Қаржы менеджменті. Оқу құралы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Өсербайулы С., Қалымбекова Ж. Қ.

Қаржы менеджменті

Оқу құралы

Алматы, 2007

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Экономика және бизнес факультетінің Ғылыми Кеңесі ұсынған

Пікір берушілер:

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Ибришев Н. Н.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Құбаев Х. Е.

Өсербайулы С., Қалымбекова Ж. Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы - Алматы, ЭБФ, ОЛ 2007

Оқу құралында қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен базалық тұжырымдамалары, корпорация қаржы көздерін (меншікті, қарыз қаражат, тартылған) қалыптастыру, оларды мақсатты түрде пайдалану және оңтайлы қаржылық шешімдер қабылдау, сондай-ақ қаржылық әдістер мен құралдарды тиімді қолдану т. б. сұрақтар қарастырылған.

Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының бакалаврлары мен магистранттарына, оқытушыларына т. б. қаржы мамандарына арналған.

Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
:
: 1. тарау.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің мәні және оны ұйымдастыру негіздері
:
: 1. 1.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің мәні және оны ұйымдастырудың негізгі қағидалары
:
: 1. 2.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің мақсаттары мен міндеттері
:
: 1. 3.
Кіріспе: Қаржы менеджментін басқарудың объектілері мен субъетілері
:
: 1. 4.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің атқаратын қызметтері (функциялары)
:
: 2 тарау.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және коэффициенттер жүйесі
:
: 2. 1.
Кіріспе: Қазіргі кездегі қаржы менеджментінің құрылымы
:
: 2. 2.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары
:
: 2. 3.
Кіріспе: Қаржы менеджментінде қолданылатын коэффициенттер жүйесі
:
: 2. 4.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің механизмдері
:
: 3 тарау.
Кіріспе: Кәсіпорынның ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерін қалыптастыру мен тиімділігін анықтау
:
: 3. 1.
Кіріспе: Қаржыландыру көздерінің мәні, құрамы және жіктелуі
:
: 3. 2.
Кіріспе: Қаржы тұтқасының нәтижесін анықтау
:
: 3. 3.
Кіріспе: Қаржылық инвестиция жобасының тиімділігін анықтау
:
: 4 тарау.
Кіріспе: Корпорациялық тәуекел мен табыстылықты бағалау
:
: 4. 1.
Кіріспе: Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау моделі
:
: 4. 2.
Кіріспе: Қаржылық активтерді талдау мен бағалау әдістері
:
: 4. 3.
Кіріспе: Арбитражды баға құру теориясы
:
: 5 тарау.
Кіріспе: Бюджеттеу үдерістері
:
: 5. 1.
Кіріспе: Бюджеттерді құру мен оның мақсаты
:
: 5. 2.
Кіріспе: Бюджеттеу кезеңдері
:
: 5. 3.
Кіріспе: Бюджеттердің негізгі түрлерінің мазмұны
:
: 6 тарау.
Кіріспе: Қаржылық жоспарлау және болжамдау
:
: 6. 1.
Кіріспе: Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
:
: 6. 2.
Кіріспе: Қаржылық жоспарлаудың түрлері
:
: 6. 3.
Кіріспе: Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың түрлері
:
: 7 тарау.
Кіріспе: Қаржы менеджментінің арнайы аспектілері
:
: 7. 1.
Кіріспе: Корпорацияны қайта ұйымдастырудың түрлері
:
: 7. 2.
Кіріспе: Қосылудан кейінгі басқару мен бақылау жүйесі
:
: 7. 3.
Кіріспе: Корпоративтік қосылудың кейбір формалары
:
:
Кіріспе: Әдебиеттер
:

Кіріспе

ҚР-да нарық қатынасының қалыптасуы мен дамуы жағдайында жалпы қаржыны, сонымен қатар салалық және корпоративтік қаржыларды басқаруды жетілдіру аса күрделі, әрі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай корпорациялар мен ұйымдардың және қаржы-несие мекемелерінің қаржы менеджерлерін дайындауда жоғары оқу орындарында қаржы менеджменті пәнін оқытудың теориялық және практикалық тұрғыдан маңызы өте зор.

