Органикалық дүниенің даму тарихы



Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген.
Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың — бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар;
1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.
Протерозой заманы. Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады, Тіршілік аса күшті қарқынмен дамып, прокариоттардан эукариаттар, біржасушалылардан көп жасушалылар пайда болды (қосарбетті қара). Олар негізінен су түбіне бекініп тіршілік етті. Теңіз, мұхит түбінде тіршілік ету ағзалар денесінің күрделенуіне, яғни дененің әр түрлі қызмет атқаратын бөліктерге бөлінуіне ықпал жасады. Өсімдіктер әлемінде балдырлар қаулап есіп, өркендеп, ортаға көп мөлшерде оттегін бөліп шығару арқылы жануарлардың судағы тіршілігін біршама жеңілдетті. Жер бетінде температура әлі де болса жоғары болғандықтан, тіршілік тек суда ғана жүріп жатты. Протерозойдың соңына таман жануарлар типтерінің басым көпшілігінің өкілдері пайда болды.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5
заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте
ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене
отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер
бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген.
Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының
тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың —
бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары
табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы
көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға
айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның,
амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері
артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына
жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар;
1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің
алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің
мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша
барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және
гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы
күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер
қалыптасты.
Протерозой заманы. Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу
әрекеті жүре бастады, Тіршілік аса күшті қарқынмен дамып, прокариоттардан
эукариаттар, біржасушалылардан көп жасушалылар пайда болды (қосарбетті
қара). Олар негізінен су түбіне бекініп тіршілік етті. Теңіз, мұхит түбінде
тіршілік ету ағзалар денесінің күрделенуіне, яғни дененің әр түрлі қызмет
атқаратын бөліктерге бөлінуіне ықпал жасады. Өсімдіктер әлемінде балдырлар
қаулап есіп, өркендеп, ортаға көп мөлшерде оттегін бөліп шығару арқылы
жануарлардың судағы тіршілігін біршама жеңілдетті. Жер бетінде температура
әлі де болса жоғары болғандықтан, тіршілік тек суда ғана жүріп жатты.
Протерозойдың соңына таман жануарлар типтерінің басым көпшілігінің өкілдері
пайда болды. Олардың қатарында ішекқуыстылар, буылтық құрттар, былқылдақ
денелілер, буынаяқтылар және желілілердің ең қарапайым өкілі, қандауырша
да болды.
Тіршілік біртіндеп геологиялық жағдайға айналды. Тірі ағзалар жердің
беткі қабатының құрылысы мен құрамын өзгертіп қана қоймай, оның үстіңгі
биосфера қабатын түзе бастады. Протерозой заманындағы негізгі ароморфоздар
мыналар еді: 1. Жануарларда екі жақтылық симметрия қалыптасып, соның
нәтижесінде, қорғаныштық қызмет атқаратын дененің арқа жағы, қоректену және
қозғалуға икемді бауыр жағы, сол сияқты алдыңғы және артқы бөліктері
ажыратылды. 2. Ең жоғары сатылы жануарлар — желілілер типінің алғашқы
өкілдері шықты. Оларда желі бұлшықеттерге тірек қызметін атқарды. 3. Түтік
тәрізденген орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы тіршілік әрекеттерінің
қарқынды жүруіне әсер етті. 4. Желбезек түрінде тынысалу мүшелері
қалыптасты.
Палеозой заманы. Бұл — ертедегі тіршілік заманы. Бұл заман 6 кезеңге
бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір және пермь (қосарбетті
қара).
Кембрий. Қоңыржай климаты бар кембрий дәуірінде тіршілік негізінен суда
болды. Құрлықта тек бактериялар мен көк-жасыл балдырлар тіршілік етті. Бұл
дәуірдің орта шенінде тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты
құрлықтың көп бөлігі су астынан босап шықты. Осы кезеңдегі айтарлықтай
ароморфоз ол өсімдіктердің құрлыққа шығуы. Алғашқы құрлық өсімдіктері
псилофиттер еді. Құрлықта тіршілікке бейімделу барысында ұлпалар мен
мүшелер түзілді. Өсімдіктердің құрылысы күрделеніп, одан ары псилофиттер
спора арқылы көбейетін жоғары сатылы өсімдіктермен алмасты. Ылғалы мол жылы
климат жағдайында шаңжапырақ, қырықбуын кең қанат жайып, қарқынды дами
бастады. Жануарлар әлемінде губкалар, былқылдақ денелілер, буылтық құрттар,
буын-аяқтылар өте көп болды. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі —
трилобиттер кең тарала бастады.
Ордовик біршама кембрий кезеңіне ұсас болды. Мұнда алуан түрлі жасыл,
қоңыр және қызыл балдырлар теңіз түбін қалың орман тәрізді алып жатты.
Көптеген шоғырлы ішекқуыстылардың жойылуы себепті маржан рифтері түзілді.
Басаяқты және бауыр-аяқты былқылдақ денелілер одан әрі дами түсті.
Силур кезеңінің соңын ала климат өзгеріп, тау түзілу әрекетінің қауырт
жүруіне байланысты құрлықтың көлемі артты. Силур теңіздерінде
тікентерілілер, сауытты балықтар пайда болды (140). Бұл дәуірдегі ең ірі
ароморфоз буынаяқтылардың құрлыққа шығуы еді. Алғашқы құрлықтық жәндік —
өрмекшілер болды.
Девон кезеңінде климат одан әрі құрғап, теңіздердің көлемі азайып,
тіпті шөл және шөлейт жерлер пайда бола бастады. Теңіздерде сауытты
балықтар азайып, кәдімгі шеміршекті және сүйекті балықтар шықты. Олардың
ішінде қостынысты және саусаққанатты балықтар кішігірім суларды мекендеп,
құрлыққа жақын жерлерде тіршілік етті. Девонның аяқ кезінде алып, ағаш
тәрізденген шаңжапырақ пен қырықбуындардан тұратын ну ормандар құрлық бетін
түгелдей алып жатты. Жануарлар әлеміндегі келесі ароморфоз қосмекенділердің
құрлыққа шығуы болды.
Тас көмір кезеңінің жылы және ылғалды климаты құрлық өсімдіктерінің
қаулап өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Тас көмір ормандарының негізгі
өсімдіктері — спорамен көбейетін алып шаңжапырақтар, қырықбуындар мен
плаундар болды. Олардан кейін келе тұқыммен көбейетін шаңжапырақтар шықты.
Ылғалы мол жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Палеонтология тарихы
Психиканың қалыптасуы мен даму жолдары
Алғашқы эволюциялық теория
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Иван Шмальгаузен
Жасанды сұрыптау
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Ғылыми білімнің құрылымы
Пәндер