Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы даму сатылары



I. Кіріспе
1. Ақша құн өлшемі ретінде
2. Ақша айналыс құралы

II. Негізгі бөлім
1. Ақша төлем құралы
2. Ақша . қорлану және жинау құралы ретінде
3. Дүниежүзілік ақша қызметі

III. Қорытынды
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Құнның өлшем қызметітауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткеніолар адам еңбегінің өнімі. Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, тауардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез – келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстайды. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітеді. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келеді. Мысалы, фунт, стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
1. Ақша, несие, банктер
( Ғ. С. Сейітқасымов ) Алматы «Экономика» 2001жыл

2.Международные стандарты финансовой отчетности
( Виктор Тарусин ) Москва «Аскери» 2004 год

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы
дамуы

Жоспары:

I. Кіріспе
1. Ақша құн өлшемі ретінде
2. Ақша айналыс құралы

II. Негізгі бөлім
1. Ақша төлем құралы
2. Ақша – қорлану және жинау құралы ретінде
3. Дүниежүзілік ақша қызметі

III. Қорытынды

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік –
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Құнның өлшем қызметітауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның
барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны
анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн
өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған,
құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар
атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған
құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни,
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткеніолар адам еңбегінің өнімі. Ақша түрінде көрінетін
тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы
жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, тауардың
құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез – келген
тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты
етіп ұстайды. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітеді. Алғаш рет
монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай
келеді. Мысалы, фунт, стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда
болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан
ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтірінің арасында
едәур айрмашылық бар. Құн өлшемі – мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Баға масштабы заңды сиатқа ие бола
отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету
үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейін жетті. Арнайы баға масштабы алтын құны мен
оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты
өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты. Ямайка валюта реформасының (1976 –
1978 ж.ж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн
өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалары
алтынмен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау
жағдайында ақшалай тауар тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие
ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және
несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын
өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келді.
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып
табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін.Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара
сай келмеушілік жойылды жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осыдан қалып
отырады және сату – сатып алу процесіне қызмет етеді.
Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың
және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалыс;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша
белгілеріорындайды.
Бірақ, бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес
деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндірілген.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өтікізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілеріне қызмет ететін
болғандықтан, ақшаайналысы көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны
сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы
міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша
құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.
Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер
тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы
түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда
ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралыретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарлады және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырмашылығы болғанмен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Ақшаның негізгі қызметтері мен ақшаның экономикадағы рөлі
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық. Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
Несие тәуекелділігі жайлы
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Статистика пәнінен оқу-әдістемелік жиынтық
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Пәндер