Turbo pascal жайлы мәліметтер



Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – TurboPascal. Американың Borland корпарациясының қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігмен құрастырылған. TurboPascal-дың түпнұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальді өңдеудегі А.Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде TurboPascal қазіріг заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналды. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. әрбір ЭЕМ алдын ала берілген алгоритммен, яғни берілген жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімідеп атаған жөн.
Алгоритм берілген есепті шығару реттелгенамалдар тізбегі ретінде келтіру. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. алгоритмді ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатынамалдардың айқын тізбегі. Ол реттелгенкомандалар тізбегінен тұрады.программа арнайытекст арқылы ЭЕМ-ге тапсырманың ретті кезегін хабарлайды.

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі –
TurboPascal. Американың Borland корпарациясының қызметкері Андерсон
Хейлсбергтің жетекшілігмен құрастырылған. TurboPascal-дың түпнұсқасы
швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль тілі программалауды алғаш
үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальді
өңдеудегі А.Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде TurboPascal қазіріг
заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналды. Оның логикалық
құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. әрбір ЭЕМ алдын
ала берілген алгоритммен, яғни берілген жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді
заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар
тізімідеп атаған жөн.
Алгоритм берілген есепті шығару реттелгенамалдар тізбегі ретінде
келтіру. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы
шығаруға болады. алгоритмді ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып
шығу керек.
Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде
жазу. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін
орындалатынамалдардың айқын тізбегі. Ол реттелгенкомандалар тізбегінен
тұрады.программа арнайытекст арқылы ЭЕМ-ге тапсырманың ретті кезегін
хабарлайды.

Теориялық бөлімі
Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш
нұсқасын 1970 жылы швейцария ғалымы Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді
алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Билз
Паскальдің құрметіне Паскаль деп атады, тіл атауын үлкен бас әріппен
жазылуын сұраған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқаулары жарық көреді. Солардың ішінде,
1983 жылы Borland корпорациясының талантты Андерсон Хейлсбергтің жасаған
жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие
болды. Оның бұл нұсқасы CPM операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың
басында MSDOS жүйесіне ауыстырғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да
арта түсті. Turbo Pascal-дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі
есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым
есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың
сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
Алгоритм –есепті шешу үшін орындаушыға біртіндеп, рет-ретімен
берілетін нұсқаулар жиынтығы. Алгоритм құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
сызықтық, тармақтану, қайталану (циклдік). Сызықтық алгоритмнің атында
тұрғандай, бұл алгоритм құрылымындағы нұсқаулар жазылу реті бойынша бірнен
кейін бірі сызықты түрде орындалады. Осы сызықтық алгоритмді Паскаль
тілінде программалау қалай жүргізілетінін қарастырайық.
Кез келген программаны құруда, программалаудың төмендегідей
кезеңдерін ескеріп, жұмыс жасаған ыңғайлы. Программма құру кезеңдері:
o Есептің математикалық қойылымын (математикалық моделін)
жасау;
o Есепті шешу алгоритмін жазу;
o Алгоритмге сәйкес программа құру, компьютер жадысына
енгізу;
o Программаның қатесін тексеру;
o Программа нәтижесін алу.
Алгоритмді компьютерге түсінікті формальді тілде жазу сатысын
программалау деп аталад. Програма деп – алгоритмнің компьютерге түсінікті
жазылуын айтамыз. Программаны компьютерге қолданатын алгоритмдік тілде
жазылған осы алгоритмді жүзеге асыратын жеке сөйлемдер тізбегі деп қарауға
болады.
Программаның негізгі сипаттамасы:
o Алынған нәтиженің дұрыстығы;
o Орындалу уақыты;
o Жадыдағы алатын орны немесе көлемі.
Кез келген программаның басты қызметі – берілгендерді өңдеу болып
табылады. Алғашық берілгендерді пернетақта көмегімен енгізуге болады.
Кейбір жағдайда алғашқы берілгендерді программа дискідегі файлдардан да оқи
алады.
Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделініп,
нәтижеге айналады. Алынған нәтиженің нақты әрі дұрыс болуы – программаның
басты сипаттамасы болып табылады.
Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе
айнымалы жатады. Програманың басында мәні анықталған және программаның
орындалу процесінде осы мәнге өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.
Turbo Pascal-да тұрақтылардың сандық, логикалық (булевтік),
символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және
бүтін сандар болады. Логкалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1
сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық тұрақты деп аталса,
символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан
тұрады.

Turbo Pascal Массивтер
Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (integer, real) және
қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін,
негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген
программалау есептернің шешімін табу барысында әрбір элементтерінің
деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау
анағұрлым тиімді болып табылады.
Массив дегеніміз – бірдей типті мәліметтердің жиыны, басқаша айтқанда
массив бір атауға біріктілген айнымалылардың реттік тізбегі.
Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері
нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс
істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер
массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі
индекс бойынша нөмірленеді.
Массив сипаттамалары:
o Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
o Көлемі – массив индекстерінің саны;
o Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
o Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін
міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде
сандар қолданылады.
Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды
сипаттау (var) бөлімінде хабарлаау қажет.
Жалпы жазылу түрі:
Type
Массив типінің атауы = array[индекс типі] of элемент типіж
Var
Массив атауы: массив типінің атауы;
Мұндағы:
массив типінің атауы – массив элементтерінің жиынын сипаттайды;
индекс типі – тізбектелген немесе шектелген типтерді көрсету;
элемент типі – массив элементтерінің типін көрсету.
Мысалы:
Type
GRUP=ARRAY[1..8] OF INTEGER;
VAR
A:GRUP;
Берілген мысалдағы массивтің әрбір элементімен жұмыс істеу үшін,
массив атауы және индексі берілуі тиіс. Массив индексі тік жақшаға алынып
жазылады, сол себепті массивтің кез-келген элементіне қатынас жасауға
болады.
Яғни берілген массивтің бірінші элементіне қатынас алу үшін массив
атауынан кейін бірінші индексті көрсету қажет: A[1]; массивтің екінші
элементіне қатынас жасау үшін: A[2]; ал А массивінің сегізінші элементіне
A[8].

A[1] A[2] A[3] A[4] A[5] A[6] A[7] A[8]

Берілген массивтің кезкелген элементтеріне арифметикалық
операцияларды, салыстыру және меншіктеу операторларын қолдануға болады.
сонымен қатар, массивтерге Turbo Pascal программалау тіліндегі айнымалы
типіне сәйкес келетін барлық стандартты процедуралар және функциялар
қолданылады.
Массивтің кез-келген бір элементіне нәтиже беру үшін, меншіктеу
операторы қолданылады:
Массив атауы[индексі]:=нәтиже;
Массивтерді программада қолдану үшін Turbo Pascal программалау
тілінде оларды бірден VAR бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.
Жалпы жазылу түрі:
VAR
МАССИВ АТАУЫ:ARRAY[ИНДЕКС ТИПІ] OF ЭЛЕМЕНТ ТИПІ
Мысалы:
VAR
GR:ARRAY[1..18]OF REAL;
Turbo Pascal программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі
өлшемді және көп өлшемді масивтерді қолдануға мүмкіндік береді.
Екі өлшемді немсе көп өлшемді массивтермн жұмыс істеу үшін, олар
сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс.
Екі өлшемді массивті var бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі:
Массив атауы: array [a1..an, b1..bn] of элемент типі;
Екі өлшемді массивті type бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі:
type
Массив атауы= array [a1..an, b1..bn] of элемент типі;
Мұндағы, a1..an, b1..bn – екі өлшемді массивтің көлемі: a1..an –
массив қатарының алғашқы және соңғы мәні, ал b1..bn- массив бағанының
алғашқы және соңғы мәні.

А массиві: і
1 2 3 ... n



... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Turbo Pascal тілі туралы
Турбо Паскальдағы бір өлшемді масивтер
Тілдің алфавиті
Turbo pascal программалау жүйесі туралы ақпарат
Файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар turbo pascal
Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
Бағдарламалау тілдері. Модуль ұғымына шолу
Turbo Pascal программалау тілі туралы түсінік
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Пәндер