Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7


2. Негізгі құралдардың бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Нарықтық экономиканың дамуына байланысты экономикалық құбылыстар да уақыттың ағымына орай үздіксіз дамып келеді. Әсіресе қазіргі уақыттағы шаруашылық жүргізуші субьектілер, жеке кәсіпорындар, ұйымдар саны артуда.
Экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың иелері мен ұйымдар шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға ,ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге бағытталады.Және де ең басты кәсіорынның көздеген мақсаты ең көп пайда табу болса, оны жүзеге асыру жұмыс күші мен өндіріс құрал жабдықтарының бірігуінен басталады, яғни негізгі өндіріс құралдарын тартудан басталады. Сондықтан да оның дұрыс бағаланып, есепке алынуы кез келген кәсіпорын үшін өте маңызды.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал жабдықтарын тарса ғана жүреді,ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар,сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді.Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға: заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субьект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға салса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар дегеніміз бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілгендей өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, жылдан артық уақыт өзінің құнын біртіндеп амортизациялық аударым мөлшері шегінде кәсіпорын шығындарына қосып отыратын және пайдаланылуы барысында өзінің табиғи және заттық күйін сақтап қалатын еңбек құралдары болып табылады.
l. Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007жылғы №234 – III Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңы
2. Қ.К.Кеулімжаев,Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» оқулық, Алматы 2006
3. В.Л. Назарова «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 ж. .
4.В.К.Радостовец «Бухгалтерский учет на предприятий» Алматы 2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Негізгі құралдардың
жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

2. Негізгі құралдардың
бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе

Нарықтық экономиканың дамуына байланысты экономикалық
құбылыстар да уақыттың ағымына орай үздіксіз дамып келеді. Әсіресе
қазіргі уақыттағы шаруашылық жүргізуші субьектілер, жеке кәсіпорындар,
ұйымдар саны артуда.
Экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың иелері мен
ұйымдар шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға ,ысырапты жоюға,
бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге бағытталады.Және де ең басты
кәсіорынның көздеген мақсаты ең көп пайда табу болса, оны жүзеге
асыру жұмыс күші мен өндіріс құрал жабдықтарының бірігуінен
басталады, яғни негізгі өндіріс құралдарын тартудан басталады.
Сондықтан да оның дұрыс бағаланып, есепке алынуы кез келген
кәсіпорын үшін өте маңызды.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал жабдықтарын тарса
ғана жүреді,ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар,сатып алынған
жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып
бөлінеді.Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес,
олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады.
Мысалға: заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім
болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субьект үшін осы қазан
еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға
салса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар дегеніміз бухгалтерлік есеп стандарттарында
көрсетілгендей өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, жылдан артық
уақыт өзінің құнын біртіндеп амортизациялық аударым мөлшері шегінде
кәсіпорын шығындарына қосып отыратын және пайдаланылуы барысында
өзінің табиғи және заттық күйін сақтап қалатын еңбек құралдары
болып табылады.
Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына
байланысты, өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:

- еңбек заты (шикізат, материалдық ресурстар) еңбек күшінің әсерімен
бастапқы қалыптарын өзгертіп, дайын өнімге айналатын заттар;

- құрал-жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.

Аталған құралдар мен еңбек заттары өндірістік қордың негізгі
мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық негізі болып табылады .
Яғни кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, негізгі құралдарының
есебін жүргізбестен бұрын , ең алдымен оның түсінігі мен оның
жіктелінуін ,жеке жеке топтарын қарастыра білу, және де оның
әрқайсысының белгілі бір сипаттамалары бойынша бағалай білу керек.

I.Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік

Бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілгендей негізгі
құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан
артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай
отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп
ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік
емес (әлеуметтік ) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
қызмет етеді.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері,
үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар,
өлшеуіш және реттеуіш аспаптары және қондырғылар мен лабороториялық
жабдықтар, есептеуіш құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, шаруашылық мүлкі, өнім
беретін және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі
жолы, тағы да басқалар жатады.
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп
аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект
балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген
өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің
қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген
өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар-бұл еңбек құралы ретінде
материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт
бойы(1 жылдан аса)қолда болатын материалдым активтер деп көрсеткен.Яғни
кәсіпорында негізгі құраладардың есебі сәйкес ұйымдстырылады.Осы
стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің ,субьектіге жататын меншік
құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып
табылады.Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі
құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып
табылады.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды қымбатылығына) қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына
кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын
жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды
қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей
тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай ақ құрылыс монтаж жұмысының өзіндік
құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық
тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни
мал төлдері де жатпайды.

1.1 Негізгі құралдардың жіктелуі

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріс процесіне қатысу
сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа
бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни
өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға:
өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс
машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер,
құрал саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік
негізгі құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық
көрсекіш i қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір
өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі
өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа
салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй жай
шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және
мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа
негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Меншіктік дегеніміз субьектіге тиесілі және оның
балансында көрініс табатын негізгі құралдар жатады.Белгіленген мерзімге
шарт бойынша басқа субьектіден алынған негізгі құралдар ,жалға алынған
құралдар болып саналады. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды
баланстан тыс 2410 Жалға алынған негізгі құралдар деп аталатын шотта
есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан соң немесе ол аяқталмай
тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін,
жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді. Жұмыс
істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар
жатады.Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған,
белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатады.Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал жабдықтар жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар,яғни санауға және өлшеуге
болатындар, үйлер имараттар,машиналар,жабдықтар жатады.Мүліктік еместерге
пайдаланылатын жер,орман алқабы,су ресурстары жер учаскілерін,егістік үшін
жерді өңдеу,жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау.
Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне
қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық техникалық
жабдықтау және сату өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек
көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай
топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса
орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы
негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана
ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл
ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын
қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне
тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының
өнеркәсіп саласына жатады.
Егер кәсіпорының балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа
салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы
бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін
халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары
халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет
көрсету саласына жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай
мынадай топтарға бөлінеді:
А) үйлер халыққа еңбек етуге,тұруға әлеуметтік мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
құрылыс обьектілері. (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалары)
Ә) ғимараттар еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ қандай бір қызметтерді
орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік құрлыс
объектілері (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар,
скважиналар және тағы басқалары)
Б) өткізгіш тетіктер электр,жылу немесе механикалық энергияны өткізу
қондырғылары.Электр желілері бойынша,мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
құбырлар және тағы басқалары);
В) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын
двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар,
грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар,
жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар,
кассалық аппараттар мен тағы да басқалары); Бірнеше топқа бөліп
қарастыруға болады:
1) Күш беретін машиналар мен жабдықтар – жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор машиналар; түрлі энергияны механикалық энергияға
айналдыратын двигатель машиналары және т.б
2)Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек
затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар
,апараттар және жабдықтар (станоктар,токарьлық бұранда кесетін
станоктар, ағаш кесетін аралар)
3) Өлшеу және реттеу аспаптары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар - өлшеуге,өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар
мен қондырғылар, сондай ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (микроскоп, амперметрлер, дозаторлар)
4)Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа
есептеу машиналары.)
5)басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар,аппараттар және басқа
құрал жабдықтар (телефон станцияларының , радио тораптарының жабдығы,
өрт сөндіргіш машиналары )

Г) тасымалдау құралдары адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған
қозғалыс құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер,
көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары);
Ғ) өндірістік мүлік және соған жататын заттар өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар;
еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар;сұйық, сусымалы және басқа
материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы
бар басқа да заттар (шкафтар, бактар, контейнерлер және тағы да басқа
негізгі құралдар);
Д) шаруашылық құрал жабдықтары кеңсе және шаруашылық мекемелердің
заттары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы да басқалары);
Е) жұмыс және өнім малдары ат, өгіз,түйе және басқа жұмысқа
пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал, мүйізді ірі қара мал; асыл
тұқымды айғырлар мен биелер,буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар,еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен
қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік обьект болып табылады.
Ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер- қолдан егілген , көпжылдық
өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көпжылдық
түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар ) Жай
өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс жидек бере бастаған)
өсімдіктерден бөлек есепке алынады.
З) жер - ұйымның сатып алған жер көлемінің құны.Жерге меншік құқығы бар
болса,онда олар құқықтық актісімен расталуы керек. Ондай актісі
берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік обьект болып
саналады.
И) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күделі шығын - ауыл шаруашылық
мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер
қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы
шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу,нгіс
даласын тастардан тазарту)
К) басқа да негізгі құралдар кітапхана қорлары және тағы басқалары .

II.Негізгі құралдардың бағалануы

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен,
ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен
бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шағындардан, сондай ақ сатып алу
барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие
үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану
үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың
жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған
ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар
активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде
есепке алынады. Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі
Негізгі құралдар және олардың амортизациясы бойынша есебі
Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Негізгі құралдардың амортизация есебі
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
Машиналар мен жабдықтардың тозуы
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Банктің негізгі құралдары мен операцияларды ұйымдастыру және олардың есебі
Пәндер