Қаржы менеджменті-қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қалыптасуы, оны тиімді, әрі тиісті мақсаттарға пайдалану, ақша қаражаттарының айналымын, қаржылық қарым-қатынастарды ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі басқару әдістері мен басқару шешімдерін іске асыратын жүйе ретінде қарастырылған.

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі қаржыны басқарудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін, қаржылық құралдармен қамтамасыз ету арқылы қаржы менеджментін қалыптастырып, оны дамытуды көздейді.

Бұл оқу құралының мақсаты студенттерге корпоративтік қаржы ресурстарын бақылаудың ерекшеліктерін ескере отырып, оны жетілдірудің әдістері мен механизмдерін тиімді пайдалануды және оңтайлы басқару шешімдерін дайындауды үйрету. Сондай-ақ қаржы менеджментінің теориялық және әдістемелік тұрғылары, базалық тұжырымдамалар мен қаржылық көрсеткіштер, корпорация капиталдарының (меншікті, қарыз қаражаттары, тартылған) негізгі құралы мен құрылымын оптимизациялау, бюджеттеу үдерістері, негізгі және айналым активтерін рациональді пайдалану, корпоративтік-қаржылық тәуекелдер, инвестициялық шешімдер қабылдау т. б. мәселелерді қамтыған.

Қаржы саласында жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының тым аз екенін ескерсек, аталған оқу құралы мемлекеттік тілде дайындалған еңбектердің алғашқыларының бірі деп қараған жөн. Сондықтан бұл оқу құралы барлық тақырыптарды толық қамти алмады, ол алдағы атқарылатын іс деп есептейміз

Аталған оқу құралы басқа да арнайы қаржы пәндерімен тығыз байланысты жазылған, олар: “Қаржы теориясы”, “Корпоративтік қаржы”, “Ақша, несие және банк”, “Бухгалтерлік есеп”-т. б.

Бақылау сұрақтары мен ұсынылған әдебиеттер тізімі студенттердің қаржы менеджменті пәнін жете меңгеруіне көмектеседі деп білеміз.

1 тарау. Қаржы менеджментінің мәні және оны ұйымдастыру негіздері

  1. Қаржы менеджментінің мәні

Қаржы менеджменті өзінің жүзжылдық тарихында зерттейтін мәселелерінің көлемін барынша кеңейтті. Егер ол жаңадан пайда болған кезде негізінен жаңа фирмалар мен компаниялар құрудағы қаржылық сұрақтарды қарастырған болса, кейін келе банкроттық және қаржылық инвестицияларды басқару мәселелерін де қамти бастады. Ал қазіргі кезде ол кәсіпорын қаржысын басқарудың барлық бағыттарын қарастырады. Соңғы жылдары дербес білім салаларына қатысты, яғни қыржылық талдау, инвестициялық менеджмент, тәуекел менеджменті, банкроттық қауіптілігі жағдайында кәсіпорынды дағадарысқа қарсы басқаруда қаржы менеджментінің бірқатар проблемалары етек ала бастады.

Елімізде тиімді қаржылық менеджмент тәжірибесі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген обьективті экономикалық қиыншылықтармен бетпе-бет келе отырып, нормативті қаржылық базаның кемелденбеуінен, экономикалық дағдарыс шарттарында мамандар дайындығының жеткіліксіз деңгейде болуы себебінен әлі де тек құрылу, қалыптасу сатысында ғана.

Қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Қаржы менеджменті өз алдына кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану, сонымен қатар олардың ақша құралдарының айналымымен байланысты басқару шешімдерін жетілдіру және тарату әдістері мен қағидаларының біртұтас жүйесін білдіреді.

Кәсіпорынның қаржылық іскерлігін тиімді басқаруды бірқатар қағидалар қамтамасыз етеді. Олардың ішіндегі негізгілері келесілер:

1. Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен интеграциялануы (бірігуі) . Кәсіпорын қызметінің қандай сферасында болмасын қабылданған басқару шешімі тікелей немесе жанама түрде ақша ағымының қалыптасуына және қаржы қызметінің нәтижесіне әсер етеді.

2. Басқару шешімдерінің қалыптасуының кешенді сипаты. Бұл қағида бірінші қағидамен сабақтас. Мысалы: жоғары табысты қаржы инвестицияларын құру өндірістік іскерлікті қаржыландыруда тапшылық тудыруы және соның салдары ретінде өндірістік табыс көлемін, яғни меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру әлеуетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан да қаржы менеджменті әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық іскерлігінің жалпы нәтижелілігіне өз үлесін қосатын, бір-біріне тәуелді басқару шешімдерінің зерттемесін қамтамасыз ететін кешенді басқару жүйесі ретінде қарастырылуы тиіс.

3. Басқарудың жоғары серпінділігі. Әрқашанда алдыңғы кезеңде құрастырылған және таратылған қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және ақша айналымын оптимизациялау саласында құралған тиімді басқару шешімдері әрқашанда кәсіпорын қызметінің келесі сатыларында қайта қолданыла бермеуі мүмкін. Бұл өндірістің ішкі, әсіресе сыртқы факторларының өзгеруімен байланысты.

4. Жеке басқару шешімдерін өңдеуге көпнұсқалық әдістеме. Әрбір басқару шешімдеріне қаржы ресурстарын қалыптастыру және қолдану аумағында дайындау және ақша айналымы оптимизациясы әрқашанда әрекеттің баламалы мүмкіндігін ескеруі керек.

5. Кәсіпорынның даму мақсаттарын стратегиялық бағдарлау. Ағымдағы мерзімде қаржы қызметі аясында басқару шешімдерінің жобалары қандай да бір тиімді болмасын, егер олар кәсіпорынның негізгі мақсатымен, яғни кәсіпорынның алдағы кезеңдегі дамуының стратегиялық бағыттарымен қарсы келіп, ішкі қаржы көздері есебінде меншікті қаржы ресурстарының үлкен көлемінің қалыптасуының экономикалық базасын бұзып, қарама-қайшылыққа түссе ондай жобалардың қабылданбауы қажет.

  1. Қаржылық менеджментінің мақсаттары мен міндеттері.

Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты - бұл ағымдағы және болашақ кезеңде кәсіпорынның меншік иелерінің әл-ауқатын максималдауды қамтамасыз ету. Кәсіпорынның нарықтық құнын максималдауды қамтамасыз етуде олар иелерінің түпкі қаржылық мүдделерін жүзеге асырады.

Аталған мінездеме “ең негізгі мақсат - бұл пайданы молайту” деген жалпыға таралған оймен қарама-қайшылыққа түседі. Кәсіпорынның нарықтық құны әрқашанда пайда жоғарылаған сайын міндетті түрде өсе бермейді. Егер, мысалы, алынған жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсатына жұмсалып, нәтижесінде кәсіпорын өзінің дамуына қажет меншікті қаржылық ресурстардың негізінен қалыптасу көзінен айрылып қалса, ал дамыған кәсіпорын өзінің бәсекелестік қабілетін жоғалтады, бұл оның нарықтық құнының немесе нарықтағы акция құнының төмендеуіне әкеледі. Бұған қоса қаржылық тәуекелдің жоғары деңгейінде және алдағы кезеңдегі банкроттылық қаупі жағдайында кәсіпорын жоғары пайдаға жете алады, алайда бұл да кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне негізделеді. Сондықтан нарық шарттарында пайданы молайту қаржылық менеджменттің басты, бірақ нгізгі емес міндеттерінің бірі болып табылады.

Қаржы менеджменті өзінің негізгі мақсатын тарату үдерісінде келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Алдағы кезеңде кәсіпорын дамуына қатысты міндеттерге сәйкес қаржылық ресурстар көлемінің жеткілікті қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл мақсат кәсіпорынның алдағы кезеңдегі қаржы ресурстарындағы жалпы қажеттіліктерін анықтау жолымен тартылған меншікті қаржы ресурстарын сыртқы құралу көздер есебінен барынша көбейту, меншікті қаржы көздерін қалыптастырудың ішкі құралу көздер есебінен мақсаттылығын анықтау, қарыз қаржы құралдарын тартуды басқару, қаржы капиталының құралу көздері құралымын оптимизациялау сияқты істерді жүзеге асырады.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытындағы қаржы ресурсының қалыптасқан көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының қалыптасқан көлемін бөлшектеуді оптимизациялау - бұл кәсіпорын өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына жұмсалуының қажетті пропорционалды түрде тағайындалуын, кәсіпорынның мүлік иелеріне инвестицияланған капиталға қажетті табыс деңгейінің төлемін және тағы басқаларды қалыптастырады. Қаржы ресурстарының қалыптасқан көлемін тиімді пайдалану процесі кезінде кәсіпорын дамуының стратегиялық мақсаты мен салынған қаражаттар қайтарылымының мүмкін болатын деңгейін ескеру қажет.

3. Ақша айналымын оптимизациялау. Бұл тапсырма кәсіпорын ақша қаражаттарының айналым шеңбері процесіндегі ақша ағынын тиісті басқару арқылы, әр жеке кезеңдердегі ақша қаражаттарының түсімі мен жұмсалу көлемін синхронды қамтамасыз ету арқылы, олардың айналым активтерінің қажетті өтімділігін қолдау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бос ақша қаражаттар қалдығы инфляциядан қорғану үшін ең аз көлемде болуы қажет.

4. Қаржылық тәуекелдің қарастырылып отырған деңгейінде кәсіпорын табысының максималдығын қамтамасыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорын активтерін тиімді басқару олардың құрамы мен көлемін оптимизациялау арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты кәсіпорын экономикалық даму мақсаттарына жету үшін баланстық пайданы емес, ал өз иелігіндегі, салықтық, амортизациялық және дивиденттік тиімді саясат жүргізуді талап ететін таза пайданы максималдау қажет.

5. Пайданың қарастырылып отырған деңгейінде қаржылық тәуекелділік деңгейін минималдауды қамтамасыз ету. Бұл тапсырма жеке операцияларға, сонымен бірге қаржы қызметіне толықтай тән қаржы тәуекелділігін тиімді басқару жолымен жүзеге асады. Бұл басқару үдерісі қаржылық тәуекелдің жеке түрлерін, олардың профилактикасы мен минималдылығы, ішкі және сыртқы сақтандырудың тиімді формасын бағалауды қарастырады.

6. Кәсіпорынның даму үдерісіндегі тұрақты қаржылық теңсіздігін қамтамасыз ету. Мұндай теңсіздік кәсіпорын дамуының барлық сатыларындағы төлем қабілеттілігі мен қаржы тұрақтылығының жоғары деңгейімен көрсетіледі және де капитал мен активтерінің оптималды құрылымының қалыптасуымен, әртүрлі қаржы көздері есібінде қалыптасқан қаржылық ресурстар көлемінің тиімді пропорциясымен, инвестициялық қажеттіліктерді қаржыландырудың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз етіледі.

Қаржы менеджементінің қарастырылған барлық тапсырмалары бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да қаржы менеджменті процесінде жеке тапсырмалар мақсатқа жету үшін өзара оптимизацияланады.

Аталғандар есебінде қаржы менеджментінің тапсырмалар жүйесін келесідей жалпы оптимизациялау тапсырмалары түрінде әлдеқайда сыйымды қалыптастыруға болады: яғни кәсіпорын дамуының әр сатысында жетістікке жету, басқару шешімдерін қабылдау үдерісінде тәуекел және пайда деңгейлерінің қатынасын оптимизациялау мен кәсіпорынның жеткілікті қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы оның нарықтық құнын молайтуға болады.

1. 3. Қаржылық менеджментті басқарудың обьектілері мен субьектілері.

Қаржы менеджменттің басқару жүйесі басқа басқару жүйелері сияқты басқарудың анықталған обьектісінің болуын қарастырады. Басқаудың мұндай обьектісіне кәсіпорынның қаржысы және оның қаржылық әрекеттері кіреді. Қаржылық менеджментті жүзеге асыру ерекшелігінің бағытынан кәсіпорында жеке белгілері бойынша жіктеу қажеттілігі туады. Оның белгілері:

1. Меншік формасы бойынша. Кәсіпорын мемлекеттік меншік формасы. Оның ерекшеліктеріне келесілер жатады: жарғылық капиталының құрамына негізгі құралдардың жоғары үлесі мен құрал-жабдықтардың ескірген қаржы ресурстарын жаңадан қалыптастыруда мемлекеттік қолдауға иек арту.

Кәсіпорын мемлекеттік емес меншік формасы. Жоғары дәрежеде өтпелі экономика шарттарында шаруашылық әрекеттерге негізделген, бірақ оларды мемлекеттік қаржылық қолдау іс жүзінде нөлге жақын.

2. Қызметтің ұйымдастырушылық - құқықтық формасы бойынша.

Жеке кәсіпорын. Бұл шетел тәжіоибесінде бұқаралық болып табылғанмен біздің елімізде әлі кеңінен таралған жоқ. Қаржылық қызмет көлемі бойынша минималды және ол негізінен операциялық процестерге қызмет көрсетумен байланысты болады.

Серіктестік кәсіпорын. Бұл жауапкершілігі шектеулі қоғам формасы ретінде елімізде кеңінен таралған. Жеке кәсіпорынмен салыстырғанда бұлар қаржылық қызметтің бөлшектенген формасымен және қаржылық басқарудың өзінділігімен ерекшеленеді.

Корпоративтік кәсіпорын. Акционерлік қоғамның ашық және жабық формасы бойынша құрылады (кейде шетел капиталының қатысуымен) . Ерекшелігі, сыртқы көздерден қаржы ресурстарын қалыптастыруда кең мүмкіндіктің болуы болып табылады.

3. Салалық белгілері бойынша. Саланың әсер ететін классификаторына сәйкес бөлінеді. Қаржылық әрекет саланың ерекшелігіне байланысты көрсетіледі.

4. Меншік капиталының мөлшері бойынша. Аз, орташа, үлкен, ірі болып бөлінеді. Жіктеменің сандық критерийлері әр түрлі факторлар серпінді өзгеріске тез ұшырағыш болады және құралу көзден екіншісіне беріліп отырады.

5. Нарықтағы монополиялық жағдайы бойынша:

  • табиғи монополистер;
  • өз нарық сегментінде өнімдерді тарату үлесі бойынша монополистер;
  • бәсекелесуші кәсіпорын.

Қаржылық менеджменттің негізгі ерекшелігі монопольды баға белгілеу механизмін қолдану негізіндегі шығындар есебінен меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың әлеуетті мүмкіндігінде құрылады.

6. Кәсіпорынның өмірлік цикл стадиясы бойынша (туылуы, балалық шағы, жастық шағы, ерте ержету, қартаю) . Ерекшелігі - инвестициялық қажеттіліктің әр түрлі деңгейінде және қарыз капиталын тарту мүмкіндігінде, сонымен қатар қаржы тәуекелдері деңгейінде құрылады.

1. 4. Қаржылық менеджментінің атқаратын қызметтері (функциялары)

Қаржы менеджменті өзінің басты мақсаттары мен негізгі міндеттерін анықталған функциялар арқылы жүзеге асырды. Бұл функциялар қаржы менеджментінің кешенді мазмұнымен белгіленген негізгі 2 топқа бөлінеді.

1. Қаржы менеджментінің функциялары басқару жүйесі ретінде. Бұл функциялардың құрамы оның ерекшелігін ескере отырып менеджменттің кез-келген түріне қатысты сипаттама.

2. Қаржы менеджментінің функциялары кәсіпорынды басқарудың арнайы нысаны ретінде. Бұл функцияның құрамы қаржы менеджментінің нақты обьектісімен анықталады.

Қаржы менеджментінің негізгі функцияларының мазмұнын жеке топтарға бөліп қараймыз.

Қаржы менеджментінің басқару жүйесі ретіндегі функциясы тобына негізгі болып келесілер кіреді:

1. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау. Осы функцияны жүзеге асыру барысында мақсат жүйелері және ұзақ мерзімді кезеңге қаржылық қызметтің мақсаттылық көрсеткіштері қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы оның экономикалық дамуында жалпы стратегияның негізгі ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

2. Кәсіпорын қаржылық қызметінің барлық тұрғылары бойынша басқару шешімдерін жүзеге асырумен және қабылдаумен қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымның құрылуы. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында қаржылық қызметтерге бағытталған кәсіпорынның функционалды ауыспалы шарттарына осы ұйымдық құрылымның тұрақты бейімделуін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, бұл құрылымдар, кәсіпорынды басқарудың жалпы ұйымдық құрылымында интегнациялануы қажет.

3. Басқару шешімдерінің баламалы нұсқасының негізделуін қамтамасыз ететін тиімді ақпаратты жүйелерін қалыптастыру. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында қаржы менеджментінің көлемі және мазмұны анықталады; осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақпараттың ішкі және сыртқы құралу көздері қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының және қаржылық нарықтың коньюктурасы ұйымдастырылады.

4. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің әр түрлі тұрғыдан талдауының жүзеге асуы. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында жеке қаржылық операциялардың жедел және тереңдетілген талдауы; кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің қаржылық қызметінің нәтижелері; кәсіпорынның бүтін және бөлшектелген жеке бағыттары бойынша қаржылық қызметтің жинақталған нәтижелеріне талдау жүргізіледі.

5. Кәсіпорынның негізгі бағыттары бойынша қаржы қызметін жоспарлауды жүзеге асыру тарату функциясымен - стратегиялық жоспар зерттемесі, сонымен қатар қаржылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша ағымдағы жоспар және оперативті бюджет жүйесі, кәсіпорынның әр түрлі құрылымдағы бөлімшелері мен бүтіндей кәсіпорын бойынша жетілдіру бір-бірімен тығыз байланысты.

6. Қаржылық қызметтің басқару шешімдерін қабылдауда нақтылы ынталандыру жүйесін жасау. Бұл функцияны атқару кезінде басшылар, құрылымдық бөлімше т. б. бойынша мадақтау мен жауапкершілігін белгілеу қарастырылады.

7. Қаржылық қызмет нысанында қабылданған басқару шешімдерін іске асыру үшін тиімді бақылауды жүзеге асыру. Бұл функцияны жүзеге асыру кәсіпорында ішкі бақылау жүйесінің құрылуымен, жеке қызмет және қаржы менеджерлерінің бақылау міндеттері бойынша бөлінуі, бақыланатын көрсеткіштер мен белгілі мерзім жүйесінің анықталуымен, жүзеге асырылған бақылау нәтижелеріне оперативті әсер етумен байланысты.

Қаржылық менеджменттің функциясының кәсіпорын басқарудың арнайы нысаны ретіндегі негізгілер болып келесілер табылады:

1. Активтерді басқару. Басқарудың бұл функциясы активтердің жеке түрлеріне қажеттіліктің пайда болуы және олардың бүтіндей сомаларының анықталуы, актив құрамын оптимизациялау, айналымдағы активтердің жеке түрлері өтімділігінің қамтамасыздандырылуы және олардың айналым циклының формасы мен көздерін құру болып табылады.

2. Капиталды басқару. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында кәсіпорын активтері қалыптасатын капиталды қаржыландыруға арналған жалпы қажеттілік анықталады; капитал құрылымын жетілдіру; өтімді активтердің түрлеріне сай капиталды қайта қаржыландыру бойынша шаралар жүйесі жетілдіріледі.

3. Инвестицияларды басқару. Оның функциялары келесілер: кәсіпорын инвестициялық қызметінің маңызды бағытының қалыптасуы; жобалардың инвестициялық тартымдылық бағасы және өте тиімді сұрыптау, шынайы инвестициялық бағдарламалар мен инвестициялық портфельдің қалыптасуы.

4. Ақша ағымын басқару функциялары келесілер: кіргізілген және шығарылған ақша ағындарының қалыптасуы; уақытша бос ақша активтерінің қалдықтарын тиімді пайдалану.

5. Қаржылық тәуекелдерді басқару. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында қаржы тәуекелдерінің негізгі құрамдары, мүмкін болатын қаржы жоғалту көлемі мен олардың деңгейінің бағасы пайда болады, профилактикалық шаралар жүйесі және жеке қаржылық тәуекелдердің минимизациясы, сонымен қатар оларды сақтандыру жүйелері қалыптасады, банкроттық қауіптілік деңгейі болжанады.

Осы функциялардың әрқайсысы қаржылық басқарудың обьектісі және қаржылық қызметінің негізгі формалары ретінде кәсіпорын ерекшелігі мен олардың мақсатын бағыттайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы менеджментінің экономикалық мәні неде?

  1. Қаржы негізгі қағидаларына сипаттама беріңіз?
  2. Қаржы менеджментінің мақсаттарын атаңыз?
  3. Қаржы менеджментінің міндеттері нені көздейді?
  4. Қаржы менеджментінің объектісіне нелер жатады?
  5. Қаржы менеджментінің субъектісіне нелер жатады?
  6. Қаржы менеджментінің атқаратын қызметтеріне мінездеме беріңіз?

2 тарау. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және коэффициенттер жүйесі

  1. Қазіргі кездегі қаржы менеджменті және оның құрылымы

Қаржы менеджментінің әдістері келесілерді бағалауға мүмкіндік береді:

  • қандай да бір іс-шараларға ақша салудың тиімділігі мен тәуекелділігі;
  • фирма жұмысының тиімділігі;
  • капитал айналымының жылдамдығы және оның өнімділігі.

Қаржы менеджментінің мақсаты жалпы фирманың немесе оның бөлек өндірістік-шаруашылық бөлімдерінің көздеген мақсаттарына жету үшін қаражаттар мен құралдарды, түрлі әдістерді тәжірибеде қолдана білу. Ондай мақсаттарға келесілерді жатқызуға болады:

  • максималды пайда табу;
  • жоспарлы кезеңде тұрақты табыс мөлшеріне қол жеткізу;
  • фирма салымшыларының және басшылық құралының табыстарының көбеюі;
  • фирма акциясының бағамының жоғарлауы, т. б.

Сондай-ақ бұл мақсаттардың барлығы фирма салымшылары мен иемденушілерінің табыстарының жоғарлауына негізделген.

Қаржы ресурстарының ағымын келесідей ақша қаражаттары құрайды:

  • фирманың қаржылық-шаруашылық әрекетінің негізінде алынған қаржылар;
  • қаржы нарығында акция, облигация сатудан, несие алудан түскен ақша қаражаттары;
  • қаржы нарығының субьектілеріне қайтарылған капитал үшін пайыз немесе дивиденттер түрінде берілетін төлемдер;
  • фирманың өндірістік-шаруашылық іскерлігін дамытуға арналған инвестицияланған және реинвестицияланған ақша қаражаттары;
  • салықтық төлемдерді төлеуге бағытталған қаражаттар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Менеджмент қызметі
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz