Ақпаратты өңдеу жүйесіндегі программалық қамтамасыз ету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Программалық құрал жобасының жүйелік анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Пәндік облысты зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жобаның жалпылама алгоритмді құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Есептер жиынтығының программалық қамтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Есептің қойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Технологиялық құралдарды және программалық қамтаманы таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Мәліметтер қорын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4. Программалық қамтаманы құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.5. Сұраныстардың құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3. Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қосымша: программалық модульдердің арақатынасының схемасы, формалар, шығатын және кіретін параметрлер, кестелер және т.б ... ... ... .33
Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогресті кәсіпорында, басқару және ғылыми зерттеулерде есептеу техникасын кең ауқымда қолданусыз және енгізусіз көру мүмкін емес.
Финанстық қызмет көрсету сферасында халыққа, сондай-ақ ірі кәсіпорындарда үлкен орындарды банк сияқты финанстық институттар алады. Бұл курстық жұмыста “Ақпаратты өңдеу жүйесіндегі программалық қамтама” пәні бойынша автоматтандырылған оқыту пакетінің мақсатында «АТФ банкі» ААҚ Жамбыл Облыстық Филиалының құрылымы, оның саласы, оның жұмысының ұйымдастырылу құрылымы, ақпараттар қандай түрде беріледі және өңделетіні қарастырылған.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Программалық құрал жобасының жүйелік анализі, пәндік облысты зерттеу, жобаның жалпылама алгоритмді құрылымы, ұйымдық-функционалды сипаттамасы, яғни кәсіпорынның (банктің) функционалдануының мақсаттары мен есептері, кәсіпорынның технологиялық жолының сипаттамасы, Банк туралы жалпы түсінік қарастырылады.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде есептер жиынтығының программалық қамтамасы, Банктің сақтандыру бөлімі туралы, оның саласы және ұйымдық саласы толығымен қарастырылады. Ақпараттық технологиялар Банкте, оның саласында сақтандыру қандай рөл атқаратыны, қандай түрде олар орналастырылған, қайда және бұл технологиялар қалай қолданылады, Банктің функционалды саласын ұйымдастыру үшін өңделген программалық қамтамаларда толығымен қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты болып компьютерде программалау және Delphi программалық қамтамасын пайдаланып курстық программа құру табылады.
1. Атре Ш. Структурный подход к организации баз данных. – М: Финансы и статистика, 1983 ж. – 320 б.
2. Куправа Т.А. Создание и программирование баз данных средствами СУБД.М.: Мир, 1991
3. Цикритизис Д., Лоховски Ф. Модели данных. – М.: Финансы и статистика, 1985. – 344
4. Озкарахан Э. Машины баз данных и управление базами данных./Пер.англ. М.:Мир, 1989
5. Delphi 6 / Под общ. ред. Хомоненко А. Д. – Спб.:БХВ – Петербург, 2003. – 1216 с.: ил.
6. А. М. Епанешников, В. А. Епанешников. “Delphi. Проектирование СУБД”. М. 2001г.
7. А.Я. Архангельский. “Программирование в Delphi 6”. М. 2003г.
8. В. Гофман, А. Хоменко. “Delphi 6”. Санкт – Петербург. 2002г.
9. Кандзюба С. П. Громов В. Н. “Delphi 6/7. Базы данных и приложения”. Москва – Санкт – Петербург – Киев. 2002г.

“Ақпаратты өңдеу жүйесіндегі программалық қамтама”

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Программалық құрал жобасының жүйелік анализі
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Пәндік облысты
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 5
2. Жобаның жалпылама алгоритмді
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Есептер жиынтығының программалық
қамтамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ...10
1. Есептің
қойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..10
2. Технологиялық құралдарды және программалық қамтаманы
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3. Мәліметтер қорын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 19
4. Программалық қамтаманы
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
5. Сұраныстардың
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 26
3. Жобаның экономикалық тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қосымша: программалық модульдердің арақатынасының схемасы, формалар,
шығатын және кіретін параметрлер, кестелер және т.б ... ... ... .33

Кіріспе
Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогресті кәсіпорында, басқару
және ғылыми зерттеулерде есептеу техникасын кең ауқымда қолданусыз және
енгізусіз көру мүмкін емес.
Финанстық қызмет көрсету сферасында халыққа, сондай-ақ ірі
кәсіпорындарда үлкен орындарды банк сияқты финанстық институттар алады.
Бұл курстық жұмыста “Ақпаратты өңдеу жүйесіндегі программалық қамтама”
пәні бойынша автоматтандырылған оқыту пакетінің мақсатында АТФ банкі
ААҚ Жамбыл Облыстық Филиалының құрылымы, оның саласы, оның жұмысының
ұйымдастырылу құрылымы, ақпараттар қандай түрде беріледі және өңделетіні
қарастырылған.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Программалық құрал жобасының
жүйелік анализі, пәндік облысты зерттеу, жобаның жалпылама алгоритмді
құрылымы, ұйымдық-функционалды сипаттамасы, яғни кәсіпорынның (банктің)
функционалдануының мақсаттары мен есептері, кәсіпорынның технологиялық
жолының сипаттамасы, Банк туралы жалпы түсінік қарастырылады.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде есептер жиынтығының программалық
қамтамасы, Банктің сақтандыру бөлімі туралы, оның саласы және ұйымдық
саласы толығымен қарастырылады. Ақпараттық технологиялар Банкте, оның
саласында сақтандыру қандай рөл атқаратыны, қандай түрде олар
орналастырылған, қайда және бұл технологиялар қалай қолданылады, Банктің
функционалды саласын ұйымдастыру үшін өңделген программалық қамтамаларда
толығымен қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты болып компьютерде программалау және Delphi
программалық қамтамасын пайдаланып курстық программа құру табылады.

1. Программалық құрал жобасының жүйелік анализі

1. Пәндік облысты зерттеу

Банктер- бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның
ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген
үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен
тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне
қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы
кезде банктер қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық органдардың
капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтердің үрдісінде
босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың
уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және
экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында
өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банкте өзінің қызметінің үрдісінде, ақша нарығында тауар болатын талаптар
мен міндеттемелер бар. Клиенттердің салымдарын қабылдайтын банкте
сақтандыру деген міндеттеме бар.
Қазақстан Республикасының ірі банкілерінің бірі АТФ банк 1999 жылы 22
желтоқсанда құрған АТФ Полис сақтандыру компаниясының бүгінгі таңда
сақтандыру нарығында өзіндік орны бар. Ол өзінің төрт жылдық тарихында
ұдайы дамып келе жатқан сақтандыру ұйымы екендігін дәлелдей білді және
қазіргі кезде еліміздегі ірі сақтандыру компаниялардың ондық қатарынан
саналады. Компания өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін
қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің барлық
талаптарын толық орындап келеді. Бүгін компанияның жарлық қоры 475 миллион
тенгені құрайды. 2004 жылдың 1- қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша компания
активі 855 миллион тенгені, сақтандыру резерві 159 миллион тенгені,
қаржылық табыс 14,1миллион тенгені құрады.
Міндетті сақтандыру:
• ГПО транспорт құрал иесі
• ГПО пассажирлерін тасымалдау
• ГПО жекеше натариус
Өзеркіндік сақтандыру:
• Бақытсыз жағдайлардан және аурулардан
• Медициналық сақтандыру
Өзеркіндік мүлік сақтандыру:
*Автомобиль транспортын сақтандыру
Ауа траспортын сақтандыру
Су транспортын сақтандыру
Сақтандыру мүлігі
ГПО автотранспорт иесін сақтандыру
ГПО темір жол транспорт иесін сақтандыру
ГПО ауа транспорт иесін сақтандыру
ГПО су транспортын сақтандыру
ГПО пассажирлерін тасымалдауын сақтандыру
Кәсіпорындық сақтандыру
Сақтандырудың өздерден ақша капиталын жинау арқылы банк жалпы ақша
қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын
капиталға айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды
қанағаттандыра алады.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің
қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы
принциптерді сақтауда көрініс табады.
Банк басқарудың экономикалық әдістері, мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әртүрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін
әртүрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономикалық
үздіксіз қызмет көрсетуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық
өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банк өз қызметін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық
(министертволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган)
басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Сондай-ақ, халықпен, жеке тұлғалармен жұмыс істеу АТФ Банкінің негізгі
саласы болып табылады. Банк зейнет ақыларды, еңбек ақыларды, жәрдем
ақыларды төлейді, аударушыларды, сондай-ақ, халықаралық, коммуналды
төлемдерді жүргізеді және т.б.. Толығымен айтқанда, АТФ Банкінің халыққа
көрсететін қызмет спектрі өте кең.
Программалық қамтамаға өтпес бұрын, клиенттерге қызмет көрсету бойынша
барлық жұмыстар қандай түрде жүргізілетінін анықтау қажет.
Банктің функционалды құрылымының иерархиясының төменгі сатысы болып
жеке тұлғаларға-клиенттерге қызмет көрсету жүргізілетін қалалық кассалар
(РКО) табылады. РКО-да кез-келген клиент өзіне шот аша, толтыра, жаба
алады, өз шотынан ақша ала алады, коммуналды қызметке төлем жүргізе алады,
аударуларды жібере және қабылдай алады, сондай-ақ, Money Gramm жүйесі
бойынша халықаралықта кез-келген ұйымда РКО-да жүргізілетін қаржылық
операциялардың бухгалтерлік тіркеуі жүргізіледі, есеп берулер РКО-ның
барлық операциялары бойынша өңделеді. Содан кейін бухгалтериялардан
супервизорлармен проводкалар қабылданады және бекітіледі, сосын Басты
Банкте қабылданады, АТФ Банкінде барлық операцияларды бірыңғай
орталықтандырып тіркеу жүргізіледі, ол Басты Банк деп аталады.
Осындай түрде біз АТФ Банкінің функционалды құрылысын қарастырдық.
Қазіргі кезде ақпараттарды өңдеу және жоғарыға жіберу қай кәсіпорындар
мен ұйымдарда аз уақытты алып және сенімді болса, солар барлық уақытта
ұтады. Бәрімізге белгілі ақпаратты сапалы өңдеу және беруде компьютерді
қолданады, осы ақпаратты өңдеу үшін программалық қамтама қажет. Осы жерде
ескере кететін жайт, әртүрлі ақпараттар әртүрлі программалармен өңделеді.
Кез-келген ақпарат кейбір программалық қамтамада өңделу үшін файл түрінде
немесе электронды құжат түрінде ұсынылады. Егер 1 программалық қамтамадағы
1 файл 2 программалық қамтамада қабылданса, онда бұл файлды сондай-ақ
транспорттық файл деп атайды.

2. Жобаның жалпылама алгоритмді құрылымы

Біз жұмыстың кейбір негізгі аспектілерін қарастырдық, жоғарыдағыларды
білмей біз Банктің жұмысымен танысуымыз мүмкін емес, енді Банк қандай
технология бойынша, қандай түрде жұмыс істейтінін қарастыруымызға болады.
Біріншіден РКО-да, РФ-да, ОФ-да жұмыс клиент-сервер технологиясы
бойынша ұйымдастырылған. Осы технология бойынша барлық ақпараттар
құйылатын және сақталатын мәліметтер қоры компьютерлердің ішінен тек
біреуінде ғана-серверде болып табылады, осы қорға қабарласатын қалған
компьютерлер клиенттер деп аталады. Осы құрылымды құратын барлық машиналар
желіде болып табылады, сондай-ақ бір-біріне желі бойынша қабарласады.
Қарапайым тілмен айтқанда, Бір РКО-да бір ғана компьютер басты (сервер),
қалғандары-бағыныңқы (клиенттер). Програмалық қамтаманың барлық
каталогтары, файлдары толығымен осы серверде болып табылады, ал клиенттерде
тек программаны орындау модульдері, жұмыс кезінде клиенттер-қолданушылар
серверде болып табылатын мәліметтер қорына хабарласады.
Енді АТФ Банкімен келісім-шарт түзген ұйымдар, кәсіпорындар қандай
түрде Банке ақпаратты жеткізетіндігін қарастырайық.
Кез-келген мекеме еңбек ақыны, зейнет ақыны төлерде тізім, соммаларға
сәйкес еңбек ақы алатындарды, қызметкерлердің тізімі құрылады. Осы ұйымдар
өздері қолмен компьютерде тізімді тіркейді, сосын осы тізім Банкке
беріледі, ол жерде кейінгі өңделу үшін сәйкес келетін программалармен
транспорттық файл құрылады, немесе барлық қажетті мәліметтерді енгізген
кезде транспортты файлдарды автоматты түрде тіркейтін программалық қамтама
орнатылған. Содан кейін осы транспортты файл Банке беріледі, мұнда арнайы
программалық қамтама осы файлды өңдеу жүргізеді және шотқа тіркелген шығушы
файл тіркеледі, ол кейіннен РКО-да орнатылған программалық қамтамада
қабылданады.
Жоғарыда келтірілген ұйымдарда орнатылған программалық қамтама, онда
барлық тізімдер және тұлғалық шотқа аударылатын еңбек ақы тізімдері
тіркеледі, Банкте ашылған программалық қамтаманың осы тізімді өңдейтін,
сосын Аманат фирмасы құрған РКО-да орнатылған программалық қамтама үшін
шығушы транспорттық файлдар тіркеледі.
Банкінің РКО-да салымды операциялар, коммуналды төлемді қабылдаулар,
жылдамдатылған ауыстыруды қабылдау, валюта айырбастауға болатын жеке
тұлғалармен жұмыс істеу үшін Аманат программалық қамтама орнатылған.
Өз қызметкерлерінің тұлғалық шотына еңбек ақы аударатын
кәсіпорындарда, ұйымдарда тізімдерді түзу үшін Банктің РКО-да ашылған
Аманат-СП программалық қамтамасы орнатылған.
Банкінің облыстық басқармасының бухгалтериясында ұйымдардан және
кәсіпорындардан транспорттық файлдарды өңдеу үшін AMBRF программалық
қамтамасы орнатылған. Сондай-ақ, РКО-н (отчеттарды) транспорттық файлдарды
өңдеу үшін AMBACK программалық қамтамасы орнатылған.
Банк жүйесінде орындалатын операциялар

Банкте клиент өзбетінше келесі операцияларды орындай алады:
- тегін ағымды шот аша алады: теңгеде, АҚШ долларында, ағылшын стерлинг
фунтында және евро;
- тегін кез-келген валютада қолма-қол және қолма-қол емес ақшалармен өз
шотын толықтыра алады;
- теңге және АҚШ долларымен ол үшін тартымды жинақтауыш салым түрін аша
алады, яғни ақшаны 30,90,180,270 және 360 күн мерзіменде сақтауға
депозитке аудара алады (жеке тұлғалардың салымдарына қазақстанның
кепілдік беру фондының қарамағында қамтамасыз етілген);
- Банкінің курсы бойынша ақшаны бір вальютадан басқаға конвертте алады.
Конвертте минималды сомма АҚШ доллары бойынша-10 доллар немесе
эквивалентті соммада;
- өзінің карталық шотына ақша аудара алады, тек 0,1 USD соммаға тәуелді
емес;
- Банкінде өз шотына ақша аудара немесе Банкінің клиенттерінің
пайдасына, сондай-ақ, басқада банктерге ұлттық вальютада;
- Клиенттің бірлік тапсырысы бойынша бірыңғай уақытта;
- Клиенттің ұзақ тапсырысы бойынша әруақытта;
- Дүниежүзінің кез-келген жерінен өзінің шотына ақшалай құралдардың
аударымын ала алады;
- Әруақытта өзінің шотындағы ақшалай құралдардың қозғалысын бақылай
алады, яғни, өзінің шотының тарихын көре алады;
- Нурсат АОЗТ, Алтел ТОО, Аспан ТОО және т.б. сияқты қызмет
көрсету поставщиктерінің пайдасына төлем жүргізе алады;

2. Есептер жиынтығының программалық қамтамасы

1. Есептің қойылуы

Курстық жұмыстың тақырыбы : Банктік операциялар жүйесінде сақтандыру
бойынша ақпараттық жуйе қорын жобалау.

Сақтандыру жүйесінің мүмкіншілігі:

1. Клиеттің қызмет және жасының сипаты;
2. Сақтандыру сомасының мөлшері;
3. Таңдап алған сақтандыру пакеті;
4. Сақтандырумен қамтылатын уақыт;
5. Жүктің ұрлануынан немесе бұзылуынан сақтандыру;
6. Шет елде сабағатшылық көмек көрсету;
7. Құжаттардың жоғалуы кезіндегі шығындарды қайтару;
8. Сапарға шыға алмауды сақтандыру;
9. Жазатайым оқиғалар нәтижесінде сақтандырылған тұлғаның өлімі 100%
10. Медициналық және дәрігерлік- көлік шығыстарды сақтандыру

Клиент мүлігін сақтандыру алдында Банк жүйесінде банктік қызмет
көрсету шартымен танысуы қажет.

• ФИО;
• Келісім шарттың нөмірі;
• Қорытынды күні;
• Өңделген уақыты;
• Сақтандыру премиясы;
• Төлем-ақы сомасы;
• Туылған күні;
• Паспорттың мәліметтері;

1. Клиент өзінің жеке нөмірін білуі қажет.
2. Клиент Банктің Тіркелу бөліміне тіркелгеннен кейін Тіркелу
бөлімінің менеджерына қажетті құжаттарға қол қою үшін хабарласуы
керек және өзінің жеке нөміріне қатынас дәрежесін анықтау қажет.
3. Банктің Тіркелу бөліміне тіркелген клиенттің хабарласуы кезінде
Тіркелу бөлімінің менеджері клиентке договорлармен танысуды
ұсынады, сондай-ақ, тарифтермен. Содан кейін оған сақтандыру
мерзімі туралы құжатуын көрсетуін ұсынады. Келесі сақтандыру
бланктарын екі экземплярда толтыру және қол қою:
• Банк жүйесіндегі ашылған нөмірді басқарудың жалпы ережесін анықтайтын
Банк жүйесіндегі банктік қызмет көрсету договоры;
• Өзінің жеке шотына есептік-кассалық қызмет көрсету және ашу, енгізу
шоттарын анықтайтын банктік шоттың договоры;
• Салымды ашу шартын анықтайтын банктік салым договоры; Сондай-ақ,
клиенттің қолы бар құжат үлгісі.
4. Оқыту аяқталғаннан кейін екі экземплярда клиенткке берілген
инструктивтік материалдар көрсетілген оқыту актісі құрылады және
қол қойылады.
5. Менеджер клиентке клиенттік Банк жүйесінде ашылған шотына қатынас
шартын және берілген шоттан ақша аудару туралы Банкке аударуды
көрсетуін анықтайтын екі экземплярдағы Ауе енгізу карточкалық
орталықтың банктік карточкаларды басқару процессингті орталықта
клиентке ID-жеке идентификацияланған нөмір беріледі. Жеке шотты
толықтыру үшін клиенттің пайдасына қолма-қол немесе қолма-қол емес
жолмен аударылған ақшалар банктің транзиттық немесе
корреспонденттік шотына клиенттің ID көрсетуімен Банктің есеп
айырысу валютасында түседі және клиенттің шотына аударылады. Түскен
ақшаны тіркеу валютаның түрі бойынша жүзеге асыралады. Жеке шот
бойынша операциялар клиенттің тапсырысы бойынша Банктің ішкі желісі
кассалардың менеджерлерінде желі арқылы қызмет көрсету кезінде
клиенттен өндіріледі.
Жеке шот бойынша сыйлықты аудару Банктің тіркеу саясатына сәйкес
автоматты режимде айсайын өндіріледі. Жеке шот бойынша төлейтін сыйлық құны
айсайын Банктің Активтері мен Пассивтері бойынша комитеттің шешімімен
құрылады (КОМАТ) және Банкте біржақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін. Жеке шот
бойынша аударылған сыйлықтың капитализациясы автоматтандырылған режимде
жылына бір рет (31 желтоқсанда) немесе жеке шотты жапқан кезде жүргізіледі.

Модульдің негізгі функционалды мүмкіндіктері
Операционды жұмыс, әйтпесе Салым операциялары деп аталатын модуль
жеке тұлғалардың салымының барлық типтерімен операция жүргізу үшін
арналған, сондай-ақ, халықтан төлемді қабылдау, құндылықтардың жұмысымен
және валюталық ауыстыру операцияларын орындауға.
Мұнда шоттарды ашуға, кірістік-шығыстық операцияларды жүргізуге,
шоттарды жабуға болады. Салымның түрі қолданылатын вальютамен анықталады,
кірісті есептеу үшін проценттік ставкалар, салымның толықтырылуында және
одан құралдарды алуда және салымды өңдеу бойынша, қажетті басқа шарттар
кезінде мүмкін сомманың мөлшері.
Берілген модуль клиенттер деп аталатын салымшалардың тізімін
жүргізеді. Ол клиенттердің әртүрлі қажетті мінездемелерін, мысалы
фамилияларын, аттарын, тектерін, туылған күндерін, тұрғылықты мекен-
жайларын, РНН, СИК және т.б. сақтайды. Олардың шоттарында бар ақпараттарды
алуға әртүрлі іздеу мүмкіндіктері бар. Шоттар үшін басқа қажетті
атрибуттарды салымшының шотынан құралдарды аудару туралы банкке ұзақ
тапсырыс, шот бойынша операцияларға сенімділік тапсырыс мүмкіндігі бар.
Кіріс-шығыс операцияларын салымның түрінің шартына байланысты қолма-қол
немесе қолма-қол емес тиімді де орындауға болады. Бұл кезде қажетті
құралдардың мөрі қамтамассыз етіледі: ордерлерді жинақ кітабына жазбалар
және шоттың карточкасына және т.б. шығын операцияларын және салымды жабу
операцияларын жүргізу кезінде кіріс процентін программа өзі есептейді және
мүмкін мәндегі сомманы сұрауды қадағалайды. Сондай-ақ, автоматты түрде
салық соммалары және комиссиялық сыйлықтарды да есептейді. Барлық қажетті
соммалар қолданушымен есеп айырысқанда операцияларды қолмен жүргізу
режиміне де мүмкіндігі бар. Қолмен жүргізу операциялары тек ақырғы
жағдайларда ғана жүргізілуге жіберіледі. Тұлғалық шоттың карточкаларын көру
кезінде ғана карточкада ұсынылған операциялар бойынша ақпараттарды
толығырақ көруге мүмкіндігі бар. Соңғы операция бойынша ақпаратты өзгертуге
болады, егер оның жүргізілген мерзімі операциялық мерзіммен сәйкес келсе
немесе мерзіміне тәуелсіз операцияны толығымен жойса.
Егер бір типті операциялар жүргізу қажет болатын шоттар тізімі бар
болса, мысалы, еңбек ақыны аудару, онда осы мақсаттар үшін программада
арнайы режим қарастырылған. Ол соңғы жүргізілген операциялардың түрін
есінде сақтайды және келесі шотты өңдеу үшін операцияны көрсетуге талап
етілмейді, шот нөмірін және қажетті сомманы енгізу жеткілікті. Берілген
режимді қолдануға шот тізіміне қызмет көрсету тезірек орындалады.
Программа электронды тасмалдаушыдан алатын транспорттық файлдар
негізінде салымшылардың шоттарына құралдарының аударылуын қолдайды. Қәзіргі
жағдайда қолданушыға не шоттың нөмірін, не соммаларды енгізу қажет емес,
қажетті файлдың орналасқан жерін көрсетуі жеткілікті аудару бойынша барлық
жұмыс автоматты режимде орындалады.
Сондай-ақ, мамандандырылған әрекеттерді орындайтын аударымдарды қолма-
қол қабылдау бойынша, басқа филиалдың шотынан сұранысқа құралдар, басқа
филиалдың шотына қалғандар туралы сұранысқа ақпарат, басқа шотқа қайта
тіркеу немесе жинақ кітапшаны және басқаларды жоғалту бойынша режидер
қатары бар.
Операциондық жұмыс процессінде әртүрлі ақпараттарда және тіркелген
құжаттарды көру мүмкіндігі бар. Экранға бір күн жұмысының протоколын,
тіркелген ордерлер тізімін, жылдамдатылған аударуларды жүргізу бойынша
ақпарат, 68 форманың тіркеу картотчкасымен күннің қорытындысы, жылжымайтын
мүліктің есептен шығарылған шот тізімі, қызмет көрсететін программисттер
үшін мәліметтер қорын және файлдарды көруге мүмкіндік бар. Модуль кәзіргі
кезде контроллерде жұмыс істейтін программалық ағымды орнатылымдарын,
қолданылатын принтер туралы, баспа типі және басқаларын көруге және
өзгертуге мүмкіндік береді.
Операционды күн процессінде валютамен жұмыс бойынша банктің саясатын
анықтайтын валютаның сатып алу және сату кезіндегі коммерсиялық курсын
өзгертуге болады.
Операционды жұмыс модульі Құндылықтармен жұмыс, Ауыстыру бөлімі
және Халық төлемін қабылдау модульдеріне шығуды қамтамасыз етеді. Олардың
функционалдылығы бөлек құжаттарда түсіндіріледі.

2. Технологиялық құралдарды және программалық қамтаманы таңдау

Ақпараттық жүйелердің қазіргі кездегі формасы мәліметтер банкі болып
табылады және ол төменгі бөлімдерден тұрады:
• есептеуіш жүйеден;
• мәліметтер қорымен басқару жүйесі (МҚБЖ);
• бір немесе бірнеше мәліметтер қорынан (МҚ);
• қолданбалы программалар жиынынан (МҚ қосымшалары);
Мәліметтер қоры ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ
деректерге ыңғайлы және жылдам қатынасты қамтамасыз етеді. Ол белгілі бір
ережелер бойынша ұйымдастырылған сипаты жағынан әртүрлі болып келген
деректер жиынтығы түрінде болады. Мәліметтер қорындағы ақпарат төмендегідей
болуы керек:
• өз-өзіне қарама-қайшы болмайтын;
• шамадан тыс болмайтын;
• бүтін.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бұл мәліметтер қорын құру,
енгізу және қолдану үшін арналған программалық және тілдік құралдар
жиынтығы. Қолдану сипатына қарай МҚБЖ-ны персоналды және көпқолданушылы деп
бөлуге болады.
Персоналды МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін локальды мәліметтер
қорын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Персоналды МҚБЖ-ларға мыналар
жатады: Paradox, dBase, FoxPro, Access және т.б.
Delphi жүйесі нақты түрде МҚБЖ болмаса да, ол соған қарамастан МҚБЖ-
ның дамыған мүмкіндіктеріне ие. Delphi мен ұсынылатын құралдар локальды
(жергілікті) және клиент-серверлі мәліметтер қорын құруды және жүргізуді
қамтамасыз етеді, сондай-ақ кез-келген мәліметтер қорымен жұмыс істейтін
қосымшаны құруды қамтамасыз етеді. Delphi бір жағынан қарапайым МҚБЖ деп те
атауға болмайды, себебі Delphi тілінде өзінің кестелер форматы
(мәліметтерді сипаттау тілі)болмайды және ол басқа МҚБЖ – лардың кестелер
форматын қолданады, мысалы, dBase, Paradox немесе InterBase.
Мәліметтер қорының ұйымдасуы
Мәліметтер қорында белгілі бір қолданбалы ақпараттық жүйені қолданатын
мәліметтер бар. Мәліметтердің ұйымдасу түріне қарай базадағы мәліметтерді
көрсетудің келесі негізгі модельдерін ажыратады:
• иерархиялық;
• желілік;
• реляциялық;
• обьектті бағытталған.
Иерархиялық модельдегі деректер бұтақ тәрізді (иерархиялық) құрылым
түрінде болады. Деректердің бұлайша ұйымдасуы иерархиялық түрде реттелген
ақпаратпен жұмыс істеу үшін ыңғайлы, бірақ күрделі логикалық байланыстағы
деректерді түзегенде иерархиялық модель аса үлкен болып кетеді.
Желілік модельде мәліметтер графы түрінде ұйымдасады. Желілік
модельдің кемшілігі құрылымының күрделілігі және жүзеге асуының қиындығы
болып табылады.
Обьектті бағытталған модельде мәліметтер қорының жеке жазбалары
обьектілер түрінде болады. Мәліметтер қорындағы жазбалар мен оларды өңдеу
функциялары арасындағы арақатынас обьектті бағытталған программалау
тіліндегі сәйкес құралдар сияқты механизмдер көмегімен орнатылады. Обьектке
бағытталған модельдер желілік және реляциялық модельдердің ерекшеліктерін
үйлестіреді және деректердің күрделі құрылымына ие болатын ірі мәліметтер
қорын құру үшін қолданылады.
Реляциялық моделдердің ерекшеліктерін үйлестіреді және деректердің
күрделі құрылымына ие болатын ірі мәліметтер қорын құру үшін қолданылады.
Реляциялық модель өз атын ағылшынның relation (қатынас) терминінен
алған және 70 ж. IBM фирмасының қызметкерлері ұсынылған болатын. Реляциялық
мәліметтер қоры қатынастармен Эдгар Коддомен байланыстырылған кестелер
жиынтығынан тұрады. Деректердің реляциялық модельдерінің артықшылығы
қарапайымдылық, құрылымның ыңғайлылығы, компьюерде орындалуының
ыңғайлылығы, ториялық сипаттамасының болуы болып табылады. Көптеген қазіргі
заманғы мәліметтер қоры дербес компьютерлер үшін болып табылады.
Ақпараттық жүйелер архитектурасы
Қосымша мен мәліметтер қорының бірлесіп орналасуына байланысты
төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
• локальді мәліметтер қоры;
• қашықтағы мәліметтер қоры;
Локальді мәліметтер қорымен операцияны орындау үшін локальді
қосымшалар құрылып қолданылады, ал қашықтағы мәліметтер қорымен операция
үшін – клиент серверлік қосымшалар қолданылады.
Мәліметтер қоры орналасуы едәуір деңгейде осы базадағы деректерді
өңдейтін қосымшалардың құрылуына әсер етеді. Delphi қосымша мәліметтер
қорына қатынасты BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының
мәліметтер қорының процессоры) арқылы жүзеге асады. BDE деректерге
қатынасты қамтамасыз ететін динамикалық кітапханалар мен драйверлердің
жиынтығы болып табылады. Мәліметтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандар бөлімінің басқару жұмыстарының қызметі
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Ақпараттық жүйелер мамандығы
Кедендік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит
Бағалы қағаздар есебін жүргізуде ақпараттық жүйені тиімді пайдалану және автоматтандыру
Пәндер