзiнiң КСРО-ға қастандық жоспарына кiрiсе бастады.
Бұл жоспар КСРО-мен дипломатиялық қатынастар бұзумен басқа мемлекеттерге өз
мысалын көрсетiп, КСРО-ға қарсы мемлекеттермен антисоветтiк одақ құру. Осы
арқылы Совет билңгңн қысқарту мақсатымен КСРО-ға қысым көрсету.
Сонымен қатар экономикалық және саяси қысым аз болса жаңа интервенция
құрып, соғыспен болсын КСРО-да капитализмдi реставрациялау көзделiндi.
Ағылшын буржуазиялық баспасы бұл жоспарлары туралы жасырмай айта бердi.
“Манчестер гардиан” 1927 жылдың мамыр айында ағылшын үкiметiнiң мақсаты
“Еуропада Англия басшылығындағы антисоветтiк одақ құрып, осылайша КСРО-ға
қарсы болашақ соғыс даярлау”, –деп жазды.
Англия бiр мемлекеттi басқа мемлекетке қарсы пайдалану арқылы өз
саясатын жүргiздi. Мысал ретiнде Қытай мен КСРО-ны айтып кетуге болады.
Мамыр айында Лондон қаласында iс-әрекет ұйымдастырылды.
12 мамыр күнi ағылшын полициясының көп отряды АРКОС – Англия мен КСРО
арасындағы сауданы iске асырып отырған компания ғимаратына төтеп кiрдi.
Олар бұл жерде бiренеше күн бойы тергеу жүргiздi. 1921 жылдың 16
наурызындағы сауда келiсi совет сауда агентiне дипломатиялық иммунитет пен
жасырын хат алмасуға құқылы еткендiктен, 12 мамырдағы полицей басып кiруi
совет сауда агентi үшiн Англияның халықаралық мiндеттiлiк алдында заң
бұзушылық көрсеттi, сонымен қатар осы жайт ағылшын жағына сол ел қойған
келiсiмдерге сенуге болмайтындығын көрсеттi. Сөйтiп ағылшын үкiметi 1927
жылдың 27 мамырында КСРО-мен дипломатиялық қатынастарын үздi.
Осының нәтижесi не? Бiрер сөзбен айтатын болсақ олар мiне. Англияның
экономикалық күйзелiске бас тiредi. Сауда мекемесiне басып кiру және КСРО-
мен дипломатиялық қатынастарды үзу Англиядан сатып алуды қысқартуға әкелдi.
Осылайша КСРО өз сауда байланысын басқа елдерге дамытты (Германия, Швеция).
Сөйтiп Болдуин-Чемберленнiң КСРО-ға қатысты 1927 жылғы сыртқысаяси бағыты,
бiр жылдар кейiн осы үкiметтi үлкен тоқырауға әкелдi.
1.3 Болдуин-Чемберлен үкiметi саясатының қорытындысы. Лейбористердiң
билiкке еiншi рет келуi.

1929 жылдың парламенттiк сайлаулардың жақындауы ағылшын қоғамын Болдуин-
Чемберлен үкiметi қызметiнiң қорытыныдысын жасауға шақырды. Iшкi саясат
саласында консерваторлар үкiметi қызметiнiң қорытындылары айтарлықтай
болмады. Өндiрiс және сыртқы сауда саласында тоқталыс жалғасты, бұқаралық
жұмыссыздық қалды.
Сыртқы саясат саласындағы қорытыныдылар да мәз болмады. Ағылшын
саясаткерлерi мен тарихшылары арасында үлкен қуаныш деп есептелген Локарно
Англия пайдасына Франция арасындағы европалық iстерге соғыстан кейiнгi
жеңiстi табыс еттi. Германия Ұлттар Лигасына кiрдi. Алайда “Локарно
сәттiлiгiнен” басқа Болдуин-Чемберлен үкiметi бiрнеше iрi сыртқысаяси
сәтсiздiктерге де ұшырады. Оның КСРО-ға қатысты саясаты сәттi болмады.
Консерваторлар антисоветтiк блок құру және Кеңестiк Одаққа соғыс және
интервенция ұйымдастыру саясаты iске аспады. Сонымен қатар ағылшын
империализмi интервенция тәсiлiмен қытай революциясына қарсы күресу ойы да
жүзеге аспағанын байқаймыз. Тiптi консерваторлар билiк басында болған
кезеңде Англиямен АҚШ қатынастары соғыстан кейiнгi жылдарды алып қарағанда,
ең тиiмсiз жағдайда болды. Осы үш жағдайларда консерваторлар соғыс қатерi
қарсаңында тұрған себептен ағылшын халқы бұл iстерге қолдау көрсетпедi.
Англиядағы және басқа елдердегi қоғамдық көңiл-күй бейбiтшiлiктi
нығайтуға қолдау көрсету жағдайында тұрды. Осы көңiл-күй арқасында 1928
жылдың маусымында Парижде Бриан-Келлог пактiне қол қойылған ұлттық саясат
құралы ретiнде соғысты болдырмау идеясы туды. Париж пактi қоғамдық
көзқарас алдында державалардың белгiлi мiндеттiлiктер ұсынған себептен,
Кеңес үкiметi бұл келiсiмге қол қойды. Бiрақ осы түрткiге байланысты
ағылшын үкiметi Бриан-Келлог пактiне жағымсыз көзқараста болды. Бұл пактiге
қол қойғысы келмеген англия келiсiмiнiң жарты шардан астам территорияға
таралмау керек деген сылтаулар айтты. Англия “қол бостандығы”, яғни Таяу
және Орта Шығыста, КСРО және Қытайға қарсы соғыс жүргiзуге бостандыққа ие
болды.
Париж пактi бейбiтшiлiк қолдаудың ұжымдық түрi болып саналды. Ағылшын
үкiметi артықшылық құқықтарға ие болмайтын барлық халықаралық шараларға өте
сақтықпен қарады. Англия барлық iстерде арбитр ретiнде өзiн көргiсi келдi,
сол себептен де Париж пактiсiне жағымсыз көзқараспен қарады. Ол туралы Гуч
былай деп жазды: “Егер де қағаз жұмысына сай халықаралық келiсiм бар болса,
онда ол париж пактiсi”1.
Осындай позицияны ағылшын үкiметi қарусыздану ретiнде бейбiтшiлiктi
қолдау және нығайтуға байланысты ұстанды. Осы шаралардың барлығы
консерваторлар саясатының iшкi және сыртқы бағдарламалары өте реакциялы
сипатта екенiн көрсеттi де, ол 1929 жылғы сайлауда олардың жеңiлiске
жететiндiгiн көрсеттi. Олар бұрын болмаған шара – әйелдерге 21-30 жас
аралығында сайлау құқығын жариялау т.б. әрекеттер iстегенiмен, сайлауда
олар жеңiлдi: Лейбористер – 287 орын, консерваторлар – 261, ал либералдар –
59 орын2. Макдональд үкiметi құрды.
Лейбористiк партия сайлауға 1927 жылы үзiлген КСРО-мен Англия
арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату лозунгiсiмен шықты. Көпшiлiк
Лейбористер бiрiншi жолмен КСРО-мен қатынасын орнатады деген үмiтте болды.
Алайда Макдональд пен Гендерсон бұл iс-шараны кейiнге қалдырды. Англия жағы
да, КСРО жағы да өз талаптарын алға қойып, ешбiрi де ымыраға келгiсi
келмедi.
Ал АҚШ-пен қатынасында болсаАнглия бiршама жеңiлдiктерге барып,
қатынастарын реттеуге мүмкiндiк бердi. 1928 жылы АҚШ “алып флот” құрылысы
бағдарламасын жасады. Ағылшын үкiметi АҚШ-пен келiсiмге келуге өзiнiң
алғашқы қадамдарын жасады. 1929 жылдың 24 маусымында Макдональд крейсерлер
және жерасты қайықтарының құрылысын тоқтататындығын жариялады3.
Лейбористер АҚШ-пен қатынастар орнатуда кейбiр ымыраға түсуi және КСРО-
мен қатынастар орнатуға ондай шараларға бармауы Англия үшiн сол кезеңде
КСРО-дан гөрi АҚШ тиiмдiрек екенiн көрсеттi. Сонымен қатар Англияның АҚШ-
пен жақсы қатынаста болуға тырысуы және т.б. оқиғалар оның КСРО-ға қарсы
шиеленiске басқа елдердi тартуға деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1918-1939 жылдарындаѓы Ұлыбритания
Бірінші лейбористік үкімет
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ортақ нарықтағы «Ағылшын мәселесі»
Лойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Тэтчердің ішкі саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Мюнхен келісімі қарсаңындағы европадағы халықаларық жағдай
Пәндер