Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал – мәтелдер


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Бөлім. Мақал - мәтелдердің зерттелу аясы.
- Аталар сөзі - ақылдың көзі . . . 5
- Мақал - мәтел мен фразеологизімнің
ара -қатнасы . . . 18
- Мақал - мәтелдерді айшықтау тәсілдері . . . 25
II Бөлім. Анималистік мақал - мәтелдер
2. 1. Ағылшын, тілдеріндегі анималистік
Мақал - мәтелдер . . . 30
2. 2. Ағылшын, түрік тілдеріндегі анималистік
мақал - мәтелдер . . . 40
2. 3. Қазақ, түрік тілдеріндегі анималистік
мақал - мәтелдер . . . 53
Қорытынды . . . 63
Қолданылған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе
Халықтың сан алуан бімдердінің алғашқы іргетасы сонау ерте кездің өзінде - ақ ауыз әдебиетінің түрлі жанырларында қалана бастаған. Кез-келген халықтың баға жетпес асыл мұрасына айналған, фальклордың негізгі саласының бірі болып табылатын мақал - мәтелдер сыртқы дүниенің небір тылсым сырларын ашып көрсетеді. Әрбір халықтың даналығы мен шешендігінің куәсі болып тұратын
осы сөз маржандары кез -келген халықтың өшпес мұрасы, әрі
өткен өмірдің, қилы -қилы замандардың хабаршысы іспеттес.
Мақал -мәтелдер әу баста дана мен ойшылдың, шешен мен ақын -
Жыраулардың көмейінен ағытылған асыл сөздер болған.
Түркі халықтары өздерінің мақал - мәтелдерін « аталар сөзі »,
« ақыл сөзі », « нақыл сөз », « даналық сөзі », « көсем сөзі » дей отырып, « Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара »,
« Мақал -мәтел маржан сөз, қоса көрме арзан сөз » деуі - халықтың
берген әділ бағасы. ( 19. 8)
Тілдегі осы тамаша сөз орамдарының құрамындағы компоненттер семантикалық жағынан ерекшеленіп, ұйытқы сөз қызметін атқарады. Осындай ұйытқы сөздердің бірі болып табылатын жан - жануарлар атаулары, қарастырылып отырған жұмыстың « Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер » атты тақырыбына негіз болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Түркі тілді халықтарда анималистік мақал - мәтелдер көптеп кездеседі. Қарастырып отырған қазақ, түрік тілдеріндегі мақал -мәтелдердің көпшілігі төрт түлік, жан - жануарлар негізінде қалыптасқан. Ағылшын тілінің мақал - мәтелдері болса түркі халықтары, соның ішінде, қазақ және түрік тілдерінің мақал -мәтелдерінен алшақтау, яғни компоненттері жөнінен, құрамында кездесетін жан - жануарлар атауының сан алуандылығымен ерекше-
ленеді. Халықтың осы көне мұрасын, атап айтқанда, үш тілдің ( ағылшын, қазақ, түрік ) анималистік мақал - мәтелдер мағыналық тұрғыдан болсын, құрамына қарай болсын, талдап, ішкі мәнін ашу -қазргі тіл бөліміндегі өзекті мәселелердің бірі десек те бол
Жан - жануарлар атаулары тілдердің басым көпшілігінің лекси-касының ең көне қабатын құрап, көптеген мақал - мәтелдердің пайда болуына негіз болған бірліктер қатарына жатады. Анималистік мақал -мәтелдеоде жан - жануарлар атауының қолданылу аясы, оладың халыққа жеткізер мағыналық астары әр тілдің мақал - мәтелдерінде әрқилы болып келеді. Осыған қарамастан, барлық халықтардың мақсат - мүддесі, ой - арманы сай келгеніндей, мақал - мәтелдердегі, оның ішінде, ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал -мәтелдердің мағыналас, яғни синонимдес, және де керсінше қарама -қарсы мағынада антонимдері де ұшрасады. Аталған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдердің табиғатына тән ортақ құбылыстарын, заңдылықтар мен ерекшеліктерін анықтау. Және де үш тілге де ортақ синонимдес анималистік мақал - мәтелдерді көрсету.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні. Қарастырылып отырған тақырып негізінде ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал -мәтелдердің мән -мағынасын аша отырып, олардың жалпы ұқсастықтарын, әр халықтың өзіне тән ой саптауын, мақал -мәтелдердегі жануарлар атауларын адам мінездерінің сан алуан түрін бейнелеуге қолданылатындығын ашып көрсетеді.
Зерттеудің әдістері. Тақырып 3 тілді ( ағылшын, қазақ және түрік ) қамтығандықтан, осы тілдердегі анималистік мақал - мәтелдер талданды, яғни салыстыру әдісі қолданылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІБөлім. Аталар сөзі - ақылдың көзі.
Ауыз әдебиетінің халық өмірінде алатын әлуметтік орны бар қомақты үлкен бір жаныр бар, ол - мақал - мәтелдер. Тіл байлығы атты қазынаның үлкен бір қорына баланатын осынау ғибаратты сөздер қоғам өмірін, тұрмыс - тіршілігінін, салт - дәстүрін және де халықтың ой - арманы мен мінез - құлқын тайға таңба басқандай дәл, әрі нақты етіп көрсетеді.
Мақал - мәтелдер - тіл қазынасы, ойдың тапқыр өрнегі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып халқымыздың қазынасы болып келген осы сөз зердесі арқашан да тәрбие тұрғысында болсын, көркем әдебиетте болсын, әр халықтың фольклорынан биік орын алатын сөз маржандары. Халқымыздың сөз саптау шеберлігі және шешендік өнерден де құралақан болмағандығы ақиқат. Осы шеберліктің куәсі -қазіргі уақыттағы бізге мирас болып қалған, әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған мақал - мәтелдер . Олардың әлі де сан ғасырлар бойы өз мәнін сақтай отырып, құнының арта түсетіні анық.
Қазақ халқының шешендігі мен тіл байлығы әрқашан да осы мақал - мәтелдерде көрініс таба білді. Осыған дәлел ретінде Мұқтар Әуезовтың сөздерін келтіре кетуіміз орынды болар: « . . . Мақал -мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән -мағынасы -осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ халқының өзінің де
асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы. » (3. 234)
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Орта Азия мен Қазақстан ғалымдары түркі мақал - мәтелдерін « тұнып тұрған философия » (10. 25), « Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүние танымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады. » ( 20. 33) деп атап көрсетеді. Бұл пікірлер тек қазақ тіліндегі мақал - мәтелдерге ғана берілген баға емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес халықтарының мақал - мәтелдерінің табиғатына тиісті.
Мақал - мәтелдердің өзіне тән әсемдігі, құрлысының шеберлігі, мағынасының көркемдігі, тілге жеңіл, әрі жүрек түпкіріндегі «таза мінсіз асыл сөздерді » жеткізе білу қасиетімен кімді болса да бей - жай қалдырмайды. Мақал - мәтелдер халықтың сан ғасырлар бойы жинақтаған тәжірбесінің көрінісі іспетті, оның тіршілік аясын, өмірі, үміті мен тілегін бір - екі ауыз сөзге сыйғызып тұрады. Оларды әрине халық мұрасы, ауыз әдебиетінің тамаша бір жанры ретінде танимыз.
Мақал мен мәтелдің ажыратылуы. Көбіне қазақ тілінде болсын, ағылшын не түрік тілінде болсын мақал мен мәтел ажыратылып көрсетілмей, бір ғана атаумен; яғни мақалдар (қазақ тілінде), proverb (ағылшын тілінде), atasoz (түрік тілінде ) деп беріледі.
Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтылады. Мысалы, Кең болсаң, екм болмайсың. Әзіл айтсандаң да әділ айт. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін
көтергені - ақылының жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді және тағы басқа.
Мәтелдерде ой - пікір, топшылау мақалдардағыдай, тікелей кесіп айтылмайды да, образды түрде жанамалай айтылған ишара болады. Мысалы: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Ағама жеңгем сай. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Лақ та өлерде тұяқ серпеді. Суға кеткен тал қармайды. Біреу тңып секіреді, біреу тойып секіреді. Байтал түгіл бас қайғы. Батырға да жан керек. Баяғы жартас бір жартас. Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шығып және т. б. (2. 177)
Өзінің « Түркі фразеологиясы » атты еңбегінде А. Нұрмақанов мақал мен мәтел ұғымы біршама түркі тілдес халықтарда бөлек айтылмайды, екеуі бір атау ретінде яғни « мақал » деп қарастырылады деп көрсетеді. Сонымен бірге, мақалдарға құрамының тұрақтылығы жөнінен тұрақты сөз тіркестері жақын келеді, бұлар да ерте кездері қалыптасқан, тілдің ішкі заңдылықтарына сүйенетін алайда .
Мақалдарға қарағандакөлемі қысқа, әрі ой аяқталамайды. Ал мақал -мәтелдер керсінше толық мағыналы, ойы түйінді болып табылатын сөз өрнегі.
Мақал және мәтел атауларын ажыратып, мәндерін ашып түсіндірген келесі тіл маманы, жазушы Ахмет Байтұрсынов болады. Ол « сөз өнерінің ғылымы » және « Қара сөз бен дарынды сөз жүйесіне » тоқтай келіп, оларды өрнекті сөйлемдер, шешен сөз, дарынды сөз, ділмәр сөз деп бөледі де, әр қайсысына жеке - жеке тоқтайды. Солардың ішінде мақал мен мәтелге ерекше орын беріледі. «Мәтел. Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кезегімен айтылатын белгілі - белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан
ақиқат ретінде айтылады » . (5. 250) Көрнекті түркологтың мақал мәтелге берген бұл анықтамасы қысқа болса да, мазмұны өте тереңде жатыр.
Мәлік Ғабдуллин :« . . . Мақал үлкен толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ал мәтелдерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдер, көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы. » ( « Көппен көрген ұлы той », « Құрыққа сырық жалғап », « Қызым саған айтам, келінім сен тыңда », « Тілге тиек жасап », « Ханнан қазық, биден тоқпақ » т. б. ) ретінде қолданылады. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады ». (9. 78) -деп жазды.
« Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде » : « Мақал - үлгі - өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал деп қысқа, образды ұйқасты, тұжырымды нақал сөздердің тізбегін айтамыз. Мақал сөздің атасы, уәде - ердің опасы. ( Мақалдама ) . . . Мәтел - тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз. »
( 1. 102) « Мақал - халықтың көп ғасырлық тәжірибесі көрініс тапқан, ритмикалық жағынан ұйымдасқан қысқа, тұрақты сөз тіркестерінен құралған, ғибрат аралық нақыл сөз. Мақалдың басты белгілері: аяқталған ( жай я құрмалас ) сөйлем түріндекездеседі; біршама пайымдауды білдіреді; тура және ауыспалы мағынада болады;
қарапайым сөйлемнен дәрежесі биік, әдеттегідей, полисемия тудыра алмайды . . . Мәтел - фразалық тұрақты сөз тіркестерге қарағанда, граммактикалық құрлымы бар, ғибрат аларлық, қысқа, нұсқа сөз, көркем бейнелі сөз . » ( 4. 389)
Шындығында келгенде, мақалдар - терең ой мен көркем сөздің түйіскен ең жоғарғы нүктесі. Бұл пікірді ойшылдардың, ғалымдардың
айтқан сөздері дәлелдей түседі. « Пармеологический сборник » атты еңбекте Сервантес мынадай түсіндірме береді : « Пословицы - короткие изречения выведенные из долгого опыта. » Осы тақырыпта Бертран Рассел болса, « Пословицы - мудрость многих остроумие одного » -деп ой бөліседі.
Орыстың атақты тілшісі В. И. Даль «Пословицы русского народа» кітабында былай деп қысқа әрі ұғымды түсіндірме береді : « Поговорка, народному же определению, цветочек, а пословица - ягодка ».
« Разница между поговоркой и пословицей заключается в следующем : поговорка - это обычно такое сочетание слов, которое выражает понятие, т. е. обладает лишь номинативной функцией. Пословица, в отличие от поговорки, выражает законченное суждение. Общее в поговорках и пословицах то, что они в большинстве случаев образны по своей природе. Например: adding fuel to fire ; as mad as a March hare ; an ass in lion’s skin ; to put all one’s eggs in one basket ; to be more sinned against than sinning и др. » деп атап көрсетеді. И. Р. Гальперин өзінің « Очерки по стилистике английского языка » кітабында.
Ары қарай ол мақалдың мәтелден айырмашылығы - мақал аяқталған, толықтырып, ан ойды білдіреді. Мұнда азамат баласының жылдар бойы жинақталған тәжрибиесі орын алады, ал халықтың мақсаты, айтқысы келген ойы әрдайым түсінікті болады. Сөйлемде мақал мен мәтел түрлі сөйлеу стилінде қолданылуы мүмкін, бірақ та олардың қызметінде айырмашылық мүлдем жоқ десе де болады. Мысалы ретінде мына сөйлем беріледі:
" As the last straw breaks the laden camel’s back this piece of underground information crushed the sinking spirits of Mr. ( Ch. Dickens) .
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні » болған осы бір мақал -мәтелдер - « аө сөзде көп мағына » болсын деген талапқа сай жасалған, айрықша мәнерлі сөз өрнгегі . Халықтың мақал - мәтелдерді жасау өнері мен шеберлігін « ағаштан түйін түйген » шеберлікпен бара - бар десе болады. Оладың құрылысынан поэзияға тән ұқсас та, ырғақ та, үндестік те табылады. Орны табылып қолданылған әрбір мақал мен мәтел айтылатын ойды мазмұн жағынан логикаландыра, түр жағынан көріктендіре, ажарлындыра түседі. Сондықтан да халық : « Сөздің көркі - мақал, жүздің көркі сақал », « Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді » дейді. ( 2. 179 )
Алайда әу баста мақал - мәтелдердің де өз авторы, құраушысы болған, олар - халықтың көкейіндегі ой - армандарды, көкейкесті мәселелерді өз шығармаларында қолданылған ақын - жазушылар мен тілі жүйрік шешен адамдар.
Жалпы, түркі мақал - мәтелдері өз бастауын ескі ойшылдардаң, даналардың, шешендердің сөздерінен алған. ( 19. 12 )
Ағылшын шешендік өнері де тамырын тереңге жайған өз құдіретінен нәр алып, өсіп - өнген, өзіндік ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген ұлы құбылыс. Қазақ қоғамында да шешендік өнер ретінде мақал - мәтелдің алатын орны ерекше . Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, халықтың өмір жолын сәулелендіру жолында, халықтың сан ғасырлық тәжрибесінде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақал - нақыл өсиет - насихатқа толы, отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздік толғамының танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша. Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге, суырып
салма ақындық өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі аталы да баталы, нақыл қомақты ойлары жөнінде өзіміз де өзгелерге де таңдай қағып айтудамыз.
Ағылшын тіліндегі мақал “ proverb ” негізгі латын тіліндегі “ proverbium ” сөзінен шыққан, ол сөз тізбектері, яғни сөздің ең нәрлі түйінін білдіретін ұғым.
Оның жалпы мағынасы “ pro ” - алдынғы және “ verbium” - сөз дегенді білдіреді.
Мақал - мәтелдер ауызша әдебиеттің куәсі. Мақалдарды қолдана жазған ескі жазба ескерткіштерінде мақал - мәтелдердегі грамматикалық ережелерді көрсетіп кеткен, және бұл б. ғ. д. 2500 жылдардағы Ежелгі Мысыр топтамаларында да кездеседі. Мақал -мәтелдер Ежелгі Қытайдағы педагогикалық жазуларда, Үндістанның Веда трактаттарында да ұшрасады. Батыста ең танымалы - Інжілдегі “ Book of Proverbs ” ( Мақал - мәтелдер кітабы ) . Мұндай Сүлеймен патшамен байланысты даналық сөздер қолданылады және олар нақтырақ айтқанда тіпті ерте дәуірлерден бастау алған.
Ағылшын тіліндегі алғашқы мақал - мәтелдер топтамас “ Proverbs of Alfred ” ( Х ІІ ғ ) , ал мақал - мәтелдерді салыстырмалы зерттеудегі еңбек 1515 жылы Роттердамдық Эрасмус жазған « Латын мақал -мәтелдері ». Сонымен қатар Рейдің еңбегін ( 1670ж. ) , Томыс Дрейкстің ( 1616ж. ) және 1700 жылдарыжарық көрген Бенжамин Франклинннің “ Poor Richard’s Almanack ” кітаптарын атап кетуге болады. ( 22. 7 )
Ағылшын және қазақ халықтарын жақын, тілдік, не болмаса тарихи - мәдени қатнастарындағы ұқсастықтары бар деп айта қою қиын, алайда түрік тілі керсінше бауырлас, әдебиеті, фольклоры, және мұнда қолданылатын кейіпкерлер тұрғысынан да жақындығы басым.
Жапы мақал - мәтелдерді салыстыра зеріктегенде, түркі тілдерінің шығу тегінің бір екендігіне көзің жетеді. Әрбір тіл халық, ұлт тілі болып қалыптсау дәуірінде фонетикалық, кейбір лексикалық өзгерістерге түскен. ( 1914 )
Халықтың сарқылмас мұрасы болып табылатын осы мақал -мәтелдердің зерттелуі сөзсіз қызығушылық тудыратын тақырып. Мақал - мәтелдерді зерттеу, жинақтау жолында В. В. Радлов еңбегін атап көрсетуге болады. Осыдан жүз жыл бұрын жазған « Түркі сөздігінде » ғалым қырғыз ( қазақ ) халқының осы сөз маржандарының тамаша үлгілерін келтіріп кетеді.
Әрине қазіргі мақал -мәтелдерге қарағанда айтарлықтай өзгеріс пен айырмашылықтар байқалады, яғни мақалдар лексикалық, фонетикалық және басқа да өзгерістерге ұшыраған.
Сол заманда бір мақал екі тармақтан тұратын болған:
Калаун тапса кар жанар
Калаун таппаса маіда жанмас . ( Kir V, I, 226 )
Ал қазіргі қазақ тілінде бірінші тармағы сақталған да, екіншісі қолданудан шығып қалған. Дегенмен, « қалауын таппаса май да жанбас » дегн тармақ бірінші тармақта толықтырлып, күшейтіп тұр. Өкінішке орай ауызекі айтуға ыңғайластырудың нәтижесінде, шұбалаңқылықтан қашып, бұл тармақты қалдырып кеткен. ( 2. 179 )
Сонымен қатар мақал - мәтелдердегі лексикалық та өзгерістерді байқай аламыз.
Мысалы : Төрт аяқтыда бота тату
Екі аяқтыда құрдас тату, - деген мақалдың екінші тармағындағы « құрдас » сөзі « бөле » сөзімен алмастырылған.
Сонндай - ақ тіл ғылымының ежелгі тарихына жүгінер болсақ, ХI ғасырда өмір сүрген көрнекті түріктанушы, этнограф, тарихшы ғалым Махмұд Қашқари еңбегінде төрт түлік малға, түр сипаты мен ені, таңбаларына т. б. қатысты атаулар мен тіркестер, даналық сөздер, мақал - мәтелдер көптеп келтірілген. Қашқаридің жазған атақты еңбегі : « Диуани - лұғат - ат - түрікте » түркі тілдес елдердің салт - дәстүрі мен тіршілік аясы, мәдениеті мен тіл біліміне таптырмас құнды мәліметтер енгізілген. Мұнда келтірілген көпшілік мақал - мәтелдер қазіргі күнге шейін туыс түркі тілдерінің қолданысында бар.
Insanin alasi icinde, hayvanin alasi dsindadir.
Bir karga ile kis gelmez.
Kus kanatin er atin. ( 15. 60 - 80 )
Кейінгі ғасырларда Қазақстан жері Ресейге қосылған заманда орыс ғалымдары қазақ жерін, географиясын мұқият зерттегені бәрімізгі мәлім. Сонымен қатар қазақ халқының тілі, мәдениеті мен әдебиеті зерттеу нысананының бірі болды.
Ұлтымыздың ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал - мәтелдері де XIX ғасырдың 70 - жылдарынан бастап жинақталып, баспа бетін көрген болатын. Қазақ мақал -мәтелдерін тізіп, баспаға жариялаған орыс ғалымдарының ішінен В. В. Радлов, М. Терентьев, Ф. Плотников, Н. И. Гроденов, А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, В. Катаринский т. б. атап өтуге болады.
Ал қазақтың өз мәдениет қайраткерлерінен орыс ғалымдары мен иықтаса, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, Әбубәкір Диваев және де басқалары ауыз әдебиеті нұсқаларына, соның ішінде нақыл сөздерге, мақал - мәтелдерге ерекше зер салып, жинап, реттеп, лоарға ғылыми баға берген болатын. Кейбір қазақ мақал -мәтелдерінің қағаз бетіне түсірілгендері Ш. Уәлиханов пен Березин архивтерінен табылды. XIX
ғасырдың орта шенінде жазылып алынған бұл қол жазбаларда қазақ халқының ондаған, жүздеген жылдар бұрын қолданған мақалдарды орын алған.
Орым ғалымдарының ішінде мақал - мәтелдерді жинақ етіп, іріктеп басып шығарғандардың ішінде В. Катаринский жинағы елеулі орын алады. Ол өзінің « Сборник киргизских пословиц » атты жинаққа мың жарымнан аса мақал енгізіп, төмендегідей бірнеше топтарға жіктеген.
1) Құдай, періште, тағы басқа діни ұғымдар;
2) Ел басшылары;
3) Адам жөнінде;
4 ) Әйелдер туралы;
5 ) Балалар;
6 ) Ата - ана; туысұан;
7 ) Білім, ғылым, ақыл туралы;
8) Сөз;
9 ) Еңбек ;
10 ) Жақсылық, жамандық;
11 ) Шындық және өтірік;
12) Байлық пен кедейлік;
13) Достық;
14) Денсаулық және ауру туралы;
15) Түрлі халықтар туралы;
16) Ұрлық;
17) Қонақ және саулық;
18) Жануарлар;
19) Үй, жеке мүлік;
20) Жолаушылық және түрлі жерлер туралы;
21) Жалпылама мақалдар; (14. 110 )
В. Ктаринский жинағы қазақ мақалдарының алғашқы белгілі бір жүйемен берген жеке, өте көлемді еңбек болды.
« Мақал - мәтелдерді үйренудің екі себебі бар », дейді ғалым Эндрию Чивет 1896 жылғы өзінің мақал -мәтелдердің тарихи маңыздылығын зерттеген еңбегінде. Олар : біріншіден, мақал -мәтелдердің тәрбиелік мәні, ал екіншіден өткен халық өмірінің тарихи тіршілігін танып білу.
Джеймс Кели өзінің « Шотландия мақал - мәтелдер жинағы » ( 1721 ж) еңбегінде 3000 - нан астам мақалдар қолданды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz