Жастардың өзге дінге өтуі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жастардың өзге дінге өтуі

Жастар және Болашақ – бұл мәңгілік тақырып. Адамзат өзінің өсіп-
өркендеуінде осы мәселені ешқашан күн тәртібінен түсірмеген және түсірмек
те емес. Жастар – өмірдің қуат арнасы, оның тынысы, аяқ алысы, бір сөзбен
айтқанда, өмірдің нағыз өзі.
Әрине, жастар мәселесі таусылмайтын жыр, мен соның бір мәселесіне
тоқталмақпын, ол жастар және тақуалық деген тақырып. Бұл пенденің нәпсісіне
қатысты тақырып. Нәпсі осы жарық дүние қуаты. Ол қуат жастардың бойында.
Қуат дегеніміздің өзі – жастық деген ұғым. Жастық нәпсі қуатымен өлшенбек.
Діни радикализм, саяси экстремизм секілді іріткі салғыш құбылыстарға
қатысты қоғамда алаңдаушылық бары белгілі. Соның бірі – қандастарымыздың
өзге дінге өтуі. Кейде тіпті жарты миллиондай қаракөз ағайындар өзге дінге
кірген дегенді де естіп қаламыз. Меніңше, мұның рас болуы қисынға келмейді.
Халқы 16 миллионға да жетпейтін ел тұрғындарының 60 пайыздайы қазақ, оның
шамамен 4 миллиондайы ересек адам, соның 500 мыңдайы өз дінінен безуі тіпті
сенгісіз жай...
Иә, олай болуы мүмкін емес. Еліміздегі әр ересек сегіз қазақтың біреуі
өзге дінге өтіп кеткен деп дерексіз сөйлеу – халықты қорлау. Өзге дінге бас
ұрғандардың нақты санын алған ешкім жоқ, оны алу мүмкін де емес. Тағы да
айтамын: бұл жәйт бізді қатты алаңдатады. Ұдайы назарымызда. Өткен жылы
бірде Корей елінің дипломатымен сұхбаттасудың реті келіп қалды. Орайы
келген тұста: “Сіздердің дәстүрлі діндеріңіз – буддашылық. Соған қарамай
қазір ел халқының 80 пайыздан астамы христиандықтың, соның ішінде
протестанттықтың жолында жүргені қалай?”, деген сұрақ қойдым. Ол кісі
тұнжырап, қиналыңқырап отырды да: “Мұның бәрі кешегі екінші дүниежүзілік
соғыстан, одан кейін елді екіге бөлген азамат соғысынан кейін басталған.
Сол кезде Батыстан бізге көмек қолы созылды. Киім-кешек те, азық-түлік те
келді. Көмек көрсетушілер біздің отандастардан әлгі киім-кешекті, азық-
түлікті берер алдында протестантыққа өтуді талап етті. Өз дінін тастамай,
көмектен бас тартқандар да болды. Күн көрістің қамы үшін солардың айтқанына
көнгендер олардан да көп боп шықты. Қайтейік, осындай жағдайға түстік”,–
деді.
Біздің жастарымыздың біразының өзге дінге өтуіне де ана жылдардағы
мұқтаждық әсер етті ғой деп ойлаймын. Жүз долларлық бір көк қағаз үшін ата-
баба дінінен безіп шыға келген намыссыздықты ақтаудың жөні жоқ, әрине.
Әйтсе де, қазір өзге дінге өту үрдісінің тоқталғанын да айтқанның
артықтығы жоқ. Бұл да өздігінен болған жоқ. Діни басқарманың сан-салалы,
жан-жақты игі қызметінің нәтижесі екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Заңымыздың көңілжықпастығынан жан-жақтан тоқайласқан ағымдар мен
секталар халқымызды рухани аздыруға тырысқаны аздай, енді осы іс-
әрекеттерін жан-жақты талдап, олқы тұстарын жетілдіру үшін арнайы ғылыми-
зерттеу институттарын және христиан дінінің мамандарын дайындайтын оқу
орындарын ашуға жан салуда. Сананы өзгертпек. Миссионерлердің мұндай зымиян
ниет-пиғылын жүзеге асыруына ұлтжанды, елжанды атпал азаматтарымыз жол
бермейді деп сенгіміз келеді. Бұл, қайталап айтсам, елімізді басынғаны,
асымызды ішіп, дастарханымызды тілгені, жаман үйдің қонағы билеп,
“заңдарыңа пысқырып та қарамаймын” дегені. Нақты бір мысал келтірейін.
Қандастарымыз ұйысқан Алматыда 27 мешіт болса, Алматыдағы діни
бірлестіктермен жұмыс жасайтын орындардың мәліметінше, өзге діндер мен
секталардың ғибадатханалары 200-ге жуықтайды екен. Бұл қандай мұқтаждықтан
туып отыр? Ғибадатханалар ары-беріден кейін жамағатының санына байланысты
салынбай ма? Осыншама ғибадатхана кімге керек? Бұл сауалға сол
ғибадатханалар үшін жер телімін беріп отырған тиісті орындардың
шенеуніктері жауап беруі керек. Түркіменстанда бір діни конфессияны тіркеу
үшін одан 50 мың ұстанушысының болуы талап етіледі екен. Бізде оларға
тосқауыл қойылып отырған жоқ деседі ұлтжанды, дінжанды отандастарымыз.
Былтыр кришнайттердің Қаскелең іргесіндегі саяжайларды заңсыз
иемденгені, оны өздерінің жынойнағына айналдыруына байланысты мәселе сотта
қаралды. Олар жер дауының өңін айналдырып, оған саяси да, діни де астар
беріп, халықаралық деңгейде шу шығарды. Батыс Еуропаның бірқатар
елдеріндегі Қазақстан елшіліктері алдында “наразылық” шерулері мен
митингілерін өткізіп, мемлекетіміздің халықаралық беделін түсіруге жанын
салды.
Иә, мұнан сабақ алып, тиісті қорытынды шығаруға тиіспіз. Қазақ: “Өткір
пышақты бос ұстасаң өз қолыңды кеседі”, дейді. Сонда қандай ұсыныстарыңыз
бар?
Заңымызды қатайтып, осыған орай нақты іс-шаралар кешенін белгілеп,
жүзеге асыруға тиіспіз. Асыл дінімізді төрге шығарып, өз қадір-қасиетіне
лайық дәрежесін көтергеніміз абзал. Осы жағдайларды жан-жақты сараптай келе
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2000 жылдан бері Үкіметке бірнеше
рет арнайы ұсыныстар топтамасын жолдаумен келеді. Сіздің сауалыңызға орай
мүмкіндікті пайдаланып, соның толық нұсқасын ұсынғым келеді. Онымен
халықтың да танысып, діни басқарманың осынау аса көкейкесті мәселеге
қатысты ұстанымдары мен нақты ұсыныстарын білгені жөн. Мен осы әңгімеде
жүйелеп айту үшін оларды оқып беруіме де болады.
Біздің нақты ұсыныстарымыз мынандай:
бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасы ұсынған “діни сағат” айдарымен
діни-танымдық хабарлар мен материалдарды беру жүйеге түсірілсе;
дін насихатын өрістетіп, жандандыра түсу үшін Діни басқарманың мерзімді
басылымдары мен кітаптарын шығаруына мүмкіндік беретін, заман талабына сай
баспаханасы болуына көмек берілсе;
Қазақстанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Қазақстандағы діни секталар, олардың мақсаты
Қазіргі жастардың діндарлығы: өзіндік сана мен болмысы
Діни басқармаға филиал
Психология және дін психологиясы
Діни қатынас мәселесіндегі мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бейімділігі
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Дін және бақ: кеше және бүгін
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период
Қазақстандық жастардың мәселесі
Пәндер