ЖШС «АҚСАЙ» НТК-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖШС «АҚСАЙ» НТК-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

«Ақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін 27. 12. 1994жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

(жалпы бөлімі), 22. 04. 1998жылы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 19. 06. 1997жылы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 04. 07. 1992жыл «Жеке кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, және осы жарғы бойынша жүзеге асырады.

“Ақсай” нан-тоқаш комбинаты - нан, бөлішке, кондитер және тоқаш өнімдерін өндіру бойынша қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі. Жұмысшы жобаны 1982 жылы "Казгипропищепром" Мемлекеттік жобалық институт әзірлеген. Зауыттың негізгі технологиялық құрал-жабдығы 1988 жылдан бері пайдаланылады. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 162 тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес Әділет министірлігі 1997 жылы 14-наурызда кәсіпорынды ЖШС “Ақсай” НТК деп тіркеді. Меншік нысаны - 100% меншіктік капитал.

ЖШС “Ақсай” НТК-ның ұйымдастырушылық құрылымы.

Кәсіпорының басқару құрылымы 10 департаменттен тұрады, олардың басшылығында кәсіпорынның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын 10 директор тұрады.

Бас директор - тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның қызметіне қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.

Өндіріс және техникалық қамтамасыз ету бойынша департамент - кәсіпорында дұрыс техникалық саясаттың жүргізілуіне, техниканың, технологияның жетілдірілуіне және өндірістің, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде ұйымдастырылуына жауап береді.

Материалдық - техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті - бухгалтерлік есептің жүргізілуін, сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.

Бөлшек сауда департаменті - фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің сатылуын бақылау.

Технологиялық департамент - шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және бүкіл технологиялық процесті бақылау.

Қауыпсіздік департаменті - тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау жүргізілетін территорияны тікелей қорғау.

Маркетинг бөлімі - жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелері.

Келісімшарт бөлімі - келісімшарттар жасау және контрагенттер туралы мәселелерді шешу.

1 сурет - ЖШС «Ақсай» НТК-ның ұйымдық құрылымы.

Комбинатта саладағы көпжылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді. ЖШС «Ақсай» НТК-ның кадрлар құрылымы келесідей.

1 кесте - ЖШС “Ақсай” НТК-ның кадрлар құрамы*

ЖұмыскерлерКатегориясы:

Жұмыскерлер

Категориясы

2005 ж.Адам:

2005 ж.

Адам

%-пен: %-пен
2006 ж.Адам:

2006 ж.

Адам

%-пен: %-пен
ЖұмыскерлерКатегориясы: Өнеркәсіпті-өндірістік персонал
2005 ж.Адам: 363
%-пен: 98, 4
2006 ж.Адам: 365
%-пен: 98, 4
ЖұмыскерлерКатегориясы: Соның ішінде:
2005 ж.Адам:
%-пен:
2006 ж.Адам:
%-пен:
ЖұмыскерлерКатегориясы: - жұмысшылар, барлығы
2005 ж.Адам: 336
%-пен: 91, 0
2006 ж.Адам: 338
%-пен: 91, 1
ЖұмыскерлерКатегориясы: Олардың ішінде: - негізгі
2005 ж.Адам: 276
%-пен: 75, 6
2006 ж.Адам: 276
%-пен: 75, 2
ЖұмыскерлерКатегориясы: - көмекші
2005 ж.Адам: 57
%-пен: 15, 4
2006 ж.Адам: 59
%-пен: 15, 9
ЖұмыскерлерКатегориясы: - басшылар мен мамандар
2005 ж.Адам: 13
%-пен: 3, 5
2006 ж.Адам: 13
%-пен: 3, 5
ЖұмыскерлерКатегориясы: - қызметкерлер
2005 ж.Адам: 14
%-пен: 3, 8
2006 ж.Адам: 14
%-пен: 3, 8
ЖұмыскерлерКатегориясы: Өнеркәсіптік емес персонал
2005 ж.Адам: 6
%-пен: 1, 6
2006 ж.Адам: 6
%-пен: 1, 6
ЖұмыскерлерКатегориясы: Орташа тізімдік саны
2005 ж.Адам:
%-пен:
2006 ж.Адам:
%-пен:
ЖұмыскерлерКатегориясы: Барлығы
2005 ж.Адам: 369
%-пен: 100, 0
2006 ж.Адам: 371
%-пен: 100, 0
ЖұмыскерлерКатегориясы: Жыл ішінде түрлі себеппен
2005 ж.Адам:
%-пен:
2006 ж.Адам:
%-пен:
ЖұмыскерлерКатегориясы: Жұмысқа алынғаны
2005 ж.Адам: 58
%-пен:
2006 ж.Адам: 23
%-пен:
ЖұмыскерлерКатегориясы: Жұмыстан шығарылғаны
2005 ж.Адам: 61
%-пен:
2006 ж.Адам: 21
%-пен:

ЖШС * “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

ЖШС «Ақсай» НТК қызметкерлер құрамына қысқаша тоқталып өтейін. Ұйымның басты ресурсы-тұтынушылардың талаптарын орындауға және сапа саласында алдыға қойылған мақсаттарға жетуге қабілетті дайындалған және құзыретті қызметкерлер құрамы. Ұжымдағы барлық қарым-қатнастар өзара пайдалы серіктестік пен әрбір жұмыскердің және жалпы кәсіпорынның мүдделерін құрметтеу негізінде құрылады. Идеялардың біртұтастығы, өзара қолдау және өз қызметі саласында үздік болуға ұмтылу-ЖШС «Ақсай» НТК ұжымының өзіндік сипаты. Кәсіпорын әр жұмыскерге денсаулық үшін қауіпсіз, еңбектің максималды тиімділігіне жәрдемдесетін еңбек шарттарын қамтамасыз етеді, толласыз кәсіптік өсу және корпоративтік мәдениетті дамыту арқылы өз қызметкерлерінің өзін өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасайды. Қызметкерлер құрамының құзыретін, хабардарлығын және дайындығын арттыру мақсатында комбинатта сапа менеджментінің, өндірісті ұйымдастыру және оның технологиясы, есеп, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік санитария мәселелері бойынша оқу бағдарламалары әзірленген.

ЖШС «АҚСАЙ» НТК-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржылық басқарудың басты мақсаты - капиталды тиімді пайдалану мен мейлінше мол табыс табу.

Атақты менеджер, «АТТ» корпорациясының басшысы Гарольд Дэменин былай дейді: «бизнесте кешірілмейтін бір кемшілік бар, ол - ақшасыз қалу. Басқадай кемшіліктердің бәрін белгілі бір дәрежеде қалыпқа келтіруге болады. Бірақ, сіз түк-түк ақшасыз қаласыз - ойыннан мүлдем шығып қаласыз».

Қаржылық мәселерді бизнеспен айналыспас бұрын дұрыс түсінудің шағын кәсіпкерлік үшін маңызы зор. Жаңадан іс бастауға, ең алдымен, қаржылық көздер қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің болашағы да қажетті капиталды тарта білуге тығыз қатысты. Капитал шағын бизнес кәсіпорындарын ашып, ұйымдастыруға және кәсіпорынның күнделікті қызметін жүргізіп, одан әрі қаржыландыруға (айналым қоры) қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің бір ерекшелігі - қаржы ресурстарының шектеулілігі. Сол себепті, қаржы көздерін тауып, пайдалану - шағын және орта кәсіпкерліктің бірінші кезектегі мәселесі.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың жолдары, әдетте, екі жолмен жүреді:

1 өз ақшалары.

2 қарызға алынған ақшалар.

Шағын және орта кәсіпкерлікті өз ақшалары арқылы қаржыландыру көздеріне мыналар жатады:

1. Құрылтайшылардың немесе басшының.

2. Серіктестердің қаржылары.

3. Табыстар.

4. Амортизазия.

5. Активтерді сатудан түскен қаржылар.

6. Акцияларды сату.

7. Дебиторлық қарыздар.

Ең сенімді де қарапайым қаржыландыру көзі - өз ақшалары. Мұндай жағдайда кәсіпкердің өз ісін аз көлемде тезірек бастап кетуіне мүмкіндігі бар. Дегенмен, кей-кейде серіктестіктердің бірігіп, жұмыс істеген де пайдалы. Оның артықшылығы - серіктестіктер не өз қаржыларын, не құрал-жабдықтарын, не білім-білігін ортаға салып, бизнес көлемін кеңейте түседі.

Көп жағдайда шағын кәсіпорындары төл қаржыларының жетіспеушілігін несиелерге арқа сүйейді.

Несиенің негізгі екі түрі:

1. Банк несиесі - кәсіпорын қызметін жүгізуге тікелей ақша беру.

2. Саудалық несие - кәсіпорынның төлем ақшасын кейінге қалдыру арқылы тауар беру.

Банк несиесі белгілі бір нақты мерзімге, нақты өсім пайыздарымен беріледі. Сондай-ақ, бұл несие- «вексель» деп аталынатын ұзақ мерзімдік міндеттемелерге де беріледі.

Саудалық несиеде кәсіпкер келісім-шарт арқылы тауар түрінде берілген нақты несиенің құны мен пайыздарын келісілген мерзім ішінде өтеуге уәде береді.

Қай-қайсы несиеге де қол жеткізу үшін - құндылығы жоғары кепілдік қорлар болуы қажет. Кепілдік қор - банк несиесін немесе саудалық несиені берушінің ең басты шарты.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың әлемдік тәжірибеде үлгілі түрлері жетерлік. Олардың ішіндегі негізгілеріне лизинг, қаржылық лизинг, операциялық лизинг, факторинг, франчейзинг, венчурлық қорды жатқызуға болады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығының негізі - қолма-қол ақша мен табыстың болуы.

Әрбір кәсіпкердің тікелей міндеті - кәсіпорынның қаражаттарын тиімді пайдалану арқасында табысқа жету. Бұл мақсатқа жетудің тура жолы - қаржылық жоспар жасау.

Бұл жоспарға қажетті белгілер:

1. кірістер мен шығыстар жоспары

2. шығынсыздықтың есеп-қисабы

3. қолма-қол ақша қозғалысын болжау

2 кесте - ЖШС “Ақсай” НТК-ы цехтарының орнатылған жұмыс режимі*

Цех, линия: Цех, линия
Өнімдердің аты: Өнімдердің аты
Жұмыс режимі: Жұмыс режимі
Өнім. -лік, тг/тәу.: Өнім. -лік, тг/тәу.
Цех, линия: ауыс.
Өнімдердің аты: сағ.
Цех, линия: Нан цехы
Цех, линия: 1-линия
Өнімдердің аты: Формалы бидай ұнынан жасалған нан
Жұмыс режимі: Резерв
Өнім. -лік, тг/тәу.: -
26, 63
Цех, линия: 2-линия
Өнімдердің аты: -
Жұмыс режимі: 2
Өнім. -лік, тг/тәу.: 12
26, 63
Цех, линия: 3-линия
Өнімдердің аты: -
Жұмыс режимі: 2
Өнім. -лік, тг/тәу.: 12
26, 63
Цех, линия: 4-линия
Өнімдердің аты: -
Жұмыс режимі: 2
Өнім. -лік, тг/тәу.: 12
26, 63
Цех, линия: 5-линия
Өнімдердің аты:

Қара бидай мен бидай ұндары-

нан жасалған нан. Жалпақ нан

Жұмыс режимі: 2
Өнім. -лік, тг/тәу.: 12
6, 0
Цех, линия: 6-линия
Өнімдердің аты:

Қара бидай мен бидай ұндары-

нан жасалған нан. Жалпақ нан

Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
3, 76
Цех, линия: Тоқаш цехы
Цех, линия: 1-линия
Өнімдердің аты: Ойық тоқаш
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
1, 3
Цех, линия: 2-линия
Өнімдердің аты: Ойық тоқаш
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
1, 3
Цех, линия: 3-линия
Өнімдердің аты: Тоқаш
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
1, 43
Цех, линия: 4-линия
Өнімдердің аты: Өрмелер
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
1, 9
Цех, линия: Сабақша линиясы
Цех, линия: 5-линия
Өнімдердің аты: Сабақша
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
0, 35
Цех, линия: 6-линия
Өнімдердің аты: Сабақша
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
0, 35
Цех, линия: Бөлішке цехы
Цех, линия: "Экмасан"
Өнімдердің аты: Бөлішкелік
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 8
1, 26
Цех, линия: Кондитерлік цех
Цех, линия: Эл/шкаф 1
Өнімдердің аты: Торттар: биск., крем., домалақ
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 6, 5
0, 26
Цех, линия: Эл/шкаф 2
Өнімдердің аты: -
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 6, 5
0, 26
Цех, линия: Эл/шкаф 3
Өнімдердің аты: Торттар:биск., крем., тіктөртбұр.
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 5, 0
0, 36
Цех, линия: Пеш ПКЭ-9
Өнімдердің аты: Торттар: желденген-жаңғақты
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 6, 5
0, 23
Цех, линия: Экл. линия 1
Өнімдердің аты: Тәтті нандар ассортименті
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 6, 5
0, 25
Цех, линия: Экл. линия 2
Өнімдердің аты: Тәтті нандар ассортименті
Жұмыс режимі: 1
Өнім. -лік, тг/тәу.: 6, 5
0, 25
Цех, линия: Визит бойынша барлығы
Өнімдердің аты: 107, 25

ЖШС *”Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

Жоғары бәсекеге қарамастан «Ақсай» НТК-ы Қазақстан нарығында өте сапалы өнімдер өндіреді. ЖШС “Ақсай” НТК-да келесідей цехтар бар: нан цехы, тоқаш цехы, бөлішке цехы, кондитерлік цех, кепкен нан участкесі, нандық экспедиция, ұнды ыдыссыз сақтау қоймасы. Қосалқы участкелер: механикалық шеберханалар, электрлік шеберханалар, санитарлы-гигиеналық участке, бақылау пункті, гардероб, қазандық. Кәсіпорынның цехтарының жұмыс істеу режимі 2-кестеде көрсетілген.

Формалы және жалпақ нан өндіру бойынша цехқа 6 линия кіреді. Олар ХПА-40 маркалы газды ковейерлі нан пісіру пешімен, РЗ-ХД2У бөліп салу машинасымен, РЗ-ХРЖ қамырды иіту құрылғысымен жабдықталған; қазіргі уақытта бұл линия өндірісте қолданылмайды және резерв ретінде пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС «АҚСАЙ» НТК-Ы ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Фирма стратегиясын құру және оны жүзеге асыру
“Ақсай нанның” ЖШС –ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Кәсіпорынның негізгі қоры
Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
Стратегиялық жоспарлау туралы
Қазақстандағы тұтыну бағаларының индексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz