Word редакторы жайлы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
WORD редакторы - мәтіндік құжаттарды өңдеуге, оны түзету мен қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін WONDOWS операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы болып табылады. Сонымен қатар ол мәтіндік құжаттарды ғана өңдеп қоймай, графикалық режимде де жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
WORD редакторы Іске қосу (Пуск) батырмасын басқан кезде
пайда болатын Бағдарламалар менюінде көрінетін Стандартты
ішкі менюде жұмысқа қосылады. Бағдарламаны жұмысқа қосқан
кезде ақпаралғы бетінде WORD редакторының терезесі шығады.
Терезанің жоғарғы жағында WORD редакторының менюлері
көрінеді. Меню мынадай пункгтерден тұрады; Файл, Түзету (правка), Түрі (вид), Формат, Сервис, Кесте (Таблица), Терезе (окно), ? Анықтама (справка) .Төменде менюдің жекелеген пункттерінің ярлыктарына ие Құралдар сызығы (линейка инструментов) орналасқан. Құралдар сызығының құрамы мен орналасуын қолданушының қалауы бойынша өзгертуге болады. WORD редакторымен жұмыс жасаған кезде құралдар сызығының ярлыктарын пайдаланумен қатар оның орнына атқаратын функциялары ұқсас болғандықтан, негізгі менюді де қолдануға болады. Әрбір ярлыкқа тышқан көрсеткiшін апарған кезде оның төменгі жағында сол ярлыктың не үшін белгіленгені жөнінде хабарлама шығады. Меню пунктінен таңдау қажет болған жағдайда тышқан көрсеткішін қажетті менюге апарып, басқан кезде шығатын ішкі менюлерді таңдап, тышқан батырмасын басуға немесе сол ішкі меню қатарларындағы қажеттінің ішіндегі ерекше белгіленген әріпті кілт жиыннан теруге болады.
Одан төменіректе WORD редакторының негізгі терезесі орналасқан. Бұл терезеде сіз ақпараттарды жазып, жұмыс жасауға мүмкіндік аласыз. Таза қағазға жазу жазған кезде сіз көз мөлшерімен екі жақ шеттен бірдей орын қалдыруға тырысасыз. Жаңа жолдан басталатын сөздің дұрыс орналасуын қадағалайсыз. Әрбір қатардың арасының арақашыктығы бірдей болатындай шамамен мөлшерлеп жазуға тырысасыз.
Бұл терезені де сол қағаз түрінде елестетіп, ақпаралғыда көрініп тұрған мүмкіндіктерді (ярлыктарды, меню пункттерін, өлшеу сызықтарын, жүгірткіштерді (Бегунки) ) пайдаланып, ақпаратты жазуға болады. Өлшем сызықтары жоғарғы және сол жақтарында орналасқан. Жоғарғы өлшем сызығының бас жағында тұрған жүгірткіштердің жоғарғысы арқылы сөйлемнің жаңа жолдан басталған түрін белгілеуге болады. Төменгі жүгірткіш парақтың сол жақ шекарасынан қалдырылып отыратын бос жерді белгілеп береді. Оң жақтағы төменгі жүгірткіш оң жақ шекарадан қалатын парақтың аумағының өлшемін белгілейді.
Құжат параметрлерін тышқан көрсеткішін қажетті жүгірткішке апарып басқаннан кейін басқан қолды алмастан, жүгірткішті жылжыта отырып өзгертуге болады. WORD терезесінің оң жақ қапталы айналдыру сызығымен шектелген. Құжатты қарау кезінде курсорды жылжыту үшін РgUр, РgDn пернелерімен қатар осы жылжыту сызығын пайдалануға болады.
WORD ақпаралғысының төменгі жағында күй қатары (строка состояния) орналасқан, оңда ағымдағы беттің номірін, тарау нөмірін, кұжаттағы парақтар саны және т. б параметрлерді көруге болады. Құралдар сызығы мен күй қатарын қолданушы қалауы бойынша алып тастауға да болады.
WORD редакторында графикпен жұмыс істеу
Word басқа программалардан графиктерді кірістіруге, сондай-ақ өзінің ескіндерін даярлауға мүмкідік береді. Қүжат ішіне сыртта даярланған графикті орналастыру үшін Кірістіру=Сурет (Вставка - Рисунок) командасын орындап, ішінде сол сурет орналасқан файлдың атын көрсету керек. График түріндегі суреттсрдің көшірмесін алдымен алмастыру буферіне ауыстырып, сонан барып оны курсор тұрған орынға буфер арқылы да кірістіруге болады.
Графиктерді орналастыру принциптері
Wopd сырттан алынған графикті мәтін элементі ретінде орналастырады, яғни оны басқа шамадағы мәтіндік символ ретінде қарастырады. График бастапқы даярланған кездегі мөлшерімен мәтінге кірістіреді. Егер график мөлшері мәтін жолағының мөлшерінен асып кетсе, онда кескін сол мәтін жолағына сай масштабталады. Графикті кірістіру кезінде кескіндерді орналастыру үшін мәтін жолдары автоматты түрде ығыстырылады. Құрамында график бар мәтінді жаңа жолға қосу кезінде сурет мәтінмен бірге төмен-жоғары және оңға-солға орын ауыстыратын болады.
Графикті мәтін жолдарына ыңғайлы түрде орналастыру үшін, оны кадр ішіне ауыстыру керек. Ол үшін алдымен графикті ерекшелейміз де Кірістіру= Кадр (Вставка=Кадр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде ішінде ерекшеленген графигі бар кадр даярланады. Егер кадрда тексурет қана болса, онда кадр мөлшері сол сурет мөлшерімен анықталады: сурет масштабын өзгерту арқылы кадр мөлшерін өзгерте аламыз.
Графиктік элементтерді редактордың өз мүмкіндіктерімен де дайындауға болады. Word-та сызықтарды, тұйық аймақтарды, ішіне мәтін орналасқан төртбұрыштарды т. б. салуға болады.
Word-та суреттерді даярлау
Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, т. б. ) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен даярлауға болады. Салынған сурет элементтерімен жұмыс істеу тек редактордың парақ беттерін белгілеуді қарап шығу режимінде ғана болады. Word программасы осы режимде сурет салуға талаптану кезінде автоматты түрде ауысуға тырысады.
Графикалық редактордың аспаптары
Сызық - Word графикалық редакторының ең қарапайым геометриялық элементі сызық. Сызу үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу аспаптар тақтасындағы түзу сызық кескіні тұрған батырманы шерту жеткілікті.
Тышқан курсорын түзудің бастапқы нүктесіне орналастырып, сол жақ батырманы баса отырып, сызықтың соңғы нүктесіне дейін түзу сызық сыз.
Сызықты даярлап алған соң, оның төңірегінде тышқанды екі рет шертсек, экранға "Салынған обект" деген сұқбат терезесі ашылады. Енді сызық параметрлерін, яғни оның сызылу стилін, түсін, қалыңдығын және т. б. таңдап алуға болады.
Дөңгелектер мен эллипстерді де осы аспаптар тақтасының көмегімен даярлауға болады. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек.
Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы, шертіп одан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып салуға болады.
Доға. Бұл батырманың көмегімен шеңбер мен эллипстер доғаларының суретін саламыз. Сурет салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұрсақ, 45 градусты шеңбер секторын тұрғызуға болады.
... жалғасыКез-келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне орналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды шертіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz