Депозиттік сақтандырудың отандық және шетелдік тәжірибесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Депозиттерді сақтандырудың теориялық аспектілері _6
1. 1 Депозиттерді сақтандырудың ұғымы мен мәні6
1. 2. Банктік дипозиттердің концептаулды негізі11
1. 3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі17
2 Қазақстан Республикасының депозиттерді сақтандыру жүйесін
Талдау _25
2. 1 Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау25
2. 2 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қатысушысы - «Тұран Әлем Банкі» депозиттерін бағалау31
3 Қазақстан Республикасында депозиттік рынокты жетілдіру
Жолдары _36
3. 1 Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді
төмендету жолдары36
3. 2 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру
жүйесінің даму келешегі44
Қорытынды 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының банк жүйесi - нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі, ол экономиканың өcyiнe ықпалын тигiзеді және макроэкономикалық тұрақтылыққа жету мақсатына негізделеді.
Банк ісінде салымдар капиталды қалыптастырудың негізгі факторы ретінде қолданылады. Халықтың жинақ ақшасы кредиттік механизм арқылы қайтадан айналыс үрдісіне түседі, ол қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және оның жеделдетілуін өз әсерін тигізді, бұл деген сөз еліміздің ұлттық табысының өсуіне әкеліп соғады деген сөз.
Халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруына байланысты тұтыну мен шығындар құрылымы жинақ ақшалардың пайда болу мотивтері өзгереді. Мысалы, жанұя бюджетінде азық-түлік тауарларына кеткен шығын үлесі азаяды да, алдынала қорлануды талап ететін шығындардың үлес салмағы өседі.
Салымдар әр түрлі болуы мүмкін және олардың сыныптамасының негізінде салымдар көздері және олардың мақсатты арналуы секілді критерийлер (өлшем) жатады. Дегенмен де көбінесе критерий (өлшем) ретінде салымшылардың түрі мен салымдардың алыну түрі кездеседі.
Сонымен қатар, жинақ ақша ісінің дамуы Қазақстан Республикасының бүкіл банктік жүйесін нығайтады. Депозиттік операциялар айналымда жүрген ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Ал жаңа ресурстарды банк жүйесі кредиттік операциялар нәтижесінде алады. Алғашқы операциялардың осындай екі түрінің көмегі арқылы кредиттік ресурстардың өте ірі тобы-банктердің меншікті ресурстары құрылады. Сол себепті салымшылардың ең әлсіз бөлігі ретінде жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің арнайы қорларын ашу арқылы салымшыларға сақтандыруды қамсыздандыру жүйесін дамыту керек. Осындай мысалдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың бастамасымен құрылған жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесін айтуға болады. Бұл жеке тұлғалардың салымдары үшін әр түрлі жағымсыз жағдайлар (тәуекелдік) себепші болған шығынды өтеу үшін қолданылатын және ақшалай қаражаттардың мақсатты қорларын қалыптастыру әдістері мен түрлерінің жиынтығын құрайтын сақтандыру категориясы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі - «БТА» АҚ болып табылады.
Бұл проблеманы зерттелу деңгейі өте төмен, сол себепті жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру қорының қызметімен байланысты әдебиеттер мен практикасына талдау жасалған жұмыстарды жүргізудің қажеттілігі туып отыр.
Салымдарды мемлекеттік кепілдендіру жүйесі пруденциялдық қадағалау және кредиттердің соңғы инстанциясы ретінде Ұлттық Банктің қызметімен қатар банк жүйесінің қызметінің ең маңызды тұрақтандырғышы ретінде қарастырылады. Мұндай тұрақтандырғыштың бұрында біздің елімізде Халықтық банктерге деген сенімнің жоғалуына әкеліп соқты.
Жеке салымдарды кепілдендірудің ұсынылған үлгісінің негізгі сипаттары мынадай: азаматтар өздерінің жинақ ақшаларын сеніп тапсырған банктер лицензияларын жоғалтып алған жағдайда, өз салымдарының жартылай қорғалуына сенімді бола алады. Салымның көлеміне қарай 100% -дан 50%-ға дейін өтемақы төленеді (бірақ бұдан көп емес) . Қажетті шарт-банк салымдарды кепілдендірудің құрылып жатқан резервтік коорпорациясында есепте тұруы керек.
Сонымен, бұл жүйенің халықтың бүкіл дерлік топтарын қамтитын, біздің коғамымыздың дамуының бұрынғы және қазіргі кезеңдеріндегі маңызды бағыт екендігі даусыз.
Банктік сақтандыру мәселелерін теория жүзінде, практикада қарастыру мынадай шетелдік авторлардың жұмыстарында жарық көрген: Рэдхэм К. Хьюс. С. "Қаржылық тәуекелдерді басқару", Кейси . Ф. "Банктерді кешенді сақтандыру", Ю. А. Соколов, Н. А. Амосов "Банк тәуекелдерін сақтандыру жүйесі", В. Т. Севрук "Банк тәуекелдері", Масленченков. Ю., Команов. В. "Банк тәуекелдерін сақтандыру", Романова. И. В. "Инновациялық қызметтің тәуекелдерін басқару" т. б.
Қазақстанда өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып нарықтық экономикадағы сақтандырудың теориялық тұжырымдамасын экономика ғылымының докторы К. К. Жүйріков "Нарыққа өту жағдайындағы сақтандыру", "Қазақстандағы сақтандыру - әрі қарай даму жолдары", "Қазақстанның сақтандыру рыногының перспективалары", "Сақтандыру: қазақстандық "барыстың" платформаларының бірі" атты еңбектерінде кеңінен зерттелген (баяндалған) . Автор Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жүйесін қайта құрудың жолдарын, жеке сақтандыру мен мүліктік сақтандырудың түрлерін жетілдірудің жолдарын ұсындық азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды әрі қарай нығайту және жетілдірудің қажеттілігін дәлелдеп берді.
Сақтандыру ісін ұйымдастыру және Қазақстандағы сақтандыру рыногының дамытудың әр түрлі аспектілері экономика ғылымының кандидаты Г. И. Маянлаеваның "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру" атты еңбегінде, экономика ғылымының кандидаты И. М. Назарчуктың "Сақтандыру: теория, практика, шетелдік тәжіриби" атты еңбегінде, заң ғылымың докторы А. И. Худяков "Сақтандыру құқығы" атты еңбегінде зерттелген. Сонымен катар, ғылыми зерттеулер мен экономикалық әдебиеттерде банктік тәуекелді сақтандыру тақырыбына жазылған еңбектерінде бір қатар кемшіліктер бар. Мысалыдепозиттерді міндетті сақтандыруды енгізудің түрлері жайындағы мәселелер әлі күнге дейін даулы және шешімін таппаған мәселелер болып табыладысонымен қатар, депозиттік сақтандыруға (кепілдендіру) екінші деңгейдегі банктердің қатысу қағидалары мен оларды түгелдей қамту, салымдарды (депозиттер) сақтандыру институтының статусы жөніндегі мәселелер де ашық күйінде қалып отыр.
Берілген жұмыстың мақсаты отандық және шетелдік депозиттік сақтандырудағы жағдайларды ғылыми зерттеулер негізінде банк жойылған кезде депозиттердің (салымдар) сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелерін оңтайлы шешудің теориялық және әдіснамалық принциптерін жалпылау болып табылады.
Бұл жұмыста жүргізілген зерттеулер келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- депозиттік тәуекелдерді басқару механизмінде оларды ең төмен мөлшерге жеткізу мақсатымен сақтандырудың алатын орнын анықтау
- депозиттерді (салымдар) кепілдендіру жүйесін заңнамалық реттеудің қажеттілігін дәлелдеу;
- жеке тұлғалардың депозиттің (салымдарын сақтандыру (кепілдендірін) практикасы мен қазіргі жағдайын зерттеу
- депозиттерді (салымдарды) кепілдендірудің (сақтандыру) қазіргі жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасап шығару;
Зерттеудің тақырыбы депозиттік сақтандырудың отандық және шетелдік тәжірибесі болып табылады.
Бiрiншi бөлiмде, жалпы банктердiң депозиттiк операцияларының экономикалық маңыздылығы, негізгі құрылу көздері және олардың жіктелуі қарастырылып өтті.
Екiншi бөлiмде, банктердiң депозиттiк операцияларына «БТА» АҚ мысалында талдау жасалынып өтті. Бұл тарауда өндiрiстiк ic-тәжiрибеден өткен банктiң депозиттiк операциясы және оны ұйымдастыру тәртiбiне сипаттама берiлдi.
Үшiншi бөлiмде, Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттiк операцияларын жетiлдiру жолдарына көңіл бөлінген. Депозиттік портфельді басқару мен ондағы тәуекелдерді азайту жолдары, сондай-ақ депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегіне тоқталдық. Бұл тарауда банктердiң депозиттiк операцияларының жетiлдiруi туралы қарастырып жазылды.
1 бөлім. Депозиттерді сақтандырудың теориялық аспектілері
1. 1 Депозиттерді сақтандырудың ұғымы мен мәні
Сақтандыру негізінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастаған кезеңде пайда болған деп есептеледі және кейіннен ол қоғамдық өндірістің бірден-бір серігі болып кетті. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің, табиғи айырбас (алмасу) пайда болуы, муліктік тепе-теңдіктің болмауы, жеке меншіктің пайда болуы қорқыныш туғызды, мүлік иелерінің оның сақталуы үшін үрейленуіне әкеп соқты. Олардың жойылып кету, немесе апат, қауіп-қатер кесірінен жоғалып кету қаупі, өрт, ұрлану т. б. өмірдегі көлденең ысыраптар (болжанбаған) адамдарда үрей туғызды.
Қоғамдық өидірістің тәуекелдік сипаттамасы әрбір меншік иесінің өз мүлкі үшін және тауар өндірушінің материалдық амандығы үшін мазасыздануының негізгі себебі болып табылады. Осыдан барып заңды түрде материалдық шығынды өтеу туралы ой туды, бұл мүліктің мүдделі иелері арасында ынтымақты үлестірме арқылы жасалады. Егер де әрбір меншік иесі шығынды өтеуді өз мойнына алатын болса, оида ол өз мүлкінің бағасына сай материалдық және қаржылай резервтер табуы керек. Бұл біраз уақытты алатын еді және де өмір сүру деңгейін төмендетер еді, еңбек өнімі мен құндылықтардың белгілі бір мөлшерін оқшауландырғаннан адамдардың қызметінің тиімділігі де төмендер еді. Сонымен қатар, жасалған босалқы қорлар осындай жағымсыз факторлармен жойылып кетуі мүмкін еді.
Көп жылғы байқауларға сүйене отырып шаруашылық жүргізуші субъектілерге екі маңызды түйін жасауға болады. Біріншіден, жағымсыз, жойқын, оқыс оқиғалар уақыт пен кеңістікте кездейсоқ келеді, яғни бір уақытта және барлық жерде мүлік иелерінің бәрін қамтымай, тек аз ғана бөлігін қамтиды. Екіншіден, мұндай оқыс, жағымсыз оқиғалардан келген шығын қайталанатын оқиғалар үшін де, шығын шеккен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін де біркелкі емес. Мүдделі шаруашылықтың саны көбінесе әр түрлі қауіп-қатерден жапа шеккендер санынан көбірек болады. Мұндай жағдайда шығынның ынтымақты үлестер иесі аппаттық т. б. оқыс оқиғалардың салдарын жібереді. Мұнда шығынның үлестірмесінде жуып-шайып неғұрлым көп шаруашылық саны қатысса, бір қатысушыға соғұрлым аз қаражат үлесі тиеді. Осылайша, сақтандыру пайда болады, оның мәні барлық мүдделі шаруашылық субъектілері арасында ынтымақты үлестеріне негізінде апаттан, оқыс оқиғалардан жапа шеккендердің шығынын өтеу болып табылады. [1]
Сақтандырудың алғашқы түрі табиғи сақтандыру болып, ол тез бөлінетін еңбектің өнімдерін-астық, фураж т. б. азық-түлік тағамдарын бөлумен байланысты болады. Сақтандырудың бұл түрінің маңызы зор болады, бірақ ол сақтандыруды қорғаудың қолдану аясын едәуір тарылтып жіберді.
Тауар-ақша қарым-қатынасының дамуына байланысты ақша түрінде "сақтандыру босалқы" қорын бөлу (қолдану) мүмкіндігі туды. Мұндай "босалқы қорды" жасау сақтандыру оқиғасы туған сәтке дейін де "сақтандыру қоры" ретінде мүмкін болған. Мұндай ақшалай босалқы қор кең ауқымды мүмкіндіктер туғызады әсіресе өзара сақтандыру үшін мұнда шығын сомасы оның қатысушылары арқылы өтеледі, ынтымақты түрде әрбір сақтандыру оқиғасынан кейін өтеледі. Өзара сақтандыру капитализм кезеңінде заңды түрде сақтандыру ісінің өзіндік саласына айнала бастады. Егер де өзара сақтандыруда ықтималдықтар теориясының көмегімен алдын-ала шамаланып, мөлшерленген сақтандыру қоры әлі де болса жасалмаған болса, әрі қарай шығынның мүмкін ықтималды орташа көрсеткіші кейіынен сақтандыру қорының алдын-ала жасалуына керек сақтандыру жарналарының негізі ретінде қолданыла бастады. Қазіргі қогамымызда сақтандыру арқылы қорғаудың жалпы әмбебап құралына айналды мұнда меншіктің барлық түрі, табыстар, кәсіпорындардың басқа да мүдделері, ұйымдар, фермерлер, арендаторлар, азаматтар сақтандырылады.
Сонымен, сақтандыру дегеніміз жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қарым-қатынастар (егер сақтандыру жағдайы туа қалған жағдайда төленген немесе сақтандыру сыйақыларынан (жарналары) тұратын ақшалай қорлар есебінен жасалады. Бұл келесі қорытындыға келеміз.
Сақтандыру кем дегенде екі жақ (субъект) қатысатын экономикалық қарым-қатынас.
Бірінші жақ (субъект) бұл сақтандыру ұйымы(мемлекеттік, акционерлік немесе меншіктік), оны біз сақтандырушы деп атаймыз. Сақтандырушы сақтандыру шарттарын жасап шығарады (мысалы, сақтандыру оқиғасы кезінде сақтанушыға шығынды төлеуге міндеттеме алады) және оларды өз тұтынушыларына (заңды тұлғаларға кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер), жеке тұлғаларға (жекелеген азаматтар) ұсынады.
Тура осындай схема бойынша депозиттерді (салымдарды) сақтандыру жүйесі құрылуына болады дегенмен де бұл схемаға өзіндік ерекшеліктер тән. Мысалы депозиттік сақтандыру жүйесі кепілдірілген салымдар түрінде болып келуі мүмкін (Қазақстан Республикасында осындай жүйе) .
Экономикалық әдебиетте депозиттерді (салымдарды) кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін 2 әр түрлі түрге бөлуге болады:кодтандырылған (имплицит (imhlicit) ) және кодтандырылмаған (эксплицит (ехрlicit) ) .
Депозиттердің (салымдарды) кодтандырылмаған қорғау жүйесі өткен жылдарға тән банк жүйесінің тұрақты гранты ретінде мемлекеттің рөліне негізделген. Олардың негізгі белгілері болып:
- банк банкротқа ұшыраған жағдайда депозиттердің өтемі үшін заңды жауапкершілікті көрсететін заңнамалық құқықтық актілердің болмауы;
- өтемдердің тәртібі мен ауқымы жөніндегі анық ережелердің болмауы;
- қаржылық көмек көрсететін арнайы қордың болмауы болып табылады. [1]
Депозиттердің (салымдардың) кодтандырылмаған сақтандыру жүйесінің бірден-бір (шынтуайтқа келсек, күмәнді) қадір - қасиеті ірі және ұсақ салымшылар тепе-тең деңгейде сақтандырылған, ал мемлекетке сақтандыру қорын құру үшін қаражат бөлудің қажеттілігі болмайды.
Кодтандырылмаған жүйенің жағымсыз жақтары көбірек және де оның мәні мынада:
- кодтандырылмаған жүйе жемқорлықка жол береді және мемлекеттік билік органдарының ықтияршылық шешімдерінің пайда болуына әкеліп соғады;
- банкті қалпына келтіру (жұмысын жақсарту) жөніндегі шешім оған мемлекеттің қатысу үлесіне байланысты. Жеке меншіктегі проблемалы банктерге, әдетте қаржылай көмек көрсетілмейді;
- банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігін қолдауға қажет мемлекеттік шығындар негізінде салық төлеушілердің иығына жүк болып артылады;
- үкімет өзіне жауапкершілікті алмай-ақ банктердің банкротқа ұшырағаны жөнінде шешім кабылдай алады;
Салымдарды (депозиттерді) сақтандырудың кодтандырылған жүйесі жоғарыда айтылған жағымсыз жақтардан жұрдай, себебі олар кепілдендірілген (сақтандырылған) заңды жүйеге жүгінеді. Заң шығаратын немесе құқықтық нормативтін актілерде сақтандырудың белгілі бір қатысушыларын сақтандыру арқылы қорғауға жататын міндеттемелер түрі, процедуралар, сақтандыру төлемақылары мен жарнамаларынын шектеулері, сақтандыру қорының құрылуы мен жұмыс істеу тәртібі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сақтандырудың кодтандырылған жүйесін құрудың бірнеше варианттары болуы мүмкін:
- қатысушыларға деген талаптар сипаты бойынша: міндетті және өз еркімен;
- құқықтық реттеу бойынша: императивтік және диспозитивтік;
- сақтандырудың көлемін қамту бойынша: толық, шектеулі, дискрециялық;
- меншік түрі бойынша: мемлекеттік, жеке меншік, аралас;
- сақтандыру жарналарын анықтау әдісі бойынша:тіркелген төлемдер, тәуекелдер бойынша саралау, уақыт бойынша саралау;
- мемлекеттің қаржымен қамтамасыз етудегі қатысуы орталық (ұлттық) банктің кредиттік линиясының болуы қосымша мемлекеттік кепілдіксіз;
Банктердің депозиттік операциялары мен жұмысының мықты жақтары мен қатар, әлсіз жақтарын атап өтуге болады. Банктердің алдында операциялардың кеңеюі, персоналды оқыту және біліктілікті қайта жоғарылату, маркетинг саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қажет ақшалай қаражаттарды шоғырландыру, филиалдардың аясын кеңейту т. б. мүмкіндіктері ашылады. Дегенмен, есепшоттардан жинақ акшанын ағылып кетуінің нақты қаупі бар. Салымдармен (депозиттермен) жұмыс істеуінің мықты және әлсіз жақтарын анықтайтын факторлар көздері ішкі және сыртқы орта болып табылады.
Ішкі ортаға жататындар:
- салымдарды кепілдендіру жүйесін құру жөніндегі жұмысты жандандыру мүмкіндігін анықтайтын банктің депозиттік саясаты сонымен қатар пайыздық сыйақының мөлшерлемесінің төмендеуі соңында жинақ ақшалардың бұдан гөрі табыстырақ салымдарға ағылып кету қауіпін туғызады;
- кадрларды банктік басқару персоналдың кәсіптік біліктілігін арттыруды ғана емес, болашақ салымшылармеы қажетті тренингтерді өткізуді де өз мойнына алады;
- проблемаларды уақытында табуға бағытталған банктік маркетинг;
Тікелей әсер етудің сыртқы ортасына мыналар жатады:
- салымшылар - жеке тұлғалар, салымдардың (депозиттердің) өсуі олардың хабардар болуына, біліктілігіне байланысты;
- салымшылар-заңды тұлғалар қор рыногының дамуына байланысты өз капиталын депозиттік шоттардаи бағалы қағаздарға ауыстыруына мүмкіндіктері бар;
- бәсекелестер, олар өздерінің жарнамалары арқылы салымшылар санының азаюына себепші болады.
Сыртқы ортаның жанама әсеріне мыналар жатады:
- экономикалық фактор, елдегі туракты немесе тұрақсыз экономикалық жағдай, бұл салымдардың өсуіне себепкер болады немесе салымшылардың есепшоттардан өз қаражаттарын алып алуына себепші болады;
- демографиялық фактордалықтың көп немесе аз саны салымдардың көп немесе аз санын анықтайды;
- әлеуметтік факторға еңбек рыногындағы жағдай, халықты әлеуметтік қорғау, халықтың табысын құрудағы (қалыптастыру) мемлекеттің саясаты, азаматтардың төлем қабілеттілігі;
- географиялық фактор-банктердің бір территорияда шоғырлану деңгейі немесе банктік уйымдардан региондардың қашықтығы, филиалдардың шашыраңқы болуы;
Басқаша айтқанда, банктік кызметтің басқа да(кәсіпкерлік) қызметкер сияқты көп жақтылығы және нарық жағдайындағы экономикалық қарым-қатынастың күрделілігі кез - келген баик банкротқа ұшырауының әлеуетті мүмкіндігін анықтайды, демек салымшылардың мүліктік мүддесін қорғаудың тиімді инструменті ретінде салымдардың (депозиттердің) сақтандыру (кепілдендіру) жүйесін құрудың қажеттілігі туады.
Басқаша айтқанда, елімізде депозиттік сақтандырудың жақсы жолға койылған және сенімді жүйесі жалпы алғанда, халықтың банк жүйесіне деген сенімін нығайтады.
Қазақстандық салымшылардың ойында банкротқа ұшырайтын әлеуетті банк жүйесінің тұрақсыздығы, экономиканың өсу қарқының мүмкін болатын төмендеуі, валютаның бағымының алдын-ала болжауға келмейтін өзгерістері, депозиттің салымдарының (инвестициялардың) жоғары тәуекелі, кейбір банктердің төмен капиталдандырылуы, филиалдардың дамымауы сияқты факторларды(тәуекелдерді) жатқызуға болады. (1 сурет)
1-сурет. Депозиттерді сақтандырудың қажеттілігіне себепші негізгі
факторлар
- Жуйриков К. К. Рынок и бизнес: страхование рисков - Алматы, «Каржы-каражат» - 1997, 232 с.
Банктің көз қарасы бойынша сақтандыру - жұмыс істеп тұрған салымшылар үшін де, әлуетті (болашақ) салымшылар үшін де жағымсыз факторларды ең төменгі мөлшерге түсіру әдісі.
1999 жылғы мамырда Қазақстан қаржыгерлерінің бірінші Конгресінде республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық қажыгерлік жүйеге халықтың сенімін көтеру үшін қажетті шаралардың біріншісі ретінде депозиттерді ұжымдық сақтандырудың тетігін әзірлеп, оны іске қосу деп атап өтті. Әлемдік тәжірибеде барлық экономикалық жағынан дамыған елдерде депозиттерді сақтандыру жүйесі бар. Сол жылғы қарашада Қазақстан жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) Қоры құрылды. Қордың Құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болды, ол «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру Ссақтандыру) Қоры» ЖАҚ жарғылық капиталына 1 млрд. теңге салды. Казақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік беру Қорының жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
Қорды құрудың мәні әуелбастан айқын және түсінікті. Қаржы рыногындағы бірнеше белгілі сілкіністерден және жеке меншік қаржы «пирамидаларының» күйреуінен кейін, олардың әрқайсы халықтың салымдарын жинап құнын түсіріп кететін, адамдардың ақшаны жинап сақтайтын тетіктерге деген сенімін кетірген болатын. Тек кейінгі бірер жыл ішінде ғана елдің Ұлттық Банкінің ойластырылған және дэйекті қадамдары банк саласындағы жағдайды тұрақтандырды, ол банктік қызметтің барлық түрін жоғары деңгейде көрсете алатын қалыптасқан жүйеге айналды.
Және бұл жүйені салымшылардың ақшасын сақтауға деген құқығына сенімді кепілдік беретін Қорды құру одан әрі нығайтты.
Депозиттерді сақтандыру мәселесінің оппоненттері аз емес, олар қаржылық жүйені қосарлана реттеу экономика үшін өте тиімді деп пайымдайды. Олардың пікірінше, депозиттерді сақтандыру ақыр аяғында нарықтық тәртіпті бұзады, себебі банк менеджерлерінің, салымшылардың, заемшылардың, мемлекеттік және саяси қызметкерлердің тиімді шешімдер қабылдауы үшін қызығушылықты төмендетеді. Теориялық жағынан реттеуге болмайтын банк жүйесі нарықтық тәртіпті сақтаған жағдайда депозиттерді сақтандырусыз-ақ табысты жұмыс істейді. Алайда бұныінгі күні әлемдегі бірде бір елде қосарланып реттелген банк жүйесі жоқ, себебі мемлекет оның жойылуын болдырмау үшін оның мәселелеріне араласуға мәжбүр. Жасырын және ашық сақтандыру механизмдері бар көптеген елдер соңғы 10 жылда салымшыларды банктердің кең ауқымды банкроттық салдарынан қорғап келеді. Кепілдік беру жүйесінің маңызды міндеті оның халықтың салымдарын өтеу бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) Қорының төлем қабілетін сақтай білуі табылады. 2004 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша. Қор активтерінің мөлшері 7 млрд. теңгеден асады. Инвестициялық тәуекелді хеджерлеу мақсатында Қор активтерінің 90%-ті Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz