Литий


Л и т и й.
Таңбасы Li. А = 6, 941; М(Lі) = 6, 941 г/моль.
Электрондық құрылымы: Li 1s 2 2s 1
Ашылуы. Литий - гректің тас деген сөзін білдіре отырып, 1817 ж. ашылды. Берцелиустің шәкірті швед химигі И. А. Арфведсон Уто, темір кенінде табылған, минералды талдай отырып, оның құрамында жаңа элемент бар екендігіне тұжырым жасаған. 1818 ж. метал күйіндегі литийді ағылшын оқымыстысы Хэмфри Деви алды. Бұл элементті 1855 ж. неміс химигі Р. Бунзен және ағылшын ғалымы О. Матиссен де электролиз арқылы алған болатын. .
Литийдің физикалық қасиеті
Литий, судан жеңіл, ауада оңай тотығатын, ашық металдық жылтыры бар, сілтілік металл тобына жатады. Ауада тез тотығатын болғандықтан керосин, май бойында темір банкілерде сақтайды.
Изотоптары
Табиғатта литий екі түрлі изотоп түрінде ұшырасады: 3 6 Lі және 3 7 Li. Жасанды, ядролық реакциялар нәтижесінде радиоактивті 3 8 Lі және 3 9 Li алынады. Алғашқысының жартылай ыдырау периоды 0, 841 секунда, ал соңғысынікі - 0, 468 секунда.
Табигаттагы қосылыстары
Литийдің 150-ден аса минерал түрлері бар. Тұрмыста оның негізінен бес түрі кең қолданыс табады:
Li А1 [Sі 2 О 6 ] - сподумен
К Li 1. 5 А1 1, 5 [Si 2 Al 10 ] - лепидолит .
LіА1[Si 4 O 10 ] -петалит
LiAl[PO 4 ] (Ғ, ОН) - амблигонит
К Lі (Ғе, Мg) А1 [Si 3 Al 10 ] (Ғ, OН) 2 - циннвальдит
Алынуы
Лабораторияда литий азидін ыдырату арқылы литий алынады.
2Li N 3
Li + + e - → Li 0 │ 2
2N 3 - - 2e - → 3N 2 │ 1
Өндірісте литийді көп жағдайда литий хлоридінің балқымасын электролиздеу арқылы алады. Мұнан соң кезегімен литий карбонатын, литий хлоридін алады. Литий хлоридінің балқымасын, хлорлы калий тұзы қатысында электролизге ұшыратады:
Катод (болат) - : Li + + е - → Li сұйық
Анод (графит) + : 2Сl - - 2е - → С1 2 газ.
Аса таза (особо чистый) литийді LiI + LiВг қоспасын электролиздеп алады.
Литий алу барысында төмендегідей реакциялар да пайдаланылады:
Sі + 2Li 2 0
Кремний орнына ферросилиций қолданылады.
2А1 + ЗLi 2 О = 6Li + А1 2 0 3
А1 - 3e → А1 3+ 1 тотықсыздандырғыш
Li + + e → Li 0 │3 тотықтырғыш
Литийді инертті газ атмосферасында алюметермия әдісімен алу барысы жоғарыдағыдай тотығу-тотықсыздану реакциясына негізделген.
Химиялық қасиеті
1. Литий галогендермен тікелей әрекеттесіп, тұз түзеді. Фтор, хлорда литий өздігінен тұтанады.
2 Li + Ғ 2 = 2LiҒ
2Lі + С1 2 = 2LiС1
Сұйық броммен жайбарақат әрекеттеседі, ал иодпен қыздырғанда барып қосылыс түзеді.
LiҒ - суда нашар ериді және кристаллогидрат түзбейді. Литийдің өзге галогенидтері суда жақсы ериді, қыздырғанда ыдырауға түспей, балқиды.
2. Литий ауада оттегімен тез тотығады:
4Li + 0 2 →2Li 2 0.
Қыздыру барысында литий ауада көк жалынмен жанады да Lі 2 0 литий оксидін түзеді.
Li 2 0 қиын балқитын, суда өзге сілтілік металл оксидтеріне қарағанда баяулау әрекеттесетін негіздік оксид.
Lі 2 0 ауада көмір қышқыл газын оңай сіңіріп алады:
Li 2 О + С0 2 = Li 2 С0 3
Ал, Li 2 0 -ның судағы ерітіндісі сілті болып табылады:
Li 2 0 + Н 2 O = 2LiОН
Өзге сілтілік металдардай литий, оттегімен тікелей әрекеттесіп асқын тотық (пероксид) Li 2 0 2 түзбейді.
Литий пероксиді - литий гидроксидінің спирттегі қаныққан ерітіндісіне сутек асқын тотығымен әсер ету арқылы алынады:
2LiOН + 2Н
2
0
2
Li
2
О
2
∙ Н
2
0
2
∙ 2Н
2
О↓
Түзілген пероксидтер қоспасын вакуумде фосфор ангидриді үстінде ұстап, бос күйіндегі Li 2 0 2 жеке бөліп алады.
Литий күкртпен төмендегідей қосылыстар түзеді.
2Lі + S = Li 2 S литий сульфиді
2Li + 2S
3. Сілтілік металдар ішінде азотпен жеңіл әрекеттесіп нитрид түзетін литий ғана. Температураны 250°С-ге дейін көтеру
реакция жылдамдығын арттырады.
6Li + N 2 → 2Li 3 N жасыл қара түсті литий нитриді .
Сұйық аммиак бойында литий сольваттанған қаракөк түсті катион түзіп ерітіндіге көшеді:
Lі + хNНз →[Li ∙yNHз] + + - e NH 3
Балқыған литий үстінен газ күйіндегі аммиакты өткізгенде литий амиді түзіледі:
2Li + 2NН 3 → 2LiNН 2 + Н 2 ↑
Литий фосфиді литийдің аммиактағы сұйық ерітіндісіне ақ фосформен немесе элементтерді өзара тікелей әрекеттестіру арқылы алынады:
ЗLi + Р → Lі 3 Р
Фосфидтер сумен белсенді әрекеттесіп, фосфин және гидроксид түзеді:
Lі 3 Р + ЗН 2 0 → ЗLiОН + РН 3 ↑
Ал, литий арсениді Li 3 Аs өте тұрақсыз, ылғал әсерінен тез ыдырайды.
4. Сілтілік металдар ішінен қыздыру барысында тікелей көміртекпен және азотпен қосылыс беретіні литий элементі:
2 Li + 2С
Карбид сумен жеңіл әрекеттесіп, ацетилен түзіледі.
Li 2 С 2 + 2Н 2 0 → 2LiОН + С 2 Н 2
Қыздыру барысында Li 2 С 2 элементтерге оңай ыдырайды.
5. Сутекпен литий тұз тектес (ионды) гидрид береді:
2Li + Н 2 → 2LiН
Li - e - → Li + 2 тотықсыздандырғыш
Н 2 + 2e - → 2Н - 1 тотықтырғыш
Литий гидриді 450°С -де вакуумде қайтадан литиймен сутекке ыдырай алады :
2LiН →2Li + Н 2 ↑
Литий гидриді төмендегідей өзгерістерге оңай түседі:
2LiH + H 2 S → Li 2 S + 2H 2 ↑
2Н - - 2e - → H 2 │ 1
2H + + 2e - →H 2 │ 1
LiH + HCl → LiCl + H 2
LiH + CO 2 → HCOOLi литий формиаты.
Литий гидриді алюмогидрид алуда кең қолданылады:
LiН + (А1Н
3
)
n
→ Li[А1Н
4
]
эфирдегі ерітіндісі литий алюминий гидриді
6. Литий сумен, спиртпен галогеналкиндермен, қышқылдармен еркін әрекеттеседі:
2Li + H 2 O →2 LiOH + H 2 ↑
2Li + CH 3 Br →CH 3 Li + LiBr
Li + С 2 Н 5 ОH → 2C 2 H 5 OLi + H 2
литий этилаты
2Li + 2HCl → 2LiCl + H 2 ↑
2Li + H 2 SO 4 → Li 2 SO 4 + H 2 ↑
Литий және оның қосылыстарының химиялық қасиеттері
Литий - күмістей ақ, аса жеңіл металл. Литий басқа металдар арасында өзінің жеңілдігі бойынша бірінші орында. Ол алюминийден 5 есе жеңіл және судан 2 еседей жеңіл. Сондықтан, ол судың бетінде де, керосиннің бетіндеде қалқып жүреді.
Литийді сілтілік металдар арасында иондану энергиясының үлкен мәні және атом мен ионның үлкен емес өлшемі бөліп тұрады. Оның стандартты электродтық потенциалы басқа металдардың бәрімен салыстырғанда үлкен емес теріс мәнде (о=-3, 05В) болады. Сондықтан литийдің химиялық белсенділігі қалған сілтілік металдардыкінен аз.
Сілтілік ерітінділердегі литий қорғаушы оксидтік жұқа қабаттың пайда болуы салдарынан сумен сатыстырмалы баяу әрекеттеседі:
2Lі + 2Н 2 0 = 2LiОН +H 2
Ол ауада тез қарлығады да қара-сұр қабықша түріндегі оксид Li 2 О және литий нитриді Lі 3 N түзіледі. Ол қалыпты жағдайда немесе әлсіз қыздырғанда литий нитридін Li 3 N түзетін жалгыз металл.
Литий 200С температурадан жоғары тұтанады, осы тұстағы оның жалыны сарғьлт-қызыл түсті болады. Литий оттек ағымында жанған кезде, литий оксидмен Lі 2 0 қатар, шамалы мөлшердегі асқын тотық та Lі 2 0 2 түзіледі.
Литий оксиді Li 2 0 - ақ түсті қатты зат, ол литийді ауада немесе оттек ағымында жаққан кезде асқын тотықпен Li 2 0 2 араласа, сол сияқты литийдің нитратын, карбонатын немесе гидроксидін қақтай қыздырған кезде де түзіледі. Li 2 0 сумен белсенді әрексттесіп, гидроксид түзеді; қышкьшдармен, кышқылдык және екідайлық оксидтермен тұз түзеді.
Литий гидроксиді LіОН - түссіз, су тартқыш, суда еритін зат, бірақ та ол суда басқа сілтілік металдар гидроксидіненен гөрі нашарлау ериді. Қыздырғанда LіОН ыдырайды:
2LіОН
Әдетте литий гидроксидін литий сульфатынын Li 2 S0 4 ерітіндісіне Ва(ОН) 2 әрекет етіп, теңдеу бойынша алады:
Lі 2 SO 4 + Ва(ОН) 2 = ВаS0 4 + 2LiOH
немесе сынапты электродпен литий хлоридінің ерітіндісін электролиздеп. Гидроксид суға литиймен әрекет еткен кезде де алынады:
Li + Н 2 0 = LiOН+ 1 / 2 Н 2
LіОН - сілтілік аккумуляторға керекті құрамдас: ол олардың электр сиымдылығын жоғарылатады және олардың жұмыс істеу мерзімін бірнеше рет көбейтеді. Литий гидроксидін литий стеаратының өндірісінде пайдаланады - 60°С аяздан бастап 120 0 С жылу аралығында кеңінен пайдаланатын, жасанды жағар майға қажетті құрамдас. Олар аязды арктика жағдайында да, ыстық тропика жағдайында да бірдей жарамды және жоғары авиация үшін ерекше маңызды.
Сутек ағымында қыздырған кезде (800°С) литий гидрид LіН түзеді - барлық бірінші топ металдары гидридтерінің арасындағы ең тұрақтысы. Бұл реакцияласуға қабілетті қосылыс сумен әрекеттескенде сутекті бөледі (1кг литий гидридінен 2800л сутек алуға болады) :
LiH+ Н
2
0 = LiОН + H
2
,
∆H
0
= -132, 3 кДж/моль
Литий гидридінің молекуласында теріс зарядталған сутек ионының бар екендігін балқыған гидридті электролиздеп дәлелдеуге болады мұндайда сутек анодта бөлінеді. Литий гидриді аммиакпен имидті береді:
2LiН + NНз = Li 2 NН + 2Н 2
Су бетіндегі адамды сүйемелдеу үшін, әдейі арналған сақтаушы кеудешеге (жилетке) кейде литий гидридінің таблеткатарын орналастырады.
Литий үшін иондық байланыстың түзілуі тән. Литийорганикалық қосылыстардағы литий ковалентті байланысты түзеді.
Вакуумдағы көміртекпен литийді қыздырған кезде карбид Lі 2 С 2 алынады, ол ацетиленнің туындысы болып келеді. Егер бұл карбидке сумен әсер етсе, онда ацетилен бөлінеді.
Күкірт пен литийді батқытқан кезде сульфид Lі 2 S түзіледі, ол түссіз кристалл түрінде болады. Литий сульфиді сулы ерітіндіде жеңіл гидролизденеді:
Li 2 S + H 2 O = LiHS + LiOH
Қыздырған кездегі құрғақ сульфид сульфатқа дейін тотығады, және де осы тұста ол оттектің екі молекуласын қосып алады екен. Литийдің басқа сілтілік металлдардан өзгешілігі сол, ол полисулъфидтерді тузбейді.
Литий фосформен фосфид Lі 3 Р түзеді, ол сумен түгелдей ыдырайды:
Li 3 Р + ЗН 2 0 = ЗLiOН + РН 3
Гидроксидке немесе литий карбонатына сұйытылған азот қышқылымен әрекет еткенде барынша берік емес литий нитраты LiNO 3 алынады:
LiОН + НNO 3 = LiNO 3 + Н 2 0,
ол 600 0 С кезінде ыдырайды:
2LiN0 3 = Lі 2 0 + 2NО 2 + 1 / 2 О 2
Көміртек диоксидімен литий гидроксидінің ерітіндісін бейтараптаған
кезде, суда нашар еритін литий карбонаты Lі 2 С0 3 түзіледі:
2LiОН + С0 2 = Lі 2 С0 3 + H 2 О
Lі 2 СО 3 сұйытылған күкірт қышқылымен ыдыратқан тұста барынша термиялық тұрақты литий сульфаты Li 2 S0 4 түзіледі:
Lі 2 СО 3 + Н 2 S0 4 = Li 2 S0 4 + С0 2 + Н 2 0
Литийдің карбонаты басқа сілтілік металдармен салыстырғанда, бикарбонаттан гөрі, нашар ерімтал (бұл екінші топтағы негізгі топша металлдары үшін тән), сол сияқты фосфаттың Li 3 Р0 4 да нашар ерімталдығымен ерекшеленеді. Бұл да литийдің сілтілік жер металдармен ұқсастығын көрсетеді.
Қыздырылған кезде литий көптеген металдармен (мыс, қалайы, қорғасын, бериллий, алюминий және т. б. ) бірге жеңіл балқып, балқымалардың беріктігін және тұтқырлығын жоғарлатады.
Литийдіц фториді мен хлоридін литий карбонатына сәйкесті қышқылдармен НҒ немесе НСI, НJ әрекет етіп алуға болады, мысалы:
Li 2 С0 3 + 2НСІ = 2LiСІ + С0 2 + Н 2 0
Литий фториді суда және спиртте нашар ериді. Хлориді бұл еріткіштерде жақсылау ериді. Литий хлоридінің спирттегі салыстырмалы жақсылау еруі, спиртте нашар еритін сілтілік жер металдарының хлоридінен бөліп алуға мүмкіндік береді.
Сол сияқты литийдің басқа галогенидтері де су мен спиртте ерімтал. Олардың бәрі де су мен аммиакты өзіне жеңіл қосып алады да әртүрлі гидраттар мен амммиакаттарды (мысалы, LiСI∙Н 2 0, LіСI∙4NН 3 және т. б. ) түзеді. Литий йодиді йод ерітіндісінде полийодтарды (LіJ 7 , LіJ 9 және т. б. ) береді
Металдық литийге көмірсутектердің галоидты туындыларымен әрекет ете отырып, литийдің белсенді алкилдік және арилдік туындыларын алуға болады: органикалық синтезде қолданылатын этиллитий LіС 2 Н 5 , фениллитий LiС 6 Н 5
Литий және оның қосылыстарының қолданылуы
Литий, атап айтқанда оның изотопы Li, тритийді алу үшін шикізат көзі, өйткені ол нейтрондарды жақсы жұтады (сіңіреді) :
Li + 1 0 n→ 3 1 Н + 4 2 Не
№1 мысал. Литий элементі екі табиғи изотоптан тұрады: 6 Lі (массальгқ үлесі 7, 52%) және 7 Li (92. 48%) . Литий элементінің салыстырмалық атомдық массасы неге тең?
Шешу і. Литий үлгісін есептеу үшін шартты түрдегі массасын 100г теңелтіп қабылдаймыз, яғни т(Li) = 100г. Енді осындағы 6 Lі изотоп- тың массасын есептейміз:
Осы массадағы литийдің зат саны құрайды:
Нақ осы сияқты Li затының массасы мен санын есептейді:
Таңдап алған үлгідегі литий затының жалпы саны болады:
п(Li) = п ( 6 Lі) + п ( 7 Lі) = 1, 25 моль + 13, 21 моль = 14. 46мо ль
Литийдің молярлық массасын есептейміз:
Салыстырмалы атомдық масса сандық тұрғыдан алганда молярлық массаға тең, демек Аr(Lі) = 6, 9.
Литийдің 7 Li изотопы үлкен жылу сиымдылықта және жылу өткізгіштікте болғандықтан, ол ядролық реакторларда тиімді жылу тасымалдаушы болып келеді. Сондықтан ядролық энергетика - литийдің негізгі тұтынушысы.
Литийді шамалы (аз) мөлшерде алюминийге, магнийге және басқа металдарға қосымша ретінде қосу құймалардың беріктігін көтереді және қышқылдар мен негіздердің әрекетіне қарсы едәуір төзімді етеді. Металлокерамикалық бұйымдарды күйдірген кездс бу түріндегі литийді пешке енгізеді. Мысты, жезді немесе қолалық құймаларды қышқылсыздандыру үшін 50% дейін литийі бар, кальций мен литийдің қорытпаларын қолданады. Литий буында алюминийді токпен пісіруге болады.
Литий қосылыстарын керамикада жылтыратпа (глазурь) мен кіреукені (эмалъ) дайындау үшін қолданады, шыны ісінде - ультракүлгінді сәулені өткізетін әйнек пен сүзгілердің өндірісі үшін.
Литий тұздарын медицинада подаграны және шизофренияны емдеу үшін, сол сияқты адам организміндегі натрий-калийлік тендестікті теңестіру үшін де пайдаланады.
Литийдің барлық газдармен қосылу қабілеттілігі бұл металды ауадан алатын аргонды тазарту үшін, балқыған металды еріген газдан тазалау үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Синтетикалық каучуктің өндірісіңде литий ұнтағын изопреннің полимеризация реакциясын үдейту үшін қолданады, ал бутиллитий- дивинилді полимеризациялау кезінде.
Литийдің хлориді мен бромидін судың буын қайтымды байланыстыру үшін ауаны конденсирлейтін қондырғыларға енгізеді; мұнан басқа, олар- дың ерітінділері ауадан ұшып шығатын аминдерді, аммиакты кешен түзу есебінен жақсы жұтады.
Литий дің би олог иялық қызме ті. Литийді өсімдіктердің (қоңыр және қызыл су балдырында, темекіде, сарғалдақта) және жануарлардың (бауыры мен өкпесінде) организміндс кездестіруге болады. Литий тұзына бай жерлерде өсетін өскіндер кереметтей түрге (литийлік флора) енеді.
Адам үшін үлкен концентрациядағы литий тұздары қауіпті, ал литий шаңы мен тозаңы болатын ауамен демалу, зиянды ісіктің пайда болуына себепкер
Литий - шойын, қола, магний, алюминий, мырыш қорғасын құйма- ларын алуда;
- балқыған металдар бойынан еріген газды арылтуда;
литий қосылыстары силикат, шыны өндірісінде шыныларға беріктілік және атмосфералық коррозияға тұрақтылық беру үшін;
- фторлы литий оптикалық приборларды алуда;
- литий және литий органикалық қосылыстар---, ал бутиллитий ---дивинил өндірісінде;
- литий гидриді- сутек алуда; .
- литий гидроксиді - сілтілік аккумуляторлардың сыйымдылығын жәнепайдалану мерізімін ұзартуда;
- литий металы-ядролық реакторларда;
- литий дейтериді - уран және торий қосылыстарын реакторларда ерітуде қ о л д а н ы л а д ы .
Сонымен қатар, 6 3 Li -сутек изотопы тритийді өндіретін бірден-бір шикізат көзі болып табылады, яғни:
6 3 Li + 1 0 n → 3 1 H + 4 2 He
Келтірілген термоядролық синтез орын алу үшін температураны 50 млн градусқа дейін көтеру қажеттігі есте болу керек.
Литий қосылыстары адамның ми жүйесіндегі натрий - калий тепе-теңдігін үйлестіруде үлкен маңыз алады.
Н а т р и й
Таңбасы Na. Аr = 22, 989; М(Na) = 22, 989 г/моль.
Электрондық қүрылымы: 11 Na 1s 2 2s 2 p 6 3s 1
Ашылуы
1807 ж. Хэмфри Дэви жаңа натрий және калий элементтерін ашқандығын жария етті. Араға бір жыл салып Гей-Люссак және Луи Тенар күйдіргіш натрмен темірді әрекеттестіріп натрийді алды.
Физикалық қасиеті. Нат р и й -күміс түсті ақ металл. Ол жұмсақ:пышақпен оңай кесіледі және пластилин не замазка тәрізді саусақпен уқаланады. (оған құрғақ немесе керосинге малынған саусақпен ғана қол тигізуге болады) . Натрий жеңіл металдар қатарына жатады. Натрий металдық жылтыры бар, ауада тез тотығатын элемент. Сілтілік металдар тобына жатады. Ол судан сәл жеңіл, бірақ керосиннен ауыр. Егер оның бір түйірін керосинмен бірге пробиркада қыздырса, натрий тез балқиды және пішіні сынап тамшысына ұқсас тамшыға айналады: натрий оңай балқиды және электр тогын өте жақсы өткізеді. Натрийді керосин бойында сақтайды. Физикалық қасиеттері жөнінен натрий нағыз металл. Натрий тек қана бір изотоптан Na тұрады.
Табиғаттағы қосылыстары
NaСІ - тастұз (каменная соль)
Na 2 SO 4 - тенардит
Na 2 S 0 4 ∙ 10Н 2 О - мирабилит немесе Глаубер тұзы
NaNO 3 - Чили селитрасы
Na 3 [AlF 6 ] - криолит.
Алынуы
1. Натрий-балқыған натрий гидроксидін электролиздеу арқылы алынады:
NaOH ↔︎ Na + + OH -
Катод (болат) : Nа + + е - → Nа
Анод (графит) : 40Н - е - → 2Н 2 0 + 0 2 .
2. Балқыған хлорлы натрий және хлорлы кальций қоспасының элсктролизі. Хлорлы кальций балқу температурасын төмендету (600°С дейін) үшін қосылады.
Катод (болат) : Nа + +е → Nа (сұйық балқыма)
Анод (графит) : 2Сl - - е→ С1 2 ↑.
Химиялық қасиеті
1. Фтор, хлор атмосферасында натрий өздігінен тұтанып түз түзеді:
2Na + F 2 = 2NaF
2Na + Cl 2 = 2NaCl
2Na + Br 2 = 2NaBr
Na + I 2 → 2NaI
2. Натрий, оттекпен оңай тотығады және пероксид түзеді:
2Nа + 0 2 = Nа 2 0 2 натрий пероксиді.
Температураны көтеру және қысымды арттыру асқын пероксид түзілуіне әкеліп соқтырады:
Nа + 0 2 = Nа0 2 .
Сілтілік металдардың топша бойымен жоғарыдан төмен қарай пероксид және асқын пероксидтерінің тұрақтылығы арта түседі.
Натрий оксиді төмендегі өзгеріс бойыншатүзіледі:
Nа 2 0 2 + 2Nа= 2Nа 2 0
Аталған қосылыс натрий азиді мен натрий селитрасының вакуум жағда- йында әрекеттесуінен де түзіледі:
5NaN 3 + NaNo 3 = 3Na 2 O + 8N 2 ↑
Пероксидтер және асқын пероксидтер иондық тор құрылымынан тұратын тотықтырғыштық қасиетке ие қатты заттар, сумен әрекеттесіп сутек асқын тотығын түзеді:
Na 2 O 2 + 2H 2 O = 2NaOH + H 2 O 2
2NaO 2 + 2H 2 O = 2NaOH + H 2 O 2 + O 2
Пероксид құрамына диамагнитті ион [O] 2- , ал асқын пероксид құрамына парамагнитті ион [O] - кіреді. Na 2 O 2 немесе NaO 2 алюминий ұнтағымен, ағаш үгіндісімен немесе өзге жанғыш заттармен аз ғана су не күкірт қышқылының қоспасы қатысында күшті жарқылмен жарылыс береді.
Na 2 O 2 + 2CO 2 → 2Na 2 CO 3 + O 2
Na 2 O 2 + CO→ Na 2 CO 3
реакцияларына оттегі регенерациялау негізделген.
3Na 2 O 2 + 2Al → 2 NaAlO 2 + 2Na 2 O
Қышқылмен әрекеттесіп сутегі пероксидін түзеді:
Na 2 O 2 +2HCl → 2NaCl + + H 2 O 2
Натрий оксиді сумен әрекеттесіп сілті түзеді. Ал, қатты күйдегі натрий гидроксидіне озонмен әсер етсе, озонид түзіледі:
4NaOH + 4O 3 = 4NaO 3 + 2H 2 O + O 2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz