Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы


Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы.
Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы.
Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. (1) Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсәпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің обьективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнім ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А-Т-Ө-Т '-А' капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде-өндіріс процесінде- дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорындарда және жалпы халық шаруашылығында үнім жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айнымалы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субьектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субьектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субьектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін- өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшалай болуын талап етеді.
Өндірістік жеке шаруашылық жүргізуші субьектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.
Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т. б. туындауы мүмкін.
Капитал айналымында және ауыспалы айналым процесінде ақшалай қаражаттың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады.
босатылу босатылу
қажеттілік қажеттілік
Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдақ өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайыды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай - ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру ұшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары- несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субьектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан- оны алуда несиелік қарым- қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің обьективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің обьективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эмиссиясының процесі формаға тәуелді емес (қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз) несие капиталының бір көзі болып табылатын несие операцияларының нәтижесі бар.
Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің обьективті себептерімен анықталады.
Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субьектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін, бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл қосымша қаражатқа уақытша қажеттілі туып отырған басқа субьектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір- біріне қарсы тұра алатын тауар иеленушілер арасында айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алдмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының обьективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несиенің обьективті өмір сүруінің негізгі талптары төмендегідей тізбектеледі:
- жеке ауар өндірушілердің өндірісті (негізгі және айналымдылық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
- несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан, дербестігі;
- несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушыңның мүдделілік танытуы.
Несие обьективті қажеттідіктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.
Несиенің мәні
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт- құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір- бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы боып көрінеді.
Қарыз алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледі қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндегінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс берістің обьектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн болып табылады.
1-сурет. Несиенің құрылымы.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды. Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:
Нo - Қан - Нп . . . Рб . . . Нқ . . . - Бқ,
мұндағы: Нo - несие орналастыру;
Қан - қарызға алушының несиені алуы;
Нп - несиенің қайтарылуы;
Рб - ресурстарды босату;
Нқ - несиенің қайтарылуы;
Бқ - банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Он - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгенген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қан) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.
Несиені пайдалану (Нн) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамиамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылында құнның ауыспалы айналымның шаруашылығында аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдалану процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Нқ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылған кейін (Нп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Нқ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қан сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатылары сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын несиенің қозғаласын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О. И. Лаврушкин оның қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылуы кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы обьективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік - экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп қайтарылым қозғалысына байланысты экономикалық қатынастар екендігі.
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал, капитал өз-өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы - несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақша қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделділік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қозғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілген несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттір жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні лоардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
Несие капиталы және несие капиталының нарығы.
Несие капиталы экономикалық теорияда қайтару талабымен пайыз түрінде белгіленген төлем мөлшерінде несиеге берілетін ақша капиталының жиынтығы ретінде дәстүрлі түрде қарастырылады, яғни нарық шаруашылығында туындаған және нарықтық қатынастарды көрсететін капиталдың айрықша формасы.
Несие капиталының нарығы қызмет көрсетудің көзқарасы тұрғысынан бұл қайта өндірудің қажеттілігін несиемен қамтамасыз ету мақсатымен ақша капиталын жинақтауға және қайта бөлуге мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар жүйесі.
Институционалды көзқарас тұғысынан - бұл несие капиталының қозғалысы олар арқылы жүзеге асатын несие-қаржы мекемелерінің және қор биржаларының жиынтығы.
Несие капиталының экономикалық рөлі экономиканы дамыту мүддесімен. Ұсақ, шашыраңқы, ақшалай қаражаттарды біріктіру қабілетімен үйлесе, ді. Несие капиталының мәнін анықтау үшін ең алдымен оның өнеркәсіп және тауар капиталын ерекшеленетін айрықша сипаттарын анықтап алу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz