Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

3. 2 Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету - аумақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтық проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай - ақ жергілікті өзін - өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін - бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

  • біріншісі - макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
  • екіншісі - мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
  • үшіншісі - жергілікті өзін - өзі басқару әдістерін жетілдіру.

Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің бір жолы әкімшілік- құқықтық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функционалдық өкілеттіліктерді бөлуді, әділетті бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін заңдарды шығару мен жүзеге асыру қажет. Осындай жүйе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандырады және аймақтарда қалыптасқан жағдай үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады.

Бұл проблема аймақтарда экономиканың дамуына тең жағдайлар қалыптастыруға, сонымен қатар бұл аймақ тұрғындарына өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Бірақ барлық аймақтарда өмір сүру деңгейі мен экономиканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмайтындықтан, жекелеген артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру үшін қосымша экономикалық механизмдер қолданылады.

Артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру механизмінде негізгі орын инвестицияларға беріледі.

Бірінші кезекте инвестициялар мынаған бөліну керек:

  • шалғай аймақтарды өткізу нарықтарымен, ресурстар нарығымен байланыстыратын көлік инфрақұрылымын құру;
  • электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету;
  • су, жағармай және жылумен қамтамсыз етеді;
  • жоғары квалификациялы мамандарды даярлайтын білім жүйесін дамыту;
  • денсаулық сақтау қызметімен қамту;
  • ғылыми зерттеулерге, жоба жұмыстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық орталықтар, ҒЗТКЖ, т. б. құру.

Аймақ экономикасын құрылымдық қайта құру мен дамыту бағдарламаларына қосылған кәсіпорындар мен салаларды инвестициялау жүргізіледі, егер олар:

  • аймаққа қосымша табыс әкелсе, бұл жерде аймақтың жалпы табысы тұрақты түрде өсуі керек;
  • кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін өсірсе;
  • аймақта импорттың орнын басуды дамытуды қамтамасыз етсе.

Инвестициялық қолдау, сонымен қатар, туризм саласына да көрсетіледі. Себебі, бұл сала аймақтардың табысын және жұмысбастылықты өсірудің маңызды көзі. Инвестициялық жобаларды дайындау барысында барлық қаржы көэдерінің ішінде басымдық жаңа жұмыс орындарын ашүға бағытталған, еңбекті көп қажет ететін жобаларға беріледі. Сонымен қатар, проблемалы аймақ территориясындағы аймақтық, аймақаралық, аймақтық- салалық проблемаларды шешуге бағытталған жеке жобалар мен бағдарламалар; депрессивті кіші және орта қалаларды қолдаудың арнайы жобалары мен бағдарламалары бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Аймақтық саясат механизмдері прблемалы аймақтарды тікелей қаржыландыру арқылы да, депрессивті аймақтарды қолдаудың бағдарламалары арқылы да жүзеге асырылады. Проблемалы аймақтарды қолдау инвестицияларынан негізгі көздері мемлекеттік бюджет қаражаттары мен заңға қайшы келмейтін басқа да көздер бола алады. Жоғарыда ұсынылған механизмдер әрбір аймақтағы проблемаларға қатысты қолданылады. Сонымен қатар, атап өтетін жайт, бұл шаралар проблемалы аймақтардың жергілікті атқарушы органдарымен, шағын және орта бизнес субъектілерімен қолданатын болса ғана оң нәтиже береді. Жергілікті атқарушы органдар өз тарапынан мыналар бойынша саясат жүргізуі қажет:

  • аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, инвестициялар еркін құйылу үшін жағдай жасау;
  • шағын және орта кәсіпорындарды күшейту;
  • кіші және орта қалаларда бизнес-инкубаторлар мен ақпараттық орталықтарды құру арқылы зерттеулерді, инновацияларды, ҒЗТКЖ-ын және технологиялар трансфертін инвестициялық қолдау.

Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің келесі бір негізгі бағыты - мемлекеттің әлеуметтік саясатын ұтымды жүргізу болып табылады. Елде қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет:

  • табыстар саласында ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, олардың бастапқы негізі маңызды өмірлік игіліктер мен қызметтердің әлеуметтік қажетті деңгейін көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Рыноктың дамуымен табыстардың жаңа түрлері ғана пайда болып қойған жоқ, халықтың тұтынушылық шығындарының құрылымдары өзгеруде. Азаматтардың төлемдерінің жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сақтандырудың әртүрлі нышандары және т. б. Осының бәрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа құрылымына көшу қажеттігін алға тартады, оның үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеуге көшуі үшін ресурстық мүмкіндіктері ұлғаюда. Республика Үкіметі мақұлдаған әлеуметтік реформаларды тереңдету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 2006 жылдан бастап жаңа ең төменгі күнкөріс деңгейі енгізілді, ең төменгі тұтыну себеті азық-түлік тағамдарының көбірек ассортиментін қамтиды (20-ның орнына 43 түрлі атаулы) . Жаңадан ең төменгі күнкөріс деңгейін енгізу маңызды материалдық игіліктер мен қызметерді тұтынудың ең төменгі шекті деңгейін неғұрлым нақты айқындауға мүмкіндік береді. Одан төмен болуы адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етпейді. Бұл өз кезегінде неғұрлым күшті әлеуметтік диспропорцияны анықтауға және халықтың неғұрлым әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау шараларын талдап жасауға мүмкіндік береді. Алайда, ұзақ уақыттар бойы тек қана ең төменгі күнкөріс деңгейіне бағдар ұстануға болмайды. Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен күнкөрістің ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тіршілік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік -экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.
  • салааралық және салаішілік деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру және т. б. ) ;
  • республикада орта таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т. б. жөніндегі шаралар қажет;
  • ауылдағы еңбекпен қамтылу құрылымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т. б. ) [29] . Елдiң қазiргi даму кезеңiнде халықтың кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiндегi шараларды iске асыру мемлекеттiң әлеуметтiк саясатындағы аса маңызды бағыттардың бiрiне айналып отыр. Халықтың тұрмыс деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштердiң оң сипатты серпiнiне қарамастан елде кедейлiк деңгейi әлi де болса елеулi күйiнде қалып отыр.

Кедейлiктiң өсуiне түрткi болатын негiзгi экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар сақталуда, олар:

  • еңбек рыногындағы жұмыс күшiнiң сұранысы мен ;
  • еңбекақының, зейнетақының және жәрдемақының төмен мөлшерi;
  • шалғай аудандарда тұратын кедей халықты әлеуметтiк ауыл инфрақұрылымының, ең алдымен жолдардың, магистралдық су құбырларының дамуының төмен деңгейi;
  • тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне қол жеткiзудiң қысқаруы;
  • ауылдық жерлерде жалпы және кәсiптiк бiлiм беретiн мектептер желiсiнiң жетiспеуi;
  • халықтың бiр бөлiгiнiң масылдық көңiл-күйi, оның жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi жайында нашар хабардар болуы;
  • халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарының мемлекеттiк атаулыәлеуметтiк көмекпен жеткiлiктi қамтылмауы.

Кедей халықтың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады. Еліміздегі барлық селолық елді мекендердің (пункттердің) 780-дейі, яғни 10 пайыздан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде екенін ескерсек, онда мынадай экономикалық тетіктерді қолданудың маңызы арта түседі:

  • мақсаттық жоспарлау;
  • салықтық және несиелік жеңілдіктердің түрлерін қолдану;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасының деңгейін алдын-ала белгілеу арқылы сала тауарөндірушілерін ынталандыру;
  • жергілікті несиелік серіктестіктерді моралдық жағынан да, материалдық жағынан да қолдау;
  • инвестициялық белсенділік көрсетіп отырған шаруашылық субъектілеріне жерді арзан бағамен, немесе тегін беру және тағы басқалар.

Барлық әлемде байқалып отырған аймақтандыру беталысы өкілеттіліктерді облыс деңгейіне берілуін қалайды.

Аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың негізгі мақсаты - халықтың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету және оны тұрақты, ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен барлық ресурстарды тиімді пайдалану негізінде үнемі, үздіксіз жоғарылату.

Бұл мақсатқа қол жеткізу аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігі теориясына сәйкес, аталған аумақта әлемдік нарықтың талаптарына сай тауарлар мен қызметтер өндірісіне мүмкіндік беретін жағдайларды құру арқылы қамтамасыз етіледі. Басқаша айтсақ, егер, ресурстарды тиімді пайдалану, халықтың әл-ауқатын жоғарылату және ұзақмерзімді экономикалық өсу жағдайында ұлттық компаниялардың және жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігі жоғарыласа, онда аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға орын бар.

Аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің динамикасын анықтаудағы қадамдарды таңдау барысында бес бағалау бағытын бөліп көрсетуге болады (10 кесте) [24] .

Кесте 10.

Аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруін бағалау бағыттары

Бағалау бағыттары: Бағалау бағыттары
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы: Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы
Бағалау бағыттары: Экономикалық өсу
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы: Ұзақмерзімді экономикалық өсу бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көзделген экономиканың негізгі мақсаты болып табылады.
Бағалау бағыттары: Халықтың нақты табысының өсуі
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы: Егер де экономикалық халықтың нақты табысының төмендеу жағдайында тұрса, онда «жұмысшылар және басқа да азаматтар ұлттық бәсекеге қабілеттілікті субсидиялайды».
Бағалау бағыттары: Барлық ресурстарды тиімді пайдалану
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы: Экономика дамуының негізін қалаушы қағидат. Шынайы бәсекелестік басым интенсивті факторларды қолдану есебінен болатын экономикалық өсуге негізделеді. Осылайша аталған критерий аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Бағалау бағыттары: Ғылыми-техникалық әлует
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы: Аймақта ғылым мен техниканың дамуы бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың факторы болып табылады. Аталған бағыттың шеңберінде байқалған өзгерістер жекелеген аймақтық өндірушілердің аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруін анықтайды.
Бағалау бағыттары: Экономиканың интернационалдық деңгейі
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өзгеруінің ықпалы: Әлемдік нарықта тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің тікелей дәлелі болып табылады. Бұл халықаралық нарықта жекелеген тауарлардың немесе қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Алматы облысы обл
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
Аймақтық саясат құрылымы
Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Муниципалдық менеджмент
Стратегиялық жоспарлау бөлімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz