Батыс түрік және Түргеш қағанаттары туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Батыс түрік және Түргеш қағанаттары
Тексеруші: Жүсіпова Д. К.
Орындаушы: Перленбетов Е. Ә.
ИЭФ 1 курс 105 тобының студенті
Алматы - 2008 ж.
VI-X ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек /телэ/ деген жалпы атпен бірнеше тайпа мекен етті. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-жылы аталды. Қытайдың солтүстік батысына орналасқан Вэй князьдігіне түріктер /туцюе/ жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырған. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-жылы тирек /телэ/ тайпалары Моңғолияның онтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға /жуан-жуань/ қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумын /Бумын/ басқаруымен тирек /телэ/ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға /жуан-жуань/ қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-жылы көктемде түріктер аварлардың ордасын талқандайды, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билептөсеушілердің қағаны деген атаққа ие болады. Тумын 553-жылы қаза табады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оныың ел билеген кезі 553-572 жылдар. 563-567ж. ж. Эфталит патшалығын басып алады. Осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатыр.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратые Жібек жолына иелік етеді. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы Жетісу жеріндегі Суяб қаласы /қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде/ болды.
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлаған. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатыр. Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқант, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ /Түркістан қаласы жанында/ еді. 610-618 ж. ж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630ж. ж. / билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып кеңейтеді.
Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен жұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Елдің халқы түріктері де, соғдылары да бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал қсірумен айналысқан. Осымен байланысты түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат етуді сұрап, Соғды көпесі Манияхтың басқаруымен елшілік жібереді. Бірақ бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталады. Осдан кейін осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнермен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына қажетті заттарды және қару-жарақтарды жасап пайдалана білді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды “қара буын” / “қара халық”, “тобыр”/ деп атаған.
Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен Батыста, оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жер бар біртұтас орасаң зор мемлекет құрған түрік батырлары “басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік” деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. “Күлтегін” жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі үрпаққа жетіп отыр. Осы жытдағы Білге қағанның “Ілгері-күн шығысында, оң жақта-күн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды”-деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет қүрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердін мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына көшіп, тілін қабылдаған.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген жылдары -699-706 жыл. Ол Жетісудан Батыс Түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші орталығы Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы еді. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бқліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуернахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтейб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұқараға аттанады. Осындай қиын кезде түргештер Согді /Согдиана/ едіне көмекке келді, Күтейбке тойтарыс береді. 709 жылы Күтейб Мәуернахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бүқараны басып алады. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия туріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы туріктер, согділер /согдицы/, Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz