Азаматтардың қорғанысы туралы және қазіргі жағдайы



Үкімет “Қазақстан Республика¬сы¬ның кейбір заңнамалық акті¬лері¬не қылмыстық, қылмыстық іс жүр¬гізу заң¬намасын, қылмыстық про¬цесте адамдарды қорғау туралы және же¬дел-іздестіру қызметі ту¬ра¬лы заңна-маны жетілдіру бойынша толық¬ты¬ру¬лар мен өзгерістер енгізу туралы” заң жобасын Мәжілістің қарауына енгізді.
Заң жобасы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың ай¬на-лымы саласындағы құқық бұзушы¬лық¬тарға қарсы күрестің, сондай-ақ қылмыстық процесте азаматтардың мемлекеттік қорғалуын қамтамасыз ету тетігінің тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.
Алынған есірткінің қайталама айналымға түсуін болдырмау мақ¬са-тында заттай дәлелдер болып та¬былатын есірткі құралдарын, пси¬хо-троптық заттар мен прекурсор¬лар¬ды сақтау және сот қарауына дейін оларды жою мәселелерін заңнамамен реттеу ұсынылып отыр.
Аталған заң жобасының өзекті мәселелерінің бірі қылмыстық процесте адамдарды мемлекеттік қорғау тетігін қолдануды нақтылау болып табылады.
Олардың қылмыстық процеске белсенді қатысуына және қыл¬мыс¬тық процесті жүргізетін органдар¬мен ынтымақтастыққа ықпал ететін мемлекеттік қорғалуы тиіс адамдар тізбесіне қосымша субъектілер енгізілді. Бұдан басқа мемлекеттік қорғау қылмыстық іс қозғалғанға дейін қылмыс туралы мәлімдеген адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
Заң жобасында қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі жөнінде шаралар қабылдайтын органдар аясы да, қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі жөніндегі шаралар да айқындалған. Әскери қызметшілер мен запастағы азаматтардың қауіп¬сіздігі, сондай-ақ қамаудағы немесе жазасын өтеу орнындағы қорғала¬тын адамның қауіпсіздігін қамтама¬сыз ету алғаш рет көзделіп отыр.
Заң жобасын қабылдау мемле¬кет¬тік бюджеттен қосымша ақша¬лай қаражат бөлуге әкеліп соқ¬пайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Азматтардың қорғанысы туралы және қазіргі жағдайы

Үкімет “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын, қылмыстық процесте адамдарды
қорғау туралы және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру
бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” заң жобасын Мәжілістің
қарауына енгізді.
Заң жобасы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымы
саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің, сондай-ақ қылмыстық
процесте азаматтардың мемлекеттік қорғалуын қамтамасыз ету тетігінің
тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.
Алынған есірткінің қайталама айналымға түсуін болдырмау мақсатында
заттай дәлелдер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды сақтау және сот қарауына дейін оларды жою мәселелерін
заңнамамен реттеу ұсынылып отыр.
Аталған заң жобасының өзекті мәселелерінің бірі қылмыстық процесте
адамдарды мемлекеттік қорғау тетігін қолдануды нақтылау болып табылады.
Олардың қылмыстық процеске белсенді қатысуына және қылмыстық процесті
жүргізетін органдармен ынтымақтастыққа ықпал ететін мемлекеттік қорғалуы
тиіс адамдар тізбесіне қосымша субъектілер енгізілді. Бұдан басқа
мемлекеттік қорғау қылмыстық іс қозғалғанға дейін қылмыс туралы мәлімдеген
адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
Заң жобасында қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі жөнінде шаралар
қабылдайтын органдар аясы да, қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі жөніндегі
шаралар да айқындалған. Әскери қызметшілер мен запастағы азаматтардың
қауіпсіздігі, сондай-ақ қамаудағы немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету алғаш рет көзделіп отыр.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша ақшалай қаражат
бөлуге әкеліп соқпайды.
Табиғи апаттар, апаттар, зілзалаларды талдау, қару-жарақтың қазіргі
қүралдары және олардың халықшаруашылығы ғимараттары, қүрылыстары, объекті-
леріне әсер етуі, халықты қорғау төсілдері, қүтқару жүмыстары мен басқа
кезек күттірмейтін жүмыстарды үйымдастыру, төтенше жағдайлардағы олардың
жұмысының түрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар, халық эрекеті. ӨҚ
қорғаныс қүрылыстары және оларды орналастыру. ОҚ бойынша халықты оқыту,
еңбек қауіпсіздігінің үйым-дастырушылық сүрақтары, ондірістік жағдайлардағы
қауіпті жөне зиянды факторлардың сипаттамасы жөне атмосфералық электр қуаты
мен электромагниттік әрістерден қоргану әдістері, өртке қарсы қөуіпсіздік.
Қазақстан халқымен бірге Отан қорғаушылары жыл сайын 25 қазанда жарқын
мереке – Республика күнін атап өтеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөздерінің
бірінде біздің реформалардың табысына бүгінгі күні барша жұрттың қызыға
қарайтынын атап өткен болатын. Бұл бірліктің, бауырластықтың,
толеранттықтың, елімізде тұрып жатқан барша халықтың өзара түсіністігінің
нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Бүгінде Қазақстан қуатты экономикасы және халықаралық қауымдастықта
берік ұстанымы бар өңірлік көшбасшы ретінде әлемге танылды.
Сонымен бірге Қазақстан өзінің алдына әлемнің дамыған 50 елінің
қатарына кіру, таяу он жылдықта экономика көлемін үш есеге ұлғайту, жалақы
мен зейнетақыны екі есеге арттыру секілді биік межелерді белгілеп отыр.
Біздің бұған қол жеткізетінімізге Президент сенімді, өйткені бірлігіміз
бекем, достығымыз берік.
Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында нақты міндеттерді белгілеп
қана қоймай, оларды іс жүзінде шешудің жолдарын айқындап берді.
Халқымыз бен Отан қорғаушылар республиканы дамытудың негізгі
стратегиялық бағыттарын, қуатты өңірлік держава құру жолдарын, мемлекеттің
ұлттық қауіпсіздігін бұдан әрі нығайтудың басым бағыттарын белгілеген
осынау тарихи маңызы бар құжаттың негізгі қағидаларын жүзеге асыру жолында
жұмыс істеуде.
Елді экономикалық және саяси дамытудағы түбегейлі жаңа кезең – одан әрі
жаңғырту және демократияландыру сияқты стратегиялық бағдарларға сүйене
отырып, біз қуатты және өркенді Қазақстанды құруға тиіспіз.
Бұл – сарабдал саясатшының әрі мемлекет қайраткерінің көп жылғы
реформалар қорытындысына және оның таяу жылдардағы жалғасына деген
көзқарасы.
Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы елдің қорғаныс жүйесін
нығайту үдерісінің авторы және белсенді бастамашысы болып табылады.
Өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды
міндеттердің арасында негізгілердің бірі қазіргі заманғы және ұрысқа
қабілетті армия құру мәселесі болды.
Өткенге көз жіберсек, Қазақстан Республикасы мен оның саяси жүйесінің
қалыптасуы, экономиканы қайта жаңғырту, әлеуметтік басымдықтарды таңдау
кезеңі сенімді әскери қауіпсіздік жүйесін құру мәселесін алдыңғы қатарға
шығарды. Әскерлерді Қазақстанның заңды құзыретіне көшіру жағдайында қару-
жарақтың, әскери техниканың, материалдық құралдардың сақталуын қамтамасыз
ету міндеті өткір мәселе күйінде тұрды. Бұл ретте әскерлердің жауынгерлік
деңгейін төмендетуге де жол бермеу қажет болды.
Орталықтандырылған жабдықтау жүйесінің жойылуына байланысты әскерлерді
қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді қайтадан
ұйымдастыруға тура келді. Өзіміздің әскери кадрларды даярлау жүйесін құру
жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажет еді.
Республикадағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім егемен
Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыртқы
саясаттағы салиқалылығы мен әлемдегі биік беделі арқасында қол жеткен оң
өзгерістер екені анық.
Жалпы алғанда, біз әскери құрылыс тәжірибесінің болмауына, өтпелі
кезеңнің объективті қиындықтарына қарамастан, қысқа мерзім ішінде
мемлекеттің маңызды нышандарының бірі – төл Қарулы Күштерімізді құра алдық.
Әскери саясаттың негізгі мазмұны, бастапқы кезеңдегі әскери құрылыстың
бағыттары 1993 жылы қабылданған Әскери доктринада айқындалды.
Басқа да заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілермен қатар ол
егемен мемлекеттің қаз тұрып, қалыптасу кезеңінде әскери қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде, әскери құрылыста оң рөл атқарды.
Мұның бәрі әскерлерде офицерлер штаттық тізімнің 40-45 пайызы
мөлшерінде ғана қалған күрделі уақытта жүргізілді. Қазақстанның армиясын
құру іс жүзінде “тақыр жерден” басталды және Қорғаныс министрлігінің өте
күрделі ұйымдастыру мәселелерін шешуіне тура келді.
Қысқа мерзім ішінде Қарулы Күштерді басқару жүйесі құрылды.
Осы кезеңде Қарулы Күштерді құрумен қатар мемлекеттің әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саяси-дипломатиялық сипаттағы шаралар
жүзеге асырылып жатты.
Ел басшылығы барлық күш-жігерін шекара периметрі бойынша қауіпсіздік
белдеуін құруға, ұжымдық қауіпсіздіктің өңірлік жүйесі негіздерін жасауға,
ядролық қатерді азайтуға жұмылдырды.
Қазақстан ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Ядролық қаруды
таратпау туралы шартқа қосылды. Осы кезеңде Елбасы уақыт талабына сай басқа
да ерекше шешімдер қабылдауға тиіс болды.
Өңірде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың аясында
Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына
қосылды.
Сонымен қатар жиырма бірінші ғасырдың басында әлемдегі жағдай әрқилы
болып қалыптасты. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы
қайғылы оқиғалар, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алған шиеленіс ошақтары
аймақтағы және әлемдегі геосаяси ахуалды түбегейлі өзгертті. Әлемдік
өркениет халықаралық, трансұлттық терроризм шиеленісіне ұшырады. Аймақтағы
ахуалды тұрақсыздандыратын және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жаңа
факторлар пайда болды.
Осындай жағдайларда дәстүрлі, сонымен бірге ассиметриялық қатерлерге
тең дәрежеде қарсы тұра алатын жаңа сапалы Қарулы Күштерді құруға
бағытталған бірқатар шаралар қабылдау қажет болды.
Елбасының 2003 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы Қарулы Күштерімізді теңгермелі
дамыту жолдарына салған жаңа кезеңді бастады, соған сәйкес әскерлер мен
әскери басқару органдарының оңтайландырылған құрылымы құрылды.
Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб базасында құрылған Штабтар бастықтары
комитетінің өкілеттіктері мен функциялары нақты ажыратылды. Бұл әскерлерді
басқарудың жеделдігі мен үйлесімділігін, жауынгерлік даярлықтың сапасын
арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының талаптары бойынша барлық
қуатты құрылымдардың жұмысын қамтитын мемлекеттің әскери құрамдас бөлігінің
қызметін үйлестіру қажет болды. Бүгінгі күні осы міндет Штабтар бастықтары
комитетіне жүктеліп, соның шеңберінде Әскери консультативтік кеңес құрылды.
Кеңестің құрамына әскерилерден басқа бірқатар азаматтық министрліктер
өкілдері енді.
Төрт аймақтық қолбасшылық, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері
құрылып, жұмыс істеуде. Жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылатын
Аэроұтқыр әскерлері, Ракета әскерлері мен артиллерия іс жүзінде өзінің
тиімділігін көрсетті.
Әскерлердің күнделікті қызметін орталықтандырылған үздіксіз және
тұрақты басқару мен бақылауды қамтамасыз ету үшін Күнделікті қызметті
басқару орталығы құрылды.
Қарулы Күштер қызметінің маңызды бағыттарының бірі былтыр қараша айында
Шымкент қаласында өткен Бүкілармиялық кеңесте Жоғарғы Бас қолбасшы қойған
талаптар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Кеңесте Қазақстанның
Қарулы Күштері қазіргі заманға сай біліктілігі мен жауынгерлік дайындығы
жоғары армияға айналып, оның негізін кәсіби мамандар құрау үшін атқарылуға
тиіс шаралар белгіленген болатын.
Бұл ретте армияны сапалық жақсартудың тиімді аспектілерінің бірі кәсіби
негізге көшу екені сөзсіз.
Қазіргі кезде Қарулы Күштердің 65 пайызы келісім-шарт бойынша әскери
қызметшілермен жасақталған. Бұл сапалық жағынан әскерлердің жауынгерлік
қабілетінің қажетті деңгейіне жетуді, жасақтау жүйесін одан әрі
жетілдіруді, әскери іске үйретілген резерв даярлаудың жүзеге асырылуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Армияның келісім-шарттық негізге көшуіне байланысты азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлы түрде қысқарып келеді. Аталған
шаралар әскерге шақырылушыларды барынша тиімді іріктеуге мүмкіндік береді,
өзінше бір бәсекелестік орта пайда болды. Шақырылушыларға қойылатын негізгі
талап денсаулығы мықты, дене даярлығы жақсы дамыған және интеллектуалдық
қабілеті жоғары болуы шарт.
Әскерді кәсібилендіру оны жасақтау қағидатын ғана өзгерту емес.
“Армияны кәсібилендіру” деген сөздің өзінде үлкен мағына жатыр. Мұндай
армияның негізін бірінші кезекте атқарылатын іске кәсіби тұрғыдан қарайтын
адамдар құрауы тиіс. Армияның қазіргі заманғы жауынгерлік техникасы мен
әлемнің үздік үлгідегі қару-жарағы болуы қажет. Әскери қызметшілер
әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешумен, өздеріне тән емес қызметтермен
айналыспауы керек.
Бұл бүкіл армия түгелдей кәсіби болады деген сөз емес. Біздің
азаматтардың шамамен 10-15 пайызы бұрынғыдай мерзімді әскери қызметті
өткеретін болады.
Қазақстандық армияның ұстыны болып табылатын кәсіпқой сержанттар
институты құрылды. Біз неге кіші командирлерге үлкен мән береміз? Өйткені
басқару жүйесінің алғашқы буыны саналатын сержанттық құрам Қарулы
Күштердегі саны жағынан ең көп жасақ болып табылады. Әскердегі құқықтық
және әскери тәртіп те көбінесе соларға байланысты. Сержанттардың күнделікті
қызметіндегі және сарбаздарды үйретуіндегі басты қағида “менен үйрен”
болуға тиіс және солай болып қала береді де. Яғни, жеке басы сарбазға үлгі
көрсете алуы керек. Оның үстіне, өмірлік тәжірибесі мол әрі жасы кемеліне
келген армия тәлімгері қатардағы жас жауынгерлерге өз беделімен ықпал ете
алады. Сөйтіп, бір рет қана дайындалған сержант өзінің білімі мен
тәжірибесін ұзақ жылдар бойы пайдалана алады. Ал кіші командирлерді әскерге
шақырылғандар есебінен жыл сайын қайталап әзірлей беру үрдісі қажетсіз
болып қалады.
Өңірдегі және ТМД-ағы бірден-бір оқу орны болып табылатын ҚР Қорғаныс
министрлігі Кадет корпусының жетекшілік рөлі жағдайында кіші командалық
құрам мен кәсіпқой сержанттарды даярлау армияны кәсібилендірудегі бірінші
саты.
Кіші командирлердің білім деңгейін көтеруге Қазақстан мен АҚШ
сержанттары арасындағы тәжірибе алмасу да оң ықпал етуде. 2004 жылдың
қыркүйек айынан бері Құрлық әскерлері әскери институтының базасында
американ тарабымен бірлесіп, армиямыздың сержанттық құрамының курстық
даярлығы өткізіліп келеді.
Әрине, кәсіби Қарулы Күштерді құру көп жағдайда офицерлік корпустың
сапалық құрамына, оның моральдық рухының жоғарылығына байланысты. Қазіргі
заманғы әскери білім беруді дамыту, үздіксіз біліктілікті арттыру және
қайта даярлау — біздің жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігінің бірі.
Осы міндетті іске асыру әскерлерде жүргізіліп жатқан кадр саясатын
қамтамасыз етеді, оның негізінде әскери кадрларды даярлаудың, іріктеудің,
орналастыру мен тәрбиелеудің тұтас жүйесі жатыр. Елімізде жүргізіліп жатқан
әкімшілік реформалар, мемлекеттік басқару аппаратын оңтайландыру жағдайында
мұның маңызы зор болмақ.
Біз жоғары интеллектуалдық әлеуетімен көзге түсетін, шетел тілдерін
білетін, қазіргі заманғы техникамен жұмыс істей алатын офицерлер мен
кәсіпқой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Қарулы Күштер тылы
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Соғыс жағдайының шаралары
Пәндер