Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат


Мазмұны

Кіріспе

І. Азаматтық іс жүргізу құқығы, пәні және әдістері

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі,

реттеу пәні мен әдістері

  1. Азаматтық іс жүргізудің жүйесі мен қайнар көздері

ІІ. Азаматтық іс жүргізудің қағидалары

2. 1. Азаматтық іс жүргізу формаларының түсінігі,

мәні, негізгі белгілері

2. 2. Азаматтық іс жүргізу формасының азаматтық істерді қарап

шешудегі маңызы

2. 3. Азаматтық іс жүргізу қағидаларын қолдану мәселесі

3. Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағиданың мазмұны

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның игіліктермен заңды мүделерін қорғау азаматтық-құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында азаматтық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс - әрекеттерді сотта азаматтық іс жүргізу арқылы қарап, талдап, шешіп және қорғау мүмкіндігін көздейді.

Мұндай құқықбұзушылық сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Адам және ар-ожданы, құқықтары мен бостандығы басқа қоғамдағы игіліктерге қарағанда дәрежесі өте жоғары, оны басқа игіліктермен салыстыруға болмайды деуге болады. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы1

Азаматтық іс жүргізу құқық теориясындағы әлі күнге дейінгі даулы мәселелердің бірі азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді сот арқылы анықтау болып табылады.

Мұндай кемшіліктер сот тәжірбие ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі. Біздің мемлекетімізде адам құқығын қорғауға барынша мән беріледі.

Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік - адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі - заң салалары болып табылады.

І. Азаматтық іс жүргізу құқығы, пәні және әдістері

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, реттеу пәні мен әдістері

Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі: императивті, диспозитивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады.

Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:

  1. Азаматтық іс жүргізуді реттеу бойынша
  2. Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.

Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. Азаматтық іс жүргізу құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.

Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Азаматтық іс жүргізу құқығымен көптеген қағидатің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар азаматтық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап азаматтық іс бойынша шешім шыққанға дейін. 2

Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, процестің соттың қызметі ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің негізгі міндеттері: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, сот қызметінің қағидатерін білу, азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибеде қолданылуы азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын және басқа дауларды шешудің, моральдық және материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді әрекет етуші жүйе құрылуы керек.

Бұл міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін судьялардың білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып:

  • азаматтық іс жүргізу заңнамасы дамуының негізгі кезеңдерін, азаматтық іс жүргізу заңнамасын, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуы тарихын және қазіргі жағдайын көрсететін азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті және басым мәселелерін;
  • азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары, дәлелдемелердің түсінігі, дәлелдеу процесі, істердің бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда қаралу, қадағалау тәртібімен қайта қаралу және шешімдердің орындалу тәртібін қарастыру.

- процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық іс жүргізу құқығының жекелеген мәселелері бойынша ғылыми және өзіндік ұстанымды қалыптастыру.

- азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне өз бетінше талдау жасау;

- азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу;

- азаматтық іс жүргізу заңнамасын тәжірибеде өз бетінше қолдану.

Азаматтық іс жүргізу - азаматтық іс жүргізу нормаларымен тәртіптелген азаматтық істердің бір сатыдан басқа біреуіне өте отырып, соңғы мақсаты, міндеті - заңмен қорғалатын мүдде мен құқықты қалпына келтіру болып табылады. Мүдделі тұлға арызбен сотқа жүгіне отырып, өзінің талабын көрсетіп негіздейді, ол арыз, талап-арыз, шағым, ерекше талап өндірісіне арыз болуы мүмкін. Сот оларды тексере отырып, оның қарауына жататынын, жатпайтынын қараса, сот бұл арызда сотта қорғау формасы қажет екенін тапса, бұл істі өз өндірісіне қабылдап, осы сәттен азаматтық іс қозғайды. Сот, мүдделі адамдар, басқа қатысушы тұлғалар (куә, эксперт, аудармашы өкілдер) іс жүргізуде қарауда бірқатар әрекеттер жасайды. (сот мәжілісіне қатысады, түсініктемелер береді, дәлелдемелер тапсырады, т. б. ) .

а) Азаматтық іс жүргізу құқығы - құқықтың бір саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларының жүйесінен тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот әділдігімен шешуді айтамыз.

Азаматтық іске қатысушылардың азаматтық іс жүргізу нормаларымен бекітілген азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттері бар. Мысалы, сот істі қарау және шешу құқығына ие, ол басқа қатысушыларға байланысты биліктік өкілеттікке ие, сонымен қатар ол іске қатысушы тараптар мен басқа қатысушылардың іс жүргізу құқығын қатал сақтау керек.

Азаматтар мен заңды ұйымдар іс жүргізуге қатысуға, өтінімдер беруге, өздерінің талаптарының негіздерін (қолдануға) дәлелдеуге сот шешіміне шағым келтіруге, шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Олар іс жүргізу құқығымен қатар, іс жүргізу міндеттерін алады. Іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот шығындарын төлеуге, сот шақыртуына келуге, дәлелдемелер тапсыруға міндетті.

б) Азаматтық іс жүргізу пәні сот әділеттігін нақты азаматтық істерден тұратын арнайы іс жүргізу формасымен атқару, ал азаматтық іс жүргізудің құқығының пәні - құқықтық сала ретінде азаматтық іс жүргізу, яғни соттар және басқа іске қатысушылардың әрекеттері мен сот актілерін орындайтын органдардың әрекеті болып табылады.

в) Азаматтық іс жүргізу құқығы қоғамдық қатынастарды диспозитивті рұқсат етілген әдіспен реттейді.

Бұл дегеніміз азаматтық істің пайда болуы сотқа емес, мүдделі адамдарға керек екендігі. Сот өзінің инициативасымен азаматтық іс қозғамайды. Сот құжаттарына шағым келтіруде іс жүргізудегі мүдделі тұлғалардың еркі болады.

Соттың және басқа мүдделі барлық қатысушылардың іс қараумен байланысты, яғни шешім шығару, оған шағым келтіру, орындау әрекеттері іс жүргізу заңдарының нормаларымен жүзеге асатындықтан, құрамын азаматтық іс жүргізу негіздегендіктен, азаматтық сот өндірісі, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу өндірісі деп аталады. 3

Сондықтан, соттың барлық әрекеттері, сосын іске қатысушылардың әрекеттері ерекше формада, яғни процессуалдық, іс жүргізу формасында болады.

Оның ерекшеліктері мынада:

а) алдын ала анықталған іс жүргізу құқық нормаларымен сот ісін қарау шешу тәртібі;

б) іске мүдделі адамдардың сот мәжілісіне қатысу құқығы және онда өзінің құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруді талап ету құқығы;

в) сот шешімі міндетті түрде сот мәжілісіндегі дәлелдемелер негізінде фактіге және заңға сәйкес болу керек.

Азаматтық іс жүргізу формасын қорғау құқығының маңызы.

1. Мүдделі тараптарға дауды дұрыс шешу үшін құқықтық кепілдік яғни тараптардың іс жүргізу құқығы мен міндеттері тең екендігі.

2. Сотқа құқық туралы дауды қарағанда материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қатаң сақтауды, және сот мәжілісінің заңдар және басқа нормативтік актілер негізінде іс жүргізуге қатысушылардың құқығын шектемейтін шешім шығаруды міндеттейді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.

Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.

Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын тандап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі: императивті, диспозитивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады.

Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:

  1. Азаматтық іс жүргізуді реттеу бойынша
  2. Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.

Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. Азаматтық іс жүргізу құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.

Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Азаматтық іс жүргізу құқығымен көптеген қағидатің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар азаматтық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап азаматтық іс бойынша шешім шыққанға дейін. 4

Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, процестің соттың қызметі ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің негізгі міндеттері: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, сот қызметінің қағидатерін білу, азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибеде қолданылуы азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын және басқа дауларды шешудің, моральдық және материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді әрекет етуші жүйе құрылуы керек.

Бұл міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін судьялардың білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып:

  • азаматтық іс жүргізу заңнамасы дамуының негізгі кезеңдерін, азаматтық іс жүргізу заңнамасын, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуы тарихын және қазіргі жағдайын көрсететін азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті және басым мәселелерін;
  • азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары, дәлелдемелердің түсінігі, дәлелдеу процесі, істердің бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда қаралу, қадағалау тәртібімен қайта қаралу және шешімдердің орындалу тәртібін қарастыру.

- процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық іс жүргізу құқығының жекелеген мәселелері бойынша ғылыми және өзіндік ұстанымды қалыптастыру.

- азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне өз бетінше талдау жасау;

- азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу;

- азаматтық іс жүргізу заңнамасын тәжірибеде өз бетінше қолдану.

Азаматтық іс жүргізу - азаматтық іс жүргізу нормаларымен тәртіптелген азаматтық істердің бір сатыдан басқа біреуіне өте отырып, соңғы мақсаты, міндеті - заңмен қорғалатын мүдде мен құқықты қалпына келтіру болып табылады. Мүдделі тұлға арызбен сотқа жүгіне отырып, өзінің талабын көрсетіп негіздейді, ол арыз, талап-арыз, шағым, ерекше талап өндірісіне арыз болуы мүмкін. Сот оларды тексере отырып, оның қарауына жататынын, жатпайтынын қараса, сот бұл арызда сотта қорғау формасы қажет екенін тапса, бұл істі өз өндірісіне қабылдап, осы сәттен азаматтық іс қозғайды. Сот, мүдделі адамдар, басқа қатысушы тұлғалар (куә, эксперт, аудармашы өкілдер) іс жүргізуде қарауда бірқатар әрекеттер жасайды. (сот мәжілісіне қатысады, түсініктемелер береді, дәлелдемелер тапсырады, т. б. ) .

а) Азаматтық іс жүргізу құқығы - құқықтың бір саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларының жүйесінен тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот әділдігімен шешуді айтамыз.

Азаматтық іске қатысушылардың азаматтық іс жүргізу нормаларымен бекітілген азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттері бар. Мысалы, сот істі қарау және шешу құқығына ие, ол басқа қатысушыларға байланысты биліктік өкілеттікке ие, сонымен қатар ол іске қатысушы тараптар мен басқа қатысушылардың іс жүргізу құқығын қатал сақтау керек.

Азаматтар мен заңды ұйымдар іс жүргізуге қатысуға, өтінімдер беруге, өздерінің талаптарының негіздерін (қолдануға) дәлелдеуге сот шешіміне шағым келтіруге, шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Олар іс жүргізу құқығымен қатар, іс жүргізу міндеттерін алады. Іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот шығындарын төлеуге, сот шақыртуына келуге, дәлелдемелер тапсыруға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке мүліктік емес игіліктер
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Мүліктік емес құқықтар ұғымын ашу, оның қалыптасу негіздерін анықтау, азаматтық құқықтағы қалыптасқан нормаларын талдау
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқық объектiлерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz